Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Профессор Т.Р.Қордабаев еңбектеріндегі тіл білімінің кейбір мəселелері

Академик Р.Нұрғалидің сөзімен айтатын болсақ, «ғылыммен таза академиялық тұрғыдан айналысқандардың» қатарында саналатын профессор Т.Р.Қодабаевтың есімі көпшілікке мəлім. Тілтанудың қай саласында болсын өз сөзін айтқан ғалым екеніне артында қалған еңбектері дəлел. Атап айтатын болсақ, тілдің жалпы теориясы, тілді оқыту мəселелері, қазақ тілінің морфологиясы, қазақ тілінің синтаксисі, қазақ тілінің жəне əдеби тілдің тарихы, түркітану жəне қазақ тіл білімінің тарихы сияқты мəселелермен айналысқан зерттеушінің мол мұрасы бүгінде ғылым игілігіне қызмет етуін жалғастыруда.

Ғалымның алғашқы ізденістерінің нəтижесі қазақ тіліндегі етістіктің шақтары туралы кандидаттық диссертациясы болып табылады. Кандидаттық диссертация негізінде жазылған «Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы» [1] атты монографиясында Т.Р.Қордабаев қазақ тіліндегі шақ категорияларын жан-жақты талдап, етістік шақтарының жіктелуін ұсынады. Жалпы етістік қазақ тілінде ауқымды, күрделі сөз табы болғандықтан, оның проблемалық мəселелері де аз емес. Сондықтан ғалым еңбегінде етістік етістік екендігін көрсететін грамматикалық көрсеткіштерді сипаттай келе, жалпы категория, грамматикалық категория дегендерді түсіндіреді. Етістіктің ең басты белгісі — сөйлемде іс-əрекетті білдіруі болса, оның келесі белгісі — шақтық қасиеттің етістіктің табиғатына қаншалықты қатысы бар екендігінде дегенді айта келіп, «шақ категориясы — етістікке тəн категория. Ол етістікті басқа сөз таптарынан бөліп көрсететін басты белгінің бірі. Ал етістіктің жаққа бөлінуі немесе жақталуы етістік біткеннің барлығына ортақ қасиет бола алмайды» [1; 40] деп қорытады.

Етістіктің сөз табы ретінде табиғаты өте күрделі. Себебі ол іс-əрекетті білдіретін сөздерден ғана емес, есім сөз таптарына түрлі қосымшалардың жалғануы арқылы да жасалады. Ал егер етістік не баяндауыш есім сөздерден болса, шақ мəселесі қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан ғалым «қазақ тіліндегі шақ категориясы етістікке, дəлірек айтқанда, етістік баяндауыштарға тəн категория деп қарауымыз керек» [1; 39] деп нақтылай түседі. Осылайша кейбір ғалымдардың айтуындағы қазақ тіліндегі есім баяндауыштар да шақты білдіретініне қарсылық білдіреді.

Профессор Т.Р.Қодабаевтың «Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы» атты еңбегіндегі пікірлері мен тұжырымдарын қорытындылай келгенде, етістік шақтарының жіктелуі кестесінде берілген етістік шақтары мен оның өзіндік түрлерінің «Қазақ грамматикасында» [2] берілген етістік шақтары түрлерінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ екендігін байқауға болады. Екеуінде де етістіктер үш шаққа бөлінген (осы шақ, келер шақ жəне өткен шақ), бірақ шақ түрлерінің іштей жіктелуі барысында кейбір түрлері басқа терминмен (мəселен, жалпы осы шақ, айғақты/айғақсыз өткен шақ, сенімді/сенімсіз келер шақ) аталғанын айта кету керек.

Зерттеуші Т.Т.Пірімбетовтің айтуынша, соңғы жіктеу бұрын-соңды зерттеулердің іріктеліп, сұрыпталып, бұл жайында айтылған ой-пікірлердің қорытындысы болса, жарты ғасырдан астам уақыт бұрын жасалған профессор Т.Р.Қордабаевтың шақтық жіктелу кестесі жалпы етістіктерді грамматикалық көрсеткіштеріне қарай емес, контекстік мағынаға сүйенудің нəтижесінде пайда болған. Сондықтан автор етістіктің шақ категориясына арналған бұл еңбегінде «контекстік мағынасыз шақ мəселесін сөз етудің қажеті жоқ» екенін ескертіп отырады [3].

