Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Болашақ бастапқы əскери дайындық мұғалімдерін инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлау мəселелері

Қазіргі кезде білім жүйесінде күрделі əрі ауқымды реформалар жүріп жатыр. Бүгінгі заман жоғары технологиясы дамып, əр түрлі мыңдаған ақпараттық мəліметтердің ағыны шексіз күшейген кезде, жалпы жаңа технологияларды білім беру саласына шоғырландыру заңды құбылыс. Олардың нəтижелі іске асырылуы көптеген факторлардан тəуелді. Соның ішінде бұл процесті психологиялық- педагогикалық қамтамасыз ету маңызды орын алады. Қоғамның, білім беру практикасының қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту мен тəрбиенің жаңа теорияларын, концепцияларын, жаңа ғылыми тұғырлар мен қағидалар жасау педагогика ғылымының өзекті мəселелерінің бірі болып табылады. Педагогика саласында көптеген ғылыми жұмыстар жаңа технологияны қолдануды мақсат етеді. Технологиялар оқу процесін қарқындатуға, ғылыми-техникалық ақпараттың жылдам өсу жағдайында жəне маманды даярлауға қойылатын жоғары талаптарды білімді жоғарғы сапалы жаңа сатыға көтеруде ең күшті құралдардың бірі болып саналады.

Болашақ педагогтарды даярлау жүйесінде жоғарыда аталған мəселелер өз көрінісін табуы тиіс. Атап айтқанда, педагогикалық білім берудің өзі инновациялық сипатта болуы тиіс жəне болашақ мамандардың өздерін де инновациялық іс-əрекетке даярлау қажет.

«Инновация» термині ағылшынның innovation сөзінен туындаған жəне «жаңаны енгізуді» білдіреді. «Инновация» термині алғашында антропологияда бір мəдениеттің жетістіктерінің сауда, тауар айырбасы арқылы екінші мəдениетке ауысуын көрсету үшін қолданылған. Бұл термин кейін экономикаға енеді жəне біртіндеп педагогикада да қолданыла бастады.

«Инновация», «педагогикалық инновация» ұғымдарына берілген анықтамалар жеткілікті жəне кейде олар бір-бірін толықтырып жатса, кейде қарама-қарсы келіп те жатады.

«Педагогикалық инновация» ұғымының мəні педагогикалық сөздікте:

  • білім беру жүйесінің жекелеген бөліктерінің, компоненттерінің сипатын жəне оның өзін тұтастай жақсартатын, білім беру ортасына тұрақты элементтерді (жаңашылдықты) енгізетін мақсатты бағытталған өзгертулер;
  • жаңашылдықты (жаңа əдістерді, құралдарды, бағдармаларды, технологияларды жəне т.с.с.) игеру процесі;
  • идеалды əдістемелер мен бағдарламаларды іздестіру, оларды білім беру процесіне енгізу жəне шығармашылықпен ой-елегінен өткізу ретінде анықталады [1].

Бұл анықтамалардан педагогикалық инновацияның құрамдас бөлігі инновациялық іс-əрекетті байқауға болады.

Педагогикалық инновацияның болашақ педагогтарды даярлау барысында өзіндік ерекшелігі де бар. Ол заман талаптарына сай, жоғары білікті мамандарды даярлауда инновациялық педагогикалық технологияларды қолданып қана қоймай, оларды инновациялық педагогикалық іс-əрекетке даярлау қажеттілігінде. Сондықтан, болашақ педагогтарды кəсіби даярлау процесінде инновациялық педагогикалық технологиялар білім беру процесін жетілдіру құралы ғана емес, сонымен қатар олардың өздері білім мазмұны (инновациялық педагогикалық технологиялар туралы білімдер, инновациялық іс-əрекетті іздеу, қорыту, бағалау, шешетін міндетіне оны өңдеу, ыңғайлау жəне практикалық іс-əрекетінде қолдана білу іскерліктері) болып табылады.

Қазіргі кезде мұғалімдердің, болашақ педагогтардың инновациялық іс-əрекетке даярлығын жетілдіруге арналған зерттеулер баршылық. Бірақ қазіргі педагогика ғылымының назарынан тыс қалып отырған мəселелердің бірі орта мектептегі бастапқы əскер дайындығы сабағында жаңа технологияларды қолдану, осындай жаңашылдық іс-əрекетке болашақ бастапқы əскер дайындығы (БƏД) мұғалімдерін даярлау мəселесі.

