Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жай сөйлемдері мағыналық жағынан бір-біріне қайшы келетін сабақтас құрмалас сөйлемдер жатады [1]. Мұндай сөйлемдердің синтаксистік компо- ненттері арасындағы мағыналық байланыс бағыныңқылардың басқа түрлеріндегідей бірін-бірі толық- тап, бірін-бірі сипаттап тұрмайды, керісінше, бір-біріне қарама-қарсы айтылады. Біріншіден, біз қар- сылықты бағыныңқылы сабақтастарды жасаудағы шартты райлы етістіктерге тоқталамыз. Бұл жол- дың өзі екіге бөлінеді.

  1. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің шартты рай тұлғасында (-са, -се) тұрады:
  2. Шартты райлы етістікке да (де, та, те) дəнекерлігі қосылады.

Енді осының бірінші жолына сөйлемдер келтіре отырып талдаймыз. Мысалы: Бірі табылса, бірі жоқ (С.Жүнісов). Ілгері аттайын десең, алдыңғы жағың тар қойнауға кептеліп қалған (Ə.Кекілба- ев). Айғайлайын десе, үні шықпайды (С.Жүнісов). Түн қараңғысында жасырынып келіп қорқытпақ- шы болып қылжақбастау жігіт қасына таянса, қойшы түк сезбейді (С.Жүнісов). Сенің шаруаң бол- маса, біздің шаруамыз бар қызыл комиссарларда (Х.Есенжанов).

Мысалдағы бірінші сөйлемнің бағыныңқы компонентіндегі іс-əрекет, жай-күйге (бірінің табы- луына) басыңқы компонентіндегі іс-əрекет, жай-күй (бірінің жоқтығы) қарсылықты мəнде қолданыл- са, екінші сөйлемнің бағыныңқы компонентіндегі іс-əрекет, жай-күйге (ілгері аттағысы келуіне) ба- сыңқы компонентіндегі іс-əрекет, жай-күй (алдыңғы жағының кептеліп қалуы) қарсы мəнде қолда- нылған. Сол сияқты, үшінші сөйлемнің бағыныңқы компонентіндегі іс-əрекетке (оның айғайлағысы келуіне) басыңқы компоненттегі іс-əрекет (үнінің шықпауы) қарсылықты мəнде жұмсалған. Дəл осындай төртінші сөйлемнің бағыныңқы компонентіндегі іс-əрекетке (жігіттің қорқытпақшы болуы- на) басыңқы компонентіндегі іс-əрекет (қойшының түк сезбеуі) қарсылықты мəнде жұмсалса, бесінші сөйлемнің де бағыныңқы компонентіндегі іс-əрекет, жай-күйге (оның шаруасы болмауына) басыңқы компонентіндегі іс-əрекет, жай-күй (шаруасының болуы) қарсылықты мəнде жұмсалған. Осы бес сөй- лемнің барлығына да ортақ грамматикалық мағына — қарсылықтық. Бағыныңқы компонент баян- дауышының жасалу жолдары да бірдей (табылса, айтайын десең, айғайлайын десе, қасына таянса, болмаса), етістікке шартты рай тұлғасы жалғану арқылы жасалған. Бұл сөйлемдердің барлығында да екі толық субъект-предикаттық қатынас, екі ой-информация, екі интонация (тиянақты, тиянақсыз) бар. Ендеше, бұл сөйлемдер де — өзіндік грамматикалық белгілері бойынан табылған қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Енді шартты райлы етістікке да (де, та, те) дəнекерлігі қосылу арқылы жасалған қарсылықты бағыныңқылы сабақтастарды талдап көрейік. Мысалы: Мал өрістен қайтатын кез болса да, мөңіре- ген сиыр, кісінеген жылқы даусы естілмейді (С.Жүнісов). Жалмұқан шірік болса да, мен алдыма шы- ғара алмадым (С.Жүнісов). Ол қазір көкжиектен көтеріліп түн ортасы жақындағанын көрсетсе де, Текештің қонақтары жататын емес (Ə.Əбішев). Уезімде болып жатқан сорақылықтарды сізден басқалар жасырса да, мен жасыра алмаймын, тақсыр (Ə.Əбішев). Есеңгіреп қалса да, атқа үйрен- ген тақымдары құлатпады (Ғ.Мүсірепов).

