Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы мен Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйым: ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық аспектілері

Бəрімізге белгілі Қазақстан Республикасы 2010 жылғы қаңтардың 1-нен бастап ресми түрде Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымның (кейін ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті. Қазақстан мемлекеті ЕҚЫҰ қалыптастырған, халықаралық дəрежеге ие негізгі құндылықтарын бұлжытпай орындап келуде. Дəлірек айтқанда, Қазақстан Республикасы ұйымның қызметін басқарудағы жəне оны жүргізудегі негізгі қағидалары ретінде сенім, дəстүр, транспаренттік пен төзімділікті (ЕҚЫҰ-ның негізін қалаған құндылықтар мен қағидаларды құрметтеу пен сақтаудың нəтижесінде қалыптасқан) басшылыққа ала отырып, төрағалықтың басты ұстанымдарын айқындады. Қазақстанның бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттердің ішінен бірінші болып төрағалық етуі оның сыртқы саясатты дүниежүзілік стандарттарға сəйкес жүзеге асырудың кепілі болып саналады. Бұл — еліміздің сыртқы саясаты аясында жеткен басты басымдылық.

ЕҚЫҰ-нда төрағалық етуі Қазақстандағы халықаралық қатынастарды дамытудың екінші сатысы ретінде көрініс табады. Қазақстан Республикасы мен ұйымның арасындағы ынтымақтастықты, өзара байланысты айқындау үшін олардың алғашқы қатынастардың қалыптасуынан бастап қабылданған құжаттарды анықтап алу жөн. Бұл ретте Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның қызметіндегі бірінші қадамы 1992 жылы өзара ынтымақтастықтың алғаш рет орнығуынан басталады.

1992 жылдың 8-ші шілдесінде Қазақстан Республикасы 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды Актісіне қол қояды. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің бұл Қорытынды Актісі ұйымның жарғылық құжаты болып табылады. Хельсинки Қорытынды Актісі БҰҰ Жарғысы мен 1970 жылы қабылданған Мемлекеттердің достық қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтың қағидалары туралы Декларациясында тіркелген жеті негізгі қағидалармен қоса қосымша үш қағидасымен (шекаралық мызғымастық қағидасы, аумақтық тұтастық қағидасы, адамдардың құқықтар мен негізгі міндеттерін құрметтеу қағидасы) толықтырылып, ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттердің өз азаматтарына қатысты жəне өздерінің араларындағы тəртіптердің негізгі қағидаттарын белгіледі. Осы қағидалардың əлемдік маңыздылығына орай олар «Он еуропалық өсиет» деп аталынды. Дүниежүзілік мəнге ие болған бұл принциптерді сол кезде жаңадан пайда болған тəуелсіз Қазақстан қабылдап, халықаралық қоғамдастықтың қатынастарына емін-еркін енуіне қол жеткізді.

БҰҰ-ның мүшесі жəне ЕҚЫҰ-ның қатысушы-мемлекеті ретінде Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты жүргізуде халықаралық принциптері мен Хельсинки Қорытынды Актісіндегі декларациясында қабылданған қағидаларға сүйенеді. Ондағы шекаралық мызғымастық, аумақтық тұтастық, дауларды бейбіт түрде шешу жəне ішкі істерге араласпау қағидалары сияқты ұстанымдар бейбіт қоғамды орнатып, қауіпсіздіктің нышанын белгілейді. 1995 жылғы ҚР-ның Конституциясының 8-бабына сəйкес Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым- қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады [1]. Бұл мемлекеттің əлемдік қатынастарына енуіне жəне жалпы адамдық мəселелеріне араласуына, қазіргі замандағы адамзаттың өркендеуіне тікелей қатысуына, əр түрлі саладағы жетістіктеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Сондықтан Қазақстан Хельсинки Қорытынды Актісінде ресми түрде жария еткен қағидаларды мүлтіксіз сақтауды жалғастыруды жөн көреді.

