Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кəсіби даярлау

Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында: «Мен сіздерге — жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер», — деген. Мемлекет болса, өз тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тəртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асырулары үшін бар мүмкіндіктер жасап келеді. Елбасы бұл Жолдауында мемлекетте білім алып, еңбек етіп жатқан азаматтарға ең озық жабдықтармен жəне ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруді міндеттеп отыр. Əрине, біздің еліміз үдемелі индустриалды-инновациялық бағытта шарықтап, тез дамып келе жатқан елдердің қатарында. Сол себепті жаңа өзгерістерге əр уақытта да қазақстандық азаматтардың дайын болулары керектігін Елбасымыз ашық айтты. Елбасының осындай саясатын жете түсінген ел азаматы өзінің кəсіби біліктілігін үзбей жетілдіріп, озық технологияларды меңгеру жолында тынымсыз еңбек етуі керек шығар [1].

Елбасы өз Жолдауында прагматикалық стратегия құра отырып, қазақстандықтарға жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу мақсатын қояды. Ол үшін инновациялық зерттеулер мен əзірлемелер дайындап, ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндіктерінің бар екендігін баса айтады.

Елбасы ұсынған елімізді өркендетудің жеті бағыты да маңызды. Оның ішінде төртінші бағыт білім саласының қызметкерлері, біздер үшін, өте маңызды болып табылады. Ол — жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттігі. Бұл бағыт білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді. Оқыту əдістемелерін жаңғырту, отандық білім беру жүйесіне инновациялық əдістерді, шешімдерді жəне құралдарды қарқынды енгізуге тиістігі заман талабы. Жаңа заман талабына сай пəндерді өзгерту, ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми жəне білім пəндерінен арылу, сонымен бірге сұраныс көп жəне болашағы бар бағыттарды күшейту мəселесін шешу деп Жолдауда айрықша атап өтілген.

Қоғамдағы қазіргі əлеуметтік-экономикалық өзгерістер оқушыларды оқытып тəрбиелейтін қызметкерлерді даярлау мен олардың біліктілігін жетілдіру ерекше маңызды екендігін көрсетіп отыр. Сонын айғағы ретінде мақалада педагогикалық инновацияны оқу-тəрбие процесінде пайдалану проблемасы болашақ мұғалімдерді даярлаудың аспектісі ретінде алынды. Дəл осы процесс мұғалім тарапынан ерекше назар аударуды жəне біліктілікті қажет етеді.

Болашақ мамандарды жалпы кəсіби даярлау, педагогтардың жекелеген қасиеттерін қалыптастыру Ш.А.Əбдіраман, О.А.Абдуллина, Қ.Ж.Аганина, С.И. Архангельский, А.Е.Əбілқасымова, Е.И.Бурдина, Е.О.Жұматаева, С.Т. Каргин, Қ.М.Кертаева, Н.В.Кузьмина, С.З.Қоқанбаев, А.Қ.Нұрғалиева, Т.С.Сабыров, М.Н.Сарыбеков, Ə.Ə.Усманов, Н.Д.Хмель жəне педагогикалық инновациялардың дамуын қарастырған Б.Ə.Əбдікəрімов, С.Ə.Əбдіманапов, Е.З.Батталханов, С.Н.Лактионова, Ш.Т.Таубаевалардың, сондай-ақ мұғалімнің инновациялық іс- əрекетін зерттеген М.Ж.Жадрина, Қ.М.Нағымжанова, М.М. Мұқаметқали, тағы басқа қазақстандық ғалымдардың зерттеу еңбектері қызығушылық тудырды.

