Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Түр-түс атауларының шығуы туралы

Колоративті лексика — қазақ тіл білімінде ерекше назарға ілінген мəселелердің бірі. Ғалымдар түр-түс атауларын адамның тану əрекетімен, мəдениетімен, сол халықтың өзімен байланыста қарап, түр-түстану деген бір саланың негізін қалап, тың зерттеулер жүргізіп жатыр. Əр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан сарқылмас қазынасы болып табылатын өзіндік тарихы, мəдениеті, салт-дəстүрі, əдет-ғұрпы бар. Міне, осы мəдениетті, тарихты, дəстүрді түр мен түссіз елестету мүмкін емес. Мысалы, тарихтан белгілі Көк түрік, Ақ Орда, Көк Орда, мəдениетімізбен байланысты кісі өлсе, үй сыртынан ту тігу, бала алғаш жүргенде аяғына ала жіп байлау — бəрі-бəрі түр-түспен байланысты болып келеді. Тіпті, тұрмысқа жаңа шыққан қыз баланың ата-анасына орамал тігіп, өз мұңын, жағдайын, қуанышын жіптің түр-түсімен жеткізіп отырған. «Егер орамал қызыл жіппен кестеленсе, оның əке-шешесі бұл хабарға өте қатты қуанып, барған жеріне риза болған. Өйткені қызыл жіп қуанышты, шат көңілді, бейбіт өмірді білдіреді де, ал сары жіп — керісінше, уайым-қайғының белгісі болғандықтан, қыздың əке-шешесін сағынып жүргендігін білдірген» [1]. Бұның барлығы айналып келгенде қазақ халқының түр-түстанудағы идиоэтникалық болмысын танытады.

Түр-түстердің шығу төркіні жайлы мəселеге байланысты ғалымдар тарапынан əр түрлі көзқарастар айтылып, қилы-қилы болжамдар жасалған еді. Ғалымдардың кейбіреуі түр-түстерді қытай сөзінен алынған десе, кейбіреуі монғолдан кірген кірме сөз, кейбіреуі өзіміздің түркінің төл сөзі деген пікірді білдірген еді. Барлық ғалымдар талдауды ақ сөзінің шығу этимологиясынан бастаса, біз түркі танымындағы дүниенің бастауы саналатын түс — көк сөзінен бастаймыз.

Көк, ғалымдар пікірінше, синкретикалық түбір болып табылады. Академик Ə.Қайдар: «Алғашқы адамдар көк күмбезін оның түсіне қарап, «көк» деп атап кетуі қаншалықты заңды болса, керісінше, жер бетіндегі көк түсті заттардың бəрін аспан түсімен салыстыра отырып, жалпылама «көк» деген түр-түс атауын жасап алуы да мүмкін ғой,» [2; 39] — деп, көк сөзіне қатысты пікірін білдірген болатын. Шынымен де, бұның құбылыс ретіндегі мағынасы бірінші пайда болды ма, əлде сындық (түстік) мағынасы бірінші пайда болды ма деген сұрақ əлі күнге шейін өз шешімін таппай келеді. Зерттеуші Н.Аитова бұл сөзге қатысты ойын былай дейді: «Түркі тектес халықтардың ішінде қазақта көк күшейту мəнінде «көкпеңбек» болып қолданылады. Бұл «көк пен көк», яғни көкпен бірдей деген ұғымға келеді. Əр сөздің екі рет қайталануы оның реңдік мəнін əсірелеп, үдетіп жіберген» [3].

Көк пен Тəңір аспан мағынасындағы синоним сөздер болып табылады. Бұған дəлел ретінде түркінің ұлы ғалымы М.Қашқари сөздігінде көктің бірнеше мағынасы берілген, соның бірі — аспан. Ал осы сөздікте тəңір номинативінің мағынасы да аспан деп көрсетілген. Ш.Уəлихановтың