Хельсинки Қорытынды Актісі қатысушы-мемлекеттердің арасындағы экономика, ғылым, техника мен қоршаған орта салаларындағы өзара ынтымақтастықтың мəселелерін белгілейді жəне оны дамытуды ынталандырады [2]. Осы мақсаттарға жетудің əдістері мен нысандары ретінде ғылыми-техникалық ақпарат көздерімен алмасу, конференциялар мен симпозиумдарды ұйымдастыру, ғылыми қызметкерлер мен мамандармен алмасуы көзделеді. Сондай-ақ ЕҚЫҰ кеңістігінде қауіпсіздікке қатысты сұрақтары кіреді. Бүгінгі таңда Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйым əлемдегі қауіпсіздікті, бейбітшілікті сақтаудағы жəне əр түрлі саладағы ынтымақтастықты құрудағы басты халықаралық механизмі болып есептелінеді. Бұған дəлел ретінде ұйымның айқындалған басты мақсаттары болып саналады: өзара қатынастарды жақсартуды ынталандыру, соның ішінде ұзақ мерзімді бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін тиісті шарт- жағдайларды қалыптастыру; еуропалық қауіпсіздіктің біртұтастығын жəне қатысушы-мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту сұрағы бойынша өзара қызығушылықтың барын тану; ЕҚЫҰ кеңістігіндегі жəне бүкіл əлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілік сұрақтардың өзара байланысты екенін мойындау жəне т.б. [3].

Қазақстан Республикасы мүше-мемлекеттер айқындаған ұйымның негізгі мақсат-міндеттері мен қағидаларын жəне бағыттарын тиісті түрде атқарудың нəтижесінде өзінің төрағалық етуінде халықаралық аясындағы ЕҚЫҰ-ның беделін одан əрі нығайта түседі.

1975 жылы қабылданған Еуропадағы шекараның мызғымастығын дəлелденген, еуропалық континентінде тату көршілік пен ынтымақтастық қағидаларын жария еткен, Шығыс пен Батыс арасындағы диалог пен келіссөздердің тарихи «Хельсинки үрдістің» бастауына негіз салған Хельсинки Қорытынды Актісі əлемдік даму қатынастар тарихында өзінің маңыздылығымен, мүше- мемлекеттерге өзара қатынастарды орнатуда арқау болатын рөлімен мəңгіге қалатын XX ғасырдың көрнекті əрі елеулі халықаралық деңгейдегі оқиғасына айналғаны сөзсіз. Сондықтан, өзінің саяси мəні бойынша ол Дүниежүзілік өмір сүрудің Хартиясы деп аталынып кетеді. Ол — бүкіл принциптер мен халықаралық-құқықтық механизмді қалыптастырған іс-құжаты.

Еуропалық қауіпсіздік Хартиясы ЕҚЫҰ-ның қызметін нығайтудағы келесі басты құжаттардың бірі болып саналады. Ол екі жылдан астам уақытқа жалғасқан ұзақ əрі қызу пікірталас пен даулардың нəтижесінде 1999 жылы 19 қарашада Стамбул қаласында өткен ЕҚЫҰ саммитінде қабылданды. Құжаттың мəні қауіпсіздікті, бейбітшілікті нығайтудағы тиісті құралдарды, механизмдерді қолдануды анықтап алуымен ерекшеленеді.

Еуропалық қауіпсіздік Хартиясына қосылған барлық қатысушы-мемлекеттер ұйым алдында туындайтын жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру позицияларына тоқталады. Заманауи қауіпсіздікке қауіп төндіретін қатер ретінде халықаралық терроризм мен оның түрлері, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі айналымы жатқызылады. Мүше-мемлекеттер ЕҚЫҰ-ның кеңістігінде тұрақтылықты, еуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басқа халықаралық ұйымдармен бірге серіктестік пен ынтымақтастықты орнату арқылы қауіпсіздік платформасын орнатуды айқындайды. Ынтымақтасудың нəтижесінде негізделген қауіпсіздік Платформасы атты тікелей құжаттың I-бөлімінің 2-тармағына сəйкес, ЕҚЫҰ-ның қатысушы-мемлекеттері ынтамақтасу субъектілері ретінде БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның қағидалары мен міндеттерін орындайтын, қауіпсіздік пен сенімді нығайту шаралары бойынша 1999 жылы қабылданған келіссөздер жөніндегі Вена құжатындағы транспаренттік қағидаларына қосылған жəне т.с.с өзінің бұлжымастығын көрсеткен ұйымдар мен институттарды анықтап, жалпыға бірдей қауіпсіздікті нығайту мəселесінде олармен бірге ынтымақтасады делінген [4]. Бұл ретте бұрынғы посткеңестік мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының ТМД, ШЫҰ жəне БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста болуы қарастырылған.