Педагогикалық инновация жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан- жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ойын, ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын білдіретін интеллектуалдық іс-əрекетінде көрініс береді. Сонымен қатар педагогикалық инновация жеке тұлғаның танымдық мүмкіндіктерін жəне қоғамдық бағытын, болмысқа деген көзқарасын қалыптастыратынын ескерсек, қарастырылып отырған проблеманың көкейкестілігі нақтылана түседі. Бүгінгі таңда кəсіби педагогикалық білімнің заңдылықтарын жəне кəсіби маманның тұлғасын қалыптастыруды сипаттайтын белгілі бір ғылыми қор жинақталды. Дегенмен оқушыларымен жұмыс істейтін болашақ мұғалімдердің теориялық əзірлігі мен əдістемелік шеберлігін жетілдіруде жаңа еңбектер əлі де қажет.

Білім саясатының өзекті мəселелері — кəсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-əдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен əдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тəрбие тəжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру жəне қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.

Сонымен қатар бүгінгі таңда ауыл мектептерінде болып жатқан инновациялық процестер экономикалық, əлеуметтік, экологиялық жəне өзге де аса маңызды мəселелерді шешу қажеттілігіне бағытталып, ауыл оқушыларын білім беріп тəрбиелеуде, олардың ой-өрісін дамытуда жəне мəдениетін қалыптастыруда жаңа мүмкіндіктер беруде.

Білім беру жүйесіне қатысты болып жатқан жаңалықтардың нəтижесінде ауыл мектебіде маңызды орынға ие, осыған орай, білім сапасындағы өзгерістер айтуға тұрарлық.

«Ауыл», «мектеп» тақырыбы əрқашан да тек қоғам қайраткерлері мен ағартушылардың іс- əрекеттерінің нысаны болып қана қоймай, ғылым саласында да көкейкесті мəселе ретінде ғалымдардың назарынан тыс қалған емес.

Ауыл мектебінің құрылуы мен дамуы, тыныс-тіршілігін жəне оның қоршаған ортамен, қоғаммен байланысын Ы.Алтынсарин, Ф.Е.Брадке, А.Г. Заболоцкий, И.Г.Песталоцци, С.А.Рачинский, В.Н.Татищев, Л.Н. Толстой, К.Д.Ушинский, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.

Аталмыш проблеманың ғылыми тұрғыдан дамып, қалыптасуына қазақстандық ғалымдардың да қосқан үлесі ерекше. Атап айтсақ, Ш.М.Əбеуова, Г.Е.Нұрмұханова, Е.А.Өтебаева өз еңбектерін ауыл мектебінде оқушылардың агроэкологиялық мəдениетін, шығармашылық дербестігін қалыптастыруға, адамгершілік, экономикалық тəрбие беруге арнаған [2, 3].

Бүгінгі күні ауыл мектебінің мұғалімдерін даярлау мəселесі де ресейлік (Е.В.Бондаревская, Л.В.Левчук, Н.С.Жбанкова, З.Г.Найденова, Н.Д.Неустроев, Т.Г.Савинов т.б.), отандық (Ш.К. Беркімбаева, Е.А.Битабаров, Т.Б.Машенбаев, Б.А. Нұрмағанбетова, Р.М.Шерайзина т.б.) бірқатар ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып, шешімін тауып келеді.

Нақты айтқанда, ауыл мектеп мұғалімін даярлаудағы жалпы ерекшеліктері (П.А.Жильцов, А.Е.Кондратенков, А.Н.Чалов жəне т.б.), тəрбие қызметін жүзеге асыру (Л.С.Дровалева, О.А.Краснова, В.Г.Максимов, П.П.Пивненко т.б.), ауыл мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыру (И.И. Августевич, А.Ф.Иванов, В.Г.Разумовский жəне т.б.), шағын комплектілі мектебінің мəселелері (Г.У. Оразамбетова, Г.З. Əділғазинов) қарастырылған.

Жоо-да оқып жүрген студенттердің 80 пайызы ауыл балалары, олар университетті аяқтағаннан кейін өз ауылдарына, өз мектептеріне барады, сондықтан оларға ауыл жағдайында педагогикалық инновацияны пайдалана білуге үйрету — біздің міндетіміз.

