Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Қалмақ» этнонимінің шығу тегі мəселесі

Қалмақтар — Сегізөзен бойын мекендеген, ХІІІ ғасырда белгілі болған ойраттар деп аталатын ежелгі монғол тайпаларының ұрпақтары. Бұл туралы «Сокровенное сказание» атты монғолдың дерегінде көрсетілген [1]. Парсы тарихшысы Рашид-ад-дин: «Олардың тілдері монғол тілі болғанына қарамастан, басқа монғол тайпаларының тілдерінен айырмашылығы бар» деп тұжырым жасайды [2;   47].

«Бірыңғай» монғол империясының құрылуы мен өмір сүру кезеңінде ойраттар бұл империяның құрамына енген. Алайда көптеген тайпалар бұл «бірыңғай» империяда өз дербестігін сақтап қалған, солардың арасында қалмақтардың аталары ойраттар да болған.

Шыңғыс хан империясы құлдыраған кезеңде Монғолияда феодалдық ыдыраушылық орын алғаннан кейін жəне 1368 ж. монғолдық басқыншыларды қытайлықтар өз жерлерінен қуып шыққаннан кейінгі кезеңде шамамен XIV ғ. аяғы – XV ғ. басында ойраттардың басшысы Мөңке- Темір болады. Оның өлімінен кейін Монғолияның шалғай солтүстік-батысы, Енисейдің жоғарғы ағысы, Оңтүстік Алтай, Шыңжанның солтүстік бөлігін жəне Ертістің жоғарғы бөлігін алып жатқан ойрат жерлері үш мұрагер — Махмұд, Тайпин жəне Баға-Бодод арасында бөліске түседі. Бұған қарамастан ойрат шонжарларының рөлі күшейе түсті. Оған дəлел ретінде 1434 жылы Махмұдтың ұлы, ойраттардың басшысы Тогонның иелігінде батыс қана емес, шығыс Монғолияның енгенін келтіруге болады. Оның ізбасары, баласы Эсен (1440–1455) кезінде монғол жерлерінің ойраттар төңірегінде монғол жерлерін жинақтау аяқталып, сонымен қатар қытайлық императордың əскерлеріне қатты соққы беріп, 1449 ж. Қытай императоры Ин-Цзунді үлкен олжамен тұтқынға алады [3].

Соған қарағанда, аталмыш кезеңде ойраттардың маңында монғол тайпалары — чонос, керейіт, меркіт, таджиуд, турхаут, абға, абғанер; түркі тілдес тайпалар — шығу тегі якуттық сохадтар, Байкал бойынан ойраттар бірге көшкен таулы алтайлықтар — теленгүттер, тувиндықтар — цаатандар, шығу тегі ұйғырлықтар — тярячиндар (тарачиндар). «Ойрат» сөзі жинақтық атау болған [4; 116]. Олардың құрамына өзара туыс тайпалар цоростар, шарядтар, шарнуттар, замудтар, харнуттар, батуттар, багуттар, туктундар, хойттар жəне т.б. кірген [5]. Аталмыш тайпалардың ішінде басқарушы, беделді, аристократиялық жəне саяси тұрғыда күштісі ойраттар болған. Ойрат одағына енген барлық тайпалар ойрат деген атаумен аталды. Осындай билеуші ру немесе тайпа институты өз  бастауын ертеден алады. Ғұндар 24 тайпадан тұрған. Барлығынан ұрпақтар өрбіген, өзара араласпаған. «Тугэ тайпасы ең күштісі жəне құрметтісі» болған [6; 49]. Сол себепті олар барлық тайпаларды басқаратын шаньюйды тағайындай алатын болған [2; 146]. Түріктерде де сол сияқты (VI–VIII ғғ.) шығыс жəне батыс түріктерде жоғарғы лауазым, соның ішінде қаған Ашина əулетінен шыққандар құрады. Ұйғырлардың 15 ұрпақ болған, солардың ішінде ойхор койху немесе ұйғыр қуаттылығы жағынан бірінші орынды алған [6; 307]. Рашид ад-дин: «Монғол сөзі олардың руының атауына айналған жəне енді бұл атау монғолдарға ұқсас халықтарға да ауысқан, себебі аталмыш сөздің басқа тайпаларға қатысты жалпылама қолдануы монғол кезеңінен бастау алады... монғолдардың күш-қуатынының салдарынан бұл өңірдегі тайпалар олардың атауын иеленді, сол себепті түріктердің басым бөлігін «монғолдар» деп атап кеткен» [2; 77], — деп бекітеді. Орталық Азия халықтарында  барлық этникалық топты тілдерінің жəне шығу тегінің ұқсастығына қарамастан, күшті тайпаға тəуелділікке түсуіне байланысты басқарушы аристократиялық ру немесе тайпаның атымен атау əдетке айналған, дегенмен де өзіндік атаулары сақталып, қолданыла берген. Б.А.Рыбаков: «Процесс создания племенных союзов и их постепенной консолидации, сопровождающийся распадом родовой  общины, это и есть процесс складывания народности. Союз племен может получить свое имя от одного из племен, входящих в него, или же может принять новое имя, обозначающее весь данный союз и имеющее нарицательное значение. Название народности еще чаще всего восходит и к имени отдельного племени, если оно было ядром и гегемоном всего союза» [7], — деп этнонимдердің пайда болу себептерін көрсетеді. Аталмыш құбылыстың қалмақтарға да қатыстылығын байқаймыз. Сонымен «ойрат» сөзі екі жақты мағынада қолданылады: этникалық жəне саяси. Ойраттарға бағынышты тайпалардың одақтағы саяси жетекші жəне күшті ойрат атауын қабылдаған деп топшылауымызға болады. Дегенменде ойрат халқының қалыптасу үрдісі əлі аяқталмаған еді.

