Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Франчайзингтік бизнес: қалыптасу үрдісі жəне ерекшеліктері

Бүгінгі таңда Қазақстан тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталды деп айтуға болады. Осы ойымызға дүниежүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы əлі де болса өзінің күшін толық жоя қоймағандығы түйіткіл болып отыр. Бірақ осы экономикалық- қаржылық дағдарыстың салдарын əрі қарай тереңдетпей, жаңа онжылдықта экономикалық дамуымыздың жаңа мүмкіндіктерін іздестіріп, оны іске асыру жолымен келешектегі ұлы мұраттардың нақтылыққа айналуын қамтамасыз ету керек.

Еліміздің болашақта көздеп отырған маңызды мақсаттарының орындалуы жалпы экономикамыздың, халық шаруашылығы салаларының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық жағдайда дамушылықты бетке ұстаған кез келген мемлекеттің экономикалық өсімі кəсіпкерлікке, оның ішінде шағын жəне орта бизнес секторының жандануына негізделеді. Осыған орай, нақты секторға, оның ішінде кəсіпкерлік қызметті дамытуға серпінділік беретін инновациялық үлгідегі тың қадамдар мен бизнесті ұйымдастырудың жаңа модельдерін қолдану қажеттілігі туындауда. Осы қажеттіліктерге байланысты, отандық кəсіпкерліктің бəсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, дамытудың келесі үлгілерін қарастыруға болады: отандық кəсіпкерлік субъектілердің өз күштерімен инновациялық негізде сапалы тауарлар мен қызметтерді əзірлеп, өндіру арқылы нарыққа шығуы; əлемдік жəне ұлттық деңгейде жаңа енгізілімдер мен жаңалықтарды қолдана отырып, жоғарғы сапалы өнімдер мен қызметтерді өндіретін, беделді, танымал компаниялардың, басқа да кəсіпкерлік субъектілердің тəжірибесі мен инновациялық ілімдерін қолдану арқылы қызмет атқару, бəсекеге қабілеттілікті арттыру.

Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік жүйесі шет ел экономикасында танымалдылыққа қол жеткізгенмен, біздің мемлекетте қалыптасушылық үрдісінде. Қазақстандағы франчайзингті зертеуші əрі қолдаушы мекемелер мен ұйымдардың мəліметтеріне сүйенсек, 2010 жылдың қаңтарына Қазақстандағы франчайзингтік жүйе 350 брендпен саналып, франчайзингтік шартта қызмет атқарушы кəсіпорындардың саны 3000 бірлікке жақындаған. Франчайзингтік секторда 20000 жуық адамдар жұмыспен қамтылып, барлық франчайзингтік компаниялардың айналымы 550 млн АҚШ долларын құраған [1].

Салыстырма үшін əлемдік нарықта франчайзингтік бизнес айналымы 2 трлн АҚШ долларын, əлемдегі франчайзингтік желі саны — 20000, əлемдегі франчайзингтік сауда орындары — 2 млн астам мөлшерді, франчайзингтік сектордағы жұмысбастылардың саны — 30 млн адамды, əлемдік бизнестегі франчайзингтік жүйенің үлесі — 17 % шамасын құрағандығын айта кеткеніміз жөн [2].

«Франчайзинг» термині француздік «franchise» сөзінен туындай отырып, «жеңілдік, ерекшелік, қатысу құқығы» мағынасын білдіреді, бұл өзін-өзі ақтаған, сыналған технологияларды игеру, əйгілі, атақты тауар маркасын қолдану, жаңа істі жүргізу бойынша оқудан өту жəне сол қызмет ету барысында қажетті кеңестер алу мүмкіншілігін меңгеру [3]. Яғни, сапалы əрі инновациялық сипатта өнім не қызмет өндіретін əйгілі кəсіпорын (франчайзер) өздерінің тауарларын, қызметтерін өткізу нарықтарын кеңейту жəне басқа да нарықтарды жаулап алу арқылы жалпы табыстылық мөлшерін ұлғайту үшін «бизнес-жобаның» үлгісін — франшизаны (сауда маркасын, технологиясын, ноу-хауын жəне т.б. айрықша құқықтарын енгізе отырып) əзірлеп, оны пайдалану құқығын нарықта жылдам танымалдылық пен табыстылыққа қол жеткізуді көздеген, басқа бір кəсіпкерге (франчайзиға) белгілі бір төлемдік негізде ұсынуын (өткізуін) қарастырады.

