Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қайталама ресурстарды пайдаланудың кəсіпорынның қызмет ету тиімділігі көрсеткіштеріне тигізетін əсерін бағалау əдістері

Қайталама ресурстарды (ҚР) қоғамдық өндіріс процесінде пайдалану кезінде оның біраз бөлігі қалдықтарға айналады. Бұл қалдықтар өндіріс-тұтыну циклынан алынып тасталады жəне соның салдарынан олар қоршаған ортаға түседі. ҚР-ды əлденеше рет пайдалану жағдайында бұл қалдықтар қайта өңделеді де қоршаған ортаға емес, қайтадан қоғамдық өндіріс процесіне қосылады. Мұндай процестердің бірқатар салдары (оң əсерлері) болуы мүмкін, сондықтан олардың тиімділігі бағаланады. Əр түрлі нəтижелердің тиімділігін бағалау кезінде олардың шығаратын шығындар бөлігі бірдей болады, сондықтан ҚР-ды əлденеше рет пайдалану кезіндегі мүмкін болатын нəтижелердің шамасы мен сапалық сипаттамалары туралы салыстырмалы түрде əр түрлі пікірлер қалыптасқан.

Отандық жəне шетел əдебиеттерде ҚР-ды пайдаланудың тиімділігін бағалауды іске асырудың негізгі үш бағытын атап айтуға болады:

  • ҚР-ды пайдалану шарасын жүзеге асыру кезіндегі экологиялық тиімділігін бағалау;
  • қалдықтарды пайдалану есебінен материалдық қордың белгілі бір көлемінен алынатын өнім көлемі артады да, ҚР-ды пайдалану тиімділігі жоғарылайды, соның əсерінен тиімділіктің негізгі көрсеткіші болып табылатын металл сыйымдылығы көрсеткіші төмендейді;
  • ҚР-ды пайдалану процесін ұйымдастыруға кететін шығын мен соның нəтижесінде алынатын қайталама шикізат құнының арасындағы айырма түрінде анықталатын экономикалық нəтижені бағалау (бұл əдіспен қалдықтарды пайдаға асыруға кететін шығындарының жəне қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін айыппұлдың мөлшерінің артуы немесе төмендеуін есепке алуға болады).

ҚР-ды пайдалану тиімділігін бағалау кезіндегі жоғарыда келтірілген бірқатар бағыттарға ортақ болатын факторларды бір мезгілде есепке алу кезінде пайда болатын аралас тəсілдерді жеке топтарға бөлуге болады.

ҚР-ды пайдалану жөніндегі іс-шараны жүзеге асыруға кететін шығынның осы іс-шарадан болатын нəтиженің мөлшеріне қатынасын есептеу жолымен экологиялық тиімділікті бағалау іске асырылады. Егер шығындардың мөлшерін анықтау көбінесе қиындық тудырмаса, онда нəтиженің шамасын бағалау кезінде келесі тəсілдерді атап көрсетеді:

  • экологиялық залалдың алдын алу мөлшері (алынбай қалған табыс түрінде немесе мүмкін болатын тікелей шығын түрінде көрсетілуі мүмкін);
  • қоршаған ортаны өзінің бастапқы жағдайына дейін қалпына келтіруге жұмсалуға тиісті шығынның алдын алу мөлшері (яғни қандай да бір болмасын ластанудың болмауы).

ҚР-ды əлденеше рет пайдалану тиімділігін бағалау кезіндегі аса маңызды мəселе оларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері болып табылады.

ҚР-ды пайдалану тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіш металл сыйымдылық көрсеткіші болып табылады. Металл сыйымдылығын төмендету оң əсерлі фактор болып табылады. Оны төмендету үшін пайдалы нəтижені алуға кеткен материалдық шығынды қысқарту есебінен де, сондай-ақ ҚР-ға жұмсалатын тұрақты шығын кезіндегі пайдалы нəтижені арттыру есебінен де қол жеткізілуі мүмкін. Егер шығындарды тура анықтау мүмкін болмаса, онда экологиялық жəне экономикалық нəтиженің мөлшерін анықтау кейбір қиындықтар тудырады. Бұл қиындықтар анықталатын нəтиженің кешенділігінде болып отыр.

Біріншіден, өнімнің металл сыйымдылығын төмендету ҚР-ды тікелей үнемдеуге қол жеткізеді, ол өз кезегінде өндірістің шығындарын қысқартуға, табысының артуына (өндіріс көлемінің артуы) мүмкіндік жасайды жəне соның салдарынан өндірістің тиімділігі артады.

