Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Нарықтық экономикадағы мемлекеттің əлеуметтік қызметі жəне рөлі

Қазақстан Республикасын реформалаудың мақсаттарының бірі — мемлекеттік саясатты əлеуметтендіру арқылы əлеуметтік мемлекет құру.

Қандайда мемлекет болмасын, ең бірінші қоғамның əлеуметтік жағдайын жақсартуға тырысады. Ал ол өз алдына мемлекеттің əлеуметтік саясатын бағдарлауды талап етеді. Тауар өндіретін қоғам бірінші кезекте нені, қалай жəне кім үшін өндіру керек деген проблеманы алға қояды.

Мемлекеттік əлеуметтік саясаттың қызметі өндірілген тауарларды қоғам ішінде əр түрлі деңгейдегі топтар арасында бөлу жəне қайта бөлу дегенді білдіреді. Мемлекеттің əлеуметтік саясатының негізгі өмір сүру шарты қоғамдағы жағдайы нашар топтарды əлеуметтік қамтамасыз ету үшін, халықтық табыстың белгілі бір бөлігін бөле алатын нарықтық экономикалық дамудың жоғарғы деңгейі болып табылады. Сондықтан мемлекеттің əлеуметтік саясаты дегеніміз  — азаматтар арасында табыстың белгілі бір бөлігін мүмкіндігінше тең етіп бөлуге жағдай жасау, қоғамның əлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету жəне экономикалық қатынастарды реттеп отыру.

Осы   орайда   философияға,   саясаттануға   жəне   əлеуметтануға   қатысты   «əлеуметтік жүйе»,«əлеуметтік даму», «əлеуметтік қатынастар» т.б. категориялар қолданылып жұр.

Ғылыми      əдебиеттерде  «əлеуметтік       мемлекет»,       «əлеуметтік       жүйе»,   «əлеуметтік       даму», «əлеуметтік қатынастар» т.б. түсініктер толығымен қарастырылмаған. Осы категориялардың мəнін ашып көрсету əлеуметтік саясаттың мақсатын, бағыт-бағдарын жəне қоғамдағы рөлін анықтаудың алғы шарты болып есептеледі.

«Əлеуметтік қатынастар» түсінігі — философиялық категория, бірақ философиялық əдебиеттерде жалпыға бірдей ортақ анықтама таба алмаймыз. Кейбір ғалымдар «əлеуметтік қатынастарды» «қоғамдық қатынастар» деумен шектеледі, яғни əлеуметтік қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше түрлерінің бірі деген пікір бар. Қазіргі таңда «əлеуметтік қатынастар» түсінігі кең   мағынада   қолданылып   жүр.   Бірақ   бізге   керегі   əлеуметтік   қатынас   деген   түсініктің өзі.

«Əлеуметтік қатынас» деген түсініктің өзінде екі жақты пікір туындауы мүмкін. Бір жағынан алғанда, əлеуметтік қатынастар деп отырғанымыз — саяси жəне экономикалық қатынастардың арасын байланыстырып отырған категория, екінші жағынан — экономикалық жəне саяси қатынастардан ерекше дербес өзінің қызметі бар əлеуметтік қатынас. Егерде жалпылама қарастыратын болсақ, əлеуметтік қатынастар саяси жəне экономикалық базис жəне қондырғылардың арасындағы байланыс. Əлеуметтік — ол ұлт, топ, отбасы жəне жеке адамның өзіне ғана тəн құбылыс. Қоғамдық өмірдің əлеуметтік саласы — адам оның қоғам өміріндегі орны мен қызметі, сұраныстары.

Əлеуметтік даму дегеніміз — əлеуметтік қатынастардың дамуы. Оған əр түрлі объективтік факторлар əсер етеді. Бір жағынан, қоғам мүшелері, екінші жағынан — қоғамдағы саяси жүйенің субъективтік іс-əрекеті. Осы саяси жүйенің іс-əрекетін əлеуметтік саясат дейміз. Сондықтан, əлеуметтік саясат дегеніміз — субъективтік факторлардың негізінде, мемлекеттің əлеуметтік процестерге мақсатты түрде бағытталған, əлеуметтік процестердің объективтік дамуы.

