Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауылдық аймақтардың дамуына əсер ететін факторлардың ерекшеліктері

Ауылдық аймақтардың тұрақты дамуына жағдай жасау — мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі, оған қолжеткізу азық-түлік қауіпсіздігіне, қазақстандық аграрлық экономиканың бəсекеге қабілеттілігін жəне азаматтардың əл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Кейінгі кездері ауыл шаруашылығының əлеуметтік жəне экономикалық дамуына бағытталған əр түрлі мемлекеттік жəне аймақтық мақсатты бағдарламалар жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта көптеген ауылдық аймақтар дағдарыс жағдайында, ол демографиялық жағдайдың нашарлауынан, ауылдық тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жəне сапасының төмендігінен, жұмыссыздықтың жоғары деңгейінен, табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудан көрініс табуда. Осыдан ауылдық аймақтардың тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуы өзекті мəселелердің бірі болып табылады.

Заманауи жағдайларда тұрақты даму түсінігі ғылымның əр саласында өзіндік кескінін тапты, ал ауылдық аймақтар көпқырлы жүйе бола отырып, тек аймақтың ғана емес, тұтас мемлекеттің дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Қазақстан Республикасында ауылдық аймақтар үлкен ресурстық əлеуетке Б.С. Есенгельдин, Л. Тылл, А.А. Абаев ие. Сондықтан оны тиімді жəне ұтымды пайдалану тұрақты дамуды, толық жұмыспен қамтылуды, сондай-ақ ауылдық тұрғындардың жоғары жəне сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының «Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сəйкес, ауылдық аумақтар дегеніміз — ауылдық елді мекендер мен оларға іргелес жатқан жерлердің жиынтығы [1]. Бұл аталған Заң ауылдық аймақтардың əлеуметтік жəне инженерлік инфрақұрылымын дамытуға, ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Статистикалық мəліметтерге келсек, Қазақстан Республикасы аумағында 6693 ауылдар бар жəне онда 7,6 млн тұрғын өмір сүруде [2]. Бірақ ауылдық аймақтардың көпқырлы сипаттамасына қарамастан, оның дамуына мемлекетте жеткілікті мəн берілмей келеді. Осының салдарынан ауылдық тұрғындардың өзіндік əлеуметтік-экономикалық жағдайы қалалықтарға қарағанда төмен.

Əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай, экономика дамуы деңгейі мен халықтың өмір сүру сапасынан ауылдық аймақтардың жағдайын білуге болады. Бұл ауылдық тұрғындарды қамтамасыз етпей, жүйелі түрде дамуға жəне болашаққа сенімді түрде қадам басу мүмкін емес. Көптеген елдердің үкіметі ауылды сақтап қалу үшін, ауылдың өмірін жəне салт-дəстүрін дəріптеуде тиімді механизмдерді дайындау үшін талпынады. Осы мақсатқа жету барысында ауылдық аймақтарды дамытудың əлеуметтік-экономикалық даму саясатын жетілдіру тұрақты қарастырылуда. Əрине, бұл жағдай басқару жүйесінің өзгеруіне, тиісті бағдарламаларды орындаудағы шығындарды арттыруға септігін тигізеді. Басқа да көптеген салалар сияқты бұл салада алдыңғы орынды АҚШ мемлекеті, Еуразиялық одақ мемлекеттері, Жапония жəне басқа да мемлекеттер иеленеді.

Экономикалық реформаларды ауылдық аймақтардың дамуына қарқын беретін аграрлық сектордан бастаған жөн. Экономика салаларын тұрақтандыру немесе оңтайландыру тез арада қоғамдағы жиі кездесетін маңызды мəселелерді шешуге мүмкіндік береді. Нəтижесінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі мен бюджеттің барлық деңгейлеріндегі кіріс көздері өседі, жұмысбастылық пен ауыл халқының табысы ұлғаяды, ауылдың инфрақұрылымы көп өзгерістерге ұшырайды жəне əлеуметтік шиеленісушілік азаяды. Ауылдағы артық жұмыс күші уақыт өткен сайын қалаға көшеді, сонымен қатар экономиканың басқа салаларына жəне өнеркəсіпке орныға отырып, мемлекеттің дамуына мүмкіншілік етеді.

