Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Батыс пен шығыс дүниетанымының диалогы

Қазіргі уақытта Батыс пен Шығыстың философиялық жəне мəдени мұраларын сатылап салыстыру мəселесімен айналысатын — философиялық əлеуметтік компаративистика, немесе салыстырмалы философия. Қазіргі заманғы философиялық əлеуметтік компаративистика тарихи философиялық зерттеулердің дербес саласы жəне оқу пəні ретінде өзінің институционалдық жəне концептуалдық негізінің ақырына таяп қалды. Мысалы, екі компаративистік зерттеулер орталықтарына — Гавай университеті — Гонолу, АҚШ жəне Нью-Дели, Индиядағы  зерттеу орталығы жатады. Бұл орталықтарда 1939–1989 жылдары Батыс — Шығыс мəселесіне қатысты 6 конференция өтті. 1951 жылдан бастап тоқсан сайын «Батыс пен Шығыстың философиясы» атты журнал шығып тұрады. Мұнда көптеген компаративистік философтардың деректораты өтіп, философтар өздерінің ойларын ортаға салады. 1993 жылы Гавай университетінің негізінде компаративистикалық философияның еуропалық қоғамы ашылды. Өзінің тарихи дамуы барысында əлеуметтік философиялық компаративистика тарихи философиялық таным процесінде теорияда да методикада да жаңа құндылықтар мен жаңалықтарға ие болып отырды. Əлеуметтік тарихи практикадағы пайда болып жатқан өзгерістерге байланысты, Батыс пен Шығыстың диалогының дамуы барысында, əр түрлі философиялық бағыттағы ойшылдар тарихи-əлеуметтік философиялық компаративистиканың философиялық ғылымдардың бір саласы ретінде дербес түрде өз алдына құрылуына атсалысты.

Осы жоғарыда айтылғандар төмендегі тезистерді зерттеуге мүмкіндік береді. Олар:

  • Батыс пен Шығысты салыстыру тарихшы-ғалымдардан методологиялық ізденістердің аясын кеңейтуді талап етеді, өйткені салыстырмалы методология тарихи философиялық білімнің негізі болып табылады;
  • көптеген авторлардың пікірінше, философияның концептуалды тарихын жасаудың негізінде салыстыру əдісі жатыр дейді, осының арқасында соңғы уақытта философиядағы эклектизмнің ролі өсуде;
  • XX ғасырда философияға ұлттық формалардың əсер ету ықпалы өрістеуде, ал бұл салыстыру əдісінсіз мүмкін емес.

Философияда компаративистикалық əдіс-тəсілдерді қолдануда мынадай мақсаттар қолданылады, ал қойылған мақсат зерттеудің келесі міндеттерін айқындайды, олар:

  1. Философия тарихындағы салыстыру əдісін түсіндірудің негізгі кезеңдері мен тенденцияларын айқындау.
  2. Əдіс ретіндегі салыстырудың механизмдерін ашатын тұрақты концептер мен ұғымдарды айқындау.
  3. Тарихи-философиялық зерттеулерге салыстырмалы əдісті қолданудың ерекшелігін айқындау.
  4. Философия тарихында қолданылатын салыстырмалы методологияның типтерін жіктеу.

Философиялық компаративистика философия тарихының бір бөлімі бола отырып, дүниежүзілік тарихи-философиялық процестегі жекелік пен жалпылықты айқындауды өзіне мақсат етіп қояды. Философиялық компаративистика сонымен қатар əлеуметтік тарихи жəне мəдени өзгерістердің нəтижесінде пайда болып жатқан философиялық өзгерістерді зерттеумен айналысады. Нақ осы философия мəдениет пен өркениеттің маңызды феномені ретінде проблемалық жағдайды тудырып, жалпы адамзаттық өркениет пен мəдениеттер диалогы шеңберінде мəдениет пен өркениет  жөніндегі түсініктердің мазмұнын анықтауға атсалысады. Əлеуметтік-философиялық компаративистика мəдениеттің гуманистік сипаты мен жалпы адамзаттық білімнің бірлігіне назар аудару арқылы өз мақсатына жетеді. Мұнда мəдениет арасындағы ұқсастықтарға назар аударылады [1].

Мамандардың айтуынша, философиялық компаративистика методологиясы осы уақытқа дейін толыққанды зерттелген жоқ. Философиялық жүйелерді мазмұнды  түрде компаративистикалық жақтан зерттеу, салыстырулар үшін бізге негіз табу қажет. Біз бұл негізді табуға ұмтылғанда қиындықтарға кезігеміз.