Эсеннің билік құрған кезеңінде экономикалық жағынан күшейген жергілікті феодалдар оның орталықтанған билігіне тегеурінді қарсылық көрсетіп отырған. Бұл күрес Эсеннің қазасымен аяқталады. Монғолия тəуелсіз сыртқы жəне ішкі саясатын жүргізген жеке иеліктерге бөлініп кетеді.

XVI ғ. аяғында ойраттар арасында басталған бірігу əрекеті біртұтас мемлекеттің құрылуына əкелмеді. Ойраттардың халықаралық жағдайы күрт нашарлап кетті, оңтүстік жəне оңтүстік батыстан Моғолстан, шығыстан халха-монғолдар қысым көрсетті, сонымен қатар ішкі талас-тартыстар басылмады. Бұған тағы жердің жетіспеушілігі қосылды. Мал басы санының артуы жайылымның кеңеюін жəне жем-шөптің мол қорын қажет етті. Қалыптасқан жағдай ойраттардың бөлігі — хошут жəне хойт тайпаларының Кукунор ауданына көшуіне басты себеп болды. Ойраттардың басқа бөлігі жайылымдық жер іздеп солтүстікке Ертіс өзенінің ағысын бойлай Ресейдің қарамағындағы жерлерге жылжыды.

1607 ж. ресми орыс-ойрат қатынасы басталды. Сол жылдың қаңтарында Мəскеудің жарлығымен таралық қолбасшы Гагарин маңайға көшіп келген ойрат князьдарына олардың орыс азаматтығына көшуіне шақыру үшін елшілерін жіберді. 1607 ж. маусымда елшілікке жіберілгендер ойрат елшісімен бірге оралды. Орыс деректерінде ойрат елшісі өзінің ойраттардың ең мықты 50 билеушісі, олардың 45 бағыныштысы 120 мың ойрат тұрғындары атынан келгендігін жəне өз билеушілерінің атынан: «Воевати их не велети, и велети им быти под нашею царскою высокою рукою, и кочевати на нашей земле вверх по Иртышу к соленым озерам, а что де нам с них, с колмацких людей, имати годно коньми или верблюды или коровами, и они де тем нам бьют челом» [8; 22], — деп жеткізілген хабарламадан үзінді келтірілген.

Гагарин елшілігінің материалдарынан белгілі болғандай, ойрат билеуші князьдарының тобын дэрбэттік Далай мен торғауыттың Дзорикту басқарды. Дзориктудың ағасы Хо-Урлюк 1604 ж. олардан бөлініп, өз ұлы Кирасанмен бірге Ертіс бастауына қоныс аударды [9; 81].