Мысалдағы бірінші сөйлемнің бағыныңқы компонентіндегі іс-əрекет, жай-күйге (малдың өрістен қайтатын кездің болуына) басыңқы компонентіндегі іс-əрекет, жай-күй (мөңіреген сиыр мен кісінеген жылқы даусының естілмеуі) қарсылықты мəнде жұмсалса, екінші сөйлемнің бағыныңқы компонен- тіндегі іс-əрекет, жай-күйге (Жалмұқанның шірік болуына) басыңқы компонентіндегі іс-əрекет, жай- күй (оның алдына шығара алмауы) қарсылықты мəнде жұмсалған. Сол сияқты, үшінші сөйлемнің ба- ғыныңқы компонентіндегі іс-əрекет, жай-күйге (оның түн ортасы жақындағанын көрсетуіне) басың- қы компонентіндегі іс-əрекет, жай-күй (Текеш қонақтарының жатпауы) қарсылықты мəнде тұр. Дəл осындай төртінші сөйлемнің бағыныңқы компонентіндегі іс-əрекет, жай-күйге (сорақылықтарды бас- қаларының жасыруына) басыңқы компонентіндегі іс-əрекет, жай-күй (оның жасыра алмайтындығы) қарсылықты мəнде тұрса, бесінші сөйлемнің бағыныңқы компонентіндегі іс-əрекет, жай-күйге (оның есеңгіреп қалуына) басыңқы компонентіндегі іс-əрекет, жай-күй де (атқа үйренген тақымдарының құ- латпауы) қарсылықты мəнде тұр. Осы келтірілген бес сөйлемнің барлығына да ортақ грамматикалық мағына — қарсылықтық. Бағыныңқы компонент баяндауышының да жасалу жолдары бірдей (болса да, шірік болса да, көрсетсе де, жасырса да, есеңгіреп қалса да), етістікке шартты рай тұлғасы жалға- нып, оған да (де, та, те) шылауының тіркесуі арқылы жасалған. Бұл сөйлемдердің барлығында да екі толық субъект-предикаттық қатынас, екі ой-ақпарат, екі интонация (тиянақты, тиянақсыз) бар. Енде- ше бұл сөйлемдер де — өзіндік грамматикалық белгілері бойынан табылған қарсылықты бағыныңқы- лы сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Сөйтіп, біз бірнеше сөйлемдерді талдай отырып, қарсылықты бағыныңқыларды жасауда -са шартты рай тұлғасының маңыздылығына көз жеткіздік. Жоғарыда көрсеткеніміздей, -са шартты рай тұлғасы түбір етістікке немесе болымсыз мəндегі етістікке тікелей жалғануымен де, да дəнекерлігі- мен тіркесуімен де қарсылықты бағыныңқылы сабақтастарды жасай береді. Мұның бірінші жолын мектеп бағдарламасына алған енгізген ғалым М.Балақаев екендігі Қ.Есеновтің еңбегінен белгілі [2; 146]. Ал екінші жолына ғалым: «Шартты райлы етістікке да дəнекерлігі қосылу арқылы жасалған бұл жол — ең көне, əріден келе жатқан жол» [3], — деп түсінік береді. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас туралы ғалым Т.Қордабаев: «Қарсылықты бағыныңқыда қарсы мағынада айтылып, қарсы- лықты мағынаны білдіретін бағыныңқы компонент емес, басыңқы компонент. Бағыныңқы компо- нентте белгілі бір істі істеу немесе істемеу үшін жасалған əрекет баяндалса, басыңқыда оның керісін- ше болғандығы баяндалады» [4; 118], — дейді.

Көсемше арқылы жасалған қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер жиі түрде болмаса да, тілімізден орын алады. Бұл ретте бағыныңқы сөйлем баяндауышы əрдайым күрделі болып келеді де, көсемше формасы оларға бірдей жалғанады. Қарсылықты бағыныңқы сөйлем жасауға көбінесе көсемшенің -а, -е, -й тұлғалары бейім келеді. Сонымен қатар, жоғарыда талданған жолдардай, мұнда да екі жақ ком- понент баяндауыш сөздерінің болымды, болымсыз түрде келіп отырулары да сөйлемнің қарсылық мəнін айқындай түседі.