Əлеуметтік дамуды екі жақты қарастыруға болады. Біріншіден, төменнен,  халықтың немесе жеке бір топтың əсері арқылы. Екіншіден, жоғарыдан, яғни əлеуметтік дамуға саясаттың тікелей əсері. Бірінші факторды алып қарастыратын болсақ, стихиялы немесе саналы, пассивті немесе белсенді болады. Екінші фактор мемлекет тарапынан саналы түрде қандай да бір мақсатқа бағытталған, саяси субъектілердің (партиялар, кəсіподақтар, қоғамдық ұйымдар т.б.) іс-əрекеті.

Мемлекеттің əлеуметтік саясаты — ол мемлекет өз тарапынан нарықтық экономика жүйесіндегі қатысушылар арасында қайшылықтарды болдырмау, экономика негізіндегі əлеуметтік шиеленістерді реттеуді қамтамасыз ету, барлық саладағы халықтың əлеуметтік жағдайларына жан-жақты қолдау беріп отыру жəне т.б. Бір жағынан алғанда, нарық өзінің əлеуметтік рөлін іске асыра алмаған жағдайда, мемлекеттің əлеуметтік саясаты іске қосылады. Яғни нарықтық қатынастардың бар кемшіліктерін жойып, толықтырып отырады. Бұл өзінің мазмұны жағынан шектеулі, ал ауқымы жағынан кең мемлекеттің əлеуметтік саясаты болып есептеледі (нарықтық қатынастар процесі тұрғысынан алып қарастырғанда). Ал мемлекет тарапынан алсақ, мазмұны жəне көлемі жағынан кең, яғни барлық салаларды қамтитын, мемлекеттің əлеуметтік саясаты. Тұрғындарды  əлеуметтік жағынан толық қамтамасыз ететін, қоғамның барлық деңгейдегі институттарды толығымен қамтитын мемлекеттің саясаты. Қоғам өмірінің болмысында бұл əлеуметтік саясаттың қызметі ерекше.

Мемлекеттік əлеуметтік саясаттың осы екі компоненті, мемлекет қоғамның əлеуметтік саласына араласу деңгейі бойынша ерекшеленеді. Іс жүзінде саясаттың бұл компоненттері əр түрлі. Батыстың дамыған елдерінде нарықтық экономика либералдық жəне демократиялық жүйелердің əсері арқылы дамыды. Экономикасы дамып келе жатқан басқа мемлекеттерде нарықтық экономиканың дамуына мемлекетті басқарып отырған билік жүйесінің əсері ықпал етеді. Сондықтан мемлекеттің əлеуметтік саясаты барлығына бірдей жəне біржақты əсер тигізеді деген көзқарас қате. Оған себеп мемлекеттің жүргізіліп отырған саясаты, геосаясат жəне нарықтық экономикалық қатынастардың даму деңгейі т.б. Өзінің табиғаты жағынан ерекшеленетін процестер септігін тигізеді. Бірақ əлеуметтік саясаты жəне нарықтық экономиканың əлеуметтік саласын бағдарлап отырған мемлекеттер  үшін субстанционалдық жағынан біріктіретін бірнеше категориялар бар:

а) экономиканың дамуына тікелей əсер етпейтін, бірақ өзінің жанама əсерін тигізетін тұрғындарды əлеуметтік қамтамасыз ету функциясы, яғни мемлекет тарапынан тегін берілетін жеңілдіктер (денсаулық сақтау, білім беру, мəдениет, демалыс саласы т.б.);

ə) халықтың демографиялық жағдайы. Мемлекетке кіретін табысты бөлу жəне қайта  бөлу кезінде есепке алынатын процесс;

б) қоғам екі жақты көзқараста тұрады: өзінің жеке табысының өсуі немесе қоғамның барлық мүшелерінің əлеуметтік жеңілдіктерінің бар болу жағдайы (нарықтық экономикалық катынастарда бұл заңды процесс);

