Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экология: əдіснама жəне тұжырымның дамуы

Тіршілік табиғаттың ерекше, аса күрделі құбылысы ретінде сыртқы қоршаған дүниеге сан түрлі əсер етеді. Тірі табиғат (тіршілік) əр түрлі тұрғыдағы (бір жасушалы микроағзадан бастап күрделі ағзаларға дейін) көріністе бола отырып тек қана өзінің тіршілік əрекетінің заттарын жасап қоймай, табиғатты да түпкілікті етіп басқа түрге енгізеді.

Экология биологиялық пəн ретінде тарихи қажеттіліктен пайда болған, бірте-бірте ол күрделі жүйелі концепциялы жəне зерттеу негізінің əдіснамасы бар білімнің ғылымаралық саласына айналды. Қазіргі экологиялық білім эмпирикалық қорытындылар жиынтығы түрінде беріліп жүр. Келе-келе осы концепцияның эволюциясында биосферадағы адамның доминантты рөлін мойындау əдіснамалық жəне дүниетанымдық тұрғыдан құнды бола бастады. Осының салдарынан биосфераның дамуы үшін адамның жауапкершілігі жоғарылады. В.И. Вернадскийдің ноосфера жөніндегі ілімінде адамның қоршаған ортаны белсенді өзгертуі, қайта құруындағы ауқымды əрекетінің проблемасын оқып үйрену туралы пікірлер айтады. Онда ноосфера тек қана табиғатты іргелі өзгертумен емес, адамның өзін де іргелі өзгертумен байланысты биосфераның басқа қасиеттегі, жаңа көріністегі жоғарғы сатысы деп тұжырымдайды [1]. Ойланып қарасақ, осы күнге дейін адам ғылым мен білімді тек техниканың жоғары деңгейде дамуына ғана бағыттаған сияқты. Сондықтан қазір «техносфера» деген ұғым пайда болған. Əзірге ғылым мен техника негізінен табиғи қорларды мүмкіндігінше пайдалану жəне қайткен күнде де адам мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді. Ал ғалымның ой-пікірі мен тілегі бұл емес. Бұл Жердегі пендешілік пиғылдан туындаған, əрбір адам өзін тек жерде «қонақ» сезінетін өткінші психология қалыптасқан. Адам табиғатта өзін жат сезінеді. Табиғи үрдістердің заңды нəтижесі адамның шығуына əкеліп отыр, сондықтан ми қалыптасып сананың негізі болды. Сана – ғылыми ой-пікірге, ол еңбек əрекетімен үйлесіп биосфераның ноосфераға айналуына жеткізеді. Олай болса адамның осы өзгертуші əрекеттерінің бəрі қатаң ғылыми, шын мəнінде, барлық жүріп жатқан үрдістерді саналы түйсініп, оларды «табиғат мүддесімен» сəйкестендіруі қажет [2].

Осы негізде бірінші болып дүниенің «экологиялық тұйықтығын» сезіну тұр. Педагогика саласының кез келген адамы осыны əуелі өзі түсінуі қажет. Ол əліппедегі дыбыстар мен əріпті алғаш танытқан ұстаз сияқты болуы тиіс. Адамзат жасап шығарған мериалдық мəдениет ауқымы аса кең жəне оның даму қарқыны үнемі ұлғаюда. Алдыңғы күні «запорожец» міндік, кеше «ракетаға» отырдық, бүгін адамды «клондап» біттік, ертең..., бүрсігүні ... А.С. Пушкиннің «Алтын балық» ертегісіндегінің кебін киіп қаламыз ба? Немесе Абайдың «Ескендір» поэмасындағы

Бұл — адам көз сүйегі, — деді ханға, —

Тоя ма адам көзі мың мен санға?

Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,

Өлсе тояр көзіне кұм құйылғанда... —

дегендей болмасына кім кепіл?!

