Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Аллегориялық туындылардағы дидактика мен өткір тіл

Аллегориялық туындылар — көне дəуір кезеңіндегі пайда болған шығармалар. Мысал — əріден келе жатқан, эпостың шағын да өткір жанры. Мысал жанры көне дəуірден біздің заманымызға дейінгі əлемнің іргелі ақын-жазушыларының назарында болған, кейін мол ғылыми еңбектердің шығуына себепкер əдеби туынды.

«Осы жанрды теориялық жағынан түсіндіруге онша көп мəн берілмеген. Көне дəуірдің ғалымдарының еңбектерінен «Аристотель, Булан еңбектерінен кездестіре аламыз» деген пікірді Г.В.Москвичева айтса, қазақ ғалымы Т.Шаңбаев «Аристотель заманынан бастау алған, негізінен философтар да көңіл аударған, кейіннен Г.Э.Лессинг, В.Перри, А.Потебня, М.Н.Гаспаров еңбек- терінен көрініс тапқан», — дейді [1, 2].

Бұдан шығатын қорытынды мысал жанрына ең алғаш тұжырымды пікір білдірген Аристотель болса, оның айтқаны мынаған келіп саяды. Негізінен, ғалым бұл жанрды арнайы үш теориялық бағытқа апарып тірейді.

Біріншісі — өзге жанрдан өзгешелендіріп тұруы, айтар ойы ғибрат, тəрбие, яғни мораль, болғандықтан, оның философиялық-дидактикалық сарынына қарағанда рационалды бағыт болып шығады.

Екіншісі — негізінен əңгімелеу барысы романтикалық бағыт алуы, типологиялық жағынан мысалдардың шығу тегі ертегілерден бастау алатындығынан.

Үшіншісі — мысал жанрының психологиялық-эстетикалық əсер ету қасиеттеріне қарай, оны психологиялық бағыт деп ой түюге болады.

Осы үш бағыт бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірімен сабақтасып жатқанын аңғару да қиын емес. Мысал жанры жоғарыдағы айтылған жануарлар туралы ертегілермен жақындығы, біріншіден, жас буынға жануар бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді көрсете отырып, тəрбие беру болса, ертегінің де өзіндік атқарар ролі ой жүйесін арттыруға өз үлесін қосуы талассыз. Бұған тағы қосылар ой — грек мысалының басында тұрған Эзопқа байланысты мына жайтты айту орынды. Мысал ертегі сарындас болып, оның ішіндегі кейіпкерлердің аң, құс, жан-жануар, жəндіктердің болуы — Эзоптың шығу тегі — құл, жалшы болуынан да іздестіру керек. Эзоп басы-байлы қожайнына тəуелділігінен, иесіне «беті мен жүзіне қарамастан», оның кемшілік, айыбын бетіне басатын мүмкіндігі мен қауқары болмағандықтан, еріксіз халық арасындағы аса танымал болған жанрдың бірі — ертегіге көңіл қойып, мысал түрінде негізгі кейіпкерлер — аң, құс, жан-жануар, жəндіктерді мысал түрінде алып, өз туындыларын дүниеге əкеледі. Осы əрекеті арқылы, өз қожайнынан кегін алып, айызы қанады. Халық арасында кеңінен тараған мысалдары арқылы кең танымал болған Эзоп кейіннен өз иесінен мəңгілік бостандық алып, өз еркімен өмір сүрген деседі.

Эзоп туралы «Қазақ əдебиеті» газетінде мынадай дерек келтірілген: «Алпысыншы жылдары орақ тілді Оспанхан Əубəкіров «Лениншіл жас» газетіне қазақ сатирасының жай-күйі туралы мақала жазып, «Эзоптан Ислам Шұғаевқа дейінгі сатириктер» деген тіркес қолданыпты. Сөйтсе, мұны оқыған И.Шұғаев «Эзоп деген кім? Өзі қайда істейді?» деп сұраған көрінеді. Осы сұрақ қазір де көлденеңдеп қоятыны бар [3].