Еуропалық қауіпсіздік Хартиясының 8, 9-тармақтары бойынша кез келген қатысушы-мемлекет қауіпсіздікке қатысты құқығын тең негізде иеленеді, олар қауіпсіздікті қамтамасыз етудің əдісін өздері таңдап алу құқылы жəне əрбір мүше-мемлекеттің қауіпсіздігі басқа мемлекеттердің қауіпсіздігімен тікелей байланыста болады [5]. Халықаралық бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының бірден-бір мемлекеті екені қоғамдастықтың барша мүшелеріне белгілі. Қазақстан Республикасы ҚР-ның Конституциясында белгіленгендей, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады [1], ядролық қаруды тарату мен оны қолдануды тоқтату арқылы бейбіт сүйгіш ел атанып, əлемдік қоғамдастықтың сеніміне кіреді. 1999 жылы Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың бастамасының негізінде Қазақстан Республикасы толық құқылы мүшесі ретінде қарусыздандыру жөніндегі Конференциясының мүше-мемлекетіне айналды жəне 1968 жылғы ядролық қаруды таратпау жөнінде Келісім мен 1996 жылғы ядролық сынақтарды болдырмау туралы Келісімге қосылды [6], Семей-Невада полигонын жапты, ядролық қаруды болдырмау, жою жөнінде бірқатар халықаралық құжаттарға қол қойып, ратификациялады.

Биылғы жылы Вашингтон қаласында өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитінде мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаев ядролық қауіпсіздікті алдын алуды қамтамасыз ететін халықаралық-құқықтық нормалардың маңыздылығына тоқталып кетті. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун жақында болған іссапармен Қазақстанға келіп, 90-жылдарында мемлекеттің ғаламдық қарусыздануға қатысты жасалған іс-əрекетінің негізінде барша мемлекет басшыларын, соның ішінде ядролық державалардың басшыларын Қазақстаннан үлгі алуға үн тастайды: «Қазақстан ядролық қарусыздануда ерекше артықшылығын аңғартуда. 1991 жылы Президент Н. Назарбаевтың Семейдегі ядролық полигонды жауып, ядролық қарудан бас тартуы — үлкен ерлік. Бұл қадам көрегенділік... нағыз тəуелсіздікті жариялау», — деп [7], еліміздің саясатына үлкен сенімін артып отыр. Бұл — Қазақстанның жаһандық ядролық сынға қарсы жұмсап отырған күш-жігерін жəне республикамыздың өмірге қауіпті қарудан əлемді босатуға қосып жатқан үлесін мойындағанының айқын белгісі.

Қазіргі қоғамдастықтың басты мəселесі дүниежүзілік қауіпсіздік болғандықтан, оның мəні бірнеше мемлекеттердің мүдделерінен бірыңғай, ортақ мəселесі ретінде шығу тиісті екені белгілі. Еуропалық қауіпсіздік Хартиясында бекітілген ережелері арқылы келесі тұжырымға келуге болады: кез келген мемлекеттің, халықаралық механизмнің мақсаты — қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы мақсатта Стамбулда ДОВСЕ келісімге қол қойылды жəне ЕҚЫҰ қабылданған Жалпыға бірдей қауіпсіздік концепциясының орталық əрі басты құраушы тетіктері ретінде адам құқықтары мен оның бостандықтарын құрметтеу, заңның басымдылық принципі мен демократиялық кеңістігін құрудың негізінде өңірдегі мемлекеттердің татулықта, еркіндікте жəне толық қауіпсіздікте өмір сүруі көзделген. Бұл Хартияда қабылданған тармақ ережелерінен туындайды [5].

Негізінен ұйымның мүшесі болу жəне еуропалық қатынастарға қатысу үрдісі Қазақстан үшін еуропалық қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын қалыптастыруда тең негізде атсалысуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өз аумағындағы татулықты сақтап қалуға жəне оны нығайтуға септігін тигізеді. Қазақстандағы əр түрлі діни ағымдардың болуына қарамастан, өзінің бейбітшілігімен, саяси жəне қоғамдық тұрақтылығымен ерекшелінеді.