Екіншіден, бұл өндіріс көлемінің өзгеріссіз қалпында қалуы оған байланысты жəне қосымша өндірістерге жүктелетін міндеттерді қысқартуға алып келеді (мысалы, ҚР-ды өндіруді қамтамасыз етуге жұмсалатын көлік шығынының қысқаруы).

Нарықтық экономика жағдайында ҚР-ды пайдалану тиімділігінің аса маңызды көрсеткіштері кəсіпорын үшін оның экономикалық тиімділігі болып табылады. Мысалы, қатты қалдықтарды пайдаланудың экономикалық тиімділігін бағалау қалдықтарды пайдаланудың экономикалық нəтижесін жəне қалдықтарды өнеркəсіптік өңдеуге тартуға жұмсалатын шығынның экономикалық тиімділігін анықтау жолымен іске асырылады. Өндірістің берілген тиімділігін сипаттайтын екі көрсеткішті атап айтуға болады:

  • капитал жұмсау бірлігіне таза табыс көлемінің өсуі;
  • капитал жұмсау тиімділігі бір қалыпты болған кезеңдегі өндіріс көлемінің өсуі.

Одан басқа ҚР-ды пайдаланудың экономикалық тиімділігі келесі жағдайлардың есебінен қалыптасуы мүмкін екенін атап көрсетуге тиіспіз:

  • табысқа тікелей қол жеткізу;
  • өндірістік шығындарды қысқарту;
  • экологиялық тиімділік жəне ҚР-ды пайдалану тиімділігі көрсеткіштерін ақшалай түрге айналдыру.

ҚР-ды пайдалану тиімділігін бағалаудың барлық келтірілген тəсілдері əр түрлі авторлармен түрлі дəрежеде жан-жақты қарастырылды. Шын мəнінде барлық авторлардың бағалау тəсілдері аралас сипатта екенін атап көрсетуіміз керек, бұл ҚР-ды пайдалану тиімділігінің көрсеткішін неғұрлым толығырақ есепке алуды қамтамасыз етеді. Бірақ бұған қарамастан, қарастырылып отырған процестердің жекелеген тиімділігін есепке алу кезінде байқалатын бірқатар кемшіліктердің бар екенін айтуға тиіспіз. Егер біз авторлардың жоғарыда келтірілген жіктеу белгілерге байланысты бөлуін басшылыққа алатын болсақ, онда ҚР-ды пайдалану тиімділігін бағалау əдістерінің келесі ерекшеліктерін атап көрсетуге болады: жоспарлы экономика кезінде ҚР-ды əлденеше рет пайдалану тиімділігін бағалау кезінде ҚР-ды пайдалану тиімділігінің тек экономикалық көрсеткіштері қолданылғанын атап көрсетуге болады. Өндірістің тиімділігін бағалау кезінде бұл көрсеткіштер кең түрде қолданылды жəне ҚР-ды пайдаланудың экономикалық тиімділігіне тікелей тəуелді болғанына байланысты болатын. Нарықтық экономика жағдайында кəсіпорынның қызмет ету тиімділігін бағалау кезінде табыс, рентабельділік жəне басқалардың көрсеткіштеріне сүйенуге тура келді. Өндірісте ҚР-ды пайдалану жанама факторға айналды. Бірақ өндірістің тиімділігіне оның экологиялық көрсеткіштерінің жоғарылауы ықпал жасады. Басқаша айтқанда, ҚР-ды пайдаланудың тек экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерінен өндірістің экологиялылығы жəне қаржылық рентабельділігінің көрсеткіштеріне ауысу кезеңі туды.

ҚР-ды пайдалану кезінде ҚР-ды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштеріне жəне оларды бағалауға А.М.Поляк, Л.Л.Зусьман, А.Г.Карлик [1–3] жəне басқа авторлардың еңбектерінде жоғары мəн берілген. Мысалы: «Жаңа технологиялық процестерді таңдап алу кезінде металл сыйымдылық белгісі бірден-бір шешуші рөл атқарады» деп атап көрсетілген [3]. Одан басқа дайын өнімнің металл сыйымдылығының көрсеткіші мен оның еңбек сыйымдылығы жəне қор сыйымдылығы арасындағы өзара байланыс байқалады. Келтірілген авторлардың логикалық ойларына сəйкес ҒТП-тің əсерінен өнімнің металл сыйымдылығы төмендеуі кезінде берілген материалдық қорлардың көлемінен өндірілетін өнім көлемінің ұлғаюы байқалады. Осы кезде көлемі өскен дайын өнімді өндіруге жұмсалатын еңбек шығындары мен капитал салымдары өзгермей қалады. Егер еңбек сыйымдылығы мен қор сыйымдылығын өндірілген өнім көлемінің кеткен шығындарға, яғни еңбек пен капиталға қатынасы ретінде есептейтін болса, онда жоғарыда келтірілген болжамға сəйкес металл сыйымдылығының төмендеуі нəтижесінде берілген шамалар да қысқаратын болады.