в) нарықтық экономиканы дамыту процесінде өзекті проблема — ол мемлекеттік саясаттың экономика заңдылықтарына араласу деңгейі. Бұл мəселе — қарама-қайшылықтарды туғызатын, мемлекет пен қоғам арасында өзіндік болмысы бар проблема. Бір жақты шешімі жоқ. Осы проблема төңірегінде туындаған сұрақтар ерекше жауаптар мен шешімдерді талап ететін мəселе. Себебі мемлекеттің қызығушылығы, қоғамның қызығушылығы жəне жеке адамның қызығушылығы алға қойылады. Мемлекет өзінің даму заңдылығына, қоғам өзінің заңдылығына жəне жеке адам өзінің заңдылығына сүйеніп дамиды. Олардың диалектикалық байланысы — қызығушылық. Қарама- қарсылықтың бірлігі мен күресі заңы.

Əлеуметтік саясаттың басты компоненті — оның субъектілері. Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алған жылдардан бастап халықтың сана-сезімінде қоршаған ортаға, жалпы əлемге деген көзқарасы тұп-тамырымен өзгерді. Халық саясаттың пассивті объектісінен саясаттың белсенді субъектісіне айналды. Ал оған түрткі болған еліміздегі белсенді саяси-экономикалық реформалар. Қоғамды демократияландыру халықтың белсенділігін туғызады. Сайлау арқылы ел өз болашағын қай бағытта дамыту керектігін таңдай алады. Сондықтан мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты заңды түрде əлеуметтік саясатқа айналады. Мемлекеттік билікке белсенді араласып отырған халық саясаттың субъектісіне айналмайды.

Əлеуметтік саясат — мемлекеттік саясаттың компоненттерінің бірі. Осыған байланысты, мемлекеттің жүргізіп отырған əлеуметтік бағыт-бағдарын басқа бағыттардан жеке бөліп қарастыра алмаймыз. Ең бірінші экономикалық саладан. Экономиканың даму деңгейіне байланысты денсаулық сақтау, əлеуметтік қамтамасыз ету, демалыс, білім беру т.б. шаралардың, əлеуметтік объектілердің, көрсеткіштері қандай деңгейде екендігін аңғаруға болады. Экономикалық қатынастардың жəне экономикалық прогрестің факторы ретінде əлеуметтік жүйені қарқынды  дамыту  болып    есептеледі.

Халықтың əл-ауқатын жақсартпай, нарықтық экономиканы реформалауға болмайды. Халықтың əлеуметтік жағдайы ұлттық экономиканың даму деңгейін белгілейді жəне көрсеткіші болып табылады. Ұзақ уақыт бойы əлеуметтік даму экономикадағы өзгерістерге байланысты деген көзқарас қалыптасып келді. Яғни экономикадағы өзгерістердің салдарынан əлеуметтік прогресс туындайды.

Саяси-экономикалық реформалар елімізге көптеген өзгерістер алып келгендігі белгілі. Солардың бірі — экономиканың əлеуметтік бағыты. Жасалып жатқан игі шаралар бірден халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартады деген көзқарас дұрыс емес. Əлеуметтік дамуды қалпына келтіру үшін, халықтың сұранысы мен қызығушылығын анықтап алған жөн. Мемлекеттік əлеуметтік саясат жеке тұлғаның əлеуметтік сұранысынан қалыптасады. Əлеуметтік сұраныс дегеніміз — халықтың материалдық игілігі, мəдени деңгейі, оларды қанағаттандыру, жеке тұлғаның қалыптасуының көрсеткіші болып есептеледі. Ал сұраныстың өзі қызығушылықтан пайда болады. Бірақ көптеген ұйымдардың, топтардың қызығушылығы қоғамдық қызығушылықпен сəйкес келмейді. Сондықтан мемлекеттік əлеуметтік саясат осы қызығушылықтардың субъективтік жəне объективтік жақтарын сараптап, олардың арасында қарама-қайшылықтарды тудырмауы тиіс.

