Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелердегі зиян келтірушінің жəне жəбірленушінің кінəсі

Ұзақ уақыт бойы «кінə» ұғымы туралы, «кінə» мен «құқыққа қайшы əрекет» ұғымдарының ара қатынасы туралы ғылыми даулар толастамай келеді, сонымен бірге кейбір авторлар кінəнің белгілері мен құқыққа қайшы əрекет ұғымының белгілерін ұқсастырып қарастырады. Мамандардың көпшілігі

«кінə» ұғымына қатысты мынадай əділетті шешімге келді: кінə — жалпықұқықтық категория болғаны үшін ол барлық құқық салаларында бірдей мəнге ие болуы керек. Бұл мəселедегі айырмашылықтар ежелден бастап екі басты тұжырымдамада көрініс тапқан, олардың негізінде зиян келтіру қағидасы мен кінə қағидасы жатыр.

Бірінші қағиданың жақтастары бір ғана фактінің бар екенін таныған жəне танып келеді: ол — зиян келтіру фактісі, оған сəйкес шарт талаптарының орындалмағандығы үшін, тіпті дүлей күштің нəтижесінде туындайтын барлық зардап келтіру тəуекелі борышқорға (зиян келтірушіге) жүктелетін болған.

О.А.Красавчиков пен М.Я.Шиминова кінəсі болмаса да жауапкершіліктің болатындығын дəлелдейтін бірнеше теориялардың бар екендігін айтып кетеді: «екі бастама теориясы», «ерекшелігі бар кінəлі бастама теориясы» жəне «объективті кезең теориясы» [1; 45; 2]. Аталған теориялар оның ынталандырушы сипатына, заңның терминологиясы мен жəбірленушінің мүдделерін қорғау қажеттілігіне кінəсіз сілтемесіз-ақ жауапкершіліктің болуын ақтайды жəне оны жауапкершіліктен туындаған кінəге байланыссыз шығынды өтеу міндеттілігі деп атады. А.М.Белякованың көзқарасы бойынша, «кінə қағидасы азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі бола отырып, дəйекті түрде жүзеге асырылуы қажет» [3].

Кінə қағидасының жақтаушылары зиян келтіру фактісін шарттық немесе деликтілік міндеттеме туындауының алғышарты деп ойлайды, яғни кінəлі құқыққа қайшы əрекет үшін ғана борышқор, зиян келтіруші жауапкершілікке тартылуы керек.

Бұл даулар қазақстандық азаматтық құқық ғылымында да талқыға түсті. Республикадағы нарықтық қатынастардың дамуына орай Қазақстанның азаматтық құқық саласында азаматтық- құқықтық қатынастарға зиян келтіру қағидасына үлкен мəн беру қажеттілігіне байланысты сұрақтар жиі туындай бастады. Бұл бағытты жақтаушылардың тұжырымдамасы бойынша, азаматтық-

 

құқықтық жауапкершіліктегі ең басты нəрсе — ол бұзылған құқықты қалпына келтіру, оның негізгі функциясы — басқа құқық салаларындағыдай жазалау емес, келген шығынның орнын толтыру. Сонымен қатар құқық бұзушының жасалған өзінің құқық бұзушылығына қатысты психикалық көзқарасы ешкімді алаңдатпауы керек, бұл жерде бұзушылық фактісінің өзі жəне оның құқыққа қайшылығы маңызды орынға ие болады. Ю.Г.Басиннің пайымдауынша, ҚР Азаматтық кодексінің (АК) 359-бабында көрсетілген «кінə» ұғымының мінез-құлықтық аспектісі орындалуға тиісті міндеттемеге қатысты борышқордың субъективті қатынасын былай сипаттайды: «Құқық бұзушы міндеттеменің бұзылуына жол бермейтіндей барлық тиісті іс-шараларды қолданбады» [4].

Біздің пікірімізше, азаматтық құқықта, əсіресе деликтілік құқықтық қатынастарда «кінə» ұғымынан үзілді-кесілді бас тартуға болмайды. Біз зиян келтірушінің кінəлі жауапкершілік қағидасын бекіткен заң шығарушының бағытына толығымен қосыламыз (АК 917-б.). Зардаптардың орнын толтыруға қатысты кінəлінің мінез-құлық аспектісінің де өзінің субъективтік жақтары бар, себебі, біріншіден, өзінің құқыққа қайшы əрекетінің салдарын көру мүмкіндігі бар жəне, екіншіден, олардың алдын алу мүмкіндігі бар.