Бұл жағдайда ҚР-дың тиімділік көрсеткіштерінің өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерімен байланысы жүзеге асады. Бірақ бұл əдістің бірқатар кемшіліктері бар. Біріншіден, қалдықтардан қайталама материалдық қорларды алу үшін қайта өңдейтін өндіріс құрылыстарына қосымша қаржы салу дайын өнімнің металл сыйымдылығының төмендеуіне қарамастан, оның еңбек сыйымдылығы мен қор сыйымдылығының артып кетуіне əкеліп соқтыруы мүмкін.

Екіншіден, дəл сол кезде дайын өнімнің еңбек сыйымдылығы мен қор сыйымдылығының артуына қарамастан (қалдықтардың қайталама қорды өндіруге қажетті капитал салудан болған), өндірістің экологиялық тиімділігінің артуының есебінен (қоршаған ортаны ластауға салынатын айыппұлдың азаюы, қоқыстарды ұстап тұруға кететін шығындар жəне т.б. есебінен) өндірістің экономикалық тиімділігі артуы мүмкін.

Атап көрсетілген өндірістің экологиялық тиімділігі көрсеткішінің өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткішімен байланысы шетел ғалымдарының да, сондай-ақ отандық ғалымдардың да еңбектерінде сонау өткен ғасырдың 70–90-жылдарында келтірілген болатын. Бұл əдіс Т.С.Хачатуров, М.Т.Мелешкин, М.Я.Лемешев, М.С.Тонкопий, М.Үпішев, С.Мұқаұлы [4–7] жəне басқа ғалымдардың еңбектерінде кең түрде жарық көрген. Бұл əдістің мəні өндіріс пен оның қоршаған ортаға ықпалының əсерінен болатын өзгерістердің құнына байланыстылығын анықтау болып табылады. Мəселен, академик Т.С.Хачатуровтың еңбегінде оған мынадай анықтама беріледі: «Қайта қалпына келетін жəне қайта қалпына келмейтін қорларға құн бірлігімен есептелетін залал экономикалық зиян болып есептеледі» [8]. Одан басқа қоршаған ортаны қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау формуласы келтірілген

                                                       Т = Р / (С + ЕН * К),

 мұнда Р — ластану мүмкіндігін төмендету немесе оны болдырмау шараларынан болатын нəтиже;С + ЕН * К — табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға кетуге тиісті келтірілген шығындар.

Бұл нəтиже алғашқы, сондай-ақ соңғысы ретінде есептелуі мүмкін. Мұндай нəтижелер былайша анықталады: «Алғашқы экологиялық нəтиже қоршаған ортаның ластануын төмендетуге негізделген жəне оның жағдайын жақсарту болса, ең соңғысы əлеуметтік-экономикалық нəтиже болып табылады».

Бұдан басқа, өндірістің экологиялық тиімділігінің жоғарылауын (қоршаған ортаға келтіретін зиянның азаюы) ҚР-ды əлденеше рет пайдалану тиімділігінің көрсеткіштерін бағалау кезінде ҚР-ды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштерін қолданумен байланыстыратын тəсіл назар аударуға тұрарлық тəсіл болып табылады. Мəселен, Т.С.Хачатуров жəне К.В.Папановтардың еңбектерінде былай делінген: «Шығарылатын өнім бірлігіне қалдықтардың меншікті салмағын төмендету — қоршаған орта аймағында де, сондай-ақ қоғамдық өндірістің интенсивті дамуының аймағында да неғұрлым маңызды мəселе болып табылады» [8]. Осыған байланысты алғашқы материалдық қорларды өңдеудің кешенділігі де, сондай-ақ өндіріс-тұтыну жүйесінде барлық мүмкін болатын қорларды өңдеудің кешенділігі де қажетті болатыны айтылады. Мысал ретінде территориялық-өндіріс кешенінің (ТӨК) құрылуы мен қызмет ету тəжірибесі де қарастырылады.

Бірақ берілген тəсілде өз кезегінде бірқатар кемшіліктер байқалады. Мəселе мынада қоршаған ортаны қорғау шараларының нəтижесінде алынатын əсер, қоршаған ортаға түспеген қалдықтар көлемі жəне олардың қоршаған ортаға қауіптілігі арқылы да көрсетілуі мүмкін. Экологиялық нəтиже көлемін құндық көрсеткіштерге ауыстыру жəне осы көрсеткіштердің өндірістің қызмет етуінің экономикалық тиімділігіне тигізетін əсерін бағалау қажеттігі пайда болып келеді. Қарастырылған еңбектерде өндірістің экологиялылығын көтеру шараларынан болатын нəтиженің мөлшерін құндық бірліктермен, яғни экономикалық тиімділіктің мөлшерін қандай да бір жоғары дəрежелі дəлдікпен анықтауға мүмкіндік беретін нақты əдістеме қарастырылмаған.

