Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əлеуметтік мифологиядағы техниканың орны мен мəні

Техниканы əр түрлі бағытта саралау қазіргі гуманитарлық ғылымдардың алдында тұрған мақсаттардың бірі екені белгілі. Міне, соның ішінде, біздің ойымызша, оны мифологиялық аспектіде қарастырудың да өзіндік орны бар. Ол ең бастысы сенімнен дəлел туатын жүйе. Бұл жүйе бойынша ертедегі  деп  уақыттық,  архаикалық  деп  тарихи  мəдени-əлеуметтік  шектеу  қою  өте  қиын. Себебі

«адам миы XX ғасырда өмір сүрсе, көп адамның жүрегі əлі тас дəурінде». Бейсаналық, эмоциялық миф құрылымындағы негізгі элемент жəне генетикалық механизм десек жаңағыдай қасиеттерденқұралған логика — сол эмоция логикасы. Оның көрсетілу жолы əр қилы болғанымен, əсер ету каналы, кеңістік пен уақытта таралу өрісі біреу — ол қоғамның жəне жеке адамның санасы. Қарама- қарсылық санада болсын практикалық іс-əрекетте болсын қашанда тығырыққа тірейтін нəрсе. Бұл құбылыспен экзистенциалдық, этикалық, саяси-əлеуметтік, экологиялық кең спектрлі факторлар тоғысып жатыр. Архаикалық дүние құраудың түбінде тотемдік-фетиштік, магиялық, антропоморфиялық сананың космос, социум, адам болмысын түсінуі, микро-, макрокосмостық дилеммаларды, парадокстерді өзінше түсіндіру жатыр. Ал ХХ ғасыр мифтерінде бұл дəуірдің ескі кездердің қиындықтарына ешбір ұқсамайтын, бірақ одан бірде кем емес қайшылықтарын шешу, дұрысырақ айтсақ, олардан құтылу, тіпті қашу жолдары көрініс табады, іске асады. Архаикалық эмоциялардың   сақталуы   экзистенциалдық   күй   кешулермен   тығыз   байланысты.   Миф   —   сол «тіршіліктің» ауыр да мəңгі шешілмес сұрақтарынан құтылудың жолы. Мифтік санаға қашанда сананың екі жарылуы тəн, адам бұл санамен екі түрлі уақыт пен кеңістік мөлшерінде өмір сүреді. Біріншісі — сыртқы, затты құбылыстар дүниесі. Екіншісі — сананың дүниесі, бұл дүние əр түрлі белгілерге, символдарға, дыбысқа толы нағыз ақиқат дүниесі. Біріншісі — миф үшін шындығы жоқ, хаос дүниесі. Мифтік санада шындық дүниесі немесе өмірдің күресі, тартысы өзінің координаттарынан шығып сыртқы əлемге, хаосқа тəртіп, шындық, бағыт, мəн əкеледі. Мəн əкелу мифтің қызметі болса, бұл жерде мəн əкелу ақылға емес жан қалауына, жан тыныштығына сүйенеді.

