Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Вариант фразеологизмдердің көркем шығарма тілінде қолданылуы

«Варианттылық» ұғымы, жалпы алғанда, бір сөздің нормадан ауытқып, əр түрлі айтылуы немесе мазмұн, түсініктің бірнеше нұсқада жеткізілуі.

Тілдегі варианттылық — қазіргі тіл біліміндегі келелі мəселелердің бірі. Тіліміздегі сөздер мен сөз тіркестеріндегі варианттылықты «ескі» мен «жаңаның» қатар өмір сүруі десек, оның өзі тіл біліміндегі тілдің белгілі бір дəуірдегі қалпы (синхронды) мен тілдің тарихи уақытта өзгеруі мен дамуы (диахронды) жағдайында қарастырылатыны белгілі. Зерттеушілер варианттылықты тілдің барлық сатысында өмір сүруін, ең алдымен, синхронды жəне диахронды дамудың арасын үзбей, алшақтатпай байланыстыруға қызмет ететіндігін айтады.

Сөздің варианттылығы — тілдің табиғи ерекшелігінен туған лексика-грамматикалық құбылыс. Сөз варианттылығы ауызекі сөйлеу тілінде жиі ұшырайды. Айтушы (сөз иесі) сөйлеу процесінде сөз варианттарының бірін қолдана отырып, айтар ойын өз қалауынша жеткізе береді. Коммуникация заңы бойынша бір сөздің қолдану өрісінде түрліше айтылуының өзі, бір жағынан, тілдің мол мүмкіншілігінен бұрын сөздің артықшылығын көрсетеді десек те, тілдің үздіксіз даму жағдайында вариант сөздердің болуы заңды нəрсе. Өйткені тіл — қоғамдық құбылыс. Тіл кеңістік категориясынан, уақыт категориясынан алшақ дамымайды. Тіл өзінің даму сатысында белгілі бір тарихи əлеуметтік жағдайға байланысты, қоршаған орта, адамдар арасындағы түрлі жағдайлардан оқшау өмір сүрмейді. Варианттылық — тілдік норманың тұрақты табиғи құбылысы. Тілде варианттылық болмаса, норма туралы ұғым болмас еді. Тілдегі сан алуан вариант түрлері (мысалы, лексикалық) түптеп келгенде стильдік мақсатпен жұмсалады.

Қазақ тіл білімінде варианттылық мəселесін Қ.Жұбанов, Ə.Болғанбаев, М.Балақаев, И.Қ.Ұйықбаев, С.Бизақов, К.Аханов, Ш.Ш.Сарыбаев, Х.Нұрмұқанов сынды ғалымдар зерттеген.

Ə.Болғанбаев: «Сөз варианттары дегеніміз — дыбысталуы мен мағынасы бір-біріне жақын, тілде жарыса қолданылатын, шыққан тегі бір сөздер.

Сөз варианттары мынадай үш түрлі белгі арқылы ажыратылады: а) сөздің түбіріне ортақ ұқсастық болу арқылы; ə) лексика-семантикалық жалпылығының сақталуы арқылы; б) дыбыстық өзгешелігі лексика-семантикалық өзгеріс тудырмайтыны арқылы.

Бір түбірден таралған, дыбысталуы бір-біріне ұқсас келген сөздердің бəрін вариантты сөздер тобына жатқыза беруге болмайды. Кейде бір түбірге бірнеше қосымша қосып, түрлендіріп айта беруге болады. Мысалы, əпке деген сөзден əпкетай, əпкешім деп құбылтып, əр түрлі көңіл-күй, көзқарасымызды, үлкен мен кішіге ілтипатымызды білдіреміз. Бұл тəрізді құбылыстардың бəрін сөз варианттары деп қарауға болмайды» [1; 115], — деген пікір білдіреді.

Қ.Жұбанов 1929 ж. 2–4 маусымында Қызылорда қаласында өткізілген ғылыми-терминологиялық конференцияда шылаулардың варианттары жөнінде айтқан.

