Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəмелетке толмаған тəртіп бұзушылардың психологиялық ерекшеліктері

Мақалада тəртіп бұзушы жеткіншектердің қылмыстық мінез-құлықтарына баға беріліп, қылмыстық мінез-құлықты тудыратын механизмдері мен себептері анықталып, жеткіншек жастағылардың тұлғалық даму ерекшеліктері психологиялық тұрғыдан қарастырылды. Автор жеткіншек жастағы баланың осы кезеңде қоғамның мүшесі ретінде өзіне деген саналы көзқарасын қалыптастыратын жаңа əлеуметтік позицияға ауысумен ерекшелінетінін атап көрсетті. Қоғамдағы топтар ішінен осы жеткіншектер көбінесе елдегі əлеуметтік, экономикалық, моральдік тұрақсыздықта көп жапа шегетініне назар аудара отырып, осы мəселенің психологиялық ерекшеліктерін ашады.

Жеткіншек — бұл алаңсыз балалақ шақтың аяқталуымен күрделі жауапкершілік жүктейтін ересектік шақтың аралық кезеңі, оны психологияда «өтпелі кезең», «қиын», кезең деген ұғымдар аясына сыйғызады. Шын мəнінде мінез-құлықта өзгерістер көп болатын, албырттыққа бой алдыратын, асығыс шешімнің жетегіне еретін ауыр кезең. Сондықтан да отбасында жеткіншек пен ата-ананың өзара түсініспеушілігі жиі кездеседі. Осы кезде қоршаған ортаның ықпалына ерекше мəн беретін жеткіншек қылмыстық жағдайларға да жиі барып жатады.

Жеткіншектер арасындағы қылмыстың алдын алу мəселесі — күрделі мəселе. Жеткіншектік кезең балалық шақтан ересекке өткір өтетін қиын қақтығыстық сипаттайтын адам онтогенезінің күрделі кезеңі.

Жеткіншек жасты зерттеуде əлеуметтік дамудағы бала кезінен ересек кездегі көшу үрдісі ең маңызды орын алады.

Бір жағынан, бұндай қиын кезеңде жеке тұлға құрылымындағы дисгармония, баланың қызығушылық жүйесіндегі көріністер, ересек адамдармен қарым-қатынастағы наразылық сипаты секілді негативті көріністер байқалады.

Басқа жағынан, жеткіншек жас көптеген жақсы факторлармен де ерекшеленеді: баланың жауапкершілігі артады, басқа балалармен жəне ересектермен қарым-қатынас əр түрлі жəне мазмұнды болады, қызмет аясы айтарлықтай кеңейеді жəне өзгереді, өзіне жəне өзгелерге деген жауапкершілік қатынасы дамиды жəне т.б. Бастысы, бұл кезең баланың қоғамның мүшесі ретінде өзіне деген саналы көзқарасын қалыптастыратын жаңа əлеуметтік позицияға ауысумен ерекшеленеді [1].

Тұлға — бұл өз таңдауы мен өз қызметі үшін жауапты бола алатын, белсенді өмірлік ұстанымды ұстанатын адам, ол:

  • іс-əрекетіндегі тəуелсіздікпен ерекшеленеді;
  • жауапкершілік алуға жəне мəселені шешуге қабілетті;
  • жүріс-тұрысын басқара алады, ерік күшімен ерекшеленеді;
  • ұзақ уақыт бойы өзгеру мүмкіндігіне ие адам.

Жеткіншек тұлғаның қалыптасуы — қиын жəне өзгермелі процесс: педагогикалық əсері, əдетте, өзін тəрбиелеудегі белсенді субъектпен кездеседі. Жеткіншек тұлғаның қалыптасуы, оның өміріндегі жəне тəрбиесіндегі процестер қалай қалыптасқан, оның талаптары арасындағы қатынастар, өзін-өзі бағалау жəне мүмкіндіктері арқылы өз талаптарын қанағаттандыру, өзін-өзі бағалауын ақтау үшін айтарлықтай тəуелді болады.

