Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қауіпсіздік жүйесіндегі рөлі

Жаһандану жағдайында Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің аймақтық денгейінің маңызы артып келеді. Осыған байланысты аймақтың елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың қажеттілігі күшейді. Аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық бірқатар көпжақты институттардың, соның ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының шеңберінде іске асып жатыр.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық бірлестік ретінде құрылуы 15 шілде 2001 ж., ұйымның құрылуы жөніндегі декларацияға қол қойған кезден, басталады. Бірақ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының тарихы 1996 жылдан, Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан жəне Тəжікстан мемлекеттері Шанхайда «Шекара аймағындағы əскери салада сенім шараларын нығайту жөніндегі», ал бір жылдан кейін Мəскеуде «Шекара аймағындағы қарулы күштерді қысқарту жөніндегі» Келісімдерге қол қоюдан бастау алады.

Аталған келісімдерді іске асыру қатысушы мемлекеттердің арасындағы өзара сенім қарым- қатынастары мен ынтымақтастықтың орнауына жəне осының негізінде «Шанхай бестігінің» (2000 ж. шілдеде «Шанхай форумына» ауыстырылған) — ұжымдық бірігудің негізінде аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін құрылған амақтық ұйымға айналды. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы өзінің қазіргі атауын бес жакты келісім — «Шанхай форумына» Өзбекстанның қосылуынан кейін ие болды.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бастапқы мақсаты Қытай мен бұрынғы КСРО республикаларының арасындағы шекаралық мəселелерді шешу болды. Осы шекаралық мəселелер шешімін тапқан соң бұл ұйым аймақтағы тұрақтылықтың сақталуына, сепаратизм мен діни экстремизмге қарсы күресу, ал 2001 ж. қыркүйектегі оқиғадан кейін халықаралық терроризммен күресуді мақсат етті.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылу мақсаты тек қана  мүше-мемлекеттердің арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынасты нығайтуға жаңа үлес қосу емес, сонымен бірге мүше- мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қауіп-қатерге қарсы тұру болды. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы барлық аймақтық мемлекеттерді халықаралық терроризм, сепаратизм жəне діни экстремизммен күресуде біріктіре отырып, оған қарсы тұрудың белсенділік дəрежесін жоғарлатуы тиіс болды. Ұлттық антитеррористік бөлімшелердің іс-əрекеттерін жұмылдыру жолымен аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастықты дамытумен қатар, «Шанхай алтылығы» бұл мақсатқа мүше-мемлекеттердің (сонымен бірге бақылаушы Үндістан, Пəкістан, Иран, Монғолия мемлекеттермен) арасындағы көпжақты сауда-экономикалық жəне инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жолымен қол жеткізуге бел буды.

2002 жылы қабылданған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Хартиясының І-бабында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше-мемлекеттердің арасындағы өзара сенім мен достықты, тату көршілік жағдайды нығайту міндетін көздейтін ұйым екені мəлімденген [1]. Бұл ережелер Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше-мемлекеттері тарапынан бекітілген көпсалалы аймақтық ынтымақтастық концепциясында да орын алды.

Ресми түрде құрылған кезеңнен бастап осы он жылдың ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы əр түрлі сыртқы қауіп-қатерлерге жəне ұйымға мүше-мемлекеттердің ішкі əлеуметтік-экономикалық, саяси нақты өзгерістеріне əрекет етіп, өзінің қызметінің екпінін бірнеше рет өзгерткен болатын.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылуының себебі Орталық Азия аймағындағы, Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Қытайдың Шыңжан Ұйғыр Автономиялық ауданындағы экстремистік жəне сепаратистік күштер əрекетінің белсенділігінің алдын алу болатын. Сондықтан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қалыптасуының бастапқы кезеңіндегі басты міндеттері аймақтық қауіпсіздік мəселелері бойынша əрекеттерін жетілдіру, əскери салада өзара сенім шараларын нығайту жəне Орталық Азиядағы трансшекаралық қылмысқа, терроризмге, этникалық сепаратизмге, діни экстремизмге қарсы тұру үшін күш жұмылдыру болды. Сонымен қатар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ресми түрде құрылуына дейін бұл мəселелер бойынша саяси сипаттағы қадамдар жасалынып, сəйкес келетін үкіметаралық құжаттарға қол қойылып, қауіпсіздіктің дəстүрлі емес қауіп-қатерлерімен күресу бойынша көпжақты ынтымақтастықтың механизмін қалыптастырудың шаралары жасалды. Осыған байланысты құқық қорғау органдарының жетекшілерінің қатысуымен құрылған «Бішкек тобын» да атап өтуге болады. Бұл ұйымға мүше- мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жетекшілерінің тобы, 2002 ж. Астанадағы сарапшылардың кездесуінде қабылданған шешімге сəйкес бұл топтың шеңберінде 2003–2005 жылдар аралығында Терроризм, сепаратизм жəне экстремизммен күресу шараларының мемлекетаралық жоспар бағдарламасын іске асырды.