ХХ ғасырдың 60-жылдары Т.Р.Қордабаев синтаксис саласында талмай еңбек етіп, 1961 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис» [4] атты оқулықтың құрмалас сөйлем бөлімінің авторы болады. Құрмалас сөйлемнің көптеген мəселелерінен хабар беретін бұл зерттеу кейін толықтырылып, үш рет басылған. Еңбекте құрмалас сөйлемді классификациялап, оның компоненттерінің бір-бірімен байланысу тəсілдерін айқындап береді. Ғалымның сөзімен айтсақ, «салаластың, сабақтастың əр түрінің қалай жасалатыны, қандай тəсілдер арқылы құрмаласатыны нақты тілдік фактілер негізінде қарастырылған». Бұған дейін төртке бөлініп келген салаласты зерттеуші сегіз мағыналық топқа мезгілдес салалас, қарсылықты салалас, себеп-салдар салалас, талғаулы салалас, түсіндірмелі салалас, кезектес салалас, салыстырмалы салалас, шартты салалас деп бөліп, жасалу жолдарына қарай жалғаулықты-жалғаулықсыз деп топтайды [4; 79, 80]. Сабақтас құрмалас сөйлемнің де өзіндік белгілерін нақтылап, компоненттерінің бір-бірімен байланысу тəсілдерін көрсетеді. Сабақтас құрмалас компоненттерін байланыстырудағы етістіктің көсемше, шартты рай, есімше тұлғаларының қызметін ерекше атап, ғылыми тұрғыдан дəлелдейді.

Синтаксистің «мəтін», «күрделі синтаксистік тұтастық» деген бірліктерін қазақ тілінде алғаш атап, оларды зерттеу мəселесін көтерген ғалымның «Тарихи синтаксис мəселелері» деген еңбегі болатын [5]. Егер зерттеуші құрмалас сөйлем мен синтаксис теориясымен түбегейлі айналыспаса, синтаксистік тұтастыққа өз көзқарасын білдірмеген болар еді, оны зерттеуге ден қоймаған болар еді, оның тілдік фактор ретінде кездесетініне де назар аудармаған болар еді. Демек, бұл жаңалықты ғалымның бірнеше жылдық ізденістерінің жемісі, ғылыми нəтижесі ретінде қарастыруға болады. Қазақ тілінде күрделі синтаксистік шумақтар проза жанрында да, поэзия жанрында да кездесетінін Абай өлеңдерінің, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қобыланды батыр» жырларының материалында дəлелдейді. Бұл пікірдің дұрыстығын кейінгі толқын зерттеушілерінің, тілші ғалымдардың еңбектері дəлелдеп отыр. М.Серғалиевтің пайымдауынша, Т.Қордабаев «синтаксистік күрделі бірлік» деген атауды ұсынған. Бірақ қазіргі кезде «синтаксистік тұтастық» деген терминнің қалыптасып, тұрақтағандығы баршамызға белгілі.

Ғалымның ХV–ХІХ ғасырлар материалдары арқылы, əсіресе «Жамиғ-ат тауарих» пен «Шежіре түрк» тарихи шығармалар негізінде септік жалғаулар синтаксисі, демеулер синтаксисі, жалғаулықтар синтаксисі деп саралауы өз уақытында соны жаңалық болғаны сөзсіз. Қазірде де бұл мəселе өзектілігін жоғалтқан жоқ деуге əбден болады. Себебі аталған салалар кем дегенде екі тілдік бірлікті байланыстырудың басты амалдары болып табылады. Қазіргі уақытта құрмалас сөйлемнің мағыналық топтары барынша жетілді, дамиды, құрмалас сөйлем бөліктеріндегі интонациялық жік, оны салаластыру жəне сабақтастыру, жеке шылаулар мен баяндауыш тұлғаларының қызметі де біршама нақтыланды. Қалай дегенде де, олардың барлығы өз бастауын Т.Қордабаевтың еңбектерінен алады.

Профессор Т.Қордабаев қоғамның өзгеруіне қарай тіл салаларының да өзгеретінін айта келе, «тілдің синтаксистік құрылысы онша өзгерімпаз құбылыс емес. Тіл фактілері оның ұзақ жасайтын тұрақты категория екендігін байқатады» дейді [5]. Бұл салада да ғалымның сіңірген еңбегі зор екендігіне тағы да көз жеткіздік.