Философиялық жүйелерді салыстыруда негізді тауып алу үшін олардың принципиалды түрде жеке-жеке қарастыруымыз керек. Ал оларды қарастыру барысында біз оларды салыстырамыз. Бұл жерде мəселе тек философиялық жүйелерді қалай салыстыру керектігі жөнінде болып отырған жоқ, сонымен қатар нені салыстыруымыз керек, не үшін салыстыруымыз қажеттігі жөнінде болып отыр. Философиялық компаративистика мəселесін талдауда философияның əдістерінен емес, философияның пəнінен бастауымыз керек.

Бұл орайда тарихқа жүгінсек, онда мынадай сұрақ туады: «Қашан жəне неліктен философиялық компаративистика пайда болды?» «Философиялық компаративистиканың пайда болуы ондағы таза танымдық мəселелерді шешуге ғана қатысты болды ма?» Жоқ. Көптеген авторлар философиялық компаративистиканың пайда болуын дүниежүзілік тарихтың дамуындағы белгілі бір кезеңмен байланыстырады.

Еліміздің экономикасы мен мəдениетінің дамуына байланысты ХІХ ғасырдың бас кезінен бастап философиялық компаративистика алуан түрлі аймақтардың дүниетанымын ұғынып түсінуге ұмтылыс жасады.

Философиялық компаративистика ХХ ғасырдағы батыстық жəне батыстық емес философияның ерекше идеялары мен идеалдарын түсіндіріп бейнелеп беруге, Батыс жəне Шығыс елінің негізгі наным-сенімдері мен құндылықтарын танып-білу арқылы екі елдің арасындағы өзара түсіністікті қалыптастыруға қол жеткізуге апаратын көпір тəріздес болды.

Мұндай ізденіске берілген бағалар пессимистік жəне оптимистік сипатта болды. Бұған оптимистік көзқарас білдірген ойшылдар философиялық компаративистиканың негізгі мақсаты алуан түрлі дүниетанымдық салт дəстүрлер мен құндылықтарды дүниежүзілік тұрғыдан синтез жасау болып табылады деген болатын. Яғни философиялық компаративистика осы синтездің негізінде бірыңғай əлемдік философияны жасай алады [2].

Компаративистердің пікірінше, философия экономика, дін, өнер сияқты мəдениеттің салаларындағы талас-тартыстардың болу мүмкіндігін азайтып, оларды жеңілдетудің, «əлемдік серіктестікті» құрудың маңызды факторы болуы мүмкін. Ол үшін философия өзара түсінісуді басшылыққа алуы керек дейді. Өйткені мұнда бірнеше елдер мен халықтардың мəдениеттері үйлесімін табады, мəдениет саласындағы байланыстар да күшейе түседі. Мысалы, Батыс пен Шығысты компаративистикалық тұрғыдан талдаудың негізгі өзегіне үнді философы П.Т. Раджудың пікірінше, Батыс пен Шығыстың философиялық дəстүрлері жатады, өйткені екі елдің ұстанатын салт- дəстүрлері мен құндылықтары алуан түрлі. Қалалық, еркектік сипаттағы, жігерлі де техникалық Батысты əйелдік сипаттағы нəзік, аграрлық, философиялық Шығыспен байланыстыру керек. Йога əдісін тəжірибеден өткізсек, философияның дінмен байланысы күшейе түседі, Қытайдағы сияқты, адамның адамдық қасиеттерін ашуға тырыссақ, мистикалық көңіл-күйге барынша назар аударып, адамзат əлемінің мəселелеріне экзистенциалды тұрғыдан қарасақ, өзара түсіністікке ие боламыз. Осындай синтездің нəтижесінде адамдардың ең жоғарғы құндылыққа жақындай түсуіне мүмкіндік беретін А. Вадианың армандаған «əлемдік» философиясына; Нортроптың армандаған «дүниежүзілік» «батыстық — шығыстық» философиясына; Махадеванның армандаған «ғарыштық көзқарасына» қол жеткіземіз. Француз ойшылы А.Г.А. дю Перрон XIX ғасырдың бас кезінде «Упанишадаларды» ғылыми тұрғыдан зерттеудің негізінде үнді жəне батыстық құдай ілімінің синтезін құруға ұсыныс жасады, яғни əлемнің болмысы туралы параллельді ілімді жасауға бағытталды. Раджудың пікірінше, əлеуметтік философиялық компаративистиканың мақсаты мəдени синтез болып табылады. Философиялық жүйелердің барлығы өздігінен шынайы, мысалы: Батыстың позитивизмін де Шығыстың адвайта ведантасын да бірдей қабылдаймыз. Батыста да, Шығыста да өздерінің философиясының эмпирикалық, трансценденталдық, абсолюттік, теистік, идеалистік, реалистік фундаменталды типтері болады. Немістің профессоры Фон Ринтеленнің айтуынша, 1) Батыс пен Шығыс өздерінің мəдениетіне жəне басқа елдің мəдениетіне сыйластықпен қарауы тиіс; 2) Батыс пен Шығыстың жақындығы тек философияда ғана мүмкін болады, өйткені философияда белгілі бір елдің мəдениеті айқын көрініс табады; 3) Батыс пен Шығыстағы идеялар айырбасы əр түрлі мəдениеттің құндылықтарымен байланысты; 4) əр түрлі құндылықтарды ескере отырып, əр түрлі мəдениеттер үшін ортақ белгі табуға мүмкін болады; 5) құндылықтарды тану арқылы ғана өзара түсіністік пайда болады жəне адам баласы мұнда өз-өзін толық мəнде аша алады. Шығыстың құндылықтары рухы жағынан Батыстың құндылықтарына ұқсас келеді. Олардың уақыт пен этикалықтан тыс сипаты бір, Батыстың кейбір ойшылдары Шығыстың эстетикалық құндылықтарын ескере отырып, Батыс пен Шығысты жақындастырғысы келеді (Т. Манро), басқа ойшылдар оның спиритуалистік элементтерін ескере отырып, Батыс пен Шығысты жақындастырғысы келеді (А. Пайпе), енді біреулері діни- мистикалық элементтерді ескере отырып, Батыс пен Шығысты жақындастырғысы келеді (К. Ясперс, Й. Такеуши, Дж. Полителла, С.К. Саксен) [3].