Мемлекеттік əлеуметтік саясат туралы айтқанда, құқықтың қоғамдағы рөлін ұмытпаған дұрыс. Құқық қоғамдағы қатынастарды реттеуші жəне басқарушы механизм ретінде қарастырылып келді. Қазіргі заман басқа көзқарасты талап етеді. Сондықтан құқыққа деген жаңа қатынас, жаңа ой түсінік қалыптастыру керек. Құқық қоғамдық қатынастарды реттеудің басты құралы болып келсе, енді оны мемлекет, саясат жəне т.б. басқару органдары арқылы əділеттілікті іске асыру құралы деп білу керек.

Кеңес Одағының əдебиеттерінде құқыққа əсер ететін жəне іс жүзінде іске асыратын, бағыттап отыратын саясат деген ұғым қалыптасқан. Себебі саясаттың құқыққа қарағанда, іс əрекет ауқымы кең. Сондықтан саясаттың құқықты бағыттап отыратын мүмкіндігі бар. Яғни құқық — саясаттың ресми көзқарасының формасы.

Мұндай көзқараспен келіспеуге болады. Құқықтың саяси, саясаттың құқықтық мəні бар. Бұл процесс екі жақты. Құқық саясаттың ресми көзқарасын білдіру арқылы сол саясаттың негізі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, саясат құқықты бағыттап отырған жоқ, керісінше, құқық саясатты бағыттап отыр деп айтуға болады. Бірақ мемлекет құқықты құрал ретінде пайдаланып, қоғамды басқарып отыр деген пікір ақиқатқа біршама сəйкес келмейді. Онда мемлекет күштеп өзінің еркін, көзқарасын байлап отыр. Ал ол өз алдына, қоғамдағы қалыптасқан тəртіпті бұзуға алып келеді, яғни барлық əлеуметтік салалардың арасындағы заңдылық бұзылады. Осыдан келіп туындайтыны — экономиканың құлдырауы. Сондықтан мемлекеттік əлеуметтік саясат құқықтың еркін білдіруші құрал деген қағиданы ұстану керек.

Мемлекеттік əлеуметтік саясаттың бірнеше компоненттерін бөліп қарастыруға болады: ұлттық саясаттың негізі, халықтың əл-ауқатының негізі, əлеуметтік саладағы азаматтардың құқықтары, қоғамдағы əлеуметтік саланы жетілдіру негізі т.б.

Мемлекеттік əлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты — халықтың материалдық сұраныстарын қанағаттандыру арқылы əлеуметтік жағдайын жəне жалпы əл-ауқатын арттыру.

Қазіргі таңда біз əліде болса да, басқа мемлекеттердің қатарынан əлеуметтік бағдарлау жағынан артта қалып келеміз. Оған тұтыну тауарларының жетіспеушілігі емес, ішкі нарықты толығымен өзіміздің тауарлармен қамтамасыз етілмегендігі. Басқа мемлекеттердің өнімдерін пайдалану арқылы сол мемлекеттің экономикасын дамытуға септігін тигізіп отырмыз, ал олар өз алдына əлеуметтік жағдайларын жақсартып отыр. Айналып келгенде, біз оларды материалдық жағынан толығымен қамтамасыз етіп отырмыз жəне де экономикамыздың жағдайы тікелей сол мемлекеттерге байланысты болып отыр, олай болса, əлеуметтік əл-ауқатымыз да сол мемлекеттерге байланысты деп айтуға болады. Сондықтан, экономикамыздың əлеуметтік саласын бағдарлау қиынға түсіп отыр. Халықтың əл-ауқаты өндірілген өнімге байланысты, бірақ халықтық сұранысты қанағаттандыру деңгейі, мемлекет ұлттық табыстың қандай бөлігін сол сұраныстарды қанағаттандыруға жұмсайды,  міне, соған тікелей байланысты. Ал ол үшін өзімізде өндірілген өнімді шет мемлекеттерге сату арқылы ұлттық табыстың негізі қайнар көзін қалау керек. Сонда ғана халықтың əлеуметтік пайызы арта түседі жəне экономиканың əлеуметтік салаларын бағдарлау тікелей өзімізге ғана байланысты болмақ. Халықтың материалдық жəне рухани дербестігі пайда болады.

