Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ішкі істер органдарының жедел-тергеу топтары қызметінің қылмыстылықпен күрестегі тиімділігі

Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы — адамды, адамның өмірін жəне құқықтары мен бостандықтарын [1] сақтау барысында Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» Заңымен реттелген міндеттерге сəйкес қызмет етеді [2].

Аталмыш міндеттерге сай, қылмыстарды ашу мен тергеу үдерісінде тергеу органдары мен криминалды полиция аппараттарының өзара əрекеттестігін ұйымдастыру нысандарының даму сатылары эволюциялық сипатқа ие. Жаңа нысандардың пайда болуы, тəртіпке сай, сол уақыттағы белгілі бұрынғыларын жоққа шығармайды, керісінше, олардың қатарына қосылып, ары қарай жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Негізінде, тергеу бөліністері мен криминалды полиция аппараттарының қылмыстарды ашу жəне тергеу үдерісіндегі біріккен немесе келісілген қызметінде жаңа ұйымдастырушылық құрылымдарды қолдану — қажетті жəне толығымен заңды жағдай. Себебі дұрыс ұйымдастырылған іс-қимылдар мен тактикалық операциялар жекеленіп жүзеге асқанына қарағанда, оларды бір қызметке неғұрлым біріктірген жағдайда тиімділік дəрежесі жоғарылайды жəне топ мүшелерінің құзыреті мен мүмкіндіктері арта түседі.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу топтары түсінігінің қашан пайда болғанын, оны жеке ғалымдар мен тəжірибелік қызметкерлер қалай түсіне білгенін анықтау қиынға түседі.

И.Ф. Герасимовтың еңбектеріне сүйенсек, ұқсас топтар ең алғашында аудандық, қалалық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерінде нақты қылмыстарды ашу мен тергеу мақсатында құрыла бастаған. Қылмыстарды ашу мен тергеу мақсатында құрылған топтар тергеу-жедел немесе жедел- тергеу деп атала бастаған. Бұл еңбектерді түбегейлі зерттей келе, қолданыла бастаған атаулардың, негізінде, олардың мəн, мақсатын жəне құрамын айқын көрсете білгенін байқауға болады [3].

Ұсынылған өзара əрекеттестік нысанын тəжірибеге енгізу көптеген оңтайлы нəтижелерге жеткізді:

Біріншіден, əр түрлі саладағы өзара əрекеттесуші қызметкерлердің құрамы реттеле түсті.

Екіншіден, жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу іс-қимылдарының өзара келесілген жоспарларын бірігіп жəне жан-жақты өңдеу мүмкіндігі пайда болды.

Үшіншіден, əр түрлі жазбаша тапсырмаларды құжаттауға деген жауапты да сапалы көзқарас қалыптасты.

Төртіншіден, тергеудің топтық əдісінің барлық тиімді жақтары жоғары деңгейде қолданыла бастады.

Бұл мəселелерді А.Р.Ратинов қажетті деңгейде қарастыра білген [4].

В.А.Образцов құқық қорғау органдарының əр түрлі қызметтері мен бөліністерінің талпыныстарын жəне мүмкіндіктерін қандай да міндеттерді бірігіп шешу мақсатында біріктіру — толығымен заңды жəне тиімді жаратылыс екеніне тоқталған [5].

Ғалым-криминалист В.Г.Сидоровтың да ғылыми нақтыланған пікірлері осы мағынада толысады [6].

Соңғы жылдар тəжірибесі қылмыстардың көптеген түрлерін ашу мен тергеу барысындағы жедел-тергеу топтарының тиімділігін, маңыздылығын жəне əмбебаптығын көрсетті.

Заң əдебиеттерде қылмыстарды ашу мен тергеу барысындағы тергеу органдары мен криминалды полиция аппараттарының өзара əрекеттесулерінің шартты нысандары жеткілікті жарық көрген, дəл осы себеппен біз оларға қайталай тоқталу қажеттілігінің жоқтығын байқаймыз.

Тергеушілер мен жедел іздестіру қызметкерлердің күнделікті қарапайым түрдегі өзара əрекеттесуіне қарағанда, жедел-тергеу топтары қызметінің ұйымдастырылу деңгейі қайда жоғары деңгейге ие, себебі алғашқысында ішкі істер органдарының қызметкерлері ұйымдастырылған тұрғыда бірікпей, əрқайсысы жеке түрде іс-қимыл жасайды да, өзара өте сирек ақылдасады.

