Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Конституциялық құқық пен парламенттік құқық ара қатынасындағы ерекшеліктер

Қазақстанның демократиялық жолмен құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет орнатуы қазіргі өркениетті əлемдік тəжірибеде нық қалыптасқан билік бөлу принципіне негізделеді. Билік бөлу принципіне сəйкес Республикадағы біртұтас мемлекеттік билік Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы жəне сот тармақтарына бөлініп, олардың тежемелік əрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау принципіне сəйкес жүзеге асырылады. Айтылған билік тармақтарының ішінде заң шығарушы билік негізгі орынды иемденеді. 1995-жылғы Республика Конституциясында заң шығарушы билікті жүзеге асырушы жаңа орган — қос палаталы Парламент бекітіліп, бүгінгі күні ол өз əрекетін жүзеге асыруда. Бұл — бұрын-соңды Қазақстан тарихында болмаған жаңа институт.

Қазақстан Республикасы Парламентінің тұрақты кəсіби орган ретіндегі əрекетін бастағанына да он бес жылға таяу уақыт өтті. Парламентаризм институтын зерттеу еліміздің заң шығарушы қызметін жүзеге асырушы органның тұрақтылығы мен кəсібилігін қамтамасыз етуді, шынайы парламентаризмге лайық парламент құруды мақсат етуден туындайды. Көптеген өз еліміздің ғалымдары мен шетелдік ғалымдардың еңбектері парламентаризм институтын зерттеуге арналғанымен, Қазақстан Республикасындағы парламенттік құқықтың қалыптасуы, дамуы, парламенттік құқықтың құқық саласы, оқу пəні ретіндегі түсінігі мен қайнар көздері туралы мəселелердің əлі де болса мардымсыздығы демократиялық қоғам құруды алдына мақсат етіп қойған мемлекетімізде бүгінгі күнгі үш билік тармағының негізгісі болып табылатын заң шығарушы билікті жан-жақты зерттеу қажеттілігін айқындайды.

Қазақстан Республикасы парламенттік құқығының қалыптасуы жəне дамуы ерекшеліктерін шынайы парламентаризм тұрғысынан қарау арқылы зерттеу барысында парламентаризм элементтерінің Республика Парламентінде тұрақты орнығуын көздеу қазіргі ұлттық  ғылымның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Республика парламентаризмінің қалыптасуы барысында осы құбылысты зерттеу мəселесі қазақстандық заңгерлердің назарынан тыс қалған жоқ.

А. К. Котов парламентаризмді «қоғамдағы тіршілік əрекетінің жалпыға бірдей міндетті ережелерін орнату бойынша ой мен тəжірибе» деп түсінеді. Сонымен бірге автор билік бөлу принципін парламентаризмнің басты белгісі ретінде тани отырып, «қай жерде жəне қай уақытта билік бөлу принципі конституциялық деңгейде бекітілетін болса, сол жерде жəне сол уақытта парламентаризм дамиды» дейді [1].

С. К. Амандықова «парламент» пен «парламентаризмнің» өзара байланысты ұғымдар болғанымен, маңызы бірдей еместігін, парламентаризмнің парламентсіз болуы мүмкін еместігін, ал парламенттің парламентаризм элеметтерінсіз де əрекет ете алатынын, осындай парламенттердің кеңестер кезеңінде болғанын баяндайды. С. К. Амандықова парламентаризм элементтері, ең алдымен, «билік бөлу, өкілдік, заңдылық» [2] деп біледі.

А. А. Черняков «парламентаризм» ұғымына берген анықтамасында: «Парламентаризм — маңызды мемлекеттік міндеттерді орындайтын, заң шығару өкілеттіктерін жүзеге асыратын, өзге билік тармақтарымен құқықтар жəне заңдық шараларды, тежемелік əрі тепе-теңдік жүйелерін пайдаланып, өзара іс-қимыл жасаушы, халықтың өкілді органы ретінде билік бөлу жүйесіндегі парламенттің басымдық жағдайы» [3], — дейді.

Қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуы үшін, ең алдымен, оны оқытатын салаға, оның сүйенетін қайнар көздеріне қатысты мəселелерді анықтау керек.

Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар мемлекет пен қоғам  өмірінің саяси, экономикалық, əлеуметтік, мəдени жəне басқа салаларын қамтиды. Конституциялық құқық аталған салаларды жан-жақты, түпкілікті, егжей-тегжейлі реттемейді. Ол тек ең негізгі, басқа салалардың бастауы болып табылатын қатынастарды қарастырады.

Құқық саласының тақырыбы туралы мəселені анықтау оның нормаларына тəн ортақ мəндік сапаларды дұрыс түсінудің алғы шарты болып табылады. Құқықтық реттеуде құқықтық нормалардың белгілі бір салаға, нақты институтқа тиесілілігін ескермей, осы нормалардың қызметі  мен рөлін толық түрде ашу мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы — бұл барлық құқық нормаларының біріккен түрін көрсетуші, Қазақстан Республикасының құрылысын демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде, яғни конституциялық құрылыс негізіндерін бекітуші, сонымен бірге жеке адамның құқықтық жағдайын, қоғам жəне оның құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін бекітуші Қазақстан Республикасының ұлттық құқығының маңызды саласы.

Осы берілген анықтама қандай нормалар өз мазмұны бойынша Қазақстан Республикасының конституциялық құқығын құратынын білуге, қай норманың конституциялық құқыққа жататынын анықтауға көмектеседі.

1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы Республикамыздың мемлекеттік тəуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған өзіміздің төл Конституциямыз — Ата Заңымыз мемлекеттік тəуелсіздігімізді одан əрі нығайтты. Осы Негізгі Заңда көрсетілгендей, «Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден- бір қайнар көзі болып табылады. Осыған орай конституциялық құқық міндеті — ең алдымен халық билігін қамтамасыз ету.

Мемлекеттік билікті жүзеге асыруда конституциялық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар пайда болады. Конституциялық құқық Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін бекіте отырып, халық өз билігін тікелей жəне өз өкілдері арқылы жүзеге асыратынын, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құқығын халықтың қандай да бір бөлігі, не ұйым немесе жекелеген адам иемдене алмайтынын, Қазақстанның бүкіл халқы атынан билік жүргізуге өздерінің конституциялық өкілеттілігі шегінде Республика Президенті мен Парламентінің ғана құқығы бар екенін анықтайды.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік халық еркін білдіретін мемлекеттік билік органдары мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары арқылы жүзеге асырылады. Республикамыздағы мұндай органдар — Парламент жəне жергілікті өкілді органдар.

Қазақстан Республикасының Парламенті Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Парламенттің ең жоғары өкілді орган ретіндегі мəртебесі оның өкілеттіктерінің кең аясымен (заң шығару, кадрлар бойынша өкілеттік, бюджет саласындағы өкілеттік т.б.) сипатталады. Парламент өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы барысында Президентпен, өзге мемлекеттік органдармен (Үкімет, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті т.б.) жиі қарым-қатынастарда болып отырады. Осыған байланысты конституциялық құқық жүйесіндегі Парламент орны ерекше. Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік оны заң шығару, атқару жəне сот билігіне бөлу принципіне негізделеді. Соған сəйкес мемлекеттік органдар өз өкілеттілігі ауқымында дербес болады, тежемелік жəне тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып, өзара ықпалдасып, іс-əрекет жасайды. Конституциялық құқық саласындағы кіші сала ретінде парламенттік құқық Парламент пен мемлекеттік билік тармақтары арасындағы қатынастарды жəне Парламент өкілеттіктерінен туындаған өзге де қатынастарды бекітеді жəне реттейді.

