Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларының басым бағыттары

Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «индустриялық-инновациялық даму» бағыты көзделген. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бəсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш — оның экономикасы. Экономиканың бəсекеге қабілетті болудың басты бағыты — индустриялы-инновациялық экономика құру жəне шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процестерге бет бұру.

«Индустрияландыру» ұғымын терминологиялық көзқарас жағынан қарастырайық. Уикипедия танымал электронды энциклопедиясына сəйкес: «Индустрияландыру (немесе өнекəсіптік төңкеріс) (лат. тілінде Industria) — дамудың дəстүрлі кезеңінен индустриялы кезеңге экономикада өнеркəсіптік өндірістің басымдылығымен үдетілген əлеуметтік-экономикалық ауысу үдерісі. Бұл үдеріс жаңа технологиялардың дамуымен байланысты, əсіресе энергетика жəне металлургия салаларында. Индустрияландыру барысында қоғам да кейбір өзгерістерге ұшырайды, оның əлемдік тануы өзгереді. Еңбекке позитивті көзқарас, жаңа технологияларды жəне ғылыми жаңалықтарды мейлінше тезірек қолдануға ұмтылу да өндірістің жəне халық табысының үдемелі өсіміне өз үлесін қосады. Нəтижесінде, аса кең ауқымды, ақыр аяғында, өнімнің жəне қызметтің барлық түрлерінің əлемдік нарығы қалыптасады, бұл, өз кезегінде, əрі қарай экономикалық өсімнің инвестицияларын ынталандырады [1].

Қазақстанда ең алғашқы үдемелі индустрияландырудың қажеттілігі жөнінде ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев ««Қазақстан–2050» Стратегиясы. «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында жариялады. Бұл Жолдауға сəйкес, үдемелі индустрияландыру — бұл жаңа салаларды қалыптастыру үдерісі, сондай-ақ экономиканың бəсекеге қабілеттілігін анықтайтын инновацияларды жəне жоғары технологияларды енгізу негізінде дəстүрлі салалардың дамуы [2].

Елімізде үдемелі индустрияландырудың тəжірибелік жүзеге асуы Қазақстан Республикасының 2010–2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын қабылдаудан басталды [3].

Инновацияның жаһандық индексіндегі (ИЖИ) Қазақстанның 2014 жылы жағдайы 1-кестеде келтірілген.

 Инновацияның жаһандық индексіндегі Қазақстан жағдайы   

Индекстің жекелеген көрсеткіштерінің оң өзгерістері бойынша 2014 жылы Қазақстан өз позициясын едəуір жақсартты (2-кесте).

2014 жылы инновацияның жаһандық индексіндегі Қазақстанның негізгі көрсеткіштері 

Дегенмен, инновацияның жаһандық индексіндегі Қазақстанның тұрақты позициясына қарамастан, еліміздің инновациялық қолдау жəне енгізудің ұлттық жүйесі əзірше қалыптасу сатысында тұр жəне осы көрсеткіштер бойынша əлемнің озық елдерінен артта қалушылық байқалады.

Осыған байланысты соңғы жылдары Қазақстанда мемлекеттік денгейде бірқатар құжаттар қабылданды.

Атап айтқанда, мемлекет басшысының «Қазақстан–2050» Стратегиясы. «Қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстанның əлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарына кіру бойынша тұжырымдамасы қабылданды.

Тұжырымдама бойынша Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиялық бағыттары ретінде төмеңдегілер көзделген:

  • адами капиталдың дамуы;
  • институционалдық ортаны жетілдіру;
  • ғылыми сыйымды экономиканы дамыту;
  • ғылыми сыйымды экономиканың инфрақұрылымын жедел қалыптастыру.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 40-тан астам əр түрлі бағдарламалар жасалды, соның ішінде екі арнайы бизнесті дамыту бойынша бағдарламалар — «Бизнестің жол картасы–2020» жəне «Өнімділік–2020». Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы жəне аталған бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары Қазақстанның барлық аймағының индустриялық-инновациялық дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асыруды қарастырады. Тек қана индустрияландыру картасының аясында 12,1 трлн теңге шамасынан астам сомаға 927 жоба іске асады, осының нəтижесінде құрылыс кезеңінде 235 мың шамасында жəне пайдалану кезеңінде 195 мың шамасында жұмыс орындары пайда болады.

