Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəсіпкерлікті инновациялық негізде дамытудың басты бағыттары

Кəсіпкерлікті инновациялық негізде дамытудың басты бағыттары ретінде венчурлік, концессиялық, лизингтік жəне франчайзингтік бизнестерді қалыптастыру жəне дамыту бойынша механизмдерді жетілдіру жолдары ұсынылады. Қазақстанның алдында нарық субъектілерінің өзара тауарлар мен қызметтерді өндірудегі бəсекелестікті қолдап жəне дамыту міндетімен қатар, елімізде ғылыми сыйымды технологиялар саласындағы əлемдік бəсекелестіктің толыққанды қатысушыларына айналу үшін білім экономикасын дамытуға арналған іс-əрекеттерді жандандыру міндеті тұр [1].

Қазіргі күні Қазақстандағы инновациялық кіші кəсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуда кедергі болатын факторлары келесідей [2]:

  • өз қаржыларының жетіспеушілігі негізінде инвестициялық қорлар арқылы несиелерге қол жеткізудің қиындығы;
  • инновациялық кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті сəйкес инженерлік- транспорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген өндірістік қойма орындарының жеткіліксіздігі;
  • инновациялық кіші кəсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы заңдардағы өзгертулер туралы хабарсыздығы, əкімшілік кедергілер жəне кəсіпкерлік қызметпен айналысу кезінде билік органдарының нақты тəртіптерінің жоқтығы;
  • инновациялық кіші кəсіпорындардағы жұмыскер мамандықтарының білікті мамандарының жеткіліксіздігі. Кіші кəсіпкерлік субъектілерінің өңдеуші өндірістерінің ірі жəне орта ұйымдарымен өзара əрекеттесу жəне кооперациялануын дамыту туралы мəселе ерекше зер салуды талап ету қажеттілігі.

Сондықтан инновациялық кəсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін мына мəселені шешу қажет:

  • инновациялық кəсіпкерлік субъектілерін ақпараттық қолдау;
  • инновациялық кəсіпкерлік субъектілерін заңнамалық қолдау;
  • инновациялық кəсіпкерлік субъектілері алдында тұрған əкімшілік кедергілерді азайту. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай шараларды қолдану болжамданады:
  • инновациялық жеке кəсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларын, технологиялық парктер, индустриялық өңірлер жəне басқа да жеке кəсіпкерлікті дамыту объектілерін құру жəне дамыту;
  • инновациялық жеке кəсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-əдістемелік, ғылыми-əдістемелік жəне ақпараттық қамтамасыз ету;
  • инновациялық шаруашылық етуші субъектілердің реттеуші жəне қадағалаушы қызметтермен жəне жергілікті билік органдарымен өзара əрекеттесу əдістерін жетілдіру;
  • тиімді бəсекеге қабілетті орта үшін жағдайлар жасау;
  • инновациялық кəсіпкерлік ахуалды жақсартуға жəрдемдесу, өңір экономикасына салымдардың тартымдылығын мақсатты жоғарылату.

Ерекше назар инфрақұрылымдық инвестициялық жобалардың əзірленуіндегі өңірлік инвестициялық бағдарламаларға қарай бағытталуына бөлінеді. Əрбір облыс əкімшілігі ішкі жəне сыртқы инвесторлармен жұмысты, оларға қажетті жəне толық ақпарат бере отырып, бюрократтық кедергілердің жойылуына көмектесе отырып, үйлестіреді жəне тəртіптендіреді.

Шағын инновациялық кəсіпорындардың қалыптасу жолдары əр түрлі болуы мүмкін. Көбіне, жаңа тауарлар, технологиялар немесе қызметтер жасап шығару туралы идеялар туындататын ғалым- өнертапқыштар, инженерлер осындай кəсіпорындарды ұйымдастырудың бастамашылары болып табылады. Бұл адамдар, əдетте, əр түрлі ведомстволар мен министрліктердің ғылыми ұйымдарында жұмыс жасай жүріп, шығармашылық, ғылыми жəне инженерлік қызметтерде бай тəжірибе жинақтайды [3,4]. Олар біраз уақытқа дейін идеяларын өздерінің ғылыми ұйымдарындағы зертханалар мен бөлімдерде дəлелдеп дамытады, бірақ əр түрлі субъективті жəне объективті себептерге байланысты идеяларды осы ұйымның аясында дамыту мүмкін болмады.

