Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Инновацияның теориялық жəне əдіснамалық негіздері

«Инновация» ұғымының қарапайым жəне күрделі мағынасы бар. Өзінің эволюциялық дамуында оның əр түрлі мазмұны мен нысандары бар. И.В.Афониннің пікірінше, «жүзжылдық метаморфозаның жаршысы» ретінде беймəлім ғалым Джон А.Гобсонды санауға болады. Нақ Гобсон құнның «жер– еңбек–капитал» факторына төртінші «талант жəне білім» ұғымын қосты жəне «озық өнеркəсіп саласы» ұғымын енгізді [1].

Осы заманғы инновация тұжырымдамасының негізін қалаушы австриялық, кейіннен американдық ғалым Й.Шумпетер өзінің «Экономикалық даму теориясы» еңбегінде алғаш рет

«жаңашыл» жəне «жаңалық» ұғымдарын енгізді. Бұл тұжырымдамада ол инновацияға негізделген кəсіпкердің жаңа табиғатын — жаңаша ұйымдастыру, өндіргіш күштерді ойната білу қабілетін бөліп көрсетті [2]. Бұл қабілет кəсіпкерлік табысты алумен қатар, өндірістің қолданыстағы айналымын жеделдетуге жəне жалпы экономикалық өсуді жылжытуға мүмкіндік береді. Өзінің «іскерлік белсенділік айналымы» теориясында ғалым болжам ұсынды. Оған сəйкес экономикалық дамудың қозғалтқышы –құрылымдық өзгерткіштердің айналымдық өзгерісі — кəсіпкердің инновациялық қызметі — тəуекелді бизнес арқылы нарыққа инновацияларды жылжытудың айрықша жəне сирек байқалатын қабілетін ұсынды. Тиісінше кəсіпкер экономикалық өсуді тұрақты қайнар көзі ретінде қызмет етеді [3].

Кейіннен əр түрлі зерттеушілер бұл экономикалық категорияға өздігінше ұғым бере бастады. Мысалы, Ф.Валента жəне Л.Волдачек «инновация бұл — өзгеріс» десе, Э.Уткин инновацияны нақты «объект» деп санайды. Ф.Никсон — «іс-шаралардың жиынтығы», С.Валдайцев «жаңа өнімді игеру» деген ұғым берді [4].

Бұл туралы қазақстандық мамандардың өз пікірі бар. Мəселен, 1996 жылы С.Б.Əбдіғаппаров «инновация — бұл ғылыми негізделген идеялардың шаруашылық субъектілердің зерттеуін, əзірлеу мен енгізуін қамтитын мемлекеттік жəне нарықтық реттеу арқылы қоғамның өмір деңгейін көтеруге бағытталған мақсаттарға жету үдерісі» деп атап өтті [5]. Ал 2006 жылы Н.А.Барлыбаева өзінің

«Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі: перспективасы жəне даму механизмі» монографиясында нарықтық табыстардың инновациялық қызметке қатысушылардың ерекше креативті қабілеттерінен туындайтындығы туралы қорытындыға келді. Бұл жағдайда: «инновацияның өзі мəні бойынша «технологиялық түрткі» не нарықтық сұраныс жүктемесі» дейтін ұғым болып табылмай-ақ, олардың бірлескен ықпалынан туындаған құбылысты білдіреді [6].

«Инновация» термині (ағылшын тілінде innovation) қазақ тіліне аударғанда жаңа енгізілім деген мағынаны береді. Ал «Қазіргі заманғы экономикалық сөздікте» инновация — техника, технология, еңбекті ұйымдастыру мен басқару аясында ғылым мен алдыңғы қатарлы тəжірибеге негізделген жаңалықтар, сондай-ақ осы жаңалықтардың əр түрлі тəжірибелік қызмет аясында жəне салалaрында пайдаланылуы деп түсіндіріледі [7].

Инновация мен инновациялық инфрақұрылым төңірегінде елеулі ғылыми зерттеу жүргізген отандық ғалым С.В.Могильныйдың бұл тұрғыда өзіндік пікірі бар. Ол, біріншіден, инновацияны — қандай да бір салада пайдалануына байланыссыз ғылымның, техника мен шығармашылық жетістіктерінің тəжірибеде қолданылуы арқылы көрініс тапқан интеллектуалдық қызметтің соңғы нəтижесі деп түсінеді.

