Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында жанама салықтар жүйесінің қалыптасуы жəне дамуы

 Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз — тұрғын, кəсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мəселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар — мемлекет егемендігінің бір көрінісі. Салық — нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нəтижелілігімен тығыз байланысты.

Салық салудың негізгі мақсаты — мемлекет қазынасын толтыру, еліміздің экономикасын дамыту, əлеуметтік жағдайды жақсарту жəне кəсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту.

Біздің Елбасымыздың жəне еліміздің алға қойған мақсаты — дамыған отыз елдердің қатарына қосылу. Ал мұндай мақсатқа қол жеткізудің басты алғышарттарының бірі — мемлекеттік бюджетті қалыптастыруда салықтардың тиімділігін арттыру.

Салықтар құқықтық жағдайы мен қолданылу шарттары жағынан алуан түрлі болып келеді. Жанама салық салудың мəні салықтың тауар бағасына (қызмет тарифіне) қосылатындығында. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.

Жанама салықтар — бағаға не тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады. Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Бұл салықтардың ең соңғы төлеушісі болып тауарды тұтынушы табылады [1].

Жанама салық салудың мəні салықтың тауар бағасына (қызмет тарифіне) қосылатындығында. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды. Жанама салықтар салық салу объектісіне қарай төмендегіше бөлінеді:

  1. Жеке жанама салықтар — қатаң түрде белгіленген бір тауар топтарына салынады.
  2. Əмбебап жанама салықтар — негізінен барлық тауарлар мен қызметтерге салынады.
  3. Фискалды-монополиялық жанама салықтар — мемлекеттік құрылымдарда сатылатын өндірістің барлық тауарларына салынады.

Кедендік баж — экспортты-импортты операциялар жасау кезінде тауарлар мен қызметтерге салынады.

Салықты алатын жəне оған билік жасайтын органға қарай салықтар жалпымемлекеттік жəне жергілікті болып бөлінеді.

Жалпы мемлекеттік салықтар — барлық элементтері мемлекеттің заңдарымен анықталатын жəне сол елді жалпыға бірдей біртұтас қолданылатын салықтар. Бұл салықтарды бекітіп, жүзеге асыратын ел Парламенті. Бұл салықтар ір деңгейдегі бюджеттерге бөлініп отырады.

Жергілікті салықтар — мемлекеттің заңдарына сəйкес жергілікті өкімет органдары жүзеге асыратын салықтар. Олар жергілікті деңгейде қабылданған шешім негізінде ғана жүзеге асырылады. Бұл салықтар толығымен жергілікті бюджетке түсіп отырады.

Пайдалану тəртібіне қарай барлық салықтар жалпы жəне арнаулы болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғырландырылады жəне жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Арнаулы салықтардың нысаналы мақсаты болады (мысалы, зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын əлеуметтік салық).

Нысанның экономикалық белгілері бойынша табысқа жəне тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген нысаннан алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар — бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

Нарықты экономиканы дамыту үшін мемлекет тарапынан салыққа аса мəн беріледі. Салықтар мемлекеттің қаржы көздерін жақсартудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына жəне саяси-əлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. Салықтар — кез келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі. Салықтар, жалпы экономикалық мазмұнына қарай, тікелей жəне жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдердің ішінде жанама салықтардың алатын орны ерекше. Əлемнің қандай мемлекеті болмасын, барлығында жанама немесе тұтынуға салынатын салықтар кең қолданылады.

Жанама салықтар — бұл салық төлеушінің табысына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес, тауардың бағасына жəне қызметтің тарифіне қосылатын салықтар. Жанама салықтардың ең соңғы төлеушісі болып тауарды тұтынушы табылады.

Салықтардың тікелей жəне жанама болып бөлінуі XVІІ ғасырдың соңында Д. Локкпен салықтардың басқаға аудару критериін негізге ала отырып, енгізілген болатын. Нəтижесінде тек жерге салынатын салық тікелей деп танылды да, қалғандары — жанама болды (себебі оларды төлеу, ақыр соңында, жер иеленушілерге аударылатын).

Дж. Миль болса критерийге құқықтық тұрғыдан қарады. Оның құқықтық (мемлекет) көзқарасы тұрғысынан тікелей салықтар — бұл салық төлеушіге тікелей жүктелетін, ал жанама салықтар — бұл салық төлеушімен басқаға жүктеле алатын салықтар. Бұл критерийді А. Вагнер де ұстанды.

