Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасындағы шекара маңындағы сауданың дамуының ұлттық экономикаға əсері

Қазақстан бүгінгі таңда əлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасын тек қана осы заманғы бəсекеге қабілетті жəне бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы қалай алады [1].

Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың əлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мəселелері өзекті бола түсері сөзсіз.

Республикамыздың əрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ əр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтың саясаты қалып- тастырылып, жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы мен оның субъектілерінің шетелдік мемлекеттердің аумақтық коғамдастықтарымен жəне билік органдарымен шекаралас ынтымақтастығы Қазақстанның шекаралас елдермен экономикалық, мəдени, гуманитарлық жəне басқа да салаларда қарым-қатынас жүйесін қалыптастыруда барынша маңызды фактор болып табылады. Ол көршілес мемлекеттердің шекаралас аудандар өкілдерінің арақатынастарын жақсартуға қолайлы жағдай туғызады, жеке шекаралас аймақтардың экономикасын депрессивті күйден шығуға əсерін тигізеді, жұмысбастылық деңгейінің жоғарлауына жəне халықтың нақты табыстарының өсуіне, интеграциялық процестерді жеделдетуге бағытталған.

Шекаралық сауданы дамыту шекаралас мемлекеттердің ынтымақтастығымен тығыз байланысты. Қазіргі шекаралас ынтымақтастық пен сауданың дамымағаны, біріншіден, мемлекеттік жəне мемлекетаралық реттеудің нормативтік-құқық жəне ұйымдастыру мəселелерінің шешілмеуінен болып отыр деп айтуымызға болады. Сондай-ақ бұған аймақтык (өңірлік) теңсіздік те себеп болып отыр, оның ішінде жеке өңірлерде өмір сүру деңгейі мен қалпының айырмашылығы, жұмысбастылық пен жұмыссыздық, экономикалық даму қарқыны, кəсіпкерліктің даму жағдайлары жəне т.б. Бұндай теңсіздіктің себептері əр түрлі болады, олар: өмір сүрудің табиғи-климаттық жағдайларының түрлілігі; көлік шығындарының өсуіне себеп болатын өңірдің шалғай орналасуы, экономикалық дамуына кедергі болатын бағалар; өндірістік жəне əлеуметтік инфрақұрылымның артта қалуы; табиғи ресурстарды пайдалану көлемі, сапасы, бағыттары; даму тарихы жəне т.б. Сонымен бірге ішкі жəне сыртқы сауда арасында шекаралық сауданың аралық қалпы көрініс береді. Кейінгілері тауар айналысының жұмыс істеуі үшін жағдай туғызатын шекаралас аумақ халқының өмір сүруіне сəйкес экономикалық, əлеуметтік, инфрақұрылымдық жəне т.б. орталарының болуын талап етеді. Сондықтан тауар айналымының даму деңгейі немесе алғы шарттарының жетіспеушілігі шекаралық сауданың дамуына əсерін тигізеді. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, көп жағдайда шекаралық сауданың дамуы (ең бірінші нарықтың сыйымдылығы қажет) шектеулі болып қалуда.

«Шекаралық сауда» түсінігін əр түрлі мағынада қолданады. Олардың ішінде жалпы болып табылатын келесі құрамдас түсініктер:

  • іргелес мемлекеттердің шекаралас аудандарында тұратын жəне орналасқан кəсіпорындар мен тұлғалар арасындағы тауар айналымы;
  • шекаралық сауда шекаралық аймақтарда тұрғылықты тұратын заңды жəне жеке тұлғалар мен іргелес мемлекеттердің бекіткен халықаралық шарттарда белгіленген шекаралық аймақта тұратын шетелдік заңды жəне жеке тұлғалар арасында жүзеге асырыла алады;
  • шекаралық сауда нысанына шекаралық аймақ шегінде өндірілген, жергілікті қажеттіліктерді қанағаттандыратын жəне шекара аймағында тұтынатын тауарлар жатады;
  • шекаралық сауданың тауарлық жеткізулер негізін жергілікті экспорттық ресурстар, нарықтық қорлар, жергілікті тауарлар мен қызметтер құрайды;
  • шекаралық сауда өзара тиімді тауар айналымының, фирмааралық ынтымақтастықтардың, кооперациялық байланыстардың, өндірістік тəжірибемен алмасудың түрлі нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады;
  • шекаралық сауданы дамыту даулы жағдайлардың туындауы мен ушығуын болдырмайтын көршілес елдер арасында қарым-қатынастарды нығайтуда мəні зор.

Əлеуетті себептердің бірі еліміздің шекара аймақтарының дамуы мен қажетті жағдай жасау болып табылады. Бұл меңгерілетін нарықтың өндірістік факторларының бағасы мен мемлекеттің шекараны өтуіне байланысты транзакциялық шығындар, көліктік жағдайлар, сауда-экономикалық аумақтарды қалыптастыру, шекаралық өткелдер мен кеден қадағалау орындардың инфрақұрылымы ретінде көрінеді.