Тара қолбасшысы ойрат билеушілерінің өтінішін қанағаттандыруға келісті. Оны Мəскеу қолдап, Гагаринге ойраттарға тағы да бір елшілігін жіберуді ұсынды, енді орыс патшасы атынан сөйлеуді тапсырды: «Наше царское жаловальное слово, что мы, великий государь, их пожаловали, велели им по их челобитию кочевати вверх по Иртишу и в-ыных местах, где похотят, и держати их велели их ото всех недругов от Казацкие орды и от Нагаи от иных недругов беречи и обороняти... а ясак велели есмя имати с них лошадьми и верблюды или иным чем, чтоб им не в нужду» [8; 22,23].

1607 ж. 21 қыркүйекте Тараға Далайдан 2-ші елшілік келеді, олар князьдардың бұрынғы өтініштерін жеткізді: «кочевать вверх по Иртишу к соляным озером и по Камышлову, и от Алтына- царя и от Казацкие орды велели их оберегати» [8; 24].

1608 жылы қаңтарда Тара қолбасшысы Мəскеуге Хо-Урлюк пен оның ұлының ұлыстарымен бірге Тара ауданына келгенін, қаладан үш күндік жерге қоныстанғанын, дэрбэт тайшасы Далайдың қолбасшыға Оми бойымен көшуге рұқсат сұрағанын, ал басқа тайшалардың Ертіс бойымен қоныс аударуын  жалғастыруда  екендігін  жеткізді.  Ойрат  тайшалары  бұрынғы  өтініштерін     қайталады: «Просят от Алтына-царя велети их оберегати, и ратных людей на него велети им давати, и город бы велети поставити на Оми реке от Тары 5 днищ, чтобы им тут кочевати было от Алтына-царя безстрашно. И будет тому городку учнет быти теснота от Алтын-царя, и они кроме того, соглашались давать ясак скотом, а собольми бы и лисиц черных пытати на них не велеть, потому что в их земли того зверя, только что съесть» [9; 86].

Осы ақпаратты алған соң, Мəскеу үкіметі таралық қолбасшыға Далай жəне басқа ойрат билеушілеріне, оның ішінде Хо-Урлюкке жаңа елшілік жіберуді ұсынды, олар тайшаларды Мəскеуге, орыс патшасына өздерінің келулерін ұғындыруы керек еді. Патша оларды Алтын ханнан, ноғайлардан, қазақтар жəне басқа да жаулардан қорғауға кепілдік берді. Ойрат билеушілерінің келіп, орыс патшасымен келіссөз жүргізуіне Мəскеу мүдделі болды: «И будет они не поверят, и к нам, великому государю, ехати не похотят, и вы бим для веры дали закладных дюдей, сколько человек пригож, и сами б естя им слово прямое на там дали, чтоб они ехали к нам безо всякого опасения, и ласку и привет к ним держали, и задору б им от наших дюдей ни в чем не было» [8; 25–27]. 1607 жылдың 20 қыркүйегінде Тараға Хо-Урлюктің өкілі келді, ол Орыс мемлекетімен бірге өмір сүруге дайын екендіктерін жəне Есіл мен Қамыстының бойымен көшуге рұқсат етуді, сонымен қатар сауда жасау үшін Тараға адамдар жіберуді сұрады. Тара қолбасшысы Хо-Урлюкке мынаны жеткізуді тапсырды: егер ол орыс азаматтығын қабылдамаса, онда орыс жері арқылы көшіп, қонуға құқысы жоқ жəне ол жерден кетуі керек. Егер ол патшаға адал болуға ант берсе, онда оған орыс жері арқылы көшуге рұқсат беріледі [8; 28,29].