«Қырғыздардағы шамандықтың қалдығы» атты мақаласында: «Аспан — бұл шамандықта ең жоғарғы құдірет. Көк тəңірі — көк аспан. Қырғыздарда бірінші сын есім көк сөзі көрінетін заттық нəрсені білдіреді, ал тəңірі зат есімі Алла жəне Құдай сөздерінің синониміне айналған», — дейді [4]. Сондай- ақ бұл діни-танымдық мақалада «тəңірі жарылқасын», «көк соқсын» деген тұрақты тіркестер бар. Бұл тілдік бірліктер де екі сөздің мағыналас екендігінің тағы бір дəлелі. «Тəңір» деген атаудың этимологиясы туралы М.Есжанның мына бір дерегін келтіре кетсек, артық болмас. «Көне шумерлер құдайларын «Ди-ниг-ир» деп атапты. Тағы бір дерек бойынша, «тəңір» сөзі көне тибет тілінде «аспан» дегенді білдіреді. 2003 жылы Анкара қаласында бас қосқан түркі тектес 36 мемлекеттің ғалымдары «тəңір» сөзінің төркіні көне түркі тіліндегі «тең» (тұрақты), «ңір» (шексіз) дейтін екі атаудың қосындысы деген пікірге тұрақтағандай болды», — дейді [5].

Сонымен қатар көк сөзімен байланысты шыққан қазақта көптеген сөздер бар. Бұған көк тəңірідегі алғашқы компоненттің ықпалы бар секілді. Мысалы, көк шықты дегендегі көк заттың түсін емес, жаңа шыққандығын білдіреді. Тəңірідегі көк дүниенің бастауы деп түсінсек, шөп сөзімен тіркескен көктің мағынасын біз көктем мезгілінің келгендігі, жаңа тірліктің басы деп ұғамыз.

Көк сондай-ақ көне түркіде туыстық мағынада қолданылған. Мысалы, М.Қашқаридағы көгің кім? деген сұраудың аудармасы — шыққан тегің қандай? Сөздікте көке деген туыстық атауы да кездеседі. Көке деп əкесінің апа-қарындастарын атаған екен. Қазіргі қазақ тілінде бұл сөз ауыз екі сөйлеуде көкең кім? түрінде жиі қолданылады. Бұл тіркес туыстық атауды білдіргенімен, тірек, демеуші деген мағынада жұмсалады. Дегенмен кей отбасыларда көне түркілік мəні əлі де болса сақталған.

Қарақ — қазақ əдет-ғұрпында, салт-дəстүрінде қасиеттілікті білдіруімен қатар, қайғы-қасіретпен ассоциацияланады. Бұл сөздің шығу табиғатын көзбен байланыстыруға болады. Адамның дүниені танудағы ең негізгі мүше — көз болып табылады. Көзге қатысты тілімізде көптеген тұрақты тіркестер қалыптасқан. Қазақтар көзімнің ағымен қарасындай деп ең қымбатты, ең ардақты адамдарына айтса, көзінің қарашығындай немесе қарасындай сақтау деп атадан мирасқа қалған бағалы бір затты, мұраны сақтауды айтады. Абайдың «Көзімнің қарасы» деген өлеңіндегі мағына да жоғары айтылғандармен мəндес. Бұны айтып отырған себеміз мынада: М.Қашқаридың сөздігінде «қарақ» көздің қарашығы, көз мəнінде түсіндірілген. Яғни, қарақ жəне көз сөздері бір-біріне синоним болып келеді. Алайда қазіргі қазақ тілінде бұл көздің бір ғана бөлшегі (қарашық) болып қалыптасты. Қазіргі қазақ тілінде көзі қарақты, қарақтау секілді сөздер қолданылады жəне де көне түркілік қарақ сөзінен қаншама сөз пайда болды. Қара, қарашы, қарғам, қарығу, қар барлығы да көзбен, яғни қарақпен байланысты. Қара түс атауы да заттық ұғымнан (қарақтан) туындаған. Ал қазақ халқының қарғам деп еркелету мəнінде айтылатын сөзі — 300 жыл жасайтын қара құсқа байланысты шықты ма, əлде көне түркілік қарақтан пайда болды ма? Бұл өте даулы мəселе болып табылады. Мысалы, аққу құсы кез келген көлге мекендемей, аса талғампаз, тəкəббар болып келгендіктен, қазақ халқы үшін тазалық пен сұлулықтың символы болып танылады. Ал қарғаға қатысты халқымызда қарға тамырлы деген бейнелі сөз бар, яғни бұл қарғаның ұзақ өмір сүруіне қатысты шыққан. Сонда қарға ұзақ ғұмырдың белгісі болып саналады. Зерттеуші Н.Аитова қарғам деген еркелету сөзі қара құстың атына қатысты емес, көзге байланысты туындағандығын айтады. Ғалым қарық сөзін қар жəне -ық деп екі морфемаға бөліп талдап, қар сөзі көз мағынасында жұмсалатынын атап көрсетеді. Сонымен қатар ғаш, ғай сөздері құс мағынасын береді дейді. Дегенмен де ғалым қарғам еркелету сөзінің құрамын толықтай ашып, дəлелдемеген.