Жеткіншек жас-баланың тұлға болып қалыптасуындағы дағдарыс кезеңі. Жеткіншектің тұлғалық ерекшеліктеріне екі сөзбен нақты мінездеме беруге болады: тəуелсіздікке ұмтылу. Ол жеке тұлғаның əрбір қырына, жасөспірімнің жүріс-тұрысына, сезіміне əсер етеді.

Жеткіншектермен жұмыс жасау барысында олардың қандай үлгілер мен құндылықтарға бағытталады, нені маңызды жəне мағыналы деп есептейтінін түсіну керек. Жеткіншек тұлғаның қалыптасуы, оның өміріндегі жəне тəрбиесіндегі процестер қалай қалыптасқан, оның талаптары арасындағы қатынастар, өзін-өзі бағалау жəне мүмкіндіктері арқылы өз талаптарын қанағаттандыру, өзін-өзі бағалауын ақтау үшін айтарлықтай тəуелді болады [2].

Жеткіншектің басты ерекшелігі — тұлғалық сенімсіздік. Қарама-қарсы қасиеттер, баланың ұмтылыстары, үрдістерінің бір-бірімен күресуі, бəсекелесуі мінез-құлықтың қарсы сипатын жəне есейе бастаған баланың жүріс-тұрысын көрсетеді. Жеткіншек жаста мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасады. Жасөспірімге тəн ең негізгі ерекшелік, «кемелдікке» ұмтылу болып табылады. Жасөспірім ересек адамдардың оның пікірімен келісуі үшін, өзінің көзқарасы мен үкімдерін қорғайды. Ол өзін басқалармен тең дəрежеде бола алатындай айтарлықтай ересекпін деп есептейді.

Қоғамымыздағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мызғымас дəстүріміз — еліміздің ертеңгі болашағы жеткіншектеріміздің тұлғалық құрылымын, мінез-құлқын сапалы қалыптастыру. Бұл күн тəртібінен түспейтін өзекті мəселе. Дегенмен, қоғамымызда болып жатқан сан алуан өзгерістер жеткіншектердің шалыс басып, өмірлік өкінішке жетелейтін жайттарға жолығып жатқандары да баршылық. Жеткіншек бұл алаңсыз балалақ шақтың аяқталуымен күрделі жауапкершілік жүктейтін ересектік шақтың аралық кезеңі, оны психологияда «өтпелі кезең», «қиын кезең» деген ұғымдар аясына сыйғызады. Шын мəнінде мінез-құлықта өзгерістер көп болатын, албырттыққа бой алдыратын, асығыс шешімнің жетегіне еретін ауыр кезең. Сондықтан да отбасында жеткіншек пен ата-ананың өзара түсініпеушілігі жиі кездеседі. Осы кезде қоршаған ортаның ықпалына ерекше мəн беретін жеткіншек қылмыстық жағдайларға да жиі барып жатады. Жеткіншектер арасындағы қылмыстың алдын алу мəселесі күрделі мəселе. Жеткіншектік кезең балалық шақтан ересекке өткір өтетін қиын қақтығыстық сипаттайтын адам онтогенезінің күрделі кезеңі.

Жеткіншектердің əлеуметтенуі отбсынан бастау алады. Отбасындағы психологиялық жағдай баланың болмысына əсер етпей қоймайды. Жеткіншектердің отбасындағы кейбір жағдайлармен келіспеуі олардың өздеріне жасаған ересектердің қарым-қатынасы кейде наразылығында тудырып жатады. Кейбіреулері сəтсіз отбасының бейкүнə баласы болып балалық шақтың өзінде психологиялық жарақат алса, енді біреулері толық емес отбасында тəрбиеленіп, өмірдің ащы дəмін ерте татып торығып жатса, енді біреулері ата-ана алақанының жылуын сезінбей жетімдер үйінде тəрбиеленіп, сол сияқты сансыз себептердің ықпатымен қылмыс жасауға барып тағдыр тəлкегіне түсуде [3].

Жеткіншек жастағыларды тəрбиелеу жəне оқыту қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық өзекті мəселе ретінде күн тəртібінен түспей отырғаны мəлім.