Ұйымның қызметін нығайту үшін қабылданған бұл негізгі құжат қатысушы-мемлекеттердің БҰҰ-ның Жарғысында, Хельсинки Қорытынды Актісінде бекітілген принциптерді іс жүзінде жүзеге асыру арқылы бірегей құжаттың түрі болып атанды.

Тарихтың беттерінен білетініміздей, Қазақстан Республикасы жалпыеуропалық кеңестің толық құқыққабілетті мүшесі болу арқылы кеңестің халықаралық ұйымға айналу сияқты ұйымның маңызды деген мəселелеріне қатысуға мүмкіндік алды. Жоғарыда аталған құжаттарды қабылдауда өз үлесін қосуға септігін тигізді. Осымен тоқталмай, мемлекеттің сыртқы саясатты, қауіпсіздікті дамытудағы басты жайттарының бірі ретінде оның еуропалық процестерге одан əрі интеграциялау процесін жатқызуға болады, бұған ешбір күмəндық жоқ. Бұл ретте Еуропалық кеңістіктегі мəселелеріне енудің келесі қадамы болып, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалық ету бастамасы болып табылады.

ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасы арасындағы төрағалық етудің құқықтық-келісімдік ынтымақтасу іргетасы ретінде «Еуропаға жол» атты мемлекеттік бағдарламасы табылады. Мемлекеттік бағдарлама-құжат мемлекеттің ішкі міндеттерін шешу, еуропалық бағытында еліміздің ұлттық негізінде даму, əрқилы саладағы ынтымақтастықты тереңдету үшін Елбасының ұсынысы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігімен қабылданды.

Бағдарламаны іске асыру процесі кейінгі демократиялық реформаларды жəне ынтымақтастықты одан əрі дамыту, инвестиция көздерін тарту, серіктестік деңгейіне шығу, ұлттық заңнама жүйесін жетілдіру іспеттес мəселелерді еуропалық мемлекеттермен бірге шешуді көздейді. Ол Еуропаға жетелейтін жол, көпір ретінде өз көрінісін табады. Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін Қазақстан Республикасы бірқатар даму бағыттарын айқындайды, оның бірі ретінде технология, энергетика (отын), транспорт, шағын жəне орта бизнес пен білім салаларындағы ынтымақтастықты дамыту əрі нығайту бағыты кіреді [8]. Бұл ретте Қазақстан өз кезегінде еуропалық стандарттарға сай дамуын көздейді.

Екінші кезекте мемлекеттегі құқықтық базасын еуропалық мемлекеттердің тəжірибелерінің негізінде жетілдіру сатысы жатқызылады. Еуропалық үрдіске ену мақсатын іске асыру бағытында 2009 жылы 9 ақпанда ҚР Парламенті 1995 жылғы «Сайлау туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыруларды енгізді. 20-дан аса енгізілген өзгерістер мен толықтырулар сайлау заңнамасын ұйымдастыру мен жетілдіру мақсатымен қабылданды.

Мəселен, Жалпы ережелерді қамтитын 4-баптың 4-тармағындағы Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша мəслихаттардың депутаттағына кандидат пен өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайтын шарттардың ұғымы екі тармақшаға бөлініп кеңейтілді. Бірінші тармақша сотталғандығы белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам болса, екінші тармақша сыбайлас жемқорлық қылмыс жəне сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаудағы кінəсін сот заңда белгіленген тəртіппен таныған адам жоғарыда аталған лауазымдық түрлеріне кандидат бола алмайды деген толықтырумен толыға түсті. Бұл сыбайлас жемқорлықты азайту мен оны реттеу мақсатында жасалған болатын.

Конституциялық заңның 12-бабында республиканың орталық сайлау комиссиясының өкілеттіктеріне Президентті, Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асыру; олардың шешімдерінің күшін жою жəне тоқтата тұру; республикалық бюджеттің сайлау науқанын өткізуге арнап бөлінген қаражатын олардың арасында бөлу; сайлау комиссияларының қызметіне қажетті материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылау; аумақтық жəне округтік сайлау комиссияларының шешімдері мен іс-əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарау жатқызылады, Конституциялық заңға енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтыруларға сəйкес республикалық сайлау комиссиясы сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастыру өкілеттілігімен; саяси партиялардың өкілдерімен сайлауды ұйымдастыру мен өткізу семинарларды өткізу үрдісі сайлау процесіне басқа да қатысушылармен өткізіледі деген өзгеріспен толықтырылды. Яғни республикалық сайлау комиссиясы сайлау туралы заңнамасын түсіндіруімен де айналысатын бірден-бір органға айналды.

