Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұнай-газ саласында корпоративті менеджементтің даму негіздері

Мұнай-газ саласын дамытудың ұзақ мерзімге жоспарланған перспективаларын негізінен теңіз кеніштерін игерумен байланыстыруға болады. Каспий қайраңындағы мұнай-газдың əлеуеті жоғары екендігіне қазақстандық сектордағы, сондай-ақ басқа елдер секторларындағы бірқатар ірі кеніштердің ашылуы дəлел. Сонымен Қазақстанда теңіздегі мұнай өндіруді дамытудағы шешуші роль

«ҚазМұнайГаз» компаниясына жүктеліп отыр. Каспийдің қазақстандық секторын игеру мемлекеттік бағдарламасына сəйкес кеніштерді игеруге рұқсат алған жағдайда «ҚазМұнайГаз»-дың үлесі 50 пайыздан кем болмауы тиіс екендігі айтылған.

Қазір Қазақстан экономикасында жеке меншік ресурс жəне сфера қызметін біріктіру принципіне салынған тікелей жəне көлденең интеграция негізінде корпоративті менеджментке сəйкес болуға тиісті бəсекеге қабілетті құрылымның белсенді қалыптасуы жəне интеграциялық процестің белсенділігі жүріп жатыр.

Жеткізушілер мен сатып алушыларға тəуелділікті төмендетуге ұмтылушы компаниялар үшін көлденең интеграциясы негізінде стратегиялық даму моделі тəн. Нəтижесінде көлденең интеграция өзінің құрамына алғашқы шикізатты шығарудан тікелей ақырғы тұтынушыны қамтамасыз ету үшін тұтас өндірістік-технологиялық процеске кіретін кəсіпорындар мен бөлімшелерді қосатын басқарудың корпоративті формасын құрайды. Бұл жағдайда корпорация уəжі өнімді өткізуге бақылау құрамында бəсекелестік позициясын күшейту болып табылады.

Көлденең интеграция негізінде корпоративті даму өндіріс шығындарын жəне шикізатты жеткізушілердің корпоративті міндеттерді орындамау тəуекелін төмендетеді. Кəсіпорындар толық көлденең интеграция принципіне сəйкес өзінің басқару формасын ауыстыруы жəне көмірсутегі шикізатын шығарудан бастап жоғары қосылған күшпен, яғни, мұнай-химия жəне мұнай-өңдеу өнімдерін алуға дейінгі өндіріс процесін жүзеге асыруы тиіс [1].

Корпоративті ресурстарды басқару реттеудің принциптер, əдістер, формалар мен қабылдау жүйелерін қамтиды. Корпоративті менеджмент позициясынан өзекті мəселелер: экономикалық өсім мен қоғамдық əл-ауқатын көтеру; өндірістік-қаржылық қызметтің шаруашылықтық субъектілеріне мемлекеттің əсер ету формалары мен əдістерінің сəйкес келуі; ішкі жəне сыртқы нарықта компанияның бəсекеге қабілеттілігін көтеру мен табысын көбейтуде ішкі фирмалық басқару əдісінің сəйкестілігі (1-сур.).

 1-сур. Корпоративті менеджменттің жалпы моделі ҚР Статистикалық агенттігі мəліметінен 2007 ж. (сур. автормен құраст.) 

Көлденең интеграцияланған құрылым менеджменті корпоративті құрылымды едəуір артықшылықтармен қамтамасыз етеді: күрделі өндірістік цикл бойынша өнім қозғалысында экономикалық ұтымдылыққа жетеді; жеткізушілер мен мердігерлер қызметі мен кешенді ұсыныстарда белгісіздік азаяды; экономиканың бір секторынан екіншісіне тəуекелді бөлуге мүмкіндік болады; трансакционды шығындар азаяды. Мұндай сферасында интеграция алғы шарттарын басқару сапасын көтеруге ұмтылу, салық ауыртпалығын төмендету, өндіріс диверсификациясы мүмкіндігі жəне артық ресурстарды пайдалану, компания менеджерінің саяси салмағын көтеру. Кейбір жағдайларда бірнеше еншілес компаниялар ортақ бизнес-бірлікті, мысалы, «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ құрулуы. Ол мемлекеттік аймақаралық корпорация ретінде қарастырылады (2-сур.). Суретте интеграция мақсаты, механизмі жəне субъектілері көрсетілген. Қызметтердің қосылуы, біріншіден, сыртқы ортада бар жəне корпоративті қаржының ашық болуы ресурстарға бақылау күресі тенденциясын күшейтті. Меншік иесіне бақылаудың мұндай деңгейі өте қажет. Себебі, оған меншік титулдарын жоғалтумен қатар, қаржылық тасқындарын бақылауды жоғалтып тəуекел етпес үшін қажет. Мұнай шығару сферасында өндірістік интеграция бизнес-бірлік қызметіне бақылауға бағынуы тиіс [2].

