Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанда құқықтық сананы жақсарту бағыттары

Құқықтық сана құқық қолданумен тікелей байланыста жəне арақатынастары өте тығыз. Құқық қолданатын мемлекеттік орган, лауазымды тұлға құқықтық сана деңгейін пайдалана отырып, өз құзыры шеңберінде арнайы нормативтік-құқықтық кесімдер, шешімдер, үкімдер, бұйрықтар шығарады. Бірақ құқықтық сананың негізгі идеялары  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін нормаларда бекітілген, жарияланған. Сонымен қатар құқық салаларында көрсетілген қағидалар құқықтық сананың негізгі талаптары болып саналады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 16-бабы: «Судья істе бар дəлелдемелерді олардың жиынтығымен əділ, жан-жақты жəне толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады». Бұл норма судьяны істі «жан-жақты», «толық» қарауға міндеттеп тұр жəне заң судьяға дəлелдемелерді «өзінің ішкі сенімі  бойынша»  бағалауға,  бұл күрделі жағдайда тек «заң мен ар-ұятты басшылыққа алуды» міндеттеп тұр. Құқық қолдану барысында да, яғни əділ шешім қабылдау үшін, судья заңға бағынып, ар-ұяттың негізінде шешім шығару тиістігі көрсетілген. Ал, əділеттілік əрқашан жоғары, кəсіби дəрежедегі құқықтық сананың қалыптасуын талап етеді [1].

Сонымен қатар құқықтық сана құқықтың өзіне де тікелей əсер етеді. Оның мұндай қасиеттері саналық əсер, келесі көріністерден байқалады.

Құқықтық сана құқық нормаларының орындалуын тікелей қамтамасыз етеді. Құқықтық сана неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым құқық бұзушылықтың динамикасы төмен.

Қоғамда азаматтардың құқықтары міндеттерімен тікелей байланысты. Құқықтар мен бостандықтарды бір-бірінен ешуақытта бөліп қарауға болмайды. Құқықтық сана əрқашан азаматтардың конституциялық міндеттерін бұлжытпай орындауды талап етеді. Мысалы, Қазакстан Республикасының əрбір азамат Конституцияны сақтауға, салық төлеуге, отанды жəне табиғатты қорғауға міндетті. Сондықтан барлық жағынан алып қарағанда, құқықтық сана заңдылықты нығайтудың берік кепілі ретінде танылады.

Құқықтық сана құқық нормаларының мəнін, мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді. Құқық қолданатын субъект құқықтық сана мүмкіндігін пайдалана отырып, құқық нормасын мəнін ұғынады, содан кейін ғана оның, мазмұнын түсіндіру, қолдану құқына ие болады. Мысалы, тергеуші, судья нақтылы іс бойынша жасалған қылмысты дəлелдемелер арқылы анықтап, қылмыстық кодекстің нормасын қолданады. Бұл күрделі жəне асқан жауапкершілікті талап ететін əрекет болғандықтан, құқықтық сананың іс бойынша жиналған дəлелдемелерді бағалаудағы рөл өте зор. Сондықтан Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 25-бабы мынандай норманы  бекітеді:

«Судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы дəлелдемелерді қаралған дəлелдемелердің негізделген өздерінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда заң мен ар-ожданды басшылыққа  алады».

Құқықтық сана — кұқық жасау, қабылдау қажеттілігін анықтайтын, талап ететін негізгі көрсеткіштердің бірі, əлеуметтік барометрі. Себебі қоғамның дамуы барысында нормативтік- құқықтық кесімдер ескіреді, қоғамдық реттеуге дəрменсіздік танытады. Даму — соның айғағы. Жаңа заң қабылдау немесе оған өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Осы кезеңде құқықтык сананың рөлі өте зор болады. Сана идея ұсынады, оның қызметі реттеуді қажет ететін қоғамдық қатынастың құқық нормасында бекітеді. Бұл үзіліссіз дами беретін үрдіс, қозғалыс.