Болашақ мұғалімдердің əдістемелік, теориялық, кəсіби даярлығының сапасын арттыруда арнайы курстардың маңызы зор. Əсіресе қоғамдағы өзгерістер білім беру саласына да айтарлықтай өзгеріс əкеліп отырған заманда күнделікті болып жатқан жаңалықтан хабардар болу, педагогика саласындағы, оның ішінде əр мұғалімнің өзі оқытып жүрген пəні төңірегіндегі жаңа əдіс-тəсілдерді, инновациялық іс-əрекетті бақылап отыру мұғалімге өте қажет. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда «Ауыл мектептерінің бастауыш сыныптарында педагогикалық инновацияны пайдалану» атты арнайы курсын енгізудің қажеттілігі төмендегідей болды:

  • педагогиканың жоғары оқу орындарында оқытылып жүрген негізгі курсы педагогикалық қызметтің дəстүрлі тəжірибелеріне сүйенеді. Ал, қазіргі мектептер педагогикалық жаңалықтарды өз тəжірибелеріне енгізуге бет бұруда. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерге университет қабырғасында инновациялық іс-əрекетке бағыттау өте пайдалы болмақ;
  • педагогикалық инновацияны, педагогикалық технологияларды оқып-үйрену болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің шығармашылық ойлауын дамытудың ең тиімді факторы;
  • ұсынылып отырған арнайы курс студенттердің болашақта өзінің кəсіби білімін, шеберлігін жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде жүруге жол ашады, дағдыландырады;
  • инновациялық іс-əрекетпен танысу, студенттердің болашақта өз бағыт-бағдарын анықтап, өзіндік пікір қалыптастыруға, өзінің іс-тəжірибесін жинақтауына, өзіндік инновациялық іс-əрекеттің қалыптасуына көмектеседі;
  • арнайы курс, сонымен қатар жаңалыққа деген біржақты көзқарасты жояды, яғни барлық мұғалімнің өз пəнінің ерекшелігін ескеріп, соған байланысты педагогикалық инновацияны пайдалана білуге, инновациялық іс-əрекетке бағыттауды үйретеді;
  • педагогикалық инновацияны пайдалану арқылы студенттердің ұстаздық мамандыққа деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады [4].

Ұсынылып отырған арнайы курс белгілі бір жаңалықты, технологияларды таңып, үйретуді өзіне мақсат етпейді, ол тек студенттерге жаңалыққа ұмтылудың, жаңалықты іздеудің жолдарын көрсетіп, бағыт-бағдар сілтейді, олардың өз бетінше іздеуіне, жан-жағына ойлы көзқараспен қарай білуге үйретеді, педагогика саласындағы негізгі тұжырымдар, ережелер, идеялар мен оқытудың жаңа принциптері мен заңдылықтарымен таныстырады.

Аталмыш «Ауыл мектептерінің бастауыш сыныптарында педагогикалық инновацияны пайдалану» арнайы курс (студенттер үшін) оқу процесіне енгізілді. Оқу бағдарламасының мазмұнына жасалған қосымшалар оқып-үйреніліп, осы пəндер бойынша ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалану жөнінде білім берілгеннен кейін алынған бақылау нəтижесінде студенттердің басым көпшілігі бастауыш ауыл мектебіне дербес пəндер əдістемесінен мазмұнын жаңашылдық тұрғысынан меңгергендіктерін байқатты. Алайда студенттердің жартысынан көбінің педагогикалық инновация туралы хабары болғанымен, оларды нақты ауыл мектептерінде пайдалану əдістемесінен білімдерінің саяздығы аңғарылды. Олардың теориялық даярлықтары жеткілікті деңгейде болмағандықтан, біз «Ауыл мектептерінің бастауыш сыныптарында педагогикалық инновацияны пайдалану» атты арнайы курс бағдарламасын жасадық.