1966 жылы жарық көрген «Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі» атты монографиясында жазба ескерткіштер тілінде құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемдерге қарағанда сирек кездесетінін айтып, оларды құрмаластың салалас жəне сабақтас түрлеріне топтастырады. Олардың жасалу жолдарын, мағыналық қатынастарын ажыратып, қазіргі кездегі құрмалас сөйлем түрлерімен салыстырып, ұқсастық-айырмашылықтарын көрсетеді [6]. Монографиялық зерттеуді құрмалас сөйлемнің қалыптасу жəне даму жолдарын қарастыру барысында өзіндік орны бар еңбек деп бағалауға негіз бар.

Өткен дəуірлердің бір кезеңінде жазылып қалған материал тілінің қазіргі тілімізге сай келмеуі табиғи құбылыс екендігін айта отырып, қазіргі əдеби тіліміз тұрғысынан алғанда жат көрінетін, бірақ ертеректегі жазбаларымызда жиі қолданылған көне формалардың, көне шылаулардың, синтаксистік көне конструкциялардың басқа түркі тілдерімен қатар бір кездегі қазақ тілі үшін де өз элементі, өз тумасы болуы əбден ықтимал деп жорамалдайды. Автор қазіргі қазақ тілінде қолданылатын мəселенки, егерки, мінеки, кəнеки, бəлки сияқты сөз соңындағы -ки көне жазуларда жиі кездесетін сабақтастырушы жалғаулығының қалдығы екенін, болашақ, келешек, барашақ, берешек дегендердегі -ашақ, -ешек қосымшалары көне жазбалардағы -ажағ, -ежег дегендердің өзгерген түрі екенін, көне жазуларда жиі кездесетін -ық, -ік қосымшалары да «Ұлық болсаң, кішік бол» деген сияқты конструкцияларда əлі де болса кездесетінін дəлелдей отырып, бұны қазақтың жазба тілінің, əдеби тілінің қалыптасу тарихындағы бір кезеңі, бір дəуірі екендігін ескеруіміз тарих үшін де, тіліміз үшін де маңызды деп қорытындылайды.

Осы тұста ғалымның əдеби тілдің, қазақтың əдеби тілінің тарихына арналған мақалалары мен зерттеулері де өз алдына арнайы сөз етуді қажет ететінін ескертеміз. Олар жайында басқа мақаламызда кеңінен айтылғандықтан, бұл жерде Т.Қордабаевтың графика мен орфографияға қатысты ойын келтіруді жөн көрдік. Жазуымыз қандай əліппеге негізделуі керек деген мəселе бойынша «кириллицаға негізделген қазіргі əліппеміздің өзі халықтарды орыстандырудың бір əрекеті екені рас. Бірақ халқымыздың мəдени тарихында қолданылған төрт түрлі əліппенің төртеуі де («А.Байтұрсынов реформалаған араб графикасына негізделген жазу», «Құлпытасқа түскен ізінен басқа ештеңесі жоқ көне түркі əліппесі», «Есіңнен тандырарлық кереметі бар латын əліппесі» жəне кириллица) қазақ халқы үшін де, басқа түркі халықтары үшін де бұрыннан болған жазуларға негізделген туынды əліппелер. Түркі халықтары, олардың ішінде қазақтар да ол əліппелерді өз тілдерінің дыбыстық жүйелеріне лайықтап қолданды. Сондықтан əліппе таңдауда оның шыққан тегін басшылыққа алу — адасқандық» дей келе, «жарты ғасырдан астам уақыт бойында мəдени, рухани өміріміздің барлық санасына əбден сіңісіп, берік орныққан, халқымызды жаппай сауаттылыққа жетілдірудің, ғылым, білімімізді, əдебиетіміз бен өнерімізді дамытудың ең тиімді де сенімді құралы болып келе жатқан жазуымызды өзгерте салу оңай шаруа еместігін» ескертеді. Өйткені «қазіргі əліппемізбен жарық көрген ұшан-теңіз тарихи, мəдени, ғыылыми мұраларымыздан болашақ ұрпақтарымызды тағы да, үшінші рет, мақұрым қалдырмаймыз ма? Үшінші рет халықты сауатсыздыққа душар етпейміз бе?» деген сауалдар арқылы бүгінде өзекті де өткір мəселелердің қатарында тұрған əліпбиді өзгерту/өзгертпеу туралы мəселеге өз көзқарасын білдіреді.

Тағы бір соны, тың туынды ретінде 1975 жылы жарық көрген «Тілдің структуралық элементтері» [7] атты зерттеуінде ғалымның сөйлемнің тиянақты ойды емес, жеке ойды білдіретіні туралы пікірі өз дəлелін тапқан.