Екіншіден, инновация ерекше тауар түрі болып табылады. Ол нарықта əр түрлі қызмет аясына енгізілу арқылы өткізіледі.

Үшіншіден, инновация — бұл əлеуметтік құбылыс, яғни қандай да бір қоғамның жаңалықтарға, қалыптасқан дəстүрлерді өзгертуге, бір кезеңнен екіншісіне өту құлқын анықтайды. Басқаша айтқанда, инновация мəдениеттің бөлшегі ретінде танылады, сондықтан да жаңалықтарға деген құлшынысты тек экономикалық тұрғыда ынталандырып қана қоймай, оны тəрбиелеп отыру керек. Мұның мысалы ретінде Азияның бірқатар елдерін келтіруге болады (Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур жəне т.б.), оларда жаңалықтар ұлттық мəдениеттің құраушы бөлігі ретінде қалыптасып, білім басты ресурсқа айналған. Аталған мемлекеттердің басымдығы білімге, білікті еңбекке жəне алдыңғы қатарлы технологияларға беріледі [8].

Қазақстан Республикасының «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардың № 534-IV Заңында инновацияның мағынасы кеңірек сипатталады. Заңға сəйкес «инновация — экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында, экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндірістік, əкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нəтиже түрінде іс жүзіне асырылған жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар қызметінің нəтижесі» деп түсіндіріледі [9].

Инновацияның негізгі сипаты оның түрлері мен жіктелу белгілері бойынша ашылады:

  • базистік инновациялар;
  • жақсартылған инновациялар;
  • кешенді инновациялар;
  • радикалды инновациялар.

Қазіргі нарықта базистік инновациялардың пайда болуы күрделірек болып саналады, сондықтан да инновацияны жасаушылар жақсартылған инновациялар мен кешенді инновацияларға көбірек мəн береді. Ал радикалды инновациялар терең ғылыми зерттеулерді қажет етеді жəне ол үрдіс ұзақ уақыт бойы жүреді, сонымен қатар бірнеше ғылыми орталықтар мен зертханаларды, тəжірибелік, өндірістік орталықтардың, қаржы топтарының қатысуымен ғана белгілі бір нəтижеге жетуі мүмкін (сур. қара).

Инновациялардың пайдалану аясына байланысты жіктелуі келесідей:

  • ғылыми инновациялар — жаңа ғылыми бағытты қалыптастыруға немесе қайдай да бір салада ғылымның жетістіктерін пайдалануға ықпал етеді;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық инновациялар — ұйымда бұрыннан қалыптасқан басқару əдістерін, еңбекті немесе өндірісті ұйымдастыру формаларын, шешімді қабылдау жүйесін жаңартуды көздейді;
  • əлеуметтік инновациялар — əр түрлі əлеуметтік топтарда қарым-қатынасты өзгертумен, еңбек жағдайы мен еңбекке ынталандырудың жаңа əдістері мен тəсілдерін қолданумен жəне осы бағыттағы басқа да іс-əрекеттерді жақсартумен байланысты;
  • технологиялық (өндірістік) — ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріс пен тұтынуда пайдаланып, қолданыстағы техника мен технологияны, технологиялық əдістер мен тəсілдерді өзгертуге жəне жаңартуға бағытталады. Технологиялық инновациялар, өз кезегінде, инновациялық өнім (жаңа, жаңартылған немесе жақсартылған өнімдерді дайындауға қатысты) мен инновациялық үдеріске (өндірісте шығарылатын өнімдер мен қызметтерді дайындауда жаңа технологияларды қолдану) бөлінеді;
  • экологиялық — қоршаған ортаның ластануын азайтатын, зиянды қалдықтарды тазалайтын, шикізатты қалдықсыз өңдейтін, қоқыстарды өңдейтін инновациялық үрдістерді қамтиды;
  • саяси — мемлекеттің əлеуметтік, халықаралық, сыртқы ішкі бағыттағы іс-əрекеттерін жетілдірумен жəне оның халық үшін тиімділігін көтерумен байланысты;
  • мемлекеттік-құқықтық — жаңа мемлекеттік институттар, демократиялық құқық, заңдық актілер, мемлекеттік басқару тəсілдері, əділетті сот жүйесі түрінде көрініс табады;
  • рухани саладағы инновациялар — білімде, мəдениетте, ғылымда жаңа жүйелер мен ізденістердің, туындылар мен жетістіктердің пайда болуы.