Қарығу деген көздің ауруы да бар. Б.Қыдырбекұлы бұл сөздің этимологиясы жөнінде былай дейді. «Қарығу — көздің суықтан, əсіресе қарлы далада ұзақ жүруден болатын ауру, көздің төңірегінде иненің жасуындай ақ бөріткеннің пайда болуы, ол көзге тікендей қадалып тұрады. Қазақ оны қардың ақтығынан көреді. Сондықтан «қарығ», яғни «қар қапты» деседі» [6]. «Дивани Лұғатта» қарықты дегенге адамның көзі қардан қамалды деген анықтама берілген. Бұдан түйетініміз — көздің қарға шағылысуынан қарығу сөзі, ал қарақтың ауруын тудырған ақ нəрсені қар деп атап кетуі мүмкін. Қорытындылай айтатын болсақ, зат мағынасындағы қарақтан сындық, іс-əрекет, ауыс, символдық мағыналар туындаған деген пікірдеміз.

Ақ сөзі түркі тілдерінде ақ//ах//ағ//а: қ формасында қолданылып, бір-біріне жақын үш топ мағынаны аңғартады: 1) «ақ» деген негізгі түстік мағына («белый»); оның төңірегіне: ақшыл, көздің ағы, жұмыртқаның ағы, т.б. мағыналар туған; 2) «ақ» сөзінің ауыс мағыналары: кіршіксіз таза, кінəсіз, ақжүрек, адал; 3) керемет, тамаша, ғажайып. Ақ сөзінің этимологиясы жөнінде, оның заттық не түстік негізі жайында ХХ ғасырдың өзінде-ақ түркологтар арасында əр түрлі пікірлер қалыптасты. Э.В.Севортян «аға» жəне «əке» деген туыстық атаулардағы екі сөздің де негізі «ақ» — «оқ» (қартаю) етістігінен өрбіген дегенді айтады. Жалпы сүт тағамдарын білдіретін ақ атауы (қымыз, сүт, шұбат, құрт т.б.) ақ етістігі негізінен өрбігенін аңғаруға болады. Оған дəлел «ақ» — ағу, жоғары-төмен жылжу, құйылу» мəніндегі етістік. Сүттің төмен сауылып, сорғалап құйылатыны белгілі. Əрі өзі де ақ, басқа реңкі жоқ, өзгермейтін ақ түсті ақ атау да көңілге қонымды. Көне түркі тілінде «үрүң» атаудың тілден ығыстырылып шығуына да ақ сөзінің конверсиялануы əсер еткен. Көне мұраларда кездесетін «таң ағару» тіркесіндегі «ақ» жоғары көтерілу, «таң көтерілу» мағынасын беретін ақ — етістігінің əр түрлі сапада жеткендігін ғалым Б.Сағындықұлы дəлелдейді [7].

Тарихшы-ғалым Х.Көктəнді «ақ» сөзінің ежелгі нұсқасы ретінде «су» сөзіне де үлкен мəн береді:

«Су — ақ деген сөз. Судың ақ деген мағынаны білдіретінін көптеген деректер айғақтайды. Жапондарда да су дыбысталуы ақ мағынасын білдіреді екен. «Ақ сунбу — ақ-ақ биік» болып аударылады. Сырдария өзенінің «Авеста» кітабындағы атауы — Ардвисур. Бұл өзеннің ежелгі аты — «таза ақ құндар өзені» деген мағына берген. «Су» сөзінің «ақ» мəнін білдіретіндігіне тағы бір мысал: Сурманақ — жалайыр тайпасының Шыңғыс хан заманындағы бір тармағы, екінші тармағы — Шуманақ. Жалайырлар үлкен екі тармаққа бөлінген. Алғашқы тұлғалық атауы Су-ман, кейін Суман (мəні ақ деген мағынада), түсініксіз болған соң, алғашқы мағынасын калькалық тəсілмен көшіре аударып, «ақ» сөзін қосқан, содан кейін Сурманақ болып шыққан. Шуманақ тармағы атауы да осындай тарихқа ие. Тұнғыс-маньчжур тілінде «су» сөзі «чуу» дыбысталуында сақталып, «өте» мағынасын берген. Қазақ тіліндегі «су қараңғы соқыр» тұрақты тіркесі «көзі аппақ болып ағарып кеткен адам» деген ұғымды білдіреді. Екінші бір мысал: Алтын Орданың Жошы заманындағы атауы — «Сыр Орда». Көптеген тарихшылар, соның ішінде Рашид-ад-дин, Вассаф, А.Б.Греков, А.Якубовский сынды ғалымдар Алтын Орданы «Сыр Орда» деп атаған немесе «Су Орда — Алтын Орда деген атауға еге» деп жазған», — деген деректер келтіреді [8; 148]. Су — ақ. Осыған қарағанда Шыңғыс заманында «су» атауы əлі де «ақ» деген мағыналық мазмұнын жоймаған. Бұл күндегі тілімізде кеңінен қолданылатын «сүттен ақ, судан таза» деген тұрақты тіркесіндегі мағынасы да аппақ, мөлдір түске қатысты айтылып, кінəсіз деген мағынаны білдіреді.