Ауыл шаруашылығын бірінші кезекте дамытудың маңызды себебі, азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудағы шешілмеген мəселелер қоғамда əлеуметтік, саяси жəне басқа да мемлекет үшін қауіпті тəуекелдердің күшеюіне септігін тигізеді. Егер жоғарыда айтылған мəселелер шешілсе, онда экономика саласындағы ғана емес, саяси салада да реформаларды жүзеге асыру жеңіл өтеді.

Егерде аграрлық сектор инновациялық даму жолына өтсе, сонда ғана ауыл шаруашылығының экономика секторына нақты белсенділігі байқалады. Бұндай жағдайда экономиканың іргелес секторларының сұранымдарын қанағаттандыру үшін бəсекеге қабілеттілікті жетілдіру қажет болып отырады.

Іс жүзінде ауылдық аймақтардың дамуына қатысты əрбір зерттеулерде авторлар берілген үрдіске байланысты факторларды қарастырады. Сондықтан ауылдық аймақтардың дамуына əсер ететін факторлардың жіктелуі мен олардың түрлерін анықтау жолдары сан алуан түрлі. Олардың біраз түрлері объективті жəне субъективті, ішкі жəне сыртқы, қатты жəне əлсіз жəне тағы басқа болып бөлінеді. Осындай зерттеулердің əрбіреуі арнайы ғылыми жəне тəжірибелік маңыздылыққа ие бола отырып, сол арқылы зерттеушілердің назарына ілігеді. Ауыл аймақтарының дамуына байланысты шаралар аталған факторлар жəне тиісті бағдарламалар аясында жүзеге асырылады. Бұл шаралардың тиімділігі көп жағдайда аталған факторлардың нақты дəлелденуімен байланысады (1-кесте).

 Ауылдық аймақтардың дамуы мен ахуалын сипаттайтын факторлар 

Ескерту. Авторлардың [3–11] қолдауымен құрастырылған.

 1-кестедегі мəліметтер көрсетіп отырғандай, көптеген авторлар нақты белгілерді негізге ала отырып, факторларды жіктеуде олардың аралас үлгідегі түрлеріне тоқталады. Мысалға, И.В. Мищенко аталған факторларды ішкі жəне сыртқы түрлерге бөле отырып, алғашқысын жалпы мемлекеттік жəне аймақтық деп жіктейді [3].

Біздің көзқарасымыз бойынша, ұсынылған жіктеменің кемшіліктері жоқ емес. Атап айтқанда, жалпы мемлекеттік факторда бірінші болып «тұрақты аграрлық экономика» келтірілген. Біздің ойымызша, мұндай экономика — белгілі факторлардың ықпалы немесе нəтижесі. Сондықтан «тұрақты аграрлық экономиканы» талқыланып отырған факторларға жатқызған жөн.

Негізінен, ауылды дамытудың басты мақсаттарының бірі — тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру. Осыны ескере отырып, ауылды дамытудың мəселелерін зерттей келе, ресейлік автор Л.В. Бондаренко ауылдағы кедейшілікті туғызатын факторларға назар аударады. Олардың қатарына: табиғи, экономикалық, əлеуметтік жəне демографиялық факторларды жатқызамыз [4].

Бұл жіктеменің ерекшелігі ғылыми жəне тəжірбиелік қызығушылықты тудырады, себебі оның негізіне ауылдың əлеуметтік саласын жыл сайынғы бақылау жүргізу негізі жатады. Оның үстіне, бізге ұсынылып отырғандай, ол сəтті əдістердің қатарына жытқызылады. Себебі автор ауылдық аймақтардың əлеуметтік-экономикалық жағдайын басқару сапасымен байланыстыра отырып түсіндіреді. Нəтижесінде автордың зерттемесіне сүйенсек, экономикалық факторлар қатарына қисынды түрде орта жəне шағын кəсіпкерлікті дамытудағы жағдайдың жоқтығын жəне халықты əлеуметтік қорғау жүйесінің əлсіздігін жатқызады.

Əлеуметтік факторлардың қатарына автор қазіргі заманғы талаптарға сай келмейтін біліктілікті жəне ересек жұмыс күшінің құрылымының өзгеруі барысында нарықтық менталитеттің баяу қалыптасуын жатқызады.

