Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балабақша бағдарламаларындағы тіл дамыту мəселелері

Қоғамдық мектепке дейінгі тəрбиені дамыту балабақша қызметкерлерінің алдына жаңа міндеттер қойды. КСРО Министрлер Кеңесі мен СОКП Орталық Комитетінің 1959 ж. 21 мамырдағы қаулысы мектепке дейінгі мекемелердің ары қарай дамуын анықтады. Балабақшалардағы негізгі шешімін тапқан нəрсе, ясли мен балабақшаларды біріктіріп, балалар бақшасы болып құрылды. Ол туғаннан бастап мектепке барғанша тəрбиеленетін балаларды қамтыды. РКФКР педагогикалық ғылым академиясы КСРО ғылым академиясымен бірлесе отырып, мектепке дейінгі бала тəрбиесіне арналған бірыңғай бағдарлама шығаруды тапсырады.

Ертеректе шыққан «Балабақша тəрбиешісіне арналған жетекшілік» деген əдістемелік құрал РКФКР-дің Халық ағарту министрлігінің мектепке дейінгі мекемелерде «Ерте жастағы балаларды тəрбиелеу туралы əдістеме» негізінде құрастырған «Балабақшалардағы тəрбие бағдарламасы» бола тын. Оның шығуына орай мектепке дейінгі мекемелердегі үздік тəжірибелер, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтижесі, мектепке дейінгі педагогика, психология, бала физиологиясы т.б. мəселелер талқыланды.

Қазақстанда «Балабақша тəрбиесінің бағдарламасына» өзгерістер мен толықтырулар енгізілу негізінде тұңғыш рет 1964 жылы қазақ тіліне аударылды. «Сауаттылыққа үйрету» бөлімінде қазақ тілін оқыту базасы құрылды. «Көркем əдебиет» бөлімі қазақтың халық ертегілері мен қазақ совет жазушыларының шығармаларымен толықтырылды. «Музыкалық тəрбие» бөлімі қазақтың халық му- зыкалары мен қазақ совет композиторларының шығармаларымен толыға түсті. Бұл бағдарламадағы толықтырулар балабақшадағы ІІ топтан бастап енгізу көзделді, мысалы, екінші кіші топта оқу мен əңгіме үшін 21 көркем шығарма тіркелген. Əн, күй, музыка, ырғақ үшін — 10 шығарма, орта топтағы көркем əдебиет — 32, музыкалық шығарма 14 болса, ересек топтағы көркем əдебиет — 34, музыкалық шығарма — 14; мектепке даярлық тобында — 41 көркем əдебиет, 19 музыкалық шығарамалар белгіленген. Сондай-ақ бағдарламаға халық шығармалары, қазақ совет жазушылары мен композиторларының шығармалары енген [1].

1971 жылы бағдарлама қайта жасалып, қайтадан басылып шықты. Бұл нұсқада да «Тіл дамыту», «Музыкалық тəрбие» деген бөлімдер қайта толықтырылды. Бағдарлама материалдарына қазақ ақын- жазушылары мен ақындарының, қазақтың төл өнері мен туған жердің табиғаты, қазақ композиторларының шығармалары енгізілді. Мысалы, мектепке даярлық топтарында (оқу, əңгімелеу, жаттау) қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаевтың «Жаз», Ы.Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы», «Мақта қыз бен мысық», сондай-ақ қазақтың көрнекті жазушылары С.Сейфулиннің «Балалар», Ғ.Мүсіреповтің «Қанат пен қуыршақ», Ə.Тəжібаевтің «Май, Алақай», С.Мəуленовтің «Бала батыр», Қ.Мырзалиевтың «Аңшы», А.Тоқмағанбетовтың «Ақша қар», М.Əлімбаевтың «Октябрь тойы» т.б. енді [2].