Қазіргі таңда республика əлеуеті халықаралық жүк айналымы жүйесінде, шекаралық саудада, қазақстандық тауарлар экспорттауда толықтай жұмсалмай отыр, негізгі халықаралық көлік дəліздері де жеткілікті түрде қалыптаспаған. Ел аумағы бойынша транзиттік жүк ағынын толыққанды қалыптасуына бағытталған халықаралық стандарттарға сəйкес көлік жолдарының сервистік қызметтер деңгейі мен сапасын арттыру талап етіледі. Факторлардың бірі шекара аймақтарының көлік дəліздерін дамыту болып табылады. Осының өзі еліміздің шағын жəне орта кəсіпкерліктің жемісті дамуына қажетті бизнесті жүргізудегі либералдық шарттармен, бос экономикалық аумақтарды қалыптастыру мен қажетті нарықтық алымдарды азайтуымен халықаралық бизнес, трансұлттық компаниялардың өкілдерін, отандық жəне шетелдік инвесторлардың барынша көп санын тартуға əсерін тигізеді.

Шекаралық сауда халықаралық құрлық шекаралар арқылы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ағыны ретінде танылады. Шекаралық сауданың ерекшелігі — географиялық жақындық арқасында көліктік шығындарды елеусіз болатыны, жəне бұл саудагерлерге шекараның екі жағында да қолданыстағы түрлі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ұсыныс пен сұраныстың, бағалар айырмашылығын пайдалануға мүмкіндік береді.

Шекаралық сауда операцияларының негізгі бөлігі сыртқы сауда статистикасында көрініс таппайды. Өйткені негізінен шекаралық саудамен сатылатын тауарларды өндіруші болып табылатын жеке тұлғалар/шағын саудагерлер мен олардың отбасылары айналысады. Тауарлар шағын мөлшерде, əдетте жүз килограмнан, ал құны жүз АҚШ долларынан аспайды. Сатылатын тауарлардың негізін ауыл шаруашылық өнімдері мен тұтыну тауарлары құрайды. Шағын саудагерлер өз тауарларын жаяу, велосипедте, мини-автобуста немесе жеңіл автокөлікпен шекараның екінші жағына тасымалдайды.

Шекаралық сауда ұлттық өкіметтердің белгілейтін шарттармен анықталатын саудагерлер қызметін реттеу тəртібінің өзгеруіне аса сезімтал. Оның дамуы ең басты адамдар үшін күн сайын ірі бейресми төлемдерді немесе тым жоғары кедендік баждар мен шекаралық алымдарды төлеусіз өту мүмкіндігіне, сондай-ақ шекараны жеке меншікті жеңіл автокөліктерінде немесе шағын жүк көлік құралдарында өту мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Шекаралық сауда саудагерлер өмірі мен кірістеріне оң əсерін тигізіп, жергілікті өндірісті нығайтады жəне қызмет саласының дамуына (қойма қызметтері, тасымалдау жəне жергілікті базарларда көмекшілік қызметтер) əсерін тигізеді. Бұндай сауда базарда жұмыс істейтін тұлғалар жəне өз қызметінің тегі бойынша базармен жəне саудамен байланысты тұлғалар кірістерінің өсуіне себеп болады. Шекаралық сауда жұмыспен айналысуды елеулі түрде ынталандыратындығын есепке алып, тұрмысы нашар азаматтардың үй шаруашылығының кірісін арттыруын айтқан жөн. Жұмыс орындарының тапшылығымен жəне төмен еңбекақымен сипатталатын шалғай аудандарда шекаралық сауда шарттары жеңілдеткен жағдайда барлық үй шаруашылығы үшін кіріс көзін тудырады жəне экономикалық іс-əрекеттің барлық мүмкін өзге түрлерінің көпшілігіне қарағанда пайдалы болып табылады. Оның сыртында шекаралық сауда шекаралас аудандарында тұтыну импорт тауарлар бағасын төмендетеді (шекара ағындар болмаған жағдайда баға мен баға айырмашылықтары барынша жоғары болатын еді) жəне экспорттаушыларға барынша жоғары қосылған құннан пайда алу мүмкіндігін береді. Сонымен бірге шекаралас саудада гендерлік аспект басым: шекаралық саудаға, мысалы, базарда тауар сату мен шекара арқылы тауарлар айналымында көбінесе əйелдер белсенді түрде қатысады. Шекаралық саудаға қатысатын сауда қауымдастықтар басшыларының көбісі де əйелдер. Қауіпсіздік жəне жасырын тауарларға қарсы əрекеттер бақылау тетіктерін жүргізуді талап ететін міндеттер ретінде беріледі. Бірақ мемлекет тарапынан салынатын тосқауылдар мемлекеттік саясат міндеттеріне қол жеткізу үшін тиесілі құралы болып табылмайды жəне еліміз үшін қымбатқа түсіп, тұрмысы нашар халықтың кірісі мен əл-ауқатына теріс əсерін тигізеді. Бұның орнына ықтималды қауіп-қатерді ескере отырып, базарларда қатаң да тиімді тексеріс, бақылау мен қадағалауды, шекараны өтуіне толық тыйым салмай, көлік құралдарын тексеруді қамтамасыз еткен жөн. Оның сыртында жергілікті халық арасында арақатынастардың нығаю қауіпсіздікті елеулі деңгейде арттырады деген шешімге келуге болады; қорыта келгенде, шекаралас аудан халқының əл- ауқатын жақсартуға елеулі əсерін тигізетін сауданың даму жағдайында барлық тараптар қылмыстық іс-əрекетті болдырмауға жəне қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етуге тырысады. Виза алуға жəне төлқұжаттарға мөртаңба қоюға талаптары шекаралас аудандар халықтың шағын топтарының қажеттіліктеріне сəйкес тиісті тəсіл пайдаланыла алады.