Қоғамның дамуы тіке жол сияқты дамудан алда. Адам саналары əр түрлі, дара сипаттарға ие болғандықтан, қоғамдық қатынастар да қайшылықтар мен қақтығыстарға толы. Мемлекет құқықтық жүйе арқылы сол қақтығыстарды бір қалыпқа келтіріп, тиімді реттеу мақсатын көздейді. Бірақ ондай нəтижеге жету мақсаты əркашан бола бермейді. Оның негізін себептерінің бірі құқықтық санасында формацияға ұшырауы болып табылады. Оның мынандай түрлері бар:

  1. Құқықтық нигилизм (латын сөзі піһіі — еш нəрсе емес) — қоғамда  қабылданған, мойындалған құқықтық құндылықтарды, қағидалар мен заңнаманың мүмкіндіктерін жоққа шығару, сенімсіздік таныту арқылы биліктің заңсыздығы мен бассыздығына көз жұмып қарау. Құқықтық нигилизм жалпы қоғамдық нигилизмнің кұрамының бөлігі болып саналады. Саяси-құқықтық ой- пікірдің тарихында нигилизм əлеуметтік прогресс пен азаматтың даму заңдылықтарын жоққа шығарып, əсіресе Батыс Еуропаның, Америка  демократиясының  құндылықтарын мойындамаушылық танытқан əлі де баршылық. Мысалы, Ресейде славянофилдер орыс халқына Конституция, тіпті құқық мүлдем қажетсіз деп санады. Бұл ағымның ірі өкілдерінің  бірі И.С.Аксаков: «Батысқа қараңдаршы. Халықтары менменшілдікке ниет білдіруге еліктеп кетті, үкіметтік жетілу мүмкіндігіне сенді, республикаларды жасап тастады,  конституцияларды  құрды жəне рақымшылдықсызға ұрынды, əр минут сайын күйреуге дайын».

Ал, анархизм ілімінің ірі өкілдерінің бірі М.А.Бакунин мемлекеттің болуына,  оның басқару, билік жүргізу арқылы азаматты қорғау, топтастыру функцияларына нигилистік көзқарас танытты. Белгілі ғалым С.Ф.Ударцевтың тұжырымдары бойынша: «Бакунинше, мемлекет — зорлықшыл, қылмыскер, ол, оның пікірінше, құқықтық сынардан айырылған. Осы мағынада ол құқықтық мемлекет теориясына жат. Оған мемлекет өзінің мəнісі жағынан — құқықтық емес  институт».

Құқықтық нигилизм орыстың ұлы жазушысы, ойшылы Л.Н.Толстойда да жиі  кездеседі. Мысалы, ол өзінің көптеген шығармаларында құқық пен мемлекетке сенімсіздікпен қараған, жоюға шығаруды көп пайдаланған. «Студентке құқық туралы хат» деген еңбегінде құқықты «жексұрын алдаушы» деп бағаласа, заң ғылымын саяси экономиядан да асқан өтірікші деген пікір  білдірген.

Құқықтық нигилизмнің ең негізгі себептерінің бірі мемлекеттегі үш билік саласында əділетсіздіктің жəне коррупция кең қанат жаюы болып табылады. Соттың шығарған əділетсіз үкімі (мысалы, бір тауық ұрлаған адамды бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаласа, түйені түгімен жұтқан адамды бір жылға соттау). Атқарушы биліктегі коррупция (қызметке шара беру арқылы орналасу жəне т.б.) халықтың заңдылыққа деген сенімсіздігін арттыра түседі, құқықтың мүмкіндіктерін жоққа шығарады. Сайлау барысында халықтың дауыс беруден саналы түрде бастартуы да құқықтық нигилизмнің көрінісі.

 

  1. Құқықтық инфантилизм — латын сөзі — іпапіеіез ~ балалық, жетілмеген) — құқықтық білімнің, ақпараттың жетіспегендігінен қалыптасып, жеке адамның сезімі бойынша құқық құқығында көптеген түсінбеушіліктерді туғызуы мүмкін. Адам білмейтін нəрсені «білемін» деп, заңсыз əрекеттерге барады.

Нигилизм туралы білетін болып көрінуі, соның салдарынан құқықтық сананың бұрмалануы. Мұндай сана индивидтегі жалған жолға бұрып, оның мінез-құқықтық идеализм — құкықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөл мен мүмкіндіктерін асырып бағалау. Негізінде  сананың негізгі идеясы — халықтың «əділетті заңға» сенуінен туындауы. «Жақсы заңдардың» мүмкіндігінің мол екендігіне үлкен үміт арту. Заңның мүмкіндігі өте зор, бірақ адам санасы одан да пəрменді. Сондықтан қоғамдық қатынастардың барлық санасын құқық нормасымен реттеу, қалыпқа салу мүмкін емес. Тиімді реттеу үшін əлеуметтік тəжірибе мен халық психологиясын жетік, ғылыми деңгейде танып, меңгеру қажет. Құқықтық-қоғамдық қатынастардың арнайы бір  сатыдағы қажеттілігі.