Осы екі кəсіпкерлік субъектінің (кəсіпорынның, компанияның, шаруашылық субъектілердің) арасындағы қатынастық жағдайдың түпкі мақсаты — екі жақтың да белгілі бір пайда алуын көздеуден туындап отыр. Сондықтан франчайзингтік қатынастардың жиынтығы, негізгі мақсаттары пайда алу болып саналатын кəсіпкерлік қызметті сипаттайды. Осы сипат франчайзингтік қызмет арқылы өз кəсіптерін құрушы шаруашылық субъектілердің іс-əрекеттерімен байланысты болғандықтан, «франчайзингтік бизнес» ұғымын қалыптастырады. Франчайзингтік бизнес кəсіпкерліктің бір саласы тұрғысында, өзіне франчайзингтік қатынастарға тиесілі барлық белгілерді, ерекшеліктерді енгізеді.

Жалпы франчайзингтің мазмұнын анықтайтын түсініктер жөнінде шетел жəне ресей, отандық ғалымдардың, мамандардың қарастырған жан-жақты зерттеулерін топтастырсақ, оның тізбегі төмендегі 1-кестедегідей сипатта болады 

«Франчайзинг» түсінігінің анықтамалар тізбегі     

 Осы кестедегі түсініктемелерге көз жүгіртсек, алғашқы жолдағы анықтама франчайзингтік қатынасқа қатысушы тараптардың кем дегенде екеу болу керектігін ескермеген жағдайдағы сипатта берілген, өйткені айрықша құқықтардың меншік иесі өзінің сол құқықтарын кімге ұсынатыны жете түсіндірілмеген. Ал Дж.Стенвортың, Бр.Смиттің анықтамасы франчайзингті тар көлемде қарастырғандай бейнені танытады, қазіргі уақытта франчайзинг тек қана қаржыландыру жүйесі емес, сонымен бірге оның бірнеше түрі барын ескерсек, бұл анықтама толықтықты танытпайтын сыңайда. Кестенің 3-ші жолындағы франчайзинг анықтамасы маркетингтік жəне өнімді өткізу кезіндегі механизмдерге тəнділікпен сипатталған. Ю.Яновскаяның түсініктемесіне назар аударсақ, франчайзингтік бизнесте айрықша құқықтарды ұсынушы кəсіпорынның ірі болуы, ал сол құқықтарды қабылдаушы кəсіпорындардың шағын болуы міндетті сияқты. Ең негізгісі франчайзердің айрықша құқықтары халықаралық стандарттарға сай, əрі сапа жағынан өте жоғары болып, тұтынушы мен оны өткізушіге табыстылықты қамтамасыз етуі керек. Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, мұндай кəсіпорындардың қатарына шағын, орта шаруашылық субъектілер тиесілі болуы мүмкін. Осындай көзқараспен бірге, ресейлік ғалым И.Рыкова мен қазақстандық сарапшы-маман В.Сидельниковтердің анықтамалары отандық кəсіпкерліктегі франчайзинг түсінігіне нақтылық бере отырып, франчайзинг қатысушы тараптардың мүдделерінен туындайтын қатынастық жүйе тұрғысында сипатталған. Осы екі анықтама мен арнайы заңнамада көрсетілген (кестенің 10-шы жолындағы) анықтаманы біріктіріп қарастырсақ, франчайзингтің қазіргі заманғы отандық экономикадағы мəнін толықтай сипаттауға мүмкіндік аламыз.

Франчайзинг франчайзингтік желі арқылы, франчайзингтік жүйе негізінде, франчайзингтік қатынастарды орнату нəтижесінде бизнесті ұйымдастыру мен дамытудың жаңа үлгісі тұрғысындағы сипатқа толықтай ие болды. Сондықтанда франчайзингтік бизнестің қызмет атқаруында негізділікті, түпкілікті иемденетін терминдері бойынша анықтамалық топтамасын авторлық көзқараспен қарастыратын болсақ, төмендегі сызбадағы сипаттаманы ұсынамыз (2-кесте).

Франчайзингтік бизнестің қызмет атқаруындағы негізділікті қамтамасыз етуші терминологиялардың сипаты (ұғымы)*