Қазіргі жағдай дүниежүзілік қаржы дағдарысына алып келгені анық. Осындай жағдай қоғамның əлеуметтік саласына қалай əсер етеді? Халықтың тұрмыстық деңгейі қаншалықты төмендейді? Жəне мемлекеттегі реформалық өзгерістер қоғам дамуының қандай жолына алып келеді деген субстационалдық негізі бар сұрақтар өз жауабын талап етеді. Мемлекеттегі жүргізіліп жатқан əлеуметтік реформалар халықтың тұрмыстық жағдайына объективті түрде əсер ететіні сөзсіз. Бірақ ол қаншалықты (əлеуметтік жағынан алып қарастырғанда) əділетті түрде қоғам мүшелеріне əсерін тигізеді. Басты архи негізі бар сұрақ осында.

Халықтың осындай ахуал жағдайында көптеген кемшіліктер болуы мүмкін. Сол себепті экономиканы қайта реформалау кезінде халық табысының төмендеуінің объективтік факторын, тұрғындардың əлеуметтік жағдайын жеткілікті қалпында қалдыруға қандай мүмкіндіктер бар? Осы жəне тағы басқа сұрақтарға жауап беру үшін, бірінші орында мемлекеттің нарықтық экономика жағдайында əлеуметтік рөлі қандай? Осы мəселені анықтап алған жөн.

Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа арнаған жолдауының «Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мəселесі» деп аталуы мемлекеттік саясат халықтың əлеуметтік мəселелеріне баса назар аударғандығының кепілі. Н.Ə.Назарбаев халыққа арнаған жолдауында корпоративтік əлеуметтік жауапкершілік мəселесін атап өтті. Ол мемлекеттің ғана емес, барлық бизнес қаумдастығының құзырында екендігі жəне жеке кəсіпкерлердің қоғамдағы əлеуметтік проблемаларды шешуге ат салысып отырғандығы əлеуметтік мемлекет құру жолында көрсеткіш болып табылады.

Мемлекеттің əлеуметтік рөлі туралы мəселені қарастырғанда адамзаттың əлеуметтік-саяси құндылықтарына    да    назар    аударған    жөн.    Осы    мəселе    төңірегінде    ғалым В.Баймұрзаева:

«Жалпықазақстандық əлеуметтік саяси құндылықтар ұлттық мүдделерге қатысты алғанда, трансцендентік құбылыс емес екендігін атап өткен жөн. Жалпықазақстандық əлеуметтік-саяси құндылықтардың тамыры маңызды ұлттық қажеттіліктер мен мүдделерде жатыр, солардан бастау алады. Ұлттық құндылықтардан олардың негізгі айырмашылығы сонда, олар жекеленген қандайда ұлттық емес, қазақ жерінде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мүддесін білдіреді», — деген пікір айтады [1]. Расында, мемлекеттің əлеуметтік саясатын бағдарлау жолында, жалпы халықтың мүддесін, əлеуметтік-саяси құндылықтарын анықтап алған жөн.

Нарықтық экономикадағы мемлекеттің əлеуметтік рөлі — осы құндылықтарды сараптау. Халықтың əл-ауқатын арттыру процесінде материалдық құндылықтар ғана емес,  рухани құндылықтар да баса орын алады. Адамның өмірі, бостандығы, құқықтары т.б. құндылықтар сырт қалмауы тиіс. Мемлекеттің халық алдындағы əлеуметтік жауапкершілігі осы. Нарықтық экономиканың əлеуметтік реформалау жүйесінде əлеуметтік құндылықтары толығымен сақталып, қамтамасыз етілуі тиіс.