Аталмыш топтар қызметінің ұйымдастырылуын талдау мақсатында біз жүйелі құрылымдық көзқарасқа сүйенеміз. Əрбір жүйенің жеке элементтері арасындағы өзара байланыс пен қарым- қатынас сипаты ұйымдастырушылық жүйенің құрылымын айқындайды. Ал, ұйымдастырушылық жүйелер өздерінің ішкі ұйымдастығымен ерекшеленеді.

Жедел-тергеу топтарының құрылымына тіке жəне қайтарма байланыстар тəн, осылардың арқасында жүйенің құрылымдық элементтері арасында өзара іс-қимыл жүзеге асады. Себебі беріктілік пен басқармашылықты ұйымдастырушылық жүйенің маңызды көрсеткіштерінің алдыңғы қатарына жатқызуға болады. Бұл мəселеге қатысты В.В. Дружинин мен Д.С. Конторовтың ғылыми еңбегін де құптаймыз [7].

Осылайша, жедел-тергеу топтарының ішкі ұйымдастырылуы ұйымдастыру-басқарушылық құрылым ретінде көрініс табады. Біз олардың ұйымдастыру-басқарушылық құрылымын қарастыру барысында, ең алдымен, оның элементтерін, олардың өзара байланысының мінезі мен тəсілін жəне құрылымның жалпы сипатын айқындаймыз. Бұл — жедел-тергеу топтарының маңызы мен сипаттамасын түсінудегі негізгі мезет.

Жедел-тергеу топтары жұмысының нəтижесі құрылу уақытына байланысты екені айқын. Тəжірибеде бұл мəселеге назар аударылмайды да, сол себепті қылмысты тергеудің алғашқы кезеңінде ішінара қателіктер жіберіліп қана қоймай, заттық дəлелдемелер мен басқа да қылмыстық іздері жоғалады.

Аталмыш топтардың жетекшісі болып, тəртіпке сай, қылмыстық істі өз өндірісіне алған тергеуші саналады. Біз сауалнама жүргізген 100 тергеушінің 90 % жедел-тергеу топтарының жетекшісі ретінде тек қана тергеушіні ұсынады, 8,8 % — қылмыстың нақты түрін ашуды ұйымдастыруда маңызды өтілі бар кез келген қызметкер бола алады деген көзқараста, 1 % лауазымы бойынша жоғары қызметкерді ұсынды, ал 0,2 % басқа да лауазымды тұлғалар туралы пікірлерін білдірді.

Жедел қызметкерлер де, негізінен, осындай пікірде. Сауалнама жүргізілген 150 жедел қызметкердің 81 % жедел-тергеу топтарының жетекшісі тек қана тергеуші болғанын қалайды, 17 % қылмыстың нақты түрін ашуды ұйымдастыруда маңызды өтілі бар кез келген қызметкер бола алады деген пікірлерін білдірді, 1,6 % лауазымы жоғары қызметкерді ұсынды, ал 0,4 % — басқа көзқараста.

Жедел-тергеу топтарының мүшелерін таңдауда оның жетекшісінің көзқарасына көңіл бөлген жөн, ал кейде осы таңдауды оның өзіне беруге болады. Топ құрамына бөлімшелер бастықтарын қосу тиімсіз, себебі олар нақты жұмыспен айналыспай, топ мүшелерін өз міндеттерінен алыстатуы мүмкін. Əсіресе топ құрамы жағынан өте көлемді болса, онда ұйымдастыру жəне басшылық ету мəселелері қиындай түседі. Осыған сəйкес ұйымдастыру-басқарушылық құрылымда басқарушы мен басқарылушы деген жүйелерді бөліп қарастыруға болады.

Сондықтан «əр құрылымдық бөлімшенің өзінің негізгі жұмысын орындаудағы рөлін анықтап, жеке қызметкерлердің аталмыш жүйенің іші-сыртындағы байланыстарының сипатына ерекше көңіл бөле білу қажет», — деген пікірді қуаттауға тура келеді [8].

Сонымен қатар А.Н. Балашов қылмыстарды жан-жақты да толық ашу мен тергеу барысында жедел-тергеу топтары мүшелерінің арасында өзара ақпарат алмасу үдерісі көрініс табатынына жəне бұның аталмыш қызметті атқаруда маңызды орын алатынына тоқталған. Оның пайымдауынша, тергеушілердің де, жедел қызметкерлердің де барлық дəлелдемелерді жəне жедел-іздестіру ақпараттарын бір уақытта толық талдау, бағалау жəне меңгеру мүмкіндіктері жоқ [9].