Болашақ бастапқы əскер дайындығы мұғалімдерін жоғары мектепте даярлаудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Біріншіден, жоғары мектепте бастапқы əскер дайындығы мұғалімдерін даярлау негізінен ХХ ғасырдың 80-ші жылдары ғана толыққанды қолға алынды, яғни педагогика ғылымы мен практикасында аталған мамандарды даярлау тəжірибесі басқа пəн мұғалімдерін даярлау тəжірибесіне қарағанда өте аз. Ұзақ уақыт бойы орта мектепте бастапқы əскер дайындығы пəнін запасқа шыққан əскери мамандар оқытып келді. Олардың көп жағдайда арнайы əскери білімі болғанымен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеуге қажетті арнайы педагогикалық-психологиялық даярлықтары болмады. 1980-ші жылдары əскери педагогиканың теориялық жəне практикалық мəселелері зерттеле басталды, БƏД бойынша оқулықтар жазылды. Осы жылдары Кеңес Одағында 2115 — «Бастапқы əскери дайындық жəне дене тəрбиесі мұғалімін» жоғары мектептерде даярлау туралы шешім қабылданып, мамандар даярлана бастады.

Екінші ерекшелік бастапқы əскери дайындығы пəнінің мақсаты шешетін негізгі міндеттері жəне мазмұнымен байланысты. Бастапқы əскери дайындығының мазмұны айқын практикалық сипатты. Пəннің негізгі мақсаты оқушыларда ҚР Қарулы Күштеріндегі əскери қызмет туралы түсініктер қалыптастыру, оқушылардың өмірлік дағдылары мен қабілеттерін дамыту болып табылады.

«Бастапқы əскери дайындығы» пəнін оқытуда оқушыларды ҚР Қарулы Күштеріндегі əскери қызмет етуге, тез өзгеріп жатқан қоғамдағы өмірге дайындау жəне ең маңыздысы Қазақстан Республикасының суверенитетін қорғауға оқушылардың саналы даярлығын қалыптастыру міндеттерін шешу болып табылады.

Үшінші ерекшелік «Бастапқы əскери дайындығы» пəнін оқытуды ұйымдастыру формаларымен жəне мұғаліммен оқушылардың өзара əрекеттерінің сипатымен байланысты. Жалпы білім беру пəндерін оқыту процесінде мұғаліммен оқушылардың өзара əрекеті, қарым-қатынастары салыстырмалы еркін түрде болса, «Бастапқы əскери дайындығы» пəнін оқытуда мұғалім мен оқушылар арасында əскери субординация, əскери тəртіп талаптарымен шартталатын ережелер сақталуы тиіс.

Ең бастысы «Бастапқы əскери дайындығы» пəнінің интегративтік мазмұнын екендігін басып айту керек.

Бұл пəнді меңгеру заңгерлік жəне саясаттанушылық білімдерді игеруден басталады. Олар:

  • мемлекеттік құрылымның конституциялық негіздері жəне даму перспективалары;
  • Қазақстанның əскери саясатының жалпы қағидалары жəне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қарулы күштердің ролі, армияның қоғамдағы жəне мемлекеттегі орны;
  • қазіргі кезеңде əлемде жүріп жатқан жаһандық өзгерістер аясында елдің əскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстанның əскери саясаты;
  • бейбітшілік уақыттағы, қауіп кезеңінде жəне əскери қақтығыс басталғандағы əскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің міндеттері, Қазақстанның əскери доктринасы;
  • əскери қызметті өтеудің құқықтық негіздері;
  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жалпы əскери жарғылары.

Техникалық білімдер: əр түрлі қарулардың (автомат, пулемет, граната, снайпер винтовкасы жəне т.б.) қолданылу мақсаты, əскери қасиеттері, жалпы құрылысы жəне жұмыс істеуі, ату барысындағы ақаулар жəне жою əдістері, техникалық қауіпсіздік шаралары туралы түсініктер.

Техникалық іскерліктер: əр түрлі қарулардың (автомат, пулемет, граната, снайпер винтовкасы жəне т.б.) тетіктерін жəне бөліктерін шашуды жəне жинауды, ату барысындағы ақауларды жою əдістерін меңгеру.

Арнайы дене дайындығы: саптық дайындық.

Географиялық білімдер: топографиялық карта туралы түсінік, карта масштабы жəне оның түрлері, координаталар жүйесі, азимут жəне оның түрлері жəне т.б.

Медициналық білімдер: ауруларды күту, адам денесінің əр түрлі мүшелерін таңу əдістері мен ережелері, əр түрлі бақытсыздық жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету.

Жоғарыда аталғандар «Бастапқы əскери дайындығы» пəнінің мазмұнының қаншалықты кең ауқымды екендігін көрсетеді жəне тиісінше болашақ бастапқы əскери дайындық мұғалімдерін өздерінің кəсіби іс-əрекетінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлау да жан-жақты іске асырылуы тиіс.