Бұл себептер сананың болмысына тəн бе əлде сыртқы дүние құбылыстарымен байланысты, соларға тəуелді ме? Сана өз даму жолында əр түрлі сатыдан өтті. Енді кезіндегі мифологиялық сананың тұсындағы адамдар қарым-қатынасы адамдардың табиғатты түсінуі түбегейлі өзгерді. Адам көзқарасы, дүниетанымы төңкеріске ұшырады. Санада соған сай бітім-болмысын өзгертті.  Сана өзінің болмыстық сипатында біршама тəуелсіз болары да шындық. Біз қоғамдық сана дегенде, біріншіден, оның объективтендірілген рухани дүние екенін естен шығармағанымыз жөн. Осы жағынан алсақ, ол жалпы объект дүние сияқты жеке индивидке қарсы тұр. Адам қаласын, қаламасын онымен бетпе-бет келуге мəжбүр. Қоғамдық сана — табиғаты жағынан көп факторлы нəрсе. Көп нəрседен тəуелді, көп нəрсемен санасады. Қоғамдық сана — ақыл мен сезімнің, пайым мен образдың, идея мен заттық іс-қимылдың тоғысқан жері. Сондықтан қоғамдық сана мифтің де «пана» ететін жері деуге болады. Ол осы жерде бой көрсетеді, өзін жария қылады. Миф — тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық сананын ерекше бір типі. Жəне ақылдан сезімге бой алдырған дүние қабылдаудың түрі. Мифтік сананын ерекшеліктеріне шолу жасағанда қашанда осы сезімдік қасиетін алға тартып мифтің табиғатын сол жағынан көбірек түсіндіруге ұмтылысты көреміз жəне бұл пікір тарихи мифтер болсын, қазіргі əлеуметтік-мəдени, саяси-мифологиялық құбылыстар болсын бəріне де ортақ деп саналады. Осындай пікірге сай «қоғамдық сана өзінің ішкі құрылымы, табиғаты жағынан сол пікірге қандай үндестік қосады?» деген сұрақ заңды туады. Себебі миф бір факторлардан туып солармен бірге жоғалмайды, басқа жағдайларда қайта туып отырады. Миф — тұрақты компонент. Тұрақты компонент ретінде ыңғайлы жағдайда қоғамдық санаға үлкен ықпал жасап отырады. Мифтің эмоциялық-сезімдік табиғаттылығына байланысты Э.Кассирер былай дейді: «Мифологиялық дүние қабылдау эмоциялық құрылымнан тұрады. Көз алдымдағы немесе сезімдегі нəрсе болсын бəрі де қуаныш пен қайғы, азап, толқу, шаттық пен мұң атмосферасына толы». Миф арқылы дүние қабылдау ақылға сүйенбейді, сезімге-күйге сүйенеді. Сезім дүниені талқыламайды, дүниені кешеді. Ішкі- сыртқы жақтарына бөлмейді. Дүниені осындай көзқарастың объектісі ретінде ой талқысына салынбайды, солай беріледі. Мифология саласынан қарасақ, дүние — тірі сезімді нəрсе. Миф қалыптасу процесінде сезімдік компоненттің ролі басым екенін мойындай отырып мына бір нəрсеге назар аударуға тиіспіз. Ол рационализммен байланысты сұрақ. Жоғары дəрежеде ұйымдасқан, қалтқысыз рационалды жүйелер мен теориялар қалайша мифке айналады деген сауал біздің ғасырда міндетті түрде қойылу керек сияқты. Көптеген саяси-əлеуметтік теориялардың тағдыры кейбір ғылыми парадигмалар тарихы рационалдық жүйенің өзінде миф тудыруға ішкі бейімділік бар ма сауалына келіскен жауап беретіндей. Рационалдық ойлау жүйесі ерекше, терең ұйымдасқан ұғымдар тізбегінен құралатыны белгілі. Əрине, мифтің өзі де категориялар тізбегі бар жүйе. Рационалдық ойдың категориялар жүйесі шындықты, дүниені шексіз жобалау мүмкіндігін береді. Дүниені ондай жолмен құрастыру модельді денелік-затты негізінен жəне дүниені сезіммен қабылдаушы субъектіден аластатады. Дүниені сезімді, жанды қабылдау адамнан үздіксіз дүниеге кіруді, байланысты талап етеді. Міне осы аспектіде миф техникамен байланысты екеніне сөз жоқ. Əрине, логикалық тұрғыдан екеуін байланыстыру пародокс болып көрінуі мүмкін, басқасын айтпағанда əлі күнге мифология ұтылсымдық, адамзат ежелгі санасының көрінісі болып есептелсе, техника прогреспен, ғылымның өрлеуімен,  қазіргі  заманмен  ассоциацияланады.  Тіпті  өз  кезінде  техника  феноменін     əлеуметтік астарда көп қарастырған К.Маркстің өзі сельфактор мен электр телеграфы бар кезде грек мифологиясының болуы мүмкін емес деп санаса, қазіргі философтар «техника адам іс-əрекетінің ежелгі түрі ретінде бұрыннан да жəне біздің көзі ашық заманда да миф туғызудың негізі болып қалуда» деп тұжырымдайды. Неміс философы Ф.Рапп «Мифтер мен Прометей жəне Икардың бейнесінен көрінетін техниканың амбиваленттігі жойылмайды. Техника жеңілдік жасау мен еркіндік алуға қызмет етеді, сонымен қатар жаңа қиындықтар қысым жасаушылық туғызады деген сөздермен техниканың бір қырын ашуға ұмтылады.