Енді бірқатар ғалымдар Қ.Ғабитханұлы, Т.Жанұзақов «ақ» сөзінің шығу төркінін «ай» космонимімен сабақтастырып, оның фонетикалық өзгерісінің схемасы ајаs>аја>ај болуы мүмкін деп болжайды. Мұның дəлелі ретінде түркі тілдерінде үнемі қолданылатын «ай йузлүк» тіркесінің мағынасына тоқталады. «Ай» атауын «ақ» сын есімімен байланысты қарауынының негізі бар. Сөздердің тілдегі қолданысы мен оның беретін мағынасына қарасақ, расында да «ай» атауы о баста заттың сын-сипатын білдіретін сөз болғанға ұқсайды. Қазақ тіліндегі айдын, айқын сөздері «ай» түбір сөзінің негізінде жасалған [9]. Бұл сөзді кейбір ғалымдар (Менгес, Рясянен) қытай тілінен енген кірме сөз деп қарайды. Бірақ Ə.Қайдар бұл ғалымдардың пікірімен еліспей мынадай уəж айтады: «...қытай тілінен түркі тілдеріне енген элементтердің таралу шегі белгілі региондармен шектеулі ғана. Ал «ақ» сөзі болса, барлық түркі тілдерінде кездеседі» [2; 37].

Сонымен «ақ» түс атауының шығу төркінін дəл басып айтудың қиындығы «ақ» сөзінің көнелігін көрсететіні даусыз. Бұл орайда біз Қ.Ғабитханұлы мен Т.Жанұзақовтың «ай» сөзі о баста «ақ» деген түстік мағынаны білдіретін сөз болған, осы сөзден кейін келе қазіргі тіліміздегі сын есім «ақ» туындаған» деген пікірін қолдаймыз.

«Ал» сөзі де көне түбірлердің қатарына жатады. Бұл сөз ашық қызыл деген мағынасында қызыл, сары, қара сөздерімен тіркесе қолданылады. Мысалы, ал қызыл, ал сары, ал көк т.б. Бұл сөздің төркіні туралы да біржақты пікір жоқ. Кейбір авторлар «ал» сөзі монғол тіліндегі «гал» («от») сөзімен (мысалы, гал шара — огненно-рыжий) байланысты деп қараса, енді бір тобы түркі тіліндегі жалын, ялкун, йалун сөзінің түбірі жал//ял//һал (ұйғыр тілінде: һал тармақ — қызару, қызғылттану) деп қарайды. Сөз басындағы дауыссыз дыбыстардың (г//ж//й//һ) түсіп қалу заңдылығын ескерсек, «ал» сөзінің бастапқы заттық негізі «от», «оттың жалыны» болуы мүмкін.

Осыған орай ал сөзін түркі тілдерінің өз төл сөзі деп қарауға болады. Бұның екі түрлі негізін Ə.Қайдар былайша дəйектейді: « Біріншісі — ал сөзінің бүгінгі түркі тілдерінің көбінде-ақ жеке-дара күйінде де, күшейткіш элемент күйінде де қолданылуы болса, екіншісі — орыс, тағы басқа славян тілдеріндегі «алый» сөзінің түбірі «алды» мамандардың барлығы бір ауыздан түркі тілдерінен енген кірме сөз деп есептейді».