Қазақстан Республикасының 14 облысының 12-сі шекаралас болып табылады. Қазақстан Республикасының құрғақ жердегі мемлекеттік шекарасының ұзындығы 11591 км құрайды, оның ішінде Ресеймен шекаралас 6023 км (51,96 %), Өзбекстанмен — 2440 км (21,05), Қытаймен — 1730 км (14,93), Қырғызстанмен — 1053 км (9,08) жəне Түркіменстанмен — 345 км (2,98 %). Бұның сыртында Ресей, Əзербайжан жəне Иранмен теңіз шекарасын 1730 км тең.

Аталған шекаралас мемлекеттер Қазақстан Республикасының сыртқы саудасындағы маңыздылығы экономикалық əлеуеттері мен қалыптасқан экономикалық арақатынстарына байланы- сты.

2007 жыл қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымы 80,5 млрд. АҚШ долл. құрады жəне 2006 жылдың сəйкесті кезеңімен салыстырғанда 30 %-ға артты, оның ішінде экспорт — 47,8 млрд. АҚШ долл., 24,8 %-ға, артты, импорт — 32,8 млрд. АҚШ долл., 38,3 %, өсті.

2007 жылғы экспорттың негізгі үлесін шикізат тауарлар 86,8 % құрайды (2006 жылғы қаңтар– желтоқсанында — 88 %), оның ішінде минералдық өнімдер — 69,7 % (71,9 %), қымбат емес металдар мен олардан жасалған бұйымдар — 17,1 %. 2008 жылғы бірінші жарты жылдығында экспорттағы қалып былтырғы жылмен бірдей. Яғни аталып отырған мерзімде шикізат тауарлар экспортының үлесі экспорттың жалпы көлемінде 88 %, немесе 37 млрд. АҚШ долл., құрады, оның ішінде минералды өнімдер — 72,8 % (30,6 млрд. АҚШ долл.), қымбат емес металдар мен олардан жасалған бұйымдар — 15,2 % (6,4 млрд. АҚШ долл.).

2008 жылғы қаңтар–шілдеде шикізат экспортының өсу себебінен былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда экспорттың жалпы көлемінде химиялық өнім үлесі 4,2-ден 3,1-ге дейін төмендегенін жəне азық-түлік тауарларының экспорты 3,8-ден 4,6 %-ға, сондай-ақ машиналар мен жабдықтардың 1,5-тен 1,9 %-ға артқанын атап кету керек.

Елдік қалпында қазақстандық өнімді сатып алушы елдер тізімі соңғы жылдары өзгермей отыр. 2008 жылғы қаңтар-шілде аралығында қазақстандық өнімді негізгі сатып алушылар Италия — экспорттың жалпы көлемінен 18,5 % (7,8 млрд. АҚШ долл.), Швейцария — 15,6 % (6,6 млрд. АҚШ долл.), Қытай — 9,4 % (4 млрд. АҚШ долл.), Ресей — 8,9 % (3,7 млрд. АҚШ долл.), Франция — 7,7 % (3,2 млрд. АҚШ долл.), Нидерланды — 5,7 % (2,4 млрд. АҚШ долл.), Израиль — 3,4 жəне Иран — 3,3 % (1,4 млрд. АҚШ долл.) болып отыр.

1999–2007 жж. Қазақстаннның шекаралас ТМД елдерімен саудасындағы экспорт пен импорт құрылымы кестеде келтірілген.

Аталып отырған көрсеткіштер соңғы жылдары экспорт бойынша қалыптың бір деңгейде қалатындығын, оның ішінде жоғарғы құн салығы мен тауарлар экспортының үлесі өзгермейтіндігін жəне 10 % сəл артық деңгейде қалатындығын көрсетеді [2].