Тарихта екі Эзоп болған. Біріншісі — біздің дəуірімізге дейінгі VІ ғасырда өмір сүрген ежелгі грек сықақшысы, мысал жанрының негізін салушы. Аңыз бойынша, ол жас кезінде өзінің усойқы тілінен тартыпты, оның əжуасына ызаланған біреулер оны жартастан лақтырып жібереді де, аяғы сынып, өмір бойы ақсақ болып қалыпты. Бұл Эзоп өзі бас терісі келіспеген, кейіп-кеспірден жұрдай, басында билігі жоқ құл болған. Сөйте тұра ол өз заманының қияли данышпаны ретінде халықтың құрметіне бөленеді. Эзоптың атақты мысалдары ежелгі Римнің мысалшысы Федр (б.д.дейінгі І ғ.) мен көне гректің мысалшысы Бабрийден (б.д. І–ІІ ғ.) бастап, бергі Лафонтен мен Крыловқа, Абай мен Байтұрсыновқа дейінгі талай мықтылардың өңдеуінен өтіп, бүгінгі күнге жетті.

Ал римдік трагик-əртіс болған екінші Эзоп Клодий (б.д.дейінгі І ғ.) туралы мəлімет мардымсыз», — дейді де, Эзоптың айтып кеткен мысалдары мен даналық сөздерін, афоризмдерін, қысқа əңгімелерін келтірген. Сол шығармаларда қазақтың əфсаналары мен афоризмдік қысқа қайырымды, дидактика тұрғысында жазылған əңгімелерінің ішінде формасы мен жанрлық жағы ұқсас, тіпті сюжеттік желелері дəл келетін мұралар ара-тұра кездесетінін айта кеткен абзал.

Айталық, шамамен 1320 мен 1436 жж. өмір сүрген Сəйф Сараийдың «Гүлстан би-т–турки» («Гүл бағы») туындысындағы 178 хиқаяттан тұратын дидактикалық сарында жазылған шығармасында жəне шамамен ХІІІ ғасырда өмір сүрген Насретдин Рабғұзидің «Рабғұзи қиссалары» деген еңбегінде мол кезеседі. Мысалы, Эзоптың «Өгей шеше» атты мысалында: «Бірде Ксанф қасына Эзопты ертіп, дастарханға шөп-шалам алуға бақшашыға барыпты.

Ксанф өзіне керек көкөністерін таңдап алып, енді ақшасын төлейін деп тұрған кезде бақшашы оған:

  • Егер сен маған мынаны түсіндірсең, осы алғандарыңның бəрін тегін берер едім: мен қанша баптасам да жерге еккен жемістерімнен гөрі, арам шөптер басып шығады, неге бұлай? — депті.

Ксанф бұған жауап бере алмай аңтарылып қалады. Сонда Эзоп:

  • Егер екінші рет күйеуге шыққан əйелдің үйде өз балалары жəне күйеуінің бұрынғы əйелінен қалған балалары да болса, өзінен туған балаларына ол — ана, күйеуінің балаларына өгей шеше болады. Сонда ол, сеніңше, кімнің баласын жақсы көріп, көбірек тамақтандырар еді? — дейді.
  • Əрине, өз баласын, — деп жауап беріпті бақшашы. Міне, жер де сондай. Өзінен туған өсімдіктерге ол ана да, сенің еккендеріңе өгей шеше емес пе? — депті сонда Эзоп.

Рабғұзи мысалындағы төмендегі хиқаят сюжеті дəл Эзоптың шығармасындағы мазмұнды қайталамаса да, адамды ойлантар, тəрбиелік жағы басым, сонымен бірге шешендік өнердің үлгісі афоризм тұрғысындағы жазылған, қысқа болса да нұсқа шығарма екендігін көрсетеді.

«Хазірет Лұқпанға қожасы бидай ек деп бұйырады. Бұл кісі арпа екті. Қожасы айтты: «Мен бидай ек десем, арпа егіпсің». Хазірет Лұқпан айтты: «Олай болса, не үшін жамандық жасап жақсылықтан үміт етесіз?». Бұл əңгімеден кейін қожасы жаман істен тыйылды»

Сəйф Сараийдың «Гүлстан би-т–турки» («Гүл бағы») туындысында: «Бір уəзірдің бір біліксіз ұлы бар еді. Оны алып ғалымның қолына береді: «Баламды тəрбиеле, тəрбие алса, ақылы кірер», — деді. Ғалым біраз тəрбиелеп көрді, оған тəрбие қонбады. Сонда ғалым айтты: «Бұл баланы əкесіне апарып салыңдар. Сəлем айтыңдар: «Балаңды қанша тəрбиелесем де, ақылды болатын емес, оның есесіне мен ақымақ болуға айналдым», — деген екен.

