Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық құқық институтындағы себепті байланыстың ерекшелігі

Қоғамға қауіпті іс-əрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын объективті түрде жалғастыратын себепті байланыс болады. Бұл материалдық құрамға жататын қылмыстардың объективті жағының міндетті белгісі болып табылады.

Қылмыстық құқық принципі бойынша қоғамға қауіпті іс-əрекеттен туындаған зардап үшін адам оның əрекеті немесе əрекетсіздігі сол зардаппен себепті байланыс болғанда ғана оған жауаптылық жүктеледі. Қылмыстық құқықта себепті байланысты дұрыс анықтау үшін бірнеше критерийлерді пайдаланады. Оның ең біріншісі мезгіл (уақыт) жөнінен. Белгілі бір нақты қылмыс істегені үшін адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ең алдымен осы қылмыстың объективтік жағын құрайтын іс-əрекет мезгіл жөнінен қоғамға зиянды зардаптың алдын алу қажет.

Себепті байланыстың тағы бір белгісі — істелген іс-əрекеттің нəтижесі ретінде заңда көрсетілген қылмысты зардаптың нақты орын алуы. Сол зардапты туғызуға нақты мүмкіндік жасаған жағдайда ғана адамның əрекеті зардаптың себебі болып табылады. Мұндай жағдайға кінəлі түрде іс-əрекет жатады.

Істелген іс-əрекетті орын алған қоғамға зиянды зардаптың себебі деп тану үшін, қылмыстың осы зардабы тек қана осы іс-əрекеттің (басқаның емес) тікелей нəтижесі болуы қажет. Өйткені кез келген іс-əрекет зардаптың орын алу шарты болғанмен, оның себебі болып танылмауы мүмкін. Осыдан кейін іс-əрекетті зиянды қауіпті зардаптың тікелей себепші деп табу үшін себепті байланысты белгілейтін тағы бір белгіні, шарасыздық белгісін — яғни, орын алған зардап істелген іс-əрекеттің қажетті, сөзсіз нəтижесі болуы керек деген тұжырымға келеміз [1].

Қылмыстық құқықтағы іс-əрекет пен одан туындаған зардаптың арасын объективті түрде байланыстыратын себепті байланыс. Себепті байланыс философиялық санат болып табылады. Ол «себеп» жəне «байланыс» деген екі ұғымның бірлігін құрайды. Себепті байланыс себеп жəне əрекеттің байланысы, себептен əрекетке ауысу болып табылады. Себеп болмаса, салдар да болмайды.

«Себеп» латын тілінің «causa» деген сөзінен шыққан. Алғашқы сатысында себеп бір нəрсе жасайтын немесе тудыратын зат есебінде түсіндіріледі. «Себеп» ұғымын осылай түсіну «күш» деген ұғымның пайда болуына түрткі болды. Күш дегеніміз — өз əрекетінің нəтижесінде өзгеріс жасайтын заттың қабілеті. Əрекет етуші себеп, өзгеріс арқылы салдар туғызады. Себеп жəне салдар арасындағы өзара байланыс себепті байланыс деп аталады.

Байланыс дегеніміз — кеңістік пен (немесе) уақытта бөлініп құбылыстардың өзара келісімімен өмір  сүруі.  Байланыс  —  ғылыми  ұғымдардың  ішіндегі  маңызды  ұғымдардың  бірі.  Тұрақты   да, қажетті байланыстарды табу арқылы адамның танымы басталады, ал ғылым негізінде, себеп жəне салдардың байланысын талдау жатыр. ХХ ғасырға дейін философия ғылымында жеке «байланыс» ұғымының өзі қарастырылмады, талқыға түсіп барлығының назарында болған жалпы өзара байланыс қағидасы. Ал ғылымда байланыстың шектелген ғана үлгісі болады, мысалы: ішкі жəне сыртқы, қажетті жəне кездейсоқ, маңызды жəне маңызды емес. ХХ ғасырда ғылымның дамуына байланысты аталған ұғымның үлгісі де кеңейіп, көпшіліктің зерттеу пəніне айналды. «Байланыс» ұғымының саралануы көбейе түсті. Философиялық тұрғыдан байланыстың, материаның қозғалыс нысаны бойынша саралануы маңызды болып табылады. Байланыстың басқа да бөлінуі бар. Мəселен, күш бойынша, яғни бір құбылыстың қатаң түрде басқа құбылыстармен (дене мүшесімен) байланысуы; байланыстан кейін туындайтын нəтиженің сипаты бойынша, яғни бір құбылыс, екінші құбылыстың себебі ретінде орын алуы; əрекеттің бағыты бойынша (тіке жəне кері байланыс) жəне тағы басқа түрлері бар.

