Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Биолог-ұстаз жəне тəрбиеші тұлғасы

Қазіргі кезеңде мамандықтар мен кəсіп түрлері өте көп. Əр мамандықтың өзінің ерекшеліктері мен артықшылықтары бар, сондықтан оларды басты жəне болмашы деп бөлуге болмас. Əрқайсысының өмірде өз орны, өзіне тəн белгісі бар.

Ұстаздық мамандықтың ерекшелігі тек оның оқушыға білім беретіндігінде емес, біз балалар үшін барлық жағынан үлгі боламыз. Осы басты мəселе. Біз жұмысымыздың, біліміміздің, шеберлігіміздің үнемі елге, халыққа қажет екендігін, ертең бізден білім алған əрбір адамның үлкен, дербес өмірге қадам басатынын ұмытпағанымыз абзал. Барлық адам, президенттен бастап қарапайым жұмысшыға дейін, ұстаз «жасаған өнім».

Биология мұғалімі де «жасаушының» бірі, алдыңғы қатарлысы десе де болады, себебі осы ғылымның, пəннің ерекшелігі солай. Біз басында айтып өткендей, адамның «мазмұнының» негізін құрайтын дүниетаным, адамгершілік жəне имандылық тəрбиеде биологияның орны ерекше [1].

Өмірді, тіршілікті оқыту оңай ма? Кез келген кітапта, көрнекі құралда, тірі ағзалар жөніндегі киноларда өмірді көрсете ала ма? Жоқ! Өмір дегенді, оған жақындамай, ұстамай қалай түсінуге болады? Кез келген тірі нысанды оқуда оның өмір деп аталатын үлкен айдында басқалар сияқты бір нүкте екенін өзіміз ұға, түйсіне аламыз ба? Бөлшектерін оқып, тұтастығын түсінгіміз келеді. Тіршілікті, өмірді біртұтастықта қабылдауға тəрбиелеу — биолог-ұстаздың ең басты парызы.

Сабақтың сапасы — мектептің маңызды міндеттерінің бірі. Көпшілік биолог-мұғалімдер оқушылардың өздері оқу сабағының сапасына еш қатысы жоқ деген нық сенімде: «Көбірек қаталдық жəне тəртіп, көбірек сабақтағы жұмыс, сонда біз жоғарғы сапаны қамтамасыз етеміз». Жоқ, олай болмайды. Бүгінгі білімнің сипаты өзгерген. Қазіргі жылдам, жанталасқан үрдістер, құндылықтардың бағалануы білімді бүкіл өмір бойына түгел алып шығуға мүмкіндік бермейді. Бұл, ендеше, биологияны оқыту үрдісін өзгертуді талап етеді, ол дегеніміз — басты міндет болып білімді игеру əдістемесі тұр деген сөз. Барлығы түсінікті, қисынды сияқты. Ал, биолог-мұғалімнен не талап етіледі? Қазіргі таңдағы сабақ мазмұнына қарай, формасына қарай қандай болуы керек?

Биологияның негізгі мəселелерін: даму, көбею, сыртқы жəне ішкі құрылыс, оның қызметі, гигиена т. б. сұрақтарды қалыптасқан ізбен (сабақ сұрау — жаңа материалды түсіндіру — бекіту — үйге тапсырма) қатаң талап қоя отырып, оқытуда қандай жоғары нəтижеге жетуге болады?

Бір мектептегі биология сабағына қатысқанда байқағанымыз, ол сабақта бəрі болды: сұрау, жаңа материалды түсіндіру, т.б. тіпті кішкене зертханалық жұмыс та жүргізілді, яғни «бəрі ғылым бойынша», əдістемешілердің ұсынысымен. Бірақ сабақ көңілсіз жəне енжар болды. Неге? Мұғалімде сол сабақтың жемістілігін беретін шығармашылық шабыт болған жоқ. Ал осындай серпіліссіз, жаңашылдықсыз сабақта басты мəселе — педагог пен сыныптың бір маңызды ортақ іс атқарғаны сезілген жоқ [2].

Білім академиялары, институттар, алдыңғы қатарлы педагогикалық тəжірибе зертханаларының əдістемелік проблемаға байланысты жұмыстары, əрине, құнды, маңызды, олардың барлығы тек пайда əкеледі. Бірақ шығармашылық — ұсыныстар мен кеңестерді «суретке түсіру» емес, сабақта əр түрлі əдіс-тəсілдерді, үйренген педагогикалық жаңалықтарды көрсету де емес. Ол шын мағынасында мүмкін əрекеттерді өзіндік толғау, ізденіс ынтасы, баланың «жанын қозғау», оның білімге, пəнге жəне сабаққа деген сезімін, қызығушылығын ояту. Шығармашылық — біреудің шекпенін кию емес, ол рухтық күй, ұстаздық мамандықтың мəні. Ол əдістеме канондарына жауап беретін шаблондыққа, енжарлы дəстүрлілікке төзбейтін ұстаздың ішкі күйі.