Ғалым 1935 ж. жазған «К пересмотру казахской орфографии» деген мақаласында жарысып айтылып, жазылып жүрген мына сөздерді атап көрсеткен: асыра-асра; Ақымет-Ақмет; көбірек – көбрек; ру – ұру; рет – ірет; Абыралы – Абралы; жəне – жəнə – жана; ешкім – ішкім; едеуір – əдəуір– нəдəуір; қарқын – қарғын; шыймай – шіймай – шыжбай; кіріпіш – керпіш – кербіс; бійбастақ –бейбастақ – бей-бастақ; жəнтік – жəндік; шыныра – шінара – ішінара; саржан – шажын [2].

Проф. М.Балақаев 1941 ж. жазылған «Қазақтың əдебиет тілінің өсу жолдары» деген мақаласында жаңа терминдердің көбейіп келе жатқанын, олардың өздеріне балама, жарыспалы сөздерге қарағанда, кең орын алып отырғанын дəлелдеді. Ол 1965 ж. «Қазақ тілі мəдениетінің мəселелері» деген кітап бастырып шығарды, бұл кітап 1971 ж. «Қазақ тілі мəдениеті» деген атпен ықшамадылы, екінші рет басылып шыққан. Осы еңбекте əдеби тіліміздің нормасы мен сөз варианттары туралы келелі пікірлер айтылады. Аталған кітапта «Əдеби тілдің нормасы» деген ІІ-тарауы норма мен вариант мəселелеріне арналған.

И.Қ.Ұйықбаев 1976 ж. шыққан «Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы» деген еңбегінде қазақ тілі мəдениетіндегі өзекті мəселелерінің бірі — өз варианттары проблемасын зерттейді.

И.Қ.Ұйықбаев сөз варианттарын: «лексикалық-семантикалық дублеттер, морфологиялық варианттар, синтаксистік жəне стильдік варианттар, орфоэпиялық жəне орфографиялық варианттар» деп бөлген [3; 16].

Сөз варианттары іштей бірнеше түрге бөлінген.

Комбинаторлы вариант сөздегі дыбыс өзгерістеріне байланысты болады (ылғал – ығал; мүсəтір -мұсатыр – нысатыр; таяз - саяз т.б.).

Факультативтік вариант — сөйлеушінің еркінше айтатын, не жазатын варианты (кəрі жілік –кəржілік; көмей - көмекей).

Сөздің индивидуалдық варианты жеке адамның сөйлеу ерекшелеіктеріне байланысты болып келеді. Стильдік вариант жеке адамның сөз қолдану мəнерін білдіреді.

Графикалық варианттар терминдерде де кездеседі. Мысалы: доңғалақ – доғалақ; шыл – шіл; диірмен – тиірмен т.б.

Сөз варианттары тілдік дəрежеде сараланып қарастырылған. Ғалым сөз варианттарын синоним деп атаған: «Сөз мағыналарының тепе-теңдігі варианттылықтың белгісі болады, сөздердегі мағыналардың қатыстық, жақындығы, жуықтығы синонимдерге тəн қасиет. Сондықтан да сөз варианттары абсолюттік синонимдер деп аталады» [3; 13].

Сонымен қатар И.Қ.Ұйықбаев сөз варианттарын абсолюттік жəне қатыстық деп қарастырады.

«Абсолюттік варианттарға сөздердің мағыналарын тапжылтпай, дəлме-дəл сол сөздердің өздерімен түсіндіру үшін қолданылған сөздер жатады: мал – мал, мал дегеніміз – мал; өрттің аты – өрт; тіл дегеніміз – тіл.

Сөздердің қатыстық варианттары олардың құрылымдық, семантикалық жəне стильдік айырмашылықтары арқылы жасалады: əйел – айал; болыпты – бопты; үлгіру – үлгеру; арбыз – дарбыз; діңке – қауын.

Жəне де терминологиядағы сөз варианттарының екі жағдайда кездесетінін айтқан:

  1. Халықаралық терминдер мен халықтық атаулардың жарысып қолданылуы.
  2. Халықтық атаулардың екі немесе одан да көп вариантта айтылуы [3; 15].