Қазіргі əлемдік қаржы дағдарысы көптеген мəселелердің шешімін талап етеді. Мемлекеттің экономикасын көтеру процесінде біржақты проблемаларды шешуге талпыныс жасаймыз. Оған себеп болатын, көптеген мемлекеттердің экономикалық жағынан салыстырмалы түрде бір-біріне тəуелділігі. Ол саясатқа жəне қоғамның басқа салаларына өз əсерін тигізбей кетпейді. Мемлекеттің экономикасын қайта жандандыру барысында дамыған елдердің тəжірибесіне жүгінген дұрыс болар, бірақ экономиканы жандандыру, рухты жандандырған сияқты, өзінің ерекше қатынасын талап етеді. Əр елдің өзіндік тəуелсіз тарихы, салт-дəстүрі, психологиясы, ділі, діні т.б. құндылықтары бар. Осының барлығын ескерген жөн. Бірақ алдыңғы қатарлы мемлекетттердің де жетістіктерін пайдаланған артық емес. Мысалға, АҚШ-да, ЕуроОдақ мемлекеттерінде жəне Азияның дамыған көптеген елдерінде экономикалық даму корпорациялары құрылған. Олардың тікелей функционалдық қызметтері — орта жəне кіші бизнестерге көмек көрсету. Дотация, салық жеңілдіктерін беру, жалпы айтқанда, мемлекет өз жағынан жеке бизнесті дамыту үшін, белгіленген заңдарға сəйкес жан-жақты көмек көрсетеді. Ал орта жəне кіші бизнестегі кəсіпкерлер өз тарапынан мемлекеттегі көптеген əлеуметтік проблемаларды шешуге өздерінің септігін тигізеді. Бұл айтарлықтай көптеген əлеуметтік мəселелерді шешер еді. Бір жағынан алғанда, жұмыссыздар жұмыспен қамтамасыз етіледі, екінші жағынан — сол жергілікті жердің əлеуметтік саласы бой көтере түсері сөзсіз.

Дамыған елдердің тəжірибесі көрсеткендей, шет елдердің тікелей инвестициялары халықтың тұрмыстық əл-ауқатын жақсартуға ықпалын тигізеді. Бірақ жеңіл өнеркəсіптерді дамытуға шет елдік инвесторлар қаржыландыруға аса көп көңіл бөлмейді. Оған тікелей себеп болатын  өз мемлекеттерінде шығарылатын өнімдерге біздің мемлекетте шығарылатын өнім бəсеке болмақ. Бұл бір шама алаңдатарлық жағдай. Сонымен қоса олар қоршаған ортаға тигізетін зардаптарына да немқұрайды қарайтындығы жасырын емес. Ал ол өз алдына сол жерде тұратын тұрғындардың денсаулықтарына əсерін тигізеді жəне əлеуметтік жағдайларын нашарлатады.

Нарықтық экономиканың заңдылықтарына сəйкес шет елдерден келген инвесторлар азық-түлік, сауықтандыратын, жанармай жағатын, дəрі-дəрмек сататын т.б. объектілерді салады, одан пайда түсірудің көзін табады. Бірақ мемлекет, жеке кəсіпкерлер мен инвесторлардың арасындағы келісім- шартқа қарамастан, шет елдің инвесторлары жергілікті жерде шығарылатын өнімдерден бас   тартып, өз елдерінде шығарылатын өнімдерді тікелей алып келу арқылы, өз мелекетіне жəне өзіне пайда түсіреді жəне де шығарылатын тауарларды сату рыногымен өздерінің жеке кəсіпкерлерін қамтамасыз етеді.