Конституциялық құқық халық билігінің негіздерін құрайтын қоғамдық қатынастар  мен халықтың мемлекеттік билікті жүзеге асыруы барысында пайда болған қоғамдық  қатынастарды, оның ішінде мемлекеттік билікті жүзеге асырушы үш билік тармағының арасындағы негізгі — заң шығарушы билік тармағының негіздерін құрайтын қоғамдық қатынастарды бекітеді жəне реттейді. Ал парламенттік құқық негізгі құқық саласындағы кіші сала ретінде республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырушы органның ұйымдастырылуы мен қызметінің тəртібін, заң шығару процесін, депутаттардың құқықтық мəртебесін өз нормаларымен егжей-тегжейлі, жан-жақты реттеп, бекітеді.

Егер конституциялық құқықта статуттық-институционалдық нормалар мен принциптер тобы негізгі орынды иемденсе, ал парламенттік құқықта негізгі орында іс жүргізу-ұйымдастырушы жəне технологиялық нормалар тұрады. Парламенттік құқық — конституциялық құқықтың динамикалық «мені». Сондықтан кез келген демократиялық құқықтық жүйеде парламенттік құқық конституциялық құқық жүйесіндегі құқық саласы ретіндегі ерекше орнымен анықталуы қажет.

Көбіне «парламенттік құқық» түсінігінің орнына «парламенттік іс жүргізу», «парламенттік шаралар», «парламенттік өндіріс» тəрізді терминдер қолданылып, парламенттік құқық аталмыш терминдермен теңдестіріліп, соларға сіңісіп кетеді. Дегенмен, парламенттік құқықтың нормативтік алабы, оның еншісіндегі іс жүргізу ережелерінің көптігіне қарамастан, материалдық, оның ішінде ең алдымен конституциялық құқық шеңберіндегі принциптер мен нормалардың анықталуы ықпалымен қалыптасады. Парламентаризм технологиясының барлық маңызын ескере отырып, басты маңыздылық, ең алдымен, қабылданған билік бөлу үлгісі мен басқару нысанының нормаларына сəйкес жүйе ретіндегі оның өз ортасындағы жəне, əрине, өз-өзінен түсінікті, бір  жағынан, мемлекеттік биліктің ең жоғары өкілді органы ретіндегі Парламент, екінші жағынан, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретіндегі халық арасындағы тұрақты өзара байланысты қамтамасыз етуде екенін естен шығармау керек.

Іс жүргізу нормаларының парламенттік «тазалығы» мен əрекет қабілеттілігі — материалдық нормалардың конституциялық «тазалығы» мен анықтылығында. Ешқандай, тіпті асқан шеберлілікпен жасалған іс жүргізу ережелері, ең жақсы жағдайдың өзінде, егер негізгі құндылықтарды сіңірмесе, шынайы парламентаризмнің бекітілуі үшін дəрменсіз, жаман жағдайда оның бұзылуы мен бүлінуінің залалды факторы болуы мүмкін.

Парламенттік құқықтың құқықтық жүйедегі орны мен рөліне қатысты пікірлердің аздығына қарамастан, қазірдің өзінде бірқатар көзқарастар туралы айтуға болады. Соның бірі парламенттік құқықта конституциялық құқықтың динамикалық сипаттамалары бар екендігін жəне ол конституциялық құқықтың ажырамас бөлігі болып табылатынын айтады. Келесі бір пікірге сəйкес парламенттік құқық шешімді жəне нақты түрде конституциялық құқықпен қатар қойылған толыққанды, дербес құқық саласы ретінде бағаланады. Оның конституциялық құқық саласындай толық құқылы құқық саласы ретінде танылуы қажеттігі, оның барлық бөліктерінің біртұтас тəртіпке салынған кешенді құрайтыны айтылады.

Расында да, бұл құрылым жақсы ұйымдастырылған. Дегенмен, парламенттік құқық деп аталатын құқықтық материяда құқық саласына қажетті барлық параметрлер мен қасиеттер объективті түрде бола ала ма деген сұрақ туындайды. Яғни парламенттік құқықтың тек өзіне ғана тəн атаулы реттеу пəндері, əдістері, механизмдері бар ма?

Парламенттік құқық конституциялық құқықтан шыққан, конституциялық құқықпен бірге конституционализм атты «түбірлік жүйеге» сүйенеді жəне конституциялық құқықтың да, парламенттік құқықтың да негізгі заңдық қайнар көзі Конституция болып табылады.