Оқыту теориясындағы бір мəселе, білімнің толыққанды меңгерілуінің бастапқы айғағы — мұғалімнің өз жұмысына деген шығармашылық ыңғайының болуы. Өзің шығармашыл адам бола тұрмай, шығармашылыққа үйрете алмайсың. Ал өзіңді осы тұрғысында көрсету үшін сабақтарға аса тыңғылықты дайындалу керек.

Бұл жерде нені айтуға болады? Əуелі, əрине, ұстаздың білімінің жан-жақтылығы жəне тереңдігі, оның ой-өрісінің кеңдігі қажет. Мұғалім өзінің сабақта беретін материалынан көп білуі керек. Сондықтан сабаққа дайындық тек қана оқулық көлемімен шектелмеуі тиіс. Тек біліп қою аз. Өтілетін материалға байланысты ғылыми зерттеулер, басқа да бар деректерді ойында жүйелеп, қорыта отырып оқушыларға жеткізуі қажет. Ол үшін тақырып бойынша ғылыми білімді шығармашылықпен байып- тап ұғыну керек. Басты мəселе — балаларды еліктіретін ойлау əрекетін жоспарлап, ұстаздың қандай көмегінің шамасымен шешілетін шығармашылық тапсырмалар қойылатыны ойластырылуы шарт. Сабаққа дайындалу барысында ондағы шығармашылық жұмысқа оқушыларды түгел немесе барынша көбірек тартатын өздік жұмыс формаларын, оны ұйымдастыру түрлерін қарастырып неғұрлым бала- ны көбірек ойландыруға тырысу керек.

Сабаққа шығармашылықпен дайындалу оқушыларға эмоционалдық əсер ету жолдарын, олардың сұраныстарын жəне оқу мотивтерін барлық сабақ бойына жобалап ойластыруды оны елестетіп шама- лаумен байланысты.

Пəнді оқытудағы күрделі мəселенің бірі — ол тіршіліктің шығуымен байланысты, эволюциялық даму жолдары, бұл əсіресе қазіргі дінге сену, əркімнің əр түрлі жолды ұстау еркімен байланысты мəселелерден келіп шығады. Бұл биолог-ұстаздың алдына оңай міндет қоймайды. Əйтсе де оның ұстанымы екі жақты болмауы керек. Өйткені ешкім мектептен дүниені, əлемді ғылыми тұрғыда түсіндіруді тартып алған емес. Осы тұста маңызды нəрсе ол тек қана нақты ғылыми деректерді алға тарту емес, байсалды, сабырлылықпен түсіндірмелі, əрине, терең мазмұнды ғылыми əңгіме. Осындай көзін жеткізе айтқан деректер ұстазға деген сенім мен сыйластықты жеңіп алуға, сөйтіп оқушылар арасынан пікірлестер тартуға себеп болады. Екінші мəселе, қазіргі қалыптасқан экологиялық жағдай, табиғаттағы тосын көріністермен байланысты биологиялық білімнің рөлі. Біз алдында айтып кеткендей, экологиялық мəдениет, экологиялық сауаттылық қалай тəрбиелену керек дегеннен туындайды. Осы айтылғандар жəне басқа да биологиялық білім мен тəрбие үрдісінде биолог-ұстаздың тұғырының биік болуы қажет, шығармашылық ізденіс — кəсіби шеберлікке жеткізетін жол.

Қазіргі балалардың көп нəрсені өте ерте біліп, кейде əдейі (мұғалімнің сол мəселеге байланысты не білетінін байқағысы келіп) сабақтан тыс мəселелерді сұрайды. Бұл кездесіп жүрген шындық. Ақпарат ағынының молдығы, стрестер, ерте есею, күдіктіліктің дамуы — бұлардың барлығы уақыт талабы. Балалар өздерінше өмір сүргілері келеді, көпшілік, біздіңше, қоғамның эталонын олар қабылдамайды. Ал ұстаз, тəрбиеші міндетті түрде өзін-өзі ұстай білуі керек, өйткені ол — педагог. Кəсіби шыдамдылық, басқаша ойлайтындарды түсіне алу кəсіби борышыңа адалдық болып есептеледі. Ең тамаша мектеп, тамаша безендірілген биология кабинеті, жетілдірілген оқулықтар мен оқу құралдары — ешқайсысы жəне еш уақытта ұстаз тұлғасына шақ келмейді, оны еш айырбастай алмайсың. Оның рөлі жоғары дəрежелі. Оның бала ойына жəне бала рухына (жанына) əсері — негізгі тəрбиелеуші күш. Сондықтан қазіргі таңда ең өзекті проблема — кəсіби шеберлік, тіпті кейбір біздің əріптестер үшін кəсіби жарамдылық [2].