Жоғарыда айтылғандар азаматтық құқықтық қатынастардағы «кінə» ұғымына қатысты сұрақтар бойынша əлі де бірегей көзқарастың жоқ екендігін дəлелдейді. О.А.Красавчиковтың пікірі бойынша, бұл азаматтық-құқықтық əдебиеттердегі зиян келтірудің үш түрін (кінəлілік, субъективті- кездейсоқтық жəне объективті-кездейсоқтық) нақты, айқын бөліп көрсетпеудің нəтижесі [1; 149].

Біздің көзқарасымыз бойынша, 1889 ж. неміс ғалымы Гирке айтқан мынадай тұжырымдама дұрыс: «Егер зиян келтіруші кінəлі болмаса, жəбірленушінің кінəсі одан да аз» [5]. Бұл пікірді М.К.Сүлейменов те қолдайды: «Егер бұрындары субъективтік жауапкершілік қағидасы жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауға арналған болса, қазір оларға қарсы əрекет етіп тұр, ал объективтік жауапкершілік қағидасы жеке тұлғаларды жəне олардың игіліктерін қорғап жүр» [6].

Біздің ойымызша, Гиркені сынай отырып жазған И.А.Покровскийдің тұжырымы да ақылға қонымды: «Көшеде келе жатып сіз өзіңізді нашар сезіне бастадыңыз, талып бара жатып, дүкеннің терезесін сындырып қойдыңыз...». Осыған ұқсас жағдайларда қандай этикалық түсінік бойынша тұлғаны істеген əрекеті үшін жазғыра аламыз? Гиркенің жоғарыда айтқан: «Егер зиян келтіруші кінəлі болмаса, жəбірленушінің кінəсі одан да аз» деген пікірімен қанағаттанып қоюға болмайды. Осы түсінік бойынша кез келген көлденең жүргіншіні «Менің кінəм не?» деген сұрағына «Сен, əрине, кінəлі емессің, бірақ зардап шегушінің саған қарағандағы кінəсі одан да азырақ» деп жауап беру арқылы теңдей құқықта жауапкершілікке тарта беруге болар еді [7].

Егер кінəлілер болмаса, əділетті сұрақ туындайды, даудың мəні не жəне шындық қайда? Бұл сұрақтардың мағынасын шынайы түсіну үшін қарастырылып отырған қағидалардың əрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өтейік.

Зиян келтіру қағидасының артықшылығы — ол кредитордың (жəбірленушінің) мүддесін максималды түрде қамтамасыз етеді, ал кемшілігі — ол бұны кінəсіз тараптың (борышқордың) есебінен жасайды. Əңгіме шарттық жауапкершілік туралы болғанда зиян келтіру қағидасы сөзсіз үйлесім табады, əсіресе кəсіпкерлік міндеттемелер аясында, өйткені «кінəсіз жауапкершілік кəсіпкерлікке тəн тəуекелділікке сүйенеді», ал деликтілік жауапкершілік үшін ол тиімсіз болады. Себебі деликтілік міндеттемелер азаматтық құқықтық қатынастардың ерекше түрі, өйткені олар шарттан емес, бір тұлғаның екінші тұлғаға зиян келтіру фактісінен туындайды. Осыған байланысты деликтік міндеттемелердің жария-құқықтық қатынастармен ортақ тұстары көп, өйткені оның туындау негізі болып деликт (құқық бұзушылық) есептеледі, бұл жағдайда деликтік (азаматтық-құқықтық) жəне жария (қылмыстық-құқықтық жəне əкімшілік-құқықтық) құқықтық қатынастар бірдей туындай бермейді. Сондықтан да кінə қағидасынан толығымен бас тарту дұрыс болмаған болар еді [8].

Деликтілік-құқықтық қатынастағы кінə қағидасының артықшылығы — ол жəбірленген тараптың ғана мүліктік мүдделерін қорғап қоймай, кінəсі жоқ зардап келтірушінің де игіліктерін қорғайды. Ал кемшілігіне келетін болсақ, ол бұны жəбірленуші тараптың арқасында жүзеге асырады.