Компаративистік зерттеулер жаңа əлемдік тəртіптің, глобализация мен интеграция, мəдени айырбас пен мəдени диалогтың қалыптасуы үшін ғана маңызды емес, сонымен қатар Шығыс пен Батыстың алуан түрлі теорияларын назарда ұстау үшін де маңызды. Əлеуметтік философиялық компаративистика тек пəн ғана емес, сонымен қатар зерттеу əдісі де болып табылады. Əлеуметтік философиялық компаративистиканың пəніне Батыс пен Шығыс, Латын Америкасы, Солтүстік пен Оңтүстіктің, Африка ойшылдарының, мектептері мен философиялық бағыттарының бір-бірімен өзара байланысы кіреді. Əлеуметтік философиялық компаративистиканың əдісіне философиялық мəдениетті зерттеудегі комплексті, пəнаралық тəсіл болып табылады. Бұл əдіс тарихтың материалистік түсінігі принципіне, аналитикалық-феноменологиялық, герменевтикалық принциптерге сүйенген салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-генетикалық болып есептеледі. Компаративистикалық талдау таным əдісі философиялық бағыттар мен мектептердегі зерттелетін ерекшеліктер мен жалпылықты айқындаудың тəсілдерін зерттейді.

Шығыс жəне Батыс философияларын əрбір заманға карап тікелей салыстыру методологиялық қателік болар еді.

Шығыс, Батыс елдерінде жəне еуразиялық кеңістіктерде қалыптасқан рухани құндылықтардың тұтастығы мен сапа жағынан айырмашылықтары адамзат философиясы тарихының бүгінгі таңдағы келелі мəселелерінің бірі болып табылады. Өйткені əлемдегі халықтардың, ұлттардың, нəсілдердің бəріне тəн жалпы адамзаттық құндылықтарымен қатар, əр халықтың өзіне тəн тарихи қалыптасқан рухани, мəдени байлықтарын, адамгершілік қасиеттерін, яғни өзіндік кұндылықтарын, ескеру аса кажет. Тарихтың қазіргі белесінде осы құндылықтарды жандандыру, солардың  негізінде жаңа белеске көтерілу бүгінгі таңның талабына айналуда.

Сондықтан да белгілі бір жағдайға байланысты қазақ халқының тоқыраған философиялық жəне тарихи құндылықтарын терең зерттеу, олардың ішкі мəнін айкындау, жалпыадамзаттық өркениет аясындағы даму бағыттарын зерделеу — коғамдық ғылымдардың алдында тұрған  басты мəселелердің бірі.