Бұл идеяны ары қарай дамытудың ең қарапайым жолы — шағын жəне орта кəсіпорынды ұйымдастыру. Кейбір елдерде шағын кəсіпорындар құру мəселесі көп шығын мен уақытты қажет етпейді. Шағын жəне орта инновациялық кəсіпорын ғылыми ұйымдар аумағында құрылуы мүмкін. Жəне де шағын кəсіпорынның басшысы аталмыш ұйымның қызметкері болып қалады, ал инновациялық идеяларды дəлелдеу жəне дамыту жөніндегі жұмыстар ғылыми ұйымдардың жабдықтарымен жүргізіледі. Осындай шағын ұйымның аясында қол жеткізілген инновациялық жетістіктер шағын кəсіпорынға да, сондай-ақ ғылыми ұйымға да тиесілі болуы мүмкін. Шағын кəсіпорындар инновациялық өнімдерді нарыққа жылжыту үшін делдал қызметін де атқарады [5].

Университет пен колледждердегі, мемлекеттік ғылыми орталықтардағы көптеген ғылыми ашылымдар мен өнертабыстар АҚШ-та шағын инновациялық кəсіпорындардың құрылуына түрткі болды. Дəл осы ғылыми ашылымдар мен өнертабыстардың авторлары ұсақ кəсіпорындар ашып, кəсіпкерлер ретінде көріне бастады.

Шағын фирмалар, əдетте, кез келген жолмен нарыққа шығып, белгілі бір орын алуға тырысады. Ал ірі фирмалар болса кей кезде шығындарды жаба алмайтын жеткіліксіз мөлшерде пайда алудан қауіптеніп, өздерінің ғылыми бөлімшелерінде ойлап табылған өнертабыстарды игере алмай жатады.

Шағын енгізуші фирмалар іргелі жəне қолданбалы зерттеулерді байланыстыратын тізбек болып табылады. Сондықтан көбіне оларды бұрындары университеттерде немесе ірі зертханаларда жұмыс жасаған ғалымдар, сондай-ақ ірі фирмаларды қызмет жасаған жəне өз идеяларын өз бетінше жүзеге асырғысы келетін инженерлер дəлелдеп шығарады.

Батыстың көптеген ғалымдары жоғарғы технология жəне ҒЗТКЖ салаларында нақты көрінетін шағын жəне ірі фирмалардың ынтымақтастық жасауын қолдайды жəне мұндай байланыстар тек айқын ғана емес, сондай-ақ заң тұрғысынан ресімделген. Сонымен қатар шағын кəсіпорындар үшін қолжетімді жəне соңғыларына ірі корпорациялар алдында белгілі бір артықшылақтар беретін зерттеулер түрі ерекшеленіп келеді.

Нарықтық экономикасы қалыптасқан елдерде фирманың көлемі мен инновациялық қызметтің тиімділігі арасындағы өзара байланысты анықтау ғылыми-техникалық прогресті дамытудың маңызды проблемасы болып табылады.

Сол немесе басқа жаңа енгізулерді игеруде ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық əзірлемелермен айналысатын орта жəне шағын фирмалардың тиімділігі, ірі ұйымдарға қарағанда, айтарлықтай жоғары болады. Себебі, біріншісі айтарлықтай қаражат пен үлкен ұжымды қажет етпейді жəне мамандардың шағын тобы күрделі əрі қымбат зерттеу жабдықтарысыз жұмыс жасай алады.

Əсіресе жоғары оқу орындарына, ҒЗИ-ға жəне ғылымның мемлекеттік академиясы құрған ғылыми мекемелерге интеллектуалдық қызметтердің нəтижелерін, соның ішінде ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды, мəліметтер базасын, өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркəсіп үлгілерін, іріктелген жетістіктерді, өндіріс құпияларын (ноу-хау) тəжірибеде қолдану үшін шаруашылық қоғамдарын құру құқығын беру ұсынылып отыр.

Интеллектуалдық қызметтің нəтижелерін пайдалану құқығы, жарғылық капиталға қосқан үлес болып табылады жəне лицензиялық шарт бойынша енгізілген мұндай құқықты ақшамен бағалау шаруашылық қоғам құрылтайшыларының (қатысушыларының) шешімімен бір ауыздан бекітіледі.