Мұндай əдістемені жасау кезіндегі негізгі мəселе экологиялық жəне экономикалық процестер арасындағы байланыс өте күрделі болғанына байланысты, өйткені əр түрлі факторлардың, мүлде түрліше орталардың — табиғатты қорғау, əлеуметтік-экономикалық, мəдени жəне техникалық орталардың оларға ықпалы өте жоғары болады.

Осы мəселелерді шешудің өздері тапқан жолдары О.В.Аксенова, В.В.Арсенов, Л.Л.Каменик сияқты авторлардың ең соңғы шыққан еңбектерінде қарастырылады [9–11]. Бұл əдістемелердің негізгі принципі өндірістің қоршаған ортаны қорғау шараларын іске асыру жағдайындағы тиімділігіндегі (біздің жағдайымызда материалдық қорларды əлденеше рет пайдалану шаралары) өзгерістерді бейнелейтін көрсеткіштер жасап шығару болып табылады. Шаралардың экономикалық тиімділігін неғұрлым қарапайым түрдегі есебі жасалған. Мəселен, О.В.Аксенованың еңбегінде [9] келесі негізгі көрсеткіштік топтар бойынша шаралардың экономикалық тиімділігінің есебі келтіріледі:

  • қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттар үшін айыппұлдар мен төлемдерді азайту;
  • қалдықтарды тазарту нəтижесінде алынған өнімдерді сыртқа өткізуден алынатын қаражат;
  • табиғат қорғау шараларын енгізудің арқасында қалдықтардан алынған өнімдерді негізгі өндірісте қолдану нəтижесінде ағымдағы материалдық шығындарды төмендету;
  • табиғат қорғау шараларын ұйымдастыру жəне өткізуге кететін шығындар.

Келтірілген əдіс тек өндірістің экологиялық тиімділігін өндіріске қоршаған ортаны ластағаны үшін салынатын айыптау санкцияларымен байланысты ғана қарастырылатынын атап айтуға тиіспіз. Осыған байланысты ҚР-ды пайдалану тиімділігін бағалау кезінде екі негізгі əдісті атап айтуымыз керек:

  • өндіріс əдісі жобаның тиімділік белгісі ретінде өндірістің көлемі немесе дисконтты табыс болып табылатын жобаның экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерін бағалаумен сипатталады. Экологиялық тиімділік, ҚР-ды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері жəне басқа көрсеткіштер ақшалай түрге келтіріледі жəне кəсіпорынға пайдалылығы тұрғысынан бағаланады. Мысалы, экологиялық тиімділік көрсеткіштері қоршаған ортаны ластағаны үшін салынатын айыппұл мөлшерінің артуы немесе азаюы тұрғысынан бағалануы мүмкін;
  • екінші аймақтық əкімшілік əдісі — аймақтың əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен сипатталады (аймақ тұрғындарының табыс көлемі, бюджетке түсетін салық төлемдерінің мөлшері жəне басқа көрсеткіштер).

Екінші əдіске қолдануға Л.Л.Камениктің еңбегінде қарастырылған əдіс неғұрлым қолайлы [11]: қоршаған ортаға əсер ететін жобаланған шаруашылық немесе басқа əрекеттердің əлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерінің жəне қоршаған табиғи ортаға шаралардың тигізетін əсерін бағалау үшін жасалатын экологиялық сараптама жүйесі келесі мəселелерді қамтуға тиіс:

  • қоршаған табиғи ортаны ластаудан болатын экономикалық шығын;
  • экологиялық тəуекел жəне тəуекелдің əлеуметтік-экономикалық бағалау (бағасын анықтау);
  • ластау шығындары (экологиялық шығындар);
  • жобаның əлеуметтік-экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері (жергілікті жəне аймақтық деңгейде).

Мұндай əдіс өндірістің экологиялық тиімділігін де анағұрлым молығырақ бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға байланысты шараның іске асуының (не іске аспауының) тұтастай алғандағы, біздің жағдайымызда ҚР-ды пайдалану кезіндегі, экономикалық, əлеуметтік, мəдениет жəне техникалық нəтижесін анықтауға көмектеседі.