Дегенмен, біріншіден, қоғамдық қатынастардың конституциялық құқық үшін де, парламенттік құқық үшін де тұтас аясында парламенттік құқыққа, оның өзіне ғана тəн ұйымдастыру-техникалық қатынастар участогы «бекітілген». Екіншіден, егер тұтас конституциялық-құқықтық реттеу үшін билікті-бұйрықты бастауларға негізделген əдістер тəн болса, ал парламенттік-құқықтық реттеу үшін, ең алдымен, үйлестіру жəне келісім əдістері тəн. Үшіншіден, егер конституциялық құқық механизмдерінде оның нормативтік құрамының материалдық жағы басым болса, ал парламенттік құқық механизмінде іс жүргізуді қамтамасыз ету жағы басым.

Бұдан шығатын қорытынды: парламенттік құқық қаншалықты ерекше сала ретінде көрінсе де, оны конституциялық құқықтың кіші саласы ретінде есептеуге негіз жеткілікті. Парламенттік құқықтың конституциялық құқықпен катарлас сала болып қалыптасуы мүмкін емес, себебі əр алуан түрлі жəне əр қилы деңгейлердегі қатынастар конституцияның өзімен іс жүргізу тəртібіне бағытталған. Парламенттік ішкі қатынастар жəне іс жүргізулер (заң шығару, бақылау,  ұйымдастыру) — бұл бір мəселе; екінші — институт аралық (Президент — Парламент — Үкімет — сот билігі); үшінші — жария-құқықтық жауапкершілік қатынастар саласындағы іс жүргізулер (Парламент — сайлау корпусы — электорат).

Шаралардың көптігі мен əр алуандылығы оларды қандай да болсын тұтас кодекстелген парламенттік құқық актісінде қалыптастыруға мүмкіндік бермейді.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, парламенттік құқықты парламенттің ішкі құрылымы мен іс жүргізу-ұйымдастыру қызметін, оның мемлекеттік биліктің басқа органдарымен жəне сайлау корпусымен қарым-қатынастарын реттеуші нормалар мен ережелердің ерекше жүйесі ретінде анықтауға болады [4].

Ал парламенттік құқықтың қайнар көздері жөнінде айтар болсақ, құқықтың жалпы теориясында құқық  қайнар  көздерінің  ұғымын  заңдық  мағынада  материалдық  жəне  формалды  деп     ажырату қалыптасқан. Бірінші жағдайда құқықтың қайнар көзі деп осы құқықтың мазмұнын анықтайтын факторларды айтады. Əдетте оларға қоғам өмірінің материалдық жағдайын, қоғамға тəн экономикалық қатынастарды жатқызады.

Формалар заңдық мағынада құқықтың қайнар көзі ретінде қаралып, құқықтық нормалар осы формалар арқылы қалыптасады жəне міндетті күшін алады. Осындай қызмет атқарушы формалар құқықтық актілер болып табылады.

Уақыттың қазіргі кезеңінде əрекет етуші құқықтық актілер ғана конституциялық құқықтың қайнар көздері бола алады.

Құқықтың қайнар көздері үшін, оларды қабылдауда ғана емес, жоюда да, өз күшін жойды деп тануда да ерекше тəртіп белгіленген. Акті жойылғаннан кейін əрекеттегі құқықтың қайнар көзі болып есептелмейді.

Парламенттік құқық қайнар көздерін үш топқа бөліп қарастыруға негіз бар, олар: заңдық, ұсынымды-шаралық жəне ілімдік.

Бірінші заңдық топта, тек жалпы мемлекеттік деңгейдегі: Конституция, заңдар, Республика Президентінің жарлықтары, Үкімет қаулылары, Жоғарғы Сот шешімдері, Парламент жəне оның палаталарының регламенттері жəне басым бөлігінде немесе жекелеген бөліктерінде құқықтық іс жүргізу ережелері бар өзге де актілер. Осы орайда қазіргі қазақстандық құқықтық жүйе үшін жаңа актілер түрлерін арнайы түрде атап өту қажет, олар: конституциялық заңдар, ішкі мемлекеттік шарттар мен келісімдер, халықаралық құқықтың принциптері мен нормалары.