«Себептілік» ұғымын нақтылап, оны қажеттіліктен ажыратуға тырысқан Аристотель болды.   Ол «Метафизикада» себептің төрт түрін саралап, көрсетеді: нысан ретіндегі себеп, əрекет етуші себеп, материалдық себеп, бүтін себеп. Осы саралаудың түбінде жатқан нəрсе, себеп-салдар байланысының сан-алуан түрлігі. Философияда «себептілік» ұғымы туралы екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Олардың бірі негізгі себептілік сипаттамасының (генетикалық жəне уақытша асимметрия, бір мағыналы байланыс жəне т.б.) сақталуын талап етсе, екінші көзқарас «себептілік» ұғымын физиканың жаңа жетістіктерін есепке ала отырып, батыл қайта құруды ұсынады.

Қазіргі ғылымда себептілік туралы түсінік философиялық себептілік қағидасы ретінде анықталған. Оның мазмұнына себепті байланыстың жалпылығы жəне объективтілігі, сонымен қатар қажеттілік сипаты кіреді.

Мəн мен құбылыстың арақатынасының дамуына олардың тағы да бір кезеңі —  себептілік, немесе себептілік қатынастар. Себеп пен салдар осы себептілік қатынастың ажырамас бірлікте тұрған өзара байланыстың екі жағы. Басқа қатынастар сияқты себеп пен салдардың сыртқы көрінуі мен ішкі мəнінің бір-бірінен айырмашылықтары бар.

Əлемдік құбылыстар мен процестердегі шытырман, қат-қабат қарым-қатынастардың ішінен біз екі немесе бірнеше өзара байланыстағы құбылыстарды бөліп, оқшау қараймыз да  олардың бірін себеп, екіншілерін салдар дейміз. Яғни себептілік əлемдегі сан-алуан байланыстардың бір өткінші кезеңі. Басқаша айтқанда, себептілік деп құбылыстардың, заттардың немесе оларды жақтарының ішкі байланысын, олардың өзара бір-біріне əсер ету негізінде тиісті өзгеріс тудыруын айтамыз. Мəселен, сүтті тиісті дəрежеге дейін қозғай берсек, ол қаймаққа айналады.

Себеп дегеніміз — екі немесе бірнеше құбылыстардың, заттардың, олардың ішкі жақтарының өзара байланысқа түсіп, бір-біріне əсер ету барысында ол құбылыстар мен заттарда, олардың жақтарында тиісті өзгерістер туғызуы. Ал салдар дегеніміз — өзара əсер ету нəтижесінде құбылыстарда, заттар мен олардың ішкі жақтарында пайда болған өзгерістер. Жалпы алғанда дүниеде себепсіз ештеңе жоқ. Себептілік бұл əлем құбылыстарына тəн жалпылама қасиет. Себептілік жəне салдар бірін-бірі тудыратын құбылыстардың генетикалық байланыстарын белгілейтін ұғым.

Қазіргі философия, себеп заңдылығын адамның тəжірибелік қызметі жолымен дəлелдеуге мүмкіндігі бар деген қорытытындыға келеді. Дəлелдегенде құбылыстардың жай ғана кезектесуі емес, оның қажетті кезектесуі. Егер адам құбылысты кезектестіруді жасанды істесе, соны істей алса, оның өзі себепті байланыстың бар екендігінің дəлелі.