Біз бұл тұжырыммен келісеміз.

Сұрау жүргізілген тергеушілердің 82,2 % жəне жедел қызметкерлердің 83 % жедел-тергеу топтарының басшысы — тергеуші топ басында тұратын біртұтас құрылым тиімді деп есептейді. Тергеушілердің 11,4 % мен жедел қызметкерлердің 16,7 % жедел-тергеу топтары екі жеке топтан құралғанын қалайды: тергеу тобы — басшысы тергеуші, жедел топ — басшысы жедел қызметкер. Сол уақытта, тергеушілердің 6,4 % мен жедел қызметкерлердің 0,3 % пікірлері бойынша, жедел- тергеу тобын екі топқа бөлген бұрыс, олар мұны жедел-тергеу топтарының «аралас» қағида бойынша бірігетінін жəне оның мүшелерінің қызметін бұл екі топқа сəйкес ұйымдастыру барысында туындайтын қиындықтармен түсіндіреді. Сонымен қатар тергеуші мен жедел уəкіл бірігіп қызмет етеді жəне жедел-тергеу топтарының ішінде бірнеше ұсақ топтардың құрылуы мүмкін деген көзқарастарын білдірді.

Ауыр жəне аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істерді тергеу тек қана үлкен өтілді тергеушілердің қолынан келеді деп ойлағанмен, жедел-тергеу топтарына оқиға болған жерге шыққан жас тергеушілер мен сол жерде алғашқы мəліметтерді жинаған үлкен өтілсіз жедел уəкілдерді қосу тиімді болуы күмəнсіз.

Тəжірибеге сай, қылмыстардың тез ашылуы мен толық тергелуіне маңызды түрде əсер ететін мəселе жедел-тергеу топтары қызметінің басында оның басшысымен тергеудің жалпы жоспарының дұрыс құрылуы тұрады. Жеке тергеу əрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шараларына келсек, олар нақты орындаушылардан — тергеушілерден немесе криминалды полиция аппараттарының қызметкерлерінен құрылғаны тиімді.

Тергеу іс-қимылдары мен жедел-іздестіру іс-шараларын бірігіп (келісіп) жоспарлау осы іс- қимылдар мен шаралардың кезекпен жүзеге асуын, топ мүшелерінің жұмысының реттілігін, тапсырмалардың өз уақытылы жəне тиімді орындалуын қадағалауды жəне басқа да өзекті мəселелерді қамтамасыз етеді. Жоспар топтың барлық мүшелері қызметінің ұйымдастырушылық негізі бола тұра, олардың алдағы қызметінің үлгісі жəне жалпы міндетті шешудің жолы ретінде қалыптасады.

Жоспар топ басшысы мен оның мүшелерін жеке бөліктерге əрдайым көңіл бөліп отыру жəне əрқашан көптеген жағдаяттар мен ұсақ мəн-жайларды есте ұстау қажеттілігінен босатады. Ол тергеудің барлық кезеңін қадағалауға жəне оның нəтижелерін болжауға көмек етеді. Алдына қойылған мақсаттарға жетудің неғұрлым тиімді тəсілдері мен алдағы қызмет үдерісін құрастырып алып, жедел-тергеу топтарының жетекшісі қолда бар күштерді, құралдар мен уақытты тиімді қолдануға тырысуы қажет, ал қажетті жағдайларда, өз уақытында қосымша көмек сұрауға міндетті.

Біздіңше, жедел-тергеу топтарының жетекшісі — тергеушіге көп назар аудару қажет. Басшы жақсы маман, жоғары деңгейдегі ұйымдастырушы бола білуі тиіс. Сонымен қатар басшы болып қылмыстық істі өз өндірісіне алған тергеуші ғана топ басшысы болып тағайындалады, ол нақты беделді бола тұра, тергеушілер мен жедел қызметкерлер жұмыстарының ұйымдастырылуында негізгі рөл атқарады, қиын да жауапты іс-шараларды жүргізуді жоспарлайды, олардың нəтижелілігін қатаң бақылайды. Тек жетекшінің — тергеушінің жоғары деңгейдегі шеберлігі мен тəжірибелігінің арқасында ғана пайда болған қиын жағдайлар шешіліп, топ ішіндегі шиеленістерге жол берілмейді.