Құқықтық демагогия — сапалы түрде алдау, жалған мəліметтер тарату мен өтірік уəде беру арқылы халықты, əлеуметтік топтарды қоғамдағы құқықтық ақиқатты өз мақсаттарына жету үшін бұрмалап көрсету жəне насихаттау. Мысалы, халықты жалған ақпарат арқылы сайлауда дауыс бермеуге, сот үкімін «əділетсіз» деп аштық жариялауға шақыру жəне т.б.  əрекеттерге  бару. Құқықтық демагогия, баспасөз, мегафон құқық арқылы іс жүзіне асады [2].

Қоғамды, мемлекетті дамытуда, оның құқығын нығайтуда қуатты құралдың бірі — еңбекші бұқара. Сондықтан заң жобаларын талқылауға, құқықтық нормалардың дұрыс қолдануына, мүлтіксіз орындалуын бақылауға олар белсене қатысады. Құқықтық сананы заңды мінез-құлық деп те атайды. Бұл құқық нормаларының нұсқауларына сəйкес келетін жеке тұлғаның сана-сезімі. Осы сана-сезім арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сəйкес келсе, онда құқықтық тəртіп нығаяды.

Құқықтық сана-сезім арқылы қоғам басқарылады, оның өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Мұны азаматтардың көбі түсінеді, сондықтан құқықтық қатынастардың басым көпшілігі заңды мінез-құлық негізінде құрылады. Азаматтар құкықтың талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сəйкес сана- сезім екіге бөлінеді: белсенді заңды мінез-құлық жəне бəсең (енжар) заңды мінез-құлық. Белсенді заңды мінез-кұлық — лауазымды тұлғалардың азаматтардың өз бастамасы мен белгілі мақсатқа бейімделген заңды əрекеттері. Бұл мінез-құлықтың түрлері сан алуан. Ол субъектілердің өз міндеттерін адал ниетпен, сапалы атқарып, азаматтардың өздеріне жүктелген міндеттерін қалтықсыз сапалы түрде орындауы, сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың жұмысына белсене қатысып əлінше көмектесу, заңдардың жобаларын талқылауда бет көрсетіп, өз пікірін ортаға салу — міне, құқықтық белсенділікке осындай əрекеттер  жатады.

Енжар занды сана-сезімнің көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтықпен орындайды, нормативтік актілерді жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Мұндай мінез-құлық екі тарапта да ұтылыста болады. Мысалы, шартты қатынаста субъектілердің екеуі де немесе біреуі міндеттерін дұрыс орындамаса, екі жағы да ұтылыста болады, зиян шегеді. Мұндай енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке де зиян  келеді.

Қоғамның экономикалық, əлеуметтік, мəдениеттік дамуы жақсы деңгейде болса, адамдардың сана-сезімі де сол дəрежеде болады. Осыған сəйкес қоғамның құқығы да  жақсы  дамып, қатынастарды жақсы реттеп-басқарып отырады.

Егерде қоғамның экономикалық, əлеуметтік дамуы дағдарысқа ұшыраса, онда сана-сезімнің сапасы төмендеп, құқықтық нигилизм, немқұрайдылық етек жая бастайды. Қылмыстың саны күрт өседі, қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тəртіп нашарлайды. Оның себептері:

  • азаматтардың көпшілігінде демократиялық мəдениеттің жоқтығы;
  • қоғамда əкімшілік-əміршілік жүйенің ұзақ уақыт өмір сүруі;
  • ескі мемлекеттің ыдырауы, жаңа жүйенің толық қалыптаса қоймауы;
  • қоғамның экономикалық-əлеуметтік деңгейінің нашарлауы.

Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының алдында тұрған мүдде-мақсаттар өте көп. Солардың бірі — халқымыздың құқықтық сауаттылығын көтеру, оның негізгі бағыттары:

  • елімізде құқықтық тəрбие жұмысын жақсарту. Бəрі іске қоғам болып кірісу;
  • тəрбие жұмысын барлық бағытта жандандыруға көңіл бөлу; инабаттылық, парасаттылық, патриоттық, тəртіпшілік, еңбекшілдік, діни т.б. бағыттарда;
  • халықтың рухани сана-сезімін, білімін жақсарту;
  • мемлекеттің заң шығару, құқықтық нормаларды орындау жұмысын жақсарту;
  • мемлекет аппараттарындағы қызметкерлердің мамандық сапасын көтеру;
  • заңдылыққа, құқықтық тəртіпке қатаң бақылау жүргізу [3].

Осы көрсетілген бағыттар арқылы құқықтық тəрбиені жақсарту тек аппараттың ғана жұмысы емес. Бұл күрделі жəне өте өзекті іске қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси ағымдар мен ұйымдар белсенді түрде қатысулары керек.

Құқықтық тəрбиені жақсарту үшін қоғамның экономикалық, əлеуметтік жағдайын жақсарту, демократияны, бостандықты, теңдікті дамыту керек, сонда ғана іс нəтижелі  болады.

Құқықтық сана — Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына жəне қалауына, құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқықтық сезімдерінің, əсерлігінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.

Философияда қоғамдық сана — қоғамдық болмыстан туындайтын идеялар мен көзқарастардың материалдық қатынастардың жемісі. Сонымен қатар сана болмысының  қалыптасуына  үлкен ықпалын тигізіп, оны дамытуға үлесін қосады. Ал қоғамдық сана құрамы жағынан алып карағанда көптеген түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялык, кəдімгі, эстетикалық, діни, этикалық жəне т.б. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады. Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тəн ерекшеліктері бар.

Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе əділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар құқықтың əділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен бассыздықтан туындайтын əрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой елегінен өткізіп, баға береді. Соның нəтижесінде индивидтердің  мемлекеттегі əділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады.

Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады жəне əр түрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде  құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде «құлдарды қанау», «басып жаншу», «баю» сияқты ұғымдармен уланған болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі — азаттық, теңдік, бостандық. (Мысалы, б.ғ. дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б.ғ. дейінгі I–II ғасырлардағы Қытайдағы «Сары тартқандар» жəне «Қызыл кастар» көтерілістері жəне т.б. сондай қарулы көтерілістер.) Таптық қоғамда сана да таптық сипат алады.

Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар əрқашанда құқықтық санаға өзінің əсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатка тəуелді. Мысалы, сталинизм кезінде саясат тоталитарлық жүйені жəне жеке адамның басына табынушылықты мемлекеттік дəрежеде нығайту болса, қоғамдык құқықтық сана сол саясаттың тікелей əсерінен халықтың құқықтық санасына «халык жауы» ұғымын жаппай қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай сананы қалыптастырды.

Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кəдімгі, діни, этикалық, саналардың түрлерімен тығыз байланыста қалыптасады жəне дамиды. Бірақ бір сананың түрі құқықтық санаға мол əсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда индивидтің құқықтық санасы не прогрессивтік, не регрессивтік, не конформистік, не ниглистік жəне инфантильдік қасиеттер мен мінез-құлықты қабылдауы мүмкін. Сана адамдардың өзара іс-əрекеттерінің нəтижесінде өмірге келіп, дамып, ескіріп, жаңарып жатады. Бұл объективтік өте күрделі процесс, сан алуан бағытқа, жүйеге бөлініп коғамның сана-сезімін топтастырып қалыптастырады. Оның негізгі нысандары: саяси, моральдық, ұлттық, эстетикалық, діни, құқықтық т.б. сана-сезімдер. Бұлар бір-бірімен тығыз байланыста дамып отырады.

Мемлекет жəне құқық теориясы қоғамдағы сана-сезімнің объективтік даму процесіне сəйкес құқық саналығының маңызын дамытып, нығайтып отырады. Құқықтық сана-сезімнің мазмұны төрт жүйедегі қарым-қатынастарды қамтиды: қоғамдағы нормативтік актілердің даму, жаңару, орындалу, қорғау процесін, оған халықтың сана-сезімінің əсерін, көзқарасын, іс-əрекетін  біріктіреді.