Ал кейбір этимологтар түркі тіліндегі «алтын» жəне монғол тіліндегі «алтан» сөздерімен жақындастырып, оларды ал (алқызыл) мен тұн (қызғылт) мыс) түбірінен пайда болған деп қараса, енді бір жерде алмұрт, алма, алқор, алша сияқты жемістердің алғашқы компоненті ал — парсы сөзі деген де пікір бар [2; 34–35]. Ал сөзі парсы тілінде ашық қызыл, солғын қызыл мағынасында қолданылады екен. Яғни, бұл сөздің қай тілге тиесілі екендігі белгісіз. Дегенмен кей ғалымдар (Ə.Қайдар, З.Ахтамбердиева) бұны славян тілдеріне енген сияқты, парсы тіліне енуі мүмкін екендігін жорамалдайды.

Қазақ жəне басқа түркі тілдеріндегі қызыл мен жасыл сөздерінің түбірі «қыз» бен «жас» деген пікір көптен бері айтылып келеді. Сондағы ғалымдардың дəлелі: бұлардың екеуі де -ыл -іл моделі негізінде бүгінде жеке-дара қолданылмаса да, бөліп алып қарауға болатындығы. Ал белгілі топономист Е.Қойшыбаев қызыл сөзін тіліміздегі қысыл (тар, қысылу) етістігімен байланыстырады. Ғалымның мұндағы сүйенетін дерегі — Жоңғар жəне Іле Алатауларындағы шатқал аты — Қызылауыз («узкие ворота» мағынасында). Бірақ та көптеген ғалымдардың пікіріне сүйенсек, жоғарыдағыдай, қызыл сөзінің түбірі — қыз: бірде етістік («краснеть», «пламенеть»), бірде сын есім мағынасында («красный», «багровый») екіұдай қолданылған екен. Сын есім мағынасында қолданылғандығын дəлелдеу үшін қызар етістігін алып, боз — бозар, көк — көгер, ақ — ағар моделі бойынша талдаса да жеткілікті. Бұл жердегі түбір тек зат есім немесе сын есім ғана болуы керек. Сонда қазіргі қазақ тіліндегі қызыл сөзінің құрамындағы о бастағы дербестігін жойған «қыз» түбірінің төркіні айқындалмақшы. Ол тек қызыл түстің ғана емес, тіпті алабұртып, қызу қанды, сұлу реңді мағынасындағы «қыз» сөзінің шығуына да негіз болса керек [9]. М.Қашқаридің «Диуани-лұғат- ат-түрік» сөздігінде бұл қыз түбірінің тағы бір мағынасы беріледі: Бұ ат қыз алдым — Бұл атты қымбат алдым. Сонда қыз түбірінің мағынасы: 1) қызыл; 2) қымбат, соған тағы да -ыл жұрнағы қосылып, тарихи тұрғыдан қатыстық сын туғызса, біздің тілімізде сапа сыны болып қалыптасқан.

Жасыл түс атауының да түбірін жас деп тануға болады. Мұнда да о бастан заттық не сындық, сипаттық мағына болған. Жас сөзінің бастапқы мағынасы «жаңа шыққан көк, өсімдік, көкөніс» деуге болады. Əзербайжан тілінде йаш — «дымқыл», «сулы», «көк» деген мағына берсе, ұйғыр тілінде көк- яш, қыл-яш деген күрделі сөз құрамындағы «яш» та сол мағынада қолданылады.

Н.Қарашева: «Жас сөзінің... бастапқы мағынасы «жаңа шыққан көк өсімдік» деп ұйғаруға болады. «Жас» сөзінің жаңадан көгеріп шыққан өсімдікті білдіретін мағынасы жаңа өсіп келе жатқан балаға, одан кісінің өмір сүрген жыл санына ауысқан. Көк өсімдіктің дымқыл, ылғалды болуымен, əсіресе таңертеңгі шық түскен кездегі күйімен байланысты, бұл сөз «көз жасы» деген ауыспалы мəнге ие болған тəрізді», — деп көрсетеді. Яғни, жасыл, көздің жасы, адамның жасы, жаңа өсіп келе жатқан балаға байланысты айтатын жас сөзі шығу тегі бір, яғни гомогенді омоним (гомогенді омоним деп — «о бастағы бір сөздің мағыналық дамуы нəтижесінде туындап, арақатынасы алыстап, бара-бара екі сөзге айналып кеткен лексемалар» [10]) деп айтуға болады.

Қазақ тілінде де, жалпы түркі тілдерінде де сары түс атауы сындық мағынада қолданылады. Жоғарыдағы талданған түр-түс атаулары сияқты бұл сөздің де шығу тегін, этимологиясын анықтау қиындық туғызады. Сары сөзінің негізгі түстік мағынасымен қатар көптеген ауыс мағыналары да бар.