 Бірінші анықтаманың топтастырылуының басты себебі келесіде: франчайзинг — «жеңілдік, ерекшелік» негізде екі жақтың арасындағы қарым-қатынаспен түсіндіріледі. Сонымен қатар франчайзер-компания өзінің айрықша құқықтарын бірнеше аймаққа, мемлекетке, территориялық бөліктегі кəсіпорындарға (кəсіпкерлерге) ұсына алатындықтан, франчайзингтік желі құрылады, франчайзингтік бизнесте қызмет атқаруда белгілі бір ішкі механизмдер мен өзара іскерлік байланыстылықтың ережесі, үрдісі қарастырылатындықтан, ол тұтастай жүйе тұрғысында сипатталынады. Осы жағдайдың барлығында франчайзингтік қатынастың қатысушы тараптарының қызметтерінің табыстылығы көзделетіндіктен, франчайзинг — кəсіпкерліктің бір саласы деп қарастыруымызға толық негіз бар. Кестенің 2–4-ші жолдарындағы анықтамаларды өз тарапымыздан топтастырып бірдей сипаттама беруіміз, шетел, ресей жəне отандық əдебиеттер мен заңнамаларда олар əр түрлі атауда болғанымен, атқаратын қызметтері мен міндеттерінің ортақ əрі ұқсас сипатта болуымен байланысты. Біздің ойымызша, сəйкесінше «франшиза», «франчайзер», «франчайзи» терминдерінің бірегей қолданылуы, жалпы франчайзингтік бизнесте қызмет атқарушы кəсіпкерлерге түсінікті бола отырып, оларды бақылаушы органдарга да жеңілдікті қамтамасыз етіп, халықаралық сарапшылар жағынан да қолдаушылық табады.

Жоғарыда қарастырған анықтамалар франчайзингтің мазмұнын анықтайтын белгілер мен сипаттамалары, ерекшеліктері бойынша жүйелендіруге мүмкіндік береді. Ол белгілерді төмендегідей қарастыруға болады:

  • өзара мəмлелік негіздегі қарым-қатынас жүйесі — франчайзингте кем дегенде екі жақтың қатысуын (франчайзер жəне франчайзи) ескерсек, олардың арасында өндірістік, құқықтық, экономикалық жəне коммерциялық мəселелерді енгізетін күрделі қатынастар жүйесі қалыптасады жəне де осы жағдай бірқатар өзара шарттардың рəсімделуімен бекітіледі;
  • жеңілдік негізде қаржыландыруды енгізетін «кешендік кəсіпкерлік» — бұл белгі, қазақстандық заңнамада франчайзинг түсінігін сипаттаушы термин. Франчайзинг термині бұған қарағанда нақты əрі кең ұғым екендігін айта кеткен жөн. Франчайзер мен франчайзидың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру, қатысушы тараптардың қаржылық бірігу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Екі кəсіпорынның бірігуі жалпы ресурстардың, оның ішінде қаржылық үнемделіке септігін тигізеді;
  • кəсіпкерлік саласы — франчайзинге қатысушы екі жақтар кəсіпкер тұлға ретінде, өздерінің заңдық жəне экономикалық дербестігін сақтай отырып, табыстылықты негізге ұстанған, іскерлік қарым-қатынасқа түседі (əсіресе шағын кəсіпкерлік үшін өте маңызды);
  • белгілі бір ерекшеліктерді қолдану мен өз атынан қызмет етудің өтемдік негізіндегі құқық — бұл белгі, франчайзер мен франчайзидың бірліктік кəсіпкерлік жүйе шегінде ынтымақтасуының түпкі мəнін айқындайды. Франчайзер өз бизнес-жобасын ұсынғаны үшін табыс алуды көздесе, ал франчайзи сол танымал франчайзердің бизнесін қолдану арқылы артықшылықты иемденіп, нарықта жылдам пайда алуды көздейді;

  1-сурет. Франчайзингтік жəне басқа үлгідегі кəсіпорындардың тіршілік етуінің ара қатынастық динамикасы

  • нарықта лайықты үлесті қамтушылық қызметі — бұл белгі франчайзи идеясының бірін анықтайды. Қатысушы тараптар — франчайзер мен франчайзи, франчайзинг жүйесінде біріге отырып, нарықты кеңейтуге қосымша мүмкіндіктерді алады: тұтынушыларға жақсы танымал франчайзердің ұсынған тауарының/қызметінің əлеуеті мен тартымдылығын қолдана отырып, өзіне жаңа болып саналатын нарыққа енуге мүмкіндік алады; франчайзер жаңа франчайзиларды өз қызметіне тарта отырып, жаңа өткізу нарықтарын иемденеді.

Франчайзингтік жəне басқа үлгідегі кəсіпорындардың тіршілік етуінің ара қатынастық динамикасы 1-суретте көрсетілген.

Франчайзингтік бизнестің экономикалық мəнділігі мен оның бүгінгі таңдағы бизнес саласындағы ролін айқындайтын бір фактор. Оның халық шаруашылығының 80-нен астам саласында қызмет атқаруымен байланысты. Төмендегі кестеде франчайзингтік жүйенің кеңінен тараған бизнес салалары мен бағыттары пайыздық қатынаста келтіріліген.