1609 жылы наурызда Томск қолбасшысының Мəскеуге жіберген хабарынан осыдан 6 ай бұрын Иван Белоголов бастаған Алтын хан мен Қытайға барған елшілердің тапсырманы орындамағаны белгілі болды, себебі бұл кезде Алтын хан мен ойрат билеушілері арасында соғыс жүріп жатқан еді. Алтын хан мемлекетінің басшысы мен ойрат билеушілері арасында соғыстың болғаны сенімсіздік тудырмайды: бірқатар құжаттарда халха-ойраттар арасында соғыс дүмпулерінің болғандығын дəлелдейді. Өкінішке орай, деректер осы оқиғаны егжей-тегжейлі баяндамайды. Тек соғыстың 1608 жылдың күзінде басталғандығы, ойраттардың жеңгендігі, олардың Алтын ханды қуғандығы белгілі [8; 32]. Бұл соғыстарға көптеген ойрат билеуші топ өкілдері қатысты, солардың қатарында Тара ауданына қоныстанып, дэрбэт маңына шоғырланғандар да болды. Ойраттарға қарсы соғысқа қазақ хандары мен сұлтандары қатысты. Бірақ ойрат князьдарының бірлігі ұзаққа бармады, көп ұзамай өзара күреске көшті. 1609 ж. наурызында Тарадан ойрат билеушілеріне П.Голубин бастаған елшілер жіберілді. Елшілер шілде айында Тараға оралып, қалмақ тайшаларының  бірге  көшіп, қонатынын жəне оларды Узеней тайшаның Абай атты жесірі басқаратынын, онымен бірге Кошевчей тайша қоса басқаратынын айтты [9; 91]. Орыс елшілерінің қатысуымен осы топқа кіретін билеуші князьдардың чулганы өтті, оны Абай мен Кошевчей басқарды. Жиналғандар орыс жағының ойраттардың патшаның қол астына кіріп, адал болуға ант беру туралы, келісімге отырып, үнемі жасақ төлеп тұрулары жəне басшы тайшалардың Тара қаласына келуі туралы ұсыныстарын талқыға салды. Бірақ бұл ұсыныстар қабылданбады, себебі: «Ныне в Казачье орды промеж себя люди секутца» деп деректерде көрсетілген [8; 38]. Ойрат билеушілері өз тараптарынан Тара қолбасшының өзінің Ертіс бастауына келуін ұсынды, өзімен бірге саудагерлерді ала келуін сұрады. Орыс жағының Барабинск жəне басқа да болыстар тұрғындарына тиіспеу, ал егер арыздары болатын болса, Тара билеушілерінің қарауына əкелу туралы ұсынысына Абай былай жауап берді: «Посылать де о управе на тех татар к воеводам на Тару не хотят, управятца и сами» [8; 38–39].

Бұлардың бəрі ойрат феодалдарының халхалық Алтын хан мен қазақ билеушілерінен соғыста жеңіске жетуіне байланысты позицияларының бекінгенін білдіреді. Жағдайлардың өзгеруі ойрат билеушілері мен Ресей қатынасына да əсер етті. Олар енді орыс патшасынан өздерін жаудан қорғауды, қоныс аударуға рұқсат беруді өтінбейді, өздерінің адалдықтарына ант бермейді, жасақ төлемейді.

Ойрат князьдарының осы тобының ішінде болған өзгерістер де назар аударарлық, бұрын ол топты Далай басқарған, енді Узеней жесірі мен Кошевчей басқарады, Далай тіпті Голубин елшілігінің материалдарында еске де алынбайды, бұрын Хо-Урлюк жеке көшіп жүрген, енді ол басқалармен бірге орыс елшілері топқа кірген билеушілер арасындағы бірлік пен келісімшілікке назар аударды, ол қазақтарға қарсы жаңа шабуылдардың дайындығынан жəне жеңіске деген ұмтылыстан туындады [8; 41].