Бүгінгі таңда техномасса (бір жылда адамның жасап шығарғаны) биомассадан (жабайы тірі ағзалар салмағы) бірнеше есе асып түседі. Бұл үрейлі, табиғат — биосфера — адам жүйесіндегі теп- теңдікке ойлана қараудың қажеттілігін ұштай түседі. Техниканың биосфераға жəне табиғатқа жалпы алғандағы əсерін тек қана қолданбалы тұрғыда ғана емес, терең теориялық ұғыну тұрғысында да оқып үйренуді қажет етеді. Техника қазір адамға тек көмекші күш қана болудан қалып барады. Техносфера табиғатты одан əрі өзгертуде, бұрынғы ландшафтарды өзгерте отырып, жаңаларын жасауда. Жердің басқа (сфераларына) қабаттарына қарқынды əсер етуде, оның ішінде əсіресе биосфераға. Техникалық ландшафтар өндіріс қалдықтарынан жасалуда. Тұтас бір аймақта тіршілік белгілері жойылған. Табиғат тек қор ретінде қаралады, бұл — техникамен қаруланған адамның қоршаған ортаға тигізген кері əсерінің анық жемісі. Осының бəрін бұл проблеманы түйсінуде жаратылыстану жəне қоғамдық ғылымдардың өзара əсерлерінің жеткіліксіздігі деуге болады. Қазір адам өмірінде техниканың маңызы аса зор, ендеше, осымен қатар техносфераны ізгілендіру проблемасы өткірлене түсуде [3, 4].

Экологиялық проблемаларға өнегелілік тұрғысынан қарау бұрыннан айтылуда, ол қазір тіпті адам мен табиғат арақатынасы жəне бізді қоршаған əлем, дүние сияқты көнеленіп барады. Ата- бабаларымыз заманында ыстық-суыққа қарамай көшіп қонып жүріп-ақ, ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпақ жалғасып, табиғатпен үйлесімді өмір сүрген.

Шетел ғалымдары мынадай тəжірибе жасаған. Ағаш жапырақтарын жұлып əкеліп ертіндіге салып отырған, біраз уақыттан соң тағы да сол ағаштан жапырақтар жұлып əкелген де басқа тостағандағы ертіндіге салған. Осылай бірнеше рет қайталап əрбір ыдысқа салынған. Нəтижесінде бірінші жұлып əкелінген жапырақтар ертіндіге ешқандай зат бөлмеген. Бірте-бірте əрбір ыдыстағы ерітінді ақшыл-қоңырқай, одан қызыл түске дейін боялған. Соңғы ерітінділер у-ға айналған. Басқа, осыған дейін тиіспеген өсімдіктердің де жапырақтарында у пайда болған. Бұл нені көрсетеді? Өсімдіктер өзін-өзі қорғай бастайды, өзін жеуге жарамсыз ету үшін денелерінде у жасап шығарады. Онымен қоса маңайындағы басқа да өсімдіктерге «хабар» береді де («өсімдік тілі») оларда сақтанып, қорғануға көшіп денелерінде у пайда болады.

Осыдан мынадай ойға келуге болады: ата-бабаларымызыдың бір жерге малды қайта-қайта жая бермей жайлауға көп жерлер алып қоныстануы, күзекке, қыстауға т.б. жайылым ауыстырып отырулары ойландыратын жай. Бұл, біріншіден, табиғатты қорғау, Жер-ананы түсіну болса, екінші жағынан — өздерін ауру-сырқаудан, уланудан сақтаған.

Ал қазіргі күні ғылым мен техниканың дамуы неге біздерді тереңге, қашыққа көз тастауға үйретпейді? Тек тұрған жеріміздің ғана емес, тұтасымен алғанда тіршіліктің барлық көрінісінде табиғатпен үйлесімді байланыстан айырылғанбыз. Адамзат Жерде өзін уақытша ғана өсіп ұшып кететін қаңбақша сезінеді. Болашақты ойлап, ұрпақтың қамын жемейді. Бұл кездейсоқтық, уақытшалық психологияның санамызда мықтап бекітілгендігі.

Мысалы, кенгурулар Австралияда ауыл шаруашылығына көп «зиян» келтіретінін айтайық. Ағаштар көптеп қырқылған, жердің көбі егістік... адам өзін ғана ойлайды, өзі тоқ болса, өзі əдемі болса, өзіне зиян болмаса, өзіне қолайлы болса... т.б., кенгуру сияқтылар не болса ол болсын.