Бірақ философия, мəдениеттану мифтің, мистиканың «қазіргі» деп аталатын заманда өз мəнін жоймай, керісінше, жаңа сипат алып, кең таралуда екеніне назар аударады. Мифті қоғамдық сананың жəне жеке сананың дүние қабылдау жолының тек сезімдік-иррационалдық түрі емес, сонымен қатар тіршілік кешу ортасынан орын табу, өміріне мəн іздеу процесімен тығыз байланысты екендігі оның өміршеңдігін дəлелдейді. Техника қазіргі ремифологиялық процеспен тығыз байланысты деуге əбден болады. Техника қазіргі мəдениеттің «ұжымдық бейсаналығында» зор рол атқарады. Бұл жағынан ол табиғат құбылыстары мен жануарлар дүниеснің мыңдаған жылдар бойы адамзат санасы мен бейсанасындағы атқарған қызметімен қатар қоюға болады. Жалпы адамзат психикасында түбегейлі төңкеріс жасаған нəрселердің өзі осылар: табиғаттың тылсым сырлары мен құбылыстары, жан- жануарлардың жұмбақ табиғаты, адамдардың жұмбақ болмысы жəне жаңа тылсым əлем техника. Бұл құбылыстардың бəріне ортақ адамда туатын сезімдер таңдану, мақтану, қауіптену, қызғану, табыну, яғни əлде бір мистикалық сезімдер, магиялық, фетиштік, анималистік қабылдаулар. Жалпы  кез келген жай пайдалы емес, өте пайдалы, тың өгеріс əкелетін, үлкен мүмкіншілікке ие нəрсенің бəрі міндетті түрде кері сезім, қарама-қарсы көңіл-күй туғызады. Мысалы, дəстүрлі қазақ мəдениетін алар болсақ, көрік — аса қажетті жəне құнды нəрселер туғызатын ұста құралы. Бірақ қазақ сол көрікпен тек жақсы нəрселерді, оның нəтижелерін ғана емес, тіршіліктің тылсым жақтарын, қауіп-қатерді, жын-шайтанды (демондық күштерді) байланыстырады. Демондар, К.Юнг айтуынша, — субъективтік-психологиялық ұжымдық бейсаналық құбылыс, психологиялық демондар дегеніміз — бесаналықтың интерференциялары, яғни бейсаналық комплекстердің саналы ағыстың үздіксіздігіне күтпеген жерден кіріп кетуі. Сондай-ақ ол бейсаналықтың фантастикалық элементпен тығыз байланыстығы туралы айтады. Пікірімізді жалғастырар болсақ, ұжымдық бейсаналық фобия, мистика бар жерде міндетті түрде жаңа мифтер туып отырады. Мысалы, соңғы жылдардағы əлемдік техниканың зор жетістігі ұялы телефонның айналасында классикалық миф тудырудың бүкіл заңдылығына сəйкес көптеген мифтер туды. Оның негативтік мифі бойынша ұялы телефон əкелетін қауіп кең көлемді болып келеді: адам миына, құлағына зиянды, ерлер қуатына қауіп, қатерлі ісік тудырады, балалардың ақыл-есі төмендейді, ұялы телефон жарылып кетуі мүмкін немесе авто-, авиакөліктердің жарылысына əкеледі, ең қорқыныштысы, ол арқылы адам өлтіруге болады. Бұл тек ұялы телефоннан келуі мүмкін жаман хабарды немесе одан тарайтын вирустарды жəне тағы басқа ұсақ қиындықтарды айтпағанда, одан келетін үлкен қауіптер.

Қазіргі мифологияның техникаға қатынасы екі бағытқа ие екенін айту қажет, біріншіден, қазіргі мифтің туу процесі, тарауы техникалық жетістіктермен тікелей байланысты, яғни бұл жерде де техника өзінің құралдық ролін атқарады. Екіншіден, техника мен ғылым жетістіктері мүлдем жаңа типті мифтер жүйесінің пайда болуына мүмкіншілік беріп отыр. Бұлар техногендік мифтер. Бірақ осы астарда назар аударатын нəрсе екінші аспектіде миф пен техника байланысы жаңа феномен болып табылмайды. Себебі генеологиясы тұрғысынан қарайтын болсақ, техника күні кеше пайда болған жоқ, сондықтан миф пен техника байланысының түптамырын сонау ежелгі дүниеден табамыз. Миф этиологиялық функцияға ие феномен ретінде техниканы оның пайда болғанынан-ақ өз назарынан тыс қалдырған жоқ. «Техника жайлы көзқарас ежелгі қоғамдардағы мифологиялық түсінуден қазіргі дүниедегі техниканы ғылыми зерттеуге дейінгі эволюциядан өтті» деуге болады. Оны əлемдік мифологияға шағын экскурстан-ақ байқай аламыз.