Сонымен қатар ішкі саудада теріс əсерлер жоқ емес: тауарлар бағасы мен сапасына əсер ету үшін бəсекелестік деңгейінің жетіспеушілігі, сауда инфрақұрылымының нашарлығы; сауда қызметін мемлекеттің əлсіз реттеуі; азаматтардың қауіпсіз жəне сапалы тауарларға кұқығын қамтамасыз ету проблемаларының шешілмегендігі.

Бүгінгі таңда шекара маңындағы сауда сапасы мен даму деңгейі бойынша қазіргі заман талаптарына жауап бере алмайды, бұдан толық көлемде өзара тиімді тауар алмасуды, фирмаралық ынтымақтастықтың түрлі нысандарын, кооперативтік байланыстарды өсіру, шекара маңындағы аумақтағы халықтың өмір сүру деңгейін жəне экономикалық өсуіне əкелетін өндірістік тəжірибе, сондай-ақ көршілес елдермен қарым-қатынасты нығайту бойынша барлық мүмкіндіктер пайдаланылмайды. Нарықтың салыстырмалы дамымауы, диспропорционалдығы мен инфрақұрылым ақаулануы трансакциялық алымдар деңгейінің төмендеуіне жəне тұтас тауар нарығы мен тауар айналысы саласының жұмыс істеу тиімділігін арттыруға кедергі жасайды. Екінші жағынан, шекара маңындағы аумақтарда қажетті экономикалық, əлеуметтік, инфрақұрылымдық жəне т.б. шекара маңындағы сауда үшін балама жағдайлар туғызатын халықтың өмір сүру ортасының жоқтығы себеп болып тұр. Құқықтық жəне ұйымдастыру тетігінің үйлестірілмеуі тұрғысынан мемлекеттік басқару органдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қоғамдық ұйымдардың жəне халықтың шекара маңылық өңірлер ынтымақтастығы шегінде қарым-қатынастарды нығайту жəне дамыту бойынша күш жұмсауы сол күйінде қалып отыр. Сондықтан шекара маңындағы сауданың жұмыс істеуі мен дамуы үшін бірінші кезекте осы мəселеге көп көңіл бөлуіміз керек. Шекара маңындағы сауданы дамытудың ұйымдастыру-құқықтық тетігін жетілдіруіміз керек, бұл:

  • шекаралас мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуда сауда артықшылықтарын барынша толық пайдалану, Қазақстан Республикасының əлемдік экономикаға тиімді бірігуіне жағдай жасау;
  • осы негізде жəне Қазақстан Республикасының өңірлік саясатымен бірге ұлттық экономиканы дамытуды ынталандыру, халықтың қаражат кірістерінің өсуін жəне шекара маңындағы аумақтар нарығының сыйымдылығын кеңейтуді қамтамасыз ету;
  • нарықтық тетіктің тоқтаусыз жұмысын жəне тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді іске асыру кезінде өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы нарықтық инфрақұрылымды құру;
  • экспорттық əлеуетті іске асыруда жəне ішкі нарықты əділетсіз бəсекелестіктен, сапасыз жəне контрафактілік өнімдердің кіріп кетуінен қорғауда шекара маңы аумағының жəне шекара маңылық сауданың рөлін арттыру.

Шекара маңылық сауданы дамыту бойынша негізгі басымдылықтар:

  • шекара маңындағы аумақтың экономикалық өсуін қамтамасыз ету;
  • шекара маңындағы сауданы дамыту багыттарын айқындап шекара маңындағы сауданы дамыту бағдарламаларын бірлесе əзірлеу жəне іске асыру негізінде шекаралас мемлекеттермен шекара маңылық ынтымақтастықты кеңейтуді қамтамасыз ету.

1999–2007 жж. Қазақстанның шекаралас ТМД елдерімен саудасындағы экспорт пен импорт құрылымы, %

 Осы мақсаттар мен басымдылықтарға жету үшін мына мəселелерді шешу керек:

  • мыналарды қоса шекара маңындағы сауданы дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу: шекаралас мемлекетермен көп жəне екі жақты келіссөздер негізінде шекара маңылық ынтымақтастық бағыттарын қалыптастыру жəне нақтылау, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарымен, шекара маңылық өңірлердің түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында шарттар (келісімдер) бекіту; шекаралас мемлекеттер өңірлерінің ынтымақтастык бойынша əлеуетін есепке алып, нақты шекара маңылық өңірлер бойынша əлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын əзірлеу жəне қабылдау;
  • тұтынушы нарығының шекара маңындағы аумақ халқы үшін қол жеткізімділігін, азаматтардың тауарлар қауіпсіздігі мен сапасына арналған құқықтарын қамтамасыз ету;
  • отандық тауар өндірушілер үшін қолайлы мүмкіндіктер туғызатын жəне нарықта отандық жəне импорт тауарлар қатынасын оңтайландыруға көмектесетін дамыған жəне ішкі саудамен үйлестірілген тауар қозғалысы жүйесін қалыптастыру;
  • тауарлық нарықтың тиімді ақпараттық қамтамасыз етілуін құру;
  • шекара маңылық сауданың нормативтік-құқықтық базасын нығайту.