  2-сур. Мұнайды шығару сферасындағы өндірістік интеграция схемасы ҚР Статистикалық агенттігі мəліметінен 2007 ж. (сур. автормен құраст.)

Ұйым бизнесінің серіктестік жүйесі зардаптарына көңіл бөлу қажет. Мұнда көбіне ірі жеке корпорациялар сөз болып отыр. Жүйе жеке меншікті (бақылау) жəне бизнесті бөлетін екі, үш, төрт серіктестер принципі бойынша ұйымдастырылған. Серіктестік жүйе ағымдағы қысқа мерзімді табыстарға бағытталуды ұсынады жəне оған сəйкес ұзақ мерзімді инвестициялық стратегияны жүзеге асыру мен келісім мəселелері туындайды. Мұндай ұйым менеджерлерді басқарумен байланысты минимизация жоғалудың қатаң жүйесін ұсынады.

Мұнай-химия кешені жұмысы үшін шамамен жылына 1 млрд.м3 газ қажет, өйткені газ бұл өндіріс үшін негізгі шикізат болып табылады. 2004 ж. газды шығару 20 млрд.м3 асты, ал 2015 жылы ішкі қажеттілік 15 млрд.м3 газды қажет ететін болса, онда жыл сайын 50 млрд.м3 шамасында газ өндірілуі тиіс. Олай болса, экспорт көлемінен кейін қалған газды отандық мұнай-химия өндірісінің дамыуна жұмсауға болады. Кластерлік саясатты жүзеге асыру барлық деңгейдегі жеткілікті бюджеттің табыс көзін күшейтуге мүмкіндік алады.

2006 жылдың каңтар-қараша айларында «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ игеріп жатқан кеніштерден 8 млн. 751 мың т мұнай мен газ конденсаты өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 180 мың т артық.

Атырау мұнай өңдеу зауыты былтырғы жылдың каңтар-караша айларында 3 млн. 443 мың т мұнай өңдеді. Бұл өткен жылдардың осы кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайызға көп. «ҚазМұнайГаз ҰҚ» АҚ корынан АМӨЗ-ге 2 млн. 397 мың т мұнай жеткізілді. Үстіміздегі жылы аталған зауытта 3 млн. 700 мың т мұнай өңделеді деп жоспарлануда.

«ҚазТрансОйл» АҚ жүйесі бойынша 2006 жылдың каңтар-караша айларында 39 млн. 347 мың т мұнай тасымалданып, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға көп. Ағымдағы жылы жоспар бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ магистральді құбыр жолдары арқылы 38 млн. 108 мың т мұнай тасымалданбақшы.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның магистральді құбыр жолдары арқылы осы жылдың каңтар- караша айларында 111,3 млрд. текше м газ тасымалданды. Ресей газын тасымалдау көлемінің азаюына байланысты бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,5 пайызға аз. 2006 жылы 119,5 млрд. текше м газ тасымалданады деп жоспарлануда.

«ҚазМұнайГаз ҰҚ» АҚ табысы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,5 пайызға өсіп, 749,4 млрд. теңгені құрады. Бұл компанияның каркынды инвестициялык саясат жүргізуіне, өндіріс көлемін ұлғайтуға, жаңа технологиялар енгізуге, ресурс базасын арттыруға, экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы активтер сатып алуды есептемегенде, өз қаржысы есебінен капиталға 113,8 млрд. теңге жұмсады. Негізгі бөлігі — 103,3 млрд. теңге өндіріске жұмсалды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға көп.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына тəуелді, еншілес компаниялар 2006 жылдың каңтар- караша айларында Қазақстан Республикасының бюджетіне жалпы сомасы 211,8 млрд. теңге салық құйды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе көп.