Деликтілік міндеттемелер кезіндегі кінəсіз жауапкершіліктің шарттық жауапкершіліктен айырмашылығы — оның қолданылу аясы тар. ҚР Азаматтық кодексінде қайнар көзі қауіп-қатер болып табылатын шығын үшін жауапкершіліктен басқа, алдын ала тергеу, тану органдары, сот пен прокуратурадан келетін шығын үшін жауапкершілік көрсетілген (923-б.).

Кінəсіз келтірілген шығын үшін жауапкершілікті кімге жүктеу туралы дауды шешу — құқықтың басқа салалық институттарында да қолданылып жүр. Біріншіден, бұл — сақтандыру институты, соның ішінде қайғылы жағдайлардан сақтандыру секілді түрі. Екіншіден, əлеуметтік қорғау институты, ол, егер жəбірленуші (кредитор) кінəсіз келтірілген зиян нəтижесінде мемлекет тарапынан қандай да бір əлеуметтік жеңілдік, жəрдем ақша немесе басқа да көмек көрсетілетін азаматтардың категориясына жататын болса, осы институт өз жұмысына кіріседі. Үшіншіден, құқық бұзушылық арқылы келтірілген зиянның орнын толтыру үшін құрылған əр түрлі мемлекеттік жəне мемлекеттік емес қорлар. Тағы бір айтып өтетін жайт, əлемдік құқық қолдану тəжірибесінде мұндай институттар өздерін салыстырмалы түрде тиімді жағынан көрсетті. Бірақ деликтілік құқықтық қатынастағы жəбірленушінің (кредитордың) мүліктік мүдделерін қорғау құралы ретінде ғалымдармен аталмағанымен, үшіншісін қоспағанда біздің республикамызда олардың барлығы жұмыс жасайды.

Деликтілік міндеттемелер табиғатына қарай ерекше болғанымен, олар азаматтық-құқықтық қатынастардың бірі болып табылады. Сондықтан да деликтілік міндеттемелердегі зиян келтірушінің кінəсінің қылмыстық құқықтағы жəне əкімшілік құқықтағы кінəмен ортақ тұстары көп деп айтатын болсақ, деликтілік-құқықтық қатынастағы тараптардың кінəсі осы міндеттемелердің құқықтық табиғатына қарай кеңірек көрініс табады жəне өзіне тəн ерекшеліктерге ие болады.

Біріншіден, мысалы, Қылмыстық кодексте қылмысты саралау үшін, жазалау шарасының нысанын таңдау үшін кінə түрінің орны ерекше болса, азаматтық заңнамада зиянның туындау себебі мен оны өтеуге тиісті шығын көлемі зиян келтіруші кінəсіне тəуелді болмайды. Біздің ойымызша, мұндағы бір ерекшелік — моральдік зиян үшін өтемақы төлеу, яғни осындай өтемақының көлемін анықтау кезінде зиян келтіруші кінəсінің түрі ескеріледі.

Екіншіден, азаматтық заңнамаға сəйкес (ҚР АК 917-б. 2-т.), зиян келтіруші əрдайым өзінің кінəсіздігін дəлелдемейінше кінəлі болып есептеледі.

Үшіншіден, азаматтық құқықтағы шығынды өтеу міндеттемесі жоғарыда айтып өткендей, оны кінəсіз келтіргендігі үшін де туындайды (ҚР АК 931-б. 1-т.; 923-б. 1-т.; 922-б. 1-т.).

Төртіншіден, жекелеген жағдайларда келтірілген зиянды өтеу міндеттемесі тікелей зиян келтіруші кінəсіне байланысты емес, нəтижесінде жəбірленушіге зиян келтірген бұзақының тəртібіне қатысты жауапты тұлғаның психикалық қатынасына байланысты болады. Мысалы, кішкентай балалар немесе сотпен əрекет қабілетсіз деп танылған тұлғалармен келтірілген зиян үшін жеткілікті түрде бала тəрбиесіне көңіл аудармаған ата-ана немесе əрекетке қабілетсіз тұлғаның жүріс-тұрысы үшін дұрыс бақылау жүргізбеген қорғаншы жауапкершілікте болады.

Бесіншіден, кінə деликтілік жауапкершіліктің субъективті бөлігі болып саналғандықтан, ол жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғаларға да тəн құбылыс.