Сондықтан адам планетамыздың эволюциясына тікелей жауапты бұл ноосфера жөніндегі В.И. Вернадский ілімінің өзегі. Жалпы дамуымыздың, өркениеттік дамудың стихиялылығы биосфераны тіршілік мекеніне жарамсыз етеді. Осыған байланысты адам өз қажеттілігін биосфера мүмкіндігімен шамалауы керек. Табиғат, биосфера эволюциясының күрделі сипатын жəне носфераның пайда болуының, ондағы адамның орны мен рөлін анықтаудың қиындығы осында [1, 5].

«Homo sapiens» (ақыл ойы жетілген адам) ретінде адамның пайда болуы сол кезеңнің өзінен бастап биосфераға əсер етсе, қазіргі кезеңде ол тіпті биосфераны ғана өзгертіп қоймай, оның планеталық əсерін де қатты өзгертті.

Гоминид эволюциясының бастапқы кезінде алғашқы адам тəрізді маймылдардың сыртқы ортаға тигізетін əсері басқа өздері сияқты сүт қоректілер əсерінен айырмашылығы болмады. Негізінен кейінірек отты пайдаланудан басталған қоршаған ортаға тигізген əсер келе-келе адамды органикалық [6] жəне бейорганикалық заттарды өзгертетін шешуші факторға айналдырды. Сондықтан эволюциялық үрдісті, ондағы адамның рөлін зерттеп тану — бүгінгі таңда теориялық жəне практикалық маңызы бар мəселе.

Жерде тіршіліктің пайда болуының өзі осы планетаның кейіпін жəне оның құрам бөлігі — климат, температура, ландшафтын өзгертті. Биосфераның дамуы, — бұл табиғи құбылыс, — ол тірі ағзалар мен ортаның өзара əрекеттестігінің жоғары бір көрінісі. В.И.Вернадский пікірінде бұл планеталық интеграция, яғни тірі жəне өлінің өзара байланысының, өзара əрекетінің ұлғаюы, дамуы [7]. Міне, мыңдаған жылдар бойы бұл əрекеттестікке үшінші бір күш араласып отыр, ол — адам. Планетамыздағы жалғыз саналы тіршілік иесі адамның биосферамен бұл байланысы көпқырлы. Өйткені өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам жүздеген, мыңдаған жабайы тірі ағзалар түрлерін пайдаланды. Ол, бір жағынан, жабайы өсімдіктер мен жануарларды санадан тыс (əрі саналы) түрде жойып отырды, екінші жағынан (бұл да санадан тыс жəне саналы тұрғыда) өсімдіктерді мəдени формаларға айналдырып, жануарларды үй жануарларына айналдырып немесе осылардың жаңа мəдени түрлерін шығарды. Осы əрекеттің барлығы айналып келгенде биосферада бұрын болмаған əрекеттер — бір түрлердің жойылуы мен екінші бір түрлердің пайда болуына əкеліп соқтырды. Бұл «саналы адамның» атына сай келмейтін алғашқы қылықтарының жайы. Қазіргі таңдағы асқынған экологиялық жағдайдың, ауқымды экологиялық апаттың басы əріден басталғанын осыдан көруге болады.

... Адамзат, тұтасымен алғанда, қуатты геологиялық күш болып тұр. Оның алдында, оның ойы мен еңбегі алдында еркін ойлайтын адамзат мүддесі үшін биосфераны қайта құру мəселесі тұр. Бұл биосфераның жаңа күйі, біз оны байқамай оған жақындап келеміз, ол «ноосфера». Біздің демократияның үлгі, мұраты стихиялық геологиялық үрдіспен, табиғат заңдарымен бірлесе (үндесе) жылжып ноосфераға сай келеді. Сондықтан біздің болашағымызға сеніммен қарауға болады. Ол біздің қолымызда. «Біз оны босатпаймыз» [7] деген В.И.Вернадскийдің пікірі бар.

Осы айтылғандардан түйетін ой «адам қуатты геологиялық күш» болса, биосфераны қайта құруды қандай негізде қарағанымыз жөн. Ол ноосфераны құруды эволюциялық дамумен біртұтас қарау.