Əкесінің рұқсаты бола тұра, Гүлнəр Байжанды осы Марфуғаның сөзіне қарап үйіне түсірмеді. Кейбір сұраулары бола тұра, Сырбайдың Масақбай туралы айтқан сөздерін Естай бөлген жоқ (С.Мұқанов, ТШ, V-т.). Күн көрісі біреуге байланысты бола тұра, ол жақсы ат мінуді, жақсы киім киюді ұнатады. Дəулеті мол бола тұра, мұншама жасақсыз, мұншама салақ үйді көрген емен (С.Мұқанов, ММ). Секретарь Анатолий Кондраткевичтің қызына Байжанның жуырда үйленетінін біле тұра, бұл жөнінде ресми кеңес үстінде ыңғайсызданды. Гулнəр Марфуғаны сыйлай тұра, көңілі- не қарай тұра, шын сүйген Байжанмен бос уақыттарын бірге өткізбей тұра алмады. Осынша əзір- лігі бола тұра, ол тойын жасамай кетті (С.Мұқанов). Көсемше арқылы жасалған қарсылықты бағы- ныңқы сөйлемдер түркі тілдерінде де кездеседі.

Қырғыз тілінен: Өзү жаш, тажрыйбасыз боло туруп, Данко бизди қайсы жаққа алып келип таштады (М.Горький).

Өзбек тілінен: План тулиб, биз ишни тухтатиб куймадик.

Көсемше тұлғалы мұндай сөйлемдердің қарсылықтығы оларды бұрыннан айқындалған жолдарымен алмастырып айтқанда, айқын байқалады.

Көсемше тұлғалы мұндай сөйлемдердің қарсылықтығы сөйлемдер

  -а, -е тұлғалы көсемшелі бағыныңқы сөйлемдер К е с т е 

Көсемшенің -а, -е тұлғасында келген қарсылықты бағыныңқыны осы тұлғалас мезгіл, амал бағы- ныңқы сөйлемдерден ажырата алуымыз қажет. Төмендегі кестедегі сөйлемдерді салыстырыңыз.

Есімшелі қарсылықты бағыныңқы сөйлем баяндауышы етістіктің -ған тұлғалы есімше түрімен беріледі де, ол көмектес септік формасында (-ған + -мен) тұрады. Бұл жол да, -са да түріндегідей, ті- лімізде өте жиі қолданылады. -ған + мен формасын қарсылықты бағыныңқының өзіндік төл жолы деп атауға болады. Өйткені бұл жол, жоғарыда талданған басқа амалдардай (-са, ма + й, -ған + да,

-ғанша), кейде мағыналық жақтан басқа бағыныңқыларды жасай алмайды. -ған + мен түріндегі есім- ше тек қарсылықты бағыныңқы сөйлемдерді жасауға ғана қатынасады. Сондықтан да мұны қарсы- лықты бағыныңқының меншікті көрсеткіші деп те қарауға болады [2; 55].

Өтебайға сыртым жылтырағанмен, іште жатқан мұз (Б.Майлин). Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артында жортқан баласы арыстандық етпей қоймас. Ақ сұңқар ауға шырмалғанмен, ұясынан ұшқан балапаны сұңқарлық етпей қоймас! — деген қазақ неткен дана (М.Əуезов). Қыстың басы тақау болғанмен, əлі қар түсе қойған жоқ (М.Əуезов). Немістер ожар қимылдап ілгері басып келе жатқанымен, артына қарайлауы да аз емес еді (Ғ.Мұстафин).

Мұндай тұлғада келген қарсылықты бағыныңқыны осындай құрылыстағы ескертпе (оқшау) сөй- лемнен ажырата алуымыз керек. Атқаны мүлт кетпейтін, Дəулеттің оғы құсқа тие қалса, сырты қуан- ған болғанмен, асыранды құсын атқандай іші ұнатпай күндей қалады. Енді Ташкенттен қозғалса, əри- не, майданға беттеуін, оған жүрегі шымырлай қалғанмен, Айбарша ақылға жеңгізді де, бір көруін дү- ниеге балады (С.Мұқанов).

Мұндағы курсивпен терілген тізбектер сырт қарағанда бағыныңқы сөйлем тəрізді болғанмен, олар — ескертпе сөйлемдер. Өйткені мұнда автор белгілі бір құбылыстарды баяндау үстінде оқиға мазмұнынан тысқары өз тарапынан ескерту жасай кетіп тұр.