Биолог-ұстаздың тұлғасы, оның эрудициясы, өз ісіне берілгендігі жəне талантты оқушылар санасына өшпес белгі қалдырады, көбінесе олардың қабілеттері мен ықыластарына тəуелсіз, жеткіншектердің өмірлік жолын анықтайды.

Қазіргі, жаңа оқушыға жаңа, білгір, эрудициясы жоғары, жаңашыл-ұстаз керек. Оқушылар биологияны жақсы меңгеру, жақсы білу үшін не керек? Бірден жауап бере алмайтын қиын сұрақ.

Ұстаз жетістігінің басты жағдайы, оның шығармашылығының алғы шарты ол — балалармен ынтымақтас болудағы ішкі сезімінің көрінісін беруге дайындығы жəне талпынысы. Ұстаз өзінің ішкі сезімін пəнге деген қатысымен, сүйікті ісімен шұғылданғандық қуанышымен, өз білімін басқаларға бере алу мүмкіндігінен рухтануымен (шабыттануымен), білімін əр түрлі, тіпті аяқ астынан болған жағдаятқа қолдана алу біліктілігімен көрсетеді.

Мұғалімнің əдістемелік мəдениеті биолог-ұстаз үшін кəсіби қызметінің субъектілік қыры болып, ол педагогика ғылымында қалыптасқан тəжірибені өз қызметінде көрсету қабілетімен жəне, бір жағынан, өзінің қажеттілігі, тəжірибесі мен білімінің — екінші жағынан, биологиядан оқу-тəрбие үрдісінің жағдайы мен дамуы арасындағы шекті іздеу болып табылады.

Əдістемелік мəдениет шығармашылықтың барынша көрінуінде қалыптасады. Ол кəсіби шеберліктің нақты қозғаушы күші болып табылады. Мұғалімде оның болмауы оқу-тəрбие үрдісінің пəрменділігін тежейтін жəне төмендететін жағдай болып табылып, тоқырау мен консерватизмге əкеліп соқтырады. Мұғалімнің əдістемелік мəдениеті педагогикалық мəдениетпен үндес. Педагогикалық мəдениет тек ұстаздың өз пəнін терең білуімен ғана шектеліп қоймайды, одан кеңірек педагогикалық білімге негізделеді. Əдістемелік мəдениет — ол ұстаздың даралығымен қамтамасыз етілетін, оқушыларға биология ғылымының заңдылықтары мен теорияларын жеткізе алу біліктілігімен, оқытылатын ғылымға қызықтыра алу, нəтижесінде оларды терең практикалық биология білімімен қаруландыра алатын шеберлік жəне нəзік өнер. Əдістемелік мəдениет педагогикалық мəдениеттің басты бөлшегі болып табылады жəне жалпы мəдениет пен педагогикалық мəдениеттер негізінде қалыптасады, сонымен қоса мынадай білім жүйесін, атап айтқанда:

  • биологияның ғылыми-теориялық негіздерін;
  • педагогика- психология ғылымдары негіздерін;
  • биологияны оқыту əдістемелерін;
  • педагогикалық еңбек шеберлігінің негізгі ойлары мен технологияларын;
  • білім беру мен тəрбиелеудің негізгі əлеуметтік сұраныстары мен талаптарын меңгеру негізінде қалыптасады.

Биолог-ұстаз əдістемелік мəдениеттің жоғары деңгейін сол уақытта меңгереді, егер оған жеке тұлғаның шығармашылық дербестігі жəне өзін-өзі ұйымдастыру қабілеті дарыған болса.

Ұстаздың ең етене кəсіптік белгісі — педагогтық əдеп. Мұғалімнің кəсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық əдебінде жатады. Əнші үшін үн немесе музыкант үшін музыканы ұғу қандай қажет болса, ұстаз үшін педагогтық əдеп сондай қажет.

