Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мультимедиалық жəне инновациялық технологиялар интеграциясы негізінде математиканы оқыту əдістемесін жетілдіру

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» — деген Н.Ə.Назарбаевтың ойын негіз ете отыра, қазіргі таңда білім беруді əлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналдырып келеміз. Дүние жүзінде білімнің рөлі артып, əр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалса да, ол əлем халықтарының білім берудегі тəжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Бүгінде Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда «Білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық жəне адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Міне, осындай маңызды мəселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тəрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі болғандықтан да, үрдістен қалыс қалмайтындай, талапқа сай математикалық мəдениеттіліктің деңгейін көтеру басты мəселелердің бірі. Сонымен қатар қоғам үшін де математиканың рөлі ерекше, себебі əр түрлі бағыттағы математикалық əдістерді қолданбаса ғылыми прогрестің болуы мүмкін емес. Бұл жерде математикалық дайын ақпараттарды қолдану ғана емес, ғылым мен техниканың дамуына ықпал ететін жаңа туындыларға жол ашу, мүмкіндік жасау, қажет болған жағдайда, жаңа идеялар айтатын, математикалық сауаты жоғары мамандар керек. Ол мамандар, əрине, бүгінгі мектеп оқушылары, ертеңгі жоғары оқу орындарының студенттері.

Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру ол теориялық, ғылыми-педагогикалық жəне психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен жаңа оқыту əдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тəрбиелеу болып табылады. Инновациялық əдістерді баланың білім деңгейіне жəне жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану — негізгі міндет. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген бүгінгі тəуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тəрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тəжірибесіне байланысты екеніне еш күмəн жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау жəне өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.

Осы тақырыпта жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты ол «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілгендей, еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын жəне білім беру саласындағы үздік əлемдік тəжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының озық деңгейіне қол жеткізуге үлес қосатын математика пəні мұғалімдерінің əдістемесін қалыптасқан үрдісті сақтай отыра, инновациялық технологиялар мен компьютерлік бағдарламаларды қолданып жетілдіру болды.

Ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері бірнеше бөліктен тұрады: математикалық білімі жоғары ұрпақ тəрбиелеуші мұғалімдерді əдістемелік тұрғыда қолдауда əріптестікті нығайту, оқу үрдісін автоматтандыруда көмек беру жəне сол арқылы білім беру сапасын арттыру.

Білім берудің негізгі мақсаты білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың əдіс-тəсілдері мен əр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда инновациялық технологиялар мен компьютерлік бағдарламаларды пайдалану əдісі үлкен рөл атқарады. Ел Президенті Н.Ə.Назарбаевтың халыққа Жолдауындағы: «Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек», — деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып келеміз [1]. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті əлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады. Осы айтылғандардың барлығын да жүзеге асыратын негізгі тұлға — мұғалім.

«Инновациялық технологиялар жəне Flash бағдарламасы мен HTML тілі интеграциясы арқылы математика пəні мұғалімдерінің əдістемесін жетілдіру» тақырыбындағы ғылыми жұмыс математика пəні мұғалімдерінің əдістемесін жетілдіру мақсатында жасалған жəне «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» қойған

«экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру» мақсаты мен «оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету» міндеттеріне қол жеткізуге ықпал етеді.

Инновациялық технологиялар жəне Flash бағдарламасы мен HTML тілі интеграциясы арқылы математика пəні мұғалімдерінің əдістемесін жетілдіру жүйесін жасауда екі бағыт ұсталды. Алғашқысы 5B010900 – «Математика» мамандығының студенттері болашақта математика пəні мұғалімі болып қызмет атқаратын болғандықтан да, олардың инновациялық технологияларды оқу үрдісінде қолдануына, компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей алуына жоғары оқу орнында оқып жүрген кезінде үйрету. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 5B010900 –

«Математика» мамандығының студенттері мемлекеттік стандартта бекітілген пəндерден негізгі математикалық ілімін алса, таңдау компоненті болып берілетін пəндер арқылы инновациялық технологияларды, арнайы компьютерлік бағдарламаларды педагогикалық үрдісте қолдану тəсілдерімен танысады.

Екінші бағытта жұмыс жалпы білім беретін орта мектептердегі математика пəні мұғалімдерімен жүргізілді.

ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР «Ақпараттандыру туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» аясында мемлекеттік тұрғыда қолға алынған іс-шараларды орындаумен қатар, мұғалім өзінің жеке əдістемесін жетілдіріп отыруға да міндетті. Ғылыми жұмыс аясында математика пəні мұғалімдерінің əдістемесін жетілдіру, мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету мақсатында келесі жұмыстар атқарылды: еліміздің түкпір-түкпірінде математика пəнін оқытып жүрген мұғалімдердің оқу үрдісінде кездесіп отырған мəселелерін анықтау мақсатында пікір алмасу орын алды. Ол Қазақстан мектептеріндегі математика пəнінің мұғалімдері арасында өзара тəжірибе алмасып, байланыста жұмыс істеуін қамтамасыз ету, математика пəнінің мұғалімдеріне əдістемелік көмек көрсету мақсатында құрылған арнайы сайт matematik.kz арқылы жүзеге асырылды (сур. қара).

Математика пəні мұғалімдерімен пікір алмасулар болып, дайындалған теориялық жəне практикалық материалдар қолданысқа берілді. Бұл жұмыс əлі де жүзеге асырылып келеді. Сайт қолданушылар саны артқан сайын ғылыми жұмыстың одан əрі орындалатын бағыттары айқындалып, толықтырыла береді.

  Сурет. www.matematik.kz сайтынан үзінді

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім беру əдістемесі» бойынша біліктілікті жетілдіру курсын өту Интернет желісі арқылы форумдар мен пікір алмасулар ұйымдастыруда көмегін тигізді (Сертификат тіркелді);

  • математиканы оқыту əдістемесінің қосымша тараулары, «Элементар математиканың қосымша тараулары» пəндері бойынша электронды лекциялар дайындалып, www.ksu.kz сайты арқылы кез келген қолданушыға қолжетімді болды. Университеттің электронды кітапханасына тапсырылған материалдар тек мамандық студенттері үшін ғана емес, сонымен бірге математика пəні мұғалімдері үшін қолжетімді;
  • «Информатиканың теориялық жəне практикалық негіздері», «Информатика негіздері» атты электронды оқу құралдарында HTML тілінің құрылымы мен қолданылуы, сілтемелер дайындау мысалдары берілгендіктен, мұғалімге өз материалдарын қойып, практикалық тұрғыда қолдануға аса ыңғайлы.

«Элементар математиканың қосымша тарауы» электрондық оқулығы 5B010900 – «Математика» мамандығы студенттеріне негізгі пəн «Элементар математиканың» жалғасы іспеттес болғандықтан, функцияларды толығырақ меңгеруге, қамтылған тақырыптар мен келтірілген мысалдар жəне арнайы дайындалған қосымша тапсырмалар, сынақ есептерін қарастыруға арналған;

  • қазақ тілінде баспаға шыққан арнайы оқулықтардың аздығын ескере отыра, Flash технологиясы бойынша дайындалған қазақ тіліндегі электронды нұсқадағы теориялық материалдар мен аталған технологияны практикалық тұрғыда игеруге бағытталған тапсырмалар, жаттығулар мен арнайы зертханалық жұмыстар мұғалімнің осы технологияны игеруіне үлкен мүмкіндік ашады да, мектеп оқушылары үшін игеруге қиындық туғызып жататын функциялар мен олардың графиктері, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу тақырыптарында үлкен көмек етеді. Мұғалімдер арасында жүргізілген сауалнама нəтижелері көрсеткендей, оқушылардың басым бөлігіне қиындық тигізетін салу есептері үшін бұл мектептің жабдықталған техникалық мүмкіндіктерін қолдануда аса тиімді. Бүгінде əрбір мектепте бар десек, асыра айтушылық болмайтын интерактивті тақта көмегімен мұғалімнің сынып оқушыларының сабаққа белсене араласуына тартудың тағы да бір жолы осы деуге болады. Жалпы педагогикалық жəне əдістемелік əдебиеттерде білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың бірнеше бағыттары көрсетілген. Олардың ішінде оқу үрдісінде келесі негізгі төртеуінің қажеттілігі басым:
  • компьютерді білімді бақылау құралы ретінде пайдалану;
  • жаңа материалды түсіндіруде иллюстративті құрал ретінде мультимедиа-технологияларды қолдану;
  • компьютерлік модельдеуді қолдану арқылы лабораториялық практикумдар жүргізу;
  • өз бетімен білім жетілдіруде дербес компьютерді қолдану [2].