XІX ғасырда тікелей салықтардың басым бөлігі басқа тұлғаға аударыла алуы, жанама салықтардың толығымен тиісті тəртіпте пайдаланылмауы оларға деген көзқарасты өзгертті. Енді критерийге салық салу мен алу тəртібі ескерілді. Тікелей салықтар тұрақты сипаттағы құбылыстарға негізделгендіктен (мүлікті басқару немесе пайдалану), олар салық төлеушілермен жасалған тізімге сəйкес бөлек жəне белгілі бір белгіленген мерзімде төленді, жанама салықтар болса өзгермелі құбылыстардан, бөлек іс-əрекеттерден, факторлардан (белгіленген тарифтер негізінде салынатын тұтыну, келісім-шарт, қызмет көрсету актілері) бастау алады.

Жанама салықтардың келесі ерекшеліктерден тұрады:

  • жанама салықтар салық салынатын өндіріс кезеңдеріне қарамастан, ақырғы тұтынушыға бағытталады;
  • мемлекеттің фискалдық функциясын атқарады. Мəселен, белгілі бір тауардан үлкен көлемде қосымша кіріс алу мақсатында тауарлардың белгілі бір топтарына (арақ жəне темекі өнімдеріне) акциз салығын қолданады;
  • тұтыным есебінен жиналған ақша қаражаттары нақты белгіленген мақсаттарға — мемлекеттің түрлі бағдарламаларын қаржыландыруға жұмсалады.

Ел экономикасын көтеру мен мемлекеттік бюджеттің кірісін молайтуда сүбелі үлесті жанама салықтар қосатындығы белгілі. Оны олардың бюджеттің салықтық кірістерінің жартысына жуық бөлігін құрауынан байқауға болады. Осыны біле білген Еуропалық одақ жанама салықтарды оған мүшелікке кірудің басты шартына айналдырып отыр.

Себебі:

  • оларды төлемеу мүмкін емес;
  • олармен болатын экономикалық қылмыстар аз;
  • еңбекке деген құлшынысқа аз көлемде əсер етеді;
  • тапшылық жоқ кезде, яғни тауар алмастыратын басқа да тауарлар болған кезде, тұтынушының тауар таңдау құқықтарын қалыптастырады;
  • салықтардың көрінбеуі жəне басқалары.

Қазақстанда жанама салықтардың келесі түрлері қолданылады:

  • қосылған құнға салынатын салық;
  • акциз;
  • кедендік баж салығы.

Қазақстанда жанама салықтардың ішінде бюджеттің негізгі кіріс көзі болып табылатын салық болып қосылған құн салығы табылады. 2012 жылы бұл салық жалпы мемлекеттік бюджет кірісінің 22,4 % құрады [2].

Шет мемлекеттер тəжірибесі көрсеткендей, салық реформасын жүргізудің бір ұшы салық жүйесіне қосылған құнға салынатын салықты (ҚҚС) енгізудің қажеттілігін саралап, тиімді жолын табу болып табылады.

1991 жылдың 24 желтоқсанында «Қосылған құнға салынатын салық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, республиканың салық жүйесіне қосылған құнға салынатын салықты енгізді. Бүгінгі күні бұл салық Салық кодексімен реттеледі жəне ол жанама салықтар қатарына жатады.

КСРО кезеңі мен одан кейінгі экономикалық кезеңде де ұзақ уақыт бойына айналым салығы қолданылып келді. 30-жылдардың басында енгізілген бұл салық бюджеттің ауқымды да тұрақты кіріс көзі болып, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етті нарықтық экономикаға көшуімізге орай өнеркəсіп өзі тұрған жері бойынша айналым салығын төлеуге көшуіне байланысты бұл тұрақты қаржы көзінен айрылды. Мұны республикамызда аяқ киім, темекі, кондитер, тоң май кəсіпорындары бойынша келіп түсетін түсімдердің кемігендігімен түсіндіруге болады. Əйтсе де өнеркəсіп тауарларының бағасы қолдан кемітілді. Айналым салығы арзан азық-түлік өнімдеріне берілетін дотация түрінде жабылды, ол, əрине, қайта бөлу тиімділігін бере алмады.