Арнайы курстың негізін білім беру саласындағы, жаңашылдыққа шығармашылықпен қарау, жеке тұлғаны қалыптастыру процесіне іс-əрекет тұрғысынан келу, бастауыш мектептің оқу-тəрбие жандандыру идеялары құрайды.

Бұл курсты жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндерден кейін оқыту көзделеді. Себебі ол, біріншіден, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлауға бағытталған жоғары оқу орнындағы оқу-тəрбие процесі құрылымында негізгі пəн болып табылады, екіншіден, кəсіптік жəне арнайы пəндердің өзіндік жалғасы болады, студенттер арнайы курсты оқып- үйрену барысында алған білімдеріне сүйенеді, үшіншіден, арнайы курс студенттердің педагогикалық практикасында жалғасын табуы керек.

Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық əлеуетін дамытуды, мұғалім ic-əрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Осыған орай, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде жаңа жағдайда жұмыс атқаруға, педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау — заманның ең маңызды талаптарының бірі.

Біздің ойымызша, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануды даярлауда арнайы курстың орны ерекше.

Арнайы курстың мақсаты — болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалану жөнінде теориялық біліммен қаруландыру жəне сол алған білімдерін мектептердегі оқыту процесінде нəтижелі пайдалана білу біліктерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Бұл мақсатқа жету төмендегі міндеттерді шешумен байланысты:

  1. «Инновация», «педагогикалық инновация» ұғымдарына түсініктеме беру.
  2. Ауыл мектебінің ерекшеліктерін, педагогикалық инновацияны меңгеру жолдарын тереңірек үйрету.
  3. Болашақ маманның педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлығын, педагогикалық қабілеттілігін, танымдық қызығушылығын өздігінен білім алу дербестігін қамтамасыз ету арқылы қалыптастыру.
  4. Жалпы ғылымилық жəне кəсіптік дайындығында білім берудің экономикалық, ақпараттық жəне технологиялық жақтарын терең меңгеруін қалыптастыру.

Бағдарламада арнайы курстың негізгі сабақ түрлерін өткізудің тақырыптық жоспары беріледі: лекциялар 16 сағат, семинарлар 14 сағат, СӨЖ 14 сағат (кестені қара).

Семинар сабақтарында бағдарламадағы кейбір тақырыптардың мазмұнына енетін негізгі мəселелер талқыланады, пікірталастар өткізіледі, студенттердің баяндамалары мен ғылыми хабарлары тыңдалады, бастауыш сынып мұғалімнің педагогикалық инновацияны дұрыс пайдалануды даярлауға байланысты дөңгелек үстел, іскерлік ойындар ұйымдастырылады.

 «Ауыл мектептерінің бастауыш сыныптарында педагогикалық инновацияны пайдалану» атты арнайы курстың жоспары К е с т е

 Арнайы курс мазмұнына мұғалімнің іс-əрекеті, инновациялық іс-əрекеті, «инновация», «инновациялық іс-əрекет» ұғымдары жəне оны меңгерудің теориясы, педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлығының диагностикалық əдістері, инновациялық іс-əрекетке даярлауда аудиториядан тыс жұмыстардың тиімді жолдары баспасөзде жарияланып, көпшілік қолдауына ие болған жаңа технологияларды, педагогикалық жаңалықтарды меңгеру əдістемесі, жаңашыл педагог идеялары мен тəжірибелері алынды.

Əр тарау өз ерекшелігіне қарай лекция, семинар, практикалық сабақ, студенттердің өзіндік жұмыстары, іскерлік ойындар, пікірталас, бейнетаспадағы жазбаларды көріп пікірлесу, жаңашыл мұғалімдердің сабақтарына қатысу, Интернетпен жұмыс жасау, компьютерлік оқыту жұмыстары қарастырылады.

Арнайы курс аяқталғаннан кейін, сауалнама жүргізіліп, студенттер əр түрлі нұсқада есеп берді. Мысалы: реферат жазып қорғау, əр түрлі жаңалықтарды жүзеге асырып жүрген мұғалім туралы буклет дайындау немесе бастауыш сынып мұғалімінің ауыл мектебінде педагогикалық инновацияны пайдаланудың диагностикалық картасын жасау т.б.