Аталмыш қайнар көздер ішінде, əрине, мемлекет Конституциясы негізгі орынды иемденеді. Қазақстан Республикасы парламенттік құқығының негізгі қайнар көзі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Себебі Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар жəне Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады (ҚР-ның Конституциясы 4-б. 2-т.). Басқа қайнар көздердің бəрі де Конституциядан туындайды жəне оған қайшы келмеу керек. Оған себеп келесі факторлар:

  1. Конституцияда қазіргі кезеңдегі барлық конституциялық-құқықтық реттеудің негізі болып табылатын, жалпы сипаттағы құқықтық нормалар белгіленген.
  2. Конституция құқықтың қайнар көзі ретінде өзінде белгіленген нормалар мазмұнының кеңдігімен сипатталады. Бұл нормалар өз əрекетімен қоғам өмірінің барлық саласын — саяси, экономикалық, əлеуметтік, рухани салаларын қамтиды.
  3. Қазақстан Республикасы Конституцияның басқа қайнар көздермен салыстырғанда ең жоғарғы заңдық күші бар, Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Мемлекетіміз қабылдаған заңдар жəне басқа да құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келмеу керек.
  4. Конституцияда құқық саласының қайнар көздерінің көптеген басқа түрлері анықталған. Онда құқықтық актілердің аталуы, олардың заңдық күші, қабылдау тəртібі, жойылуы жəне жариялануы белгіленген.
  5. Парламенттік құқық саласының негізгі қайнар көзі ретіндегі Конституция маңызды, ондағы белгіленген нормалар халықтың мемлекеттік еркін жүзеге асыру формасы ретінде көрінуімен де анықталады. Онда заңдық түрде қоғамның алға қойған мақсаттары, осы қоғамды ұйымдастыру принциптері жəне оның тіршілік əрекеттері, қоғамның ең жоғары өкілді органы ретіндегі Парламент құзыреті белгіленеді.

Конституция, басқа қайнар көздермен салыстырғанда, ең жоғары құқықтық маңызы бар акті ғана емес, ең жоғарғы қоғамдық маңызы бар акті. Оның нормалары əр азаматты, қоғамдық əрекеттің барлық субъектілерін қамтиды. Конституцияның төртінші бөлімі парламенттік құқықтың негізін салатын нормалардан тұрады. Үш тармаққа бөлінген мемлекеттік билік тармақтары арасындағы алғашқы орында заң шығарушы билік тұр. Сол себепті Республика Парламентіне қатысты негізгі мəселелер елдің Негізгі Заңында жан-жақты қарастырылған. Республика Конституциясы Парламенттің заң шығару қызметін жүзеге асырушы ең жоғары өкілді орган ретіндегі ерекше мəртебесін бекітеді (ҚР Конституцияның 39-бабы). Сонымен қатар Конституцияда Парламенттің бірлескен жəне бөлек отырыстарында қарастырылатын мəселелер тобы, əуелі Мəжілісте, сонан соң Сенатта кезегімен қарау арқылы қабылданатын мəселелер тобы анықталған.

Республика Конституциясының негізінде қабылданған «Парламент жəне оның депутаттарының мəртебесі туралы» Конституциялық заң Парламент жəне оның Палаталарының ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптерін, оның депутаттарының құқықтық жағдайын егжей-тегжейлі қарастырады. Аталмыш нормативтік акті парламенттік құқықтың Конституциядан кейінгі негізгі төл қайнар көзі болып табылады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Үкімет туралы», «Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары да парламенттік құқықтың қайнар көздері қатарына жатады.

Парламенттік құқықтың келесі қайнар көзі — «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Республика Заңы. Аталмыш Заң Республика Парламенті жұмыс органдарының құрылуы тəртібін, олардың өкілеттіктерін, қызметінің ұйымдастырылуы тəртібін жан-жақты реттейді.