Айта кету керек, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы əскери-саяси ұйым ретінде құрылған жоқ. 2001 ж. декларацияда «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы басқа мемлекеттер мен аймақтарға қарсы бағытталған одақ емес [2] деп нақты көрсетілген. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше- мемлекеттері өздерінің кейінгі қабылдаған құжаттарында да бұл ұйымның блок немесе альянс емес əрі басқа жеке мемлекеттер мен мемлекеттердің тобына қарсы бағытталмағандығын атап көрсетті. Мұнымен қоса Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды міндеті терроризм, экстремизм жəне сепаратизммен күресу болды, кандайда бір жеке қарулы күштерін немесе біріккен басшылықты құру жоспарлан жоқ. НАТО-ға қарағанда, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жеке əскери жəне əскери-саяси инфрақұрылымға ие емес.

Бірақ соңғы кездері Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Орталық Азия аймағында қауіпсіздіктің жаңа қауіп-қатерлеріне тап болды. Аймақ елдеріне деген қауіпсіздіктің эскалациясы, біріншіден, Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысына қатысты əскери шиеленістің белсенді фазаға ауысу мүмкіндігі болды, əсіресе 2008–2009 жылдары əскери іс-əрекеттер елдің оңтүстігінде орын алған болатын. Осының салдарынан үкімет əскерлері мен халықаралық коалицияның əскери қызметкерлері арасында қаза тапқандардың саны бірден өсті. Ауғанстандағы шиеленістің эскалациясы Орталық Азиядағы шекаралас мемлекеттердің территориясында экстремистік күштердің белсенділігіне əкелу қауіпі өсті.

Екіншіден, Ауғанстанның үкіметі, елдегі халықаралық коалицияның күштері есірткі заттар өндірісін өндіруге айтарлықтай қарсы тұра алмады. Мысалы, БҰҰ-ның мəліметтеріне сəйкес, Ауғанстандағы апиын өндірісі өзінің рекордтық шегінен асып, қазір жалпы əлемдік өндірістің жəне Орталық  Азия  аймағы  мен  Ресейге  шығарылатын  есірткі  заттарының  90 %  құраған.  Ресей  үшін мұндай жағдай ұлттық көлемдегі мəселеге айналды. 2009 ж. қазанда жарияланған БҰҰ-ның Басқармасының мəліметтеріне сəйкес, Ресей героиннің ірі ұлттық тұтыну рыногына айналып, бұл есірткі заттардың əлемдік көлемінің бес бөлігін, немесе жылына 75–80 т, тұтынады [3; 161].

Үшіншіден, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының жауапкершілік зонасында сепаратистік күштердің қызметі сақталып, күшеюде. Мысалы, 2008 ж. Пекиндегі Олимпиадалық ойындардың өткізілуі кезінде Тибеттегі жəне 2009 ж. Үрімшідегі қантөгісті оқиғаларды атап өтуге болады. Сепаратизм мəселесі тек қана Қытайдың емес, сонымен қатар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттердің мүддесіне қатысы бар.