Орыс жəне шетел əдебиетінде бірнеше жылдар бойы ойраттардың негізгі массасынан Хо-Урлюк торғауыттарының қашан бөлініп, Еділге қоныс аударуы қашан басталғаны туралы мəліметтер талданады [10]. Габан-Шараб пен Батыр- Убаши-Тюменнің «Сказание» еңбектерін И.Я.Златкин талдай келе торғауыттардың бөлініп кету уақытын көрсетеді: «В году земли-дракона (1628 ж.) было сообщено (торғауыттар) дурбэн-ойратским нойонам об их намерении отделиться. В следующем году земли-змеи (1629 ж.) отделились» деген [9; 127]. Содан кейін «халимак» (қалмақтар) деген атқа ие болғанын, 1627 жылы Ойрат одағының ыдырағанын: қалмақтардың асығыс батысқа, хошоуттар — Тибетке, зюнгарлар (яғни чоростар) Зюнгар нутугында (яғни Жоңғарияда) қалғандығын айтады [9; 96]. Сонымен, екі автор да торғауыттардың ойрат қоғамынан бөлінуі 1627–1628 жылдарда болғандығын мəлімдейді. Габан-Шараб торғауыт нояндардың бірі болған жəне өзінің «Сказаниесін» торғауыттар Еділге келгеннен кейін 100 жыл өткен соң жазған. Батыр-Убаши-Тюмен хошоут нояндарының бірі болған, олардың ата-бабалары дэрбэттермен де, чоростармен де туыстық байланыста болған. Осының бəрі екі «Сказаниенің» авторларының хабарламаларына сеніммен қарауға негіз болады [8; 97].

Орыс деректері де Габан-Шараб пен Батыр-Убаши-Тюменнің айтқандарын дəлелдейді. 1630 жылдың сəуірінде Мəскеуде Далай тайшаның елшілері қабылданды, олар өз тайшаларының Қарақұмда көшіп жүргенін айтқан [8; 150]. Осы жылдары Далай мен Хо-Урлюк-Чохур-Мерген-Түмен тобы арасында əскери қақтығыстар болған. Мəскеуге келген Далай елшілерінің айтуынша, Чохур мен Мерген-Тюмен Далайдың жаулары болатын. Олардың арасындағы жауласу тек əскери қақтығыстар кезінде ғана емес, олар бір-біріне орыс билеушілерін қарсы қоюға тырысты, орыс елді мекендеріне жасалған шабуылдар үшін бірін-бірі кінəлады [8; 154, 172]. Далай мен Хо-Урлюк топтарының бөліну жағдайлары, жауласудың себептері туралы ештеңе білмейміз. Бірақ Габан-Шарабтың айтқандарына назар аудармасқа болмайды. Оның айтуынша, торғауыт билеушілері «дурбан-ойраттарға» (басты ойрат билеушілері) өздерінің бөлінетіндігін ескерткен, содан кейін ғана Еділге кеткен [8; 125]. Бұл факт мынаны дəлелдейді: үздіксіз қақтығыстарға, өшпенділікке, ішкі соғыстарға қарамастан, ойрат билеушілері жалпыойраттық маңызды мəселелерге келгенде өздерінің өзара байланыстарын сезінді, жеке қимылдамай, хандар мен князьдарға қарсы келмеуге ұмтылды. «Дурбан-ойраттардың» Хо- Урлюкке бөлінуіне келісім берген, бермегені белгісіз, алайда Хо-Урлюктің ұлдарымен бірге 1640 жылы жалпымонғол съезіне қатысқаны келтірілген қорытындыларды дəлелдейді [11]. 16

ғ. ІІ жартысында орыс тарихи құжаттарында алғаш рет ойраттарға қатысты «қалмақ» сөзі кездесе бастайды. «Сібір жылнамасында» мынадай мəлімет келтірілген: «...бухарцы и калмыки, и казанские орды и иных земель с какими товары, и у них торговати повольно бесошлинно» [4; 120]. Бұл құжат 1574 ж. 30 мамырымен белгіленген. Кейінірек орыс құжаттарында қалмақ туралы хабарламалар жиі кездесе бастайды. 1591 ж. қалмақтар жөнінде көп кездеседі. Сондай мəліметтің бірі: «Утече на калмыцкий рубеж, на вершины рек Ишима и Нор-Ишима... похитил у калмыков коней многое число» [4; 126]. Бұдан байқайтынымыз, XVI ғ. 90 ж. ойраттардың көші Ертістің жоғарғы жəне Ом өзеніне дейін жеткен. 1605 ж. өзінде қалмақтар Тара қаласының төңірегінде көшіп-қонып жүріп Сібір тұрғындарымен байланысқа түскен. 1608–1609 жж. қалмақ елшілері Мəскеу қаласында Василий Шуйский патшаның қабылдауында болған [4; 74,75].