Мектептерге арналған қазақ тілі оқулықтарында бертінге дейін қарсылықты бағыныңқының жо- ғарыда сөз болғандарының ішінен тек -са да, -ған + мен жолдары көрсетіліп келді. Тек қазақ тілі грамматикасының (II-бөлім, синтаксис) өңделіп қайта жазылуына байланысты, 1951 жылдың алтын- шы басылуынан бастап басқа жолдары да мектеп оқушыларына оқытыла бастады.

Есімшелі қарсылықты бағыныңқыға байланысты мына бір жайды да аңғарта кеткіміз келеді. Жа- тыс септік формасындағы есімше да дəнекерлігімен қабаттаса айтылғанда да, сөйлем бойында қарсы- лық мəн байқалады. Мұндай мəннің орын алуына, сонымен қатар бағыныңқы, басыңқы компонент баяндауыштарының болымды, болымсыз түрде алмасып келіп отыруы да себеп болады. Бағыныңқы сөйлем баяндауышы аталған формада болымды түрмен берілсе, басыңқыныкы — болымсыз формада, немесе екі жақ баяндауыштары керісінше қолданыста келеді. Қарсылықты бағыныңқының бұл жолы əдеби тілімізден онша көп орын ала қоймайды, ол — ауызекі тілге тəн заңдылық. Сондықтан да болу керек, бұл жол қазақ тіл білімінде еленбейді.

Ал түркі тілдерінің қайсыбірлерінде бұл жол қарсылықты бағыныңқының арнаулы бір көрсеткі- ші болып саналады.

Қырғыз тілінен: Асылбек кат жазғанда да, Болатбек катка жооп кайтармакчы емес.

Өзбек тілінен: Бухгалтеримиз столи устида əнди асаларилар хам учмас, учганда да, бухгалтер уларга қаралас əди.

Мұндай құрылыстағы қарсы мəнді сөйлемдер қазақ тілінде де (ауызекі тілде) кездесіп қалады: Сен арнайы келгенде де, ол бармайтын еді. Сен мұны айтпағанда да, оның өзі түсінуші еді.

Бағыныңқының қарамағындағы да дəнекері сейлемге күшейтпелік мəн беріп, қарсылықты маз- мұндағы ойды бекіте түседі.

Құрмалас сөйлем синтаксисіне арналған зерттеулерде қарсы бағыныңқылы құрмалас сөйлем са- бақтастың бір түрі ретінде кейде қаралса, кейде атаусыз қалып отырған. Мұның ең алғаш ауызға ілі- гуі 20 жылдардан А.Байтұрсынұлы еңбегінен басталады. Онда мұны «ереуіл бағыныңқы» деп атаған да, шартты рай формалы етістіктің да-де шылауына тіркесіп айтылуы арқылы жасалатын бір ғана тү- рі (Бəрі жабыла тартса да, жүк орнынан қозғалмады) келтірілген. Қ.Жұбанов жасаған 1936 жылғы оқу бағдарламасында да, 1938 жылы жарияланған Н.Сауранбаев мақаласында да қарсы бағыныңқылы сабақтас деген сөйлем жоқ. 20 жылдан кейін мұның ауызға ілігуі 1939 жылы жарық көрген «Қазақ ті- лінің грамматикасы» атты оқулықта. Оқулық сабақтастың бұл түрін «қарсылықты сабақтас» деп ата- ған да, оның жасалуының екі жолын көрсеткен: бірінші да-де шылаулы шартты рай арқылы, екінші көмектес жалғаулы өткен шақтық есімше арқылы Н.Сауранбаевтың педучилищеге арналып 1944 жы- лы шыққан оқулығында қарсылықты бағыныңқылы деп атап, оның жасалуының үшінші түрін, өткен шақтық есімшенің ша-ше жұрнақты түрі арқылы да құрмаласатынын көрсетсе, 1948 жылы жариялан- ған «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» атты еңбегінде оны «қайшы сабақтас құрмалас» деп атаған да, алдыңғы еңбегінде қарсы бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасаудың бір тəсілі ретінде алын- ған ша-ше жұрнақты есімшенің дəнекерлігі арқылы жасалатын түрін қолданудан шығарып, оның ор- нына үшінші тəсіл етіп, «бол, ал, бер» етістіктерінің шартты райдың болымсыз түрлерінде айтылуы арқылы жасалатын сабақтастарды жатқызған [5]. Оған: Əкеңнің өзі айтып бермесе, Абай аналардың қуанышпен қарсы алған көңілдерін мұңайтқысы келмейді деген мысал береді.