Бұл аталып отырған проблеманың маңызы өзінің ғылымға қажеттілігімен немесе  қазақ халқының сана-сезімін оятуға бағытталуымен ғана шектелмейді. Тəуелсіздік жағдайында еліміз нарықтық экономика, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру мақсатын алдына қоюда. Олар тарихи тамырлас рухани негізде қалыптаспаса, өрісі тарылып, ішкі жəне сыртқы күшке төтеп беруі қиынға соғуы мүмкін.

Рухани тəуелсіздіктің философиялық мəнін адамның дүниеге көзқарас жүйесінен іздеу қажет. Біздің руханилығымыздың бастауы сонау ежелгі кытай философы Конфуцийден, орта ғасырдағы əл- Фарабиден, кейінгі Абай мен Шəкəрім идеяларынан нəр алды. Олардың негізгі ойлары антропоцентризм философиясының: əлемнің тірегі адам деген тұжырымның төңірегінде болды.

«Өзінді таны жəне өзгерт» — бұл даналықтың үлгісі, халқымыздың ойлау жүйесінің өзекті мəселесі. Əрбір адам үшін болмыс — сол адамның өзінің тіршілік ету ауқымы. Ал оның өмірінің бағыты мен мазмұны «мен қалай ойлаймын, солай тіршілік етемін» деген қағидалық үлгіге саяды. Өзін-өзі шыңдау, жасампаздық — адамның өзіндік дамуынын мəңгілік процесі. Абайдың философиялық идеясы осыған мегзейді. Жігер, ақыл, жүрек үштігінде жүрек негізгі орынды алады. Ал Шəкəрімнің «арлы ақылға» ден қоюы да бекер емес.

Əркім өзіндік философиясына ең сенімді, басты ізгілік идеяларды, қағидалар мен мақсаттарын белгілеп алуы абзал. Ол үшін адамның рухани кемелділігі өршіл көзқарасты қалыптастыруға, бақыт пен құштарлыққа қол жеткіземін деген мақсатты шыңдауға көмектесуі кажет.

Батыс философиясында осы мақсат басқаша түсіндіріледі: абсолютті ақиқатты ақыл, логикалық ойлау процесі арқылы ұғынып, іске асыруға болады. Осы мақсатты түсіну қатардағы адамға мүмкін емес, ол қызық та емес, ал күнделікті мəселелерді осы философияның принциптерімен шешу, керісінше, əсер етуі де ықтимал.

Абайдың айтуынша, дана адамдағы білім, ақыл жəне жігер жақсылыкка, ізгілікті істерге, адамдарға деген сүйіспеншілікке бағытталуы тиіс.

Даналық жандылықпен, арлы ақылмен, əділеттілік жəне акиқатпен ұштасып жату керек.

Рухани жаңару — өте күрделі жəне қиын процесс. Халықтар өзіне тиімді рухани мұратты іздеп, сарылды жəне оны тапты да. Біздің халық осы мұрат ретінде даналық пен түсінікті белгілеп, адамзаттың сара жолына шығуға талпынған жалпыадамзаттық құндылыктар — антиномиялары мынадай: «өмір — өлім», «махаббат — жеккөрушілік», «еркіндік — еріксіздік», «сенім — сенімсіздік», «əдемілік — сұрықсыздык», «ақиқат — адасушылық», «шындық — жалғандық», «бақыт бақытсыздық», «əділеттілік — əділетсіздік», «байлық — кедейлік» жəне т.б. дейді. Олар рухани тəуелсіздікті анықтауда өзінің методологиялық маңызын əлі де атқарады.

Рухани кеңістікті құрайтын элементтер көп. Солардың ішіндегі оның мəнін терең де ауқымды анықтайтындар бұл ұлттық философия мен əдебиет; мəдениет пен онын түрлері, рухани қазынаның басқа да элементтері осы екі үлкен тұғырлардың айналасында өрбиді, дамып отырады.

Олардың даму деңгейі, қоғамдық өмірге тигізетін əсері жəне қоғамдық сананы белгілеудегі алатын орны ерекше. Дамыған елдердің тəжірибесі осы ойды айғақтап отыр, оған көптеген мысалдар келтіруге болады.