Осы тұрғыдан алғанда соңғы кездегі аймақтық қауіпсіздік саласындағы қалыптасқан жағдай мəселелерді шешудің жаңа механизмін жетілдіру мен құруды талап етті. Осыған байланысты əскери- саяси саладағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының функциялары кеңейді. Ұйымның шеңберінде аймақтық қауіпсіздіктің мəселелерін шеше алатын күнделікті əрекет ететін құрылымдары қалыптасқан. Мысалы, Аймақтық антитеррористік құрылымды (ААТҚ/РАТС), Ұлттық координаттар кеңесін, Ауғанстан бойынша байланыс тобын атап өтуге болады. Ұйымның мүше-мемлекеттері ААТҚ-ды жоғары бағалайды, яғни, бұл жөнінде 2007 ж. тамыздағы Бішкектегі саммиттің қорытынды құжатында «бұл құрылым терроризм, сепаратизм жəне экстремизмен күресу барысында ынтымақтастықты одан əрі жетілдірудің куш-қуаты» [3; 165] деп көрсетілген.

Сонымен бірге Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының шеңберінде арнайы бағдарламалар қабылданды, олардың ішінде 2007–2009 жылдарға арналған Терроризм, сепаратизм жəне экстремизммен күресудің ынтымақтастық жоспарын атаған жөн. Аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылған басқа ұйымдармен ынтымақтастық орнатылды. Мысалы, 2007 ж. 5  қазанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім Ұйымы  арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының шеңберінде антитеррористік оқу-жаттығу шаралары жүргізілді. Мысалы, Өзбекстандағы «Шығыс-Антитеррор», Қазақстанда «Тянь-Шань № 1–2006», Қырғызстанда «Ыстықкөл-Антитеррор–2007», Ресейде «Бейбітшілік миссиясы–2007», 2009 ж. Тəжікстанда, 2010 ж. қыркүйекте Қазақстандағы «Бейбітшілік миссиясы–2010» антитеррористік оқу- жаттығуларын айтуға болады [4]. Демек, 2005 ж. бастап Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кеңістігінде қарым-қатынас деңгейін көтеру мақсатында антитеррористік оқу-жаттығу істері жүргізіліп келеді. Оқу-жаттығу шараларының шеңберінде террористік қауіп-қатерлерді жою, мемлекеттік шекараны қорғауды ұйымдастыру, өзара ақпарат алмасу жүйесін жетілдіру шаралары өңделді.

Осы жоғарыда келтірілген мысалдардан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты құрылымына айналғандығын көре аламыз. Сарапшылардың пікірінше, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жаңа еуразиялық полюстің құрылуының бастамасын жасады жəне АСЕАН сияқты аймақтық ұйым сипатына ие болып, жеке антитеррористік құрылымын құрды.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының шеңберіндегі қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың қажеттілігін ұйымға мүше-мемлекеттердің барлығы мойындайды, мұның дəлелі ретінде 2009 ж. сəуірде Мəскеуде болған мүше-мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің отырысының қорытындысы бола алады. Бұл отырыстың қатысушылары 2010–2011 жылдарға арналған Қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастық жоспарын бекітті. Бұл жоспарда антитеррористік оқу-жаттығуларға дайындық, өзара кеңес жүргізу, тəжірибе алмасу, бейбітшілік операцияларын жүргізу сияқты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталды.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қызметіне қатысу Қазақстан үшін оның көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының шеңберіндегі қызметін белсендіруге бағытталған бірқатар іс-шараларды өткізуді, ұйымның мəртебесі мен функционалдық бағытын өзгертіп, аймақтық қауіпсіздік жүйесінің маңызды элементіне айналуын қолдайды.

Өткен 2011 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының он жылдық мерейтойы атап өтіліп, дəл осы кезеңде Ұйымға Қазақстан Республикасының төрағалық еткені баршамызға белгілі. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Ташкентте өткен саммитте Президент Н.Ə.Назарбаевтың ұсынысы бойынша өңделген 2010–2011 жылдарға арналған іс-əрекет жоспарын іске асыруды аяқтады. Бұл құжаттың маңызы қауіпсіздік мəселесіне кешенді көзқараспен қарау жəне қауіпсіздіктен экономикалық, мəдени-гуманитарлық  ынтымақтастықты,  сонымен  бірге  халықаралық  байланыстарды  нығайтуды қамтиды. Терроризм жəне экстремизммен күресудегі ең басты бағыттардың бірі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қуатын арттыру болып саналады.