Əр мемлекеттердің заңдары əр түрлі, бірақ нарықтық экономиканың заңдылығына сəйкес, сауданың қайнар көзі — пайда түсіру. Ол қандай да мемлекетке болмасын тиімді. Сондықтан пайда түсіру үшін өздерінің жеке кəсіпкерлеріне жан-жақты көмек көрсетуге дайын. Сондай көмектердің бірі — экпортқа шығарылатын тауарларға баж салығын төмендету. Екі жаққа да тиімді жұмыс. Атап кеткендей, мемлекет өз тарапынан белгіленген заңдарға сəйкес жеке кəсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуі тиіс. Профессор О.Төлемісов «Мемлекет шет ел тауарларын сырттан əкелу жолына баж салығын салып жəне сыртқа шығару жолына сыйлық беріп сауда бағасын толтыруды көздеді. Бұндай теория белгілі мерзімде экономиканың қалыпты дамуына септігін тигізеді» [2], — деген пікір айтады. Жоғарыда айтылып кеткен өзекті мəселеге оралатын болсақ, өздерінің өнімдерін шет мемлекеттерге сату арқылы, өзеріне пайда түсіріп қана қоймай, сол мемлекеттің экономикасына зардабын тигізетіні белгілі. Халық болса, күнделікті тұтынатын тауарлардың тапшылығына байланысты, еріксіз басқа елдерде шығарылатын тауарларды пайдалануға мəжбүр. Осындай жаһан дүниені қаржы дағдарысы басып отырған жағдайда, елімізді қаржы дағдарысынан шағарудың жолын қиындатып отырғандығы аян. Бұл біздің мемлекетіміздің экономикасына кері əсерін тигізіп   отырған бъективтік факторлардың бірі ғана.

Ал енді осы дүние жүзін жайлаған қаржы дағдарысы қайдан шықты (кейбір ақпарат беттерінде экономикалық дағдарыс деп айтып жүргендер бар, ол дұрыс емес, қаржы дағдарысы. Экономиканың құлдырауына өндіріп отырған тауардың жетіспеушілігі емес, ақшаның, соның ішінде доллардың құнсыздануы тікелей себеп болып отыр). Оны қалай шектеуге болады, одан құтылудың жолдары қандай деген ойлар барлық саналы азаматтарды ойландырып жүргені жасырын емес. Дүниежүзілік сауда қауымдастығын алаңдатып отырған мəселе — өндірілген өнім мен оның арасындағы нақты бағаның сəйкес келмеуі. Тағыда себеп болатын, ақшаны басып шығаруды қадағалап отыратын ұйымдардың өз қызметтік міндеттерін толығымен орындай алмай отырғандықтан. Ал енді осы қаржы дағдарысының ең басты объективтік себебі, ол əр жеке саналы азаматтың өзінің ішкі ресурстарын қанағаттандыра алмауында. Пайда мен қанағат арасындағы шекараны қай жерден өтетіндігін білмегендіктен. Сондықтан жаһанды жайлаған қаржы дағдарысын материалдық құндылықтырдың құлдырауынан емес, адамның ішкі рухани болмысының дағдарысқа ұшырап, құлдырауынан деп білу керек. Осыдан келіп барлық адамзатқа жат, жағымсыз проблемалар туындайды.

Оның жанама жəне тікелей себептерін жоғарыда айтып кеттік. Ал енді одан шығу жолдары қандай болмақ?

Бастапқы орында мемлекеттің экономикадығы қызметі мен орнын қарастырған дұрыс. Ертедегі Шығыс, соның ішіндегі көне қытайдың ұлы ойшылы Конфуций өзінің əлеуметтік-саяси трактаттарында мемлекеттің қоғам өмірінде алатын орны ерекше екендігін атап өткен. Қоғам мүшелері өздерінің отбасында қожайынға қалай бағынса, солай императорға, яғни əкесіне бағынғандай, бағынуы керек. Ал мемлекет басшысы (император) халқын əділетті басқару керек деген көзқарас айтқан. Əрине, сол замандағы ой түсінігімен қазіргі заманғы ой түсінігін салыстыруға келмес, бірақ бұл көзқараста біршама ақиқаттың қайнар көзі жатқан сияқты.