Қазақстан мұнай ғана емес, инновацияны да дамытуда. Еуразия құрлығында орналасқан Қазақстанның кең-байтақ аумағында табиғи ресурстардың үлкен көлемі шоғырланған. 2015 жылы Қазақстан əлемдегі 10 жетекші мұнай өндірушілер мен экспорттаушылардың қатарына енеді деп күтілуде [3]. Дегенмен, мұнай өнеркəсібінің бір өзі елдің ұзақ мерзімді перспективадағы тұрақты əлеуметтік- экономикалық дамуын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өнеркəсіпті инновациялық дамытуға жəне шикізат ресурстарына деген тəуелділікті азайтуға күш сала отырып, ел экономикасын диверсификациялау стратегиясын дəйектілікпен жүзеге асыруда.

Өнімдері экспортқа бағдарланған кəсіпорындардың бəсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Қазына» орнықты даму қоры құрылды, оның қызметі қолданбалы зерттеулерден бастап қазақстандық өнімдерді ішкі жəне сыртқы рыноктарға шығаруды қаржыландыруға дейінгі түрлі қызметтер салаларын дамытуға бағытталған. Халықаралық рыноктарда өз орнын табуға кабілетті жаңа өңдірістік салалардың құрылуына жағдай жасай алатын каржы секторындағы инвестициялық жобаларды дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. «Қазына» қорының құрамына кіретін ұлттық инновациялық қор израильдік корпорациялармен, инвестициялық қорлармен жəне зерттеу орталыктарымен қазірдің өзінде белсенді жұмыстар жүргізуде.

Өнімдері экспортқа бағдарланған «өнеркəсіптік-экономикалық аймақтар, сондай-ақ технопарктер израильдік бизнестік келуін қуана құптауда. Алматыдағы «Алатау ІТ-Сити» жəне Астанадағы Ұлттық биотехнологиялар орталығы технологиялар алмасудағы ірі орталықтардың мысалы болып табылады. Болашақта Орталық Азияның рыноктарын өзара ықпалдастыратын, қазіргі заманғы халықаралық сауда технологиялары негізінде жұмыс істейтін тауар биржалары мен шикізат ресурстары биржаларын өмірге əкелетін Алматы қаласын дамыту жөніндегі өңірлік қаржы салығын құрудың арқасында алда оң перспективалар ашылуда.

Қазақстан Үкіметі елде энергия үнемдеуші технологияларды дамытуға жəне энергияның баламалы көздерін пайдалануға қолдау жасауды жоспарлап отыр, сонымен бірге бұл орайда экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық факторлардың өзара оңтайлы байланыстарының принципі де сақталатын болады. Өткен жылы Қазақстанның солтүстігінде бұрынғы кеңестік кеңістікте теңдесі жоқ биоэтанол шығаратын ерекше зауыт ашылды. Қазіргі күнде жоғарыда аталған «Қазына» қоры тағы да қосымша осындай 5–6 кəсіпорын ашуды жоспарлап отыр.

Қазақстанның аумағы 2,7 млн. шаршы шақырымға тең, оның айтарлықтай бөлігін шөлді жəне шөлейт жерлер алып жатыр. Соңдыктан да Қазақстан қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен су ресурстарын үнемді пайдаланып, соңдай-ақ көгалдандыруда озық технологияларды қолдана отырып, ауыл шаруашылығын белсенді дамытуға ниетті компаниялардың елге келуіне қолдау көрсетуге пейілді.

Экономиканы диверсификациялау үдерісінде Қазақстан инфрақұрылымы (энергия секторы, теңіз порттары, көлік жөне логистика оралықтары), мұнай химиясы, химия өнеркəсібі, өнеркəсіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркəсібі, кұрылыс материалдарын шығару, туризмді дамыту салаларындағы негізгі бағыттарды дамытуды жоспарлап отыр [4, 5].

Оның сыртында, елдің мұнай долларына деген тəуелділігін азайту мақсатында, мұнай өндіру секторынан түсетін барлық табыстар көлемі қазіргі уақытта 16 млрд. АҚШ долларын құрайтын ұлттық тұрақтандырушы қорда жинақталуда.