Адам санасында (балада да, үлкенде де) бір-біріне тəуелсіз екі ұғым қалыптасқан, ол экологиялық жəне эволюциялық. Осы ұғымдар санада қатар болады, бірақ өзара əрекеттеспейді, бұл — осы уақытқа дейін көңіл аударылмай келген мəселе. Олай болса, оқу-тəрбие үрдісінің барлық сатысында (балабақшадан — жоғарғы оқу орнына дейін) экология мен эволюция ұғымдарының тығыз байланысын адам санасына жеткізу қажет. Биосфераның тіршілік ету принциптерінде «тірі заттың əрекет ету тəсілдері» деген ұғым бар.

Тірі ағза жер қыртысының ажыратылмайтын бөлігі жəне оны өзгертушісі, ал тірі зат — геохимиялық үрдістерге қатынасатын ағзалар жиынтығы. Ағзалар қоршаған ортадан өз денелерін құрайтын химиялық элементтер алады. Ал, тіршілік əрекетінде жəне өлген соң оларды сол ортаға қайтарады. Сөйтіп, тіршілік жəне өлі зат химиялық элементтер айналымында өзара тығыз байланысты болады. Осында тірі зат негізгі жүйеқұраушы фактор болып биосфераны біртұтас етеді. Ендеше, биосфераның біртұтастығы — тарихи қалыптасқан, ұзақ эволюциялық жəне экологиялық «жетілудің» нəтижесі, динамикалық үндестіктің жоғарғы көрінісі.

Қазіргі жаратылыстануда «коэволюция» деген ұғым бар, ол — түрлердің өзара бейімделуі. Биоценозды жүйе ретінде бірге тіршілік етуін жəне тұрақтылығын көтеретін осы коэволюция. Осыдан адам жəне оның қоғамы мен биосфера арасында «коэволюция» қажеттігі түсінікті. Бұл өзара байланыс қалай, қандай негізде құрылуы тиіс? Осыған дейінгі адамзат тіршілігінде бұл байланыс болды ма, болса неге жеткізді дұрыс па, бұрыс па?

Ойлантатын жай, биосфера — тек кездейсоқ ағзалар жиынтығы емес, миллиондаған жылдардағы эволюцияның нəтижесі, ал адам кім, тірі ағза ретінде жалпы алғанда, ол да эволюция нəтижесі. Осыдан маймыл адамнан басталған дамудағы «саналы адам» қалай өзгерген.

Көпшілік ғалымдар, философтар «адамның мəні тек қана əлеуметтік, ал биологиялық, анығырақ айтсақ, əлеуметтік-биологиялық жағы тек оған қосымша (органикалық қосымша) болып, бағынышты, жанама түрдегі мазмұн сияқты» деген ортақ пікірде [5, 8]. Біз адамды оның қоғамдық байланыстар жүйесінен бөліп қараймыз, ал ол оның күнделікті тіршілік жағдайында көрініп тұр. Дұрысырақ айтсақ, адамдағы табиғаттың биологиялық сипаты жəне үрдістері əлеуметтік əсерге үнемі түсіп отырады. Əлеуметтік əсердің күші — өркениеттік қысымнан туындайды, қоғамның техникалық қарулануының ықпалы. Адамзат дамуының алғашқы кезеңдерінде ол өте аз болды.

Ғылымның алдыңғы шебі мəдениет жүйесінен бастау алып жаңа ой-пікірлер қысымымен дамиды. Зерттеу бағыттары үздіксіз қайта қаралып, ғалымдардың күш-жігері сан алуан көкейкесті проблемаларды шешуге бағытталады. Ал оқу құралдары жаңа пəндер тудырып жатқан ғылымның алдыңғы шебінен ондаған жылдарға қалып қояды. Жаңа туған білімнің проблемасы болады, онда қателіктер жəне адасулар орын алады.