Инновациялық өндірістер құру, шағын жəне орта бизнесті дамыту жөніндегі ұсыныстар [6]:

  1. Шағын жəне орта бизнестің инновациялық жобаларды өнеркəсіп саласына енгізуінің өз ерекшелігі бар, себебі бұл жерде нақты өнім — өнеркəсіп үлгісі, технологиялық регламент, конструкторлық құжаттама болу қажет. Ал бұл айтарлықтай қаражат тартумен, зертханалық жабдықтарды, конструкторлық құжаттамаларды дайындауға арналған техникаларды тартумен байланысты.
  2. Технопарктердің көмегімен зертханалық жағдайларда жекелеген топтардың жұмыспен өтеуі немесе инновациялық өнімді өндірудің толық технологиялық тізбегі жүргізілер еді. Жекелеген зерттеулер — тəжірибелік-өнеркəсіптік тексерулерді бейінді ғылыми-зерттеу ұйымдарының сəйкес келетін тəжірибелі алаңшаларында жүргізудің мақсатқа лайықтығын ескеру қажет жəне олардың мүмкіндіктері туралы мəліметтер технопарктерде болуы тиіс. Бірлескен қызмет туралы шарт болса, тамаша болар еді. Бұл жағдайда технопарктер осы ұйымдармен тəжірибелік-өнеркəсіптік сынақтар өткізуге тапсырыстарын орналастырар еді. Бұл жинақталған шетелдік тəжірибе — Outotec компаниясы (Финляндия).

Айта кететін жайт, жобалар өздерінің жаңашылдығына, өткізімділігіне, талап етілмелігіне, шикізат жəне энергия ресурстарымен қамтамасыз етілгендігіне алдын ала технологиялық сараптамадан өтуі тиіс əрі сəйкес келетін инфрақұрылымы болуы жəне қолдныстағы өндірістерге бейімделе алуы қажет.

  1. Мемлекеттік-жеке серіктестік, жаңа ұйымдастырушылық сызбаларды қолдану жəне т.б. инновациялық шағын жəне орта бизнесті дамыта алатын құрал болуы тиіс.
  2. Экономиканың дəстүрлі экспортқа бағытталған секторларында жаңа бизнестердің мультипликациясымен — орта жəне шағын бизнеске арналған мүмкіндіктермен бірге ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Ол үшін зерттеулердің прогрессивтілік, тиімділік, экологиялық тазалық, өнімдерді дайындаудың саны жəне сапасы бойынша нормативтер мен өндіріс процесінің технологиялық режимдеріне сəйкес келуіне технологиялық сараптамалар жүргізіп, жабдықтарды, бейімдеулерді, модельдерді, аспаптарды таңдау, өндірістік күштердің орналасу жəне т.б. дəйектілігін анықтау қажет.
  3. Конкурстық тапсырыстарды іріктеу барысында ғылыми-техникалық, экологиялық, техникалық сараптамалар жүргізу жөніндегі қолданыстағы ережелерге талдау жасау, нəтижелерін барлық қаржы институттары мойындайтын жобаларға кешенді сараптама жүргізу ережелерін əзірлеу.
  4. Технологиялық сараптамалардың өлшемдерін регламенттеу.
  5. Төменде берілгендерді    қамтитын    шағын    инновациялық    кəсіпорындарды    қолдау (технологиялық алаңша) орталығын құру:
  • шағын кəсіпорындарға арналған аталмыш инновациялық жобалардың үнемі жаңарып отыратын банктерін;
  • консалтинг қызметін;
  • бизнес-инкубаторды;
  • шағын инновациялық кəсіпорындарды қолдау үшін венчурлік қаржыландыру қорын.

Қазақстандағы инновациялық кəсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін:

  • білікті кадрлар жəне жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кəсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау жəне қайта дайындау, кіші бизнес жəне өзін жұмыспен қамту саласында оқыту;
  • инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кəсіби біліктілігін   бекіту,   қоғамдық   бақылау   үшін    биліктің   ашықтық шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін жоғарылату керек.

Қазіргі    уақытта   ғылыми    сыйымды    өндірістер   қатарын   құру    мақсатында   жобалық-конструкторлық жəне техникалық құжаттама дайын елде отандық технологияларда қолдану негізінде бар химиялық жəне мұнай-химиялық өндірістерді қалпына келтіру жəне кеңейту, сонымен қатар мұнай, газ, көмірді жəне басқаны қайта өңдеу бойынша кіші жəне орта тиімді жəне бəсекеге қабілетті өндірістер құрылыс жобалары дайындалуда [7].

Ғылыми-техникалық бағдарламаларды, жоғары тиімді биотехнологияларды құру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өнеркəсіп үшін биотехнологиялық өнім өндірісі, теориялар мен технологияларды өңдеу саласындағы қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар қара жəне түсті металлургияның кəсіпорындарында жаңа технологиялық үрдістерді игеру басымдық негізге ие.