Бала тəрбиесінде үлкен орын алатын мəселенің бірі — балалардың тілін дамыту. Ы.Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында мектепке дейінгі тəрбие бөлімі сөйлеу мəдениетінің мазмұны мен əдісі, дұрыс сөйлеудің грамматикалық түрлері, тілдік байланыстарды дамыту бағыттарында жұмыс істеді. Сондай-ақ өлең оқыту, сөйлей білуді меңгерту əдістері де зерттелді. Республикадағы тіл дамыту сабақтарын ерте жастағы топтарда ауыл балаларын қала балаларымен қатар бірдей дəрежеде меңгерту зерттеле бастады. Бұл мəселеде республикаға еңбек сіңірген мұғалім педагогика ғылымының кандидаты, доцент Б.Б.Баймұратова үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол өз еңбегінде, əсіресе қазақ балаларының тілін дамыту, ана тілін оқытуды ұйымдастыру əдісі, қазақ балабақшаларында көркем сөйлеуге баулу мəселесін қарастырған.

«Бағдарламаның» қазақ тілінде шығуына байланысты, 1964 жылы Б.Баймұратованың «Біздің кітап» деген тəрбиешілерге арналған оқу құралы жарық көрді. 1974 жылы бірінші Біздің кітап», 2–4 жастағы балаларға арналған 1978 жылы «Балалар əдебиетінің хрестоматиясы» жарық көреді. Бұл кітаптарда халық шығармалары, қазақтың классик жəне совет жазушыларының, ақындарының шығармалары балалардың ана тілін меңгере отырып, тіл дамытуы үшін пайдаланылды [1, 2].

Əр педагог-маман өзінің алдындағы балалардың жеке жəне жас ерекшеліктерін ескеруі керек. Бұл бағытта бірнеше ғылыми еңбек жазған ғалым А.А.Давиденко болып табылады. «Ерте жастағы балаларды оқыту» деген еңбегінде А.А.Давиденко жас балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыра білу, оған талдау жасай білу мəселелерін қарастырады [2].

1976–1980 жж. Ы.Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының мектепке дейінгі тəрбие бөлімінде «Мектепке дейінгі балаларды оқытудың жəне адамгершілік тəрбиесін берудің педагогикалық мəселелері» деген тақырып зерттелді. Осы тақырыпта монография шығып, онда келесі сұрақтар қаралады:

  • ересек топтардағы балалардың азаматтығын тəрбиелеу;
  • мектепке дейінгі балаларға қазақтың көркем əдебиеті шығармаларын оқыта отырып, адамгершілікке тəрбиелеу;
  • көркем шығармаларды оқыта отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін жəне сөздік қорын дамыту [3].

ҚазССР Ағарту министрлігі оныншы бесжылдықта мектепке дейінгі тəрбие бөлімдері «Балабақшалардағы аралас топтардағы оқу-тəрбие жұмыстары» (1976), «Мектепке дейінгі мекемелерде оқу-тəрбие жұмыстарын басқаруды ұйымдастыру» (1977), «Мектепке дейінгі балаларды Қазақстанмен таныстыру» оқу-əдістемелік құралдарын шығарды. «Мектеп», «Жалын» баспасынан əдістеме, оқулықтар, өлеңдер жинақтары, əңгімелер, ертегілер, тақпақтар қазақ тілінде шыға бастады. Мысалы: «Балаларға базарлық», «Балаларға арналған халық ауыз əдебиеті», авторы Р.Жұмағожина, «Біз билейміз, əн шырқаймыз» — М.Əлімбаев, «Əрқашан күн сөнбесін», «Біздің ортақ үйіміз» — Ə.Табылдиев. Сонымен бірге көптеген оқулықтар мен əдістемелік құралдар қазақ тіліне аударылды.

Ана тілін (қазақ) əр жастағы балалар топтарында Х.Қожахметованың «Мəнерлеп оқу» оқулығы үлкен қызығушылықпен қолданылды. Бұл «Бағдарламада» (1971) балабақшада ана тілін мəнерлеп оқу əдісін кең қолдану көрсетілген болатын [3].