Көрсетілген мақсаттар мен міндеттер мына қағидаттарды сақтау негізінде қол жеткізілетін болады:

  • шекара маңылық сауда саласында мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының құрамдас бөлігі болып табылады;
  • Қазақстан Республикасының шекара маңылық сауданы дамытуға арналған стратегиялық бейіні экономиканың нақты секторын дамыту міндеттері мен бағыттарымен бірге нақты елдік басымдылықтар негізінде құрылады;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР 1993 жылғы 13 қаңтардағы

№ 1872-ХІІ(1996 жылғы 15 шілдедегі № 31–1 жəне 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 327–1 өзгерістерімен) заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде шекара маңылық шаруашылық қызметтің жеке қызмет ету қажеттігі, оның ішінде шекара маңылық сауда, елдің мемлекеттік шекарасы;

  • мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі мен экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету;
  • шекаралас мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастық пен тату қатынастарды қамтамасыз ету;
  • шекара маңылық сауданы мемлекеттік реттеудің экономикалық шамаларының басымдылығы;
  • шекара маңылық сауда қатысушыларының теңдігі жəне оларды кемсітпеу;
  • мемлекеттің шекара маңындағы сауда қызметіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы.

Қазақстанның шекара маңындағы аумақтары мен шекаралас мемлекеттер арасында байланысты, оның ішінде сауда саласындағы байланысты қолдау, бір жағынан, олардың экономикалық жəне мəдени ерекшеліктерін көрсетеді, екінші жағынан — мемлекетаралық қатынастардың жалпы деңгейі мен өткізілетін экономикалық сауда ерекшеліктерін білдіреді.

Бүгінгі таңда іргелес жатқан елдермен шекара маңы аудандардың экономикасын дамыту мақсатында, атап айтсақ, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы жəне Қырғыз Республикасы елдерімен шекаралас аумақта Қазақстан Республикасының Үкіметі сауда-экономикалық орталықтарды (сауда-логистикалық орталықты) құру жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстанның шекара маңы аудандарын дамытудың əлеуеті инвестициялық ахуалдың ерекшеліктерімен, игерілетін нарықтың өндірістік факторларының құнымен жəне мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланысты транзакциялық шығындармен, көлік жағдайлары, шекаралық өтпелердің жəне кедендік бекеттердің инфрақұрылымымен айқындалады.

Бұл аспектілер өңірлердің де, сол сияқты тұтастай алғанда елдің де əлеуметтік-экономикалық дамуының құрамдас бөлігі ретінде, шекара маңы аумақтарының экономикасын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасында шекара маңы ынтымақтастығына қарым-қатынасты өзгертудің қажеттілігін айқындайды.

Əлемдік тəжірибені талдау əлем елдерінің көпшілігінде шекара маңы саудасы бастапқы негізінен ірі көлік тораптарының — теңіз порттарының, əуежайлардың, темір жол тораптарының, ал кейіннен олардың маңындағы аудандардың аумақтарында арнайы экономикалық аймақтар құру жолымен дамығандығын көрсетеді.

Шекара маңылық ынтымақтастық пен шекара маңылық сауда шарттарының барлық алуан түрлілігі жалпы түрде екі негізгі үлгіде көрсетуге болады: ТМД-лық жəне қытайлық (азиаттық).

Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Түрікменстанның жəне Əзербайжанның қатысуымен бірінші үлгі үшін жаңа мемлекеттік шекараларда кедергілер əрекетін шектеуге ұмтылу, əр елде қолданыстағы заңнамаға сəйкес бұзылған байланыстарды қалпына келтірудің нысандарын іздестіру тəн. Осында маңызды рольді біріктіру процестерін нығайту, бірегей кедендік жəне экономикалық кеңістікті құру, қаржы-өнеркəсіптік, өнеркəсіптік-сауда топтарын кəсіпорындар мен көршілес өңірлер ұйымдарымен құру атқарады. Шекара маңылық өңірлер арасында ынтымақтастықты дамытуға қолданылатын технологиялардың мəдени жалпылығы мен біртектілігі көмектеседі.