Қазіргі кезде көптеген ғылыми жəне адами мəселелерді түбегейлі жаңаша қарауға мүмкіндіктер туды. Философиядағы бұрынғы жетістіктерімізді толық жоққа шығару емес, жаңа дүниетанымдық тұрғыдан тарихи құндылықтарды сараптау жасау, ақикатты шынайы, нақты сипаттап іздеуге ұмтылу болып табылады [4; 120].

Философияда «Еуропа Шығысты арабтар арқылы таныды» деген қағида бар, немесе ұлы Абайдың «Батысым Шығыс, Шығысым Батыс» болды деген сөзінен халықаралық байланыстың полимəдениеттілік сипатын көруге болады.

Шығыс философиясының қалыптасуына негіз болған көптеген ерекшеліктер бар, олар: өндіргіш күштердегі секіріс; ақшалай-заттай қатынастардың пайда болуы; рулық-тайпалық құрылымның əлсіреуі; алғашқы мемлекеттердің пайда бола бастауы; дəстүрлі діннің оппозициясының өсуі; тиісті адамгершілік ережелер мен түсініктердің сынға алынуы; ғылыми жəне ғылыми емес білімдердің алғышарттарының пайда болуы т. б.

Шығыс тəжірибесі мен мəдениетіне деген ынта-ықылас енді қарқындауда. Шығыс мұрасына үңіле отырып, өзіміздің тегіміз бен тарихи тəжірибемізді дұрыс ұғынамыз, шығыс пен батыс бағдарын салыстыра отырып, дүниетанымдық деңгейімізді толықтырамыз.

Алдымен «Шығыс» деген ұғым нені білдіреді, «шығыс философиясы» дегеніміз не? деген басты сұрақтардың мағынасын ашып алайық.

Шығысты кейде географиялық кеңістікпен ұштастырады да, Оңтүстік Шығыс (Үндістан), Алыстағы Шығыс (Қытай), Таяудағы Шығыс (Араб елдері), Орта Азия деп жіктеп жатады. Біз қарастырып отырған Шығыс географиялық ұғымнан гөрі, тарихи, əлеуметтік, саяси, қысқасы, дүниетанымдық-мəдени ұғымға жатады.

Шығыс философиясы дегеніміз — күні бүгінге дейін өмірлік мағынасын өрбітіп келе жатқан үш арнаулы өркениеттің — үнді, қытай, мұсылман өркениеттерінің аясында қалыптасқан, таралған философиялық дəстүрлердің шартты жиынтығы. Шығыс философиясының орныққан, кең тараған тарихи кеңістігі, мəдени ортасы, əлеуметтік негізі бар.

Шығыс философиясын батыспен салыстырғандағы мынандай ерекшеліктерін атап  өткен орынды:

  • халықтық дəстүр-салтқа, мифологиялық аңыздарға, адамдық тəлім-тəрбиелік тəжірибеге молырақ сүйенеді;
  • мифологиялық-діни, əдеби-өнер арнасындағы біржақтылы, екіжақтылы жəне көпжақтылы көзқарасқа қатар жүгінді;
  • ақыл-парасаттық жəне ғылыми оймен байланысының əлсіздігін, аздығын аңғартады;
  • философиялық ой     ескерткіштерінің          хронологиялық   жағынан       жүйесіздігі,    біржақты тиянақталмауы;
  • негізгі философиялық ұғымдардың мəн-мағынасынын күрделеніп, этикалық сипатты иемденуі.

Шығыс қауымдастық көзқарас пен өмір салтына айрықша мəн берді, топтасу тұрақтылығын ту етті. Шығыс философиясында сезімдік-бейнелі таным, жеке индивидуалды түсініктер басымдық етті. Батыста философия ғылыми танымға, парасатты білімдер жүйесіне тікелей жүгінді, танымның интеллектуалды жетістігін негізге алды.

Батыста философия нақты ғылымдардың нəтижесіне сүйенеді, көбінесе соның жетістіктерін сыни тұрғыдан талдау арқылы дүниетанымдық деңгейге көтерілді. Осыдан екі жақтың дүниетанымдық ортақ бір сұраққа жауабы əр уақытта біртекті бола бермеді. Оның басты себебі адам тіршілігінің тірегінен туындады, түптеп келгенде, шаруашылықтың калыптасу қарқынына, өркениеттің бастапқы түрлеріне байланысты.