С.Бизақов вариант сөздер жайында былай деген: «Бір сөздің жарыспалы тұлғалары дегеніміз — мағыналық жағынан абсолют теңдікте тұрған, сөйлемде ешбір реңктік, стильдік бояуымен ерекшеленбейтін, əр алуан себептермен, дыбыстық немесе тұлғалық ауытқауға ұшырап, əрқалай жазылып, əрқалай айтылып жүрген дыбысталуы бөлек, бірақ қолдануында мағыналық дербестігі жоқ бірнеше вариантта айтылатын сөздер» [4].

Ғалым тілдегі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық заңдылықтар мен олардың өзгеру бағытына орай сөздің тұлғалық вариантына қатысты мынадай жəйттерді аңғарған:

  1. Сөздің көп варианттылығы — көбінесе əдеби тілдің қалыптасуының ертеректегі кезеніңе тəн құбылыс.
  2. Сөздің вариант қатарлары тілде кездейсоқ пайда болған құбылыс емес, белгілі заңдылыққа сай ғана қалыптасып келеді. Сөздің жарыспа варианттарының түзілу себебін, ең алдымен, сол тілдің өзінен, ондағы түрлі процестен, даму заңдылықтарынан іздейміз.

C.Бизақов тілде сөздің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық варианттарын топтап, фонетикалық варианттарды қолдану сипатына, тілдік қатынасына, шығу арналарына қарай, орфоэпиялық варианттарды сөйлеу тілі ауанымен болатын өзгерістен жəне жазу дəстүрі мен жазу нормасының ықпалымен қалыптасуына қарай жіктеп, грамматикалық варианттарды морфологиялық жəне синтаксистік варианттарға ажыратады.

Тіл білімінде сөз варианттарымен бірге тұрақты сөз тіркестерінің де варианттылығы зерттеу нысаны болды. Фразеологизмдердің варианттылығы жөнінде Ə.Болғанбаев, Г.Смағұлова сынды ғалымдар зерттеу жүргізген.

Ə.Болғанбаев тілдегі фразеологиздердің варианттарын былайша топтастырған: 1. Фонетикалық варианттар. 2. Лексикалық варианттар.

Мысалы: Ырза болды – риза болды, разы болды; өне бойы – өн бойы; ен дала – иен дала; адыра қал – əдіре қал – əдірем қал; бесенеден белгілі – пешенеден белгілі т.б. фонетикалық вариант жасап тұр. Ал, абыройын төкті – абыройын жойды; беті күйді – бетінен оты шықты; кəрін төкті – кəріне мінді; өш алды – кек алды; алдына жан салмады – алдына қара алмады т.б. мағыналас фразеологизмдердің бір компонентті өзара мəндес сөздермен алмасып, лексикалық варианттар болып табылады [1; 233].

Г.Смағұлова фразеологизмдердің төмендегідей варианттарын көрсетеді:

  1. Фразеологизмдердің фонетикалық варианттары.
  2. Фразеологиздердің лексикалық варианттары.
  3. Фразеологизмдердің морфологиялық варианттары.
  4. Фразеологизмдердің лексика-грамматикалық варианттары [5].

Фразеологизмдерді олардың синонимдері мен варианттарын қолданудың стилистикалық тəсілдері мен ерекшеліктері көркем əдебиетте айқын аңғарылады. Тіл қызметінің анық та сан қырлы мəнерлігі мен қуаттылығы ерекше айқындалатын тұсы — көркем əдебиет.

Фразеологизмдер шығарма тілінде айрықша көрік, ұтымды мазмұн, ұлттық колорит береді. Халық тілінің бұл қат-қабатты қазынасына барлау жасап, көзін табу, қажетіне жарату «адам жанының инженері» — жазушының шеберлігіне байланысты.

Сөйлеу тілінің фразеологиясы, басқа стильдерге қарағанда, варианттар мен синонимдерге бай келеді. Сол себепті «фразеологизмдер — сөзді жандандырып, тілімізге өткірлік сипат, ұлттық ажар беретін стильдік мəні айрықша құрал болып саналады». Тұрақты сөз тіркестері аз сөзбен көп мағынаны білдіріп, орамдылығымен, образдылығымен тілдің стильдік сапасын арттырады.

Əдетте тұрақты сөз тіркестерінің көркем шығармада қолдану ерекшеліктері қандай десек, ойға оралатын бір қағида — ол əр жазушы-ақынның өз мүмкіндігі, өз стилі.