Бүгінде нарықта қандай жайттың шешуші екені белгісіз. Əрине, нарыққа əсер еткен басты жайт ретінде «қара алтынға» жұрттың сұранысының мол болғаны атап көрсетіледі, осыдан да мұнайдың бағасының өсуі қамтамасыз етілгені айқын. Бұл орайда қалың көпшілік аса маңыз беретін Халықаралық энергетикалық агенттіктің мəліметтеріне жүгінсек, көп жайттың басы ашылады. Əлемдік экономикада мұнайды тұтыну 84,5 млн. баррельге жетті. Бұл аддыңғы жылмен салыстырғанда бір пайызға болса да артық. Ал əлемдік деңгейде бір пайыздың өзі едəуір көлемді білдіреді. Статистикалық мəліметтер бұған əсіресе Қытай жəне Үндістан сияқты елдердің сүбелі үлес қосып отырғанын айғақтайды. Мұнай бағасының көтерілуіне əдетте айта беретін геосаяси жағдайлардың да əсері болғаны даусыз. Бұл жерде алдымен АҚШ пен Иран арасындағы ядролық мəселеге байланысты дау-дамайды атап кету керек. Ливандағы Хезболла жасақтарына қарсы израильдіктер тарапынан жүргізілген əскери операциялар да бұған əсерін тигізді. Оның үстіне Нигериядағы ахуалдың тұрақсыздығы да бұл елдегі мұнай өңдіру көлемінің күрт кеміп кетуіне өз дəрежесінде ықпал етті. Бір қарағанда, əлемдік экономиканы тəуір көрсеткіштері жəне осыған байланысты отынға деген зəрулік жағдайдың көңілдегідей өрбуіне қолғабысын беруі тиіс еді. Бұған косымша бірқатар елдердегі саяси, əскери ауыс-түйістер, терроризм əрекеттері, Мексика шығанағындағы дүлей дауыл, əлемдегі өңдірілген мұнайдың азғантай қоры — барлығы бұл нарықтағы жағдайдың жақсара түсуіне əсер етеді деп күтілген. Бірақ нақты жағдай күрделі түрде қалыптасты. «Мұнай қошқарларының сүзісуі» бейбіт жағдайда өрбіді.

Мексика шығанағында үнемі болып тұратын дүлей дауыл бұл жолы бас асаулық байқатпады, Иранның төңірегіндегі ядролық бағдарламаға байланысты дау-дамай да өз жөнімен жүрді, мұнайды жеткізу жөніндегі міндеттемелер дер кезінде жүзеге асып жатты. Тікелей осыған əсер етпегенмен əлемдік сұраныстың болжам жасаған деңгейінен көп, төмен болуынан да іздеген жөн. Бұл жерде əлемдік экономиканын қарыштап дамығаны рас, бірақ, соған қарамастан, оған деген сұраныс арта қоймады. Мұның себебін, шамасы, мұнай бағасынын шығындап кетуінен іздестірген жөн болар. Өйткені қымбат өнімге кімнің ықыласы аусын [6].

Сарапшылар өз тарапынан бағаның күрт артуын ескермеген тəрізді. Бағаның тым көтеріліп кетуі бұған деген ықылас танытқан өндірісшілердің өзін үркітті, көпшілігі көптеген жоспарлаған шаруаларын кейінге асырды. Нарық жылдың басында жəне ортасында геосаяси жəне ауа райы жағдайларына байланысты жəне мұнайға деген сұраныс пен өндірілген «қара алтын» қорынын аз бөлігінің нəтижесінде бағаны жоғары деңгейде ұстап тұрды. Бұл кезеңде мұнайды өндірудің көлемі күрт артқанымен, мұның өзі байқаусыз жүзеге асты. Осыдан келіп АҚШ-тан басқа да бірқатар елдерде мұнай қоры жинақталды. Ақырында мұнайдың бағасы да кұлдырады. Мұндайда ОПЕК-те қарап отыра алмады. Баға кұлдырай ма деген қауіппен ол да ойынға араласты. Қатардың Доха қаласында жиналған ОПЕК елдерінің министрлері мұнай өндіруді қысқарту туралы шешім қабылдады. Іле-шала мұның ауқымы аз деп тағы да түзету енгізді. Бірақ қысқы кезеңдегі мұнайға деген сұраныстың ілгерлеуіне байланысты бұл шешімді орындау кейінге қалдырылды. ОПЕК шешімінен соң, жағдай бірсыпыра түзелді.