Қазақстан Республикасы нарыққа өту кезеңінде аса ауыр қаржы жағдайында қалды, өйткені экономикалық тұрғыдан құрылымдық қайта құру ұзақ уақытты, елеулі қосымша қаржы ресурстарын талап етті, ал бұлар бізде жоқ еді.

Айналым салығы тауарлардың көтерме жəне бөлшек сауда бағасы арасындағы айырманы білдіреді. Бұл, əрине бағаның жоспарлы белгіленуі кезінде тиімді болып табылады. Салық мөлшерлемелері бюджеттің қажеттілігіне қарай белгіленіп, өзгертіледі. Алайда орталықтандырылған жоспарлау жағдайында бұл өндіріс қызметіне əсері аз еді, өйткені салық салу шарты бойынша маңызы төмен өнеркəсіп салаларын мемлекет қаржыландырды. Себебі баға босатылып жіберілген кезде айналымнан алынатын салық бағалар айырмасы болғандықтан, мүлде жоғалып кетті.

1991 жылдың қаңтарынан бастап республиканың салық жүйесіне сатудан алынатын салық енгізілді. Бұл салық бойынша халық тұтынатын тауарларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өткізуден, ақылы жұмыстар мен қызметтерді атқарудан 5 пайыз мөлшерінде алынды.

Айналым салығы тауардың бағасына енгізілгенімен, сатудан алынатын салық тауарды сатушының бағасынан тыс алына отырып, сол салықтың қайталануына əкеліп соқтырды. Егер мұның біріншісі қатаң орталықтандырылған салық салу тəртібін бейнелесе, екіншісі шексіз жеңілдіктер құқықтарын ұсынды [3,4].

Бұл мемлекеттер арасында сатудан алынатын салық бойынша тауардан түскен соманың орнын толтырудың елеулі қиындықтарын туғызады. Республикада қалыптасқан проблемаларды шешу жолының бірі — айналым салығын, сатудан алынатын салықты қосылған құн салығына ауыстыру. Сонымен, Қазақстанда ҚҚС енгізу сəн қуудан емес, объективті қажеттіліктен туындады. Сондай-ақ жанама салық салу жүйесі мемлекеттің қазынашылық мүдделерін білдіруі мүмкін еді. Алайда оларды парасатты қолдану, баға белгілеу мен тұтыну құрылымына кері ықпал етуге əкеледі.

Дүниежүзілік тəжірибе көрсеткендей, салық төлеушілер үшін олардың кірісіне салынатын тікелей салықтың өсуінен гөрі шығындарға салынатын жанама салықтың өсуі анағұрлым маңыздырақ.

ҚҚС-ғы салық ауыртпалығын бөлуді жүзеге асырудың көрнекті мысалы болады: бұл жерде салық субъектісі мен оның таратушысы бір-біріне сəйкес келмейді. ҚҚС-ғын төлеуші салық ауыртпалығын өз тауарларының не «алдағы сатып алушыларына (салық көлеміне сəйкес бұл тауарлардың бағасын арттыра отырып), не бұрынғы өзі тауарлар сатып алған адамдарға (оларға тауарлары үшін ақыны кем төлеп отырып) салуға ұмтылады [5].

ҚҚС салық жүйесіне енгізу кезінде мемлекет өз алдында келесідей мақсаттарды қойды:

  • бюджеттің табыс бөлігін бірқалыпты қамтамасыз ету мақсатымен байланысты салық салу базасын кеңейту;
  • салық түсімдерін инфляциялық құнсызданудан қорғау;
  • тұрақсыз экономика жағдайында бюджеттің бірқалыпты табыс көзін құрастыру;
  • шығынды төлем қабілетін төмендету жəне осының арқасында екі сұрақты шешу: тауар тапшылығын жою жəне инфляцияның қарқынын төмендету.

Жанама салықтардың құрамында ең маңызды болып қосылған құн салығы саналады. Жалпы жанама салық дегеніміз – бұл салық салу объектісі салық салу ауырпашылығын өзге тұлғаға, яғни оның нақты төлеушісі болып табылатын тұлғаға, жүктеген кезінде көрінетін салық. Мұндай салықтар, салық төлеушінің табысымен анықталатын тікелей салыққа қарағанда, баға немесе тарифке қосылу арқылы анықталады.