Жоғарыда сөз етілген фразеологизмдердің вариант түрлерін көркем шығарма тілінен қарастырсақ. Мұхтар Əуезов шығармаларында аталған варианттар жиі ұшырасады. Мəселен, тағат таба алмады деген тіркестің варианты тақат таба алмады деп қолданылады. Мысалы: Тағы да сабыр, тақат таба алмай, Тұрғанбайдың қасынан аттарын борбайлап, ағызып өткізді (М.Əуезов). Сері жігіт Əкімқожа тағат таба алмады (М.Əуезов). Тағат таба алмады, тақат таба алмады саябырсыздық, дегібірсіздік деген мағынаны білдіреді, ғ-қ дыбыс алмасулары фонетикалық вариант жасап тұр.

Жазушының шығармасында протеза құбылысы кездеседі. Мысалы: — Жол, жора мені тапса, мен жаман да бір əн тауып көрейін! — деп, үй ішін ырза қылып күлдірді де, домбырасын ширақ тартып, күйлеп алды. (М.Əуезов). Разы қылды сөз тіркесінің протеза құбылысына ұшыраған күйі — ырза қылды, риза қылды. Яғни бұл тұрақты сөз тіркестері протеза құбылысына ұшырағанымен, мағыналарында өзгеріс жоқ, көңілін тойдырды деген мағынада.

Лəззат тас бүркеніп жатып калды. Ана қыз оны мендей жақсы көрмейді. Мен бар ықыласыммен... Ал, егер Нияздың маған деген ықыласы болмаса ше? — дейді ішінен (Т.Ахтанов). Кейде ол тарс бүркеніп жатып қалады екен де, ілі-шала атып тұрып шыға жөнеледі екен (М.Ə). Тас бүркеніп, тарс бүркеніп деген сөз тіркестеріндегі бір компоненттегі бір дыбыстың түсіп қалу арқылы фонетикалық вариант жасап тұр. Тіл біліміндегі мұндай фонетикалық өзгерістер түрін апакопа дейді.

Фразеологизмдегі фонетикалық вариантты сөздердің түрлі стильдік мəнде қолданылып, семантикалық саралануы контексте берілген ойды айқындап, дəлелдеп көрсету үшін қажет.

Қырын қарап құйрықты сыртқа салған, келген достың көбінің жүні жығық, баяғы күріл де жоқ, дүниені алған (С.Торайғыров). Ұлжанның, əсіресе, қамығатыны мына жаңа келе жатқан Бөжейдің асына да Құнанбай биыл қалыпта қырыс қарап, шырай беретін емес (М.Əуезов). Қырын қарап, қырыс қарап деген сөз тіркестері алдыңғы компоненттегі дауыссыз н-с дыбыстарының ауысуы арқылы фонетикалық вариант жасап тұр.

Абай селт етіп шошып оянып, басын жұлып алып, айналаны шала танып, жастыққа қайта сұлқ құлайды (М.Əуезов). Танакөз де жиіркеншек-ақ болатын. Поселкеге ене бергенде, май тұмсықтың бірі қорс етіп еді, ол селк ете қалды (Ғ.Мұстафин). Селк етті, селт етті фразеологиялық тіркестердің бір сыңары дыбыс өзгерістерінің нəтижесінде мəндес сөздерге айналып кеткен.

Болат тонын сыпырып алсаң, немістер де бір, қоян да бір екен. Танкілері талқандалғаннан кейін, көп қарсыласа алған жоқ, зыта жөнелді, біз ұран салып куып бердік (Ə. Əбішев). Қараңғы түнде, арқасында қапшық, жытып отырды Бəйтен (Ғ.Мұстафин) деген мысалдардағы зыта жөнелді, жытып отырды деген сөз тіркестеріндегі з-ж дыбыстарының ауысып қолдануы арқылы фонетикалық варианттар жасалған.

Сүйдірген сені маған көкшіл тісің, «Адыра қалғыр, ойбай», — деп қылған ісің. Салды балақ қарғадай салпылдаған, Біткен жоқ бұл əлемге сендей пішін. Былжыраған жүрісің, Жоғал арман құрысын (С.Торайғыров). Əдіра қал, оңбаған күң, ұжмаққа бармақ шығар?... оған қайдағы ұжмақ! — деп кекетеді (Б.Майлин).