Бірақ ҚР-ды пайдалану жөніндегі шараларды таза экологиялық тиімділігін бағалау жеткіліксіз, себебі мұндай шаралардың экологиялық көрсеткіштерден басқа да бағалауы өз алдына жүргізілетін бірқатар қосымша əсерлері болады. Біздің қарастырып отырған əдістемеміздің өзгешелігі сол, мұнда ҚР-ды пайдалану жөніндегі процестердің өзінің экологиялық тиімділігінің көрсеткіштері есептелмейді. Осыған байланысты келесі қадамдарды жасау қажеттігі туындайды:

  • ҚР-ды пайдалану жөніндегі шараларды іске асырудан болатын барлық мүмкін болатын əсерлерді анықтау;
  • жоғарыда қарастырылған əсерлерді бағалау үшін неғұрлым жарамды дайын əдістемелерді іріктеу;
  • іріктелген əдістемелерді біріктіру негізінде өз алдына жаңа əдістеме дайындау.

Міне, осындай əдістемелер негізінде ғана ҚР-ды пайдалану жөніндегі шаралардың жалпы тиімділігін бағалауға мүмкіндік туады. ҚР-ды пайдалану жөніндегі шаралардың тиімділігін бағалау кезіндегі негізгі мəселе, оны кəсіпорынның жалпы тиімділігі тарапынан ғана бағалауға болатынында. Осындай байланысты бағаламай тұрып, көрсетілген шараның тиімділігін түгелдей бағалау мүмкін емес. Бірақ берілген шараны түгелдей кəсіпорынның тиімділігімен байланыстыру қиындыққа түседі, себебі көптеген факторлаға (экологиялық, экономикалық, əлеуметтік, мəдени жəне техникалық сияқты) байланысты болады. ҚР-ды пайдалану тиімділігінің көрсеткішін кəсіпорын қызметінің тұтастай алғандағы тиімділік көрсеткіштерімен өзара байланысын анықтау жəне бағалау қажеттілігі туады. ҚР-ды пайдалану процесінің кəсіпорынды тұтастай алғандағы тиімділігіне тигізетін ықпалының үш негізгі факторларын атап көрсетуге болады:

  • ҚР-ды пайдалану процесін ұйымдастыруға кететін шығындар;
  • қоршаған ортаның ластануының алдын алу;
  • ҚР-ды өндірістік процестерде пайдалану.

Əрбір фактор өзінің жеке көрсеткіштерімен сипатталады. Сонымен бірге осыған байланысты аса анық байқала бермейтін əлеуметтік, экономикалық, техникалық жəне тағы басқа факторлар қосымша ерекшелене бастауы мүмкін.

ҚР-ды пайдалану процесін ұйымдастыруға кететін шығындар туралы бірінші факторды шартты түрде келесі құрамдастардан құрастыруға болады:

                                                    Ш = К + Кайн,

  мұндағы К — өндірісті ұйымдастыруға, негізгі жəне көмекші өндірістік құрал-жабдықтарды жəне негізгі жəне көмекші орынға құрал-жабдықтар алуға салынатын бір жолғы капитал салу; Кайн. — айналым капиталына инвестиция салу.

Көрсетілген шығындарды қалыптастыруға жұмсалатын қаржы үш жерден келіп түсуі мүмкін:

  • қаржыны сырттан тарту;
  • өзінің өтімді активтерін тарту (кəсіпорынның табысы немесе айналым қаржысы);
  • жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайту.

Бірінші қаржы көзінен қаражат тарту кəсіпорынның баланс пассивіндегі несиелік берешегі мөлшерінің өсуіне байланысты оның қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерінің нашарлауына алып келуі мүмкін. Сонымен бірге ҚР-ды пайдалануды ұйымдастыру шараларына қаржы тарту оның экономикалық тиімділігінің əрдайым тиімді бола бермейтіндігі жəне алғашқы капитал салуды қайтару мерзімінің ұзап кетуіне байланысты қиындықтар тудыруы мүмкін.

Біріншідегі сияқты екінші қаржы көзінен, яғни өзінің өтімді активтерін ҚР-ды пайдалану шараларын ұйымдастыруға тарту кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерінің нашарлауына, кəсіпорынның ағымдағы өтімді активтерінің көрсеткіштерінің төмендеуіне əкеліп соғады. Бұл кəсіпорынның мөлшері өзгермей қалатын несиелік берешегі жағдайында жаңа өндірістің негізгі қорына салынатын кəсіпорынның жоғары өтімді активтері мөлшерінің (есеп шоттардағы ақшалай қаржылар, құнды қағаздарға салу жəне т.б.) қысқаруына байланысты болады. Сондай-ақ кəсіпорын өзінің қаржыларын тартқан жағдайда қаржыны сырттан тартқан кездегі несие мөлшерімен жəне несиеге байланысты өсім сомасымен тəуекелге баратыны сияқты кəсіпорын салынатын қаржысының шамасымен жəне осы қаржының қосымша жіберіп алынған пайдасымен тəуекелге баратынын атап айтуымыз керек.