Тағы бір əңгімесінде: «Бір кісінің үйіне ұры кірді. Іздеп, алатын ештеңе таппады. Үйден ренжіп шықты. Үй иесінің бір кілемі бар еді, ол кілемнің үстінде жатқан. Ұрының ренжіп бара жатқанын көріп, бос кетпесін деп кілемін оған берді», — деп келетін қысқа əңгіме Эзопта да жоқ емес.

Мəселен, Эзоптың айтып кеткен деген тағы бір мысалында: «Бір жолы көшеде Эзопқа қала əкімі жолығып қалып, қайда бара жатқанын сұрайды.

– Қайда бара жатқанымды білмеймін! — деп қисық жауап береді Эзоп. Қаланың бастығы ол өзін мазақ қылып тұр деп ойлап, шамданып қалады да, сақшыларды шақыртып, Эзопты түрмеге жабуды бұйырады. Олар қолын қайырып əкете бергенде Эзоп: «Мен саған айттым ғой! Көшеде кетіп бара жатып түрмеге түсетінімді мен қайдан білейін?» — деп ышқына айқайлапты. Эзоптың тапқырлығына таңқалған əкім оны табанда босаттырып жіберген екен.

Рабғұзидің «Қисса-сул əнбиясындағы» тағы бір қиссасында Лұқман хəкім турасында мынадай хиқая бар:

«Лұқман хəкімге патшасы: «Жақсы ет ас, жоғары мəртебелі қонақтар келеді» деген екен. Лұқман хəкім қой сойып, жүрегі мен тілін асып береді. Біраз уақыт өткен соң, патшасы: «Келетін қонақтар нашарлау, жаман ет ассаң да болады» деген екен. Бұл жолы да Лұқман хəкім, қой сойып, жүрегі мен тілін асып береді. Патшасы мұның мəнісін сұрағанда: «Тəтті болмақ та тіл мен жүректен, ащы болмақ та тіл мен жүректен», — деп жауап берген екен.

Рабғұзидің аталмыш қиссасындағы хиқаяға ұқсас, айтар ой мен идеясына ұқсас Эзоптың «Əрі тəтті, əрі ащы» əңгімесі бар. Оқиға желісі төмендегідей келеді: «Бірде Ксанф Эзопқа үйге достары қонаққа келетінін айтып, ең бір дəмді тағамды дайындап қоюды тапсырады. Қонақтар келгенде дүниедегі ең мықты тағам дайын тұрады, — дейді Эзоп саспай. Сөйтіп ол базардан тіл сатып əкеліп, қонақтарға қуырып береді. Қонақтар соншалық сүйсініп жей қоймайды.

Дүниедегі ең мықтының түрі осы ма? — деп Ксанф көңілі толмай, ашу шақырады.

  • Иə, — депті Эзоп, — дүниеде тілден артық ештеңе жоқ. Тілсіз сен дүниеде ештеңе де істей алмайсың: айтарыңды айта алмайсың, ешкімге бұйыра алмайсың, бере алмайсың, ала алмайсың, мемлекет те құра алмайсың, онда тəртіп орнататын заң да шығара аламайсың, бəрі-бəрі, оның ішінде сенің философияң да бар, тілдің арқасында өмір сүреді, Ксанф!

Эзоптың бұл сөзіне қожасы да, оның қонақтары да ештеңе айта алмапты. Келесі күні Ксанф тағы да достарын қонаққа шақырып, Эзопты сынау үшін:

  • Енді бүгін базардан ең дəмсіз тағам сатып əкел, — деп бұйырыпты. Эзоп тағы да тіл əкеліп, пісіріп беріпті.
  • Кеше сен дүниедегі ең дəмді тамақ — тіл демеп пе едің, бүгін енді оны неге ең дəмсізге санап отырсың? — деп мысқылдапты Ксанф.
  • Өте дұрыс айтасың, қожайын, — деп жауап беріпті сонда Эзоп бүлк етпестен, дүниеде тілден жаман не бар? Ерегесті де, төбелесті де бастайтын сол, алдау, арбау, қызғаныш, өсекті себетін, айтыс, тартыс, соғысқа апарып, жұртты қыратын да осы тіл емес пе? Міне қазір, Ксанф, сенің өзің де тілдің көмегімен мені сөгіп тұрған жоқпысың?..» — деп жауап береді.