Оның ішінде құны 7,5 млрд теңгеден астам шаманы құрайтын, жалпы сомасы 8,1 трлн теңге 48 аса ірі əлеуметтік маңызы бар жобалар республикалық картаға қосылды. Оларды жүзеге асыру 230 мыңнан астам жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндік береді. Аймақтық картаның жалпы сомасы 4 трлн теңге 879 жобасын жүзеге асыру нəтижесінде шамамен 200 мың адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі [4].

2010 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде мемлекеттік бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету мақсатымен 3,7 трлн теңге бөлінді. Одан басқа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 2,4 трлн теңге жеке инвестициялар жұмылдырылды.

Ұлттық экономика министрлігінің мəліметтері бойынша үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2013 жылы бюджет қаражаттарынан 866,3 млрд теңге бағытталды (1-сур.).

 1-сурет. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2013 жылы бюджет қаражаттарының шығыны, млрд тг

Көріп отырғанымыздай, құрылымды талдау көрсетілген қаражаттың бір бөлігі өнеркəсіптік саясатты жүзеге асырумен тікелей байланысты болмағанын көрсетеді: индустрияландыру мақсатына (тікелей ықпал) жалпы шығын көлемінің (127,8 млрд теңге) 14,7% ғана бөлінді. Шығынның 85 %-дан астамы, немесе 738,2 млрд тг, бағдарламаны жүзеге асыруға жанама түрде ықпал ететін институционалдық  қамтамасыз   етуге   жəне   инфрақұрылымдық  жобаларды   қаржыландыруға бағытталды. Бұл үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезінде көзге көрінерлік нəтижеге қол жетпегендігі туралы пікірінің қалыптасуына əкелді.

Индустрияландыру картасының бір жобасын жүзеге асыруға қажетті инвестиция көлемі орта есеппен 13,1 млрд теңгені құрады, республикалық картаның жобасы — 168,2 млрд теңгені, аймақтық картаның жобасы 4,6 млрд теңгені құрады.

Бағдарлама еліміздің экономикасын əртараптандыруға жəне оның бəсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Оның негізгі күшін дəстүрлі индустрияда (мұнай-газ секторы, тау-кен- металлургия өнеркəсібі, химия жəне атом өнеркəсіптері), дамуы ішкі сұраныс өсімінің базасында іске асатын салаларда (машина жасау, фармацевтикалық өнеркəсіп, құрылыс индустриясы жəне құрылыс материалдарын өндіру), экспортты потенциалы бар салаларда (агроөнеркəсіптік кешен, жеңіл өнеркəсіп жəне туризм) жəне «болашақтың экономикасы» секторларында (ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялар, космостық қызмет, жаңартылатын энергия көздері) өңдеу өнеркəсібінің басым салаларын дамытуға негіздеу болжанған болатын.

Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасында əр түрлі салалық жəне функционалдық бағыттар жиналған жəне, ақыр аяғында, ол еліміздің экономикалық даму бағдарламасына өзгеріп кетті. Нақтысында, бағдарламаға өнеркəсіптің түгелге жуық салалары, сондай-ақ мемлекет дамуының жалпы жүйелік бағыттарының көп бөлігі де енген болатын.

Бағдарлама жауапкершілігінен тыс тек денсаулық сақтау, ғылым, қаржы, бизнес қызметі, қауіпсіздік жəне сырқы саясат қызметінің мəселелері ғана қалды.

Индустрияландыру картасында агроөнеркəсіптік кешенді (АӨК) жəне ауыл шаруашылық қайта өңдеуді — 312 жоба, құрылыс индустриясын жəне ағаш өңдеу өнеркəсібін — 200, машина жасауды 95, тау-кен-металлургия саласын — 88, химия өнеркəсібін — 48 жəне энергетиканы 46 дамытуға арналған жобалар басым. Сонымен қоса инвестициялардың негізгі көлемі мұнайды қайта өңдеу жəне соған байланысты инфрақұрылым — 2,8 трлн теңге, көлік жəне коммуникация — 2,6 трлн теңге, тау- кен-металлургия кешені — 2 трлн теңге жəне энергетика — 1,3 трлн теңге жобаларын жүзеге асыруға бағытталады (2-сур.), осылардың барлығын қосқанда жалпы инвестиция көлемінің 70 %-дан астам үлесі шығады. Басқаша айтқанда, қаражат үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасында басым салалардың дамуына бағытталады, алайда көп шығынды қажет ететін, өтілу мерзімі ұзаққа созылатын инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жағына ауытқу байқалады [5].