Əлемдік тəжірибеде сынақтан өткен тəжірибелерді жинақтай отырып, əр түрлі салалар мен өндірістердің мүмкіндіктерін бірге пайдалануға ықпал етеді (мəселен, ұялы телефондарды сөйлесу құралдарынан басқа фотоаппарат, радио, есептегіш құрал, плеер жəне басқа да мақсаттарда пайдалануға болады)

Жаңа ғылыми идеялар мен ізденістерге негізделеді, жаңа салалар мен бағыттардың қалыптасуына алып келеді (ғылымдағы жаңа бағыттар – гендік инженерия, биотехнология, нанотехнология, жəндіктерді клондау жəне т.б.)

 Сурет. Жаңалық деңгейіне байланысты инновациялардың категорияларға бөлінуі 

 Сурет. Жаңалық деңгейіне байланысты инновациялардың категорияларға бөлінуі

Таралу аясына байланысты инновацияларды төмендегідей түрде жіктейді:

  • жаһандық — бірнеше мемлекеттерде немесе əлем деңгейінде өзгерістердің пайда болуына алып келетін инновациялар;
  •  ұлттық — бір мемлекет деңгейінде қолданысқа енгізілген, тиімділігі негізделген жаңа жүйелер, үрдіс, құбылыс жəне т.б. инновациялар;
  • аймақтық — белгілі бір аймақтың ерекшелігіне байланысты маңыздылығы бар инновациялар;
  • нақты — қандай да бір кəсіпорын, мекеме, ұйым деңгейінде қолданылатын инновациялар [10].

Дегенмен, инновацияларды белгілі бір деңгеймен байланыстырып, оның ауқымын шектеп қоюға болмайды. Өйткені инновацияның тиімділігі кез келген субъект немесе қоғам үшін дəлелденгенде, оны пайдаланушылар тобы бірден кеңейеді. Əлемдік ортаның қазіргі байланысы, ақпараттық кеңістіктің кеңеюі, мүдделі топтардың тарату аумағын ұлғайтуға деген ұмтылысы инновациялардың жандануына себеп болады.

Инновациялардың пайда болуы олардың белгілі бір функцияларды орындауын міндеттейді. Сондықтан да экономикалық категория ретінде инновациялардың атқаратын негізгі функцияларын сипаттау қажеттілігі туындайды. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:

  • адамзат ақыл-ойынан туындаған ғылыми нəтижелерді қолданысқа енгізу;
  • қызметтің, еңбектің ғылыми сыйымдылығын арттыру;
  • тұтынуға өзгерістерге өндірістің құрылымын сəйкестендіру;
  • қоғамның жалпы қажеттіліктері мен қоғамдағы əрбір адамның жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру сапасын арттыру;
  • өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа өндіргіш күштерді тарту;
  • бəсекелі нарыққа төтеп беретін жаңа жəне тиімді өнімдерді, қызметтерді, жұмыстарды жасау.

Кез келген жаңалықты қолданысқа енгізуден бұрын оның тиімділігін анықтайды. Экономикалық əдебиеттерде инновацияның келесідей тиімділіктерін бөліп көрсетеді:

  • экономикалық тиімділік — инновацияларды пайдалану жəне тарату нəтижесін ұлттық табыс пен қоғамдық өнімнің өсуін сипаттайды;
  • қаржылық тиімділік — шаруашылық қызметтің экономикалық нəтижелерін сандық мөлшерде бейнелейді. Бұл тиімділік өткен кезеңнің көрсеткіштерін есепті кезеңнің мəліметтерін салыстыру нəтижесінде болған оң өзгерістермен анықталады;
  • ғылыми-техникалық тиімділік — инновацияның жаңалық деңгейімен, оны қолдану ыңғайлылығымен, ұтымдылығымен, жинақтылығымен, эстетикалық əсемдігімен бейнеленеді. Дəл осы тиімділік ғылыми, ғылыми-техникалық жəне интеллектуалдық əлеуеттің дамуына негіз болады;
  • ресурстық тиімділік — өндірістік үрдіс барысында пайдаланылатын ресурстарды ұтымды пайдалану деңгейімен анықталады. Оның көрсеткіштері болып жұмыс орындарының қысқаруы, жаңа материалдар мен бөлшектерді қолдану жəне кешенді пайдалану саналады;
  • əлеуметтік тиімділік — инновациялардың қоғамдық қатынастарға əсерімен сипатталады. Негізінен жаңа идеялар мен білімдердің қалыптасуына ықпал ететін адам капиталының жемісті жұмыс істеуіне, ары қарай жетілуіне ыңғайлы жағдайлар жасаумен көрініс табады;
  • экологиялық тиімділік — инновацияның қоршаған ортаның ластануын төмендетуге, пайддалануын жақсартуға, зиянды қалдықтардың көлемін қысқартуға жəне басқа да табиғи шараларға тигізген оң əсерімен анықталады [11].

Мамандардың пікірінше, инновациялық қызметті ғылыми ізденістер мен дайындамалардың, ғылыми-техникалық жетістіктердің немесе басқа да ақыл-ой жемісінің жаңа немесе жетілдірілген өнім түрінде, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс түрінде, жаңа немесе жетілдірілген қандай да бір іс-əрекет туынды түріндегі көрінісі деуге болады. Бұдан шығатын қорытынды, инновацияны тек өндіріске немесе қызметке, тауарға немесе өнімге ғана қатыстыруға болмайды, оның мағынасы кеңірек, ол адамзат өміріндегі барлық қоғамдық, рухани, мəдени, шаруашылық салаларда оң нəтиже берген көрініс, құбылыс [12].

Инновациялық қызметке əдетте мына түрлерін жатқызады:

  • қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми білімдерді енгізу;
  • экономикалық айналымда жүзеге асырылатын жаңа немесе жетілдірілген өнімді (қызметті, жұмысты), жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдісті дайындауға бағытталған ғылыми- ізденушілік, жобалық, тəжірибелік-конструкторлық жəне технологиялық жұмыстарға қызмет ету жəне орындау;
  • инновациялық өнімдерді (қызметтерді, жұмыстарды), өткізу нарықтарын ұйымдастыру;
  • технологиялық жарақтану мен өндірісті дайындауды жүзеге асыру;
  • жаңа технологиялық процестерді, тауарларды сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткізу;
  • жаңа немесе жетілдірілген өнімді (қызметті, жұмысты) өндіру жəне инновациялық жоба нормативті ақталу мерзімі жеткенге дейінгі оның бастапқы кезеңінде жаңа немесе жетілдірілген технологияны қолдану;
  • инновациялық инфрақұрылымды құру жəне дамыту;
  • инновациялық қызмет нəтижелерін дəріптеу жəне инновацияларды тарату;
  • игеру жəне іске асыру мақсатында интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтарды беру, иемдену жəне қорғау;
  • инновацияларды дайындауға бағытталған басқа қызмет түрлері [13].

Инновациялық қызметтің нəтижелі жүруі инновациялық үрдістің туындап, оның қайталануына негіз болады. Ал инновациялық үрдіс нақты бір идеяның соңғы нəтижеге жетуіне дейінгі іс-əрекеттен тұрады. Ол нəтиже инновациялық өнім, қызмет, жұмыс түрінде көрініс табады.

Осыны ескере отырып, инновациялық үрдіс мынандай кезеңдерді қамтиды деп топтауға болады:

  • идеяның пайда болуы;
  • идеяны өндіріске енгізу үшін оның тиімділігін негіздеу;
  • инновациялық жоба жасау;
  • технологиялық игеру;
  • алынған өнімді жарнамалап, нарыққа ұсыну;
  • оның нарықтағы өмірлік кезеңінің ұзақтылығын қамтамасыз ететін шаралар жүргізу;
  • құлдырау кезеңіндегі инновациялық өнімді жаңарту жұмыстарды.