Келтірілген шолудан да байқалатындай, сабақтастың бұл түрі де əр автор ғана емес, бір автор- дың əр кездегі еңбегінде əр түрлі баяндалып келген. Сол ала-құлалықтардың жойылып, мəселенің бір ізді шешілуі 1961 жылы баспадан шыққан «Қазіргі қазақ тілі» атты оқулықтан басталады. Терминдік жəне жасалу жақтарын сөз еткенде бірізділік болмағанына қарамастан, сөйлемге анықтама беруде оны зерттеушілердің барлығы да «қарсы бағыныңқылы сабақтас деп компоненттері мағыналық жақ- тан бір-біріне қайшы мəнде айтылатын сабақтас құрмалас сөйлемді айтады» деген анықтаманы қол- дайды. Бұл анықтама дұрыс.

Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда, қарсы бағыныңқылы сабақтас сөй- лем қарсылықты салалас сөйлемге ұқсас: екеуінің компоненттері де мағыналары бір-біріне қайшы ке- летін оқиғаларды баяндайды, өзгешеліктері тек құрмаласу тəсілдерінде ғана: бірінің салаласа, екінші- сінің сабақтаса байланысатынында. Мысалы: Ол келді, бірақ мен жолыға алмадым. Ол келгенмен (келсе де), мен жолыға алмадым.

Компоненттер мағыналарындағы қарама-қарсылықтың түрлері де, олардың көріну тəсілдері де алуан-алуан. Мысалы: Буржуйлар советтің үнін өшіреміз деп жанталасса да, жұмысшы мен ша- руаның еркін тұншықтыра алмайтынына бұл жиналыс айғақ (X.Есенжанов). Оның «хайуаны да, найсыбы да» мен түсінбейтін сөздер болғанмен, зілді екенін молданың кескінінен байқап отырмын (С.Мұқанов). Жақсы аттың жалы сақталғанша, жақсы жігіттің ары сақталсын.

Келтірілген мысалдың біріншісінде бағыныңқы компонентте істелмекші болған əрекет сөз бол- са, басыңқы компонентте ол əрекеттің жүзеге аспайтындығы баяндалған. Ал мысалдың екінші сөйле- мінде ондай екі түрлі субъектінің бір-біріне тікелей қарама-қарсы қойылған əрекеттері жоқ. Мысал- дың соңғы сөйлеміндегі компоненттердің мағына қайшылығы алдыңғылардың бірде-біріне ұқсамай- ды. Мұндағы қайшылық екі түрлі затты (жан мен арды), əрекеті салыстыру, салыстырғанда оларды теңдестіру мəнінде емес, біріне-бірін қарсы қоя салыстыру негізінен келіп туған қайшылық.

Қарсылықты бағыныңқы да қарсы мағынада айтылатын, қарсылық мағынаны білдіретін бағы- ныңқы компонент емес, басыңқы компонент. Бағыныңқы компонентте белгілі бір істі істеу немесе іс- темеу үшін жасалған əрекет баяндалса, басыңқыда оның керісінше болғандығы баяндалады. Мысалы: Келер күндер көз алдына осынша-ақ айқын елес берсе де, Ушаков ашық алысуға кете алмайтынын сезді. Екі көзі алдында жатқан балада болғанмен, төр жақта айтылып жатқан сөздерге Көпейдің сергек зейін салып отырғаны байқалады (Ғ.Мүсірепов). Күндізгі ыстық, жүріс, кешкі отырыс денені салықтырса да, қиял əлемі талар емес (X.Есенжанов). Қодардың жазығы жоқ болса да, құн деген үн болмады (М.Əуезов).

Бағыныңқы компоненттегі белгілі бір іс-əрекеттің, жағдайлардың логикалық нəтижесі болуға ти- істі табиғи корытындысы ретінде күтілген жайлар басыңқы компонентте олай болмай шығады. Мы- салы: Дəркембай екі мықты мырзаның қыспағында отырса да, Құнанбайдың сыртынан соңғы өзін қатты айғайлап айтып қалды. Абайдың құбылысы орасан болғанмен, енді Ербол бұны түсіне баста- ды (М.Əуезов). Əйелдің аузынан тарыққан сөздер шыққанмен, үнінде жасығандық болмаса бас ұрып құлдық ету сарыны естілген жоқ (X.Есенжанов). Болыстың биылғы салып отырған шығыны жыл- дағыдан көп болса да, Оспан аулына жиналған ел ағалары көп керіспей тез келіскен (М.Əуезов).