Ертедегі шығыс философиясы — көне дəуір көрінісі, жаңғырған танымның өрнегі мен өрісі, əдісті əрекет пен даналықтың үлгісі. Ол адамзат тарихындағы төрт мыңдық өркениеттің тоқтамы жəне мəдени жеңістің бағдары іспеттес. Солардың маңыздысы — мемлекеттің құрылуы, үлкен өңірде суармалы жүйе мен қалалардың салынуы, қол өнерінің жəне таңбалы жазбалардың қалыптасуы, құқықтық тəртіп пен ғылыми жаңалықтардың тұрмыс-салтқа енуі, олардың мал мен егін шаруашылығынан бөлініп шығуы.

Батыс пен Шығыс философиясын зерттеуге белсенді түрде жас зерттеушілер қалай кіріссе, үлкен салихалы ғалымдар да солай ден қоюда. Құрастырушылар Батыс пен Шығыс халқының дəстүрін, дінін, рухын терең білетін, ұлттық философияны жүйелі жəне жауапкершілік өлшемімен зерделейтін, белгілі ғалымдарға артықшылық берді.

Олардың арасында ҚР ҰҒА академиктері Ə.Н.Нысанбаевтың, Ғ.Есімнің, философия ғылымдарының докторлары, профессорлар С.Н.Ақатайдың, М.С.Орынбековтің, О.А.Сегізбаевтың есімдерін атаған жөн. Авторлардың көпшілігі Батыс пен Шығыс философиясын еркін меңгергендіктен, бұл дисциплинаның пəндік саласын көрсететін зерттеушілердің еңбектері Батыс пен Шығыс мəдениетіне терең бойлаумен, Батыс пен Шығыс халқының тұрмысын, салттары мен дəстүрлерін, оның психологиясы мен тарихын терең білумен ерекшеленеді. Оның өзі философиялық ой жетістіктерін игеру барысында қалыптасты жəне дамыды. Осының бəрін тұтас қарағанда, Батыс пен Шығыс философиясы тарихын жемісті зерттеу үшін жəне оны тең құқылы жағдайларда əлемдік тарихи-философиялық үрдіске қосу үшін қажетті мəдени-тарихи жəне дүниетанымдық негізді құрастырады.

Бұл сонымен қатар Батыс пен Шығыс мəдениетінің философиялық тілі қалыптасуының, философиялық категориялық аппаратының жетілуіне назар аударады.

К.Маркс кезінде: «Философиялық жүйесінің дүниемен байланысы рефлексияның байланысы болып табылады», — деп жазған еді. Философия өзінің мəн-мағынасы бойынша адамның Əлемдегі болмысының дүниетанымдық, дүниемен байланысының əмбебап сыни рефлексиясы болып табылады. Жалпы түрде ол ой толғайтын дүниетаным ретінде белгілене алады. Ол өз ішінде Əлем, Адам жəне олардың өзара қарым-қатынасы болып келетін дүниетанымдық, дүниемен байланысқа қатысты сюжеттерге ерекше мəн беріп, тақырыпқа айналдырады жəне проблемаларын қарастырады. С.Л.Рубинштейн айтып кеткендей, «мəселе əлеммен өзара қарым-қатынас ішіндегі адам туралы ғана емес, сондай-ақ объективті қарым-қатынас ретінде адаммен бірге қарым-қатынас ішіндегі əлем туралы да болып тұр».