Грек мифологиясында техниканы құралмен жəне ұсталық өнермен байланыстырған. «Тэхне» сөзін ойлап тапқан гректер, оны өнер деп түсінгені белгілі. Соның ішінде ең белгілі мифтер Прометеймен, Дедалмен, Гефестпен байланысты. Гефест — грек мифологиясында от пен ұсталық өнер құдайы [1;152]. Ал əдетте жағымды мағынасында адамзат үшін Гефестен от пен Афинадан шеберлік ұрлаған, солайша адамзатқа жетістік əкелуші Прометей батыс ойшылдары арасында қайшы пікірлер тудырды. «Прометейдің бунті батысеуропалық ойда технологиялық утопия мен революцияның символына айналды», — деп жазды Руткеевич [2]. Себебі Прометей адамға табиғатқа қарсы тұрарлық күш берді, соның арқасында адамзат табиғаттың қыспағынан  шығуға мүмкіндік алды. Неміс  зерттеушісі  В.Шадевальд  Эсхилдің  Прометейге  екі ұдайы көзқарасы  туралы   айтады.

Біріншіден, Эсхил отқа ие болуы арқылы адам алғашқы қауымдық күйден өркениеттікке өтті жəне еркіндік алды, екіншіден, ол техникадағы жасырын шайтани күшке назар аударады, себебі Прометей отты құдай мекенінен ұрлау жолымен əкелген. Бірақ адамзат сол мүмкіндікті жəне өзі ие еркіндікті қалай пайдаланып жүр, оның ауыртпалығы қандай деген сұрақ əр түрлі аспектіде күні бүгін түспей отыр. Соны шешуге талпыныстың бір жолы техниканы мифология астарында қарастыру сияқты. Тіпті техниканың мəн-мағынасын түсінуден шығып, үлкен бағытқа айналып кеткен антитехниктер мен техникашылдардың өзі сол грек мифологиясынан бір-бір құдай тауып алды. Техникашылдардың құдайы, əрине, Прометей болса, антитехникашылдардың символдық бейнесі — Орфей деген пікірді кезінде Г.Маркузе жазған еді. Орфей дегеніміз — əнші-музыкант, оның өнеріне тіпті табиғаттың өзі тəнті болған, сондықтан ол жасампаздықтың, табиғат пен адам үйлесімділігінің белгісі. Мұның символикалық мəні түсінікті, Прометей адамның қолына табиғатқа қарсы күш берсе, Орфей рухани құндылықты қорғаушы. Мифпен техника қатынасын сөз қылғанда байқалатын бір нəрсе ежелгі грек мифологиясында техникаға қатысты қаһармандардың ақыл деңгейі төмен немесе денесінің кемтар болып бейнеленуі. Мысалы, В.Григорьев ойынша, Дедал бар болғаны жақсы механик, сəулетші, бірақ шығармашылық дүние қабылдауға қабілетсіз, Гефестің аяғы ақсақ, сондықтан бəрі оны күлкі қылады. Жалпы ұсталарға, шеберлерге байланысты мифтік сюжеттер əр халықта да бар. Мысалы, Курдалаган (ұста алан) — осетин мифологиясында ұсталардың қорғаушысы [1; 299]. Кусар-и-хасис — батыс семит мифологиясында шебер құдай, ұста, қару жасаушы [1; 300]. Бұған түркі, қазақ мəдениетіндегі ұсталыққа байланысты наным-сенімдерді қосатын болсақ, Батысқа, Шығысқа тəн жалпы адамзаттық дүниетанымдық бағдардың бар екенін көреміз.

Адамның шеберлік қабілеттері, құралдар, ұсталық білім мен құралдың магиялық, киелік қасиеттері əлемнің əр жерінде бірдей деуге болатын сезімдер тудырғанын көреміз. Демек, зерттеуші А.Наурызбаева байқағандай: «Адамның алғашқы мүмкіндіктері діни-мифологиялық көзқараспен сакральданған» [3].

Ол Шығыста «ат — от» бейнесі «металл — от» бейнесіне сəйкес келеді деген Ф.Кардинидің сөзіне сілтеме жасай отырып, «шаман — батыр — ұста» үштігі ұстаның ерекше қасиетіне мегзейтінін айтады. Оның ойын мəдениеттанушы Т.Əсемқұлов былай деп толықтырады: «Басқа халықтардың мəдениеттеріндегідей қазақтың дəстүрлі мəдениетінде теміршілік өнер жəне ұстаның өзі сакральді статусқа ие болған… Бапы — қазақ ұсталары табынып кеген теміршілік өнердің, жалпы металлургияның пірі, жебеушісі» [4].