«Сары» сөзі жер-су атауларымен тіркескенде «сар» тұлғасында қолданылатынын байқау қиын емес. Топономист Е.Қойшыбаев «сар» сөзі топонимдік атаулармен тіркескенде көбінесе «айқын, кең, негізгі, басты» деген мағынада жұмсалатынын айтады. Ал Р.Сыздықова «сары алтын» тіркесіндегі сары сөзінің мағынасы қоспасыз, таза, ал «сары уайым» дегендегі «сары» сөзі парсы тілінде уайым, қайғы екенін айта келіп, «сары уайым» тіркесі бір мағыналы екі сөздің қабаттаса айтылуынан пайда болып, бала-шаға, бекер-босқа сияқты бір сыңары парсыша — уайым (сар), екіншісі — қазақша уайым сөзінен жасалған плеонастық тіркес болып табылады», — дейді [11]. Алайда зерттеуші Р.Лауланбекова: «Сары уайым» тіркесіндегі «сары» сөзі түсті білдірмейді, плеонастық тіркес те емес. Себебі, «сар (ы)» сөзінің түркі тілдеріндегі бір мағынасы — «шын», «нағыз». Е.Қойшыбаевтың «сары» туралы «айқын», «анық көрінген», «басты» деуі қисынды. Осыған орай «сары уайым» — «негізгі, анық уайым», ал «сарыла күту» — «шыдаммен, нағыз күту» дегенге саяды», — деген ойын білдіреді [9; 11]. Сонымен қатар «сары» сөзінің «нағыз, таза» деген мағынасының барлығын тарихшы-ғалым Х.Көктəнді де сары сөзіне берген талдамасында анықтайды. Ғалым сары сөзінің түбірін са/со деп бөліп алып, «са» түбірі дала деген ұғымды білдіретінін айтады. Кейбір тарихшылар сары ұйғыр дегенді көне ұйғыр ұғымын береді деген пікір айтады [8; 148]. Бұл асылы, таза далалық ұйғыр деген сөз. Ра — таза, шын деген сөз. Со — дала, со сөзі, салқар (с//ш), сақара деген сөздердің түпкі буынында сақталған. Сайын сөзі жеке тұлғасында ұғынықсыз болған соң, кейін халықтың өзі сайын дала деп калькалық тəсілмен көшірме аударма жасаған. Осы күнге дейін бұл екі сөз қосарланып айтылады.

Боз сөзі түркі тілдерінің төл сөздеріне жатады. Түркі тілдерінде ол боз // бо: з// бос// бөз// бүз// бот тұлғаларында кездесіп, этимологиялық сөздіктің анықтауы бойынша 11 түрлі мағынада қолданылады. Олардың тура мағынасы — ақ түстің бір түрі. Кейбір ғалымдар боз бен бордың төркіні бір екендігін айтады. Сонымен қатар «боз» сөзінің архетипін А.Щербак по:с деп жорамалдайды. Бірақ та Э.Севортян боздың бордан, не керісінше бордан боздың шыққанын анықтау қиын екендігін көрсетеді. Академик Ə.Қайдар «боздың алтай тілдеріне ортақ жəне ротацизм (р~з~с) заңдылығын жəне боз//бор//бора (осыдан бораң//баран) сөздерінің түстік мағынасын ескерсек, түркі тілдеріндегі: бор (мел), боз жер, бөрі..., монғолша бору, бор (серый, коричневый) хакасша пораң, сондай-ақ славян тілдеріндегі бусый темно-серый, пепельный т.б. сөздерді боз//бор сөздерімен туыстас, ұялас», — деп қарайды.

Сұр сөзінің табиғаты онша анық емес. Дегенмен оның тұлғасына жəне мағынасына қарап бірнеше жорамал айтуға болады. Мəселен, түркі, монғол тілдерінде «серый» жəне оған жақын мағыналарда бірнеше сөз қолданылады. Қазақ тілінде сұр, қарақалпақ тілінде сур, башқұрт тілінде һоро, алтай тілінде боро, ноғай тілінде қуба т.б. Осыған қарап отырсақ, боз бен бор//бора//боро, сондай-ақ сұр//сур//сара//һоро жəне қу//қуу//құба//куба сөздері мағыналас. Сұр сөзінің шығу төркініне келер болсақ. Тұлға мен мағына жағынан жақын тұрған тұрған сұр//сур//сара//һоро сөздері төркіндес деп қарап, оны фонетикалық заңдылықтарға сүйене отырып, дəлелдеуге болатын сияқты. Мəселен, о бастағы бір буынды сөздің кейде ашық, кейде жабық буын болуы ықтимал. Сонда чуваш пен башқұрт тілдеріндегі сара мен һора сөздерін сұр сөзінің ашық буынды варианты деп қарауға болады.