  2-сурет. Индустрияландыру картасындағы салалар бойынша инвестициялар көлемі, трлн тг

 Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қолдаудың секторлық жəне жобалық шаралары анықталды. Секторлық шаралар 27 салалық бағдарламаларды жəне оларға қатысты шебер жоспарларды жүзеге асыру арқылы, ал қолдаудың жобалық шаралары бизнесті қолдау бағдарламаларының «Бизнестің жол картасы–2020»,

«Өнімділік–2020», «Агробизнес–2020» көмегімен, сондай-ақ отандық өңделген тауарлар, қызметтер экспортын ілгері жылжыту мен ындаландыру жəне шетел инвестицияларын жұмылдыру бойынша мемлекеттік қолдаудың көмегімен іске асты.

Құралдар жинағы (барлығы 100-ден астам), бір жағынан, бизнес үшін қызығушылық тудырса, екінші жағынан, біздің экономикамыздың құрылымын қолданыстағы кəсіпорындарды жаңғырту жолымен де, жаңа жобаларға инвестиция салу арқылы да нақты өзгертуге мүмкіндігі бар.

Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда басты бағдар жеке инвестицияларға, яғни қазақстандық жəне шетел компанияларының қаражаттарына, түсіп отыр. Негізгі бюджеттік ресурстар мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруға бағытталады, оған бизнесті қолдау бағдарламаларының аясында инвесторларды қолдау жəне кадрлар даярлау жатады.

Осылайша, индустрияландыру картасы жобаларының 95 %-ы — жеке инвесторлардың, басым бөлігі шетел инвесторларының қаражатына салынуда. Қаржыландыруға, əрине, қазақстандық ұлттық компаниялар да қатысуда. Бюджеттен де шығындар бар, бірақ олар негізінен инфрақұрылымға қатысты. Мысалы, біздің экономикамыз үшін маңызы зор болып үш темір жол торабының жəне «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының құрылыстары (шамамен 800 млрд теңге) табылады.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы бəсекеге қабілетті индустрияны дамытуды, қолданыстағы өнеркəсіптік кəсіпорындарды жаңғыртуды көздейді. Бағдарлама аясында 2014 жылы 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда көрсеткіштер санының өсуі жоспарланған. ЖІӨ нақты өлшемінде 38,4%-дан кем емес, номиналды өлшемінде — 26 трлн теңге шамасында. Шикізаттық емес сектордың жалпы қосылған құны (ЖҚҚ) нақты өлшемінде 39,5%-дан кем емес, өңдеу өнеркəсібінің өсімі нақты шамасында 43,6%, шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемі 30%-дан кем емес, өңдеу өнеркəсібінде еңбек өнімділігі нақты өлшемінде 1,5 еседен кем емес. Сонымен бірге инновациялық белсенді кəсіпорындардың үлесі қолданыстағы кəсіпорындар санынан 10%-ға дейін өсуі керек, сол сияқты, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, ұлттық басқару холдингінің, ұлттық холдингтер мен компаниялардың, жер қойнауын пайдаланушылардың, жүйе құрастыратын кəсіпорындардың тауарлары, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудағы жергілікті мөлшерінің үлесі де өсуі қажет.

Бұдан басқа, ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2008 жылдың деңгейінен 10%-дан кем емес шамаға төмендету болжанған. Нақтысында, бүгінде сарапшылар үдемелі индустриялық- инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қорытындыларын жасап жатыр. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында күрделі жағдайлар айтарлықтай көп болды.

Бағдарлама жеткіліксіз мөлшерде тоғыстырылды, шектері тым ауқымды болды, оған көптеген инфрақұрылымдық жобалар енгізілді, сонымен бірге бастапқы кезеңде жобаларды іріктеу аса сапалы болған жоқ.