14-баптың 2–1-тармақшасы аумақтық сайлау комиссиясының өкілеттіктерін кеңейтуімен ерекшеленеді. Мұнда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың ғана емес, сонымен қатар Президенттікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркейтін өкілеттіктері де кіреді.

19-баптың 7-тармақшасында сайлау комиссия мүшесiнің жауапкершілігі конституциялық негіздерге дейін күшейтілген. Мұндағы «лауазымдық өкiлеттiгiн бiрнеше мəрте бұзған немесе мiндеттерiн тиiсiнше орындамаған» деген сөздер «немесе осы Конституциялық заңның талаптарын бірнеше мəрте бұзған» жағдайда деген сөздермен толықтырылып, аталып кеткен тəртіп бойынша комиссия мүшесі өзінің лауазымын атқарудан босатылады. Əрине, комиссия мүшелерінің жауапкершілік негіздерін күшейту арқылы сайлау жүйесін одан əрі демократияландыруға жол ашып береді.

23-баптың 5-тармағында тиісті əкімдер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлаушыларды əрбір сайлау учаскесінің шекарасы жөнінде учаскелерді құрған кезден бастап жеті күн мерзім ішінде хабардар етеді, жаңадан енгізілген өзгеріс бойынша тиісті əкімдер сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін ғана жеті күн мерзім ішінде сайлаушыларды əр сайлау учаскесінің шекарасы жөнінде хабардар ететін болады. Яғни сайлаушыларды сайлау учаскелерінің орналасатын жері жөнінде хабарлауға өкілетті əкімдер сайлау процесін жария еткен кезден бастап қана құқылы.

26-баптың 3-тармағы «Учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін, дауыс беру күнін қоспағанда, тиісті аумақтық сайлау комиссиялары айқындайды» деген мазмұнындағы мəтінмен толықтырылды. Бұл аумақтық сайлау комиссиясына жатқызылатын барлық учаскелік сайлау комиссияларынның жұмысын реттеуге, бір орталыққа жүйелендіруге мүмкіндік береді.

1995 жылғы «Сайлау туралы» Конституциялық заңы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау кандидаттары жөнінде ақпаратты таратуға құқығы айқындалмаған болатын. 27-баптың 7-тармағына енгізілген жаңа толықтырудың негізінде «Бұқаралық ақпарат құралдары барлық кандидаттарды жəне партиялық тізімдерді ұсыну, оларды сайлау комиссияларының тіркеуі жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты баспасөз бетінен орын, эфир уақытының көлемі бойынша бірдей таратуға міндетті» болды [9]. Əрине, осы толықтырудың нəтижесінде сайлау жүргізу механизмінің нығая түсіп артқанын байқауға болады.

Қорытындылай келе, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Конституциялық заң сайлау комиссияларының (орталық, аумақтық, учаскелік) жұмыстарын жүйелендіреді, мəселен, Орталық сайлау комиссиясы сайлау заңнамасын түсіндіруімен, ал Аумақтық комиссиялары учаскелік комиссиялардың жұмыс кестесін айқындаумен айналысады. Аталған Конституциялық заңның нормативтік ережелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау кампаниялары туралы жария етілетін барлық ақпарат көзі бəріне тең негізде таратылатынын анықтайды. Сонымен қатар Конституциялық заң ҚР Парламенті Мəжілістің кемінде екі саяси партияның қатысуымен құруын қамтамасыз ететін жəне сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық пен қылмыстарды жасаған адамдардың сайлау процеске қатысуын болдырмайтын құқықтық механизмді енгізеді.

1999 жылы 23 шілдеде қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2009 жылы 10 шілдесінде қабылданған өзгерістер мен толықтырулармен толықтырылып, заңнаманы жетілдіреді, БАҚ пен журналистердің құқықтары мен кəсіби мүдделерін, бостандықтардың негіздерін кеңейтеді жəне нығайтады.