Педагогикалық немесе оқыту технологиялары туралы айтар болсақ, А.С.Макаренко [2] тəрбие процесін кеңестік педагогиканың теориясы мен практикасында өте үлгілі ұйымдасқан

«педагогикалық өндіріс» ретінде қарастырады. Ол тəрбие процесінің стихиялық тұрғыда ұйымдастырылуына қарсы болып, «педагогикалық техника» идеясын ұсынды. «Кеңестік тəрбиелеу техникасын «жасай отыра, ол тəжірибеде «тəртіп техникасын», «педагогтің тəрбиеленушімен əңгімелесу техникасын», «өзін-өзі басқару техникасын» жəне «жазалау техникасын» жетілдірді. Оның мəні — адам баласында бар жақсылықты жобалап, оның күшті де бай табиғатын қалыптастыру.

Педагогикалық технологияны педагогикалық процестің жəне оған қатысушылар əрекетінің бір- бірімен байланысты компоненттері, кезеңдері, жағдайларының бірізділікпен жүйелі жəне үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тəсіл ретінде де қарастыруға болады.

М.В.Кларин [3] бойынша, педагогикалық технология педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданылатын барлық тұлғалық, инструменттік жəне əдіснамалық құралдарды іске қосудың ретін жəне жүйелі жиынтығын анықтайды.

«Педагогикалық технология» түсінігі білім беру практикасында өзара бағынышты үш деңгейде қолданылады:

  • жалпы педагогикалық деңгей: жалпы педагогикалық (жалпы дидактикалық, жалпы тəрбиелік) технология нақты аймақтағы, оқу мекемелеріндегі оқытудың белгілі бір басқышындағы тұтас білімдік процесті сипаттайды. Бұл жерде педагогикалық технология педагогикалық жүйеге ұқсас: оған оқытудың əдісі, құралы жəне мазмұн-мақсаттарының жиынтығы, процестің субъектісі мен объектісінің іс-əрекет алгоритмі кіреді;
  • жеке əдістемелік (пəндік) деңгей: жеке пəндік педагогикалық технология «жеке əдістеме» деген мағынада, яғни оқыту мен тəрбиелеудің белгілі бір мазмұнын бір пəн, сынып, мұғалім шеңберінде жүзеге асыру үшін қажетті құралдар мен əдістер жиынтығы ретінде қолданылады;
  • локалды (модульдік) деңгей: локалды технология оқу-тəрбиелік процестің жеке бөліктерін, жеке дидактикалық жəне тəрбиелік міндеттерді шешуді (іс-əрекеттің жекелеген түрлері технологиясын, түсініктерді қалыптастыру, жекелеген тұлғалық қасиеттерді тəрбиелеу, сабақ беру технологиясы, жаңа білімдерді меңгеру, материалды бақылау жəне қайталау технологиясы, өзіндік жұмыс технологиясы жəне т.б.) қарастырады.

Əдебиеттерде жəне мектеп практикасында «педагогикалық технология» термині «педагогикалық жүйе» түсінігіне синоним ретінде жиі қолданылады. Жоғарыда атап көрсеткендей, «жүйе» түсінігі

«технология» түсінігіне қарағанда кең жəне одан айырмашылығы, іс-əрекеттің субъектісі мен объектісін қарастырады.

Жеке пəндік жəне локальді деңгейдегі «педагогикалық технология» түсінігі толығымен дерлік оқыту əдістемесі ретінде қабылданады. Дегенімен технологияларда процестік, сандық жəне есептік компоненттер көбірек, ал əдістемелерде мақсаттық, мазмұндық, сапалық жəне бағыттық жақтары қарастырылған.

Технология əдістемеден өзінің қайта ұсынылу, нəтижелердің тұрақтылығымен, «егерлердің..» (егер мұғалім талантты болса, балалар қабілетті болса, ата-ананың түсінігі мол болса...) жоқтығымен ерекшеленеді.

Технология мен əдістеменің араласуы кейде əдістеменің технология құрамына кіріп кетуіне, кейде, керісінше, технология түрлерінің оқытудың əдістемелік құрамына енуіне əкеліп соғады.

Сонымен бірге кейбір технологиялар арасында бекітіліп кеткен, таза ғылыми түзетілмеген терминдерді де (оқытудың ұжымдық əдістері, Шаталов əдісі, Палтышев жүйесі, Вальдорф педагогикасы т.б.) қолдану кездеседі. Болашақ бастапқы əскери дайындық мұғалімдерін өздерінің кəсіби іс-əрекетінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлау осы үш деңгейді қамтуы керек [4].