Халықаралық валюта қоры мен АҚШ сиякты алып мемлекеттің энергетика министрлігі орта мерзімдегі болжамдар бойынша баға өткен жылдың деңгейінде қалатындығын тілге тиек етеді. Ал Халықаралық энергетикалык қауымдастық мұнайдың бағасының өсетіндігін, бірақ болмашы ғана кымбаттайтындығын алға тартады. Түбегейлі өзгерістер болады деушілер де жоқ емес. Олардың ойынша, бір баррельге шаққанда 150 долларлық меже де артта қалмақшы. Қысқасы, сəуегейлер жеткілікті. Ортақ пікір — баға өседі, бірақ мардымды деңгейде емес. Бағаның шектен шықпайтынына мұнай өндірудің бұдан былай да тəуелсіз өңдірушілер тарапынан жаңара түсетіндігі əсер етеді. ОПЕК-те өзінің шама-шарқынша бағаны реттеуге атсалыспақшы. Егер олардың қолынан мұнай өндіруді қысқарту келмесе, онда өндіріс қарқынының өсуі жетіспеушіліктің орнын толтырады.

Бұған кері ықпалын тигізетін жайттар да жоқ емес. Ең əуелі əлі күнге дейін Иран мəселесі толық шешілген жоқ. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінін бұл елге материалдар мен технологиялар жеткізуді тоқтату жөніндегі қарары жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Нигериядағы жағдай да асқынып тұр. Алдағы сайлауға байланысты мұндағы күштердің ара салмағы күрт өзгеруі ыктимал. Мексика шығанағындағы дауылдың да қайта соқпасына кім кепілдік береді? Басқа да тосын жағдайлар бұған əсер етуі ғажап емес. Демек, қауіп сейілмеген тəрізді. Əлем экономикасы дамуының өзекті мəселелері де бұдан тыс қалмайды. Көбіне бұл орайда көңіл көншітерлік болжамдар айтылатын. Əйтсе де үстіміздегі жылы мұндағы өсім де баяулай түспекші екені сөз болуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының «Халықаралық экономикалық жағдайы жəне 2007 жылға арналған перспективалар» деген баяндамасында əлемдік экономиканың даму қарқыны 3,2 пайызға баяулайды деген мəлімет келтірілді. Бұл біздің елдің экономикасына да қатысты. Өйткені біздің елдің экономикасының өсу қарқыны көмірсутегі шикізатына тəуелді, бюджеттің орындалуы да осыған бағынышты, елге шетел валютасының келуіне де ықпал етеді. Отандық экономиканың даму қарқыны əлсірейді, дегенмен, қалай болғанда да мұнайдың бағасы бір баррельге 50 долларлық деңгейден төмендей қоймас деген үміт басым. Мұның орнын мұнай өндіруді күрт арттыру арқылы да толтыруға болады. Себебі пайдалы тұсы да болуы ықтимал, егер жағдай осылайша қалыптасса, шикізаттық емес сектор алдыңғы кезекке шығады. Демек, көптен күтіп, самарқаулықпен мəн бермей келе жатқан экономиканы əртараптандыру мəселесі де қолға алынбақшы.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Королева С.И., Либман А.М. Основные элементы внутренней и внешней среды интегрированных корпоративных структур в нефтяном бизнесе // Нефтепереработка и нефтехимия. — 2001. — № 4. — С. 3–8.
  2. Крюков А.Ф., Крюкова О.И., Савченко И.К. Совершенствование системы управления в вертикально интегрированных компаниях // Менеджмент в России и за рубежом. — 2001. — № 6. — С. 47–49.
  3. Радыгин А. Слияния и поглощения в корпоративном секторе (основные подходы и задачи регулирования) // Вопросы экономики. — 2002. — № 12. — С. 85–109.
  4. Тлеуберген А. Интеграция Казахстана в мировую экономику в условиях глобализации // Материалы науч.-практ. конф., посвящ. 15-летию Независимости РК. — Алматы, 2006. — 68 с.
  5. Нефть и газ Казахстана – 2005 // Нефтегазовая вертикаль. — Алматы, 2006. — № 6. — С. 48–51.
  6. Мусабаев К.М. Корпоративное управление в нефтедобывающих компаниях // 3-я Междунар. науч.-практ. конф. «Транспорт Евразии: взгляд в XXI век». — Алматы: КазАТК им. М.Тынышпаева, 2004. — Т. 2. — С. 271, 272.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.