Салықтардың 2 түрге бөлінуінің өзіндік мəні бар. Салықтарды тікелей жəне жанама салықтарға бөлудің критерийі болып соңғы салық төлеушіні бекіту есептеледі. Егер соңғы салық төлеуші болып салық салынатын жеке табыс иесі немесе салық салынатын табыс болса, бұл тікелей салық болып саналады. Ал жанама салықтардың төлеушісі тауарға (қызметке) қосылым арқылы түсетін тауарды тұтынушы саналады.

Жанама салықтар — бұл тұтынуға салынатын салықтар болып есептеледі жəне оларды төлеу тауарды, жұмысты немесе қызметті шекті тұтынушыға жүктеумен түсіндіріледі. Осыған байланысты олардың əділетсіздігі жəне əлеуметке қарсы бағытталуы туралы ой қалыптасады. Жанама салықтардың тікелей салықтармен салыстырғанда кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Тікелей салықтарға қарағанда олар бюджеттің тұрақтандырушылырының бірі болып табылады. Дағдарыс жағдайында пайда мен басқа табыстар көлемі ЖІӨ көлеміне қарағанда көбірек төмендесе, тікелей салықтардың келіп түсулері де соғұрлым қысқарады. Ал жанама салықтарға келетін болсақ, тауарлар мен қызметтерге қатысты келісімдер көлемі өте аз төмендейді, оның нəтижесінде мемлекеттік бюджетке қосылған құн салығынан, акцизден түсетін түсімдер ЖІӨ көлеміне қарағанда азырақ төмендейді. Сондай-ақ жанама салықтар инфляцияның мемлекеттік бюджетке кері əсерін төмендетеді. Көптеген экономистердің ойынша, жанама салықтар өтпелі экономикасы бар елдердің экономикалық тірегі қызметін атқарады.

Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық қызығушылықтарын көрсетеді. Оларды дұрыс қолданса, бағаның қалыптасуы мен тұтыну құрылымына оңтайлы əсер береді. Бұдан басқа салық төлеушілерге олардың кірістеріне салық салуының тікелей өсуінен гөрі шығындарына салық салудың өсуі ыңғайлы. Тұтыну салықтарын, яғни акциздер, қосылған құн салығы, сатылымнан салықтарды қолдану мынадай артықшылықтарға ие:

  • олардан жалтару қиын;
  • экономикалық бұзушылықтардың олармен қатысы аз;
  • еңбек қызығушылығын төмендету əсері аз;
  • тауар алмастырушыларды қоса алғанда тапшылықтың болмаған кезінде, олар тұтынушыға таңдау құқығын қалдырады;
  • оларда құпия сипат болады.

Қосылған құнға салық салуы — жанама салықтың маңызды формасы. Қосылған құн салығы — белгілі қосылған құнның мемлекеттік бюджетке аударылатын бөлігі, бюджетті қалыптастырудың маңызды көзі болып табылады. Белгілі бір кəсіпорын, бір жағынан, сатылған өнімдерден қосылған құн салығын алушы болса, екінші жағынан, жабдықтаушылардан өндіріс құралдарын сатып алушы ретінде қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. Қосылған құн салығын төлеушілер Салық кодексінде белгіленеді. Мемлекеттік бюджетке төленетін қосылған құн салығының көлемі өндірушінің сатқан тауары үшін есептелген салық пен жабдықтаушыларға шикізат пен материалдар, отын мен энергия т.б. өнімдер төленген ҚҚС-ның айырмасы негізінде есептеледі, яғни салық төлеушілер ҚҚС-ын тауарларды өндіруге (жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге) жұмсалған материалдық шығынды ескере отырып, есептейді [6].

Мемлекеттердің қосылған құн салығына көшуі макроэкономикалық тұрғыдағы ортақ нарық форма кезінде іске асырылады. Көшу үдерісінің өзі мыналарды қажет етеді:

  • салық жүйесінің есебінің тиімділігі;
  • жанама салық жүйесінің түбегейлі талдауы;
  • шетел мемлекеттерінен жұмыс істеу өтімі бар кəсіби мамандарды дайындау;
  • жаңа жүйеге көшу мерзімін анықтау;
  • əр сату операцияларына счет-фактура толтыру міндеттілігі;
  • ақпараттар мен құжаттарды өңдеуді автоматтандыру;
  • қосылған құн салығын есептеуді банк функциясына тіркеу;
  • кеден есебін компьютеризациялау.