Құқықтық сана-сезімнің негізгі функциялары: бірінші — халықтың құқықтық білімін арттыру; екінші — сана-сезімді дұрыс дамыту үшін тəжірибелік жұмысты жақсарту; үшінші — қоғамдағы қатынастарды реттеуді, басқаруды жақсарту үшін адамдардың сана-сезімін көтеру. Құқықтық сана- сезім — нормативтік актілердің негізгі, қоғамдағы қатынастарды дұрыс реттеуші, басқарушы күш. Ол құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, дұрыс орындалуына жəне оның болашағын дұрыс болжауға өте зор əсер етеді. Құқықтық сана-сезімнің ерекшеліктері:

  • құқықтық сана-сезім қоғамдағы тек нормативтік актілер мен құбылыстарды, қатынастарды бейнелейді. Ол жаңа нормалардың қабылдану жəне олардың процесін қамтиды. Саяси, моральдық, ұлттық т.б. көзқарастар құқықтық сана-сезімге əсер етіп, құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, орындалуына ықпал етеді;
  • қоғамның даму процесін, құбылыстарын сана-сезім құқықтық тұрғыдан сезініп, сол позициядан қорытынды тұжырымдар жасап, баға береді, мысалы: құқықтық қатынас, құқықтық жауапкершілік, құқықтық тəртіп т.б.

Сонымен, қоғамдағы құқықты дамыту үшін, заңдылықты, тəртіпті қатаң сақтау үшін құқықтық сана-сезімнің маңызы өте зор. Бұл сана-сезімді қоғам көлемінде дамыту керек, əсіресе заңгерлердің, органда қызмет атқаратын азаматтардың білімі, тəжірибесін, сана-сезімін көтеруді  қажет  етеді. Сонда ғана қоғамда заңдылық, құқықтық тəртіп болады.

Халықтың, əсіресе заңгерлердің белсенділігі үш түрлі, үш деңгейде болады: біріншісі — құқықтың субъектілері өзара қатынасты тек дұрыс басқарып, жаңалыққа ұмтылмау  —  сылбыр, енжар деңгейі; екіншісі — эвристикалык деңгей — құқықтың субъектілерінің жаңалыққа талпынып, мəселені шешудің жолдарын табу; үшіншісі — интеллектуалдық деңгей — жаңалықты ашуда үзілістің болмау, жоғары дəрежеде белсенділікті көрсету. Белсенділіктің соңғы екі түрі құқықтық сана-сезімнің дамуына өте зор əсер етеді.

Құқықтық сананың мазмұны əр таптың, қоғамның экономикалық, саяси,  мəдени  өмірінде алатын орнына байланысты. Құқықтық сана халықтың саяси жəне құқықтық жауапкершілігін арттырады, өздерінің заңдарда көрсетілген құқығы мен міндеттерін адал орындап отыруына, мемлекет жəне еңбек тəртібін қатаң сақтауға зор үлес қосады.

Қоғамдық сана-сезімнің басқа нысандарына қарағанда құқықтық сана адамдардың ой-өрісіне, рухани ойлану процесіне өте зор əсер етеді. Себебі құқықтық қатынаста адамдар нормативтік актілерді бұлжытпай орындаулары керек, екі жақты құқық пен міндет бар, дұрыс орындалмаса, жауапкершілік бар. Сондықтан құқықтық қатынастардың субъектілеріне түсетін ауыртпашылық айтарлықтай мол.

Еліміздің өтпелі дəуірдегі саяси-əлеуметтік негізі мен болашағы «Қазақстан–2030» стратегиясында нақтылы бағдарланған. Ол республикадағы ұлттардың өзіндік сұраныстарын зерттеуге, олардың дамуына қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларын жүзеге асыру жолдарын айқындаған құжат. Бұл орайда мемлекеттік органдардың  қызметі  əуел бастан халықтар арасындағы мəдени байланыстарды дамытуға, олардың рухани бірігуіне жəне татулығына бағытталғаны маңызды.

Қазіргі нарықтық құбылыстар ауқымы меншікке жаңаша қатынас, кəсіпкерлік, еңбекті жаңаша ұйымдастыру, саяси жүйеге сыпайылық, «құқықтық ойлау», іскерлік,  электрондық  есептеу шеберлігі, саяси-құқықтық жəне экологиялық мəдениет жəне т.б. қасиеттерді  жетілдіруді  қажет етеді. Жаңа қоғамдық қатынастар өз зандылықтары арқылы жетіледі. Құқықтық сана субъектілері бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді.

Дербес құқықтық сана — жеке адамның ішкі сезімінен туындайтын құқыққа жəне оның қағидаларына деген көзқарастары мен қатынастары.