Алтыншыдан, деликтілік жауапкершіліктің бөлігі ретіндегі кінəнің тағы бір ерекшелігі — ол зиян келтірушінің келтірілген зиянға қатысты психикалық қатынасын сипаттап қана қоймай, зардаптың келуіне əкеліп соқтырған өзінің жүріс-тұрысына қатысты жəбірленушінің де психикалық қатынасын сипаттайды. Сонымен азаматтық заңнамаға сəйкес, соңғының кінəсі мен оның түрлеріне келесілер тəуелді болады: шығынды өтеу қажеттілігінің бар-жоқтығы, осындай шығынның көлемі (Азаматтық кодекстің 935-б. 1, 2-т.).

Жетіншіден, деликтілік міндеттемелердегі «кінə» ұғымы зиян келтіруші мен жəбірленушінің ғана психикалық қатынасын сипаттап қоймай, мысалы, соңғы қажеттілік жағдайларына дейін жеткізген үшінші тұлғалардың да психикалық қатынасын сипаттайды.

Заңнамалар кінə категориясының табиғатын əрдайым ескере бермейді, сондықтан да субъектіге (зиян келтірушіге немесе жəбірленушіге) қатысты «кінə» ұғымын қолдану бірнеше міндетті талаптармен байланысты болады: объективті жағдайлар (əрекеттің құқыққа қайшылығы) жəне субъективті жағдайлар (мысалы, 14 жасқа жету). Нақтырақ айтсақ, бұл Азаматтық кодекстің 935- бабында «кінə» категориясы жəне жəбірленушіге қатысты оның формаларын белгілейтін категорияларды қолдану кезінде көрсетілген.

Жалпы ережеге сəйкес «кінə» дегеніміз — құқыққа қарсы əрекет жəне оның зиянды нəтижелері үшін осы əрекетті жасаған тұлғаның психикалық қатынасы. Соған сəйкес, «кінə» субъективті категория ретінде, оның түрлері — «қасақана ойластыру» жəне «үлкен абайсыздық» заң құқық бұзушылық деп таныған əрекеттерді ғана сипаттай алады. Өзінің құқықтары мен мүдделерінің зиян келуіне əкеп соқтырған жəбірленушінің əрекетін (осындай əрекеттермен мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерге зиян келетін жағдайларды қоспағанда) құқыққа қайшы деп санауға болмайды.

Жəбірленушінің əрекеті заңға қатысты, заңмен қорғалатын мүдделерге қатысты теріс пиғылынан емес, керісінше, оның көзқарасы бойынша, ізгілікті болып көрінгісі келгендіктен, туындайтын əр түрлі мотивтердің нəтижесі болуы мүмкін. Мысалы, емделмейтін СПИД, туберкулез немесе онкологиялық аурулармен ауыратын адам ұзақ уақыт бойғы жан азабынан арылу үшін немесе туысқандары мен жақын адамдарын материалдық шығындардан арылту үшін поездың астына түсіп қайтыс болады. Жəбірленушінің мұндай қылығы қоғаммен сыналатын жəне аморальді қылық болып есептелгенмен, аталған əрекет үшін қандай да бір заңды жаза алып қалу қорқынышы бар деп тыйым салынуға жатпайды. Сондықтан да, біздің ойымызша, жəбірленушінің өз құқықтары мен мүдделеріне зиян келтіруге əкеп соқтырған əрекетіне қатысты психикалық қатынасын «кінə» жəне оның түрлері категориясына жатқызуға болмайды.

«Жəбірленушінің кінəсі» категориясын қолдануға оның құқық бұзушылық əрекеті жағдайларында, нақтылай айтсақ, қажетті қорғаныс шегінен асып кету немесе жəбірленушінің құқыққа қарсы əрекеттерінің арқасында туындаған соңғы қажеттілік жағдайында шығын келтіру кезінде жол беріледі. Қажетті қорғаныс шегінен асып кетушілік кезіндегі сияқты, егер жəбірленуші соңғы қажеттілік жағдайын тудырмаған болса, зиян келтірушімен бағасы төменірек мүдделерге, бұл жағдайда жəбірленушінің мүдделеріне зиян келтіру арқылы құқықпен қорғалатын құны бағалы игіліктер мен мүдделерді сақтау қажеттілігі де туындамас еді.