Қазақ əдебиетінде мысал жанрына анықтама беруде ұлы тұлға Ахмет Байтұрсыновтан бастаған жөн. Бұған қарағанда, бұрында қазақ əдебиетінде мысал жанры болмады деу деген пікір қалаптаспаса керек.

Б.д.д. V ғасырда фригиялық ұсқынсыз құл Эзоп құрастырып жазып кеткен деген мысал жанры грек халқының арасында аса белгiлi əдеби мұралардың бiрi. Қазіргі əлем əдебиетінде мысал жанрының қалыптасуына Эзоптың енгізген еңбегі айтарлықтай. Ежелгi деректерде ауыз əдебиетiндегi мысал жанрының негiзiн қалаған да осы Эзоп болса, осы автордың қолынан шыққан болар дейтiн жорамал бойынша, жазып кеткен мысалдарының өзi 426 тарта. Сол мұралардың iшiндегi қазақ əдебиетiндегi ең белгiлерi «Қасқыр мен Қозы», «Қарға мен Түлкi», «Бақа мен Өгiз», «Шегiртке мен Құмырысқа», «Қасқыр мен Тырна» т.б шығармалар. Бұлардың iшiндегi кейбiр шығармаларды қазақтың белдi ақын-жазушылары Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Мəжит Дəулетбаев, Спандияр Көбеев қазақ тiлiне тəржiмалады.

Кейiнiрек мысал жанрының қалыптасуына кейбiр сөз зергерлерi жiтi көңiл бөлiп, оны басқа да əдеби формалары мен жазылу əдiстерiн өмiрге əкелдi. Мəселен, б.д. д. I ғасырда өмiр сүрген римдiк ақындар Федр жəне б.д.д. II ғасырда өмiр сүрген Бабрий əлем əдебиетiндегi мысал жанрына өзiндiк қолтаңбаларын қалдырды. Осы кəусар бұлақтан шығармаларына шұрайлы сюжеттер мен эпизод жолдарын тапқан, өз тұсында мысал жазған, замандастары iшiнде əлем əдебиетiне есiмдерi белгiлi, жаңа тұрғыдағы мысалшылар — Франциядан Лафонтен, Германиядан Лессинг, Ресейден И.Хемницер, А.Измайлов, И.Крылов, А.Пушкин жəне т.б. шықты [4].

Антика дəуiрiнде өмiр сүрген авторлардың iшiнде мысал жанрының кейбiр үлгiлерiн Гесиодтың «Еңбек пен күндер» шығармасында, сонымен бiрге паростық, VII ғасырдың басында өмiр сүрген Архилохтың да еңбегiнде кездестiремiз. Архилохтың мысалының iшiнде, бiзге үзiндiлерiмен ғана жеткен «Қыран мен Түлкi» жөнiндегi мысалды Эзоптың құрастырған мысалдарында да ұшырасамыз. Ежелгi гректердiң халықтың поэтикалық шығармашылығында (барлық басқа да алғашқы дəуiрдiң поэзиялық үлгiлерiндегiдей) синкретизм жақын, яғни сөз өнерi əуенмен, бимен жəне т.б. ойындық, ритмикалық дене қозғалыстарымен бiте қайнасып тұрады. Мəселен, жұмысшы, егiншi, жүзiм жинаушы немесе басқа да еңбек етiп жүрген адамның əр қозғалыс тактысы əуенмен, əндермен сəйкес келуi керек. Мұндай əндердiң кейбiр үлгiлерi Аристофанның «Бейбiтшiлiк» комедиясында, Плутархтың б.д.д. VІІ ғасырда айтылып жүрген лесбостық жұмысшы əндерiнiң бiрнеше жолдары сақталып қалған.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Москвичева Г.В. Русский классизм. — М., 1986. — С.
  2. Шаңбаев Т. Мысал жанрының стилі мен тілі. — Алматы, 1994. — 16–19-б.
  3. Есдаулетов Ұ. Эзоп туралы əңгімелер // Қазақ əдебиеті. — 2004. — № 22 (2860). — 4 маус.
  4. Ежелгі дəуір əдебиеті // Құраст. А.Қыраубаева. — Алматы, 1991. — 185-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.