Сондықтан жедел-тергеу топтарының жетекшісі:

  • ұйымдастырушылық қабілетке ие болуы керек;
  • тергеу жəне жедел жұмыстың аспектілерін білуге, оларды тəжірибеде тиімді қолдана білуге тиіс.

Топ басшысы адамдармен жұмыс істей білуі қажет, басқа адамдардың ой-пікірімен санасуы керек. Жұмыстың бастапқы кездерінде, мүмкіндігінше, басқа тергеу жұмыстарынан босатылуы қажет, себебі оның ұйымдастырушылық міндеттері мол: тергеу жоспарын құру; топ мүшелерін объектілер бойынша орналастыру, олардың қызметін реттеу. Сонымен қатар топ мүшелерінің қызметін өзара сенім мен қалыпты ақпарат алмасу негізінде ұйымдастырады.

Егер де топ басшысы аталған маңызды мəселелерге жеткілікті түрде көңіл бөле білмесе, топ ішінде топтың жалпы жұмысының тиімділік деңгейіне кері əсерін тигізетін қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін.

Топ жетекшісі мен мүшелерінің қызметі ішкі қарама-қайшылықтарды жеңуден былай, алдындағы негізгі мақсаты — жасалған қылмысты немесе қылмыстарды тез арада жəне толық ашуға бағытталады. Бұл қызмет барысында жедел-тергеу топтарының тергеу үдерісі үш кезеңнен өтеді: алғашқы, келесі, қорытынды.

Тергеудің алғашқы кезеңіңде, əсіресе қиын жағдайларда, жедел-тергеу топтарының қызметі барлаулы-іздеу бағытына ие, сондықтан топ құрамын ұлғайту қажеттілігі жиі туындайды. Мысалы: белгісіздік жағдайда жасалған адам өлтіру қылмыстары туралы қылмыстық істер бойынша жедел- тергеу топтарының кешенді іздеу жұмыстарының нəтижесінде əрқилы қылмыстарды жасаған тұлғалар жəне қылмыстық топтар анықталады. Бұндай жағдайларда топ құрамына олардың қылмыстық іс-əрекеттерінің өзіне қатыстыларын тергейтін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің тергеушілерін қосу үлкен нəтижелер береді.

Тергеудің келесі жəне қорытынды кезеңдерінде жедел-тергеу топтарын өз қалпында қалдырған жөн, себебі бұл кезеңдердің негізгі бағыты ашық, бірқалыпты жəне əдістемелік дəлелдеу болып табылады.

Дегенмен, жедел-тергеу топтарының негізгі құрамына қосымша күштердің қажеттілігі тергеудің кез келген сатысында туындауы мүмкін. Бұндай жағдай, əсіресе, топтың ұзақ уақыт бойғы ашылмаған қылмыс бойынша қызметінде қалыптасады. Туындаған күрделі жағдайда, топ жетекшісінің қалыптасқан жағдайды қылмыстық іс бойынша келіп түскен ақпараттарды ең алғашқыларынан бастап жəне құрылған барлық болжамдарды жан-жақты зерттеу арқылы талдау жасағаны жөн. Осыдан кейін ғана, жаңа мəліметтерді бағалап, болжамдарды тексеру жоспарларының орындалу барысын талдауға алуға болады. Іс бойынша туындаған кез келген күмəн, қарама- қайшылық жəне басқа да тактикалық қателіктер уақытылы анықталуы жəне жойылуы тиіс, топ мүшелерінің кез келген ұсыныстары міндетті түрде қарастырылуы қажет. Дəл осы мезетте, жедел- тергеу топтарының тергеу жəне жедел-іздестіру күш-құралдарын толық қолдану немесе қосымша күштерді қатыстыру қажеттілігі туындайды. Нəтижесінде қажетті үдеріс жаңа ақпараттар алуға, тиімді болжамдар құруға жəне ақпаратты-тактикалық тығылықтан шығуға əкелетіні сөзсіз.

Жедел-тергеу топтарының ұйымдастыру-басқарушылық құрылымдары нақты құрылымдық қағидалардың негізінде құрылып қызмет етеді. Осыған байланысты бүгінгі күнге дейін көрініс алып үлгерген құрылымдарды талдап өтелік:

  • желілік;
  • функционалдық;
  • желілі-штабтық;
  • желілі-функционалдық;
  • бағдарламалы-мақсаттық.