Қоңыр сөзінің пайда болу табиғаты жоғарыда аталған түр-түстерден өзгеше болып келеді. Топонимист-ғалым А.Əбдірахманов қоңыр сөзін монғол тіліндегі хонхор, хонхур (ой, шұңқыр, үңгір, сай, жыра) сөзінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі деп қараған. Бұл пікірді А.Жартыбаев та қуаттап, Қарағанды облысындағы Дарақоңыр орониміндегі қоңыр сөзін монғолдың хонхур сөзі дей отырып, Дарақоңыр оронимінің мағынасын «бөлек, дара тұрған сайлы, жыралы төбе» деп санайды [12]. Біздіңше, бұл алтай тілдеріне ортақ сөз. Жəне де біз қоңыр сөзінің этимологиясына қатысты өз пікірмізді ұсынамыз.

Халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа ғасырлар тереңінен ауызша жеткен төрт түліктің баласын сүюі деген жыр бар.

 Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,

«Ештеңе білмейтін момыным» деп.

Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,

«Қараңғыға баспаған қорқағым» деп.

Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,

«Жаудыраған көзіңнен, тоташым» деп.

Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,

«Тұлпар болып жүгірер жұрыным» деп.

Ешкі сүйеді баласын «лағым»деп,

«Тастан тасқа секірген шұнағым» деп.

 Байқап отырғанымыздай, əр түлік өзінің төлін өз атауымен атаған. Ал қой малының қошақан, қозы секілді төлінің атауы болса да, қоңырым деп сүйеді. Бұл жерде халқымыз қоңыр түсіне қатысты атады десе, қозының ақ, қара, ала, қызыл түсті болатыны жəне белгілі. Біз бұл қолданыстағы қоңырдың қазіргі мағынасын қойдың жуас, момын болуына байланысты баласын да солай атады деп түсінеміз. Алайда жылқы құлыным деп баласын атағандай, қой да қоңырым деп қошақанын атаған. Сонда қоңыр, қозы, қошақан деген сөздер өзара мағыналас болады.

Академик А.Щербактың түркі халықтарының үй жəне дала жануарларының атауларына қатысты мақаласында: «Коj (ун)» — сарік, «овца», «самка овцы», монг. — хони (н), маньч. — хонин.

Тув. — коjун., хак. — хоі, узб. — куі, каз., ног. — кой... В фонетическом отношении наиболее ранней является форма конун (кон). Дополнительный слог (ун) — морфологический элемент, некогда выражавший значение уменьшительности. В древних тюркских языках он (яғни, ун жұрнағы. — Х.Б., Ə.А.) был весьма употребительным, однако впоследствии утратил продуктивность и полностью слился с основой, ср. Куртун «червяк», боjун «шея» и т.д.» [13]. М.Қашқари өзінің сөздігінде «қон» сөзіне қой деп анықтама берген екен. Түркі тектес халықтарда қоңырды қонур (қырғыз), қонгир (өзбек) деп те атайды. Байқасақ, бұлардың түбірі қон, ал -ыр, -ур жұрнақтары -ун жұрнағының кейінгі өзгерген түрі. Сонда екі морфеманың бірігуінен қоңыр сөзі пайда болған деген пікірдеміз.

Қой мəніндегі қоңыр сөзі кейіннен басқа мағыналардың туындауына ұйтқы болған. Қой малы көбіне масасы жоқ, желі бар жерлерде жайылғанды жақсы көреді. Өйткені жылқы, сиыр секілді маса- шыбыннан қорғанатын оның құйрығы жоқ. Сонымен қоса, қой малы тегістеу жерге жатпайды, олар төбенің, қырдың басында жатады. Осыған байланысты биік емес, аласа тауларды, жондарды, сол төбелердің басында өсетін өсімдікті қоңыр деп атаған.