Аталған автордың қарастыратын факторларының түрлері мен жіктелуінің тағы бір ерекшелігі, бұл жерде əлеуметтік сипаттағы мəселелерге көп көңіл бөлінеді. Ең маңызды факторлар қатарына: ауылдың демографиялық жағдайы (халық саны мен жас-жыныстық құрылымы, денсаулығы, ауыл тұрғындарының табиғи жəне механикалық қозғалысы), ауылдық жерлердегі еңбек нарығы (ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамтылуы, жұмыссыздық жəне т. б.), Б.С. Есенгельдин, Л. Тылл, А.А. Абаев материалдық əл-ауқаты (еңбек ақы, кірістер құрылымы жəне оларды саралау, азық-түлік өнімдерін тұтыну жəне үй шаруашылығын ұзақ уақыт мерзімде пайдаланылатын тауарлармен қамтамасыз ету, кедейшілік деңгейін талдау жəне т.б.), əлеуметтік жəне инженерлік инфрақұрылым жəне т.б. жатқызылады.

А.Н. Грековтың көзқарасы бойынша, ауылдық аймақтардың жағдайын сипаттайтын факторлардың қатарына əлеуметтік, демографиялық, шаруашылықтық жəне инфрақұрылымдық факторларды жатқызуға болады [5].

Географиялық факторлар — ауылдық аймақтың көлемі, орналасқан жері (ірі қалалар, өнеркəсіп орталықтары, көлік қатынастарының жол тораптарына жақындығы), табиғи ресурстардың болуы жəне оларды пайдалану мүмкіндігі жəне т.б.

Демографиялық факторлар — тұратын халықтың саны, олардың жас мөлшері жəне əлеуметтік жағдайы, ауылдық аймақтардағы адамдарды қоныстандыру нысаны жəне т.б.

Шаруашылықтық фактор — адамдардың ауыл аймағында жүзеге асыратын өндірістік жəне өзге де шаруашылық қызметтегі ортақ мүдделері.

Инфрақұрылымдық фактор — ауылдық аймақта əлеуметтік, инженерлік жəне көліктік инфрақұрылымның дамыту.

М.В. Дроновның пікірінше, ауылдық аймақтың дамуының негізгі көрсеткіштеріне аталған факторлардың əсер етуінің нақты көрінісі жəне осы факторлардың жеке түрлері мен олардың барлығының жиынтығының тəжірибелік қорытындыларын іске асыру нəтижесінде анықталады деп қарастырады. Бұл факторлардың бір-бірімен байланысты екендігін, бірінің қозғалысы басқаларына қашанда əсер ететіндігін дəлелдейді [6].

Ауылдық аймақтардың дамуына əсер ететін институционалдық факторлардың қатарына ауылдық аймақтардың тұрақты дамуын басқару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрылуы; жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру; аграрлық өндірістің бəсекеге қабілеттілігі; орта жəне шағын бизнесті дамыту, ауыл экономикасын əртараптандыру; ауылдық жерлерде ақпараттық жəне өндірістік-өткізу инфрақұрылымның дамуы жатқызылады.

Ауылдық аймақтардың дамуына əсер ететін əлеуметтік факторлардың қатарына ауылдық жерлерде əлеуметтік, инженерлік жəне мəдени-тұрмыстық инфрақұрылымның дамуы; ауылдық қоғамдастықтағы моральдық-психологиялық ахуалдың тұрақтылығы; еңбек жəне мансаптық өсу жолдары, қолайлы жалақы ұсыну, жас мамандарды ауылға тарту; өндірістік-өткізу кооперациясын құру барысында халықты жұмыспен қамтуды дамыту, сондай-ақ əртараптандыруды дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жаңа мамандықтарды оқыту жəне т.б.

Экологиялық факторлар қатарына табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жүйесін дамыту; табиғатты қорғау жəне ландшафтты күту; ұлттық парктерді қалыптастыру, рекреациялық аймақтар жəне қорғалатын аумақтарға сараптама жасау жатқызылады. Аталған іс-шаралар бойынша аймақтардағы қоршаған ортаны қорғау жұмыстары, санитарлық-қорғау аймақтарын құру бағыттары, табиғи-қорық қорының аумақтарын анықтау жолдары, табиғи-ландшафтты аумақтардың экологиялық балансын қалыптастырудағы қызмет түрлері реттеледі.