Бағдарламаның бірінші кезеңінде жинақталған тəжірибе жүйелік қателіктер тізімін көрсетті. Біріншіден, бағдарлама аясында салалардың аса кең шоғыры оның басым бағыттарын дамытуға саны бойынша шектелген қолжетімді ресурстарды тиімді жұмылдыруға мүмкіндік берген жоқ. Екіншіден, үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы мен оны жүзеге асыру үшін жасалған жеке салалық бағдарламалардың арасындағы байланыстың бұзылуы бұл қорытындыларға кері əсерін тигізді, яғни, салалық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша іс- шаралар тізімі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасының алға қойған мақсаттарына қолжеткізуге бағытталмаған. Үшіншіден, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар жəне даму институттарының арасындағы əрекеттесудің жеткіліксіз жылдамдығы, бұл шешім қабылдау мерзімінің ұзаруына жəне мемлекеттік қолдау тиімділігінің төмендеуіне əкелді. Төртіншіден, жоспарлау, жүзеге асыру барысы туралы мəліметтерді жинау жəне жиынтықтау, мониторинг мəліметтерін талдау жəне жоспарланған шараларға қол жеткізу үшін біртекті методологиялық жабдықтың болмауы кедергі келтірді [4].

Алайда барлығы мемлекеттің күшіне бағынбағанын түсіну керек. Экономикалық дамудың жетістігі, маңызды дəрежеде, кəсіпкерлердің қаншалықты тиімді екеніне байланысты. Бизнес-орта өнеркəсіпті дамытудың негізгі қозғаушы күші ретінде ұсынылған бағыттарға дайын болуы қажет, оларды ұғыну жəне байқап көруі керек. Кəсіпкерлермен қарым-қатынас құруға да біршама уақыт қажет болды.

Индустрияландырудың 2015–2019 жылдарға арналған келесі кезеңі ұдемелі индустриялық- инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудан жинақталған тəжірибені ескере отырып жасалған. Мысалы, осылайша жобалардың коммерциялық жетістіктері үшін бизнестің жауапкершілігін күшейтуді қарастыратын индустрияландыру картасының жобаларын іріктеудің жəне оларды жүзеге асыруды қолдаудың жаңа тəсілдері қалыптасады.

Сарапшылардың пікірі бойынша, бүгінгі күні еліміздің жаңа экономикалық даму саясаты туралы ой өзінің оң нəтижесін беріп жатқандығын сеніммен айтуға болады. Үдемелі индустриялық- инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мерзімінде еліміздің жаңа индустриялық саясатының негіздері қалыптасты, жаңа өндірісті құру бойынша отандық жəне шетел инвесторларымен белсенді жұмыс басталды [5].

Сонымен қоса экономика құрылымын өзгерту — ұзақ мерзімді жəне стратегиялық мəселе, себебі сөз экономиканы толығымен қайта құру, яғни техникалық стандарттар, принципті түрде жаңа кадрларды дайындау, инфрақұрылым жəне, ең бастысы, жаңа өнім өндіруден бастап өзгерту жайында қозғалып отыр.

Сондықтан алдын ала бірінші кезеңді жүзеге асыру мерзімінде экономиканың құрылымын елеулі өзгертуді күтпеген жөн. Бұл 10-15 жылдың мəселесі. Мысалы, Малайзия, Сингапур, Жапония жəне Оңтүстік Корея осы күнгі жетістігіне, ілгері басқан елдердің мəртебесіне бірнеше онжылдық мерзімінде қолжеткізген. Қазақстан 5 жылдың ішінде екінші Сингапур болады деп болжау салғырттыққа жатады.

Экономика құрылымындағы негізгі өзгерістер ұзақ мерзімді кезеңде күтіледі, бірақ қазірдің өзінде біз үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудан жаман емес əлеуметтік-экономикалық пайда алдық. Бірнеше жыл бұрын ғана Қазақстанның ішкі нарығында қазақстандық өндіріс өнімін табу тіпті мүмкін болмайтын. Қазір жағдай ақырындап жақсы жаққа қарай өзгеріп келеді.

Əр күн сайын біз өз елімізде өндірілген тауарларды қолданамыз, соның ішінде индустрияландыру бағдарламасының аясында жүргізілген жобалардың арқасында өндірілген тауарларды да. Бұл азық-түлік, тұрмыстық техника, автомашиналар, дəрі-дəрмектер, мата бұйымдары жəне құрылыс материалдары.

Бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында экономиканы дамытудың жаңа бағыттары мен секторлары пайда болды, бұрын Қазақстанда ешқашан шығарылмаған өнім түрлерінің дизельді локомотивтер, жолаушылар вагондары, электровоздар өндірісі бір қалыпқа келді. Бұны бағдарламаның негізгі индикаторларын талдау қорытындылары да растайды (3-кесте).