М.Қашқари сөздігінде қоңырдан жасалған етістік берілген. «Қоңрады — қоңырлады, қоңырқай тартты. Оғлан үні қоңрады — баланың даусы қоңырлады. Баланың даусы балиғатқа жеткенде дауысы өзгерді. Қой қоңрады — қойдың түсі қоңыр болды» [14]. Бұл жерде ең əуелі қойдың түсінің емес, белгілі бір жасқа жеткендігі айтып тұрған секілді. Соған ұқсатудан адамға қаратылып айтылып, баланың белгі бір жасқа жеткенде, оның өзгергенін, яғни даусының қоңырланғанын, жуанданғанын білдірден болуы керек. Сөздікте қоңыр үн дегеннің анықтамасын — көмекейден шығатын үн деп түсіндірген. Яғни, бұл əн айтқанда қолданылған. Көмекеймен əн айту деген дəстүр күні бүгінге дейін бар. Бұл тіркестің кейіннен семантикалық өрісі кеңейіп, саз, əн, күй деген сөздермен қоңыр синтагмалық байланыс түзген. Қоңыр қазақ музыкасының брендіне айналып, құлаққа жағымды, табиғи үн деген мағынаға ауысқан.

Сонымен, қоңыр сөзін қой малымен байланысты пайда болды деген пікірді ұсынамыз. Қой жуастықтың, қарапайымдылықтың, байлықтың символы болып саналғандықтан, содан пайда болған қоңырдың да беретін мағынасы соған жуық келеді. Қазақтың қоңырым, қоңыр қозым деп еркелетуі, қарапайым тірліктің қоңыр аталуы, қоңыр үннің құлаққа жағымдылығы, қоңыр желдің саялылығы — бəрі де қоңырға деген қазақтың ерекше ықыласын білдіреді. Қазақ қоңыр аңның киесі атады деп оны атпаған, ерекше қастерлеген, оны кие тұтқан. Жəне де, біздің байқағанымыздай, өзге түркі тектес халықтар қоңырды көп қолдана бермейді, оның орнына күрең сөзі жүреді.

Қорытындылап айтатын болсақ, колоративті лексиканы зерттеу — қазақ тіл білімінде қарқынды дамуда. Түр-түстердің мағынасы, символикасы, этимологиясы, концепт құру ерекшелігі қазіргі кездегі тіл еңбекшілерінің назарына ілініп, адамтану парадигмасы тұрғысынан зерделеніп жатыр. Біз бұл мақаламызда бұрыннан бар пікірлерге өз көзқарасымызды білдіре отырып, ұлттық тіліміз бен ділімізде өзіндік сипаты бар қоңыр сөзінің этимологиясын қарастырдық.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Құмарoва Б. Көне өнерді жанғыртайық // vkoem.kz
  2. Қайдаров Ə., Ахтамбердиева З. Өмірбеков Б. Түр-түстердің тілдегі көрінісі. — Алматы: Ана тілі, 1992. — 160 б.
  3. Аитова Н. Қазақ тіліндегі «қара» жəне «көк» түске байланысты семантикалық сипаты. Тіл тарихы жəне сөз табиғаты. — Алматы: Ғылым, 1997. — 48-б.
  4. Уəлиханов Ш.Ш. Көп томдық шығармалар жинағы. — Т. 4. — 2-бас. — Алматы: Толағай групп, 2010. — 62-б.
  5. Мұрат Есжан. Құлшылық қылғым келмейді // kz
  6. Қыдырбекұлы Б. Түгел сөздің түбі бір. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1993. — 175 б.
  7. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері: Монография. — Алматы: Санат, 1994. — 137-б.
  8. Көктəнді Х. Аспан мен даланың арасындағы 4 ұмытылған тарих. — Алматы: Қасиет, 2001. — 462 б.
  9. Лауланбекова Р. Түр-түс компонентті күрделі аталымдардың танымдық сипаты (сын есім + зат есім үлгісі бойынша): Канд. дис. автореф. — Алматы, 2010. — 29 б.
  10. Құрманалиева А. Қазақ тілінің гомогенді омонимдердің этимологиялық негіздері. Тіл тарихы жəне сөз табиғаты. —Алматы: Ғылым,1997. — 40-б.
  11. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. — Алматы: Мектеп, 1980. — 106-б.
  12. Жартыбаев А., Сламбеков Н. Қарағанды облысы оронимдерінің кейбір этнолингвистикалық факторлар көрінісі. Тіл тарихы жəне сөз табиғаты. — Алматы: Ғылым,1997. — 227-б.
  13. Щербак А.М. Названия домашних и диких животных. Историческое развитие лексики тюркских языков. — М.: Изд- во АН СССР, 1961. — С.
  14. Қашқари М. Түркі тілінің сөздігі (Дивани-лұғат-ат-түрік): ІІІ т. шығармалар жин. — Алматы: Хант, 1997. — 536-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.