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы «себепті байланыс» ұғымын қолдана отырып, бұл ұғымның анықтамасын қылмыстық заңда бекітпеген. «Себепті байланыс» ұғымын философия ғылымы өз заңдылығына сүйене отырып қалай түсіндірсе, Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы жəне сот тəжірибесі бұл ұғымды солай пайдаланады, яғни, біздің ойымызша, қылмыстық құқықта себепті байланыстың философиялық ұғымы қылмыстық құқық үшін  жарамсыз болғандықтан, қылмыстық құқық өз шеңберінде себепті байланыстың ұғымын қалыптастыру керек деген көзқарастар да жоқ емес. Мысалы, Л.Трегердің айтуынша: «...Философия құқықтағы себепті байланыс мəселесін шеше алмайды. Оның құқық аясынан бөлек өзінің шешетін міндеттері бар». Сонымен қатар «қылмыстық құқық адамның іс-əрекеті мен одан пайда болған өзгерістің арасындағы себепті байланыс туралы мəселемен айналыса алмайды, өйткені себепті байланыс табиғи заңдылық шеңберінде  қарастырылуы  қажет;  сол  себепті  қылмыстық  құқықтағы  «себепті  байланыс» ұғымы теологиялық байланыс» ұғымына алмастырылу қажет» дейді В.Зауер. Əрине, бұл көзқарастармен келісуге болмайды. Қылмыстық құқық басқа ғылымдармен байланыспай, жеке алғанда барлық ғылымдарға ортақ философияның негізгі қағидаларын ескермей, түптамыры философиядан шығатын санаттардың, қылмыстық құқықта ғылыми тұжырымдарын жасай алмайды. Сондықтан  да қылмыстық құқық өз аясында философия ғылымынан бөлек «себепті байланыс» ұғымын қалыптастыру ойға сыймайтын нəрсе.

Қылмыстық құқық теориясындағы «себепті байланыс» аса күрделі мəселелердің бірі болып табылады. Орын алған қоғамға қауіпті іс-əрекет (əрекет немесе əрекетсіздік) пен одан туындаған зардаптың арасында себепті байланыс болмаса, қылмыстық жауаптылықтың объективтік негізі де жоққа шығады. Сондықтан да қылмыстық жауаптылыққа тартудың негізгі шарты қылмыстық іс- əрекетпен одан пайда болатын қоғамды қауіпті салдардың арасында себепті байланысты анықтау болып табылады.

Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс мəселесін зерттегенде еске сақтайтын бір  жай, адамның əрекеті мен одан туындайтын қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы себепті байланысты ғана анықтау қылмыстық жауаптылық мəселесін шешпейді. Қылмыстық жауаптылық үшін іс- əрекеттің объективті қоғамға қауіптілігін жəне адамның кінəлігін анықтау қажет. Себепті байланыс жауаптылықтың объективті шегін ғана анықтайды. Адамның əрекеті зардаптың пайда болуына жағдай жасамаса, іс-əрекеттің қоғамға қауіптілігі жəне адамның кінəлігі туралы айтуға болмайды.

Теория мен тəжірибенің үздіксіз байланысы болашақта себепті байланыс мəселесін заңдастыруға мүмкіндік бере алады. Қоғамға қауіпті іс-əрекет мезгілі жағынан зардапқа себепші  болып, оның пайда болуына нақтылы мүмкіндік жасаса, ал зардап істеген іс-əрекеттің қажетті нəтижесі негізінде пайда болғанда себепті байланыс орын алады. Қорыта келгенде, біздің ойымызша, келесі қорытындыларды жасауға болады:

«Себепті байланыс» ұғымы туралы көптеген көзқарастарға талдау жасау арқылы, себепті байланыс — ең алдымен философиялық, одан кейін қылмыстық құқықтағы заң санатына айналатынын негіздеу. Себепті байланысты анықтау тиісті белгілерге сəйкес жүргізілу қажеттілігін дəлелдеу [2].