Адыра қалғыр, əдіра қал деген тіркестерде жуан дыбыстың жіңішке дыбысқа ауысуы арқылы фонетикалық вариант жасалып тұр.

Кысқасы, бір кездегі айбынды елдің дұшпандары талап-таражын шығарып, ұлын ұрымға, қызын қырымға шұбыртады (І.Есенберлин). Енді алдап шақырып алып, ақ патшаға ұстап бермек. Ұлыңды үрімге, қызыңды қытайға зытырмақ.

Ұлын ұрымға, қызын қырымға шұбыртады, ұлыңды үрімге, қызыңды қытайға зытырмақ деген сөз тіркестерінде бір компоненттегі дауысты дыбыстардың жуан немесе жіңішке келуінен фонетикалық вариант жасалып тұр.

Фразеологизмдердің жалпы мағынасын толық сақтап, құрамындағы компоненттердің бірін басқа мəндес бір семантикалық өрістегі сөздермен ауыстыру арқылы жаңа нұсқа пайда болады. Мысалы: Қабақ қаққандай бір оқыс əрекет ішінде сол уақиғаның өзіде көргендей болды (М.Əуезов). Олай болса, кірпік қағымда өте шығатын қысқа өмірде жан сезімін, ар-қиятты адал сақтай білгенге не жетсін (С.Əлжіков). Мұндағы кірпік қағымда, қас қаққанша деген сөз тіркестері лезде, көзді ашып жұмғанша деген мағына береді. Бұл вариантты тіркестер — қабақ, кірпік сөздері арқылы семантикалық трансформация негізінде пайда болған варианттар. Фразеологизмнің қалыптасқан үлгісіндегі бір компоненттік əрекеттің, түр-түсінің жақындығына, функционалдық ұқсастығына байланысты басқа сөзбен ауыстыру арқылы тіркестің эмоционалды əсерлігін арттыра аламыз.

Басында қызыға қарап тұрған қалпынан тез жалт бұрылып, салдар тобына серт берді (М.Əуезов). Қарқаралыдан Құнанбайдың осы сапарына серт еткен Өндірбай қалпе қосылмақ еді (М.Əуезов). Мұндағы серт берді, серт етті тіркестері айнымасқа сөз байлады, келісім ант жасасты деген мағынада. Бұл тіркесте етті, берді сөздері алмасып қолдану арқылы лексикалық вариант жасап тұр.

Мəкіш өлең сөзін, əсіресе, құлақ қойып тыңдап қалыпты (М.Əуезов). Абай көтеріліп отыра бере, сыртқа құлақ салып тыңдап қалыпты (М.Əуезов). Мұндағы құлақ қойды, құлақ салды деген тіркестер көңіл қойып тыңдады, зейін қойды деген мағынада жұмсалып, лексикалық вариант құрап тұр.

Қарашегірдің қоя бергені! — деп, Жабай бүркітінің түлкіден айырылғанын бір жағы Əділден көреді. Жəне де жерді сылтау етіп тұр (М.Əуезов). Қаймығып оған қарсы жан шықпады, əр жігіт əр нəрсесін сылтау қылып (Ж.Саин). Мұхтар Əуезовтің шығармасында сылтау етті деп кездессе, Ж.Саинның шығармасында сылтау қылды деп кездеседі. Бұл тіркестердегі етті, қылды сыңарларының алмасып қолдануы арқылы лексикалық вариант жасап тұр. Сылтау етті, сылтау қылды деген тіркестер болмашы нəрсені желеу, тиек ету деген мағынаны білдіреді.

Бұл түнді Абай қиналу, қызу, ауыр сандырақ күйінде өткізді. Тоғжан мен Ербол да бір сəтке көз іліп, тыным алған жоқ (М.Əуезов). Генерал Разумов бұл күндері тыным көрген жоқ, құрама командирлерін ертіп жүріп, басқа да көп-көп əскер бөлімдерін аралап шықты (Ə.Нұрпейісов). Тыным алмады, тыным көрмеді деген сөз тіркестері тізе бүкпеді, жарғақ құлағы жастыққа тимеді, тыныштық көрмеді деген мағынада. Бұлар мысалдарда лексикалық варианттар жасап тұр.