Кінə өзінің құқыққа қайшы əрекеті мен оның зиянды нəтижелеріне қатысты тұлғаның психикалық қатынасы ретінде жеке тұлғаның саналы түрде жасаған өнімі болып есептеледі. В.А.Тархов былай деп дұрыс жазады: «Кінə нақты жағдайларға байланысты тұлғаның саналы жасаған əрекеті деп есептейтін болсақ, əрекетке қабілетсіз тұлғалардың кінəсі туралы сөз қозғаудың қажеті де жоқ. Кішкентай балалар жəбірленуші ретінде де, жауапты тұлға ретінде де кінəлі бола алмайды» [9]. Өкінішке орай, мұндай тұжырымдама заңда көрсетілмек тұрмақ, соттық тəжірибеге де кері əсерін тигізеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Азаматтық істер бойынша алқасының Қаулысында жəбірленуші жас балаға қатысты «жəбірленушінің кінəлі іс-əрекеті»,«жəбірленушінің үлкен абайсыздығы» сияқты категориялар қолданылған.

Коллегия Л-ның шағымы негізінде К-дан материалдық жəне моральдік шығынды өтеу туралы азаматтық іс бойынша Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотының шешімін жəне Алматы қалалық сотының азаматтық істер бойынша алқасының ұйғарымдарының дəлелді түрде күшін жойды. Өзінің шешімін Алқа былай деп түсіндіреді: алдыңғы екі сот қарауында басқа жағдайлармен қоса қозғалыс қауіптілігіне көз жеткізбей жатып автобустан жүгіріп түсіп, автомобильдің астында қалып, мүгедектік алған баланың іс-əрекеті ескерілмеген. Сонымен қатар Л-ның бұл қылығын, коллегия анықтағандай, кінəлі деп есептеуге болмайды, себебі ол өзінің зиян келтіруші əрекеті үшін жауапкершілік субъектісі болатындай жасқа жетпеген (14 жас). Егер тіпті жəбірленушінің кінəсі туралы сөз қозғалғанның өзінде, қоғамдық көлікті қолдану кезіндегі жəне жолдың келесі бетіне өту кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталу тəртібін үйретпеген ата-ананың кінəсі туралы айтылу керек.

Ойлау функциясы іс-əрекеттің мақсатын құрудан тұрады, өзінің іс-əрекеттерін алдын ала ой жүзінде құрастыру, олардың нəтижесін алдын ала білу арқылы адам өз қызметін жəне жүріс-тұрысын саналы түрде реттей алады. Осыған сəйкес ҚР Азаматтық кодексінің 935-бабында қолданылған «кінə» құқықтық категориясының ережелері тек саналы іс-əрекет субъектілеріне, яғни заңи жауапкершілік ала алатын субъектілерге (есі дұрыс, 14 жасқа толған тұлғалар), таралады. Сонымен бірге өзінің жеке құқықтары мен мүдделеріне зиян келуіне əкеп соқтырған жəбірленушінің іс-əрекеті импульсивті түрдегі, ақылға сай емес, санасыз жасалған, қажеттіліктер мен эмоцияға сүйенген іс- əрекет болуы мүмкін.

Ақылға қонымсыз іс-əрекет — айналада болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға бере алмайтын, сəйкесінше өзінің мінез-құлқына басшылық жасай алмайтын жəне соның нəтижелері үшін өз-өзіне есеп бере алмайтын тұлғаларға тəн болады. Мұның себептері көп, олар объективті немесе субъективті сипатта болады.

Біздің ойымызша, өзінің іс-əрекеттерін басшылыққа алу қабілеттілігін жоғалтатындай адамның психофизиологиялық күйге түсуінің объективті себебі — кенеттен болатын жағдайлар мен өзгерістерден келіп шығатын экстремалды кезеңдер. Бірақ барлық азаматтар белгілі бір жүріс-тұрыс ережесін, техника қауіпсіздігін сақтауға міндетті. Алайда жоғарыда айтып өткен жағдайлар адамның санасы мен мінез-құлқына əсер ететін күрделі аффектогенді қоздырғыштар болғандықтан, мұндай сəттерде адамнан саналы əрекеттерді талап ету мүмкін емес. Сондықтан да мұндай жағдайда адам инстинктивті түрде болатын қауіп-қатерден қашуға тырысып, оның өзіне зиян келетіндей қандай да бір іс-əрекетке жол берген болса, ол əрекет шынымен де білместіктен жасалған іс-əрекет болып танылуы керек.