Топтық (корпоративтік) құқықтық сана — қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің қызметтері мен мүдделеріне байланысты қалыптасқан сана. Бұл сана адамдардың мамандықтарына байланысты қалыптасады, мысалы, мұғалімдер, фермерлер, бір партияның мүшелері, қозғалыстар жəне т.б. ұжым біріктірген адамдардың топтары.

Қоғамдық құқықтық сана — белгілі бір мемлекетте немесе жалпы қоғамда бастапқылық дəрежеде бүкіл социум мүшелері мойындаған сананың түрі, қоғамдық-құқықтық  сана  өз дəрежесінде билікті тұрактылықта қамтамасыз етуі мүмкін. Сонымен қатар адамдардың сана наразылығы бақылаудан шығып, қақтығыстар мен шиеленістерді қалыптастыруы əбден мүмкін. Қоғамдық құқық сананың тұрақтылықта болуы көп  жағдайда  мемлекеттегі  материалдық жағдайларға тікелей байланысты.

Жасөспірімдердің құқықтық санасы — жас ерекшеліктеріне, кəмелетке толмағандығына байланысты, өзіндік ерекшеліктері бар сана. Бұл сана жасөспірімнің организмі қалыптасып, жетілу кезеңіндегі ерекшеліктерден туындайды. Құқықтық тəрбие барысында осы өлшемдер міндетті түрде ескеріледі.

Студенттердің құқықтық, санасы — жоғарғы білім алу барысында қалыптасатын сана. Бұл сананың өзіне тəн мынандай ерекшеліктері бар:

а) болашақта құқықтық белсенділікті қалыптастырудың іргетасы қаланады, азаматтық ұстаным жəне патриотизм рухы қалыптасады;

ə) саяси процестерге тартылып, сана болмысы шыңдалады. Бұл көрініс негізінде ірі қалаларда (Алматы, Астана) білім алу барысында іс жүзіне асырылады;

б) құқықтық сана білім алу сапасының төмен деңгейіне, сауатсыздығына байланысты маргиналдық (шетте қалу) деңгейінде қалып қоюы мүмкін. Бұл сана формасын ұялаған субъектілер, Американың социологі Р.Парлатовтың айтуынша, мазасыз, агрессияшіл, өзін ғана құрметтеуші, сезімтал, жасқаншак, эгоцентристік қасиет мінездерімен сипатталады.

Отбасылық құқықтық сана — негізінде отбасы, ошақ қасында некелік қатынастардан туындайтын жəне бір жанұяның дəстүрлік салт-санасымен қалыптасады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Əке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», «Əкеге қарап ұлы өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Бала тəрбиесі — бесіктен», «Мейірімділікті анадан үйрен, əділдікті  данадан үйрен» жəне т.б.

Əйелдердің кұқықтық санасы — əйел заты ағзаның биологиялық процестерінің ерекшеліктеріне байланысты қалыптасатын сана нормасы. Оның өзіне тəн ерекшеліктері бар, психологиялық əдебиеттерде көп жазылған.

Сонымен, құқықтық сананың сапасын жақсартып, қоғамдағы оның маңызын көтеруге зор үлес қосатын құқықтық психология мен құқықтық идеология. Бұл психология мен идеологияны теңестірсек, идеология басым болады. Өйткені психология адамдардың санасында заңдарға олардың қолданылуына байланысты туған тек əсерлерін, көңіл-күйін, сезімдерін ғана көрсетеді. Ал идеологияның қоғамға əсерінің шеңбері де, кеңістігі де өте кең, маңызы да анағұрлым жоғары. Идеология құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастарды белгілі бір жүйеге келтіріп, ғылыми негізде дəлелдеп кызмет атқарады.

Мұндай тұрақты қалыптасқан демократиялық, мəдени, əлеуметтік, құқыктық идеология əр мемлекетке өте қажет. Онсыз қоғам сапалы, жақсы дами алмайды. Мұның аты — ұлттық немесе мемлекеттік идеологияның жоқтығы. Идеология дегеніміз — мемлекеттің жүрегі. Жүрегінде өзіне тəн қасиет жоқ адамның дара тұлға еместігі кімге құпия? Өзіндік идеологиялық бағыт-бағдары, ұлттық бітімі жоқ мемлекет ше? Ол кімге қажет? Əрине, бізге қажеті жоқ. Бірақ сырттағы біреулерге ол ұнайды. Өйткені мұндай мемлекетті бостандықта ұстау оңай [4].