«Əдеп» латынша tactus «жұғысу», «адамдар арақатынасының түрі» мағынасында қолданылады. Əдеп — адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай. Педагогтардың кейбіреулері педагогтық əдеп мұғалімнің оқушыны баурап алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулері — мұғалімнің жалпы мəдениетінің құрамдас бөлігі; үшінші біреулері пəнді жетік білу жəне оның əдістемесін жақсы меңгеру деп есептейді. Осы айтылғандардың бəрінде де педагогтық əдептің азды- көпті белгілері бар [3].

Педагогтық əдеп ұстаздық шеберлікпен де байланысты. Ұстаздық шеберліктің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, дүниетанымы, оның ой-пікірлік нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, негізгі материалды терең түсінуі, толғауы. Үшіншіден, оқу-тəрбие жұмысының əдіс-тəсілдеріне жетіктігі. Кең мағынада алғанда педагогтық əдеп — ұстаздың əрбір нақты іс үстінде тəрбие мəселесінің ең ұтымды əдіс-тəсілдерін қолданып, оқушыларды баурап алатын кəсіптік сапасы.

Мұғалім өз жұмысында əр түрлі кəсіптік тəсілдерді пайдаланады. Олардың көпшілігі оқушылармен байланыс орнату немесе байланысты үзбеу мақсатында, оларға психологиялық əсер ету, белгілі бір көңіл-күйге келтіру жəне сыныпта жағымды атмосфера тудыру үшін болады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің деңгейі, ол осы тəсілдерді қаншалықты меңгерген, жұмыста қаншалықты дəрежеде саналы қолдана алатындығымен анықталады.

Мұғалім қандай жағдайда болсын оқушыларға əйтеуір əсер етеді (барлық адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда əсер ететіні сияқты). Ұстаз өзінің оқушыға қай уақытта, қалай əсер ететінін əркез өзі біле ме, өзінің осы əсерін басқара ала ма жəне көкейдегі нəтижесін ала алады ма, мəселе осыда.

Ұстаздың оқушылармен əрекетіндегі ілтипаттылық, сенім, əділдік (оқушылардың көбінесе назар аударатыны бағалау əділдігі), төзім жəне сабыр сақтау, əзіл, тапқыр сөз т.б. сияқты педагогтық кəсіптің негізгі ерекшеліктерімен қатар аса маңызды бір жай — ол сөйлемей қарым- қатынас жасау, басқа бірнеше каналдар арқылы байланыс. Олар ымдау, тұспалдау, кейіпі, бет бейнесі, дауыс ырғағы, жанасу (тию), арақашықтықтан əсер ету. Өзінің сөйлемей істейтін қылығын құбылта отырып, ұстаз қажетті ықпал етуге жете алады.

Психологияда белгілі осы жағдайлардың бірі — арақашықтық. Мұғалім мен оқушының арақашықтық арқылы байланысы көбінесе алдыңғы 2–3-партадағы балалармен екі арада жақсы көрінеді. Одан əріректе отырған жəне шеткері отырған балалармен байланыс төмен болады, ол балалар мұғалімнің ықпалынан тыс қалады. Олардың көңілін аудару үшін мұғалім үнемі қосымша тəсіл — сабақты бөліп ескерту жасауға мəжбүр болады. Бұл тəсілдің əсері ұзаққа бармайды да, мұғалім бірте-бірте ашулануға дейін барады. Егер ұстаз сыныпта еркін қозғалып жүрсе, ол барлық оқушыларды кезекпен өзінің əсер ету аясына ала алады, əрқайсысын тарта, қарата алып, кері байланыс орнатады. Бұл, əрине, мұғалім үздіксіз сыныпта жүре береді деген емес. Ол қатармен өтіп бара жатып бір парта жанына тоқтап, сол жерден сөйлей алады, осындай кезде əсер ету тақта алдындағыдан басқаша болады. Оқушыға жақындау бұл оған көңіл қою, онымен жеке байланыс жасау, оның сабақтағы жұмысын белсендіру болып табылады. Егер мұғалім оқушыға тек жазалау үшін, бір нəрсені алып қою, тексеру үшін ғана жақындаса, əрине, оның сыныптағы кез келген жүрісі ыңғайсыздық, тек қолайсыз жағдайды ғана күтуді туғызады. Ал егер ұстаз сабақ үстінде қарым- қатынасты жақсарту үшін жүретін болса, онда ол оқушылар белсенділігін едəуір арттырады.

Оқушылардан сабақ сұрау кезінде де əр түрлі «арақашықтық вариантын» пайдалануға болады, бірде жақын отырғандарға, бірде қашықтағылармен байланыс құру арқылы барлық сыныпты тартуға болады. Сонымен арақашықтықты өзгерту ұстаз-оқушы арасын жақындата түседі. Мысалы, оқушыларға кейде ұстаздың олардың парталарына отырып, онымен бір дəрежеде сөйлескені күтпеген жағдай болуы мүмкін. Ал ол ұстаздың баланы жақсы сезінуіне мүмкіндік береді.