Бұл жүйе ретіндегі философияның негізін қалаушы бөлімдері — Əлем туралы ілім (батыс дəстүрінде онтология ретінде белгіленген) жəне Адам туралы ілім (антропология). Оның тарих философиясы, əлеуметтік философия, білім туралы ілім сияқты бөлімдері жəне басқалары осы онтология мен антропологияға негізделеді (негізделуі тиіс). Оған қоса, онтология мен антропологияның арақатынасы мынадай. Олардың екеуі де, əрине, өздерінің пəндерін жалпыға бірдейлік дəрежесінде ұғынады жəне сипаттайды. Алайда онтология Əлемді болған күйінде өздігінше бейнелеуге тырысса, философиялық антропология жағымды ғылым сияқты Адамның болған күйіндегі көрінісін жасаумен шектелмей, Адамның қандай болуы тиіс екендігін де бейнелейді. Адамның жалпы мəн-мағынасына, онын қолда бар болмысына қанағат тұтпай, ол қандай  да бір идеал, Адам эталонын, кемел Адамның өзіндік моделін шығарады. Осылайша философия тек қана ағартушылық емес, сонымен бірге тəрбиелік, адамды қалыптастырушы қызмет атқарады. Философия өзінің Əлем туралы жəне Əлемдегі Адам туралы, Əлемнің Адаммен жəне Адамның Əлеммен байланысы туралы ілімімен эмпирикалық адамға соншалықты жалпылама тұрмыстық, дүниетанымдық дүниеге көзқарас бағдарлары мен императивтерге жөн сілтейді, осылайша тікелей немесе жанама түрде оның кемелденуіне үлес қосады. С.Л.Рубинштейн былай деп жазды: «Болмысқа, Жиһанға деген дұрыс көзқарас бұл ірі тұлғалы адамды қалыптастырады, адамның өмірінде өресі биік, қаһармандық негізін қалайды. Жөні түзу (шынайы) философия дегеніміздің өзі Адамның Əлемге, осылайша басқа адамдарға жəне өзіне деген түзу көзқарасын ынталандыратын философия болса керек. Сонымен, ең алдымен біз Шығыс философиясы мен Батыс философиясын былайғы нақтыландырусыз   бөліп   аламыз.   Бірақ   бұл   философияларды   олардың   Əлем   туралы  ілімдері тұрғысынан қарастыруға көшпестен бұрын, мынаны ескеруіміз керек: пайда болған бұл (үш, төменде осылай көрсетіледі) философияның əрқайсысына əу бастан-ақ түрлі дүниетанымдық параметрлер бөліп берген, олардың əрқайсысына бір мезгілде өзінің жолымен жүре тұруына рұқсат берген өзіндік ерекшелігі бар философиялық-дүниетанымдық сынақ жасаған жоғарыда біреу бар-ау деген қиялға ұрыну қиын емес [4; 250].

Э.Жильсонның мынадай сөзі бар: «Егер екі философиялық доктрина болмысты екі түрлі түсінетін болса, демек олардың арасында ортақ еш нəрсе жоқ деген сөз». Алайда философиялық доктриналарды салыстыру жəне ажырату үшін ең маңыздысы олардың бейболмысты жəне оның Болмыспен арақатысын тусіну болып табылады. Дəл осы негіз бойынша Шығыс философиясы мен Батыс философиясы əу бастан-ақ ерекшеленеді. Ал Батыс философиясы (бұл жерде əзірше ежелгі грек философиясы туралы сөз боп отыр) əу бастан өзінің бар болуы тек өзіне байланысты Болмыстың онтологиялық тұрғыдан жалғыз жəне кемел деп есептелгендігінен жолға шығады. Гераклит Эфесский былай дейді: «Бұл космос бəрімізге бірдей ортақ, құдайлардың ешқайсысы, адамдардың ешқайсысы жаратқан жоқ. Сократқа дейінгі философтардың жартылай мифологиялық санасымен Космос, əрине, Хаостан туындаған болып есептеледі (олай болса, Болмыстың Бейболмыстан туындағанын айтуға болады)». Осылайша, шығыс философиясы үшін Əлем екі деңгейлі болып көрінсе, батыс философиясы үшін ол принципиалды түрде бір деңгейлі: ол толығымен Болмыс деңгейімен көздестіріледі. Бұл жерде əңгіме батыс философиясының Болмысты бір деңгейлі етіп бейнелегені туралы болып отырған жоқ, алайда бұған ұқсас ілімдер болған (мысалы, ХVІІ–ХVІІІ ғғ.материализм). Батыс философия Болмыстың көп деңгейлі модельдерінің варианттарын берген болатын (неоплатониктердің Болмыс                                  иерархиясы туралы          ілімін,       Ф.Энгельстің                     материяның       қозғалыс нысандары туралы ережесін, Н.Гартманның «сыншыл онтологиясындағы» «Болмыстың қатпарлары» туралы ілімін, Г.С.Батищевтің соңғы еңбектеріндегі Əлем мен Адамның көп деңгейлілігі туралы идеясын айтудың өзі жеткілікті). Бұл жерде əңгіме шығыс философиясында бүтін болып табылатын Əлемнің бір бөлшегі ретінде, тіпті екінші дəрежелі бөлшегі ретінде алынған нəрсе, батыс философиясы үшін — бүкіл Əлем болып табылатындығы туралы болып отыр. Əрине, əуелі христиандықтың, сосын исламның да мəлімдегеніндей, иудаизмдегі сияқты Болмыс əлемін құдіретті бір күш болып саналатын сырттағы бір күш — Құдай жаратқан деп айтылып жүр. Құдай теологияда сияқты философияда да Болмыс категориясы арқылы пайымдала бастады.