Өкінішке орай, жалпы мəдениет деңгейіндегі ақтаңдақтар, адамдар ұрпағының бірнеше сатылары тіршілік əлемінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін ескермеуі — бүгінгі таңдағы да шындық. Адамзаттың өз қателігінен үйренгісі келмейтіні, бар ақиқатқа ден қоймайтынына орман- тоғайларды кескеннен соң өзендердің тартылуы, сауатсыз игеруден тұзданған жəне жарамсыз болып қалған егістік алқаптар, құрып бара жатқан Арал теңізі... т.б.

Жалпы алғанда, адамның қоршаған ортаға сауатсыз араласуы бүгінгі күнде табиғатқа да қоғамға да кері əсерін тигізуде, бұл əсердің салдары өндіргіш күштердің жоғары деңгейде дамуынан ауқымды сипат алуда жəне ғаламдық экологиялық проблемалар тудыруда.

Педагогика саласының алдындағы үлкен проблема білім берудің барлық деңгейінде табиғат — биосфера — адам жүйесін оқу-тəрбие үрдісінде жаңа бағытқа, дұрыс жолға қою. Себебі, эволюция нəтижесінің жалғыз ғана саналы тіршілік иесі — адам бəріне жауапты. Осы жұмыстың əліппесі — табиғат өзінің құрам бөліктері жөнінен сансыз көп түрлі болса да — біртұтас екенін түсіну. Осы тұрғысында мынадай бағытта іс-шаралар жүргізілуі тиіс:

  1. Табиғаттағы тепе-теңдік жағдайын түсіну, биосфера үшін үнемі баланс қажеттігі, бұл, мысалы, оттегі мен көміртегінің бөлінуі мен сіңірілуі арасындағы; өсімдіктер мен жануарлар арасындағы, олардың көбеюі, дамуы, өлуі, шектелуі арасындағы; ауаның, топырақтың, судың құрамындағы, тіпті ағзаның ішкі тепе-теңдігі (гомеостаз), тірі жүйе ашық жүйе болғандықтан, динамикалық тепе-теңдік керек.
  2. Адамның ғылыми əлем бейнесінің мəдениет жүйесіндегі орнын, оның мəнін, мақсатын, антропогенез, салауатты өмір салты құнын түсіну.
  3. Экологияны эволюциялық дамумен байланыстыра қарау.
  4. Органикалық дүние тарихын биосфера тарихы ретінде «қайта түсіну».
  5. Жас ұрпақтың ер жеткенде «бəрі биолог» болмайтынын ескеріп, «биолог еместер» үшін экологиялық, биологиялық сауаттылық негізін беру.
  6. Биоэтика мəселесі, бұл — əр адамның санасында, жанында туа біткен «ішкі бақылаушысы», адамның бойындағы жалпы адамдық моралі. Өмірді, тіршілікті аса жоғары құндылық деп түсіну, тіршілікті «пір тұту», қадірлеу, аялау.
  7. Табиғатпен үндестікте өмір сүру, даму мəселесін ата-бабаларымыздың сауатты тіршілік əрекетінен оқып-үйренуге мəн беру.

Қорыта келе, осы айтылған жағдайларды бір жүйеге келтіретін, оқу-тəрбие жұмыстарында дұрыс жолға қоятын «педагогикалық ноосфера» негізі жасалуы қажет.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Вернадский В.И. Философские мысли натуралиста. — М.: Наука, 1988. — 519 с.
  2. Комиссаров Б.Д. Методологические проблемы школьного биологического образования. — М.: Просвещение, — 187 с.
  3. Моисеев Н.Н. Человек и ноосфера. — М.: Мол. гвардия, 1990. — 113 с.
  4. Иванов В.Г. Конфликт ценностей и решение проблем экологии. — М.: Знание, 1991. — 313 с.
  5. Такенов Ж. Окружающая среда и устойчивое развитие в Казахстане. — Алматы: Казахстан, 2004. — 211 с.
  6. Люцис К. Биологическая энциклопедия. — М., 1991. — 734 с.
  7. Вернадский В.И. Химическое строение биосферы Земли и ее окружения. — М.: Наука, 1987. — 340 с.
  8. Тарасов К.Е., Черненко Е.К. Социальная детерминированность биологии человека. — М.: Мысль, 1979. — 366 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.