Субъективті сипаттың факторлары (себептері) болып нəтижесінде азамат өз əрекеттері үшін жауап бере алмайтын жəне оларға басшылық жасай алмайтын жағдайлар жатады: созылмалы психикалық ауру, уақытша психикалық ауытқушылық, ақыл-естің кемдігі немесе басқа да психикалық ауру түрлері. Одан басқа, саналы іс-əрекетке жатпайтын себептер ретінде стресс, шамадан тыс жүдеу, фрустрация жəне т.б. танылады. Бұл аталған жағдайлардың барлығы экстремалды ситуацияларды ғана орын алады, олардың əрқайсысы жеке аффектогенді қоздырғыш бола алады жəне адамды қауіпсіздік талап ететін адекватты əрекетті таңдау қабілетінен айырады.

Тұлғаның ақылға қонымсыз əрекеттерінің мотиві барлық кезде түсінікті бола бермейді, олар адамның қажеттілігі, құмарлығы, гипнотикалық сендіру, фрустрациондық жағдай немесе т.б. болуы мүмкін. Біздің жағдайымызда құмарлық деп адамның неге құмар екендігі, оның мақсаттары жəне нені қалайтындығы өзіне түсініксіз болатын жеткіліксіз түрдегі санасыз қажеттілікті айтамыз.

Гипнотикалық сендіру ұзақ уақыт бойы ақылға қонымсыз күйде болуы мүмкін, бірақ олар «жоқ жерден» құрастырылған жасанды сипатта болады.

Фрустрация нəтижесінде адамның мотивациясын толығымен өзгеріске ұшырататындай жағдайлар туындайды. Фрустрациялық жағдайдың көрініс табу деңгейі əр түрлі ситуацияларда адамды өзінің игіліктері мен мүдделеріне зиян келтіруге апаратындай күшті фактор ретінде əсер етеді.

Осылайша жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, өзінің жеке мүдделері мен игіліктеріне зиян келтірген жəбірленушінің іс-əрекеті саналы түрде емес, білместіктен де жасалуы мүмкін.

ҚР Азаматтық кодексінің 935-бабында көрсетілген жəбірленушінің «кінəсі», «қасақана ойластыру» жəне «үлкен абайсыздық» сияқты құқықтық категорияларды қолдану — осы нормалар əрекет шеңберінде қамтылатын адамдар тобының санын едəуір азайтады. Ал бұл өз кезегінде, осындай зиянды нəтижелерге бас болған жəбірленушінің мүліктік қиындықтарын оған тəуелсіз жағдайларға байланысты шығынның алдын ала алмаған кінəсі жоқ зиян келтірушіге жүктейді. Мұндай шешім заңи жауапкершіліктің негізгі бастамасы болып табылатын əділеттілік қағидасына қайшы келеді.

Кінə — құқыққа қайшы əрекеттердің белгісінің бірі, онсыз құқық бұзушылық та болмайды. Алайда жəбірленушінің өз əрекетін зиянды деп есептеуі жəне осындай зиян келтіргені үшін оны жауапты деп тану жеткіліксіз. Ол үшін жəбірленушінің психикалық қатынасы оның іс-əрекеттері арқылы көрініс табуы қажет (əрекет немесе əрекетсіздік). Біздің ойымызша, құқыққа қарсы əрекеттің орнын кінə ауыстыра алмайды, себебі олар əр түрлі құқықтық категориялар. П.С.Дагель «жəбірленушінің кінəсі» терминінің нақты емес екендігін айта келе, бұл терминмен «жəбірленуші əрекетінің субъективтік жағы ғана емес, əрекеттің тұтас өзі түсіндіріледі» деп қате жазылғандығын дəлелдейді [10].

Заңи жауапкершілік негізі болып құқық бұзушылықты құрайтын субъективтік жəне объективтік элементтері бар əрекет саналады. «Заң, əрекет, жауапкершілік — бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Бұл үштіктің орталығы болып адамның əрекеті есептеледі. Осы жерде ғана əрекеттің мотивтері мен жеке тұлғаның нақты мүдделері көрініс табады; ол құқықтық нормалармен реттеледі жəне ол заң негізінде жағымды немесе жағымсыз баға алады. Осыған сүйене отырып, адамның өз əрекеттері үшін жауапкершілік пайда болады», — деп В.Н.Кудрявцев шынайы атап өткен [11].

Айтқандардан шығатын қорытынды, өзі келтірген шығынды өтеу немесе оның көлемін азайту жағдайларына қатысты жəбірленуші əрекетінің объективтік жəне субъективтік белгілерін анықтау негізінде ҚР Азаматтық кодексінің 935-бабында көрсетілген «жəбірленушінің əрекеті» терминін қолданған дұрыс.