Қазақстан Республикасында білім беру мен тəрбиенің мазмұнын жаңарту мəселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тəжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын жəне соған сай мінез-құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Сондықтан балалардың ішінде ерекше категория болып табылатыны «жеткіншек жастағыларға» адамгершілік тəрбие берудің формаларын, əдіс-тəсілдерін жетілдіру аса қажет.

Адамның өзін-өзі бағалауы туралы айтқанда, оның нəтижесі байқалады: жоғары немесе төмен, адекватты немесе адекватты емес т. б. Бірақ адамның бұл бағалауға келуін, оның қандай құралдарды қолданғанын, ол өзін тануда қандай ақпаратқа сүйенгенін білу керек. Əр түрлі факторлерге байланысты бірнеше жолмен өзін бағалауға болады. Кей адам өзінің өткен тəжірибесін талдайды, қорытынды шығарады, өз қатесін қайталамауға тырысады. Ал, кейбіреуі мұндай əрекеттер жасамайды. Кейбіреулерге өзін-өзі бағалаудың негізі өз тілегі болып табылады. Мұндай адамдар ешқашанда сын–пікірлермен келіспейді. Өзін-өзі бағалаудың маңызды негізі — қоғамдық–əлеуметтік нормалар. Бұл кезде өзін-өзі бағалау схема бойынша құрылады: «Мен бұл нормаға сəйкес келемін, демек, мен жақсымын; сəйкес келмесе — жаманмын».

Жеткіншек тұлғасы өздігінен қалыптаспайды, олар қоршаған ортаның ықпалымен қалыптасады. Əсіресе жеткіншектерге өзге адамдармен өзара қарым-қатынаста кіші топтар ерекше əсер етеді. Ең алдымен жектіншектердің тұлғасының қалыптасуында маңызды рольді отбасы алады. Əр түрлі авторлар сəтсіз отбасылардың əр алуан типтерін бөліп қарастырады жəне олардың жеткіншектердің мінез-құлықтарының ауыту жағдайларына əсерін талдап көрсетеді. Өзін-өзі бағалауды адамның өмірінің басқа психикалық көріністерінен бөліп алуға болмайды. Ол ойлаумен де, еспен де, адам өмірінің эмоционалдық өмірімен де байланысты. Өзін-өзі бағалау даму деңгейлері мен алға басу қарқынын анықтайды.

Олар өздерінің жас ерекшелік мүмкіндіктерін жоғары бағалап, ересек адамдардан еш айырмашылығымыз жоқ деген қорытындыға келеді. Осы жерден олардың дербестікке жəне əйгілі «тəуелсіздікке» ұмтылу сипаты көрініс табады, осы жерден өзіне деген қатынастың қиындығы жəне өкпешілдік, ересектердің құқықтары мен мүдделерін бағаламайтын өткір реакция көрсету сипаты байқалады. Жеткіншекке тəн жоғары қозғыштықты, жеткіншектің өз мінезіне қанағаттанбаушылығын, салыстырмалы жиі жəне тез көңіл-күйінің ауыспалылығын ерекше атап өту керек [4].

Кəмелеттік жасқа толмаған балалардың қылмысына сыртқы ортаның жағымсыз факторлары жəне кəмелеттік жасқа толмаған тұлғаның өзі себеп болады. Қылмысты көбінесе педагогикалық

«ушыққан», былай айтқанда «қиын» жасөспірімдер жасайды. Кəмелеттік жасқа толмаған балалар — қылмыстық топтар тарапынан ең зардап шеккендер.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуінің негізгі себептері жиі қамтиды:

  • көптеген отбасындағы бала тəрбиесінің қанағаттанарлықсыз шарттары;
  • балаларға жəне жасөспірімдерге педагогикалық тəрбие беру барысындағы ата-аналарға əлсіз көмек;
  • көптеген мектептер мен басқа да мекемелердің білім беруінің қанағаттанарлықсыз шарттары;
  • осы мекемелерде тəлімдік жұмысты жүргізетін кадрлардың əлсіз дайындығы;
  • мектептен тыс мекемелерде тəрбиенің қанағаттанарлықсыз шарттары;
  • кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі комитеттерінің қанағаттанарлықсыз жұмысы;
  • отбасы, мектеп, бала күтімі бойынша орталықтары, балалар мен жасөспірімдердің білім беру, мəдени жəне басқа да мекемелер, сондай-ақ кəмелетке толмағандар арасында алдын алу полиция, қылмыстық қудалауды жəне сот ықпал етуге арналған қоғамдық ұйымдардың қызметiндегі формализм;
  • жасөспірімдер қылмысына қарсы күрес жүргізу құқық қорғау органдарының жұмысындағы кемшіліктер [5].

Құқық бұзушының жеке басын зерделеу қажеттілігі бірінші кезекте болу себебі жасөспiрiмдер қылмысының деңгейі төмендейді ғана емес, сонымен қатар анық айқындылықты көрсетеді. Негізінен, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өзектілігін, жасөспірімдердің агрессия, қатыгездіктің түрлі нысандарымен байланыстырады. Көбінесе бұл процесс бала кезінен ересек күйге баланың ауысу тоғысында көрінеді — жеткіншек жастағы жасөспірімдердің агрессия мəселесі дəрігерлер, педагогтар мен психологтартың, сонымен қатар тұтастай қоғам үшін ең өткір мəселелердің бірі болып табылады.

Көбінесе қылмыс жасау барысында жасөспірімдерде агрессия, адуындық жəне дұшпандық сезімі жоғарылайды.

Агрессия мəселесі əсіресе жасөспірім кезде, қылмыстың өсу деңгейіне байланысты бірінші кезекте тұрады. Ал бұл мəселені түсіну жəне жасөспірімдерде агрессия деңгейін төмендету жолдарын іздестіруге бағытталған психологиялық-педагогикалық жұмыстың кемшілігімен байланысты. Жеткіншектің тұлғалық қасиеттері мен агрессивтілігінің байланысы, жасөспірімдік қылмысқа əкеледі. Аталған көріністер түрлі тəсілдермен көрініс табады, атап айтқанда:

  • нашақорлықпен;
  • маскүнемдікпен;
  • білім алуға қызығушылықтың болмауы;
  • суицидтік үрдістер;
  • басқаларға зиян келтіру (қылмысқа бару).

Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы қылмыстың мынадай үрдістері көрсетіледі:

  • ауыр жəне аса ауыр зорлық-зомбылық қылмыстардың өсуі;
  • ұйымдасқан жəне топтық қылмыс санының өсуі;
  • суық қару мен атыс қаруын кеңінен пайдалану;
  • жеке адамға қарсы қылмыста қатыгездік жəне цинизм.

Көптеген авторлар қанағаттандырылмаған қажеттіліктен агрессивті мінез-құлық пайда болады дейді А. Бандура, Д.З. Скорны. Бала агрессиясы қарым-қатынастың іске асырылмаған қажеттілігін тудырады, бұл ата-ананың эмоционалдық салқындығынан туындаған қарым-қатынасынан, оның ішінде жылудың болмауынан жəне мейірімділіктің жоқтығынан, шектен тыс қаталдықтан жəне күш көрсетіп жазалауды шамадан тыс пайдалану себебінен туындайды. Ересектердің тым жиі тыйымдары мен бұйрықтары, сондай-ақ балалар мен жастардың тəуелсіздігін, дербестігін шектету іске асырылмаған қажеттілікті туындатады [6].

Баланың агрессия көріністерінің негізгі себептері мыналар болып табылады:

  • құрдастарын өзіне назар аудартуға ұмтылу;
  • қалаған нəтижелер алу үшін ұмтылу;
  • лидер болуға ұмтылу;
  • қорғаныс жəне кек;
  • өзінің артықшылығын айқындау мақсатымен, басқа адамның қадiр-қасиетiне нұқсан келтіруге ұмтылу.