Индустрияландырудың бірінші кезеңін жүзеге асырудағы бес жылдың нəтижелері

 Бағдарламаның жоспарланған деңгейге жете алмау қауіпі бар күрделі индикаторларының бірі — шикізаттық емес экспорттың өсімі. Бұл еліміздің экономикасын дамытудың ішкі тенденцияларымен де (мұнай мен газдың ірі кен орындарын өңдеу), сонымен қатар сыртқы факторлармен де (энергия тасымалдаушыларға əлемдік бағаның өсуі, ЕЭҚ — Ресей жəне басқалар бойынша серіктеске қатысты санкциялардың Қазақстанға əсері) байланысты.

Егер жалпылама түрде қарастырсақ, индустрияландырудың бірінші кезеңін жүзеге асыру экономиканы əптараптандыруды қамтамасыз ету үшін іргетас қалады, инновациялық дамуды жəне жоғарғы технологиялық ғылымды қажетсінетін өндірістерді талап ететін «болашақтың экономикасы» жобаларын іске қосу үшін алғышарттар жасады.

2015–2019 жылдарға Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 жаңа бағдарламасы жасалды [6].

2015–2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы өңдеу өнеркəсібіне шоғырланады. Бұл «голландық» ауруды жəне орта табыс тұзағына байланысты қарсы шығуды есепке алсақ, тіпті қажет болады. Мемлекеттік саясаттың міндеті — өңдеу өнеркəсібін өндіруші өнеркəсіп жəне құрылыспен салыстырғанда табысты теңестіру арқылы инвестиция үшін жағымды нысан ету.

Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 жасаушылары атап көрсетеді: «… бірінші фазада алған сабағымыз: өте көп индикаторлардың болуы қажет емес. Индикаторлардың өте көп болуы назарды жəне күшті ыдыратады. Əрқайсысы белгілі бір бағытты сипаттайтын 5 негізгі индикаторды қолдануды ұсынады. Жалпы қосылған құнның өзгеруі өсімді немесе төмендеуді көрсетеді, еңбек өнімділігі тиімділіктің өсімін көрсетеді, экспорт бəсекеге қабілеттілікті аңғартады, энергия тиімділігі ресурсты үнемдеу бойынша жалпы бағытты көрсетеді, жұмыспен қамтамасыз етілу əлеуметтік аспектіні сипаттайды».

Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 — бұл өнеркəсіптік саясат. Сонымен бірге бұл бағдарламаның негізгі назары өңдеу өнеркəсібінде болмақ. Алдын ала есептеулер бойынша өңдеу өнеркəсібінде жалпы қосылған құнның өсімі 2020 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 1,5 есе шамасында болуы тиіс [6].

Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 басым бағыты — қара металлургияны, түсті металлургияны, агрохимияны, өнеркəсіп үшін химиялық заттарды, машина жасауды, тамақ өнеркəсібін, мұнай өңдеу өнеркəсібін жəне мұнай-газ-химия өнеркəсібін дамыту болмақ. Əр секторында экономикалық қызметтің белгілі классификаторларымен (ЭҚБК) барлығы 14 сектор бар. Қазіргі уақытта ғаламдық деңгейде қара металлургия нарығында аса қолайлы емес жағдай туындап отырғанына қарамастан, ол экономиканың елеулі бөлігін құрайды. 2008 жылы қара металлургия барлық өңдеу өнеркəсібінің үштен бір бөлігін құраған, қазір 10 %-ды құрайды, бірақ ол өңдеу өнеркəсібінде 10%-дан артық жұмыспен қамтылуды қалыптастырады [6].

Түсті металлургия — біздің күшті саламыз: Қазақстан базалық металдарды айтарлықтай табысты өндіреді жəне экспорттайды, міндетіміз — оларды өнеркəсіптік жартылай фабрикаттарға немесе соңғы өнімге дейін өңдеуге көшу. Мұнайды өңдеу секторында ішкі нарықты моторлы отынмен қамтамасыз ету мəселесін шешу қажет жəне байланысты салалар үшін химиялық шикізат жасау керек. Едəуір көлемдегі ілеспе мұнай газының болуы газдық-химиялық өндірістің табысты дамуы үшін іргетас болуы тиіс жəне өнеркəсіпті пластиктермен қамтамасыз етуі керек. Ірі тау-кен металлургия кешені жəне мұнай саласы олар үшін өнеркəсіптік химикаттар машиналарын жасауды дамытуға маңызды мүмкіндік береді.