Атақты этнограф Фрэзердің айтуынша, «алғашқы қауымдарда ұстаның өнері киелі деп саналады жəне онымен айналысуға тек көсемдерге ғана еркіндік берілген» [5]. Бұл сияқты түсініктер барлық дəстүрлі қоғамға тəн деуге болады. Шамасы қай жағдайда да ұсталардың айналасында қара күштердің жүруі олардың табиғат дүниесін өзгертуге ұмтылыстарымен байланысты болса керекті. Бұл олар кез келген артефакттардың таласы жоқ жақсылықтарымен қоса көптеген үрей мен жайсыздық, жалпы жамандық саналатын қасиеттері бар деп санаумен байланысты.

Енді қазіргі техника мифологиясына келер болсақ, оның дəстүрді жалғастыруы да əрі жаңа қырлары да бар екенін көреміз.

Орыс техника зерттеушісі В.Розин техника дамуына, космосты игеруге байланысты  пайда болған XX ғасырдың 60-жылдарындағы əлеуметтік-психологиялық, романтикалық көңіл-күйді айта келіп, былай дейді: «Оқыған адамдар, əсіресе жастар жаңа идеялармен сезімдердің қазіргіше айтар болсақ, адамзаттық құдіреттілігі мифінің, ғылым мен техника құдіреттілігі мифінің жəне ғарышты игеру мифінің ықпалына түсті, адамдар салыстырмалы азғантай уақыттық ішінде өзіндік тарихи шыдамсыздықтың, ғылыми-техникалық мифтің əсер етуімен болатын оқиғаны күтудің жəне сезінудің күйіне тап болды» [6]. Эллюль «технологиялық блефтен қашқан адам оның орнын толтыру үшін не істейді?» деген сұраққа былай деп жауап береді: «Жаңа модаға айналған діни нанымға, парапсихологияға, мистицизмге, өзі тəрізділердің белгісіз галактикаларда тіршілік ететініне, олардың бізге мəн, бақыт, жерден тыс тіршілік иелерінің көмегі келетініне сенеді». Осыдан-ақ техника мифінің қандай зор əлеуметтік əсерге ие болғанын, тіпті əлдебір бұқаралық психоз түріне ие болғанын көруге болады. Оған кеңес адамдарындағы идеологиялық-романтикалық жақындай түскен коммунизм туралы, капитализмді жеңу туралы армандарды қоссақ, бұл көңіл-күйдің саяси  да астарын көреміз, яғни техникалық прогресс мифі саяси мифті толықтырды. Оның үлкен дəлелі XX ғасырдың саяси тоталитарлық биліктері өзінің саяси мифологиясында міндетті түрде ғылым мен техниканы байланыстырды, осы факт агрессивтік саяси жүйенің техника билігімен қашанда тығыз қатынаста болатынын көрсетті.

Енді техника мифіне келер болсақ, оны кең көлемде дүниетанымдық өзгерістер əкелгенін айта аламыз. Егер бұрын жүйріктік құстай ұшуға немесе тұлпардай шабуға теңелсе, ендігі идеал — реактивтік самолет (ұшақ). Осыған байланысты белгілі француз мəдениеттанушысы, мифолог Р.Барттың мынандай пікірін келтіруге болады: «Энштейннің миы мифологизациялау объектісіне айналды да пародоксті қорытындыға əкелді, ғаламат ақыл күрделі механизм бейнесіне айналды, интеллектісі зор болып танылған адам психикадан айырылып роботтар дүниесіне қосылды. Мифтік Эйнштейннің даналығында ешқандай мистикалық нəрсе қалған жоқ жəне оның ақылы жайлы сосисканы машинамен өндіру, бидайды тарту немесе руданы еріту сияқты өндірістік жұмыс жайлы айтқандай қылып əңгімелейді [7].

Қоғамдық сана нақты адамды қаны мен рухынан айырып алып, одан ой туғызушы автоматты, ақылды роботты жасап шығарады.