Желілік құрылым қызметтік тізбектерді жоғарыдан төмен қарай жинайтын тік жүйені құрайды. Əрбір құрылымдық топ жоғары жəне төмен орналасқан екі топтың арасында орналасады, осы əрбір топты бір адам басқарады. Барлық ұйымдастырушылық ақпарат жоғарыдан төмен жəне төменнен жоғары ығысады. Дəл осындай таза «классикалық түрде» жедел-тергеу топтары құрылмайды.

Кішігірім жедел-тергеу топтарын құру үшін функционалдық құрылымды таңдаған жөн. Олардың екеуі де қандай да болсын міндеттерді шешуге мүмкіндігі бар басқару орталығына ие. Бұндай құрылымдағы жедел-тергеу тобы кейбір жеке міндеттерді шешу үшін құрылуы мүмкін. Мысалы, «оқиға болған жерді қарау», «болжамды өндеу», « қылмыскерді ұстау» тəріздес тактикалық операцияларды жүзеге асыру үшін.

Жеделдіктің жоғары дəрежесіне ие функционалдық құрылым деседі. Онда орталық бөлік жоқ, жетекшісі тек жедел-тергеу топтары мүшелерінің іс-қимылын реттейді, қажетті ақпаратты дереу жинайды да, оны орындаушыларға жеткізеді жəне жедел шешімдер қабылдайды. Топ ішінде функционалдық қағида негізінде еңбекті бөлісу жəне уақыт, мүмкіндік пен күштерді тиімді пайдалануға жол ашады.

Желілі-функционалдық құрылымға тоқталсақ, бұнда басшы топ мүшелерінің жұмысын ұйымдастырылған топшалардың басшылары арқылы реттейді. Дəл осы орталық бөлік болған себептен, бұл құрылымның жеделдігі төмен. Бұндай құрылым бойынша қылмыстарды ашу жəне  тергеуге арналған жедел-тергеу топтары құрылады. Оларды тергеуші басқарады да, жедел топ басшысының көмегімен жедел қызметті де реттейді, нақты міндеттерді шешуге бағыттайды.

Аралас құрылымдардың түрлері, демек, желілі-штабтық жəне желілі-функционалдық құрылымдар бағдарламалы-мақсаттық құрылымдармен толықтырылуы қажет деген көзқарасымызды да білдіреміз.

Əрине, жедел-тергеу топтарының жұмыс нəтижесі оның ұйымдастырушылық жəне қызметтік бірлігінің деңгейіне маңызды түрде əсер етеді. Бұл мақсатқа топтың тек біріккен ұжым ретінде қалыптасқан кезінде ғана жетуге болады. Сонда ғана топ ішінде бірігіп қызмет ету, өз қызметін өзі ұйымдастыруға талпыну, өзіндік жетілдірілу, өзара жауаптылық, өзара алмастыру сияқты өте маңызды белгілер туындайды.

Біз зерттеп ұсынған құрылым тиімді нəтижелерге жеткізеді. Оның аралас қағидамен құрылған құрылымдардан кейбір айырмашылықтары бар.

Сонымен, қылмыстарды ашу мен тергеу барысын тиімді жүзеге асырудың бір де бір нысаны ретінде тəжірибеде маңызды да тиімді болып қалыптасуы тиіс.

Бағдарламалы-мақсаттық басқарумен құрылған аралас құрылымдағы жедел-тергеу топтарын қарастырайық. Бұндай топтардың қызметін бағдарламалы-мақсаттық тұрғыда толықтыру мақсатты бағдарламаны өңдеу мен жүзеге асыруға ғана жол ашып қоймай, жалпы ақпараттық базада құрылған болжау, жоспарлау, ұйымдастыру мен бақылаудан тұратын реттелген үдеріс болып табылады. Көрсетілген түрде құрылған жедел-тергеу топтарының негізгі ерекшелігі — орындаушылар деңгейінде бір-біріне бағынусыз-ақ қызметтің реттелуі жəне көлденең байланыстардың мұқият ұйымдастырылуы.

Бұл ерекшелік аталған ұйымдастыру-басқарушылық құрылымдағы жедел-тергеу топтары ішіндегі психологиялық жағдайды оңтайлы деңгейде қалыптастырып отырады. Кейбір ғалымдардың пікірлері бойынша, топ мүшелерінің бірігіп қызмет ету барысында туындаған психологиялық қиындықтар ұжымның жалпы жұмысының нəтижесіне əсер етуі мүмкін. Атап айтсақ, жедел-тергеу топтарындағы қарым-қатынастардың сипаты мен оған кіретін тұлғалардың психологиялық сəйкестігі, олардың жалпы қызметімен тікелей байланысты болмаса да, оның нəтижелігіне жанама түрде əсер етуі мүмкін.