Криминогендік факторларға қатысты мемлекет пен қоғамның қабылдаған шаралары, кəмелетке толмағандардың əлеуметтендіру процесі олардың əсерін азайту үшін, оңды нəтижелер бермейді. Жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуы мен дамуы жеткіншек жаста жүзеге асады деген негіз бар. Кəмелетке толмағандардың қылмысы динамикасымен құрылымы алаңдаушылық білдіреді, сондай-ақ ересек қылмыспен тығыз қарым-қатынасы болып табылады.

Жеткіншектердің қылмыстық əрекеті жалпы халықтық мəселе, сондықтан мектеп — ата-ана — қоғамдық ұйымдар — мемлекет жүйесінде бірізді жұмыстар ұйымдастырып, оған барлық адамзаттың бірлесіп əрекет еткен жағдайда шешіледі. Əрбір адам өзінің жеке өнегесімен үлгі көрсетуі қажет.

Қоғамдық ортада жүріп жатқан əлеуметтік-психологиялық, экономикалық жаңару процестері өмірге жақсы өзгерістермен қатар, кейбір келеңсіз жағдайлардың туындауына əкеліп отыр. Солардың қатарына жұмыссыздық, ішкіштер мен қылмыстың өсуі, əсіресе жас жеткіншектердің арасындағы қылмыстық мінез-құлық, оқуды тастап, ауыр қылмыстар жасау жағы катты аландатушылық тудырады. Осыған байланысты қылмыстық мінез-құлық танытқан балалармен əлеуметтік- психологиялық, педагогикалық жұмыстар жүргізу кейінгі кезде өзекті мəселеге айналып отыр.

Психологиялық ғылыми əдебиеттерге сүйене отырып, кейінгі зерттеу жұмыстары қылмыстық мінез-құлық динамикалы үрдіс екенін, ол біртіндеп басталып, арты үлкен трагедияға айналатыны анықталған. Қоршаған адамдар көбіне дер кезінде көңіл аудармай, аяғы ауыр қылмыскерге айналғанда кешіккендерін бір-ақ сезеді.

Еліміздегі оқу-тəрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тəрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде балалармен тəрбие жұмысын дамыту мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мəселесінің бірі — өркениетті, прогресшіл бағыттағы, азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, терең білімді ұрпақ тəрбиелеу. Біздің қоғамымызда əлеуметтік мəселелердің бірі бұл кейінгі кездері жастар арасындағы қылмыстық жағдайлардың жиі кездесуіне ықпал етуде [7].

Бұл қылмыс жасаушылырдың тұлғаға қарсы əр түрлі жарақаттардың жиі кездесуі алаңдатуда. Əсіресе жастар арасындағы жанжалды жағдайлар, топтық төбелес, қатігездіктің, мейірімсіздіктің негізін сипаттап отыр.

Қазіргі таңдағы ересек адамдардың ауыр қылмыс жасауын салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, бұл адамдардың жиі қақтығыстарға түсуі мен агрессиялық мінез-құлқынан туындайтындығы іс-жүзінде дəлелденген.

Біз əлеуметтік-қоғамдық көп өзгерістердің тұрғындардың мүліктік иеліктері мен өзге де иеліктерінің түрлі формаларының куəсі болып табыламыз.

Негізінен əлеуметтік қарама-қайшылықтардан тұлғааралық жəне топтараралық қақтығыстар туындайды.

Психологтардың тұлғаның сан алуан өзгерістерімен кəмелеттік жасқа толмағандардың тұлғалық ерекшеліктерімен олардың біріктілігі туралы пікірлері сан алуан болып табылады. Осыған түрлі бағыттағы жас жеткіншектердің агрессивтілік атқарылған жұмыстар мен айтылған пікірлер, жасалған жұмыстар, олардың сапалары дəлел болып отыр. Біздің елімізде агрессивтілікті мінез-құлықты түзету жəне олардың алдын алу, сауықтыру шаралары төңірегінде аз жұмыс атқарылмаған, демек, бұл мəселені шешуге арналған арнайы тəжірибелер қалыптасқан.