Аталған кезеңдердің өзі бірнеше шараларды қамтиды, олар үрдістің тізбектілігін сақтау мақсатында ұйымдастырылады. Мысалы, идеяның пайда болуы оның өміршең екендігін дəлелдеумен, нақты нəтижеге қол жетімділігіне көз жеткізумен байланысты шаралар тобынан тұрады.

Мамандардың пікірінше, Г.М.Добровтың ұсынысы əлі күнге дейін маңызды болып келеді. Бұл —«іргелі зерттеулер (ІЗ), ғылыми зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу (ТКЖ), сонымен қатар жаңа техника мен технологияны игеру (ТИ) кезеңдері аралығындағы құндық шығындардың рационалды арақатынасы» атты ұсынысы. Кезең-кезең сайын құндық мөлшері келесі тəуелділік бойынша өзгереді:

 

 Жаңа техника мен технологияларды игеру кезеңінен кейін өнеркəсіптік өндіріс (ӨӨ) үдерісі басталады. Өндірісте білім материалға айналады, ал зерттеу өзінің логикалық соңына келеді. ӨӨ кезеңі 2-ге бөлінеді: жаңа өнімнің жеке өндірісі жəне оны тұтынушылар үшін іске асыру кезеңдері [14].

Экономикалық бəсеке, қайшылықтар, қоғамдық сананың өсуі, табиғи ресурстардың шектелуі инновациялардың туындауына бірден бір себеп болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда инновациялардың пайда болу ортасына жататындар: экономикалық дамудың жаңа ұстанымын ғылым, инновациялық қызмет, қазіргі ақпараттық технологиялар негізге енген инновация ретінде қарастыру керек. Осы себептен білім, ғылыми зерттеулер стратегиялық қор ретінде, өз кезегінде ғылыми-техникалық дамуды жəне инновацияны игеруді жеделдетеді. Инновациялық үдеріс өздігінше басқа сипатқа ие болады, өндірістік үдерістің барлық тарапын қамтиды, ұйымдастыру жəне басқару құрылымдарына енеді.

Инновациялардың туындауына экономикалық бəсеке, қайшылықтар, қоғамдық сананың өсуі, табиғи ресурстардың шектелуі бірден бір себеп екендігі мəлім. Осы тұрғыдан алғанда инновациялардың пайда болу ортасына жататындар:

  • экономикалық орта. Өнім өндірушілердің, қызмет көрсетушілердің, жұмыс орындаушылардың табатын пайдаларын өсіруге мүдделілігі. Бəсекелі нарықтың талабы да өндірушілерге неғұрлым тиімді түрде қызмет етуін жүктейді;
  • қоғамдағы қарама-қайшылықтар. Мəселен, белгілі бір топтың, ұйымның қалыптасқан дəстүр мен құндылықтарға, ережелер мен тəртіптерге қанағаттанбай немесе мойындамай, оны өзгертуге талпынысы. Бұл топ өзінше жаңа құндылықтар мен тəртіптерді қалыптастырып, оған қалған көпшілікті тартуға ынталанады;
  • табиғи ресурстардың азаюы. Бұл тауарлық, өнеркəсіптік инновациялардың қалыптасуына ықпал ететін негізгі себеп. Бұл жерде дəстүрлі өндірушілердің, яғни табиғи ресурстарға иелік етуші топтардың, басқа мүдделі топтарға осы бағытта жұмыс істеулерін шектеуі, олардың жаңа əдістер мен тəсілдерді пайдалана отырып, дəстүрлі немесе табиғи өнімдерді алмастырғыш тауарларды дайындауларына түрткі болады. Қазіргі уақытта «гендік модификацияланған өнімдер» деген атаумен белгілі бұл тауарлар əлемнің көптеген елдерінде жаппай тұтынуға енді. Бұған жаңа энергия көздерінің пайда болуын, өндірістік қорлардың жаңа түрлерінің шығуын да жатқызуға болады;
  • əлеуметтік орта немесе қоғамдық сана. Көп жағдайда бұл орта инновацияларды жасаушыларға өздерінің талаптарын жүктейді, яғни олардың қалыптасқан көзқарастары, жаңалықтарды қабылдау деңгейі, білімі мен мəдениеті осы деңгейге сай өнімдер мен қызметтердің пайда болуын қажетсінеді. Сонымен қатар еңбек ету мəнері, біліктілік деңгейлері де инновацияларды бірден қабылдауды немесе біртіндеп енгізілуді анықтап отырады;
  • алпауыттардың ойыны. Бұл жерде алпауыттар қатарына нарықтағы ірі өнім, қызмет шығарушы компаниялар мен монополистерді жатқызуға болады. Олар нарыққа өздерінің талаптары мен ережелерін енгізеді, яғни олар дайындалған өнім мен қызметтерін кең көлемді жарнама, шаралар, ойындар өткізу арқылы, қажет болса мемлекеттің ресурстарын қолдану арқылы (бұқаралық ақпарат құралдары, əкімшілік міндеттеу, үгіттеу) нарыққа өткізеді. Тұтынушылар өздерінің қажеттіліктеріне сай сұраныс жасаудан гөрі, ұсынылған тауарларға ыңғайланып, бейімделеді [14].