Қосылған құн салығының төмендегідей артықшылықтары бар:

  • біріншіден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады;
  • екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді;
  • үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан, мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді жəне тұрақты базасын қамтамасыз етеді.

Барлық жанама салықтар тəрізді қосылған құн салығы ерекше фискалдық рөлін орындайды, оны қолдынысқа енгізу барысында мемлекеттік бюджетке сенімді жəне тиімді кіріс көздерін қалыптастыру көзделді. Ол бюджет құралдарының инфляциялық құнсыздануының алдын алудың тиімді құралы болып табылады, себебі салықтық түсімдерді бағаның жоғарылауымен байланыстырады.

Қорытындылай келе, қосылған құн салығы — жанама салық түрі, қосылған құнның мемлекеттік бюджетке аударылатын бөлігі, бюджеттің маңызды көздерінің бірі.

Кəсіпорын, бір жағынан, сатылған өнімдерден қосымша құн салығын алушы болса, екінші жағынан, жабдықтаушылардан өндіріс құралдарын сатып алушы ретінде қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. Қосылған құн салығын төлеушілер салық кодексінде белгіленеді. Мемлекеттік бюджетке төленетін қосылған құн салығының көлемі өндірушінің сатқан тауары үшін есептелген салық пен жабдықтаушыларға шикізат, материалдар, отын мен энергия, тағы басқа өнімдер үшін төленген қосылған құн салығының айырмасы негізінде есептеледі, яғни салық төлеушілер қосылған құн салығын тауарларды өндіруге (жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге), жұмсалған материалдық шығынды шегере отырып, есептейді.

Қосылған құн салығының дамуының себептері мынадада: мемлекеттің тұтынуға салынатын салықтан табысты ұлғайтуды көздеуі; тауарлар мен қызметтерді өндіретін өндірушілердің шығындарына емес, шекті тұтынушылардың шығындарына салық салудың қажеттілігі; елде қызмет ететін ҚҚС жүйесінің бар болуының қажетті шарты БЭҚ-қа кіру. Қосылған құн салығы мемлекеттік бюджеттің үлесті бөлігін құрайды деп есептейміз.

Қосылған құн салығы дегеніміз — тауарды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру жəне олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.

Салық заңнамасының тарихына көз жүгіртетін болсақ, соңғы жылдарда қосылған құн салығы мөлшеренің сегіз рет азаю жағына өзгергенін көруге болады, оны төмендегі кестеден байқауымызға болады [7].

 К е с т е 1 Қосылған құн салығының мөлшерлемелерінің өзгерісі

Қазақстанда ҚҚС енгізудің себебі ретінде Еуропа одағына кірудің ең бірінші талабы болып, ол ҚҚС салық жүйесінде қолданылуы болды. Ал келесі себеп ол нарық экономикасына өтуіне байланысты əмбебап салық қажет болды, ал ҚҚС дəл сол салық болып табылды.

Біздің ойымызша, ҚҚС артықшылықтары келесілер:

  • ҚҚС өнім бағасына енгізілмейді, керісінше, баға үстінен қойылады жəне сатып алушымен төленеді, бұл өндірістің шығыны мен рентабельдігіне əсерін жояды;
  • салық салу объектісі ретінде бірдей мөлшерлеме бойынша өндірістің барлық фазаларындағы бүкіл өнім болады, яғни бөлшек сауда жəне көтерме сауда бағаларының айырмашылығы бойынша емес, бұл өз кезегінде салықтың соңғы өнімде жиналмауынан көмектеседі, салық салу үрдісінде қайталап есептеуді доғарады;
  • реттелген жүйе кезінде салық органдары мен салық төлеушілерінің көзқарасы бойынша, салық өндіріп алу процедурасы өте оңай. ҚҚС есеп айырысуы белгілі бір дəрежеде өзін-өзі бақылайтын үрдіс болып табылады, себебі əр келесі сатып алушы, оның жеткізушілері олармен төленген салықтың мөлшерін фактура-шоттарда дұрыс тіркелуінде мүдделі;
  • ҚҚС мемлекет табысын үлкейтудің тиімді құралы болып табылады. Салықтардың кең базасы ҚҚС мөлшерлемесін сəл көтерудің арқасында бюджет түсімдерін едəуір кеңейтуіне мүмкіндік береді;
  • ҚҚС экономикалық əс-əрекетінің барлық салалары мен түрлеріне, олардың күрделі қаржы сыйымдылығына, кəсіпорынның мөлшеріне жəне тағы басқаға қарамастан, салық салудың бірдей нақты деңгейін қамтамасыз етеді;
  • көптеген елдерде экспортты ынталандыру үшін фирмалар экспортерларға, экспорт өнімінің бағасына кіретін, айналым салығының бір бөлігін қайтаратын тəртібі бар. ҚҚС берілген фирманың экспорт өніміне кеткен нақты шығындарды есептей отырып, осы соманы дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Импорт кезінде ҚҚС протекционистік саясаттың құралы ретінде кеңінен қолданылады. Осыдан ҚҚС сыртқы экономикалық байланыстарды реттейтін тəсіл ретінде қолдана алады;
  • əр түрлі елдерге бірдей салық саясатын өткізуге көмектесетіндей, ҚҚС интеграциялық функциялар атқарады. Бұл ұлттық экономикалардың жақындасуына əкеледі, оны ЕЭО елдер тəжірибесімен қуатталады, ал олар үшін ҚҚС өзіндік қаражаттың негізгі қайнар көзі болып табылады.