Жеткіншек кезеңінде өзін-өзі тану көп жағдайда өзін-өзі ұстай білу процесінде қалыптаса бастайды. Іс-əрекетті бағыттаудың жалпы жүйесі болып өзін-өзі бағдарлай алуы болып табылады. Өзін-өзін бағдарлай алудың ішкі түрткісі өзін-өзі бағалауы болып табылады. Қарым-қатынас əсер ете бастаған соң əр түрлі адамдардың қарым-қатынас барысында өзін-өзі бағалауы баланың басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу кезінде бағдарлай алады [8].

Көптеген зерттеушілер «Мен» бейнесінің қалыптасуында жеткіншектердің үлкендермен жəне өзімен қатарлас балалармен қарым-қатынас жасауы үлкен роль атқарады дейді. Белохвостованың зерттеулері бойынша, жеткіншектер басқа адамдармен, сол адамдарды түсіну үшін, бірге іс-əрекет жасау үшін қарым-қатынасқа түсетіндігі көрінеді. Басқа біреудің образы оларға қарым-қатынасқа түсу үшін өте маңызды. Жеткіншектердің «Мен» образының қалыптасуы басқа біреудің образының қалыптасуымен байланысты. Көп жағдайда басқа образ оның өзімен жасты адамы болып табылады. К.Н. Платонның зерттеулерінде жеткіншектің жалпы ерекшелік сапаларын оның өзімен жасты баламен байланысында көруге болады деген. Идентификация сезімін барлық жеткіншектер өткереді, ол «Мен» образын қалыптастырудағы ең маңызды кезеңі болып табылады.

Бұл кезең жеткіншектерде «Біз» образы мен «Мен» образының сапалы дамуына əсер етеді. Өзін- өзі танудың филогенетикалық аспектілерін қорытындылай келе, Боришевский өзін-өзі тану «Біз» түсінігіне жалпыға қараған сияқты қоғамдық топтардағы адамдардың жоғарға даму сатысына коллективті өзін-өзі тану болып келуі мүмкін дейді. Жеткіншек өзін-өзі тани алады, өзінің «Мен» сезімін басқалардың «Мен» сезімінен айыра алады. Жеткіншек кезеңінде өтпелі кезеңде, көптеген зерттеушілер көрсеткендей, баланың «Мен» образының қалыпсыз бола бастайды. И.С. Кон жазғандай, «Мен» образы өзінің жалпылығын жоғалтады, жеке адам өзінің «Мен » образындағы құлшынысын, талпынысын төмендетіп, қиындықтарды қалыпсыз жағдайларда көре бастайды.

Жеткіншек кезеңінде өзін-өзі танудың жаңа кезеңі басталғанда өзіне қатынасының даму кезеңі басталады. Мұнда ең маңызды сəттер болып өздерінің «Меніне» жаңа сапалы түрлер енгізеді, өзіне- өзі басқа біреумен салыстыра отырып баға береді. Жеке баға беруден жалпығы көшу, өзіне-өзінің қатынасын қалыптастыруы. Жеке сапаларға баға беру өзіне бағынышты маңызды роль атқарады. Дəл осы кезде жеке жүйесін қалыптастыру негізінде өзіне эмоционалды баға беру қалыптасады. Оперативті баға беру іс-əрекет нəтижесінде өз көзқарастарынан туындайды. Əсіресе нақты жəне идеалды «Меннің» сəйкес келмеуі маңызды мəселе болып табылады. И.С. Конның пікірінше, бұл сəйкес келмеушілік қалыпты жағдай, бұл когнитивті дамуды көрсетеді. Балалықтан өтпелі кезеңде өзін-өзі сынау өсе түседі [9].

Адамның қылмыстық мінез-құлқының үш негізгі факторы бар: əлеуметтік, психологиялық, биологиялық. Қылмыстық мінез-құлық əлеуметтік факторы адамның қоршаған ортасына, жанұя мүшелерінің өмір сүру қалпына мəдени құндылықтарының қалыптасуымен тығыз байланысты. Психологиялық факторлары жеке тұлғаның əлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерімен, мысалы, жабырқау көңіл-күйді көтеру, «экстрим», өзіндік бағаның төменгі деңгейі, өзгелердің алдында батылдық, тəуелсіздік таныту т.б. байланысты. Сонымен қатар бұл құбылыстың биологиялық факторларына тұқым қуалаушылық, жүйке жүйесі мен психикалық ауытқушылықтарды жатқызуға болады.