Фразеологизмдердің грамматикалық варианттары белгілі бір морфологиялық түрлер мен синтаксистік конструкциялар арқылы жасалады [5; 90]. Сөйтіп, фразеологиялық тіркестерінің морфологиялық құрылысы əр түрлі болғанымен, іштей, яғни семантикалық жақтан, айырмашылығы болмайтын түрлері фразеологизмнің морфологиялық варианттары болып табылады.

Көркем шығармада фразеологизмдердің морфологиялық варианттары жиі ұшырасады.

Дəрмен сырын білген де, ішіне түйген тəрізді (М.Əуезов). Дегенін жайлы осылай күйдің тілі, Мерген қыз ширатып кеп ішке түйді (І.Жансүгіров). Ішіне түйген, ішке түйді деген тіркестердің алғашқысында алдыңғы компонентіне барыс септігі жалғауы тəуелдік жалғаудан соң жалғанса, соңғысында түбірге бірден жалғану арқылы морфологиялық вариант жасалып тұр.

– Машина жайын білмеген соң, тынышыңа тұрсайшы, — деп жас шофер ананың аузын қақты.

Жə, жə! Болды, Тəуке, болды! — деп Танакөз одан əрі сөйлетпей, ауызға қақты (Ғ.Мұстафин). Аузын қақты, ауызға қақты тіркестері септік жалғауларының орын ауысулары арқылы семантикалық құрылымына еш нұқсан келмейтіндей өзара вариант жасап тұр.

Келін шырағым, жұрттың өсегінееріп, мен де сенен бойымды аулақ салып жүр едім, — деді əйел Раушанға (Б.Майлин). — Жақсы, жақсы сіз де менен бойыңызды аулақ сала бастадыңыз ба, — деді де Батырбай орнынан тұрып кетуге айналды (М.Иманжанов). Бұл мысалдардағы бойын аулақ салды, бойды аулақ салды деген сөз тіркестері морфологиялық вариант жасап тұр.

Осындай ойлар жанымды жей береді. Өзімнен-өзім қиналып, сол орнымда отыра бердім (Б.Момышұлы). Опасыз тілектердің қайғысы асып, жанды жеп, қоймағанда қуалап тым, талдырып бір-ақ нəрсе, барлық жерде, уында əурелесе ой азаптың, сол кезде сырластың іздеп таппаймыз ба, тобынан топырлаған жас бойдақтың (І.Жансүгіров). Мұнда жанымды жей жəне жанды жеп тұрақты тіркестерінің алғашқысында алдыңғы компоненттегі табыс септігі тəуелдік жалғаудан соң, соңғысында түбірге бірден жалғанып тұр.

Ағайын, ұзында өшті, қысқада кекті емессің, бітім сұрап кісі салсам, бақайыңнан келтірмейсің (М.Əуезов). Мақаштың үлкен баласы жазалана сөйледі: — Ау, ағайын, неге үндемейсің? Ұзыннан өшті, қысқадан кекті емес едік қой (Ғ.Мұстафин). Ұзында өшті, қысқада кекті, ұзыннан өшті, қысқадан кекті деген сөз тіркестері жатыс, шығыс септік жалғауларының ауысып қолданылуы арқылы жасалған.

Фразеологизмдердің фонетикалық, лексикалық жəне морфологиялық варианттарының көркем шығармада қолданылуын біз жеке-жеке қарастырдық. Алайда тілімізде сөйлеу ыңғайына қарай, фразеологизмдер лексикалық та, грамматикалық та өзгерістерге бірдей ұшырауы арқылы олардың лексика-грамматикалық варианттары жасалып, көркем шығармада жазушының өзіндік қолдану стиліне байланысты жұмсалады.

Фразеологизмдерді мағына жағынан жəне сырт құбылысын өзгертіп қолдану — стильдік мақсаттан туған тəсіл. Бұл тəсіл шығармада, контексте танылатын əр жазушының халықтың тіл байлығын пайдаланудағы өзіндік ерекшелігі болып табылады.