1970–1980 жылдар аяғында республикада алты жасар балаларды мектепке дайындаудың эксперимент (сынақ) жұмыстары жүргізілді. Бұл оқулықтар мен бағдарламаларды дайындауға деген ынтызарлықты туғызды. Республика көлемінде, бағдарлама бөлімдерінде көрсеткендей, ұлттық шығармаларды оқыту (қазақ халық ертегілері, халық қолөнері, ұлттық ойындар, əн, би т.с.с.) балаларды оқытып, тəрбиелеуде айтарлықтай жақсы нəтижелер беріп, интернационалдық тəрбиенің дамуына əсер етті. Республикада (Б.Баймұратова, А.А.Давиденко, Р.Жұмағожина, М.Т.Тұрыскелдина жəне т.б.) қазақ тілі мен əдебиеті, музыка, дене шынықтыру пəндері бойынша дайындаған оқу- əдістемелік құралдары ұлттық балабақшалардағы тəрбиешілерге көмекші құрал болды. Мұның бəрі республикадағы балабақшалардағы оқу-тəрбие жұмыстарының сапасы жағынан жақсы дəрежеге көтерілгенін көрсетеді. Болашақта мектепке дейінгі педагогиканы дамыту, кенжелеп қалған ғылым саласына үлес қосу болашақ жас ғалымдардың үлесі дей тұрғанмен де, балабақшалар бүгінгі таңға дейінгі жарияланған ғылыми-əдістемелік еңбектерді басшылыққа ала отырып, өздерінің алға қойған мақсат-міндеттерін айқындап, құқықтарын, қызметтерін жетілдіру үстінде болды. Мектепке дейінгі ұйымдарда тəрбиелеу мен білім беру жүйесін шығармашылық тұрғыдан жаңартуға аса көңіл бөлінді. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік стандарты мен оқу-əдістемелік кешендердің дайындалуы осының айғағы.

Еліміз тəуелсіздік алған соң қазақ тіліндегі мектептер мен балабақшалар саны едəуір көбейген. Мəселен, 1992 жылы балабақшалар саны 8589-ға жетіп, онда 933 мың сəбилер тəрбиеленеді. Баланы мектепке дайындау мəселесі үкімет тарапынан да қолға алынды. Елімізде қабылданған «Тіл туралы» ҚР Заңы, оны жүзеге асыру кезеңдері ана тіліміздің арнасын кеңейту, қажеттілігін арттыру мəселелері төңірегінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Оның дəлелі ретінде қазақ балабақшаларының, мектептерінің санын өсіру, қала жағдайында аралас балабақша мен мектептердің қажетсіздігі айғақталып, қазақ тілді кадрлардың ғылыми-кəсіптік деңгейін көтеруге күш салынды. Тілді оқыту, үйретуге байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қай ұлт болмасын тілі алдымен өзінің ана тілінде шығып, екінші тілді ана тілінің негізінде үйрену керектігі ғылыми тұрғыдан дəлелденді [4].

Қазақстан Республикасының Халыққа білім беру министрлігі тарапынан 1990 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының «Мектепке дейінгі тəрбие» бөліміне (ол кездегі тəрбие басқармасының бастығы Р.А.Даулеткелдиева) «Қазақ балабақшаларындағы тəрбие тұжырымдамасының» қазақша нұсқасын дайындау тапсырылды. Тапсырма бөлімінің ғалымдары мен ғылыми қызметкерлерінің, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің ғалымдары, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының мектепке дейінгі педагогика, психология кафедрасы ғалымдарының қатысуымен орындалып, 1991 жылдың 18 қаңтарында «Қазақстан мұғалімі» газетіне жарияланды.

Тұжырымдама жасаудағы басты мақсат — қазақ тілінде жұмыс істейтін балабақшалардың жұмыс мазмұнын қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақ тəрбиесіне мұра болып келе жатқан ұлттық дəстүріне, тұрмыс-салтына, əдет-ғұрпына, əдебиетіне, өнеріне лайықтап қайта құру. Баланың өзінің тілінде сөйлеуге үйрету, ұлттық дəстүр негізінде оларды ізгілікке, инабаттылыққа, қайырымдылыққа баулу, эстетикалық сезімін оятып, өмірдегі жақсы-жаман əрекеттерді ажырата, сезіне, тани білуге үйрету, ойлау, қабылдау үрдісін дамыту.