Өз зерттеулерінде ғалым А.Байтұрсыновты ерекше өнеге тұтқан: «Ахаң еңбектерінсіз ғылымымыз тарихы туралы мəнді бірдеңе айту жалғандық болар еді» деп Ахмет Байтұрсынов тағылымын тарқатып отырады [8]. Өйткені құрмалас сөйлемдерді мағыналық саралау алғашқы тілтанымпаз А.Байтұрсынов ілімінде болғаны сөзсіз. Т.Қордабаев та ұлы ғұлама тілтанушы А.Байтұрсыновтың құрмалас сөйлем түрлеріне қатысты тұжырымдарына сүйенеді.

Сонымен қатар Т.Қордабаев қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасу, даму жолында еңбек еткен, құнды зерттеулерімен із қалдырған ғалымдардың бірі. 1991 жылы жарық көрген «Қазақ тіл білімінің мəселелері» еңбегі 1995 жылы толықтырылып, өңделіп «Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары» деген атпен шығады. Бұл еңбектерде ғалым тілдің грамматикалық құрылысына, оның ішінде морфологияға қатысты мəселелерді жеке қарастырады. Тіліміздегі сөздерді топтастыру мен таптастырудағы ұстанымдар мен заңдылықтарды анықтау — морфологияның басты мəселелерінің бірі екені анық. Т.Қордабаев та осы мəселеге қатысты ғылыми еңбектерге шолу жасай отырып, сөз таптары деген мəселенің А.Байтұрсыновтың 1914 жылғы «Тіл құралы» еңбегінен бастау алатынын айтады. Қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлуді грамматика мен грамматикалық категорияларға қатысты жалпы лингвистикалық мəселелер тұрғысынан шешу қажеттілігін ескертеді [9].

Т.Қордабаевтың тұжырымдауынша, қазақ тілін зерттеген түрколог-ғалымдардың ешқайсысы бұл кезеңде, біріншіден, сөздерді таптарға бөлуде қандай принциптерге сүйену керектігін сөз еткен жоқ; екіншіден, олардың барлығы да қазіргі терминология бойынша шылау сөз деп аталып, бір ғана топқа жатқызылып жүргендерді союз, послелог, частица деп үш түрлі сөз табы ретінде қарайды; үшіншіден, олардың барлығы да сөз таптарының атын атап, төрт-бес мысал келтіруден, əр сөз табына тəн морфологиялық кейбір формаларды атаудан ұзамады.

Қазіргі грамматикамызда сөздерді таптарға бөліп топтастыру, яғни сөз таптарының лексика- грамматикалық қызметі жағынан жіктелуі біршама жүйеленіп, бір негізге түсірілген. Дегенмен əлі де шешімін таппаған даулы мəселелер жоқ емес. Ғалымның «тіл грамматикасының сыры ешқашан да таусылмайды, ол толық ашылып сарқылмайды да. Оның алды ашық, сыры терең. Тіл грамматикасын зерттеудің ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа созыла, жалғаса беретіні де сондықтан» [9; 94] деуі тілдің үнемі даму үстінде болатын құбылыс екендігін дəлелдей түссе керек.

Қазақ тіл білімі саласында қомақты еңбек еткен ірі тұлға, профессор Т.Р.Қордабаевтың лингвистикалық мұрасының аз ғана бөлігіне шолу жасау барысында оларда қарастырылған мəселелердің ғылым үшін маңызын терең түсіне отырып, бүгінде де өзектілігін жоғалтпағанын, жалғасын тауып зерттеліп жатқанын айтқымыз келеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қордабаев Т.Р. Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы. — Алматы: Қазақ мемл. оқу-пед. баспасы,
  2. Қазақ грамматикасы. — Астана: Елорда, 2002. — 122-б.
  3. Пірімбетов Т.Т. Шақ категориясы (Т.Р.Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы» еңбегі негізінде). —Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. — 69, 70-б.
  4. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. — Алматы: Мектеп, 1966. — 176 б.
  5. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мəселелері. — Алматы, 1964. — 19-б.
  6. Қордабаев Т. Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі. — Алматы, 1966. — 19-б.
  7. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. — Алматы,
  8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің мəселелері. — Алматы: Рауан, 1991. — 4-б.
  9. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. — Алматы: Рауан, 1995. — 175-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.