Бүгінде оқытушылардың дербес компьютер əр түрлі процестерді модельдеу құралы ретінде назарын аударта бастады. Ал, модельдеуде мультимедиалық технология маңызы зор. Мультимедиа дегеніміз — мəтін, кескіндер, бейнекадрлар, анимациялық объектілер, дыбыстар, музыка, тағы басқаны қамтитын құжаттарды бір уақытта интерактивті бағдарлама ретінде бейнелейтін жаңа ақпараттық технология болғандықтан, оны қосымша игеруге тура келеді. Көптеген құралдар мен бағдарламалық өнімдер жеке қолданушы үшін өте қиын. Осы тұста жақсы шешімдердің бірі Macromedia Flash технологиясы болды. Бұл технологияның көмегімен екінші қажеттілікті толықтыруға болады. Соңғы кездері Flash технологиясы Web-дизайнында, сонымен қатар Web-тен тыс аймақтарда да танымал болып келеді. Осындай аймақтардың бірі — электрондық оқыту жүйелерінің өңделуі мен көрсетілімдері. Flash технологиясы презентацияларда жəне электрондық оқыту жүйелерін өңдеуде тиімді құрал ретінде қолдануға болады.

Flash — бұл XXI ғасырдың революциялық технологиясы, болашақ технологиясы. Ол анимацияланған векторлық графиканы дыбыстық эффектілермен бірге жүзеге асырады. Бұл бағдарлама дыбыспен қамтылған, анимацияланған мəтіндер мен графиктер құрып қана қоймай, оны экспорттауға, импорттауға мүмкіндік беретін болғандықтан да, функциялардың графиктерін түсіндіруге, айналу денелері тақырыптарын беруде мұғалім үшін нақты көрнекті құрал дайындауға жетекші бағдарлама. Анимация — бұл объектіні қозғалысқа келтіру, ал анимацияланған объектілерді, роликтерді оқу үрдісінде қолданудың маңызы зор, бұл қызығушылық туғызады да нəтижесінде оқушының математикаға деген ынтасын арттырады.

Macromedia серіктестігімен құрылған интерактивті Web-анимациялық технологиялар мен Flash- технологиялар мəліметтерді мультимедиалық ұсыну төңірегінде көптеген куатты шешімдерді біріктірді. Macromedia Flash технологиясы кез келген көлемдегі жəне күрделіліктегі тапсырмаларды орындай алады. Компьютердің көмегімен сабақ түсіндіру əдістерін жандандырып, жаңартуға болады. Компьютердің мультимедиа мүмкіндіктерін пайдаланып, Flash-тің анимация мүмкіндіктерін, дыбыс меншіктеуді, гиперсілтеме деген көріністерді байланыстыру əрекеттерін пайдаланып, тамаша, көрнекі, оқушыны қызықтыра түсетін білім беруге жəне оны тексеруге болады. Осы жерде гиперсілтемелер жасау мүмкіндігі бар болғандықтан да, мұғалім HTML тілімен біріктіре отыра, барлық теориялық материалдары мен практикалық жұмыстарын, көрнекіліктерін бір жүйеге келтіре алады. Яғни, Flash-технологиясы мен HTML тілінің мүмкіндіктерін қатар пайдалану мұғалім үшін материалдарды жиі жаңартуда аса тиімді.

Flash-та «объект» термині үстелде орналасқан кез келген фильм элементін көрсету үшін қолданылады. Flash саймандарын қолдана отырып, объектілерді орналастыруға, көшіруге, жоюға, өзгертуге, оларды бір-біріне қатысты туралауға жəне топтауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар объектіні кейбір URL-мен байланыструға болады (яғни, оны гиперсілтеме ретінде қолдану). Flash-та бір уақытта бірнеше объектілерді таңдау мүмкіндігі де бар (немесе бірнеше объектілердің үзіндісін), таңдалатын объектілер əр түрлі қабаттарға жатуы мүмкін [3].

Бүгінде оқытудың интерактивті əдіс-тəсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тəжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту əдіс-тəсілдерінің бəрін де еркін игеріп, əрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу жəне олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді əрі шығармашылықпен қолдану — сабақтың сəтті өтуінің кепілі. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі — бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нəтижесін көруге мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты сəтті ұйымдастырудағы басты мақсат — оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақтың сəтті өтуі, біріншіден, мұғалімнің біліміне, əдістемесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына байланысты. Сабақты тартымды əрі сəтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті жəне тапқырлықты қажет етеді. Осындай үлкен талаптар жүктелетін бүгінгі мұғалімнің ақпараттық технологиялар қолдануының тағы бір мүмкіндігі — ол электрондық оқулық. Электрондық оқулық — бұл дидактикалық əдіс-тəсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық əдістемелік көмекші құралы да болып табылады. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер жəне ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын жəне компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары болмақ. Инновациялық технологияларды пайдалану соңғы уақытта мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Жаңа сабақ түсіндіруде интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады. Компьютерлік-графикалық материал презентациялық монитор көмегімен көрсетіледі. Компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Мұғалім сынып оқушыларының деңгейіне қарай компьютерлік тест тапсырмаларды топтастырып, өзі дайындағандықтан да, сілтемелер көмегімен кері қайту немесе жаңа деңгейге өту өте ыңғайлы болмақ. Ол үшін, əрине, мұғалімнің HTML тілін білуі керек. Тест тапсырмаларды компьютерде өткізу мұғалімнің тапсырмаларды тексеруінде уақытты үнемдейді жəне оқушының өз қатесін көруіне жол береді. Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:

  • оқушының пəнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады;
  • шығармашылық қабілеттері артады;
  • жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады;
  • оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды;
  • компьютерлік сауатты болуға үйренеді.

Инновациялық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі — оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан ХХІ ғасыр — инновациялық ғасыр, яғни, ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы — жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер жəне инновациялық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нəтижесінде — өздерінің кəсіби əлеуетінің қалыптасуына жол ашады.

Білім берудің саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылыкпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану казіргі заман талабын канағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Соның нəтижесінде оқушылардың пəнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылды. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу кұралдарының атқаратын рөлі зор. Онда пəндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп, түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі əр түрлі суреттер, сұлба, тəсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп жəне оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады [4].

Бүгінде электронды оқулық дайындау тəсілдері көп. Алайда мұғалім үшін материалдарды жиі алмастыру, тест тапсырмаларын жаңарту, есептерді деңгейлеп күрделендіру үшін бөлімдер бойынша электронды оқулық жасауда HTML тілі ыңғайлы болғандықтан да, ғылыми жұмыста осы тіл мұғалімдерге ұсынылды. HTML тілінде формалар құру, гиперсілтемелерді суретке жəне мəтінге қолдана білуді, көлденең сызықтарды Web-парағына қолдануды жəне сырғымалы жолдарды ұйымдастыруды, сүзгілеуді Web-парағындағы мəтінге жəне суретке қолдануды оқып үйрену барлығы да материалдарда қамтылып, мысалдармен бекітілді.

Қорыта айтқанда, заман талабына сай болу үшін асқан жылдамдықпен дамып келе жатқан инновациялық технологиялардың мүмкіндіктерін оқу үрдісінде қолдана отыра, оқушылардың бойында біліммен қатар тəрбие үрдісін қатар алып жүруде мұғалімге, əрине, көмек қажет. Себебі мұғалім сол инновациялық технологияны өзі толық игергенде ғана, оның бар мүмкіндіктерін қолдана отыра оқу үрдісін тиімді ете алатындығы анық.

Қазіргі мұғалімнің алдында тұрған мақсат — білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шыға алатын, қатаң бəсеке жағдайында өмір сүруге, еңбек етуге дағдыланған тұлға дайындау. Оқушының ресурстарды пайдалануын, есінде сақтауы мен есте сақталған білімін қажет болған жағдайда пайдалануын, оқу мағынасын ұғынып, шынайы өмір арасындағы байланысты анықтауы жəне нəтижесінде əлемді өзгеше қырынан қарастыруы сияқты санаттарды иеленуіне жəрдемші бола отыра əр оқушының бойындағы бар шығармашылық көздерін ашу, жаңалыққа деген ұмтылыстарына дем беріп отыру — мұғалімнің міндеті. Осы бағытта дайындалған «Инновациялық технологиялар жəне Flash бағдарламасы мен HTML тілі интеграциясы арқылы математика пəні мұғалімдерінің əдістемесін жетілдіру» тақырыбындағы ғылыми жұмыс келешекте нормативтік құжаттардың өзгеруіне, инновациялық технологиялар мен компьютерлік бағдарламалардың жетілдірілуіне байланысты оқу үрдісінің тиімділігін көтеру мен жаңа жетістіктерге жету жолында толықтырыла береді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: ҚР Президентінің Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.inform.kz/kaz/article/2518877
  2. Бидосов Э. Математиканы оқыту методикасы. — Алматы: Мектеп, 1989. — 235 б.
  3. Андерсон Э. Macromedia Flash MX. — М.: Наука, 2004. — 217 с.
  4. Алленова Н. Учебник по HTML для чайников. — Алматы: Мектеп, 1999. — 235 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.