Астанада наурызда өткен қорғаныс министрлерінің отырысында мақұлданған 2012–2013 жылдарға арналған Қорғаныс ведомстволарының іс-шараларының жоспарының маңызы зор. Бұл жоспарға сəйкес Тəжікстанда «Бейбітшілік миссиясы–2012» атты антитеррористік əскери жаттығулар жүргізу қарастырылды [5; 19].

Құқықтық базаның дамуы жөнінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттердің 2010 жылы қол қойған Қылмыспен күресу жөніндегі келісімді атауға болады. Бұл келісім ұйымға мүше-мемлекеттердің контртеррористік өзара байланыстарын кеңейтуге екпін берді.

Қазақстанның төрағалық еткен кезеңде Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа бағытталған іс-шараларға ерекше назар аударылды. Мысалы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттер Қырғызстанға гуманитарлық жəне қаржылай көмек берді. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бақылаушылар миссиясы Қырғызстандағы парламент сайлауында мониторинг жасады.

Сонымен бірге Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше-мемлекеттерінің көлемді халықаралық іс-шараларды жүргізу барысындағы өзара байланыс орнату тағы да бір маңызды бағыт болды. Мысалы, Аймақтық антитеррористік құрылым Азия қысқы ойындарының қауіпсіздігін, ҚР Президентін сайлау науқанын, 2011 ж. Астанада өткен Ұйымның саммитінің  қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Террористік белсенділіктің қайнар көзіне айналған есірткі заттарды сатумен күресуге маңызды назар аударылды. Астанада өткен саммитте 2011–2016 жылдарға арнап  қабылданған Антитеррористік стратегия жəне оны іске асырудың бағдарламасы есірткі заттардың заңсыз айналымға енуімен күресуге бағыталған іс-шаралардың тиімділігін арттыруға септігін тигізді. Наркотрафикпен күресу саласындағы ынтымақтастық ауғанстан мəселесіне келгенде ерекше өзекті болып отыр. Бұл жерде, əрине, кешенді көзқарас маңызды. Сондықтанда Ауғанстанның халқына бейбітшілік пен гүлденген мемлекет құруға ықпал етуді одан əрі жалғастыру маңызды. Қазақстан өз тарапынан Ауғанстанға көмек берудің, соның ішінде білім саласы бойынша, əр түрлі бағдарламаларын іске асырып келеді. Ұйымға мүше-мемлекеттер ауған мəселесін тек қана бейбіт əдіспен жəне ойластырылған БҰҰ-ның қолдауы, ұйымдастырылған келіссөз арқылы жəне бұл үрдіске ауғандықтардың өздерін қатыстырып шешу керектігіне сенімді.

Сонымен бірге ұйым үшін кедейшілік, жұмыссыздыққа, білім мен мəдени құндылықтарға қолжетімділікті кеңейтуге байланысты əрекет ету маңызды болып саналады. Бұл бағыт бойынша ең маңызды міндет мемлекеттердің азаматтарының жағдайын жоғарлатуға бағытталған. Бүгінгі таңда ұйымға мүше-мемлекеттер əлемдік қаржы тоқырауының салдарын артта қалдырып, ұлттық экономиканы модернизациялау мəселесін шешуде. Мұның өзі инновациялық саладағы көпжақты ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдетудің, алдыңғы қатарлы технологияларды бірлесіп өңдеу мен енгізудің негізі болып отыр.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болашақта экономикалық жобаларды іске асыруға ұйымдастырушылық-құқықтық инфрақұрылымға ие. Бұл контексте Көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыруды күшейту қажет. Мұның тиімді жолы мемлекеттік жəне жеке меншік секторларының арасында серіктестікті орнатып, Іскерлік кеңес пен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Банкаралық бірлестігі арқылы кəсіпкерлік жəне қаржы топтарды тарту бола алады.

Қазақстанның төрағалық ету кезеңіндегі маңызды ұсыныстардың бірі ынтымақтастықтың жаңа механизмін — Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттердің Денсаулық сақтау министрлерінің отырысын құру болды.

Мəдениет пен білім саласындағы жемісті ынтымақтастығы жалғасын туып, «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университеті» жобасы іске қосылып, ұйымға мүше-мемлекеттердің жоғары оқу орындарының ректорларының форумы өтті.