Мəселен, Заңның 2-бабы сөз, ақпаратты алу жəне тарату бостандығының мəніне тоқталады. Мұндағы 3-тармақ насихаттауға жол берілмейтін бұқаралық ақпарат көздерінің түрлеріне тоқталып кетеді. Жаңадан енгізілген өзгеріс пен толықтыруына сəйкес 2-баптың 3-тармағы қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға жол берілмейтін өзгеріспен толықтырылады. Өзіміз білетіндей, ҚР Конституцияның 20-бабында қатыгездікті, зорлық-зомбылықты насихаттауға немесе үгіттеуге болмайды деп көрсетілген. Осы мақсатта жоғарыда айтылған өзгеріс қабылданып, қолданысқа енді. Сонымен қатар қосымша 4-тармағын қосу арқылы сөз, ақпаратты тарататын бұқаралық ақпарат құралдарының қолданылу шарттары қарастырылған, яғни бұқаралық ақпарат құралын əкімшілік құқықбұзушылықтар не қылмыстық жазаланатын əрекеттер жасау мақсатында пайдалануға жол берілмейтін негіз анықталды.

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ҚР Заңындағы 3-баптың 3-тармағының 2-тармақшасы толығымен өзгертілді: мемлекеттік тілдегі хабарларды телевизиялық жəне радиобағдарламаларында тарату мерзімі алты сағаттан кем болмайтын уақыты нақты белгіленді. Бұл «мемлекеттік тілдегі бағдарламаларды таратудың тəуліктік кестесін орналастыру хабарлар эфирге шығатын бүкіл кезең ішінде біркелкі жүзеге асырылуы тиіс» талаптың орындалмауынан тікелей туындаған болатын.

Жаңадан енгізілген өзгерістерге сəйкес 2-тараудағы 5-баптың 1-тармағы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өнімін шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға тек мерзімді баспасөз басылымын жəне (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куəлігі ғана емес, сонымен қатар телевизия жəне (немесе) радиохабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия да негіз болып табылады.

11-баптың 2-тармағы бұқаралық ақпарат құралдардың тілдері дегенде, оларды мерзімді баспасөз басылымы, ақпарат агенттік материалдары мен хабарларының тілі деп нақты бөліп жіктеу арқылы БАҚ-тың мəнін ашады.

18-баптың 3-тармағы сұралып отырған мəліметтерді беруден бас тартылуға бұқаралық ақпарат құралы өкілінің мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың азаматтар құқығына қысым жасайтын заңсыз əрекеттеріне шағым жасауға арналған заңда көзделген тəртіппен жоғары тұрған органға немесе лауазымды адамға, не сотқа бірден шағым жасап сот əділдігіне жүгінуге болу мүмкіндігін айғақтайды [10].

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңы мен «Сайлау туралы» Конституциялық заң сияқты «Саяси партиялар туралы» Заңның да қазақстандық құқықтық жүйесіндегі орны ерекше. ҚР-ның заңнама жүйесі демократиялық, ашық сайлауды жүргізу мен бəсекелестіктің оңды шарттарын қалыптастыру жəне азаматтардың тең құқықтық негізде дауыс беруін қамтамасыз ету үшін аталған үш заңның механизмдерін нығайтып жандандыру тиіс. Осы мақсатта ҚР Парламенті сайлау процесін еуропалық стандарттарға жақындап, демократияландыру үшін сайлау туралы Конституциялық заңына, сайлау кампаниялары жөніндегі қажетті ақпаратты сайлаушыларға жеткізу мен тарату үшін бұқаралық ақпарат құралдар туралы ҚР-ның Заңына жəне 2009 жылы 6 ақпанда «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыруларды енгізді.