Біздің пікірімізше, отандық ғалым С.В.Могильныйдың пікірі неғұрлым кеңірек жəне толығырақ берілген түсінік болып табылады. Осы ұғымға сүйене отырып, жасалған зерттеулер қазіргі уақытта өндіріске инновация мен ғылыми жаңалықты игеру жылдамдығы мен экономикалық жəне технологиялық бəсекелестік қарқынды дамып келе жатқандығын көрсетеді. Кəсіпорындар мен фирмалар жаңа технологияны, жаңа білімді ізденуде, іргелі зертттеулер жүргізуге қатысуға ұмтылады, өндірістік жағдайға тез бейімделу мақсатында тікелей өндіріске инновацияны игеруді ұйымдастыруда. Дегенмен инновацияны игеру бойынша Қазақстан кəсіпорындары дамыған елдермен салыстырғанда кешеуіл қалуда.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Трифилова А.А. Оценка эффективности инновационного развития предприятия. — М.: Финансы и статистика,— 304 с.
  2. Дандон Э. Инновации: как определять тенденции и извлекать выгоду: Пер. с англ. С.Б.Ильина. — М.: Вершина,
  3. The seeds of Cultivating the Synergy that Fosters New Ideas. (англ.). — 304 с.
  4. Друкер Питер Ф. Бизнес и инновации: Пер. с англ. К.С.Головинского. — М.; СПб.; Киев: Вильямс, 2007. — Innova- tion and entre-preneurship. — ISBN 978–5–8459–1195–7 (рус.): 0–88730–618–7 (англ.). — 432 с.: ил.
  5. Вертакова Ю.В., Симоненко Е.С. Управление инновациями: теория и практика: Учеб. пособие. — М.: Эксмо,— 430 с.
  6. Бердалиев К.Б. Инновациялық менеджмент: Оқу құралы / К.Б.Бердалиев, Т.С.Сатқалиева, А.Сейітқазиева. —Алматы: Экономика, 2010. — 326-б.
  7. Оразалы С. Инновациялық экономика. — Алматы: ҚР БҒМ ҒК Экономика институты, — 324 б.
  8. Оразалы С. Экономика. — І-т. — Алматы: ҚР БҒМ ҒК Экономика институты, — 324 б.
  9. Оразалы С. Экономика. — ІІ-т. — Алматы: ҚР БҒМ ҒК Экономика институты, — 304-б.
  10. «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» туралы 2012 жылғы9 қаңт. № 534-IV Заңы: http://www.zakon.kz
  11. Information Economy Report 2007–2008. United Nations. — New York and Geneva,
  12. Oslo Guidelines for Collecting and Interpreting Innovation Data. OECD/EC. — Paris, 2005.
  13. Голиченко О.Г. Национальная инновационная система России: состояние и пути развития. — М.: Наука,
  14. Гапоненко А.Л. Экономика, основанная на знаниях, и перспективы экономического роста в России: Тез. выступ. на конф. РАГС, посвящ. ее 10-летию. (Материал с сайта кафедры общего и специального менеджмента РАГС: [ЭР]. Режим доступа: http://www.koism.rags.ru
  15. Schumpeter J. The Theory of Economic Development. — Cambridge-Harvard

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.