Шекара маңылық сауданы дамыту үшін елеулі мəнге шекара маңылық аумақты дамыту деңгейі ие болады. Көршілес елдің біреуінің даму деңгейінің артта қалуы жағдайда шекара маңындағы аумақ қызметіне трансшекаралық көлікке қызмет көрсету мен шекара маңындағы сауда айналымының шектелген шегінде қызмет көрсету басым болады. Біріктірудің, экономикалар дамуының, таурларға арналған көтерме жəне жеке баға деңгейлерінің айырмашылықтарын жақындастыруда, халық табысы жəне т.б. барынша жоғары сатыларына өту шаруашылық қызметтің нормативтік-құқықтық базасын бірегейлеу, тауарлар, капитал мен жұмыс күшінің қозғалысы үшін шекаралық кедергілерді жою жəне шекара маңылық ынтымақтастықты көршілес аудандардың шаруашылықтарын жəне бəрінен бұрын инфрақұрылымын келісіп дамыту жолымен экономикалық дамыту проблемаларын шешуге бейімдеу үшін жағдай туғызады. Бұл жағдайда Еуразиялық экономикалық ынтымақтастықтың (ЕурАзЭҚ) шекара маңылық ынтымақтастығының келісілген қағидаттары шекара маңылық ынтымақтастық пен шекара маңылық сауданың бірінші үлгісі бойынша даму мен нығайту үшін оң түрде қызмет етуі керек [3].

Қазақстан мен Қытайдың қатысуымен екінші үлгі бойынша шекара маңылық ынтымақтастық, оның ішінде шекара маңылық сауда мыналарды есепке алып, құрылуы керек:

  • тауарлар, капиталдар, көрсетілетін қызметтер мен технологиялардың еркін қозғалысын біртіндеп жүзеге асыру мақсатында сауда мен инвестициялар үшін қолайлы жағдай туғызуға көмектесу туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШОС) Хартия ережелері;
  • Қытайда сауданы жандандыру, шекара маңындағы аумақтардың экспорттық əлеуетін кеңейту, оның ішінде экономикалық ынтымақтастық пен сауданың шекара маңылық аймақтарын құру жолымен күшті мемлекеттік қолдаудың болуы;
  • шекара маңылық саудаға халықтың кең ауқымын тарту, кытай кəсіпкерлерінің шекара маңылық сауданы шекаралас мемлекеттер аумағына көшіру ұмтылыстарын жеңілдік салық салумен ынталандыру;
  • қытай фирмаларының көтерме өнім экспортына (кеңінен қолданылатын тауарлар) жəне дайын өнімді шығаратын өз салаларын қолдау жəне дамыту бойынша импортер елдер мүдделерін есепке алмай шикізат, шала өнімдер импортына бейімділігі;
  • көтеру проблемасының қарқындылығы, яғни салаларды Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі алдында тұтынушылық тауарларды шығару бойынша даярлау.

Кейіннен Қазақстан Республикасының шекара маңылық аумақтары азаматарының Қытайдың шекара маңылық нарықтарына коммерциялық туризмінің қолданыстағы жүйесі жергілікті бизнесмендер қаражаты мен мүмкіндіктерінің шашыраңқылығы салдарынан қажетті əсер бермеуі мүмкін [4]. Сондықтан мыналар үшін мемлекеттің мүмкін қатысуымен ірі отандық фирмаларды құруға көшу керек:

  • тауар ағынын тексеру жəне талдау, маркетингілік қызметтер көрсету;
  • Қытайдың шекара маңылық рыноктарынан тауарларды көтерме сатып алу жəне Қазақстанның шекара маңылық аумақтарында көтерме сауданың орталық қоймаларын құрумен оларды көтерме сату;
  • шекара маңылық аумақтағы тауар өндірушілерді тауарлар шығаруды игеруге жəне олардың Қытайдың шекара маңылық рыноктарында қарсы сауданы ұйымдастыруға бейімдеу.

Осы фирмалар қызметі келесі сияқты көкейкесті проблемаларды шешуге көмектесетін болады:

  • тауарлар сапасына бақылау, оның ішінде денсаулық үшін зиянды тауарлар мен контрафактілік өнімдер əкелінуін болдырмау;
  • отандық тауар өндірушілер мүдделерін қорғау жəне бəсекелестік ортаны қолдау тұрғысынан импорттың мақсатты бейімделуі;
  • импорт кезінде шығындарды қысқарту, тауар массасының көлемін арттыру арқылы бағаларға əсер ету;
  • баж салығы мөлшерлемелері мен импорт пен экспортты реттеудегі өзге мəселелерге негіздемелер даярлау;
  • шекара маңылық аумақ экономикасын көтеру жəне тұтасымен ішкі нарыққа оң əсер ету.

«Шекара маңылық қатынастар» түсінігі мазмұнының шегінен шығатын мемлекетаралық қатынастардың жеткілікті түрде күрделі əр алуандығы қатысатын қытай шекара маңылық сауда саясатының берілген ерекшеліктерін есепке алып, Қазақстан Республикасы үшін Қытаймен шекара маңылық саудада қалыптасқан жағдайды сақтап қалу жəне қызмет көрсетудің салалық нысандарымен жабдықталған сауда рыноктары құрылған жəне барлық қажетті инфрақұрылым дамыған ҚХР аумағында шекара маңылық сауда қызметін жүргізу керек [5].