Жоғары оқу орнының оқыту процесінде игерілетін педагогикалық технологиялардың «Бастапқы əскери дайындық» мамандығы студенттерінің болашақ кəсіби іс-əрекет объектісіне сəйкестігі — оларды таңдаудың басты қағидаларының бірі.

Ғылыми педагогикалық зерттеулерге жасалынған талдау болашақ бастапқы əскери дайындық мұғалімдеріне қажетті педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Олар:

  • кəсіби-бағдарланған технологиялар — оқытудың кəсіби бағыттылығы есепке алынған жəне болашақ мамандардың қызығушылығына, бейімі мен қабілетіне бағдарланған педагог пен студенттің психологиялық, жалпы педагогикалық, дидактикалық тұрғыдан өзара іс-əрекетінің жүйесі;
  • интеграциялық технологиялар — бұл курстар, оқу тақырыптары, оқу проблемалары жəне басқа да оқытуды ұйымдастыру формалары деңгейінде əр түрлі пəндік білім, іскерлік, дағдының интеграциясын қамтамасыз ететін дидактикалық жүйелер;
  • ойын технологиялары — оқу-тəрбие міндеттерін шешуге бағытталған іс — əр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер;
  • ақпараттық-компьютерлік технологиялар — ЭЕМ-дер (электрондық есептеу машинасы) мен олардың желілері, əсіресе дербес компьютерлер арқылы ақпаратты алуды, қайта жасауды, жеткізуді, сақтауды жəне пайдалануды көздейтін дидактикалық жүйелер.

Ақпараттық-компьютерлік технологиялар — адамзаттың ақпараттық іс-əрекетін қамтитын технологиялық процесс, яғни мұнда «бастапқы шикізат» та, «ақырғы өнім» де ақпарат болып табылады. Сол себепті ақпараттық технологиялар əр түрлі формадағы (мəтіндік, графиктік, визуалды, дыбыстық т.б.) ақпаратты жинау, тіркеу, жөнелту, қабылдау, сақтау жəне өңдеу процестерінен тұрады. Жаңа техникалық құралдардың, ақпараттық-есептеу жүйелерінің пайда болуы ақпараттық технологиялардың ұдайы дамуы мен жетілдірілуіне ықпал етеді.

Ақпараттық-компьютерлік технологиялар жайлы айтқанда, оның теориялық жəне технологиялық аспектілерін ажырата білу керек. Ақпараттық технологиялардың теориялық аспектісі ақпараттың алуан түрлерінің ЭЕМ жадында бейнеленуі, деректерді құрылымдау, технологиялық құралдар көмегімен ақпараттық есептердің қойылымын жасау жəне шешу əдістері сияқты мəселелерді қарастырады. Ал ақпараттық технологиялардың технологиялық аспектісіне қолданылатын аппараттық жабдықтар мен түрлі программалық қамтамалар жатады.

Ақпараттық-компьютерлік технологиялар оқытуда білімді беру үшін (оқытушының іс- əрекетінде қолданылуы), білімді қабылдау үшін (білім алушының іс-əрекетінде қолданылуы), оқытудың сапасын бағалауда жəне оқу-тəрбие үрдісінде білім алушының тұлғасын жан-жақты дамытуда қолданылады.

Ақпараттық-компьютерлік технологиялар білім беру жүйесінде:

  • білім алу мүмкіндіктерінің аясын кеңейту үшін, оқытудың қашықтан оқыту сияқты жаңа формасын жүзеге асыру мақсатында;
  • оқыту құралы;
  • білім сапасына жəне білім беру қызметтеріне мониторинг жасау құралы ретінде қолданылады.

Əрине, бастапқы əскери дайындық мұғалімдеріне өздерінің кəсіби міндеттерін тиімді шешу үшін басқа да технологияларды игерулеріне тура келер. Олар оқу-тəрбие процесінде туындаған нақты жағдайлардан, шешілуге тиісті міндеттерден тəуелді. Дегенмен, бастапқы əскери дайындық мұғалімдеріне өздерінің кəсіби қызметтеріне қатысты жоғарыда аталып кеткен педагогикалық технологияларды бірінші кезекте меңгерулері керек.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь. — М.: Академия, 2001. — 176 с.
  2. Макаренко А.С. О воспитании / Сост. B.C.Хелемендик. — М.: Политиздат, 1988. — 256 с.
  3. Кларин М.В. Личностная ориентация в непрерывном образовании // Педагогика. — 1996. — №
  4. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учеб. пособие. — М.: Народное образование, 1998. — C. 15–16.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.