Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Махамбет поэзиясындағы фольклорлық дəстүр көрінісі

Алаш тарихындағы айтулы тарихи тұлға Махамбет Өтемісовтің шығармашылық мұрасы жалпы жұртқа мəлім. Заңғар жазушы, ғұлама ғалым М.О.Əуезов: «Бүкіл XIX ғасыр əдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей жырлаған өзгеше ақын болған емес» [1] деуінен-ақ, «ұлыларды ұлылар ғана түсінеді» деген пікірдің дəлеліне бас иесің. Бұдан басқа да кезінде «Қазақ əдебиеті тарихының» арнайы тарауларын жазған Қ. Жұмалиевтің еңбегінде де Махамбет əр қырынан көрінеді [2].

Қазақ халқының дарынды тұлғалары А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов, Ы.Дүйсенбаев, Ə.Дербісалин, Х.Сүйіншəлиев, Б.Аманшин, Б.Адамбаев жəне қазіргі қазақ əдебиеттану ғылымына еңбегі сіңген ғалымдардың бəрі де Махамбет поэзиясына қатысты құнды ой- пікірлер қалдырып келеді. Бұл еңбектерде көбіне Махамбет шығармашылығы əйгілі Исатай Тайманов бастаған көтеріліспен бірге түсіндіріліп, сол көтерілістің іздері ақын өлеңдерімен сабақтастырыла сараланады. Осы орайда белгілі ғалым Ж.Тілеповтің мына пікірі орынды айтылған. Ол былай дейді: «Мұның өзі заңды да болатын. Өйткені Махамбеттің ақындық өнері — қазақ поэзиясының жаңа да жарқын беттерінің бірі. Сондықтан оның творчествосына соқпай өту мүмкін емес-ті. Сол дауылпаз ақынның мұрасы осы кезге дейін біраз қырынан зерттеліп, көп сырлары ашылғанымен, жоғары, орта мектеп оқулықтарына, программаларына енгенімен, оның творчествосындағы тарихилық мəселесі арнайы сөз болған жоқ еді», — дей келе, өзінің зерттеу нысанасына қатысты ақынның мұрасынан əлі де толық ашылмаған қырларына тоқталады [3]. Біздің арнайы сөз қылып отырған ақын поэзиясындағы фольклорлық дəстүр көріністері де арнайы тақырыпқа арқау болып, толықтай зерттеу нысанасына айналған жоқ еді. Тек зерттеуші-ғалымдар сөз арасында, ақынның суырып-салмалық ерекшелігіне байланысты ғана бірен-саран айтылғандар ұшырасады.

Баршаға белгілісі Исатай мен Махамбет бастаған 1836–1838 жылдары көтерілістің болғаны, сол көтерілістің жалынды жыршысы, атақты Махамбет екендігі ғылымда өз бағасын алған. Махамбет өмір сүрген дəуірде хандық билік өзгеріп, орыстың отарлау саясаты екпінді жүргізіле бастаған тұс еді. Бұрынғы жыраулық поэзия бəсеңдеп, ақындардың сал-серілік құрып, суырып-салмалық өнер бəйгесі айтыстың қарқынды өте бастағаны сөз өнері тарихынан аян. Осы дəуірдегі қазақ жерінде болып жатқан жасанды өзгерістер ұлттың намысын оятып, елім деген ерлерін атқа мінгізді. Жұрттың рухы қайта ояту үшін баяғы дəстүрлі жыраулық поэзия қайта жаңғыртылды. Сөзсіз, Махамбет жыраулық поэзияның өкілі екендігін өзінің «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Орай да, борай қар жауса», «Ерлердің ісі бітер ме?», «Исатай деген ағам бар», «Əй, Махамбет, жолдасым», «Қызғыш құс» жəне тағы басқа толғаулары арқылы дəлелдеп берді. Ал жырау фольклордың ірі өкілі екендігін мынадан көруге болады. «Жырау — ауыз əдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, ірі қоғамдық мəселелерді қозғайтын толғау-жырларды шығарып айтушы, жыршы болумен қатар ойшыл, ақылшы, көреген сəуегей. Жырау тұлғасы ерте дəуірде, тайпалық бірлестігі тұсында қалыптасып, XV–XVIII ғасырларда үлкен өнер иесі жəне қоғам қайраткерлері ретінде танылған» [4]. Демек, жыраулық поэзиядағы басты мəселе қоғамдық іске ауысады. Өзіне тиесілі толғау, термелер арқылы халыққа рух береді. Егер осы тұрғыдан Махамбет поэзиясына назар аударсақ, оның алғаш алашқа атын шығарғаны көтеріліс жаршысы бола білгендігі болса, екіншіден, ақын шығармалары көбіне романтикалық жəне реалистік сипаттағы толғау, термелері арқылы ерекшеленеді. Ақын өзінің көтеріліске қалай шыққандығын, көтерілістің сəтсіздікке ұшырауы, көтерілістен кейінгі оқиғалар бəрінде осы аталған жанрлар арқылы шебер жеткізген. Мысалы:

Əскер жиып аттандық,

Бекетай еді тұрағым.

Айғайлап жауға тигенде,

Ағатай Беріш ұраным.

Бекетай құмға ел қонып,

Байбақты Жүніс аттанды —

Қосылуға дем болып.

Құдайлады хан ұлы,

Іздеген жауы біз болып

Жау қарасы көрінді жиылған əскер білінді.

Исатай басшы, мен қосшы,

Исатайдың сол күнде,

Ақтабан аты астында,

Дулығасы басында,

Зығырданы қайнайды, —

деген жырлардан толғауды еске түсіріп, батырлық, тарихи эпостардың басталуын көз алдыңызға сəулелендіресіз. Ойға бірден Ақтамбердінің «Күлдір-күлдір кісінетіп», Бұқар жыраудың «Керей, қайда барасың?» жəне тағы басқа да жыраулар поэзиясы санаға сəуле шашады. Махамбет шығармашылығы көбіне реалистік сипатта айтылады, ақын барынша болған оқиғаны дəл беруге тырысады деген пікірлер көп айтылады. «М.Өтемісов творчествосы шаруалар көтерілісінің сырынан көп мағлұмат беретін иландырғыштық күшімен тəнті етеді. Бұл ретте оған ақындық қуаты ғана емес, сол оқиғалардың жай-жапсарын, екі жақ адамдарының пиғыл-құлқын айнытпай қатесіз білетіндігі де көмектескені сөзсіз», — деген пікірдің осы тұрғыдан айтылғаны ақиқат екені рас [5]. Алайда фольклорлық дəстүрде көбіне романтика алға шығып отыратыны мəлім. Осы мəселеде Махамбет поэзиясында романтизм бар екендігін зерттеуші-ғалымдар да орынды көтеріп, жан-жақты талдап көрсетуге талпынады. «Ақын шығармашылығындағы романтизмнің дəстүрге қарым-қатынасы бар ма? Болса, онда оның негізі қайдан желі тартады?» деген сауалдарға нақты жауаптар айтылмайды. Бұның негізі фольклорда жатқаны оған дəлелді ертегілерден, батырлық жырлар, тарихи өлең- жырлардан табатынымыз аян.

Əйгілі Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі өршіл романтизмнің өшпес өнегесі деуге тұрарлық, мысалы:

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала,

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Арып-ашып шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастабай,

Ерлердің ісі бітер ме? [6] — деген толғауындағы романтизм тар бөгетті бұзып, асқақ арманға жету жолындағы батырлық эпостарда молынан ұшырасатын өршіл романтизм екендігі талассыз. Бұл ерлікті жырлаудың фольклорлық дəстүр екендігі де осыдан танылса керек. Əрине, Махамбеттің бір ғана толғауымен кесіп-пішіп, оның шығармасын романтизммен өрнектеле салған деген пікірден аулақпыз. Дегенмен, ақынның «Мұнар күн», «Мен едім», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», тағы басқа толғаулары романтикалық бағытты анықтай түседі. Кезінде М.Өтемісовті таза күрескер ақын, реалистік бағытты ұстанушы ретінде көрсетуді басты бағыт ете зерделеу жағы басым болып, оның романтикалық жағына назар аудару ескілікті қайталау болуы мүмкін деген пікірлерде болғанын бұдан байқай аламыз. Себебі үстемдік еткен кеңес дəуірі идеологиясы соны көксеп, қазақтың өнер өкілдерін біржақты қарауға мəжбүр еткені баршаға аян. Керек десеңіз, Махамбет көтерілістің мəн- жайын, жеңісі мен жеңілісін реалистік тұрғыдан айта отырып, сол көтерілістің тарихи тұлғасы Исатай Таймановтың образын романтикалық тұрғыдан сомдады. Мысалы:

Таудан мұнартып ұшқан тарланым,

Саған ұсынсам қолым жетер ме?