Соңғы жағдай жарғылық капитал мөлшерін ұлғайту өндірістің тиімділігі тұрғысынан қарағанда анағұрлым мақсатқа сəйкес келетін сияқты. Оның үстіне кəсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайту кəсіпорынның өсуіне əкеледі, сондықтан оның нарықтағы беріктігі арта түседі. Бірақ жарғылық капиталға қаржы тарту кезінде, өндірістің анағұрлым жоғары рентабельділігі жобаланып күтіледі (немесе салымның тəуекелділігінің төмен болуы). Басқаша айтқанда, үшінші нұсқа бойынша қаржы тарту өндірістің анағұрлым жоғары тиімділігін талап етеді, бұл өз кезегінде үшінші нұсқаны пайдалануға шек қояды.

Бұл шығындардың барлығы, бір жағынан, өндірістің тұтастай алғандағы тиімділігін төмендетеді. Оларға қарама-қарсы болып ҚР пайдаланудан болған экологиялық нəтиже жəне ҚР-ды негізгі өндіріске пайдаланудан болатын нəтиже тұра алады. Мұндай түрдегі нəтижелер өндірістің тұтастай алғандағы тиімділігіне сенім артуға ықпал етеді.

ҚР-ды пайдалану процесінің экологиялық нəтижесін атағанда қоршаған ортаны өндірістік қалдықтармен ластау дəрежесі өндірістің тиімділігіне ықпал ететін екі бағытты атап көрсетуге болады:

  • қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін айыппұлдар мен төлемдер;
  • қоршаған ортаны ластанудың əсерінен болатын өндірістің зияны.

                                                  Зқол. = Ттік. + Зтік ,

 мұнда Зқол. — қоршаған ортаны ластанудан болатын залал; Ттік. — қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін тікелей төлемдер мен айыппұлдар; Зтік. — қоршаған ортаның ластануынан болатын өндірістің залалы.

Өз кезегінде бюджетке тікелей төлемдер қоршаған ортаға рұқсат етілетін норма шеңберінде тасталатын қалдықтар үшін төленетін төлемдер түрінде жəне қоршаған ортаға рұқсат етілгеннен артық тасталатын қалдықтар үшін төленетін айыппұл ретінде түрінде болуы мүмкін. Одан басқа, кəсіпорын қалдықтарды алып кетуі үшін жəне қоршаған ортаға тасталатын қалдықтардың белгілі бір мөлшерін ұстап тұру үшін шығын шығаруға (қалдықтарды тасымалдауға, оларды залалсыздандыруға, көміп тастауға жəне т.б. жұмсалатын шығындар) тиіс болды.

Өндіріс орны қоршаған ортаның ластануынан əлдеқайда түрліше зияндар шегуде. Олардың құрамында мыналар бар:

  • кəсіпорын жұмысшыларының ауру-сырқауының артуынан болатын зиян (еңбекке жарамсыздық қағазы арқылы төлемдер, ауруға байланысты жұмысқа шықпаудан болатын шығындар, ерте еңбекке жарамсыз болып қалу жəне т.с.с.);
  • кəсіпорынға жақын жерден қор алынатын болған жағдайда, ол қорлардың сапалық құрамының төмендеуі (мысалы, жақын жерде орналасқан көлден технологиялық мақсатқа су алған жағдайда);
  • қоршаған ортада болатын өзгерістердің негізгі қорларға əсер етуінің салдарынан жəне сондай-ақ қолданылатын қорлардың сапалық құрамының төмендеуінен негізгі өндірістік қорлардың мезгілінен бұрын істен шығуының тездетуі (мысалы, ауаның ылғалдылығының əсерінен құрал- жабдықтардың тоттанып істен шығуының тездетілуі).

Келтірілген зияндар бірден байқалмайды жəне көптеген кəсіпорындарда өндірістің функционалдау кезінде бола беретін табиғи жағдай сияқтанып көрінеді, ал шын мəнінде қоршаған ортаны ластауды төмендету жөніндегі шаралар кəсіпорынның қызмет ету тиімділігін едəуір арттырар еді. ҚР-ды пайдаланған жағдайда өндірістің қоршаған ортаға тигізетін зияны ең төменгі шегіне жетер еді (ҚР-ды əлденеше рет қолдану процесінің нəтижесінде алынатын жағдай, ерекше жағдай).