Н.В. Островскийдің ұстанымы бойынша, ауылдық аймақтарды дамыту факторларын бөлу жəне жіктеу келесі сараптама негізінде ұсынылады, яғни, муниципалдық білім тұрақтылығы бірқатар экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық факторлармен анықталады деп атап өтті.

Бұл ретте экономикалық факторлардың қатарына ол шикізаттың сыртқы көздерін, энергияны, жұмыс күшін, өнімді тұтынушылар мен қалдықтарды пайдаланушыларды жатқызады.

Əлеуметтік факторлардың қатарына халықтың нақты табысы, өмір сүру ұзақтығы, өмірге келген адамдардың саны, қайтыс болған адамдар санының көрсеткіштері, халықтың денсаулығының негізгі көрсеткіштері, халықты жұмыспен қамту, тұрғындардың экологиялық мəселелерді түсінуі жатады [7].

Бұл автордың пікірі бойынша, егерде муниципалды білім берудің сыртқы факторларға тəуелділігі неғұрлым төмен болса, солғұрлым жақсы болады деп қарастырады. Сонымен қатар əлеуметтік сипаттағы бірқатар факторлар жиынтығы сыртқы факторларға тəуелді. Өмір сүру ұзақтығы, өмірге келген адамдардың саны, қайтыс болған адамдар санының көрсеткіштері жəне басқа да факторлардың жиынтығы ауылдың дамуында айтарлықтай роль алмайтындығы жəне кедергі болмайтындығы қоғамға мəлім. Аталған факторлар көп жағдайда ауылдың əлеуметтік-экономикалық дамуының факторларынан гөрі өзгерістері болып табылады.

Т. Хлабсаның айтуынша, Чехия мемлекетіндегі аймақтарда, еуропалық елдердің көпшілігінде ауылдық аудандарда демографиялық, əлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ инфрақұрылымдық факторлардың арасында айтарлықтай айырмашылық барын көрсетті. Бұл мақалада аймақтарды дамыту жəне ауыл шаруашылығы аясында ауылдық аудандардың көрсеткіштерін талдау нəтижесінде əдістемелік салыстыру тəсілі қарастырылады. Бұл əдістемелік тəсіл көпмөлшерлі статистикалық талдау барысында көрсеткіштерді қолдану бойынша жүзеге асырылады [8].

Чехия ғалымдары А. Страка, М. Тузова ауылдық аудандарды бағалау үшін экономикалық, əлеуметтік, мəдени немесе қоршаған орта сияқты əр түрлі белгілерді қолданды. Олардың зерттеулеріндегі басты мақсат болып Чехияның ауылдық аудандарының дамуына қандай көрсеткіштер жəне факторлар сай келетінін анықтау болып табылды. Авторлар жан-жақты зерттеу негізінде ең көп қолданылатын 14 көрсеткіш түрлерін талдап, кейін оларды экономикалық, əлеуметтік, демографиялық жəне жергілікті факторларға бөліп алды [9].

Чех ғалымдарының екінші тобы, А. Вайшар жəне Дж. Заплеталованың пікірлері бойынша, ауылдық аймақтардың дамуы белгілі кезеңде демографиялық, экономикалық жəне əлеуметтік факторларға байланысты екені айқындалды [10].

Мантино Франческо пікірінше, ауылдық аймақтарды дамытудың факторлары болып: экономикалық, əлеуметтік, қоршаған орта жəне мəдени орта жатқызылды. Нəтижесінде олар өзара біріге отырып ауыл шаруашылығына əсер етеді [11].

Осылайша, қарастырылған факторларға қатысты пікірлерді қорыта келе, ғалымдар олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыс əрқилы деген шешімге келді. Дегенмен, олардың айтуынша, дəстүрлі болып саналады, егерде «экономикалық жағдай əлеуметтік дамудың алғышартын қалыптастыру барысында кері тəуелділіктің болуы да əбден мүмкін деп қарастырылса; адамдардың өмір сүру жағдайын жақсарту барысында аймақтарда бизнес үшін тартымды жұмыстар атқарылса; əлеуметтік бағыттарды іске асыруға мүмкіндік берілсе».