Тəуелсіз жас мемлекеттің іргесін анықтауға байланысты тұжырымның бірі ілімдік жағынан қорытылуға тиіс. Ондай ұлттық идеологияның негіздері бізде жоқ емес. Тек оны нақтылай, дəлелдей түсу керек. Ғылым дəрежесіне қарай бейімдеу қажет. Құқықтық қоғамы бар мемлекет кұрамыз, оған керегі жалпы адамзаттық идея деп тұрсақ та, Қазақстанның өзіне лайық идеологиясы болуын ешкім жоққа шығармас.

Қорыта айтсақ, құқықтық идеологияны жаңғырту, озық өркениет жетістігін қабылдау, мəдениет пен өркениетті ұштастыру, ұлттық тұлға тəрбиелеу, мемлекетімізде қаржы-қаражат, заң, өндіріс, өндіргіш күш, білім беру, денсаулық сақтау мен бұқаралық  акпараттың  үйлесімін  тауып үндестіретін құрал — мемлекеттік, ұлттық, құқықтық идеяны  қалыптастыру.

Бұл жерде ескеретін мəселе, Кеңестік дəуірде заң ғылымын марксизм  теориясына  сəйкес түсініп, ғылыми зерттеулерді, құқықтық мамандарды дайындауды осы бағытта жүргізіп келдік. Дүниежүзілік заң ғылымымен байланысымыз жоқтың қасы болды. Олардың мемлекет жəне құқық теориясының жаңалықтары мен жетістіктерін біз қолданбадық, пайдаланбадық. Сөйтіп, Кеңестік заң ғылымы біржақты дамып, көп кемшіліктерге əкеп соқты.

Қазақстанда құқық жүйесінің болашақта даму бағыттары.

Құқықтық идеологияны қалыптастыруға қоғамдағы барлық саяси, əлеуметтік күштер, ұйымдар бəрі бірігіп, үлес қосуы қажет. Əрбір одақ əр жаққа тартса, қоғамда тұрақты бірлік те, сапалы құқықтық идеология да болмайды. Мұндай қоғамның болашағы жоқ деуге болады.

Құқықтық идеологияны қалыптастыру жұмысы жариялы, ашық, демократиялық  түрде жүргізіліп, барлық халықты, олардың құрған ұйымдарын қатыстыруға толық мүмкіншілік  беру қажет.

Құқықтық идеологияны қалыптастыру процесінде халықтың көпшілігінің мүддесін іс жүзінде асырамыз деп, азшылықтың, жеке адамдардың мақсатына нұқсан келтірілмеуі қажет. Өйткені демократиялық қоғамда жеке адамдардың бостандығы мен құқықтарына шектеу жасауға қатаң тыйым салу қажет.

Құқықтық идеологияның алдындағы сан қырлы мүдде-мақсаттың ең күрделісі, ең маңыздысы — қоғамның саяси-экономикалық жəне Қазақстанның тəуелсіздігін, қорғанысын күшейту. Міне,  осы мəселелерге мемлекет, халық, барлық ұйымдар, бірлестіктер, ұжымдар, саяси партиялар бірігіп іс- əрекет жасаулары өте қажет. Мемлекетіміздің тəуелсіздігі мен егемендігі күшеймей, басқа жақсылықтарды күту, болады ғой деп сену — жай қиял.

Сонымен, құқықтық сана халықтың, адамдардың саяси жəне құқықтық жауапкершілігін арттырады, өздерінің заңдарда көрсетілген құқықтары мен міндеттерін адал орындап отыруына, мемлекеттік жəне еңбек тəртібін қатаң сақтауға зор үлес қосады.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1.  Арыстамбаева С. Гносеология как парадигма правого общественного сознания // Евразийское сообщество: общество, политика, культура. — — № 2. — С. 26–46.
  2. Еликбаев Н. Некоторые аспекты правосознания и правовой культуры в новых условиях // Фемида. — 2004. — № 8,9. — Б. 36–50.
  3. Мартышин О.В. Национальная политическая и правовая культура в контексте глобализации // Государство и право. — 2005. — № 4. — С. 16–67.
  4. Махметова Н.У. Соотношение права и морали // Қазақстан кəсіпкері — Профессионал Казахстана. — 2008. — № 1. — С. 45–112.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.