Қазіргі заманғы шекара маңылық сауданы қалыптастыру шетелдік рыноктарға қол жеткізуді қамтамасыз етумен жəне тікелей протекционизммен байланысты сауда саясатының тар міндеттері шегінен шығуды талап етеді. Көп жағдайда бұл кеш қалуды болдырмау жəне шекара маңындағы аумақтардың экономикалық дамуын қамтамасыз ету саясаты; экономикалық бірігуді дамыту, шекара маңылық өңірлер кəсіпорындары мен ұйымдарынан қаржы-өнеркəсіптік, өнеркəсіптік-сауда топтарын құру; нарықты монополизациялауға қарсы тұру проблемаларын қоса əділ бəсекелестікті қамтамасыз ету, экспорттық əлеуетті дамыту, жеке салаларда өндірісті ынталандыру саясаты (дəстүрлі емес салаларды құру жəне дамыту, экономика құрылымын жетілдіру); сауда инфрақұрылымын, əсіресе ауылдық жерде дамытуды ынталандыру; тауарларды сату саласына шетелдік инвестицияларды тарту; халықаралық танылған стандарттарға сəйкес зияткерлік меншік иелерінің құқығын тиімді қорғауды қамтамасыз ету жəне осы салада кемсітушілікті болдырмау (тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, бəсекелестік күрес құралы ретінде дизайн, сондай-ақ оларды сату зияткерлік меншік иесінің құқығын іске асырумен тікелей байланысты аудио-, бейне өнімдерді, сəйкес тасымалдаушыларды, компьютерлік техниканы жəне бағдарламалық қамтамасыз етуді жəне т.с.с. сату саласында), бюджет пайдасы ретінде экспорт жəне импорт кезінде алынатын кедендік баж салығы мен салықтарды пайдалану салаларына қатысты. Шекара маңылық мəмле бəрінен бұрын көліктік, қаржылық жəне сақтандыру (оның ішінде көліктік-экспедиторлық операциялар, халықаралық несиелендірудің халықаралық есеп айрысуларын жүзеге асыру жəне т.б.) қызметтерін халықаралық сатып алу-сатуды, байланыс саласында қызметтермен алмасуды, іскерлік жол жүрулерді, жарнама, заң қызметтерін, салық салуды, аудит жəне көрсетілетін қызметтердің өзге түрлерін білдіреді.

Көрсетілген бағыттардың ең жоғарғы толық пакеті Еуразиялық экономикалық ынтамықтастықтың (ЕурАзэҚ) шекаралық ынтымақтастық қағидаттарына ең үлкен деңгейде сəйкесетін немесе жақындатылған шекара маңылық өңірлерде жүзеге асырылуы керек.

Шекара маңылық ынтымақтастықты дамыту саясатының, оның ішінде шекара маңылық сауданың негізгі тетіктері: ҚР субъектілері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шетелдік аумақтық билік органдарымен ынтымақтастыққа қатысуының құқықтық базасын жетілдіру; шекара маңылық ынтымақтастықтың екі жақты тетіктерін белсендіру; шекара маңылық ынтымақтастық жəне сауда туралы мемлекетаралық келісімдер бекіту, мемлекеттің шекара маңылық аумақтарда экономикалық жəне əлеуметтік жобаларды несие-қаржылық қолдау болып табылады [6]. Осы мақсаттарда бірінші кезекте арнайы нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау керек:

  • шекара маңылық аудандар мəртебесі туралы;
  • шекара маңылық аумақтар дамуын мемлекеттік қолдау туралы;
  • сауда туралы;
  • шекара маңылық сауда туралы;
  • шекара маңылық аумақтарда еркін экономикалық аймақтар (СЭЗ) туралы;
  • шекара маңылық аумақта еркін сауда аймағы туралы.

Шекара маңылық аумақтар мен шекара маңылық сауданы мемлекеттік қолдаудың негізгі шараларына:

  • шекара маңылық аумақ пен шекара маңылық сауданы дамыту жəне қолдау бойынша шекаралас мемлекеттермен шекара маңылық ынтымақтастықтың өңірлік бағдарламаларын əзірлеу жəне іске асыру;
  • шекара маңылық өңірлердің мемлекеттік басқару органдарының төмендегі мəселелер бойынша ақыл-кеңес жəне ұйымдастыру қызметтерін көрсетуі:
  • сауда құрылымдарының қызметіне қазіргі заманғы технологияларды енгізу (логистика,электрондық сауда, сауда операцияларын электрондау);
  • қаржы лизингін қолдану;
  • пайлық немесе акционерлік негізде сауда кешендері мен ұжымдық (жалпы) пайдалану қоймаларын құру;
  • шағын жəне орта сауда құрылымдарына қызмет көрсетуге бағытталған маркетинг саласындағы консалтингілік ұйымдарға қызмет көрсетудің жеңілдік шарттарын ұсыну;
  • оларға тиісті тұрғын емес бағытттарды сауда кəсіпорындарына пайдалануға бергені үшін жергілікті билік органдарымен алынатын жалға алу төлемдері мен коммуналдық төлемдер мөлшерлемелерін қалыптастыру кезеңін төмендету;
  • шекара маңылық сауда саласында жұмыс істейтін заңды тұлғаларға салық төлемдерінің ең кіші мөлшерлемелерін белгілеу жəне т.б. жатады.