Көне Греция ойшылдары да мемлекеттің қоғам өмірінде жəне экономика қызметінде алатын орнына баса назар аударған. Платон «Мемлекет», «Заңдар» деген  шығармаларында идеалды мемлекет «шындық», «əділеттілік», «игілік» жəне таға басқа құнды категорияларға негізделуі тиіс деген ой білдіреді. Біздің дəуірімізге дейінгі шамамен 5 мың жыл бұрын өмір сүрген грек ойшылы Луций Анней Сенака адамның ар-ұяты, намысы туралы ой толғаған. Ол əр адамның ішкі моральдік негізі, неміс классикалық философияның негізін қалаушы И.Канттың тілімен айтқанда, категориалды императиві. Одан құтылудың жолы жоқ.

Георг Вильгельм Гегельдің де абсолюттік рух туралы, ол əр жеке азаматтың өмірінде керекті қару ретінде қолданылуы керектігін айтады. Гегельдің абсолютті рухы халықтың жігерімен, рухымен пара-пар. Халықтың рухтық қасиеті сол мемлекеттің рухани дүниесіне ғана емес, экономикасына, саясатына жəне құндылықтарына əсерін тигізетіні белгілі. Тарихта оған келтірер мысал көп. Германияның Екінші дүниежүзілік соғысынан кейінгі əлеуметтік, саяси жəне экономикалық жағдайы, рухани жағдайы, сол халықтың жүздеген жылдар бойы жинақтап қалыптастырған дүниесін жоққа шығарған кезеңдерді бастан кешірді. Осындай ауыртпашылық заманға қарамастан, олар рухани дүниесін сақтап қала берді. Осы əлемдік құндылығы бар дүниенің арқасында экономикасын жəне мəдениетін аяғынан тік тұрғызғаны тарихта белгілі оқиға. Ал Үнді мемлекетін алсақ, əлеуметтік- экономикалық жағынан дамушы мемлекеттердің қатарында болса да, ұзақ жылдар бойы Ұлыбританияның отаршылдық саясатының құзырында болып келгенімен, өздерінің  мыңдаған жылдар бойы қалыптасып келген рухани дүниелерін сақтап қалды жəне қазіргі заманның ағымына сай дамытып келеді. Осы жəне тағы басқа тарихта болған оқиғалар халықтың рухы мықты болса, жаһанды жайлаған қаржы дағдарысы ғана емес, басқада ауыр жағдайлар болсын, одан шығудың жолы жəне кепілі.

Ал халықтың рухын көтеретін, оған күш-қуат беретін мемлекет, оның жүргізіп отырған əлеуметтік саясаты, халық болса өз тарапынан мемлекетке өзінің шын ниетімен қолдау жасау, жан- жақты көмек көрсету. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы терең диалектикалық байланыс. Сондықтан мемлекеттің экономикалық қызметі — қоғамда ерекше сала. Қазақ халқының рухы мықты екендігі тарихта белгілі. Сондықтан əлемді жайлаған қаржы дағдарысынан шығудың жолы — ол рухтың биік болуы жəне өзара ынтымақтастық. Мемлекет өз халқына қолдау көрсету арқылы жəне жүргізіп отырған саясаттың əлеуметтік бағдары дұрыс болуы деп есептейміз.

Осы тұрғыдан алғанда мемлекет тарапынан, сонымен қатар Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың тікелей қатысуымен, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту жөніндегі игі іс-шаралар қолға алынып, барлық мүмкіндіктер жасалып жатқаны барлық елге аян. Осыған байланысты мемлекеттің əлеуметтік саясаты, оның əлеуметтік процестерге араласуының қандай деңгейде екендігін анықтауға болады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Баймұрзаева В. Қоғамдағы əлеуметтік-саяси құндылықтардың мəні // Ақиқат. — № 3. — 2008. — 27-б.
  2. Төлемісов О. Экономиканы мемлекеттік реттеуді жетілдіру жəне дүниежүзілік дағдарыстан шығу мəселелері: Халықарал. ғыл.-тəжір. конф. Əлемдік қаржы дағдарыс салаларынан арылу жəне Қазақстан экономикасының даму келешегі. — Астана, 2009. — 71-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.