Ал ұйымдастыру-басқарушылық аспектілеріне тоқталсақ, бұл жедел-тергеу топтарының жетекшісі мен жедел топ басшысы шектеулі бағынушылықта болса да, тікелей басқару байланысы орнығады, ал орындаушылар арасындағы байланысқа келсек, топ ішінде қандай болса, топтар арасында да сондай тиімді ақпарат алмасуы көрініс табады. Ұсынылған топтың ерекшеліктеріне шолу жасасақ, оның ішіндегі тергеу іс-қимылдары мен жедел-іздестіру іс-шараларын бірігіп (келісіп) жоспарлау үдерісі топ мүшелерінің тиімді іс-əрекеттеріне əсер етеді, олардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, процессуалды құралдар мен жедел-іздестіру шараларының мүмкіндіктерін неғұрлым толық жəне нəтижелі қолдануға жол ашады, атқарылған жұмыстың қайталануынан жəне топтың тарап кетуінен қорғайды.

Сондықтан сандық жəне сапалық таңдау, жедел-тергеу топтары құрамдарының бір қалыптылығын сақтауға, құрылымын жетілдіруге жəне жоғары ұйымдастырушылық деңгейдің пайда болу мүмкіндігіне жол ашады.

Осылайша, жедел-тергеу топтарының сандық құрамы əр қилы болуы мүмкін, сондықтан алдағы міндеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, жұмысты қажетті деңгейде атқаратын топтарды құруға талпыну қажет. Тергеушілер мен жедел уəкілдердің сандық құрамы тергеудегі істің сипатына, алдағы іс жүргізудегі өзекті мəселелердің жəне жасырын қызметтің көлеміне байланысты реттеледі. Алайда құрамы бойынша аса үлкен топтарды құру нəтижелі болмауы мүмкін. Себебі бұл олардың тəсілдік жылдамдығын баяулатып, бақылау мен басқаруды қиындатады.

Сонымен қатар жедел-тергеу топтарының құрамын жетілдіру мақсатында олардың құрамындағы «əрдайым қызмет етуші бөлігін» ескерген жөн. Бұл — жағдайлардың өзгерісін ескере отырып, топтың құрамын ұлғайтуға немесе кемітуге мүмкіндік береді де, қалыпты орта болса, бұрынғыдай, қажетті мөлшердегі ақпаратты жəне жедел-тергеу жұмысының нақты əдістемесін біліп отырады. Əрдайым қызмет етуші бөліктегі қызметкерлерді ауыстыруға тек қана шектеулі жағдайларда жол беруге болады, себебі бұл жағдайда топ ішіндегі өзара əрекеттестік пен сыртқы байланыстар қиындайды да, тіркелмеген жəне қорытынды жасалмаған мəліметтер жоғалады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданды. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_
  2. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сəуірдегі № 199-V «Ішкі істер органдары туралы» Заңы, [ЭР].Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000199
  3. Герасимов И.Ф. Взаимодействие органов предварительного следствия и дознания при расследовании особо опасных преступлений: дис. ...канд. юрид. наук. — Свердловск, 1966. — С. 230,
  4. Ратинов А.Р. Взаимодействие следователей прокуратуры и органов милиции при расследовании преступлений // Практика применения нового уголовно-процессуального законодательства в стадии предварительного расследования: тез. докл. и сообщ. на науч. конф. (19–21 декабря 1962 г.). — М., 1962. — С. 86–90.
  5. Образцов В.А. Выявление и изобличение преступника. — М.: Юристъ, 1997. — С.
  6. Сидоров В.Г. Начальный этап расследования: организация, взаимодействие, тактика / Отв. ред. Р.С.Белкин. — М.:Рос. право, 1992. — 176 с.
  7. Дружинин В.В., Конторов Д.С. Идея, алгоритм, решение (Принятие решений и автоматизация). — М.: Воениздат, 1972. — 328 с.
  8. Системный анализ и структура управления / Под ред. В.Г. Шорина. — М.: Знание, — С. 193.
  9. Балашов А.Н. Взаимодействие следователей и органов дознания при расследовании преступлений. — М.: Юрид. лит., 1979. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.