Парламенттік құқықтың нормативтік қайнар көздері арасында  парламенттік регламенттер ерекше орынға ие. Регламенттер — Парламенттің құқықтық мəртебесін, оның ұйымдастырылуы тəртібі мен қызметінің нысандарын Конституция негізінде белгілеуші жəне нақтылаушы нормалар мен ережелер біріктірілген жəне жүйеге келтірілген біртұтас нормативтік актілер. Парламенттік регламент, шын мəнінде, парламенттік кодекс. Ол келесі жүйе бойынша құрылады: парламенттің ішкі құрылымы жəне органдары; депутаттардың құқықтары мен міндеттері; депутаттық бірлестіктер (топтар, фракциялар); заң шығару жəне бақылау-өкімдік шаралары; халықаралық парламентаралық ынтымақтастық жəне т.б. Əлемдік конституциялық тəжірибеде парламенттік регламенттер, əдетте, парламенттердің өздерімен немесе олардың палаталарымен қабылданады жəне олар тек «регламент» деген атпен ғана емес, өзге де нысандарда қабылданады (мысалы, Францияда — органикалық заң, АҚШ-та — Конгресс палаталарының тұрақты ережелері, Швецияда — Риксдаг туралы акті). Қазіргі уақытта Қазақстан Парламентінің бірлескен отырыстарында қарастырылатын мəселелерді реттейтін Парламент Регламенті, оның палаталарының құзырындағы мəселелерді реттейтін  Сенат жəне Мəжіліс Регламенттері əрекет етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес заң жəне өзге де нормативтік-құқықтық актілерді əзірлеу, ұсыну талқылау, күшіне енгізу жəне  жариялау тəртібі арнаулы заңмен жəне Республика Парламентінің жəне оның  Палаталарының Регламенттерімен реттеледі (62-б., 8-т.). Аталмыш конституциялық норма Парламент пен оның Палаталары Регламенттерінің болуы қажеттігін бекітеді.

Екінші, ұсынымды-шаралық топтың қайнар көздері: парламенттік дəстүрлер, əдет-ғұрыптар, прецеденттер.

Парламенттік əдет-ғұрыптар — бұл көптеген жылдардағы əлемдік парламенттік тəжірибеде қалыптасқан белгілеуші сипаттағы ережелер. Мұнда, мысалы, əдеттегі электронсыз дауыс беру тəсілі, яғни орнынан тұру, қол көтеру, тіпте аккламация түрінде — бір топтың екінші топты асыра айқайлауы жəне т.б. Регламентке инкорпорацияланған (бірігіп жүйелендірілген) əдет-ғұрыптар парламенттік прецеденттер нысанын қабылдап, орындауға міндетті актілер қатарында болады. Парламенттік прецеденттерді соттық прецеденттерден айыра білу қажет. Соттық прецеденттер жоғарғы жəне өзге инстанция соттарының шешімдері ретінде басқа соттардың ұқсас істерді шешуі барысында басшылыққа алынады. Англо-саксондық құқық жүйесіндегі елдерде соттық прецеденттер конституциялық құқықтың, белгілі аспектіде, парламенттік құқықтың (оның ішінде Ұлыбритания Парламентінің «Тəжірибелері» деп аталатын) маңызды тобын құрайды.

ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында осындай дəстүрлерді, əдет-ғұрыптарды, прецеденттерді тұтас «кодекске» біріктіру үшін американдық қоғам қайраткері Генри М.Роберт көп еңбек етті. Ол 1915 жылы «Парламенттік іс жүргізу ережелері» атты өзінің қомақты кітабын шығарды.    Аталмыш    жұмысты    американдық    зерттеушілер    «Парламенттік    заңдар  жинағы»,

«Парламенттік мінез-құлық үлгісі» деп атап, ал оның авторын «қазіргі парламенттік іс жүргізу əкесі» ретінде таниды. Г.М.Роберттің өзі жазғандай, «əрбір құрметті органның тəртіп, сыпайылық жəне біркелкілік негізде əрекет етуі аса маңызды».