Кермиығым, кербезім,

Керіскендей шандозым,

Құландай ащы дауыстым,

Құлжадай айбар мүйіздім!

Қырымызыдай ажарлым,

Хиуадай базарлым,

Теңіздей терең ақылдым,

Тебіренбес ауыр мінездім,

... Арыстан еді-ау Исатай,

Бұл фəнидің жүзінде,

Арыстан одан кім өткен?!

Айырдан туған жампоз бар,

Нарға жүгін салғысыз.

... Тайманның ұлы Исатай,

Ағайынның басы еді,

Алтын ердің қасы еді, —

дегендегі толғаудың пішімі ғана емес, мазмұнындағы бейнелі сөздердің өзі баяғы батырлық жырлар мен жыраулардың ерлік толғауын көз алдыңызға əкеледі. Толғаудағы балау, теңеу секілді бейнелі сөздер фольклорлық дəстүр белгісін толық танытады.

Тарихта аңыз болып қалған көтерілісті түсіндіру де, өздерінің қас жаулары Жəңгірхан, Баймағанбет сұлтанға, «Он екі күндей ой ойлап», «Ақылды алпыс жаққа шаптырып», тағы басқа толғаулары Махамбеттің реалист ақын екендігін анықтайды. Оның шындық үшін күйіп-жанып, бетке айтатын қайсарлығы да осыдан танылды. Хан ордасының жаршысы болуға икемдеп, өз дегеніне көндірмек болған хан Жəңгірге:

Хан емессің — қасқырсың,

Қас албасты басқырсың,

Достарың келіп табалап,

Дұшпаның сені басқа ұрсын.

Хан емессің — ылаңсың,

Ысқырынған жылансың.

Хан емессің — аярсың,

Айыр құйрық шаянсың, —

деп жауап беруі, əйгілі Бұқардың Абылайға айтқанын, одан əрідегі Жиембет, Қазтуған, Шалкиіз, Доспанбет жыраулар толғауларын жалғай білген сөз өнерінің жаңа бір иессін көрсетеді. Анықтай айтсақ, қазақ сөз өнерінің дəстүрін жалғастырушы, халық поэзиясындағы сабақтастықты одан əрі дамытушы Махамбет кімге де болсын арзанға түспейді. Басты қатерге тігіп, ғұмыр бойы күресудің не екендігін Махамбет өз өмірімен дəлелдеді.

Өмірдегі осындай сəтсіздіктер, тағдырдың салған ауыртпалығын романтикалық жəне реалистік тұрғыдан сипаттады. Басындағы ауыртпалықты анықтай айтып, сол жолдан қайтпас қайсарлығын тағы да романтикалық тұрғыда өршелене өлең етті. Мысалы:

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!

Қанатың қатты, мойның бос,

Исатайдан айрылып,

Жалғыздықпен болдым дос.

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!

Ел қорыған мен едім,

Мен де айырылдым елімнен.

Көл қорыған сен едің,

Сен де айырылдың көліңнен.

Аспандап ұшқан қызғыш құс!

Сені көлден айырған —

Лашын құстың тепкіні

Мені елден айырған —

Хан Жəңгірдің екпіні.

Айтып, айтпай, не керек,

Құсалықпен өтті ғой,

Махамбеттің көп күні, —

дегендегі өз өмірін көл қорыған қызғыш құстың өмірімен параллель алуы, белгілі «Ер Тарғын» жырындағы «Бұлғыр тауды» толғауымен үндестігін аңғартады. Бұның өзі Махамбет поэзиясындағы фольклорлық дəстүр белгілерін тануға, ақын шығармашылығын бағалауға көмегін тигізеді.