ҚҚС-ның жағымсыз əсерін азайту əрекеті салық жүйесінің қалыптасуының бірінші сатысының барысында жасалған, ал ол ҚҚС қолданылуын жеңілдетті.

Айналымнан жəне сатудан алынатын салықтардың орнына енгізілген ҚҚС іс жүзінде салық жүйесінің аса маңызды да елеулі өзгерісі болды. Əуел баста салық өндіріс қызметін реттеу үшін қолайлы жағдайлар жасайды, бюджет қаржыларының құнсыздануын болдырмау құралына айналды, өйткені бюджетке салық сомасының түсуін бағаның өсуімен тікелей байланыстырады деп ұйғарылды.

Іс жүзінде бұл салықтың реттеушілік қызметі өндірістің ұлғаюы мен тұтынудың үнемі өсуі жағдайында ғана көрініс алатындығын көрсетті. Өндірістің құлдырауы мен экономиканың дағдарыс құбылыстары өршіген жағдайларда ол өзіндік құнның ұлғаюына тікелей ықпал ететін факторлардың біріне айналады. Бұл салықты енгізу кезінде қосылған құнды, базасын есептеудің нақты əдістемесі жасалған жоқ еді. Бұған қоса салықты алу механизмі жасалмады.

Сонымен, ҚҚС жүйесі сұраныстың төлем қабілеті жиынтығына ықпал етеді, ол кейнстік тұжырымға сай нарық шаруашылығы дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылады. Осыдан шығатын қорытынды, ҚҚС жүйесінің көмегімен қоғам мүдделі болып отырған өндірістер мен салаларға капитал мен жұмысшы күшін жедел аударуды қамтамасыз етіп, нарық құрылымын қоғам үшін қажетті бағытқа қарай қайта құруымыз керек.

ҚҚС жүйесі территориялық қаржыларды нығайтуға жəрдемдеседі, тауар қозғалысының əрбір сатысында территориялардың қосылған құнды құруға өз үлесін қосуын белгілеуге мүмкіндік туғызады.

Осы арада ҚҚС жүйесінің көмегімен ұлттық шаруашылықтың жақындасуы қамтамасыз етіліп, бірыңғай салық саясатының жүргізілуі бұл салықтың пайдалылығын тағы да бір дəлелдейді.

Мемлекет ҚҚС-ын тауарлар мен қызметтердің əрбір сатысында салып, салық түсімдерінің тұрақтылығы мен үнемі түсуін қамтамасыз етудің анағұрлым тиімді жəне сенімді құралын ала алады. Кең салық салу базасы салық мөлшерлерін елеусіз көтерудің есебінен бюджетке түсімдердің елеулі түрде көбеюіне мүмкіндік береді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Крамаренко Т.Н., Қамбарова А.М. Салық жəне салық салу. — Астана,
  2. 2011–2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV Заңы.
  3. Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Салық жəне салық салу. — Алматы: Экономика,
  4. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық. — Алматы: Экономика,
  5. Қазақстан Республикасының Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). 1 қант.
  6. Қазақстан Республикасының Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) (2012.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
  7. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар жəне салық салу. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, — 256 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.