Стратегияны іске асыру ЖІӨ құрылымында өнеркəсіптің үлестік салмағын 2015 жылы 46,5 %- дан 50–52 %-ға дейінгі мөлшерде ұлғайтуға; ЖІӨ құрылымында ғылыми жəне ғылыми- инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2010 жылғы 0,9 %-дан 2015 жылы 1,5–1,7 %-ға арттыруға; ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркəсіп үлесінің төмендеу қарқынын 2010 жылғы 13,3 %-дан 2015 жылы 12–12,6 %-ға төмендеуін бəсеңдетуге, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі 38,1 %-дан 45–46 %-ға дейін өседі деп қарастырылған (сур. қара).

 Сурет. 2005–2013 жж. Қазақстан Республикасы кəсіпорындарының инновациялық белсенділігінің меншікті салмағы  

  Қазіргі кезеңде Қазақстанда инновацияларды құру жəне енгізу аясында кəсіпорындардың белсенділігінің төмендеуін көреміз. ҚР Статистика агенттігінің бағалауы бойынша, 01.01.2013 ж.мерзіміне сəйкес республикада кəсіпорындардың инновациялық белсендігінің меншікті салмағы жалпы респонденттік санының 3,9 % құрайды (10096 бірлік) (сур. қара). Салыстырмалы түрде Ресей кəсіпорындарының инновациялық белсендігі 13 % (2008 ж.), ал Шығыс Еуропада — 40 %-ға дейін (Румыния — 28 %, Словения — 32, Польша — 38 %).

Аймақтық кескін бойынша инновациялық дамуда көшбасында: Алматы қаласы — инновациялық белсенділік — 6,7 %, Қарағанды облысы — 6,2, Шығыс Қазақстан — 5,9 %. Соңғы тізгін бойынша: Ақмола облысы — 1,2 %, Алматы — 1,4, Маңғыстау — 1,4, Қостанай — 1,5, Қызылорда — 1,5 %.

Егер 2010 ж. инновациялық қызметпен айналысушы кəсіпорындар арасында өнім өндіруде басты көлемі металлургия саласы болса (ҚР бойынша барлық инновациялық өнім өндірудің 84,4 %), ал 01.01.2013 ж. мерзімінде өңдеу өнеркəсібі алда болды — 68,95 % (1-кесте).

1- к е с т е. ҚР салалары бойынша инновациялық өнім өндіру көлемі, млн тг 

Инновациялық белсенділікті шаруашылық жүргізуші субъектінің динамикасы мен ағымдағы жағдайын жəне инновациялық технологияларды енгізу деңгейін көрсететін кешенді нəтиже деп түсінуге болады (2-кесте). Кең мағынада — белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъектіде инновация жасау мен енгізуде пайда болған қаржы, экономикалық, саяси, əлеуметтік жəне басқарушылық қатынастар жүйесі. Ал ШОК секторының инновациялық белсенділігі дегеніміз оның дамуына қаржылық салымдардың перспективасын, табыстылығын, тиімділігін жəне тəуекелділігінің минимизациясы [8].

 2- к е с т е. Инновациялық белсенділікті анықтайтын негізгі факторлар

Инновациялық белсенділікке сандық жəне сапалық факторлар да əсер етеді. Сандық факторларды талдау кезінде мақсатты параметрлерге факторлардың əсерін бағалау үшін статистикалық əдістерді қолдану керек. Бұл жерде екі шарт орындалуы қажет: бағаланатын параметр сандық түрде болуы керек жəне бірыңғай таңдау құруға мүмкіндік беретін мəліметтердің болуы тиіс.

Инновациялық белсенділікке көрсеткіштердің əсері бойынша факторларды екі топқа біріктірген ыңғайлы: қолайлы жəне қолайсыз. Қолайлы факторларды сипаттайтын мəндер жоғарылағанда өнім өнімділігі, еңбек өнімділігі, өнімнің өндірістік өзіндік құны, еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы төмендейді, рентабельділік деңгейі жоғарылайды. Ал кері факторлардың мəні жоғарылағанда өнім өнімділігі төмендейді, шаруашылық нəтижелерді сипаттайтын басқа да көрсеткіштер төмендейді [9].

Ірі өндірістік кəсіпорындардың инновациялық қызметіне талдау жүргізгенде инновацияны басқаруды орталықтандыру заңдылығын нығайтуға бағытталған инновациялық процестердің қазіргі таңдағы ерекшеліктерін сипаттайтын бірқатар жалпы тұжырымдарды бөліп көрсетуге болады.