Жанасу арқылы көңілді аударуға, жекелей байланыс орнатуға, оқушыға өз ықтиярыңды білдіруге болады. Сабақтағы мұғалімнің сынып ішінде еркін жүруі осы тəсілді қолдануға жеңілдік береді. Оқушылармен байланыстың бұл жолы əсіресе төменгі сынып балаларымен жұмыс кезінде маңызды. Сабақты үзбей ол, алданып отырған балаға қолын тигізіп, сəтті жауабын атап мадақтап өтуіне болады. Жағымсыз ұстау, жанасулар да болады ол, баладан бірдеңені алып қою, оның қылығын тежеу т.с.с., осындай жанасудың «сабақтан тыс» болатыны кездеседі (дəлізде, далада). Осындай жанасулар балада жағымсыз сезім қалдырады, бұл бір қысым көрсету, күш жұмсау сияқты əсер етіп, оқушы келесіде мұғалімнен қашқақтап жүреді де, кездесіп қалса, жауап қайтаруға итермелейді [4].

Қимыл, қылық (жест), ишара бұл мұғалімнің əбір сабақтағы үйреншікті жұмысы (қалам алу, тақтаға жазу т. б.). Осыған қосымша басқа, сабақ кезіндегі оқушымен арадағы байланыстағы қимыл сыныпта бастапқы минуттен белгілі бір көңіл-күй қалыптастырады. Қимыл ашумен, қатал немесе көңілсіз болса балалардың жауабы да осыған сəйкес болады. Кейде биологияда тірі ағзалардың көптеген қимыл, қылықтарын көрсету қажет болатын кездері болады. Бұл үлкен шеберлікті талап етеді.

Бет-бейне, немесе бет-əлпет, бұл адамның ішкі дүниесін көрсететін айна. Адам жөнінде алғашқы əсер, пікір жəне онымен қатынас жасау көпшілік жағдайда оның бет-əлпетіне байланысты. Ал балалар үшін бұл жағдай еселене түседі. Балалар жеңіл жымиған мейірімді бейнені ұнатады да тұйық, көңілсіз адамдармен аса еркін сөйлесе алмайды. Олар байсалды бет-бейне мен əдейі жасалған қатал бейнені бірден аңғарады.

Өкінішке орай, көпшілік биолог-мұғалімдерде балаларға əсер ету үшін «арнайы бет-бейне» жасауды міндетті, қажет нəрсе деп түсіну жиі кездеседі. Көбіне ол қатал, маңдайы тыжырылған бет- əлпет — ол бетке киген маскадай ойдан шығарылған бейне, өзінше бір жақсы тəртіпке жəне оқушының үлгеріміне əсер етеді деп есептеледі. Бірте-бірте, өкінішке орай, бұл маска бетке қоса бітісіп кетуі, сөйтіп мұғалім сынып алдында осы өзі шығарған бейнеде мəңгілікке қалып қоюы мүмкін. Осы жасандылықты оқушылар өте жақсы сезеді. Ол балаларды мұғалімнен алшақтатады, байланысты қиындатады. Ал егер байланыс нашар болса, онда біріккен жұмыстан қандай жетістік күтуге болады?

«Арнайы ашуланған» бет-əлпет те балалардың жағымды қатынасын тудырмайды. Сондай-ақ балалар шын ашулы кейіпті бір түсінікті жағдайдай дұрыс «қабылдайды».

Ұстаз мимикасының ширақ болуы да басты жағдай. Қарым-қатынас жасаған адамның əрекетіне бет-бейнесінде белгілі бір жауап болған адаммен жеңіл түсінісіп кетуге болады. Сондықтан балаларға бет-əлпетінен барлығы «көрініп тұратын» мұғаліммен жұмыс істеу жеңіл, ал бетінде еш өзгеріс болмайтын мұғаліммен қиын, кері байланыс жоқ, мұғалімнің не ойлап, қандай сезімде тұрғаны түсініксіз.

Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзі сезбейтін, кең таралған құбылыс — «белгілі бір оқушыға арналған арнайы бет-əлпет». Əрине, мұғалімге ұнайтын оқушылар болады, жағымсыз, сөйлескенге ұнамсыз балалар да болады. Сөйтіп əр түрлі оқушыға қарым-қатынас жасағанда ұстаздың бет-əлпеті соған сəйкес пішінді қабылдап, оқушы оны бірден «оқып», сезе қояды. Осы жағдай пайда болған жатсыну сезімін одан əрі бекітіп, ұлғайтуы мүмкін. Төмен үлгерімдегі оқушыдан мұғалім сабақ сұрағанда алдын ала «үмітсіз» бейнемен: бəрібір түк білмейсің, жауап бермессің деп қарауы жиі кездесетін құбылыс. Мықты оқушы, əдетте, жадыраған «бұл біледі» деген үмітті бейнені көреді. Осының бəрі, əрине, адамшылық жағынан да түсінікті нəрсе. Бірақ кəсіпқой ретінде ұстаз өзініңмінез- қылығын билей алады жəне билеуі керек, оған міндетті, сөйтіп жағдаятты жақсы жағына қарай өзгертуге: кімге онысыз да қиын, соны демеуге, сөйтіп ол оқушы өзін үмітсіз сезінбей, жетістікке жететіндей болуын қамтамасыз ету керек.

Айта кететін бір жай, төменгі жəне орта сыныптарда пəнге қызығушылық, балалардың белсенділігі олардың ұстазбен қандай қарым-қатынаста екендігіне байланысты, мұғалім тарапынан мейірім, демеу, ерекше көңіл бөлуімен едəуір дəрежеде байланысты болады. Осының бəрі, əлбетте, мұғалімнің оқушыға қараған бет-əлпетінен «оқылып тұрады».

Көзқарас — бұл оқушымен қарым-қатынастағы көру мүшесі арқылы байланыс. Алыстан қарағандағы арақашықтықта əсер етеді. Ол оқушылардың барлығын жəне əрқайсысын шолып шығуға мүмкіндік береді. Жақын отырған оқушыларға көзқарас қатты əсер етеді, əсіресе талмай, ұзақ қараудың əсері күшті. Балаға ересек адамның көзқарасы өздерінің құрдастарына қарағанда,«күштірек» əсер етеді. Сондықтан мұғалім өзінің ескертуін, сендіруін қадала қараумен қоса жүргізсе, ол балаға «тым ауыр» болуы мүмкін.

Талғаусыз, немқұрайды көзқарас та оқушыға ыңғайсыз: мұғалім сені көріп тұр ма, жоқ па, бұл байланыс жасауға бөгет.

Көбінесе көзқарас қаталдық пен құптамаушылықты, риза еместік пен наразылықты білдіреді, ал қанағаттанғандық пен қуаныш, құптау мен ықыласты, қызығушылық пен жандандыруды аса сирек көрсетеді.

Ұстаздың жұмысының негізгі құралының бірі — оның даусы. Дауыстың шығуы — қарым- қатынастағы маңызды компонент. Бұл жерде барлығы маңызды — дауыстың «күші», жоғары- төмендігі, интонация, сөздің екпіні, ырғағы.

Мұғалімнің қатты дауысы — бұл кəсіби проблема. Үнемі қатты сөйлеуге тырысқан мұғалімнің жай сөйлеуі бірте-бірте қиынға соғады. Бұл жағдай оның өзін жəне балаларды үнемі «тырысып» тұруға дағдыландырып жібереді. Қатты дауыс қысымшылық жасаудың бір тəсілі болып табылады. Оқушылармен ол осылай қабылданады да: шаршатады, наразылық, қарсылық тудырады, сөйтіп осындай дауыспен беріліп тұрған ақпаратты қабалдау қиынға соғады [4].

Аса қатты дауыс немесе айқай əуелде балаларды қорқытуы (əсіресе кішкентайларды) мүмкін, есі шығып мелшиіп қалуы мүмкін. Жоғарырақ сынып балаларында басқаша реакция болады. Ол бірте- бірте əдет болып кетіп, мұғалім «айқайлайды да қояды» деген жағдайға жетеді. Оқушылар үнемі қиын жағдаятта айқайлап қана қоятын, басқа қолынан ештеңе келмейтін мұғалімнің əлсіздігін де сезеді.

Оқушылар мұғалімнің дауысын үнемі естиді, ол дауыс сыныпта бір атмосфера қалыптастырады, жұмыс өтетін орынның ахуалын білдіреді. Сондықтан дауыстың жоғарылығы, тембрі аса маңызды. Мысалы, құлақ тұндыратын, ащы немесе бірсарынды, күңіренген дауысты үнемі тыңдау аса ауыр. Мұғалімнің дауыс екпіні де, егер ол аса жылдам болса, қабылдауға əсер етеді. Сөздердің мағынасы олардың арасындағы кідірісте қабылданады, егер кідіріс жоқ болса — бала мағынаны мүлде түсінбеуі мүмкін. Бірыңғай емес, үзік-үзік екпін де қабылдаудың біртұтастығына бөгет болып, мұғалімнің де жұмыс тиімділігін төмендетеді.