Екінші жағынан, техниканың, құралдың тірі нəрсеге айналуы сияқты күрделі метаморфозаға келер болсақ. Ол үшін құрал, техника ешкімге, ешнəрсеге тəуелсіз, автономиялық нəрсе ретінде қабылданады. Біз сол себептен де келесі сəтте машинаның не істейтінін білмейміз, одан қандай қауіп боларын да айта алмаймыз. Осылайша олар фетишке, анималық нəрсеге айналады, ал əр  түрлі апаттар адамның техникаға көзқарасына мистикалық сипат береді. Соңғы жылдары «кісі өлтіргіш машиналар» жайлы мифтер кеңінен тарап, машинада жек көру сезімі бар жəне сол сезімдерін олар іске асыра алады деп есептеліп, машина апатында қаза тапқан атақты адамдардан мысал келтіріле отырып дəлелденеді, осылайша техника мифі жаңа сипатқа ие болуда [8]. Бұл идеяның бұқаралық санаға терең тарауына осы туралы түсірілген көркем фильмдер де үлкен үлес қосты.

Ал техникамен аңдар дүниесінің байланысы туралы қазақ философы М.Орынбеков былай дейді: «Осы  күнге  дейін  автоматтардың  кейбір  түрлері  қасқыр  атымен  аталады.  Ал  қазіргі  соғыстарға «Жолбарыстар» мен «Қабылан» (Пантера), «Тарпаң» (Мустанг) қатысады» [9]. Оның ойынша, жуынгерлер үшін олардың атын иелену мықты қасиеттерін қабылдаумен байланысты. Бірақ қазіргі техниканың көптеген түрлеріне оларды шығарушылар аңдар мен құстардың атын беру арқылы олардың адамзатқа ежелден белгілі бейнесін архетиптік мағынада қолданады. Ал адамдардың қазіргі бұқаралық, техногендік мəдениетте тəрбиеленген ұрпағы аңдардан гөрі, техникалық сипаттағы қаһармандарға көбірек еліктейді. Сондықтан олар үшін техника кез келген нəрседен мықты. Қазір «техномагия» деген құбылыс туралы көп айтылып, оның негізінде жаңа технологиялық құралдарды мистикамен, оккультизммен байланыстыру жатыр. Осы ұғым III Рейх көсемдерімен тығыз байланыста қарастырылып, олардың өз саяси доктринасын іске асыру үшін ежелгі мистика мен культтерді жəне Е.Блаватская еңбектерін пайдаланғаны белгілі, жəне сол ілімдерді іске асыру үшін олар сол кездегі озық технологияны барынша қолданғаны қазір жасырын емес.

Егер ежелгі адамдар табиғатқа ерекше мəн беріп оған құдайлық сипат дарытса, қазіргі адам үшін ондай күшке техникалық құралдардың ие екені талассыз. Техника адамның көмекшісі ғана емес, ол адамнан да мықты, дəл, шебер, тіпті ол адамнан ақылды, адамға кеңесші, оған жоспар, үлгі береді, адам өз функциясын техникаға тапсыра бастауы оның сезімдерін, сенімдерін ежелгі құдайлардан, идолдардан жаңа құдіретке арнағанын көрсетеді. Техниканың қоғамдық ерекшелігі қазіргі адамдар үшін наным-сенімнің, мистиканың көзіне айналуда. Тіпті діни сипатқа да ие деуге болады.

Н.Бердяев мынандай пікір айтқан екен: «Орыс халқы жердің мистикалық күшіне бағынышты болып жүрген теллургиялық кезеңінен машинаның құдірет күшіне сенген кезде ескі инстинкт бойынша машинаға тотем ретінде қарап техникалық кезеңге өтті».

Қазір қазақтардың өзінде машинаға көз тимес үшін, сақтық үшін қызыл шүберек байлап, тұмар тағуда ежелгі сенімдердің жаңа объектіге ие болғанын көрсетеді.