Роберт «Ережелерінің» ерекшелігі, олар шешім қабылдайтын кез келген «ассамблеяға» бейімдендірілген — мейлі ол парламент палатасы, сайлаушылар клубы немесе діни қауымдастық болсын — бəріне бірдей қолдануға болады. Жиналыстарда іс жүргізу шаралары  (ұсыныстарды негізгі, қосалқы, ерекше пұрсатты деп топтастыру бойынша енгізуден бастап, жарыссөздегі əдеп сақтау мен дауыс беруге дейін), жиналыстың, оның жұмыс органдарының (комитеттер, комиссиялар), лауазымды адамдардың жəне т.б. құқығы мұқият талқыланады. Аталмыш ережелердің көбі ағылшындық жəне американдық парламентаризм тəжірибесінен енгізілгендіктен, парламенттік мəдениет əліппесі деп атауға болады. Əрбір конституциялық ұйымдастырылған мемлекеттің ерекше заңдық құрылымының іс жүргізу өзегі дəл соларда [5].

Ғасырлық парламенттік тəжірибеде регламенттерге кірмеген, бірақ жеке жəне топтық мүдделер үшін белсенді түрде қолданылып жүрген «ережелер» аз емес. Олар келесілер:

  • «Кенгуру» — ағылшын қауымдастық палатасындағы заң жобасы бойынша жарыссөз бостандығын шектеу үшін қолданылады. Спикер палатаның көпшілігінің шешімімен заң жобасына депутаттармен ұсынылған түзетулердің жалпы санынан талқылауға қойылатын түзетулерді таңдау құқығын алады, ал қалған түзетулер ешқандай талқылаусыз дауысқа салынады;
  • «Флибустьерство» — АҚШ Сенатында қолданылатын тəсіл. Талқыланып жатқан сұраққа қатысы жоқ ұзақ сөз сөйлеумен отырысты созу арқылы ұнамсыз заң жобаларын қабылдауға жол бермеу;
  • «Сиыр адымы» (Жапония) — заң жобасы бойынша депутаттардың жеке-жеке дауыс беруін кейінге қалдыру немесе бұзуға бағытталған əрекет. «Сиыр адымына» қатысушы əрбір депутат көбірек тоқтау, салмағын екі аяғына кезек салу, қалталарын ақтару, көзілдіріктерін сүрту жəне тағы басқа əрекеттер арқылы сайлау жəшігіне барар жолда қозғалысты барынша ақырындатуға тырысады.

Ілімдік топқа қатысты қайнар көздер жөнінде айтар болсақ, онда батыс заң ғылымында оның құрамына, өзге қайнар көздермен қатар, құқықтық нормалар мен категориялар мəніне тікелей немесе жанама түрде заңтану саласындағы танымал беделді ғалымдардың түсіндірме беруі енгізіледі. Қазіргі қазақстандық парламенттік құқықтың дамуы барысында осы ілімдік топтағы қайнар көздер аталмыш сала қайнар көздерінің қатарынан өз орнын тапса, яғни парламентаризм институтын зерттеуші беделді отандық ғалымдардың осы мəселені зерттеулері барысында анықтаған қазақстандық парламентаризмге қатысты тың тұжырымдары мен түсіндірмелері парламенттік құқық қайнар көздері тобының қатарына енсе, аталмыш құқықтың дамуы барысына зор үлес қосқан болар еді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1.  Котов А.К. Новая Конституция Казахстана и становление парламентаризма в республике с президентской формой правления // Вестн. Межпарламентской Ассамблеи. — СПб., 1996. — № 3. — С. 23,
  2. Амандыкова С.К. Конституционное право Республики Казахстан. — Караганда: «Болашақ-Баспа», 1998. — С.110.
  3. Черняков А.А. Справочник по конституционному праву. — Алматы, 2000. — С.56.
  4. Парламентское право России: Учеб. пособие / Под ред. И.М.Степанова, Т.Я.Хабриевой. — М.: Юрист,1999. — С.12.
  5. Роберт Г.М. Правила парламентской процедуры. Проблемы Восточной Европы. — Вашингтон, 1992. — С.18.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.