Республикадағы қазақ балабақшалары «Балбөбек» бағдарламасымен жұмыс істей бастады. Бағдарламаның балалардың жас, даму ерекшеліктерін ескере отырып, сəбилік кезеңнен ұлттық сананы бойына сіңіруді, оларды адалдыққа, имандылыққа, ізеттілікке баулуды, апталық жүктемені азайту, тəрбие жұмысын кіріктіре, біртұтас (кешенді) тақырыптық жүйеде жүргізу үшін «Тіл — халық қазынасы» тақырыбына республика көлемінде теориялық, əдістемелік дəріс беру жəне тəжірибелік іс-шаралар көрсету шаралары өткізіледі [4].

«Балбөбек» бағдарламасынан кейін əзірленген «Отбасында жəне балабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасы» 2000 жылы жарық көрді. Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 1762 «Балаларды міндетті мектепалды даярлау мəселелері туралы» қаулысына сəйкес отбасында жəне мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерінде 5–6 жастағы балаларды мектепке дайындауға арналған бағдарлама жасалды [5]. Бұл бағдарлама құрылымы төмендегідей: бағдарламаны дайындаудағы негізгі ұстанымдар, баланы мектепке дайындауда алға қойылатын міндеттер, арнаулы дайындық болу үшін оқу жоспары, сабақ кестесі, отбасында баланы мектепке дайындаудың ерекшеліктері, баланың отбасындағы тəуліктік тəртібі, əр тоқсан бойынша сабақтардың бағдарламасы, жыл аяғындағы білім-білік, дағдылары мен тəрбиеге қойылатын талаптарды қамтиды. Авторлар ұжымы бағдарламаның басты мақсаты 5–6 жастағы балаларды мектепке дайындауда отбасында жəне балабақшада берілетін білім мазмұнын жаңарту, оның біртұтас жүйелілігінің сақталуын қамтамасыз ету деп көрсеткен. Осы мақсатты жүзеге асыруда баланың оқу ісіне дайындығын, қарапайым білім негіздерін меңгертумен, оқу іс-əрекетін нақты міндет ретінде сезінетін тұлға қалыптастырумен байланыстырады [5].

Мектепалды топтарында қысқа мерзімде (3 айлық) «Баланы мектепке дайындау бағдарламасы» 1999 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда тəрбиеленбеген балалардың мектеп өміріне дайындау мақсатында мектеп немесе балабақша жанында қысқа мерзімді (3 айлық) бағдарлама жарық көрді. Бағдарламада тіл дамыту, көркем əдебиет, айналамен таныстыру, экология сабақтарында ана тілінің фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерімен балалардың сөздік қоры, сөйлеу тілінің даму дəрежесі, байланыстырып сөйлеу жəне сөздің құрамын игеру дағдылары ескеріледі.

Сауат ашу, қарапайым математикалық алғашқы ұғымдармен таныстыру, бейнелеу өнері арқылы айналадағы қоршаған ортаның əсемдігін көріп-білуге, əн-күй сабағында музыка өнері жайында жалпы мағлұмат, дене қимыл-қозғалысының үйлесімді экологиялық ұғымдарды ойын əрекетімен сабақтастыра жүргізіледі. Бағдарламада 6–7 жастағылармен жүргізілетін сабақтардың тізімі мен сағат саны көрсетілген оқу жоспары жəне сабақ кестесі, баланың психологиялық дайындығы, оқу жоспарындағы сабақтар бойынша қысқа мерзімде берілетін білім мазмұны, ойын түрлері, балалардың білім-білік дағдыларына қойылатын талаптар ұсынылған. «Қысқа мерзімде баланы мектепке даярлау» (2001) əдістемелік нұсқауда баланы мектепке дайындаудағы тəрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары, сабақ өткізудің əдіс-тəсілдері, үш айға жоспарланған сабақ үлгілері берілген. Үш айлық мерзімдік бағдарламаға сəйкес «Біз мектепке барамыз» атты хрестоматиялық жинақ ұсынылған [6].