Арнайы курс бағдарламасы даярлық сапасына нəтижелі ықпал ететіндігін байқауда студенттер арасында алдынала даярланған сұрақтар бойынша сауалнама жүргізілді.

Сұралған студенттердің 93 %-ы аталған курстың міндетті түрде оқытылуын құптады, ал 3 %-ы құптағанымен, тапсырмаларды міндетті түрде орындаудың қажеттілігін жоққа шығарды, ал 4 %-ы даярлықты арнайы курссыз да жетілдіруге болады деп түсінді.

Арнайы курсты сынақтан өткізу барасында болашақ мұғалімдерімен мынадай жұмыс түрлері мен əдістері қолданылды. Жеке жəне топтармен жұмыс түрлері, студенттердің өз бетімен іс- əрекеттерін ұйымдастыру, педагогикалық-психологиялық əдебиеттермен, электронды оқу құралдарымен жұмыс, Интернет желісімен жұмыс, вебинар ұйымдастыру, Web-сайт желісін құру, шығармашылық тапсырмалар орындау, педагогикалық міндеттер мен əр түрлі жағдайларды шешу, студенттермен реферат тақырыптары мен ғылыми хабарламалар дайындау, мектептегі өткізілетін сабақтарға жəне іс-шараларға жоспар жасау, мұғалімдердің озық іс-тəжірибелерімен танысу.

Сонымен, студенттердің берген жауаптары арнайы курс бағдарламасының тиімділігін дəлелдеді.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық инновацияны пайдалануы мынадай ретпен жүзеге асырылады:

  • білім берудегі жаңашылдықпен танысып, талдау;
  • оны өз іс-əрекетінде қолдану туралы шешім қабылдау;
  • жаңашылдықты өз тəжірибесінде қолдану мақсаттарын белгілеу;
  • эксперименттік жұмыс кезеңдерін жоспарлау;
  • болашақта кездесетін қиыншылықтарды алдын ала болжау;
  • жаңашылдықты педагогикалық процеске енгізу;
  • инновациялық іс-əрекеттің нəтижелерін қорытындылап, бағалау жəне талдау.

Студенттердің берген жауаптарына жасалған талдау біз ұсынып отырған арнайы курстың тиімділігін көрсетті. Дегенмен, болашақ мұғалімдердің даярлығы толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Сондықтан студенттердің осы алған білімдерін практикада, ғылыми-əдістемелік əрекеттерде біліктілікпен пайдалана білу жəне өздігінен білімін жетілдіру дағдысын қалыптастыру мақсатында оқудан тыс іс-əрекет түрлері жүзеге асырылады. Бұл айтылғандардың нəтижелі жүзеге асуы мұғалімнің осы саладағы даярлық деңгейіне байланысты.

Сонымен, алынған нəтиже «Ауыл мектептерінің бастауыш сыныптарында педагогикалық инновацияны пайдалану» атты арнайы курсының болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда маңызы зор екендігін көрсетті.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан — 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: Елбасы Жолдауын талқылауға арналған шаралардың материалдары / Жауапты ред. Б.К.Сұлтанов. — Алматы, 2013. — 226 б.
  2. Нұрмұханова Г.Е. Қазіргі кезеңде ауыл мектептерінде оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыру: Пед. ғыл. канд. ... автореф. — Түркістан: Нұрлы Бейне, 2006. — 30 б.
  3. Өтебаева Ə.Т. Ауыл мектебі оқушыларын рухани адамшершілікке тəрбиелеудің педагогикалық шарттары: Пед. ғыл. канд. ... автореф. — Алматы, 2007. — 24 б.
  4. Мұхаметжанова А.О. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау: Пед. ғыл. канд. ... автореф. — Қарағанды, 2010. — 30 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.