Ал ұшқыштар, теңізшілер, жүргізушілер тіптен ырымшыл адамдар болып есептеледі. Ұшақтың апатқа ұшырамауы, электр жарығының өшпеуі, жойқын қару-жарақтың атылмау, жарылмауы — міне осының бəрі адамдарды солардың тілегін тілеуге мəжбүр қылады. Осыған байланысты көптеген жаңа табу түрлері пайда болды. Оларды, біздің ойымызша, технотабу деу жарасатындай. Табудың қазіргі түрлері техникамен қарым-қатынастағы адамның іс-əрекетін реттеуге арналған. Ежелгі кезде кейбір техникалық қызметтерді атқару тек абыздарға, көсемдерге, яғни «мамандарға», ғана тиісті болса, қазірде солай. Мыңдаған адамдарға кейбір техникалық қызметтерді атқаруға мүлдем тыйым салынса, күнделікті адам тіршілігі көшеден бастап үйдегі техникалық құрал аралығындағы көптеген тыйымдарға толы. Сенім мен үміт, дүниеге көз ашу, өзін құтқару, əлеуметтік статус, бақыт пен қуаныш, бəрі де жаңа құдаймен байланыстырылды. Сондықтан қоғамдық санада бұрынғы мифтік образдар, мифологемалар жаңа түсініктер алды. Себебі қоғамдық сана — ұжымдық бейсаналық тудырушы.  Қазір  «масса»,  «тобыр»,  «тобырлық  психоз»  сөздері,  əсіресе  Фрейд,  Юнг, Фромм классикалық еңбектерінен кейін таралып кетті. Фильмдер мен кітаптарда, өнер туындыларында жау енді басқа планеталық тіршілік иесі, техногендік монстр түрінде қабылданды. Машиналар бунт шығара бастайды, тіпті адамға қастық ойлайды, соның нəтижесінде адам мен техника күресі ақырзамандық-эсхотологиялық сипат алады. Мысалы, атақты жазушы Стивен Кингтің «Мобильник» романы, белгілі «Қоңырау» үрей фильмдері осындай сюжетке, ұялы телефонның адамға қарсы үрейлі əрекетіне құрылған. Сонымен қатар назар аударатын нəрсе, техникалық прогресс, тіпті жалпы прогресс тек қоғамға, адамға ғана емес тылсым-тіршілік иелеріне де тəн болып шықты. Зұлым күштердің адамға қарсы озық технологияны, техниканы «пайдалануы» — осының көрінісі. Клондар, роботтар да өз кезегінде екіге бөлінеді, жақсылар жəне қара ниеттілер, осылайша қазіргі экрандық, электрондық мəдениетте адамның өз қасиеттерін басқа объектілерге таңуы сияқты дəстүрлі мифтудырушылық қабілеті жаңа түрде іске асады. Бұл таза редукцияның мəні адамды техникалық тіршілік иелерімен алмастыру.

Сондай-ақ дүниені, адам тіршілігін өзгертуші күштер: кір жуғыштар, байланыс құралдары, машиналар жəне т.б. туралы мифтер жарнамалық-коммерциялық сипатта қазіргі адамды жан-жақтан қоршауда. Жарнама қазіргі əлеуметтік неомифологияның, соның ішінде техномифологияның үлкен саласы, ірі туындысы, ірі қозғаушы күші болып табылады. Электрондық мəдениеттің бір бағыты ретінде жарнама үлкен əлеуметтік күшке ие екені белгілі. Ол шексіз тұтыныс, шексіз мүмкіндікті іске асырудың бір құралы болып табылады. Техномифология адамдармен техника əлемін жақындатады, техниканы адами қабылдауға мүмкіндік береді десек, сонда жарнаманың ролі зор.

Ресейлік реклама зерттеушісі Л.Шонина рекламадағы автомобиль бейнесіне талдау жасаған мақаласында  машинаның  біз  айтып  отырған  контексте  келетін  мынандай  мысалдарды  келтіреді: «XIV. Автомобиль — живое существо. Новая Mazda. Vis vitalis. Fiat Tempra. Это  автомобиль с доброй душой.

Твой конек — Hyudai Poni.

XV. Автомобиль как человек. Peault — это твой партнер. Став владельцем автомобиля Fiat Tempra, ты не будешь одинок, у тебя будет партнер, который всегда поможет. Возьми его в штат. Nissan — без лишних слов. Nissan не любит лишних слов» [10; 190].

А.Ульяновский рекламадағы техникалық объектілер мифологиясы (Т-мифология) туралы айта келіп, оларды жасаудың мынандай жолдарын көрсетеді: сиқырлық, антропоморфиялық, тотемдік, символдық, жалған экзистенциалдық (мысалы, өмірдің мəні ретінде бір заттарға ие болу айтылады). Бұлардың бəрі ежелден адамға тəн сезімдерді образды түрде жаңа мақсатта, тауарды өткізу үшін пайдаға асырудың мысалы болып табылады. Мысалы, тотем образы былай бейнеленеді: «мифология объектіге қорқыныш шақыратын жұмбақ жəне қуатты тіршілік иесі сипатын береді, бірақ оған ие болу жақсы». Мысалы, жарнамадағы үлкен машинаның жанында тұтынушының бойы бірнеше-ақ сантиметр» [10; 288].