Екі компонент арасындағы карама-қарсылық мағына бағыныңқы компоненттің белгілі баян- дауыш формада айтылуы арқылы жасалады. Ондай баяндауыш формасына мыналарды жатқызуға бо- лады [4; 25–36].

  1. Бағыныңқы компонент -да -де шылауына тіркескен шартты рай формалы етістікке аяқталады. Мысалы: Анау жанжал уақытында, сол жылдары Күнту басқа жаққа шығып кетсе де, Оразбай оны бір аяғынан іліп қалды. Дəрмен мен Мағаш, Кəкітайлар өздері сүйсінген ойларын аша алмаса да, Абай айтқан жайларға соншалық ынтыға қызығып тыңдайды (М.Əуезов). Жалпы ел малдан безіп, бас қайрысына түскен тəрізді болса да, бай ағайындар кедей туысқаннан малын артық көреді (С.Сейфуллин). Салт аттылары мен ат шана өтіп кетсе де, Əбдірахман терезеге сүйеніп ұзақ тұр- ды. Хакім қаншама тырысып түрлі болжалға салса да, ойы ешқандай дəлелді пікір тауып бере алма- ды (X.Есенжанов). Қатыны шайын дəмдеп құйып берсе де, Егеубай бұрынғыдай жадырап іше алмай, бірер кеседен кейін төңкерді (Б.Майлин).
  2. Бағыныңқы компонент көмектес жалғаулы есімшеге аяқталады. Мысалы: Қыс қыстаулары басқа болғанмен, жаз көбіне бірігіп отырады (Б.Майлин). Барлығы сол Байтасқа жүрісін бастат- қанмен, əн-сəнін Əмір мен Үмітейге бағынтады. Əбіш скрипка тартып тұрғанмен, көңілі де, көзі де, көбінше, Мағрипа жаққа жиі ауғандай болатын (М.Əуезов). Бет пердесі бұзылмағанмен, аяқ басуы ауырлап кеткен əкесінің хал-жайы оған енді түсінікті болды. Ол ақылдарға Масақбай қарсы болған- мен, басқарманың өзге мүшелері көбін қабылдады (С.Мұқанов).
  3. Бағыныңқы компонент шартты рай формалы етістікке аяқталады да, əр компонент құрамында мағына жағынан бір-біріне кайшы келетін сөздер болады. Ондай сөздер антоним сөздер болуы да, етістіктің бірі болымды, екіншісі болымсыз түрі болуы да мүмкін. Мысалы: Зұлымдық жалғыз ғана қалада екен десем, ел іші де шылқыған əділсіздік екен. Өтірікші-бала екен десем, мұның шешесінің де көз жұмбайы екен ғой (X.Есенжанов). Сақал-мұрты бар демесең, түптеп келгенде, осы Омардың өзі де жетім (Ғ.Мүсірепов). Бір адамның бір күнгі міндеті алты кубометр жер қазу болса, кейбір ал- дыңғы қатардағы жас əйелдер мен жасамыс кейбір еркектер күніне он бес–жиырма кубометр шы- ғарады екен (С.Мұқанов). Əзір бір шұбардың өзі қатарға ілініп келе жатқаны болмаса, мынау отыр- ған үш туыстың алдында оның əлсіз екені рас (М.Əуезов). Төлеубекті мұғалімдердің көбі жек көрсе, Жанат оны жақсы көреді (Ғ.Мұстафин).
  4. Бағыныңқы компонент көсемше формалы етістікке аяқталады да, басыңқы компонентте бағы- ныңқы компоненттегі негізгі пікірге қайшы мəнде айтылған сөз болады. Мысалы: Секретарь Анато- лий Кондраткевичтің қызына Байжанның жуырда үйленетінін біле тұра, бұл жөнінде ресми кеңес үстінде ыңғайсызданды. Гулнəр Марфуғаны сыйлай тұра, көңіліне қарай тұра, шын сүйген Байжан- мен бос уақыттарын бірге өткізбей тұра алмады. Осынша əзірлігі бола тұра, ол тойын жасамай кетті (С.Мұқанов).
  1. Бағыныңқы компонент -ша, -ше қосымшалы есімшеге аяқталады да, сөйлем бағыныңқы ком- поненттегі іс-əрекеттің, жай-күйдің болғанынан басыңқы сөйлемдегі іс-əрекеттің артықтығын көрсе- теді. Бірақ ондай артықшылық екі түрлі іс-əрекетті теңдестіру түрінде емес, біріншідегі іс-əрекетке қарсы бола отырып, екіншідегі іс-əрекетті қолдау түрінде болады. Мысалы:

Қарағайға қарсы, бұтақ біткенше,

Еменге иір бұтақ бітсейші,

Қыранға тұғыр қыларға,

Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы,

Халықтық кегін қусайшы.