Келешегі бар бағыттардың бірі азық-түлік өндіру болып табылады. Бұл импортты алмастыру жағынан да, экспорт жағынан да маңызды болып келеді. Келесі сектор — агрохимия. Бізде АӨК жағынан үлкен бүркеулі сұраныс бар, біз еңбек өнімділігінің жəне ауыл шаруашылығында инновацияның артуына бағытталған аграрлық саясат оны нақты сұранысқа аударатынына сенеміз. Барлық машина жасаудан 6 сектор таңдалып алынды: автокөлік өндіру, электрлік машиналар өндіру, электрлік жабдықтар өндіру, ауыл шаруашылық техникасын өндіру, темір жол техникасын өндіру, ТМК жəне мұнай саласы үшін жабдықтар өндіру [7].

Сонымен қатар бағдарлама «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасының қажеттіліктерін өтейтін құрылыс материалдары секторының дамуына бағытталған. Аталған барлық салалар Индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 бойынша қуаттандырылады. Жалпы мемлекеттік қолдаудың 80 %-ы жоғарыда аталған секторларға бағытталады. Алайда басқа секторлардың тиімді кəсіпорындарын қолдау қажет екендігін түсіне отырып, мысалы, фармацевтиканың, ағаш өңдеудің, жеңіл өнеркəсіптің жəне тағы басқалардың, оларға ресурстардың 20 %-ын қолдану ұсынылады.

Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 құрастырушылардың пікірі бойынша, мемлекеттік саясаттың міндеті – инновациялық жобалардың пайда болуы үшін кəсіпкерлерді ынталандыру. Дегенмен, бағдарламаны Кəсіпкерлердің ұлттық палатасымен жəне салалық қауымдастықтармен бірлесіп дайындау барысында индикативтік болашағы бар жобалар анықталды. Бағдарламаның үлгісі соларды ескере отырып жасалды, бірақ оларды қолдау туралы қорытынды шешім іріктеу көрсеткіштерімен сəйкес келгенде ғана қабылданады [6].

Критерийлер қарапайым: жоғарғы еңбек өнімділігі, бəсекеге қабілетті өнім шығару (көпшілікке танылған халықаралық стандарттарға сəйкес келу), экспорт, мемлекеттік қолдаудың тиімділігі. Қазақстан еңбек өнімділігінің деңгейі бойынша Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы мемлекеттерінің орта көрсеткіштерінен екі есе қалып келеді, сондықтан біз бұл көрсеткішті жоғарлататын жобаларды ғана қолдаймыз. Екінші критерий — экспорт. Ішкі нарыққа ғана бағытталудың келешегі онша зор емес, көлемі бойынша тиімді өндірісті іске қосуға нарықтың сыйымдылығы жетпейді. Мемлекеттік қолдаудың тиімділігін қосылған экономикалық құн бойынша анықтауды ұсынамыз.

Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 үдемелі индустриялық- инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасының орнын басушы болып табылады. Онда қолданыстағы даму институттарының жүйесі жəне қолданыстағы «Бизнестің жол картасы–2020», «Энергия тиімділігі–2020», «Экспортер–2020» жəне тағы басқа қолдау бойынша бағдарламалар пайдаланылады.

Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы-2 аймақтың мамандандырылуын ескере отырып, аймақтық даму қарастырылған. Мемлекеттік саясат өңдеуші өнеркəсіпте аймақтың қалыптасқан мамандандырылуын дамыту жəне аймақта базалық факторлар мен шарттар болған жағдайда жаңа мамандандыруды құруға ынталандыру үшін жұмыс жасайды [5].

Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы-2 белгілі бір сапалық индикаторлар жəне сандық көрсеткіштер енгізілген. Өңдеу секторының сапалы өсімін сипаттайтын барлығы 5 индикатор бар: жалпы қосылған құн, еңбек өнімділігі, шикізаттық емес экспорттың көлемі, өңдеу өнеркəсібінің энергия сыйымдылығы жəне орнықты жұмыспен қамтылу.