Шекара маңылық ынтымақтастық шегінде шекара маңылық сауданы мемлекеттік реттеу мынадай үш негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы керек:

  • бəсекелестік қатынасты жəне сауда инфрақұрылымын қалыптастыру;
  • барлық меншік нысанындағы сауда кəсіпорындарының қызметін реттеу, республикалық жəне жергілікті билік органдарының қабылдаған саясатына сəйкес белсенді шекара маңылық сауда саясатын жүргізу;
  • тұтынушылар құқықтарын жəне мүдделерін қорғау.

Жұмыс, біріншіден, тауарлық айналыс саласында нарықтық бəсекелестік пен мемлекеттік нарықты реттеуде өзара əрекетпен қамтамасыз етілетіндігінен, екіншіден, белгіленген құқықтық нормалардың сақталуына мемлекеттік органдардың тікелей бақылауы қатыстырылған жағдайда накытта қатысушылардың шаруашылық қызметіне мемлекеттің қатысуы болмайды, үшіншіден, билік органдары заңнамамен қарастырылған рұқсат беретін, бақылау-тыйым салатын, аналитикалық, ақпараттық, үйлестіруші қызметтер, сондай-ақ кəсіпкерлікті қолдау, ғылыми-техникалық саясатты іске асыру жəне кадрлық қамтамасыз ету бойынша қызметтер қамтамасыз етілетіндіктен жұмыс жүреді [7].

Мемлекеттік реттеудің өңірлік органдарының негізгі міндеттері:

  • жергілікті шарттарды есепке алып, сауданы дамытудың мемлекеттік саясатын əзірлеу жəне іске асыру;
  • өңірде жалпы республикалық ережелер мен нормаларды қолдануды нақтылайтын нормативтер негізінде сауданың нормативтік-құқықтық базасын нығайту;
  • тұтынушы нарығында бəсекелестік ортаның дамуына көмектесу, сауда кəсіпорындары бірігуінің қазіргі заманғы нысандарын ынталандыру;
  • отандық тауар өндірушілерді қолдау, шетелдік инвестицияларды реттеу жəне дамыған инфрақұрылымды қалыптастыру негізінде сауданы дамыту;
  • тұтынушы нарығын сапасыз тауарлардан қорғау мəселелері бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  • шекара маңылық аумақтың билік органдарымен мына мəселелер бойынша өзара əрекет ету;
  • сауда нысандарын ұтымды орналастыру;
  • сауда қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру;
  • прогрессивті сауда технологияларын дамыту;
  • сауда кəсіпорындары мен ұйымдарының заңнама талаптарын сақтауын бақылау;
  • өндірудің барлық кезеңдерінде, тауарлардың көтерме айналысына, тауарларды қорытынды сату жəне құқықтар бірлігі мен бақылаушы органдардың жауаптылығын қамтамасыз ететін сəйкес мемлекеттік билік органдарына бақылаудың нақты салаларын нақты бекіту жəне олардың өзара əрекет ету саласын анықтау, өндірудің барлық кезеңдерінде бақылауды ұйымдастырылуын кешенді реттейтін жетілдірілген республикалық құқықтық тетікке негізделетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;
  • тауарлық айналыс қатысушыларын тауарлық айналыста бірыңғай республикалық ақпараттық жүйенің қосалқы жүйесі ретінде ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру болуы керек [3–7]. Қорыта айтқанда, шекара маңы сауданы дамыту бұл тек қана шекара маңы аудандардың экономикалық деңгейін көтеріп қана қоймай, бүкіл Қазақстанның экономикасының беделін көтеріп, экономиканы əртараптандыруға қомақты үлес қосады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылғы «Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы туралы» Қазақстан халқына жолдауы. — Астана,
  2. Қазақстан Республикасының əлеуметтік-экономикалық дамуы. — Астана: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі,
  3. Ахметова Р. Как складывается внешняя торговля страны? // Мысль. — 2001. — № 10 — С. 51–54.
  4. Каренов Р.С. Экономические функции государства. — Караганда: Изд-во КарГУ, — 190 с.
  5. Кошанов А. Казахстан в системе ЕврАзЭС и императивы глобализации // Саясат. — 2003. — № 1. — 35 с.
  6. Мадиярова Д.М. Стратегия формирования внешнеэкономической политики. — Алматы: Экономика, — 364 с.
  7. Тимофеева О., Жиленко Г. Внешняя торговля государств-участников Евразийского экономического сообщества // Эко- номика и статистика. — 2007. — № 2.— С. 55–58.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.