Суырып-салмалық өнердің өкілі бола алғындығының басты белгісі Махамбет Исатай бастаған көтерілістің қолдаушысы ғана емес, сол көтерілітің ұраншысы, жыршысы болды. Өткен оқиғаның мəн-жайын жұрт Махамбет өлеңдері арқылы, кейінгі зерттеушілерде солай бағасын берді. Көтеріліс басшысын суретке ретінде сомдаған да Махамбет десек, көтеріліс көсемі опат болғанда да алдымен жоқтау айту ақын аузынан шығады. Фольклорға тəн жоқтаудың озық үлгілері эпостық жырлар да десек, Махамбет өзінің «Мұнар күні» атты толғауында жоқтау жырын барынша дəстүрге сай жаңғырта жырлайды:

Бұландай ерді кескен күн,

Буулы теңді шешкен күн,

Сандық толы сары алтын,

Сапырып судай шашқан күн,

Түс қыла көр құдайым,

Біздей мейманасы тасқанға,

Біздің ер Исатай өлген күн,

Он сан байтақ білген күн, —деп, тебірене таусыла жыр төксе, осы өлеңмен жалғас «Арғымаққа оқ тиді» деген өлеңінде де:

Арғымаққа оқ тиді,

Қыл мықынның түбінен.

Ер жігітке оқ тиді,

Ауыз омыртқаның түбінен, — деп, келмеске кеткен есіл ерді күңірене жоқтап, сол күңіреністің жапы халықтың күйзелісіне айналғанын:

Исатайды өлтіріп,

Қырсықта алған біздің ел, — деп, нүктесін қояды. Махамбеттің нағыз жырауға айналғанын, жырау есімнің қаншылықты құдіретті жəне қымбат екендігін бұл жоқтау жырларында түсіндіре түседі. Жыр дəстүріне сəйкес көтерілістің жауы кім, əділдің жолына тұра білген кім деген сауалдарға Махамбет толық жауап берген жыршы екендігі талассыз.

Ұлттың ұлылығын асқақтатып, ерлік пен елдікті аспандатқан адам тағдыры қашанда халық құрметіне бөленіп, өлең жырдың өзегі болып аңызға айналып кетеді. Қазақтың айтулы аңыздарының бір саласы Махамбет ақынға арналған. Ел арасындағы айтылатын ақынға қатысты əңгіме бүгінде құлақ құрышын қандырады. Көтерілістен кейін сандаған ақындар Исатай мен Махамбетті өлең, жырға қосты. Солардың ішінде суырып-салма ақын, ірі өнер өкілі Ығыман Шөреновтің «Исатай — Махамбет» атты тарихи жыры жұртшылық тарапынан жылы қабылданды. «Исатай — Махамбет көтерілісі болған аймақта туып өскен Ығыман Шөренов (1876–1932) көтеріліс турасындағы деректі жақсы біліп, жырдың негізгі арқауын Махамбеттен алған. Оның дəлелі «Исатай — Махамбет» жырында Махамбет толғаулары шумақтары мол ұшырасады» [7].

Бұл жырдан біз алғаш Махамбет бейнесі фольклорда жасалғандығын ұқсақ, сол фольклордың дəстүрді орынды байланыстырып, жаңаша жалғастырған ірі ақын Махамбет Өтемісұлы екендігін түсінеміз. Ақын поэзиясының өлмес өміршеңдігі, түпсіз тереңдігі дəстүрге беріктігінде жатса керек.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Əуезов М. Əдебиет хрестоматиясы. — Алматы: Мектеп, 1937. — 32-б.
  2. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен əдебиет тарихының мəселелері. — Алматы, 1958; Өтемісұлы М. Қазақ əдебиетінің тарихы. — 1 кіт. — Алматы: Ғылым,
  3. Тілепов Ж. Махамбет пен Шернияз / XIX ғасырдағы қазақ ақындары. — Алматы: Ғылым, 1988. — 322–342-б.
  4. Əдебиеттану терминдерінің сөздігі / Құраст. З.Ахметов, Т.Шоңбаев. — Алматы: Ана тілі, 1966. — 98-б.
  5. Тілепов Ж. Махамбет пен Шернияз / XIX ғасырдағы қазақ ақындары. — Алматы: Ғылым, 1988. — 332-б.
  6. Өтемісұлы М. Өлеңдері. — Алматы: Ғылым,1951. — 50-б.
  7. Рахым Б.С. Ата мұра — асыл қазына: Оқулық. — Көкшетау: КМУ баспасы, 2007. — 107-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.