Бірінші белгісі бойынша себепті байланысты дұрыс анықтау үшін міндетті түрде уақыт кезектілігі қажет. Қоғамға қауіпті іс-əрекет пен одан туындаған зардап белгі бір мезгілдік жүйелікте болуы керек. Себепті байланыс орын алатын бастапқы кезең, яғни іс-əрекет мезгілі, жөнінен қылмыстық нəтиженің алдын алуы тиіс. Егер де уақыт кезектілігі орын алмайтын болса, онда себепті байланысты анықтаудың қажеттілігі болмайды. Өйткені себепті байланыс тиісті мезгілдік жүйелікте болатын екі кезеңнің арасында ғана анықталуға жатады.

Себепті байланыстың келесі белгісі — ол шарасыздық, яғни зардап басқа іс-əрекеттен емес, нақтылы қылмыскермен істелінген іс-əрекет нəтижесінде орындалуы қажет. Аталған белгі екінші белгімен тығыз байланысты. Сондықтан да құқық қорғау қызметкерлері қылмыстық іс-əрекет нəтижесінде қоғамға қауіпті зардаптың пайда болуына нақтылы мүмкіндік туатынын біліп, содан барып жасалған іс-əрекеттен зардап шарасыздықтан орын алатынын анықтауға болады.

Қылмыстық құқықтағы себепті байланысты зерттеу барысында кейбір авторлардың себепті байланыстың бірнеше нысандарын ажыратып жəне сол нысандарды əр түрлі негіздер бойынша сараланғанын көруге болады. Мысалы, М.Д.Лысовтың ойынша, қажетті зиян тигізу теориясы жеткілікті деңгейде сот тəжірибесінің сұранысын қанағаттандыра алмайды, əсіресе ол жанама зиянды салдарды тигізген уақытта айқын көрініс табады. М.Д.Лысовтың тармақталған себепті байланысқа қатысты анықтамасын талдайтын болсақ: «...дамып келе жатқан себептілік қатарының шекарасынан тыс шығып, істелінген əрекеттің өзінен емес, оған қатысы жоқ жеке əрекеттен шығып, онымен параллельді себепті-салдар байланысының қатарын құрайды» [3].

Себепті байланысты анықтау үшін себепті байланыс пайда болатын бастапқы жəне соңғы шекті білу қажет. Бұл мəселені шешу үшін Т.В.Церетели, В.Н.Кудрявцев сияқты заңгерлер қылмыстық құқық аясында жасанды оқшаулау қағидасын қолдануды ұсынады.

Адамның іс-əрекеті қажетті шарт болғанда ғана себепті байланыс орын алады.

Себепті  байланыс  қылмыстық  құқықтағы  «əрекетсіздік»,  «қылмыстардың  көптігі»,      «кінə», «қылмысқа дайындалу» жəне «қылмыс жасауға оқталу», «қылмысқа қатысу» жəне «қатысушылардың түрлері мен нысандары» сияқты ұғымдардың қалыптасуына негіз болып табылады.

Себепті байланысты анықтау қоғамдық қауіпті əрекет жасағанда ғана емес, қоғамдық қауіпті əрекетсіздік жағдайында да қажет. Адам əрекеті секілді, қоғамға қауіпті əрекетсіздік те айналадағы дүниеге белгілі бір өзгерістерді əкеледі. Əрекетсіздік мінез-құлықтың енжар нысаны  болып табылады. Қылмыстық-құқықтық мағынада алғанда əрекетсіздік дегеніміз — əрқашанда адамның өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы. Адамға белсенді қимылдау, белгілі бір əрекеттер жасау міндеті жүктеліп, ол оны орындамаған жағдайда соның салдарынан қоғамға қауіпті зардап  туындаса ғана адамның əрекетсіздігі мен туындаған салдардың арасында себепті байланыс бар деуге болады. Адамда осындай міндет болмаса, оның əрекетсіздігімен туындаған салдар арасында себепті байланыс туралы мəселе жайына қалады.