Дауыс ырғағы мұғалімдерге тəн кəсіби-əдет, ол əр түрлі мұғалімдерде көбінесе бірдей болады да тілдің жекелеген ерекшеліктерін «жауып» кетеді. Ең басымды болып есептелетін өнегелі, өтімді- түсіндірмелі ырғақ.

Жас мұғалімдерде арнайы ерекшеленген ырғақ қаталдығы жəне қатал бет-бейне болады. Осылардың барлығы бірігіп балада «ол өте қатал мұғалім, онымен ойнау қауіпті» деген сезім тудырады. Осындай дауыс ырғағын қолданудың бір кері нəтижесі балалардың жатырқап кетуіне, сырт кездескендегі қатынаста бөгет болуына əкеледі.

Керісінше, қатал ырғақ жұмсақ байланыс арасында аса сирек болса, онда ол сыныпты елең еткізіп, қиын кезеңде балаларды жұмылдыруға бірден-бір себеп болады.

Осы орайда, қазақ халқына тəн шешендік өнердің ұстаз тұлғасына қабыса түскені бірден-бір үйлестік болатынын айту керек. Мұғалімдердің барлық сөздері балалардың «жанына», жүрегіне жете ме? Бұл біздің қолымыздан келіп жүр ме?

Шынын айтсақ, көпшілік жағдайда, жоқ. Əрине, сөз құдіретін меңгерген, ұстаздықты мəдениет аясына шығарған мамандар бар, бірақ сирек. Олар тақырыпты, мазмұнды «шыр айналдырады», балаларды еліктіріп, ойлануға мəжбүр етеді, толғантады, «ұйқыдағы бүршігін» оятады. Ал көпшілік мұғалімдер əдетте, кітап бойынша, əдістемелік құрал бойынша, конспект бойынша оқытушылар ғана. Осыдан барып тек «сұрақ — жауап» принципінде оқу жəне оқыту қалыптасады, сөйтіп бірсарынды сүреңсіз сабақтардан енжарлы бала тəрбиеленеді. Бұл ол мұғалімдердің кінəсі емес, соры [2].

Ұстаздың шешендігі бұл — өнер. Өйткені сабақты беру аз, оны орындау қажет, бұл нəзік өнер. Шешендікпен бірге биология ғылымына берілгендігі, рухани байлығы, имандылық дəрежесі шеберлікті асыра түседі. Осы қасиеттер тоғысқан ұстаздар баланы ретін келтіріп мақтауды: «сен дұрыс айттың», «тамаша», «жақсы жұмыс» деп жəне тағы басқа жолдармен тіпті оқушының жетістігі шамалы болса да соны атап, қанаттандырып қояды. Ол балаларда өзіне деген сенім тəрбиелеп, келесі қадамын одан да нық басуға себеп болады, өз еңбегіне алған мадақтауының тəтті сезімін кешеді, оқушының білімге деген қызығушылығын оятады.

Биология мұғалімінің сұрақ қою шеберлігі де ұстаздық шеберліктің бір көрінісі, себебі пəннің ерекшелігі, алдыңғы бөлімдерде қарастырылып өткендей, сұрақтардың балаларды жаттанды жауапқа емес, «білім тасымалдау», ақпараттарды саралау, салыстыру, қиялдау сияқты шығармашылық еңбекке талпындыруы керек. Осыған байланысты сұрақтардың демеу, жетелеу, түрткі сұрақтар жəне талдап-тарқату сияқты түрлері болатыны белгілі.

Барлық осы қарастырылған мұғалім мен оқушы арақатынасындағы жағдайлар айналып келгенде ұстаздың кəсіби шеберлігін көрсететін ерекше қасиеттер. Осындай қасиет бір мұғалімде мол, бірінде болмауы мүмкін, ол адамның туа біткен ерекшеліктері негізінде көрініп, кəсіби шеберлікті шыңдау нəтижесінде ұлғаяды. Қазақта «арқасы бар» деген сөз бар, ол ұстазға əбден тиесілі, себебі «арқаның болуы» негізінен туа біткен дарынмен дəл тапқан кəсіп иесінде ұштасып шарықтап көрінеді. Бұл мəселе, шығармашылық кəсіптегі адамдарға тəн қасиет, себебі ол өз «бабын ұстаса» басқа мəселенің барлығын ұмытып, сол жағдайға «бойлап кіреді», «ағыл-тегіл» шыға береді. Шығармашылықтың шарықтау шегінде көріну кез келген ұстазға абзал қасиет [2].