Адам қашанда дүниенің сырын ашуға жəне өзінен зор күштерді игеруге ұмтылатын тіршілік иесі. Тотем түріндегі машинада əрі сакральді, жұмбақ жəне мықты, оны иелену қазіргі əлеуметтік бəсеке адамына үлкен лəззат əкелетіні сөзсіз. Əрине, бұл жерде белгілі бір дəрежеде адамдағы сезімді, көңіл-күйді пайдалану, экономикалық пайда табу көзіне айналдыру бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Бұл тағы да мəселенің моральдік-этикалық астарына назар аудартады. Қазіргі прагматика заманында бұған да таң қалуға болмайтыны сөзсіз. Тек əңгіме — техникаға қатысты адамды пайдаланудың моралдық-этикалық жағына назар аударудың қажет екендігінде. Миф қашанда белгілі бір құрылымнан тұратыны белгілі, осы жағынан техника мифін қарар болсақ, мынандай ерекшеліктерін көрер едік:

а) техника архетипі: алапат күш, жылдамдық, энергия, қорқыныш, өлім, жетістік;

ə) техника мифінің мəн-мағынасы — қоғам мен адам тіршілігіндегі қажеттікті өтеудегі ролі;

б) техниканың мифтік бейне ретіндегі ерекшелігі — оның өмірмен, өліммен байланысы, кейде адамға көнбейтін, тізгін бермейтін күш болуы, өлім, азап əкелуі жəне тағы басқалар.

Адам мен техника қатынасының мифтік, неоанималистік сипат алуы, бір жағынан,  мифтің белгілі инверсиялық қасиетін білдіреді, екіншіден, техниканы адамға  жақындату, əлдебір рухтандыру, мəдениет «заттары», артефакттер арасына сіңіру, орын беру, психологиялық қабылдау сияқты процестермен байланысты. Анимизм тіршілікті сезіну үшін керек, болмаса таза жансыз темір дəуірі орнауы (əлдебір постанимистік) адамның да өзін жоғалтуын білдіреді. Демек, техниканы осылай анимистік қабылдау мəдениет үшін тиімді жол. Бірақ қазіргі өмір, адам тіршілігі қай жерде болмасын техника фонында көрсетілгенмен, адам техниканы аңдардай немесе табиғат құбылыстарындай  сүйіп,  поэзияға,  əнге  қосып  жырлай  алмайды.  Міне  осы  жағдайда  техниканы мифтік сипатта қабылдау қазіргі материалдық құндылық басым заман адамына жаңа сезімдер əкелуі жəне ең бастысы техниканы руханиландыруға бағыт беруі мүмкін. Демек адамзат өз дамуының материалдық тұрғыдан бұрын-соңды болмаған жоғары сапалы дəуірінде ежелгі рухани бастауларға диалектикалық жоғары деңгейде қайта оралды деуге болады. Бірақ мифтің жандануы  қашанда көңілге мазасыздық əкелетін жағдай, оның үстіне біреулер ремифологиямен жүйелі түрде айналысып отырса, бұл өте сақтықты қажет етеді. Сондықтан адам тіршілігі мифтік сипат алса, ол өзіне əлдебір тылсым күштердің əсерін сезіну жолында жүр немесе өзін тіршілігіне жаңа тірек іздеуде деген сөз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Мифологический словарь. — М.: Сов.энцикл., 1990. — 520 с.
  2. Руткеевич А. Философия А.Камю // Камю А. Бунтующий человек. — М.: Политиздат, 1990. 
  3. Наурызбаева А.Б. «Нет» и «да» гуманизма Ф.Ницше: опыт, осмысление сверхчеловека в горизонте метафизики мифа //Евразия. — № 1. — 2001. — С. 62.
  4. Əсемқұлов Т. Қазақ мəдениеті // Алтын Орда. — 2002. — 23 наур. — 23-б.
  5. Фрэзер Д. Золотая ветвь: Исследование магии и религии. — М: Политиздат, 1983. 
  6. Розин В. Философия техники. — М.: Nota bene, 2001. 
  7. Барт Р. Избранные работы. — М.: Прогресс, 1989. — С. 56,
  8. Последний миф ХХ века // Наука и религия. — 2000. — № 2. 
  9. Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. — Алматы: Ғылым, 1996.ч
  10. Психология и психоанализ рекламы. — Самара: Логос, 2001.— 421 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.