Жаңа бесжылдықта үлкен назар инновацияларға аударылады. Бағдарлама инновациялық жүйені дамыту бойынша күшті бағдарлама аясында ғана емес, сонымен қатар жалпы экономикада үйлестіруге мүмкіндік береді. Инновациялар басқарушылық, маркетингтік, технологиялық жəне т.б. болуы мүмкін. Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 басты міндеті бұл технологиялардың «ақылды» трансферті. Яғни, тек қана жабдық сатып алу ғана емес, сонымен қатар техникалық құжаттаманы, ноу-хауды, патенттерді сатып алу, шеттен алып пайдалану, оларды жергілікті шарттарға икемдеу. Өңдеу өнекəсібінің кəсіпорындары да инновацияның дамуын түрлендіруі қажет. Сарапшылардың пікірі бойынша, өнеркəсіп инновацияға сұранысты түрлендіре бастаған сəттен бастап, инновациялық белсенділік басталады [8].

Алдын ала есептеулер бойынша Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 бағдарламасының құны 7 трлн теңгеден 9 трлн теңгеге дейінгі соманы құрайды. Бұл бағдарламаның барлық қаржыландыру көздерін — тікелей шетел инвестицияларын, кəсіпорындардың инвестицияларын, коммерциялық сектордың — екінші деңгейлі банктердің инвестицияларын қосқандағы 5 жылға арналған құны, ал бюджеттік құралдар, сарапшылардың талдауы бойынша, бағдарламаның барлық құнының 16–20 %-ын құрайды [8].

Қорытындылайтын болсақ:

  • индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыру үшін құқықтық жəне экономикалық негіздерді, сондай-ақ осы бағытта мемлекеттік қолдау көрсету шараларын анықтайтын арнайы заң жасалған, өндірістік жəне бизнес үдерістерді технологиялық жаңғырту жəне оңтайландыруға бағытталған экономиканың басым секторларын мемлекеттік қолдау шараларының жүйесі құрылған. Сонымен қоса бұл жүйе экспортты сервистік қолдау жəне сауданы қаржыландыруға, сақтандыруға, инвестиция жұмылдыруға, қолданыстағы кəсіпорындарды жаңғыртуға («Өнімділік–2020» бағдарламасы), шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдауға («Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы) бағытталады;
  • ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев ««Қазақстан–2050» Стратегиясы. «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына сəйкес, үдемелі индустрияландыру — бұл жаңа салаларды қалыптастыру үдерісі, сондай-ақ экономиканың бəсекеге қабілеттілігін анықтайтын инновацияларды жəне жоғары технологияларды енгізу негізінде дəстүрлі салалардың дамуы. Қазақстандағы үдемелі индустрияландырудың басты мақсаты — бұл əртараптандыру арқылы экономиканың тұрақты жəне теңдестірілген өсімін қамтамасыз ету;
  • индустриялық-инновациялық стратегия негізінде, өңірлердің ішінде бəсекелестік қабілеті жоғары жəне экспортқа бейімделген секторларды анықтау арқылы, жалпы өңірлердің дамуына институционалды қолдау көрсету бүгін мемлекеттің негізгі мақсаты болып отыр;
  • ел экономикасын өрге сүйрейтін елімізде əлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басты бағытының бірі — индустриялық-инновациялық даму халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізетіндігі ақиқат. Сонымен қатар 2015–2019 жылдарға арналған индустриялық- инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы біздің еліміздің əлемнің 30 дамыған елі қатарына кіруіне өз үлесін қосатын болады. Елбасымыздың жемісті еңбегінің арқасында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылды;
  • бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық жəне саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Ендігі уақытта Қазақстанның бəсекеге қабілетті 30 елдің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс, өйткені еліміздің экономикалық əлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Уикипедия: еркін энциклопедия. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: https://ru.wikipedia.org/wiki
  2. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев ««Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауы. — 2012. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: akorda.kz
  3. Қазақстан Республикасының 2010–2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: adilet.zan.kz
  4. Лобанова Е. Часть средств ГПФИИР не была напрямую связана с реализацией промышленной политики // Деловой еженедельник «Капитал.kz». —
  5. Дуламбаева Р.Т. Инновационная индустриализация: особенности и проблемы реализации. — 2015. — [ЭР]. Режим доступа: http://group-global.org/ru/publication
  6. 2015–2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы (ИИДМБ-2). — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: adilet.zan.kz
  7. Ходжаниязова Ж.Т. Нарықтық экономика негіздері: оқулық. — 2-бас. — Астана: Фолиант, — 168 б.
  8. Буранбаев А. ГПИИР-2: изменения, новшества, ресурсы. — 2015. — [ЭР]. Режим доступа: http://group-org/ru/publication/8831-gpiir-2-izmeneniya-novshestva-resursy

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.