Қазіргі уақытта қоғамның рухани өміріндегі құндылықтардың өзі келбеті мен сипаты көп өзгерді. Бұл құбылысты қоғам тарихи процестегі əр түрлі көріністер, көрнекті тұлғалардың əрекеттерімен байланыстырмай терең түсіндіру мүмкін емес.

Діни құндылықтардың ерекшеліктерін, олардың ғылыми, этникалық дүниетанымға тигізген ыкпалын жаңаша сараптау керек. Осы жолда еліміздің мұсылман қауымы атқаратын істер өте ауқымды жəне ғалымдардың көмегінсіз оны атқару қиындыққа түседі.

Рухани тəуелсіздігіміз басқа елдің зерттеушілерінің бізді бағалаған еңбектеріне тəуелді болуы шарт емес. Осы уакытқа дейін рухани құндылықтарымызды солардың айтқан ойларына сəйкес пайымдаушы едік, əлі де сол үрдіс жалғасуда. Өзімізді өзіміз бағалайтын, өз пайымдауларымызды бөтен жұртқа телитін кезіміз жетті.

Қазақтын болмысына, мəдениетіне, табиғатына сай келетін, соны айғақтай түсетін рухани тəуелсіздік дəрежесіндегі дүниетанымдық көзқарас тəжірибелеріне, əлемдік жəне ұлттык мəдени тарихына арқа сүйегенде зерттеу мазмұндырақ шығары сөзсіз.

Халқымыздың сан ғасырлар бойындағы даму тарихында соңғы он жылдың алатын орны ерекше. Ата-бабамыздың армандаған Қазақстан тəуелсіздігіне, өз мемлекеттігімізге қол жеткіздік. Қазіргі жəне келер ұрпақтар алдындағы, XXI ғасырдың табалдырығын аттар кездегі аса зор жауапкершілік — осы тəуелсіздігімізден айырылып қалмай, еліміздің келешегін қамтамасыз ету. Осы тұрғыдағы зəру мəселелердің бірі ұлттық ділімізді дəріптеу дер едім.

Əрбір халық тарихи даму кезеңінде өз болмысын ойлау жүйесі жəне дүниетанымы арқылы зерделейді. Ұрпақтан ұрпаққа рухани құндылықтарды жеткізу ұлттық құндылықтардың тұрақты жүйесін жасайды. Сыртқы дүниедегі өзіне ұқсас қоғамдық өлшемдерді ішкі қажеттіліктерге жаратып, ұлттық діл негіздерін қалыптастыруға мүмкіндіктер ашады. Осыдан келіп дүниетанымның негізгі мəні тек дүниені тануда ғана емес, оның мəнді мақсатын адамға байланысты пайымдау екені көрінеді. Дүниежүзілік қауымдастыққа ұлтымыздың терең дүниетанымдық ойларын,  өзінің  шынайы болмысын жəне бай мəдениетін көрсетуде діл табиғатын дұрыс зерделегеніміз қажет. Бұл мақсатты іске асыру жолында бұрыннан қалыптасқан, сіресіп қалған көптеген ұғымдар мен қағидаларды сын көзбен қарап, жаңаша методологиялық шешімдер жолын ұсынғанымыз абзал. Осы мəселе арнайы жəне кешенді түрде қарастырылып, қазақ дүниетанымының күрделі де ажырамас бөліктері бірқатар құнды еңбектерде өз орнын тапты. Ал осы зерттелген мəселелерді қазақ философиясы тарапынан байыта түсіп, халқымыздың ішкі рухани дүниесінің өзекті проблемасы ретінде көрсете білгеніміз аса қажет екені айдай анық.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. История современной зарубежной философии: компаративистский подход: Для высш. шк. / Под ред. М.Я.Корнеева. —СПб.: Лань, 1997. — С. 6.
  2. Сравнительное изучение цивилизаций: Хрестоматия / Сост. Б.С.Ерасов. — М.: Аспект Пресс, 2001. — С.8.
  3. Луис Б. Ислам и Запад. — М.: Изд-во: Библейско-Богословский ин-т св. Апостола Андрея, 2002. — С.23.
  4. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Əл-Фараби философиясы: Жиырма томдық. — 2-т. — Астана: Аударма, 2005. — 480 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.