Қылмыстық құқық əдебиеттерінде əрекетсіздік кезіндегі себепті байланыс мəселесі əр уақытта біржақты шешілмеген. Бірқатар ғалымдар əрекетсіздік кезіндегі зиян тигізуді айтып, себепті байланыстың орын алмауын мойындаса, кейбір авторлар əрекетсіздік кезіндегі зиян тигізудің болмайтынын айтып, себепті байланысты жоққа шығарады. Əрекетсіздік ешқандай нəтиже əкелмегендіктен, олар оны екінші сатыға ығыстырады.

Қылмыстық құқықта «əрекет» жəне «əрекетсіздік» ұғымдарын ажырату қажет. Қоғамға қауіпті əрекет сияқты əркетсіздікте қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға  зиян тигізеді. Біреуінің зардап салмағы екіншісінен көп немесе аз деп айтуға болмайды. Əрекетсіздік пен одан туындайтын қылмыстық нəтиженің арасында міндетті түрде себепті байланыс орын алады деген тұжырым жасауға болады.

Қылмыстардың көптілігін анықтаған кезде, себепті байланыстың ерекше маңызы бар. Бұл ерекшелік себепті байланыстың міндетті орын алуынан көрініс табады. Бір адамның жасаған жеке қылмысында себепті байланысты бекіту жəне бір адаммен жасалатын бірнеше қылмыстардағы себепті байланысты анықтау қылмыстарды, біріншіден, жеке, екіншіден, көптік деп ажыратуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл ажырату қылмыстық жауаптылық мəселесін, жаза мөлшерін шешуге бірден-бір негіз болып табылады. Аталған үш нысанды жеке қылмыстардан ажырата білу қажет. Қылмыстардың көптігі мен жеке қылмыстарды ажырату құқық қорғау органдарында, жеке алғанда тергеу, сот қызметінде аса маңызды роль атқарады. Қылмыстардың көптігі мен жеке қылмыстарды ажыратып, қылмыстық жауаптылық мəселесін шешкенде себепті байланыстың алатын орны үлкен.

Жеке жəне көптік қылмыстарда себепті байланыс қандай ретпен орын алады? Екі жағдайдағы себепті байланысты қалай анықтау қажет? Осы сұрақтарға жауап бермес үшін, жеке жəне көптік қылмыстардың айырмашылығын білу қажет. Жеке қылмыстармен қылмыстардың көптігін ажырату, тергеу, сот қызметінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір жағдайларда оны ажырату белгілі бір тұрғыдан қиындықтар туғызады. Айтылған қиындықтың орын алуы заңды нəрсе, өйткені кейбір жеке қылмыстар мазмұны жағынан күрделі болып, бірнеше іс-əрекеттен құралғандықтан, көптік қылмыстарға ұқсас келеді.

Жеке қылмыстар деп, қылмыстық заңда көрсетілген бір қылмыс белгілері бар қоғамға қауіпті іс- əрекетті айтамыз. Жеке қылмыстар заңдылық құрылымына байланысты жай жəне күрделі болып екіге бөлінеді. Жеке жай құрамдағы қылмыстар бір объектіге, бір əрекет арқылы кінəнің бір нысанымен зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады.

Күрделі жеке құрамдағы қылмыстар қылмыстық заңға сəйкес: жалғасқан қылмыс, созылмалы қылмыс, күрделі құрамды қылмыс, балама іс-əрекетті қылмыс жəне қосымша ауыр зардаптың болуымен сипатталатын қылмыс деп бірнеше түрлерге бөлінеді.

Жалғасқан қылмыс дегеніміз — ортақ мақсатқа жетуге бағытталған ұқсас қылмысты əрекеттерден құралған, жиынтығында бір қылмыс болып табылатын қылмыстар.

Созылмалы қылмыс деп кінəлінің өзіне қылмыстық заң жазамен қорқытып жүктеген міндеттемелерін ұзақ мерзімге орындамай əрекет немесе əрекетсіздік арқылы белгілі бір қылмыс құрамын үзіліссіз, белгілі бір уақыт аралығында істеуін айтамыз.