«Саяси партиялар туралы» ҚР-ның Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруына сəйкес бұл Заңның 6-бабы саяси партияларды құруды ұйымдастыруымен толықтырылды. Мысалы, саяси партияның құрылтай съезін дайындау мен өткізу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының бастамашы тобы мүшелерінің қатарынан құрамында кемінде он адам болатын ұйымдастыру комитетінің функциялары мен жұмыс атқарудың тоқталу негіздері анықталды. Ұйымдастыру комитеті делдалдық қызметті атқарушы ретінде тіркеуші органға саяси партияның болжалды атауы, орналасқан жері, ұйымдастыру комитетінің ақшасы мен өзге де мүлкін қалыптастыру мен пайдаланудың болжалды көздері, саяси партия құру ниеті туралы жəне т.б. ақпаратты табыс етуге құқылы болып, саяси партияны ұйымдастырудағы атқаратын рөлі кеңейтілді. Қабылданған өзгерістер мен толықтырулар бойынша 6-баптың 5-тармағында ұйымдастыру комитеттің қызметке кірісу уақыты көрсетілген, ол тіркеуші органға саяси партияларды құру жөнінде қажетті ақпаратты тапсырып, оны растайтын растама құжатын бергеннен кейін ғана өз қызметіне кірісуге құқылы болады екен. Жалпы ұйымдастыру комитеттің қызметі растама берілген күннен бастап екі айдың ішінде саяси партияның құрылтай съезін (конференциясын) өткізуге бағытталған ұйымдастырушылық жəне ақпараттық-насихаттық шараларды жүргізу іс-əрекеттерінен тұрады. Сондықтан саяси партияны құру, оның атауы, жарғысы, бағдарламасы туралы шешімдер ұйымдастыру комитетімен құрылған жəне ұйымдастырылған құрылтай съездерінде не конференцияларда қабылданады. Конституциялық заңына енгізілген осындай өзгерістер саяси партияны құрудағы ұйымдастыру комитетінің маңыздылығын ашып беруімен бірге, белгілі тəртіп бойынша жұмыстың тоқтатылуын белгілейтін негіздерін де қарастырады. Оларға тіркеуші орган растама берген күннен бастап алты ай өткен; саяси партия мемлекеттік тіркелген; саяси партияны мемлекеттік тіркеуден бас тартылған кезде; немесе азаматтардың бастамашы тобының шешімі бойынша деген осы жағдайлардың бірі туындаған кезде ұйымдастыру комитеті өзінің қызметін тоқтатады.

10-баптың 2-тармағы саяси партияның құрылтай съезін өткізгеннен кейін тіркеуші органға мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың табыс етілетін мерзім аралығын екі айдан төрт айға дейін уақыт шегін ұзартты. Мұндағы 8-тармақ мемлекеттік тіркеуден бас тарту негіздемелерімен толықтырылады. Мəселен, мемлекеттік тіркеу мерзімінде үзіліс жасауға себеп болған негіздемелер жойылған кезде тіркеуші орган саяси партияны мемлекеттік тіркеу не мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Заңның 14-бабы саяси партияны қайта ұйымдастыру мен тарату ережелерін қамтиды. Өз қызметін тоқтатқан саяси партияның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) саяси партияның жоғары органының қайта ұйымдастыру (тарату) туралы шешімінің негізінде тіркеуші органда есептік тіркеуден шығарылуға жатады немесе қайта ұйымдастырылғаннан кейін жаңадан құрылған саяси партияны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі ай мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылады.

Заңның 18-бабы бойынша саяси партияны қаржыландырудың көзі ретінде бюджет қаражаты қарастырылған. Осы мақсатта саяси партияларға бөлінетін бюджет қаражаты жыл сайын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мəжілісінде бөлініп тұрады, аталған бюджет қаражатының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда айқындалып отыратын болады. Ал саяси партияларды қаржыландыру тəртібін ҚР Орталық сайлау комиссиясы айқындайды. Мұндай толықтырулар 18–1- тармағында көзделген [11]. Қазақстанның Еуропаға жол салдырудың келесі, үшінші, даму сатысы еліміздің ЕҚЫҰ-нда төрағалық ету кезімен тұспа-тұс келеді.

Демек, «Еуропаға жол» атты құжат ұлттық құқықтық негіздерді еуропалық деңгейге дейін дамыту мен ынтамақтасу маңыздылығымен ерекшелінеді десек, қателеспейміз. Ұйымның төрағасы Қ.Саудабаев 2009 жылы Астана қаласында өткен конференцияда «Еуропаға жол» атты бағдарламасының түпкі негізін келесі сөздермен айқындайды: «Бұл қазақстандық-еуропалық ынтымақтасудың іргетасы, ал оның нəтижесі Еуропа елдерімен жаңа сапалы қарым-қатынасты орнатуға жетелейді», — деп [12], ойын білдірген. Əрине, əлемдік, оның ішінде еуропалық стандарттарға сай дамуына ұмтылатын қатысушы-мемлекеттердің өзара тығыз қарым-қатынасы, ынтымақтастығы бір, ортақ мақсатқа жетелеп тұрады: еркін экономикалық жəне қауіпсіздік кеңістікті құру, ынтымақтастықты нығайту. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-нда төрағалық етудің ұстанымы да осы үш өлшем бойынша жұмысты атқаруды нығайтуды барынша жалғастыру болып саналады.