Жоғарыда келтірілген деректер негізінде ойраттарға қатысты «қалмақ» терминінің орыс деректерінде XVI ғ. ІІ жартысында орыс деректерде бекітілді деп қорытынды жасау жеткілікті. Тек басы ашылмаған мəселе бұл атау барлық ойраттарға қатысты қолданылды ма, əлде тек Ресейге бағынышты Сібір территориядағы көшіп-қонушыларға ғана ма? 1630 ж. Габан-Шарабтың дерегі бойынша, ойраттардың кейбір бөлігі Орал жəне Еділ бойындағы татарларды ығыстырып қоныстанған.

17 ғ. 60-жылдарына қарай ойрат-қалмақтар түркі тілдес тайпалар қоныстанған Орал жəне Дон аралығын мекендеді. Олардың солтүстігіндегі көші Волгоград облысының, оңтүстігінде — Кума өзеніне дейін жетті. Аталмыш территорияда жоңғарлық ойраттардан шыққан этникалық топ — қалмақ халқы құрылды [4; 126]. Сонымен Төменгі Еділ жəне Алдыңғы Кавказ даласында Қалмақ хандығының өмір сүру кезеңінде (XVII ғ. 50-жж. – 1771 ж.) осы жерге қоныс аударған ойраттардан монғолдар мен буряттарға туыс, өзіндік өмір сүру салты мен территориясы, тілі бар қалмақ халқы қалыптасты.

«Қалмақ» этнонимінің шығу тегі мəселесін анықтауға бағытталған зерттеу  жұмыстарын көптеген ғалымдар жүргізген. Алғашқылардың бірі болып бұл мəселеге П.С.Паллас көңіл аударды. П.С.Паллас: «Элеты именно та ветвь монгольского народа, которая известна в Западной Азии и Европе под именем калмыков... оставшиеся на родине элеты получили от своих соседей татар прозвище «калмык», т.е. оставшийся позади» [12]. Бұл пікірді «қалмақ» этнонимінің өз жерлерінде қалған ойраттарға қатысты қолданылмағыны туралы дəйек жоққа шығарады. Оларды бұрынғыша дэрбэттер, торғауыттар, элеттер, жоңғарлар жəне т.б. атай берген. Қалмақ фольклорын зерттеуші Б.Бергманның түсініктемесі бойынша, татарлар мен монғолдар бір дінді ұстанған (яғни, шаманизм). Монғолдар буддизмді қабылдағанда, оларды қалмақтар — отступники деп атаған. Ал буддизмді қабылдамағандарды қалмақтар деп атамаған [13]. Белгілі француз монғолтанушысы А.Ремюза қалмақтар деп алға қарай кеткендерді, яғни «артта қалмағандарды», атаған деген қорытынды жасайды [14].

А.Позднеев «қалмақ» атауы татардың «қалмақ» (калмык) — бөлінгендер, қалып қойғандар (отделившийся, оставший) деп көрсетеді. Бұл атаумен Ресей империясының бір бөлігінде, Еділ мен Дон аралығындағы Қалмақ даласындағы, Алтайдағы монғолдардың батыс тармағын атайды [15]. В.В.Бартольд қалмақ сөзі қалу етістігінен шығады жəне исламға «қайтып оралған» (донмек етістігі) дүнгендерге қарсы пұтқа табынушылар қатарында «қалғандар», яғни, ойраттарға қатысты қолданылады деп тұжырымдайды [16; 538]. Аталмыш мəселені зерттеушілердің бірі Ц.Д.Номиханов В.В.Бартольдтың пікірін ең дұрысы деп санап: «Қалмақ» сөзі Шығыс Түркістан халықтарының арасында ислам дінінің таралуымен байланысты пайда болды жəне ислам дінін қабылдамаған ойрат- монғолдарды осылай атаған деген қорытынды шығарады [17]. Қ.Халид те осындай дерек келтіреді:

«Шыңғыс алты шаһардан бастап Бағдад, Шам, Халаб, одан солтүстікте Орал, Дешті-Қыпшақ, Мауареннаһр, Монғолстанның солтүстік аймақтарын жəне Амур уялаятында тұрған татарларды өзіне қаратты. Соңынан мұның көбі мұсылман болғанда татар руының біразы өз дінінде қалып, шығысқа қарай ығысқан. Осы себепті оларға «қалмақ» аты қойылған деушілер де бар. Өйткені əдепкіде ешкім дінге зорламай еркіне қойып, ай өткен соң жиналып қалай болды дегенде: біз өз дінімізде қалмақ болдық деген. Қазақ та, қалмақ та бұл оқиғаны жақсы біледі» [18] деп, тарихи оқиғаның барысынан үзінді береді.

Жоғарыда келтірілген «қалмақ» атауының шығу тегі мəселесі бойынша тұжырымдар  əлі де болса гипотеза түрінде берілген. Барлық авторлар тек «қалмақ» сөзінің аудармасын берумен ғана шектелген, бірақ əр түрлі аударады: бірі «қалу» (оставаться) десе, кейбірі «бөліну» (отделиться). Сонымен қатар «ойраттардың шапшаң, қозғалмалы өмір сүруімен, көптеген жауларымен шайқастарда жылдам атты əскердің қозғалысымен» байланысты «хальмаг» атауы айтылады [4; 127]. Бірақ  бұл  халықтың   этнонимді  мобильді  өмір  сүру   тəсіліне  байланысты  қабылдағаны    туралы дəйектер жоқ. Жиірек этноним халыққа көршілері берген атаудан қалыптасады. Л.-Г.Морган: «Имя того или иного индейского народа обыкновенно узнавали не непосредственно от него самого, а от других племен, которые давали ему имя иное, чем собственное. В результате значительное число племен стало известно под именами, которые они сами не признают» деп  тұжырымдайды [19]. Кейбір жағдайларда рудың немесе тайпаның атауы олардың тотемі болып табылады. Чонос, керяд жəне т.б. калмақтық этнонимдердің тотемге байланысты аталуы мүмкін. Сонымен қатар ру басшысының есімі де оның ұрпақтарының атауына айналуы жағдайы да орын алады.  Мысалға, кейбір зерттеушілер өзбек этнонимін Алтын Орда билеушісі — Өзбек хан атауынан шығарады. Ноғайлықтардың атауы олардың ханы Ноғайдан бастау алады.

Хальмаг атауын «хольмг» — аралас (смешанный) сөзімен байланыстыру мəселесі де ұсынылған. Бұл лингвистикалық жағынан дұрыс емес. Хольмг жəне хальмаг — əр түрлі сөздер, шығу тегі бойынша хольмг сөзіндегі «о» хальмаг сөзіндегі «а» əріпіне ауыса алмайды, себебі қалмақ сөзінің түбірі түркітілді қал — қалу, орнында қалу, соңында қалу; -мг- — жұрнағы түрік-монғол тілдеріне қатысты [20].

В.В.Бартольд «қалмақ» сөзі, мұсылман деректері бойынша, географиялық термин ретінде XV ғ. дейін пайда болған деген мəлімет береді [16; 538].

Мына деректі де атап өткен жөн, VIII ғ. ортасына сəйкес келетін Ұйғыр қағанының құлпытасының өзінде «қалмысы», яғни, «қалып қойғандар» деген мағынаны білдіретін сөз кездеседі [21]. «Қалмақ» жəне «қалмысы» сөздері мазмұны, үлгісі бойынша ұқсас, бірақ бұл терминдердің ойраттарға жəне қалмақтарға да еш қатысы жоқ.

«Қалмақ» атауын Төменгі Еділ мен Алдыңғы Кавказ жеріне қоныс аударған ойраттарға көршілері түркітілдес халықтар берген. Г.-Ф.Миллер «қалмақтар» (калмыки) — татар сөзі, татарша қалмақ» (калмак) деп айтылады жəне Еділден Обьқа дейінгі аралықта өмір сүретін татарлар арасында   ғана   қолданылады,   ал   сагайлық   жəне   Краснояр,   Кузнецк   татарлары    қалмақтарды «уйряттар», яғни ойраттар, атауын қолданған деп қорытынды жасайды [22]. Г.-Ф.Миллердің пікірі орыс мұрағат құжаттарымен дəлелденген. XVI ғ. ІІ жартысынан бастап Ресейге бағынышты жерлердегі көшіп жүрген ойраттар өзгеріссіз қалмақтар, Жоңғария жеріндегі ойраттар жоңғарлар деген атаумен аталынды [4; 179].