Қазақстанның ұсынысы бойынша қоршаған ортаны қорғау бойынша ынтымақтастықты дамытудың қадамдары жасалды. Өткен жылы Жапонияда болған оқиғаға орай Төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын жою орталығын құру мəселесі орын алды.

Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық ету барысында өзін айтарлықтай белсенділік жағынан танытты. Мұның дəлелі ретінде Орталық Азия аймағының энергетикалық қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету мақсатында  Қазақстан  тарапынан  ұсынылған Азиялық энергетикалық стратегия бола алады. Осыған орай ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Энергия тасымалдау тұрақтылығы» жөніндегі Еуразиялық пактіге қол қоюды ұсынған болатын [5; 21].

Толықтай алғанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы қазіргі заманғы қауіп-қатерге қарсы тұру ісінде үлкен тəжірибеге ие болды. Мұнымен бірге оның спектрі кеңейіп, сапасы өзгеріп жатыр.

Сонымен, Шанхай форумы болашақта одан əрі даму үшін айтарлықтай күш-қуатқа ие жəне халықаралық істерде маңызды рөл атқара алады. Қазақстан өзінің халықаралық міндеттері сенімді, өзара сенім, түсінушілік пен конструктивті диалогты қолдайды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев 2008 ж. өзінің халыққа Жолдауында: «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне сыртқы саясат саласындағы біздің көзқарас артықшылықтарымыз өзгермейді»,— деп көрсеткен [6].

Сонымен, қазіргі кезде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының шеңберінде аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жүйесі қалыптасқан, Ұйымға мүше-мемлекеттердің бірігіп жұмыс жасауының қажетті жағдайы жасалған. Бірақ халықаралық терроризм, есірткі заттарды сату т.б. қауіп-қатер мəселесі шешілді деп айта алмаймыз. Сарапшылардың пікірінше, халықаралық террористік ұйымдар, ұйымдасқан қылмыс топтары аймақтың Ұйымға мүше-мемлекеттердің территориясын өздерінің қылмыстық мақсатында қолдануға одан əрі ұмтылады. Осыны ескере отырып, осы бағытта Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы өзінің күшін жұмылдырып, қуатын арттыруы қажет.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

  1. The Charter of Shanghai Cooperation [Hartiya Shanhaiskoi organizacii sotrudnichestva] // The Shanghai Co- operation Organization — 10 years on the way of security and cooperation. The main documents of the SCO. [Shanhajskaya Organizaciya sotrudnichestva — 10 let po puti bezopasnosti i sotrudnichestva. Osnovnye dokumenty SOS] /Eds. Kozychanova Е. — Astana: RAUАN, 2011. — Р. 25.
  2. Declaration on the Establishment of the Shanghai Cooperation [Deklaraciya o sozdanii Shanhaiskoi organizacii sotrudnichestva] // The Shanghai Cooperation Organization — 10 years on the way of security and cooperation. The main documents of the SCO. [Shanhajskaya Organizaciya sotrudnichestva — 10 let po puti bezopasnosti i sotrudnichestva. Osnovnye dokumenty SOS] / Eds. Kozychanova Е. — Astana: RAUАN, 2011. — Р. 22.
  3. Chufrin G. Russia in Central Asia. [Rossiya v Central’noi Azii]. — Almaty: KISI pri Presidente RK, 2010. — Р.
  4. Shayahmetov A.S. SCO and regional security [SOS i obespechenie regional’noi bezopasnosti] //SOS — sovremennaya model’ regional’nogo sotrudnichestva. — Almaty: [B.i.], 2008. — Р.
  5. Barlybayev Т.Т. Chairmanship of Kazakhstan in the SCO — a comprehensive approach to security [Predsedatel’stvo Kazahstana v SOS — kompleksnyi podhod k voprosam obespecheniya bezopasnosti] // Materials of the international scientific conference. — Almaty: KISI pri Presidente RK, 2011. — Р. 18–22.
  6. Nazarbayev N.A. Message from the President of Kazakhstan. Improving the welfare of the citizens of Kazakhstan — the main goal of public policy // Kazakstanskaya pradva. — 2008. — February, 7. — Р.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.