ЕҚЫҰ-ның басты механизмдері Қазақстан үшін дамудың негізгі бағыттары болып саналады. Сондықтан халықаралық құқықтың қағидалары мен нормалардың орындалуын қамтамасыз ету барлық мемлекеттер үшін қажетті ұстанымдар болып табылады. Осы уақытқа дейін Қазақстан өз заңнамасын жетілдіру мақсатында бірқатар халықаралық құжаттарға қосылды. Оларға Азаматтық жəне саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пакт, Экономикалық, қоғамдық жəне мəдени құқықтар бойынша Халықаралық пакт, бала құқықтары, əйел адамдардың саяси құқықтары, босқындардың мəртебесі жəне т.с.с. БҰҰ Конвенциялары жатқызылады.

Бүгінгі таңда ұйымның төрағасы ретінде Қазақстан Республикасының жəне барлық мүше- мемлекеттердің міндеті ЕҚЫҰ-ның қызметін жетілдіру мен оның халықаралық-құқықтық базасын қалыптастыру болып табылады. ЕҚЫҰ отыз бес жыл бойы халықаралық қатынастардағы дауларды, қауіп-қатерді шешіп отырған маңызды орын алатын ұйым болғанымен, оның жарғылық құқықтық базасы толық қалыптастырылмаған. Осы бағытта қатысушы-мемлекеттер ЕҚЫҰ-ның Жарғысын қабылдау мен оның құқықтық мəртебесін анықтап алуды алда уақытта көздейді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. 1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген өзгерістермен). — Алматы: Жеті жарғы,
  2. 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды Актісі // К председательству Казахстана в ОБСЕ: Сб. документов и материалов /Под общ. ред. Б.К.Султанова. — Алматы: КИСИ при Президенте Республики Казахстан, 2009. — 338 с.
  3. Международное публичное право: Учеб. / Под общ. ред. К.А.Бекяшева. — 5-е изд., перераб. и доп. — М.: Проспект, 2009. — 1008 с.
  4. Ынтымақтасудың негізінде қалыптасқан қауіпсіздік платформасы // К председательству Казахстана в ОБСЕ: Сб. доку- ментов и материалов / Под общ. ред. Б.К.Султанова. — Алматы: КИСИ при Президенте Республики Казахстан,— 338 с.
  5. 1999 жылғы Еуропалық қауіпсіздік Хартиясы // К председательству Казахстана в ОБСЕ: Сб. документов и материалов /Под общ. ред. Б.К.Султанова. — Алматы: КИСИ при Президенте Республики Казахстан, 2009. — 338 с.
  6. Хан Г.Б., Суворов Л.С., Рахманова Г.Б. Внешняя политика Республики Казахстан: Моногр. — Алматы: КазГЮА,— С. 4.
  7. Визит в Казахстан Генерального секретаря ООН Пан Ги Муна http://www.oscekz
  8. 2009–2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» атты мемлекеттік бағдарлама http://www.government.kz
  9. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы (2009 жылы 9 ақпанда енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен). — Алматы: Жеті жарғы,
  10. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (2009 жылы 10шілдеде енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен). — Алматы: Жеті жарғы, 2009.
  11. «Саяси партиялар туралы» 2002 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы (2009 жылы 6 ақпанда енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен). — Алматы: Жеті жарғы,
  12. Выступление Госсекретаря РК К.Б. Саудабаева на конференции «Современный Казахстан и «Путь в Европу» (г. Аста- на, 21 мая 2009 г.) // К председательству Казахстана в ОБСЕ: Сб. документов и материалов / Под общ. ред. Б.К.Султанова. — Алматы: КИСИ при Президенте Республики Казахстан, 2009. — 338 с.

 

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.