ҚР-ды пайдалану нəтижесінде кəсіпорынның бір жыл ішіндегі шегетін зиянының жалпы түріндегі алдын алудың математикалық формуласы мына түрде болуы тиіс:

                                                           Зкж = З1қол бір * А 1ж — З2қол бір * А ,

 мұндағы З1қол бір жəне З2қол бір — қоршаған ортаны негізгі өндірістік қалдықтар жəне соған сəйкес ҚР-ды пайдалану технологиясының бірлік көлемдерімен ластаудан болатын зияндар; Ажəне А— ҚР-ды пайдалану шараларын жүргізбеген жəне соған сəйкес оны пайдалану шараларын іске асырудан қоршаған ортаға түсетін қалдықтардың жылдық көлемі. Осы мəндерді орнына қойып, мынаны аламыз

                                                           Зкж = (Т1тік бір + З1 к бір) * А– (Т2тік бір + З2 к бір) * А ,

 мұндағы Т1тік бір жəне Т2тік бір — қоршаған ортаны негізгі өндірістік қалдықтар жəне соған сəйкес ҚР- ды пайдалану технологиясының бірлік көлемдерімен ластаудың нəтижесінде төленетін тікелей төлемдер жəне айыппұлдар; З1 к бір жəне З2 к бір — қоршаған ортаны негізгі өндірістік қалдықтар жəне соған сəйкес ҚР-ды пайдалану технологиясының бірлік көлемдерімен ластаудың нəтижесінде шығатын кəсіпорынның зияндары.

Сонымен бірге өндірістің негізгі өндірісінің қалдықтарын қоршаған ортаға шығарған кезінде қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдерді төлегеніне қарамастан, əдетте өзінің қалдықтарын ең төменгі дəрежеде тазартуды қамтамасыз ету үшін де шығындар шығаруға мəжбүр болады. Кəсіпорынның қызмет ету тиімділігін жалпы арттыратын басқа фактор ҚР-ды пайдалану жөніндегі шараларды іске асыру нəтижесінде алынған қайталама материалдық қорларды өндірістің негізгі процесінде қолдану мүмкіндігі болып табылады.

Бұл жағдайда кəсіпорынның өндірістік шығындары сырттан сатып алынатын шикізат құнының шамасындай кемитін болады. Алайда өз өндірісінде қайталама шикізатты пайдалану туралы мысалда келтірілген нəтижеден басқа, оның байқалмайтын оңды жақтары да болады. Жоғарыда атап көрсетілгендей, өзінің ішкі шикізат көзіне ие болған кəсіпорын шикізат нарығындағы конъюнктураның өзгеруінің нəтижесінде болатын өндіріс тиімділігінің күрт төмендеуінің алдын алады. Мұндай нəтиженің жылдық мөлшері абсолюттік шама бойынша былай есептелуі мүмкін:

                                                                           Н ∆Б = ∆ббір * Q ж ,

 мұндағы ∆ббір — кəсіпорынның сатып алатын шикізат көлемінің бірлігіне бағаның өзгеруі; Qж — кəсіпорынның тұтынатын шикізатының жылдық көлемі.

Дегенмен, келтірілген нəтижелерге жоғарыда келтірілген факторлардан басқа ҚР-ды пайдалану кезінде алынатын қайталама шикізаттың сапасы да ықпал етеді. Бірқатар жағдайларда қайталама шикізатты алу кезінде алғашқы шикізаттың сапасына сəйкес келетінде сапаға қол жеткізу мүмкін емес (немесе мүлде тиімсіз). Бұл дерек көп жағдайда қайталама шикізатты пайдаланатын өндіріс тиімділігінің төмендеуіне соқтырады (нарықта əдетте мұндай қайталама шикізат алғашқыға қарағанда арзан болуы мүмкін).

Осыған байланысты кəсіпорында қайталама ҚР-ды пайдаланудан болатын нəтижені бағалау кезінде алғашқы шикізатқа қарғанда қайталама шикізатты қолданудың тиімділігін көрсететін коэффициент ендіру мақсатқа сай болады.

 Нер ҚР ж = (Бал – ӨҚ ер ҚР * К сапа + Б бір) * Qж ,

 мұндағы Бал — алғашқы ҚР-ның көлем бірлігінің нарықтағы жылдық орташа бағасы; ӨҚ ер ҚР — өз өндірісінде алынған ҚР-ның көлем бірлігінің өзіндік құны; К сапа — алғашқымен салыстырғанда оның сапасының əр түрлі болуынан қайталама шикізатты қолданудың тиімділігін бейнелейтін коэффициент.