Күрделі құрам деп екі немесе одан да көп іс-əрекеттерден құралатын, оның əрқайсысының бірінен-бірін бөліп қарағанда жай түрдегі қылмыс құрамына жататын, бірақ ішкі бірлігі бойынша бірқылмысты құрайтын қылмыстардың жиынтығын айтамыз.

Ауыр зардаптың болуымен сипатталатын қылмыстар, екі жеке іс-əрекеттерден құралғанымен, ішкі өзара байланыс нəтижесінде бір қылмысты құрайды. Жеке қылмыстардағы себепті байланысты шартты түрде «жеке себепті байланыс» деп атауға болады. Қылмыстың бірнеше мəрте жасалуында себепті байланысты анықтау негізгі шарт болып табылады.

Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан қылмыстық саясатты ізгілік қағидасына негіздеу жəне қоғамға қауіптілігі аз іс-əрекеттер үшін қылмыстық репрессияны жеңілдету, аяқталмаған қылмыстар туралы заңдылық нормасының қалыптасуына үлкен əсерін тигізді.

Қылмыс істеу сатылары деп қасақана істелетін қылмысқа дайындалу, оқталудан біткенге дейінгі өтетін кезеңдерді айтамыз.

Əрбір қылмысқа қатысушы пайда болған қылмыс зардабымен себепті байланыста болуы қажет. Сонымен  қатар  себепті  байланыс  қылмысқа  қатысушылардың  əрбір  жеке  түрін  ажыратуға  негіз болып табылады. Бірақ бұл ереже эквиваленттілік теорияның жақтаушыларымен жоққа шығарылады. Эквиваленттілік теорияның негізін салушы М.Бури былай деген: «Орындаушы өзінің жеке еркімен əрекет етсе, көмектесуші өз еркінсіз əрекет етіп, орындаушыға тəуелді болып табылады. Қылмысқа қатысушылардың біреуінің іс-əрекеті өзінің жеке мақсатын көздеуге бағытталса, екінші қатысушы өз мақсатын біріншіге тəуелді етеді». М.Бури қылмысқа қатысатын көмектесушінің жеке мүддесі болмайды деген қорытындыға келеді.

Эквиваленттік теориясына белгілі бір дəрежеде адекватты себептілік теориясы қарсы тұрады. Бұл теория осындай нақты жағдайда ғана емес, жалпы қарастырылып отырған қылмыстық салдарды туғыза алатын əрекеттерді ғана қылмыстық нəтиженің себебі деп есептеді. Бұл жерде зардап типтік болмағандықтан, нəтиже істелген іс-əрекетке сəйкес келмейтіндіктен жəне оған адекватты болмағандықтан, іс-əрекетті зардаптың себебі деп тануға болмайды.

Себепті байланыс туралы ілім, қылмысқа қатысқандық үшін жауаптылықты негіздегенде ерекше маңызды роль атқарады. Демек «себепті байланыс» ұғымын алдын ала анықтамай, қылмысқа қатысу туралы зерттеулерді жəне қылмысқа қатысушылардың түрлерін белгілеуді жүргізуге болмайды.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатысудың өзіндік объективтік жəне субъективтік белгілері бар. Соның ішінде қылмысқа қатысудың объективтік жағының бір белгісі əрбір қылмысқа қатысушының əрекетімен қылмыс зардабының арасындағы себепті байланыстың болуы. Себепті байланыс қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын белгілеудегі объективтік шекара болып табылады. Бұл шекарадан тыс жауаптылық ауқымы аса алмайды. Əрбір қатысушының əрекеттерінің өзара себепті байланысы мен шарттарының болуы қылмысқа қатысушылардың бірлескен қылмысты іс-əрекеттерінің салдары екендігін дəлелдейді жəне барлық қатысушылардың бірдей жағдайда жауаптылыққа тартылуының алғы шарты екендігін көрсетеді.

Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс қылмысқа қатысу институтында ерекше маңызды қызмет атқарады. Себепті байланыс қылмысқа қатысушылардың түрлерін, нысандарын жəне қылмысқа қатысу институтының пайда болуына үлкен əсерін тигізеді.

Қылмыстық құқықта қылмыстар көптігі мен себепті байланыстың ара-қатынасы туралы мəселе қарастырылмаған. Өйткені қылмыстар көптігінің нысандары: қылмыстың бірнеше мəрте жасалуы (11-бап), қылмыстардың жиынтығы (12-бап), қылмыстардың қайталануы (13-бап) қазіргі Қылмыстық кодекске жаңадан енгізіліп отыр. Қылмыстардың көптігін анықтаған кезде себепті байланыстың ерекше маңызы бар. Бұл ерекшелік себепті байланыстың міндетті орын алуынан көрініс табады. Бір адамның жасаған жеке қылмысында себепті байланысты бекіту жəне бір адаммен жасалатын бірнеше қылмыстардағы себепті байланысты анықтау қылмыстарды, біріншіден, жеке, екіншіден, көптік негіздерде танылып ажыратылады. Сонымен қатар бұл ажырату қылмыстық жауаптылық мəселесін, жаза мөлшерін шешуге бірден-бір негіз болып табылады. Аталған үш нысанды жеке қылмыстардан ажырата білу қажет. Қылмыстардың көптілігі мен жеке қылмыстарды ажырату құқық қорғау органдарында, жеке алғанда тергеу, сот қызметінде аса маңызды роль атқарады. Қылмыстардың көптігі мен жеке қылмыстарды ажыратып, қылмыстық жауаптылық мəселесін шешкенде себепті байланыстың алатын орны үлкен.

Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан қылмыстық саясатты ізгілік қағидасына негіздеу жəне қоғамға қауіптілігі аз іс-əрекеттер үшін қылмыстық репрессияны жеңілдету, аяқталмаған қылмыстар туралы заңдылық нормасының қалыптасуына үлкен əсерін тигізеді. Аяқталмаған қылмыс пен себепті байланыстың өзара арақатынасының ерекшелігі бар. Себепті байланыс қылмысқа дайындалумен оқталудың шекарасын ажыратуға мүмкіндік береді. Қылмыс құрамын орындауға əлі жетпеген, яғни қылмысқа дайындық сатысындағы əрекеттерде қоғамға қауіпті салдардың пайда болу мүмкіндігінің дəрежесі өте аз. Сондықтан да заңмен қорғалатын объектіге қолсұғудың нақтылы қауіптілігі туралы айтуға болмайды. Қылмысқа дайындық кезіндегі əрекеттер қоғамға қауіпті зардапты жүзеге асыру үшін нақтылы болып табылмайды. Қылмысқа дайындалу əр уақытта да іс- əрекет арқылы қылмыс жасауға қолайлы жағдайлар жасайды, онсыз қылмыстың орындалуы мүмкін емес [4].

Аяқталмаған қылмыстағы себепті байланысты анықтау қылмысқа дайындық жəне оқталуды ажыратуға жəне сот-тергеу тəжірибесінде қылмыстық жауаптылықты белгілеп жаза тағайындағанда өте маңызды болып табылады.

Себепті байланыс қылмысқа қатысу институтында ерекше орын алады. Себепті  байланыс туралы ілім «қылмысқа қатысу» ұғымының қалыптасуына жəне қылмысқа қатысушылардың түрлерін белгілеуде орасан зор ықпалын тигізеді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Философский энциклопедический словарь // Гл. ред. Л.В.Ильичев и др. — М.: Сов. энцикл., 1983. — С.
  2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бюллетені. — Астана,
  3. Философиялық сөздік // Р.Н.Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Ақмамбетов, Ж.М.Əбділдин ж.б. — Алматы: Қазақ энцикл., — 207-б.
  4. Лысов М.Д. Ответственность должностных лиц по советскому уголовному праву. — Казань, 1972. — С.102.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.