Зерттеулер көрсеткендей, соңғы онжылдықта Қазақстанның көптеген өндірістік кəсіпорындарда əлеуметтік-экономикалық саясатында инновациялық құраушылары бойынша келесідей тенденциялар байқалып отыр:

  • кəсіпорын ішінде тек қолданбалы ғылыми зерттеулер мен жеке зерттеулердің дамуы. Іргелі зерттеулер жүргізу ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерімен тығыз кірігу есебінен жүзеге асырылады;
  • неғұрлым инновациялық өндірістік кəсіпорындары жаңалықтарды басқару бөлімін құру үшін ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық ұжымын (ҒЗТКҰ) жəне маркетинг бөлімдерін біріктіру мақсатында қайта құрулар жүргізуде;
  • фирмааралық венчурлық бөлімшелерін белсенді пайдалану.

Инновацияны басқаруды ұйымдастыру процесінде зерттеуде келесідей сұрақтарды кезеңмен шешу ұсынылып отыр:

  • тиімді технология мен ең жақсы ұйымдық формаларды таңдау;
  • жаңалықтарға ықпал жасайтын ұйымдастырушылық ортаны қалыптастыру жəне жұмысшыларды ынталандыру;
  • ҒЗТКҰ жəне маркетинг бөлімдерінің өзара əрекеттерін жəне технологияны берудегі мəселелерін шешу;
  • шығындар мен ресурстардың экономикалық мақсатты көлемін анықтау, əлеуеті тиімді жобаларды таңдау;
  • шағын кəсіпорын ассортиментіндегі жаңа өнімдерді енгізудің салдарын зерттеу;
  • экономикалық тəуекелді қысқартудан ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар мен жабдықтау көздеріне байланысты төмендегенде пайда болатын диверсификация дамуының мүмкін болатын эффектісі;
  • экономикалық жəне саяси сфералардағы біріккен іс-əрекеттерді, фирмааралық байланыстарды ұлғайту.

Төменде 3-кестен шағын кəсіпорын өндірісінің инновациялық белсенділігін қалыптастыратын факторлар жүйесі бейнеленген

 

Инновациялық процестерді белсендірудің бір жолы болып республика деңгейінде шағын кəсіпорындарының инновацияға бағытталған даму стратегиясын жасау болып табылады. Бұл егер біз нақты бір кəсіпорын емес, жалпы аймақты немесе экономиканың нақты секторының алдыңғы қатарлы сала туралы айтып отырсақ, өте қиын процесс. Аймақтың экономиканың инновациялық дамуын біз өндірістің ғылымды кең көлемде қажет ететін факторын кешенді түрде пайдаланумен байланыстырамыз. Ал бұл өз кезегінде ШОК секторының ішкі де, сыртқы да тұтыну нарығында жоғарғы бəсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында техникалық-технологиялық, қаржылық- экономикалық жəне ұйымдастырушылық-басқару қызметін қамтамасыз етеді.

Шағын кəсіпкерлікті дамытудың инновациялық бағыттағы стратегиясының мақсаты — жаңа сапалы өнімдерді өндіруді тиімді түрде дамыту болып табылуы. Осы мақсатқа байланысты келесідей міндеттер анықталды: шағын кəсіпорын өнімдерінің шығымы мен сапасын арттыру, мемлекеттік қолдаудың арқасында өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету; шағын кəсіпкерлікті дамытуды қолдау; өнім өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыру; шағын кəсіпкерлікпен айналысатындарды мемлекет тарапынан қолдау; ШОК үдемелі ғылыми жəне технологиялық дамуын қамтамасыз ету; қуаттылықты пайдалану деңгейінің техникалық жаңаруының өсуін қамтамасыз ету мен кəсіпорындарды ДСҰ кіру жағдайына бейімдеу.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. — Астана, 2010. — [ƏР]. Қолжетімділік тəртібі: akorda.kz.
  2. Қазақстанның индустриялық-технологиялық дамуы — біздің ортақ болашағымыз үшін. Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІІ- съезінде жасаған баяндамасы // Егемен Қазақстан. — 2009. — 16 мамыр.
  3. Курнышева И. Условия инновационного развития // Экономист. — 2010. — № 7. — С. 9–18.
  4. Кушлин В. Задачи экономического роста // Экономист. — 2011. — № 1. — С. 3–10.
  5. Черковец В. Факторы обеспечения расширенного воспроизводства // Экономист. — 2010. — № 3. — С. 3–10.
  6. Новицкий Н. Инновационный путь развития экономики // Экономист. — 2009. — № 6. — С. 34–41.
  7. Шумпетер Й.А. Теория экономического развития: исследование предпринимательской прибыли, капитала, кредита, процента и цикла конъюнктуры. — М.: Прогресс, 1982. — 455 с.
  8. Соловьева О.Л. Формирование рынка инновационных ресурсов. — М.: Интерконтакт – Наука, 2009. — 120 с.
  9. Санто Б. Инновация как средство экономического развития / Пер. с венг. — М.: Прогресс, 1990. 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.