Қылмыстық мінез-құлықтың ерте байқалатын көрсеткіші — жеке тұлғаның əр түрлі ауытқушылықтарға душар болуы. Ең алдымен, оның əлеуметтік бағдары, мағына тудырушы мотивтік-құндылық өрісінің тарылуы, ақыл-ой қызыметінің бұзылуы сияқты түзетуге келмейтін өзгерістердің орын алуы. Сондықтан қылмыстық мінез-құлықтың алдын алу шараларын ертеден бастап, əсіресе жеткіншектерді қылмыстық əрекеттен сақтау — бүгінгі күннің өзекті мəселелерінің бірі. Ол үшін үгіт-насихат жұмыстарымен қатар, жанұя əлеуметтену институтының жұмысын жандандыру қажет. Өйткені көптеген жеткіншектердің қылмыстық мінез-құлықының механизмдерінің бірі отбасындағы тəрбие екенін ғалымдар дəлелдеді. Қазіргі кезде жеткіншек жастағы оқушылардың жалпы жəне психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен, бұрынғыша оқушыны пəндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу əрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тəрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі.

Жеткіншектер қазіргі кезеңде тез өзгермелі мəдениетте, хаос жəне тұрақсыз, құбылмалы ортада өмір сүреді. Мұның өзі қылмыстың жоғарылауына əсер етеді. Бұрынғы баға жетпес құндылықтар күмəндану, сенімсіздік сезімдерін тудыра бастады. Мысалы, отбасы ертеректе сенімді, қауіпсіз ошақ болса, қазіргі кезде жанұядағы келіспеушілік, түсініспеушілік əсерінен үлкен мəселелерге (өз-өзіне қол жұмсау, қылмысқа бару т.б.) итермелуші себептерінің біріне айналып отыр.

Қазіргі жеткіншек мазмұны бойынша жəне əлеуметтану теңденциялары жағынан күрделі ортада өмір сүреді. Бұл, біріншіден, техника-технологиялық құралдардың жылдам жасалу қарқынымен, екіншіден, ақпараттың қанық сипаттарына, үшіншіден, экономикалық-экологиялық дағдарыстарға байланысты. Ал бұл кезегінде балаларда үмітсіздікті, ал жастарда санасыз қарсылық əрекеттерін, қоғамдық қызығушылық жақтың қасынан дамитын индивид дамуын туындатады. Адам қоғамындағы топтар ішінен осы жеткіншектер көбінесе елдегі əлеуметтік, экономикалық, моральдік тұрақсыздықта көп жапа шегеді. Олар құндылықтар мен идеалдардың ескесін бұзып, жаңасын əлі жасай алмайды. 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Простакова Т.М. Кризис подросткового возраста. — М.: Феникс, 2009. — С.
  2. Кулагина И.Ю. Возрастная психология: развитие ребёнка с рождения до 17 лет. — М.: Изд-во УРАО, — С. 140–161.
  3. Казанская В.Г. Подросток. Проблемы взросления. — СПб.: Питер, 2008. — 288 с.
  4. Обухова Л.Ф. Детская (возрастная) психология: учеб. пособие. — М., 1996. — С.
  5. Шапинова С.А. Подросток: общество и закон. — Алма-Ата: Наука, 1989. — 18 с.
  6. Кон И.С. Психология старшеклассника. — М.: Просвещение, 1980. — С. 110–112.
  7. Долгова А.И. Социально-психологические аспекты преступности несовершеннолетних. — М.: Юрид. лит.,
  8. Ақажанова А.Т. Девиантология: оқу құралы. — Алматы: Заң əдебиеті, 2009. — 126 б.
  9. Иванова Л.Ю. Агрессивность, жестокость и отношение старшеклассников к их проявлениям // Проблемы личности профилактика отклонений в её развитии. — М.; Архангельск, 1993. — С.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.