Сонымен, XVI ғ. аяғы – XVII ғ. басында орыс тарихи құжаттарына енген «қалмақ» термині біртіндеп Төменгі Еділ бойында құрылған этникалық топ — қалмақ халқын құраған ойраттарға қатысты атау болып қалыптасты. Бұл бұрынғы батыс ойраттардың рулық-тайпалық бөлінуі ұмытыла бастаған кезде болды. Əрине, жаңа этноним ондаған жылдың ішінде бекітіле қойған жоқ, оның халық санасына еніп, бекуі ұзақ уақытты қажет етті. Төменгі Еділ жəне Каспий бойында қалмақ халқының қалыптасу үрдісі екі ғасырға созылды (XVI ғ. аяғы – XVIII ғ. ортасы).

Қалмақ хандығының құрылуы қалмақ халқының өзіндік санасының дамуы мен бекуіне ықпалын жасады. «Ойрат» атауы түркі тілдес көршілері берген «қалмақ» атауымен біржолата ығыстырылды.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Козин С.А. Сокровенное сказание. — М.: Наука, 1941. — 611 с.
  2. Рашид ад-дин. Сборник летописей. — М.: Наука,
  3. История Монгольской Народной Республики. — М.: Наука, 1967. — С. 159–161.
  4. Эрдниев У.Э. Калмыки: ист.-этногр. очерки. — Элиста: Калм. кн. изд-во, 1980. — 284 с.
  5. Эрдниев У.Э. Культура и быт калмыков. — Элиста: Калм. кн. изд-во, 1977. — С.
  6. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. — СПб.: Типогр. воен.- учеб. заведений, 1851. — 485 с.
  7. Рыбаков Б.А. Древние русы. — М.: Наука, 1987. — С.
  8. Материалы по истории русско-монгольских отношений: Сб. док. — М.: Наука, 1959. — 362 с.
  9. Златкин И.Я. История Джунгарского ханства. — М.: Наука, 1864. — 482 с.
  10. Кундакбаева Ж.Б. Вопрос о перекочевке калмыков на Волгу в XVII в. в русской истографии конца XVIII – начала ХХ вв. // Вестник КазНУ. — Сер. История. — 2002. — № 1. — С. 33–35.
  11. Гуревич Б.П. Международные отношения в Центральной Азии в XVII–XVIII вв.: Документы и материалы. — М.: Наука, 1989. — С.
  12. Паллас П.С. Собрание исторических известий о монгольских народах. — СПб.: Изд-во АН, 1776. — С.
  13. Султанов Т. Кочевые племена Приаралья в XV–XVII вв. (вопросы этнической и социальной истории). — М.: Наука, 1982. — С.
  14. Смирнов П. Путевые записи по Калмыцким степям Астраханской губернии. — Элиста: Калм. кн. изд-во, — С. 245.
  15. Бичурин Н.Я. Историческое обозрение ойратов, или калмыков, с XV в. до нашего времени. — Элиста, 1991. — С.
  16. Бартольд В.В. Сочинения. — Т. 1. — М.: Наука, 1968. — 620 с.
  17. Илюмжинов К.Н. Калмыкия на рубеже веков. — М.: ЗелО, 1987. — С. 99–103.
  18. Халид Қ. Тауарих хамса. (Бес тарих). — Алматы: Қазақстан, 1992. — 116-б.
  19. Морган Л.-Г. Древнее общество. — Л.: Наука, 1934. — С.
  20. Древнетюркский словарь. — Л.: Наука, 1969. — С.
  21. Тихонов Д.И. Хозяйство и общественный строй уйгурского государства X и XIV вв. — М.: Наука, 1937. — С.
  22. Миллер Г.-Ф. История Сибири. — СПб.: Импер. акад. наук, 1750. — С.179

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.