Заңнамада бірқатар деңгейде аталған мəселені шешуге тырысу жолдары көрсетілген. Соған дəлел ретінде ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 40-бабы 4-тармағында былай жазылған: «Егер тану, алдын ала тергеу жəне соттық қарау кезінде тұлға ерікті түрде шындықтың ашылуына кедергі келтіру арқылы осы зиянның келуіне үлкен үлес қосқан болса, заңсыз ұстау, қамау, үй қамауында ұстау, лауазымынан уақытша аластату, мамандандырылған арнайы медициналық мекемеге жатқызу, жазғыру, медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану арқылы тұлғаға келтірілген зиян өтелуге жатпайды. Бұл жағдайда жəбірленушінің өз əрекетіне қатысты психикалық қатынасы емес, оған келтірілген зиянды өтеуге өзінің қылығы (ерікті түрдегі өзіне жалған кінə тағу) кедергі келтіреді. ҚР Азаматтық кодексінің 928-бабында, 930-бабының 1-тармағының 2-бөлімінде нақты бір жағдайларда əрекетке қабілетсіз немесе өз əрекеті арқылы зиян келгенін түсінуге қабілетсіз тұлғаларды да мүліктік жауапкершілікке тартуға жол береді. Сəйкесінше, ол да жəбірленуші ретінде өзінің қылығы нəтижесінде келген мүліктік шығындар үшін жауаптылықта болады.

Осылайша, жəбірленушінің өзінің əрекеті немесе əрекетсіздігінің нəтижесінде келген шығын үшін жауапты тұлғаны анықтау барысында (зиян келтіруші немесе жəбірленуші) соңғысының өз əрекетіне қатысты психикалық қатынасы емес, əрбір нақты жағдайда мүліктік жауапкершіліктің кімге жəне қандай көлемде жүктелетінін зиян келтірушінің кінəлілік немесе кінəсіздік ара қатынасында анықтайтын оның психикалық қызметінің сыртқы көріністері болуы керек.

Жоғарыдағыларды қорытындылай келе, біздің топшылауымызша, қылмыстық немесе əкімшілік құқықтағы, сондай-ақ шарттық құқықтағы кінəнің құрылымын деликтілік құқықтық қатынасқа ауыстыра салуға жол берілмейді. Деликтілік құқықтық қатынастағы «кінə» ұғымы ерекше мəнге ие, ол мүліктік шығындар жүктелетін тұлғаны дəл анықтауға, əлеуметтік əділеттілікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Красавчиков О.А. Возмещение вреда, причиненного источником повышенной опасности. — М.: Юрид. лит., — С. 145.
  2. Шиминова М.Я. Имущественная ответственность за моральный вред // Советское государство и право. —№ 1. — С. 118–122.
  3. Белякова A.M. Имущественная ответственность за причинение вреда. — М.: Юрид. лит., — С. 10.
  4. Басин Ю.Г. Ответственность за нарушение гражданского-правового обязательства: Учеб. пособие. — Алматы: Əдiлет Пресс, 1997. — С.
  5. Германское право: Гражданское уложение / Пер. с нем. Ч. 1. Науч. ред. В.В.Залесский; Пер.: Н.Г.Елисеев, А.А.Лизунов, Н.Б.Шеленкова; Введ.: В.Бергман, Е.А.Суханов. — М.: МЦФЭР, 1996. — С.
  6. Сулейменов М.К. Ответственность за нарушение сроков исполнения договорных обязательств. — Алма-Ата: Наука, 1971. — С.
  7. Покровский И.А. Основные проблемы гражданского права. — М.: Статут, 1998. — С.
  8. Шиктыбаев Т.Т. Вина причинителя и потерпевшего в деликтных обязательствах. — [ЭР]. Режим доступа: http://pravo.zakon.kz/122988-vina-prichinitelja-i-poterpevshego-v.html
  9. Тархов В.А. Гражданское право. — Уфа: РИО БашГУ, 1998. — С.
  10. Дагель П.С. Проблемы вины в советском уголовном праве // Учёные записки ДВГУ. — — Вып. 21, Ч. 1. —С. 78.
  11. Кудрявцев В.Н. Закон, поступок, ответственность. — М.: Наука, 1986. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.