Ауылдық аймақтарды дамытуға əсер ететін факторларды қарастыра отырып, біз оларды Қазақстан Республикасынының агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудің мақсаттарымен байланыстырып көрелік (2-кесте).

Ауылдық аймақтарды дамытудың мақсаттары мен факторларының байланысы

 

 Ескерту. Авторлармен [1] қолдана отырып құрастырылған.

 Кесте қорытындылары көрсетіп отырғандай, ауылдық аймақтарды дамыту мақсаттарына жету үшін əлеуметтік, демографиялық, экономикалық, экологиялық жəне инновациялық факторларды ескеруіміз керек. Егерде алғашқы төрт фактор дəстүрлі факторларға жататын болса, ал инновациялық фактор қазіргі заман талабына сай келетін фактордың бірі болып келеді. Инновациялық факторды қолдану табиғи-ресурстық əлеуетті орынды пайдаланумен, ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлері жəне халықты жұмыспен қамту есебінен өндірісті əртараптандырумен, экологиялық қауіпсіз өнім өндірісінде инновацияны жəне тиімді технологияларды қолданумен байланысты. Анықтаушы белгілерге аймақтың ғылыми-техникалық жəне инновациялық шамасының жай-күйі, инновациялық инфрақұрылымның болуы, инновациялық мəдениетті қалыптасуы жатқызылады. 

Сонымен, ауылдық аймақтарды əлеуметтік, демографиялық, экономикалық, экологиялық жəне инновациялық факторларды ескере отырып дамыту мынадай шараларды шешуге мүмкіндік береді:

  • көлік инфрақұрылымын дамытудағы едəуір артта қалушылықты жою;
  • ауыл экономикасын əртараптандыру жəне ауыл тұрғындарының кіріс көздерінің қалыптасуын кеңейту;
  • тұрмыс деңгейі мен тұрмыс сапасын көтеру үшін шаруашылықта бар қолданыстағы ресурстарды жұмылдыру;
  • бір-бірімен байланысты «өндіру-өңдеу-сату» азық-түлік жүйесін дамыту;
  • ауыл шаруашылығында жəне оның шегінен тыс жерлерде халықтың табысын арттыруға бағытталған жаңа жұмыс орындарын құру жəне сақтау.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  • Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңы (өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып). — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: adilet.zan.kz
  • Регионы Казахстана. — Астана: Комитет по статистике, — 33 с. — [ЭР]. Режим доступа: www.stat.gov.kz
  • Мищенко И.В. Основные факторы устойчивого развития сельских территорий // Известия Алтайского госун-та. — 2010. — № 2 (66). — С. 268–271.
  • Бондаренко Л.В. Бедность и социально-психологический климат в российской деревне // АПК: экономика, управле- ние. — 2010. — № 11. — С. 49–52.
  • Греков А.Н. Механизм устойчивого развития сельских территорий. — Мичуринск, — 209 с.
  • Дронова М.В. Факторы, сдерживающие развитие диверсификации сельской экономики // Инновационное развитие АПК Северного Зауралья. — Тюмень, 2013. — С. 166–168.
  • Островский Н.В. Критерий устойчивого развития: муниципальные аспекты. Электронная библиотека «Наука и тех- ника». — [ЭР]. Режим доступа: http://n-t.ru/tp/ns/kur.htm
  • Hlavsa T. The possibilities of complex assessment of the development and categorization of rural areas. Acta Universitatis Agriculturae et Silviculturae Mendelianae Brunensis, 2010. — Vol. 58 (6). — Р. 151–160.
  • Strakaa J., Tuova M. Factors Affecting Development of Rural Areas in the Czech Republic: A Literature Review. 19th Inter- national Conference Enterprise and Competitive Environment 2016, ECE 2016, March, 10–11, Brno, Czech — Р. 496–505.
  • Vaishar A., Zapletalova J. Sustainable development of rural microregions in the Czech borderland. Moravian Geographical Reports. — Vol. 17 (4). — Р. 34–43.
  • Mantino Francesco. L'analisi costi-benefici nella programmazione degli investimenti in agricoltura: applicazioni e limiti, Books, National Institute of Agricultural Economics, Italy INEA, Rural Development Policies. — 1993. 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.