(М.Өтемісұлы)

Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас.

Сыртың сайлы болғанша, ішің майлы болсын.

Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл (Мақал).

Білемін, ол бүгін Құнанбай баласының жолы бол- ғанша,

Қауменнің қанқұйлысының жолы болсын деп отыр (М.Əуезов).

Қарсы бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасауда жоғарыда талданған тəсілдердің атқаратын қыз- меттері бірдей емес. Олардың ішінде қарсы бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасауда жиі қолданыла- тыны да жəне сөйлемнің мұндай түрін құрмаластыру ең негізгі функциясы болып есептелетіні де кө- мектес жалғаулы есімше мен -да, -де шылаулы шартты рай формалы сөздер. Бұлардың солай екендігі қазақ лингвистикасында құрмалас сөйлем синтаксисінің алғаш зерттеле бастаған күнінен-ақ таныл- ған. Ал кейінгі екі тəсілдің, яғни шартты рай формалы етістік пен -ша, -ше жұрнақты есімшенің қар- сы бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасаудағы рөлі алдыңғылардан біраз өзгеше. Мағыналары бір-бірі- не қарама-қарсы келетін жай сөйлемдерді құрмаластыру, бұл екеуінің бірде-бір функциясы деуге бол- майды. Бұлар басқа мағыналық қатынастардағы компоненттерді бір-бірімен құрмаластыру үшін де қолданылады. Мысалы: Тəкежанның ұрлатқаны шын болса, ол малдың жоқтаушысы өзі болатынын ескертіп отыр (М.Əуезов). Бүкіл жұмысшы көтерілсе, оған қаланың ұсақ қолөнершілері мен оқушы- лары дем беріп бас көтерер еді (X.Есенжанов). Біз өткел басына келсек, ұзақ-шұбақ табын-табын малдар өтіп жатыр екен (Ғ.Мүсірепов). Meн келсем, менен əлдеқашан бұрын жұрт жиналып қалған екен (Б.Майлин). Қарсы келген топ қашан үйге кіріп болғанша, қызығына, ойын күлкісіне қарап аңы- райсың да тұрасың (Б.Майлин). Қоқыш судиямен келіскенше, бұлар бой таса қып сонда жата тұр- мақ (С.Мұқанов).

Келтірілген мысалдың алдыңғы төрт сөйлемінде бағыныңқы компоненті шартты райлы етістікке аяқталған. Бірақ компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алдыңғы екеуі шарттық қаты- насты білдірсе, кейінгі екеуі мезгілдік қатынасты меңзейді. Ал енді, -ша, -ше жұрнақты есімше арқы- лы кұрмаласқан кейінгі екі сөйлем компоненттері өзара мезгілдік қатынаста тұр.

Қарсы бағыныңқылы сабақтастың өзіндік бір ерекшелігі сол, оның бағыныңқы компоненті мағы- налық жағынан басыңқыға меңгерілмейді, оның белгілі бір мүшесіне жетектеліп, белгілі бір сұрауға жауап болып, тұрлаусыз мүшелер атқаратындар тəріздес қызмет атқармайды. Мұндағы бағынышты- лық компонент баяндауышының тек формалық жағынан тиянақсыздығында ғана, ал компоненттердің мағыналық қатынастары жағынан алғанда қалыпты қарсылықты салалас сөйлеммен бірдей.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. — Алматы: Ана тілі, 1993. — 270-б.
  2. Есенов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі шартты жəне қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер. — Алматы: Ғылым, 1969. — 193 б.
  3. Есенов Қ. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер. — Алматы: Ғылым, 1974. — 148-б.
  4. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: Оқу құралы. — 2-бас. — Алматы: Санат, 1995. — 176 б.
  5. Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. — Алматы: Ғылым, 1989. — 56–75-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.