Осы ерекшелік жаңашыл ұстаздар сияқты өз ісінің хас шеберлерінде жиі кездеседі. Қандайда бір сабақта, оқу-тəрбие үрдісінің кез келген үрдісінде шығармашыл ұстаз керек десеңіз өз тəсілдерін іздейді, табады, жасайды. Осындай ұстаздардың сабақтағы шығармашылығы əр түрлі жағынан байқалуы мүмкін: ол бір проблемалық тапсырманы шешу жолын орынды ымдаумен, иə тұспалдаумен немесе аяқ астынан ойына келген (ұстаздың өзіне де тосын) проблеманы қою, бірден, дайындықсыз демеу-ізденушілік əңгіме ме жəне тағы басқа да əйтеуір ұстаздың өзінің бір əдеттен тыс, өзіне ғана тəн берілгендік, тілектестік қырынан көрінуін құрайды.

Шығармашылықты бір əдеттен (дəстүрден) тыс жағдай деп алсақ, онда ол алдыңғы еңбек не дене шынықтыру сабағынан немесе бір жарыстан (концерттен) т.б. көңілі бөлініп, алаң болып келіп отырған оқушыларды осы сабаққа ден қойғызу үшін аса қажетті қасиет.

Ұстаз еңбегіндегі тағы бір ерекшелік — мақтау, мадақтау. Жалпы, бала тұрсын, кез келген адамды мақтаған оны бір «көтеріп тастайтыны» белгілі. Осыдан баланы мақтау, мадақтаудың оқу- тəрбие үрдісіндегі маңызына шек келтіруге болмайды. Бірақ ол орынды болуы тиіс жəне жиі болмағаны жақсы (жиі болса, оның мəнділігі төмендейді). «Тамаша жауап», «өте жақсы айттың»,

«жарайсың» деген сөздерді балалар күтіп отырады. Оқушыны марапаттаудың арасы неғұрлым сирек болса, соғұрлым оның ынталандыру əсері күштірек болатынын ұмытпаған жөн. Баланың талпынысын, бір жетістігін (əсіресе төмен үлгерімдегі оқушыны) дер кезінде байқап мақтау, көмектесу немесе демеп жіберу оған тəртібін өзгертуге, қызығушылығын оятуға себеп болып, жазалануынан сақтап қалуға əсер етуі мүмкін. Жазалау да мұғалім еңбегінің бір көрінісі, бірақ жазалауға сараңырақ болу керек.

Барлық айтылғандарды сабақтай келіп жас мұғлімдерге мынадай кеңес беруге болады:

  • оқушының жаттанды жауабымен келіспеңіз. Жауаптың дəлелін, түсініктемесін талап етіңіз;
  • оқушылардың өзара дау мəселелерін (оқу-тəрбиемен байланысты) жеңіл жолмен шеше салмаңыз. Тура, дəл жауабын беріп немесе былай шешіледі деп жолын айтып бермеңіз;
  • өз оқушыларыңызды мұқият тыңдаңыз, сөйтіп олар үшін бір жаңа мəселені ашуға себеп болуы мүмкін;
  • дəстүрден тыс ойлауға, соған «ұрындыруға» тəрбиеле, өзіңді де солай ойлауға тəрбиеле.
  • Ұстаздың өзі қай кезде де оқушы;
  • оқушыға: «Сенің ойыңды тыңдауға, талдауға уақыт жоқ» деп еш уақытта айтпаңыз;
  • мақтауға, марапаттауға, көтермелеуге «қарымбай» болмаңыз;
  • сабақтың «өмірлік» бағдарламасы болмайды, үнемі бірдей сабақ жүргізу əдісі де жоқ, шығармашылық керек.

Бұл қысқаша айтылып өткен ұстаздық еңбектің қыр-сырлары, əсіресе жас, еңбек жолын енді бастаған мұғалімдерге тəжірибелік қор ретінде болатыны анық.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Реброва Л.В. Личность воспитывает личность // Биология в школе. — 1999. — №
  2. Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту əдістемесі. — Қарағанды: «Санат-Полиграфия» ЖШС, 2006. — 344 б.
  3. Шакузадаұлы Н., Ерғалиева Ж. Əдептілік қағидалары. Тəлім-тəрбие бөлімі. — Алматы: Өнер,
  4. Онищук В.А. Урок в современной школе. — М.: Просвещение

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.