Көркем шығармада фразеологизмдердің лексика-грамматикалық варианттары жиі ұшырасады.

Қартты сөйлетіп қойып, тыңдай берсең арқасын кеңге салып жадырай түсетін сыңайы бар (С.Бақбергенов). Ақбала деген əйелдің болғаны да есінен шығып кеткендей, ол жөнінде сыртқа сыр шығармай, тіпті түк болмаған кісіше арқа-етегін кең салып, Ақбаланы қоя берген күннің ертеңіне ел аралап кеткеніне таңғалды (Ə.Нұрпейісов). Мұндағы арқасын кеңге салып, арқа-етегін кең салып деген сөз тіркестері лексика-грамматикалық вариант жасап тұр.

Орта жастағы əйелдер көзінен сорасы ағып, күпісіне қымтана түсіп, қымыз саудасын істеп тұр (Б.Майлин). Соқыр көзінің сорасы сорғалап, тұңшығып келеді екен (Қаз. ертегі). Көзінен сорасы ағып, көзінің сорасы сорғалап деген сөз тіркестерінде шығыс септігі мен ілік септік жалғауларының ауысуы арқылы жəне ағу, сорғалау сөздерінің алмасуы арқылы лексика-грамматикалық вариант жасалып тұр.

Сен өзің ақылыңнан адасқан біреуден саумысың (Б.Момышұлы). Кемпір-шалдар кемсеңдеп, ақылдан танып, мəңгірді (К.Əзірбаев). Ақылыңнан адасқан, ақылдан танып бұл сөз тіркестерінде жатыс септігінің бірде тəуелдік жалғаудан соң, бірде түбірге бірден жалғанып, адасу, тану сөздерінің алмасуынан лексика-грамматикалық вариант болып тұр.

Келсем, десант он километр жерге түскен екен, ел у да шу, — дейді Русаков (Ə.Əбішев).

Ертеңіне балықшылар аулы у-шу болды да қалды. Тəңірберген бір топ жігітпен сайланып кеп, таң алдында Ақбаланы алып қашыпты (Ə.Нұрпейісов). Ел у да шу, у-шу болды деген фраезологиялық тіркестің бір компоненті алдынғысында шылау арқылы байланысса, соңғысында қосарлануалданып келуі арқылы лексика-грамматикалық вариант жасалып тұр.

Тұжырымдай келе, фразеологизм жəне оның варианттарының көркем прозада қолданылу аясы кең де өрісті. Тұрақты сөз тіркесі — қалам қайраткерлерінің алтын қоры. Тіл байлығын ұштауда, мəнерлі де бейнелі тіркестермен сөйлеуде фразеологизмдер сөзді жандандырып, тілімізге өткірлік сипат береді. Көркем шығарма авторлары жалпы халықтық тілдің тұрақты тіркес құрамынан ең қажетін талдай отырып, мүмкіншілігіне орай, оларды түрлендіріп пайдаланады. Өзінің мазмұндап отырған оқиғасына байланысты фразеологизмнің стильдік бояуын ажарлай түсіп, атқаратын қызметін күрделендіреді. Сөйтіп, сапалық мазмұнын күшейту арқылы фразалық тіркес варианттарының үнемі қолдануына, қалыптасуына мүмкіндік жасайды.

Фразеологизмдердің көркем əдебиет үлгілерінде орнын тауып қолдана білуде суреткердің əдіс- тəсілдері əр түрлі екенін аңғардық. Сөз шеберлері тұрақты сөз тіркесінің стильдік бояуын құбылтып, эмоциялық əсерін күшейту арқылы фразеологиялық тіркес варианттарының тілімізде өмір сүруіне мүмкіндік береді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ə. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. — Алматы: Ғылым, — 264 б.
  2. Жубанов Х. Исследования по казахскому языку. — Алматы: Наука, 1966. — С.
  3. Ұйықбаев И.Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы. — Алматы: Ғылым, 1976. — 144 б.
  4. Бизақов С. Вариант сөздер сөздігі. — Алматы: Білім, 2000. — 3-б.
  5. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. — Алматы: Санат

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.