Франчайзинг қолдаушылық тапқан алдыңғы қатарлы салалар мен оның қатысушыларының пайыздық қатынасы*

Бұл кесте көрсеткіштері бизнесті ұйымдастыруда франчайзингтік үлгі қолайлы болып табылатын жылдам тамақтану мен қызмет көрсету салалары екендігін байқатады. Бүгінгі таңда франчайзинг тауар мен қызметтердің сапалық қалпын бұзбай, бірнеше əдістермен тұтынушыға жеткізудің тəсілін қамтиды. Сондықтан да франчайзингті өндірушіден тұтынушыға тауарды жеткізудің басқа үлгілерімен салыстыратын болсақ, ол төмендегі сипатты (2-сур.) иемденеді.

 

 2-сурет. Франчайзинг тауарлар мен қызметтерді тұтынушыға жеткізу əдісі ретінде

Аталған сурет пен жоғарыдағы кестеде келтірілген франчайзингтік қатынас арқылы қызмет атқарушы кəсіпорындардың тұтынушыларға тауарларды жеткізуде басқа делдалдық желілерден айырмашылығы мен артықшылығын ескеру өте маңызды. Өйткені əліде болса франчайзингтік бизнестің механизмдері мен қағидаларын жете түсінбеушілік байқалып, ол бойынша қызмет лицензиялық не жалдық негіздегі өзара шартпен рəсімделуде.

Бұл жағдай франчайзингті қолданып, қызмет атқарушы кəсіпорындардың мемлекеттік органдардың қажетті құжаттарды рəсімдеуде жəне басқа да қарым-қатынасты орнатуда күрделіліктерді туындатуда. Сонымен қатар олардың нақты қызметін мемлекеттік мекеме тарапынан тіркеуде, лицензиялық мəмле ретінде қарастырылу орын алуда.

 Франчайзингтің тауарлар мен қызметтерді тұтынушыға жеткізудің басқа да үлгілерімен ұқсастығы жəне айырмашылықтары*

 Сондықтан да франчайзингтік желі арқылы қызмет бен бизнестің басқа да дəстүрлі желілерінің ара жігін ашып, қарастырған франчайзер мен франчайзиға, оларды бақылаушы мемлекеттік органдарға да жеңілдік тудыратыны сөзсіз.

Жүргізген зерттеулерімізді қорыта келе, франчайзинг бизнесті ұйымдастырудың саласы тұрғысында бірден қалыптаса қоймай, алғашқында басқарушылық пен билік жүргізудің бір формасының сипатында болып, XIX ғасырдың орта шенінен бастап өздерінің бизнестерін жандандыруды көздеген компаниялардың қызметінде саналы түрде қолданыла бастаған үлгі ретінде сипатты иемденген. Сəйкесінше франчайзинг тек қана жеке меншіктік компаниялар емес, мемлекеттік мекемелермен де қолданылып, өткен ғасырда қазіргі заманғы экономиканың бір саласына айналған. Нəтижесінде, франчайзингтің мəнін жан-жақты сипаттайтын міндеттердің орындалуы барысында, олардың өзіне тəн ерекешеліктері мен артықшылықтарын меңгере отырып, халық шаруашылығының бірқатар салаларында кəсіпкерлік мақсатты көздейтін, үлкен бір «жүйе» ретінде қалыптасуын жан-жақты қарастыру қажет деп санаймыз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Франчайзинг в Казахстане // Вестник союза франчайзинга // [ЭР]. Режим доступа: agentstvo.kz
  2. Кисиков Б.К. Франчайзинг в Казахстане. — Алматы: Изд-во «BookinEast», 2007. — 256 с.
  3. Сабден О.С., Токсанова А.Н. Управление малым предпринимательством: вопросы теории и практики. — Астана: Елорда, 2001. — 308 с.
  4. Дуйсембаев А.А. Формирование и развитие франчайзингового бизнеса в Казахстане: Монография. — Караганда: Изд- во «ФормаПлюс», 2012. — 198 с.
  5. Сосна С.А., Васильева Е.Н. Франчайзинг. Коммерческая концессия. — М.: ИКЦ «Академкнига», — 375 с.
  6. Лебедев И.В. Франчайзинг по-русски. Мифы и реальность. [Текст]. — СПб.: Вектор, 2006. — 160 с. — («Know how»).
  7. Филип Зайдман. Франчайзинг. — Вашингтон: Компания «Rudnik», — 80 с.
  8. Стэнворт Д.; Смит Б. Франчайзинг в малом бизнесе / Пер. с англ. Л.Н.Павловой. — М.: ЮНИТИ, 1996. — 200 с. — (Руководство Барклайз Банка по малому бизнесу).

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.