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 1762 «Балаларды міндетті мектепалды даярлау мəселелері туралы» қаулысына сəйкес «Мектепалды даярлығы бағдарламасы» 1999 жылы жарық көрді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің тапсырысымен жоғарыда аталған бағдарламаға сəйкес мектепалды даярлығына арналған оқу- əдістемелік кешендер «Алматы кітап» баспасында шықты. Ғалым Ə.Əмірова міндетті мектепалды даярлығына арнап жазған «Сауат ашу» № 1, 2, дəптерлері, «Сауат ашудан» əдістемелік нұсқауы, хрестоматиясы, дидактикалық ойындары 2004 жылы баспадан жарық көріп, бүгінде республиканың барлық мектепке дейінгі ұйымдары мен мектеп жасындағы даярлық сыныптарында қолданылып келеді. Бұл оқу-əдістемелік кешендердің жоғары орындарымен арнаулы кəсіптік білім беру мекемелерінде болашақ мамандарды даярлауда «Тіл дамыту мен мəнерлеп оқу əдістемесі» пəнінде толық талқылануы ертеңгі маманның онымен жұмыс істеу мүмкіндігіне ықпалын тигізді [7].

Республикамызда білім беру саласын жетілдіруде, əлемдік білім кеңістігіне енуге байланысты 12 жылдық орта білімге көшуде 1 сыныпқа 6 жастан қабылданатындықтан, мектепалды даярлығы 5 жас- тан басталатынан белгілі. Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі даярлаған Мемлекеттік стандартқа сəйкес автордың басшылығымен қазақ балабақшаларына арналған «Тіл да- мыту» № 1, 2 дəптерлері, «Тіл дамытудан» əдістемелік нұсқау, хрестоматия, дидактикалық ойындар, көрнекі құрал ретінде 30 суретті кесте баспадан 2006 ж. жарық көрді. Осы аталған оқу-əдістемелік кешендер 2005–2006 оқу жылынан бастап республиканың қазақ балабақшаларына тəжірибеге енгізілді. «Сауат ашу жəне жазу» атты əдістемелік құрал мектепалды даярлық сыныптары мен топтарының мұғалім-тəрбиешілеріне арналған. Аталған нұсқауда сауат ашудың мақсаты мен міндеттері, қағидалары көрсетіліп, сауат ашу бөлімдеріне сипаттама берілген. Əр бөлім бойынша мұғалім-тəрбиешілердің жұмыс істеуде басшылыққа алатын əдіс-тəсілдер мен сауат ашу кезеңінің аяғында балалар меңгеретін білім-білік, дағдылар көрсетілген. Жазуға үйретудің жолдары, жазу сабағындағы жаттықтыру жұмыстары нақты көрініс тапқан. Сауат ашудан күнтізбелік жоспар тəрбиешілер басшылыққа алатын жыл бойына жоспарға сəйкес сабақ үлгілері берілген [7].

Ал, тіл дамытудағы ұсынылған əдістемелік нұсқауда бала тілін дамытуға байланысты тілдің ды- бысталу мəдениетіне тəрбиелеу, сөздің грамматикалық формасын қалыптастыру, сөздік қорын байыту (дамыту), байланыстырып сөйлеуді дамыту үшін жүргізілетін жұмыстар талданып, тіл дамыту сабағына қойылатын талаптар қамтылған.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Балалар бақшасындағы тəрбие бағдарламасы. — Алматы: Мектеп, 1964. — 18-б.
  2. Балалар бақшасындағы тəрбие бағдарламасы. — Алматы: Мектеп,
  3. Қазақ балабақшаларында тəрбиелеу, оқыту мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі. — 1991. — 18 қаңт.
  4. Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі тəрбие тұжырымдамасы // Білім беру министрлігі. —
  5. «Балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау мəселелері туралы» қаулы. — Алматы,
  6. Отбасында жəне балабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасы. (5–6 жас). — Алматы: Шартарап, 2000. — 19-б.
  7. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы. — Астана, 2006.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.