Берілген формулада негізгі өндіріс үшін ҚР-ның бағасы ретінде осы қорлардың алу үшін жұмсалған шығынның мөлшері болып табылатын оның өзіндік құны алынады. Ал ҚР-ды (қайталама немесе алғашқы) сырттан алған жағдайда өндіріс үшін оның бағасы ретінде нарық бағасы алынар еді. Жекелеген нəтижелердің шамасын анықтап алғаннан кейін, оларды жалпы өндірістің тиімділігіне ҚР-ды пайдалану процесінің тигізетін əсерін неғұрлым толығырақ бағалау кезінде пайдалану үшін біріктіру қажет. Мұндай бағалау іс-шаралардың жылдық нəтижелерінің шамаларын анықтау жолымен іске асырылуы мүмкін. Нəтижелер жұмсалған шығындар мен (ҚР-ды пайдалану процестерін ұйымдастыру жəне оның функционалдауына жұмсалған) құндық бірлігі түрінде алынған нəтижелер қосындысының айырмасы түрінде анықталуы мүмкін

                                                                  Нтж = Н ер ҚР ж + З кж – Шж ,

 мұндағы Нтж — толық жылдық нəтиже; Шж — ҚР-ды ұйымдастыру жəне оның пайдалану үшін жұмсалған шығынның жылдық сомасы.

Бұл шығындар мына формула бойынша анықталады:

                                                                              Шж = К1 + Кж ,

бұл жерде К1 — ҚР-ды ағымдағы жыл бойы пайдалануды жүзеге асыруға арналған капитал салу; Кж — өндіріс процесінде қажетті айналым капиталының көлемін қамтамасыз етуге жұмсалатын жыл сайынғы шығындар.

Тиісті көрсеткіштерді толық жылдық əсер формуласына қойып мынаны аламыз:

 Нтж = (Бал – ӨҚер ҚР * Ксапа + Ббір) * Qж + (Т1тік бір + З1 к бір) * А– (Т2тік бір 2 к бір) * А – К1 – Кж .

 Кəсіпорынның қызмет ету тиімділігіне ҚР-ды пайдалану жəне ол арқылы ықпал етудің жалпы жағдайын бағалаудың бұл тəсілі қарастырылып отырған іс-шараларға жұмсалатын шығынның тиімділігіне қойылатын талаптардың анық болмауына да байланысты. Мұндай шаралардың қажетті тиімділігі келесі факторларға тəуелді болуы мүмкін:

  • шикізат нарықтарының тұрақсыздығы жағдайында нарық конъюнктурасына тəуелсіз тұрақты шикізат көздерін алу;
  • қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұлдың өсуі байқалған жағдайдың өзінде өндірістің экологиялық тиімділігін қамтамасыз ету;
  • құндық бірліктері бойынша бағалануы күрделі немесе есептеуге мүлде келмейтін басқа факторлар.

Мұндай факторларды есепке алу негізгі талаптарды іріктеп алуға жəне ҚР-ды пайдалану процесінің тиімділігінің кəсіпорынның қызмет ету тиімділігінің көрсеткіштеріне əсері тұрғысынан қарағандағы белгілерін анықтап алуға мүмкіндік береді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Карлик А.Г., Овчинникова С.Г. Управление материалоемкостью производства в условиях рыночной экономики. —М.:Изд-во Финансово-экономического ин-та, 1991.
  2. Поляк А.М. Материалоемкость продукции, вопросы снижения. — М.: Экономика, — 72 с.
  3. Зусьман Л.Л. Кругооборот металла в народном хозяйстве СССР. — М.: Металлургия, — 200 с.
  4. Мелешкин М.Т., Степанов В.Н. Промышленные отходы и окружающая среда. — Киев: Наук. думка, 1980. — 180 с.
  5. Хачатуров Т.С. Избранные труды: В 2-т. — М.: Вольное экономическое общество России,
  6. Мұқаұлы С., Үпішев М. Табиғат пайдалану экономикасы. — Алматы,
  7. Тонкопий М.С. Экономика природопользования. — Алматы,
  8. Хачатуров Т.С., Папанов К.В. Эффективность природоохранных мероприятий. — М.: МГУ, — 224 с.
  9. Аксенова О.В., Олейников Н.И. Экологическая оценка инвестиционного проекта. — Ульяновск: Дом печати, 1996. — 80 с.
  10. Арсенов В.В. Эколого-экономический рейтинг предприятия. — Саратов: Изд-во Саратовского ун-та, — 120 с.
  11. Каменик Л.Л. Экологическая экспертиза объектов хозяйственной деятельности. — СПб.: ИСЭП РАН, 1995.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.