Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ғаламның тілдік бейнесіндегі қазақтың көркемдік танымы

Тіл таным негізінде түзілген əлем туралы біліммен, оның адам санасындағы көрінісімен тығыз байланысты. Тіл арқылы көріністен сана қалыптасады. Тіл мен сана арасындағы сабақтастықты ғалым А.Байтұрсынұлы: «Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, көңілге. Ақыл ісі — аңдау, яғни нəрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі — меңзеу, яғни ойдағы нəрселерді белгілі нəрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі — түю, талғау. Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бəріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама-қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек», — деп жазады [1].

Расында да, адамды тілінен тыс сипаттау мүмкін емес. Тілдің мəні мен өзіндік ерекшеліктері адам жəне оның əлемге құралы ретінде қызмет етеді. Адам баласы тілді меңгермей тұрып, өз денгейінде ғаламмен танысады, сезім мүшелері арқылы болмыстағы құбылыстардың сырын түсінеді, ғалам туралы ақпараттарды санасына жинақтайды, құбылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды, ойша таразылайды. Уакыт өткен сайын алдынғы мəліметтер жаңа ақпараттар жүйесімен толығып, санада ғаламдық бейненің қалыптасуына түрткі болады. Осы құбылыстың адам тіліндегі бейнесі туралы ойлар неміс ғалымы Л.Вейсгербер еңбектерінде қарастырылған. Автор ғаламның тілдік бейнесі халықтың ғаламды танып-түйсіну тəсілі жəне болмыс туралы білімнің кодталу жолы арқылы түзіледі деп көрсетеді.

Адам дүниетанымының басты элементі — ғалам бейнесі. Онда адамның дүниені тануының негізгі көріністері жинақталған. «Ғаламның тілдік бейнесі» күрделі ұғымдық құрылым болғандықтан, оның болмысын əр зерттеуші өзіндік баға береді. Бұл жерде «Дүниенің суреті» адам санасында эволюциялық жолмен дамып, шыңдалып келе жатқан тілдік категория екенін ескереміз. «Ғаламның тілдік бейнесінің» шығу тарихы ежелгі философтар еңбектерінен бастау алады. Тіл жəне ойлаудың өзара қатынасы қарастырылған кезде сөздер, олардың мағыналары адам тілінде бөлек түсінік, өзіндік танымдық əлем құрайды. Дерексіз, деректі ұғымдар бірлесіп келіп, индивид тіліндегі қоршаған ортаға, өз ұлтына деген көзқарасын білдіреді. Сигналдық жүйе адамға əсер еткенде қоршаған ортаның, оның заттары жəне құбылыстарының ең елеулі белгілері сақталып, дерексізденіп мағына құрылымының ерекше бөлігіне айналып бекиді. Мағыналар ірілі-ұсақты жүйешелерден тұратын өзіндік қойма іспетті əлем түзеді, бұның шығар бастауы — қоршаған əлем. Бұл ой турасында тілші А.Ислам: «Адам қоршаған ортаны ойлау арқылы танып біледі жəне ол адам санасында көрініс табады. Адамның шындықты танып білуі, ой арқылы жүзеге асса, тіл — ойдың бейнелеу қызметінің нəтижесін бекітудің құралы ретінде қызмет етеді. Бұл — жалпыға ортақ таным, өйткені табиғаты жағынан адамзат бірдей болса, таным қызметі де, оның механизмдері де ортақ құбылыс екені де мəлім. Қандай да тіл өзіндік тілдік құрылымы жəне тілдік үлгілері жағынан əр түрлі болғанымен, тілдік болмысты түсінуге келген ортақ танымдық дүниелерден тұрады», — деп көрсеткен [2].

Орыс тіл білімінде «ғаламның тілдік бейнесі» мəселесі кешенді зерттеліп келеді. Əсіресе Ю.Н.Караулов, В.А.Маслова, Ю.Д.Апресян, Н.В.Уфимцева, В.И.Постовалова, Е.С.Кубрякова, Г.В.Колшанский, С.А.Васильева, Н.И.Сукаленко, Г.А.Грутян сынды ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылуда. Осы ретте ғалым Г.В.Колшанский ғаламның тілдік бейнесіне мынадай анықтама береді: «Шынайы, тілдік емес, əр түрлі топтағы адамдардың тарихи, жағрафиялық, мəдени жəне басқа да факторлар ықпалымен біртұтас обьективті əлем шеңберінде жүзеге асқан танымдық қызметінің көрінісі», — деп сипатталады [3]. Қоршаған орта, шындық болмыс — адамның əлемді тануы, яғни таным — тіл — ойлау — ғаламның тілдік бейнесі.

Тілші-ғалым В.А.Маслова ғаламның тілдік бейнесі туралы мынадай теориялық тұжырымға тоқталған: «Термин «языковая картина мира» — это не более чем метафора, ибо в реальности специфические особенности национального языка, в которых зафиксирован уникальный общественно-исторический опыт определенной национальной общности людей, создают для носителей этого языка не какую-то иную, неповторимую картину мира, отличную от объективно существующей, а лишь специфическую окраску этого мира, обусловленную национальной значимостью предметов, явлений, процессов, избирательным отношением к ним, которое порождается спецификой деятельности, образа жизни и национальной культуры данного народа» [4].

Ғаламның тілдік бейнесі əр тілде түрліше көрініс табады. Себебі индивид сол тілдің семантикалық базасында тілді меңгереді. Осы кезде тілдегі мəдени құндылықтар сөздердің мəні арқылы ұлттық мінез бен ұлттық менталитетті қалыптастырады десек, тілші-ғалым Г.Смағұлова айтылған жайт турасында: «Тіл бір адамның меншігі емес десек те, сол тілде сөйлейтін жеке адам өз ұлтының бүкіл бітім-болмысы, өмірлік тəжірибесін, дəстүрлерін меңгеру, сіңіру арқылы ол да аз тарапынан ұжымдық мəдениетке үлесін қосады. Осындай ерекшеліктер арқылы тұлға ретінде ұлт өкілі боп сақталады», — деп көрсеткен [5].

Адам қашанда əлемді танып, ондағы өз орнын айқындауға талаптанады. Ғалам бейнесінің адам өмірімен біртұтастығын тілші О.Жұбаева: «Ғаламның тілдік бейнесі негізінен субъективті сипатта, себебі онда нақты бір адамның көзқарасы, дүниетанымы көрінеді. Ол атадан балаға берілетін категориялар жүйесі арқылы белгілі бір код құрап, дайын күйінде қабылданылып отырады. Адам өзіне дейінгі жинақталған білім қорын қабылдау арқылы этномəдени қауымдастықтың өмір тəжірибелерін де қабылдайды», — деп тұжырымдаған [6].

Əр халықтың тарихи, жағрафиялық, мəдени жəне басқа да факторлар ықпалымен біртұтас объективті əлем шеңберінде жүзеге асқан танымдық қызметінің көрінісі қазақтың дəстүрлі мəдениетінің кепілі деуге болады. Халқымыз көркемдік танымның негізін дүниедегі сұлулық пен əсемдіктен таныған. Осы ойымызды ғалым Ш.Əлібеков былайша толықтырады: «Қазақ халқының өнер тарихында эстетика ғылымы туа қойды демесек те, сұлулық пен өнер жайлы пайымдаулардың болғаны хақ» [7].

Қазақтың көркемдік əлемі туралы ғалым К.Қазыханова: «Наиболее наглядно эстетическая оценка действительности проступает в художественном творчестве народа, в его представлении о прекрас- ном. Из всех эстетических категорий наибольшее развитие в художественном творчестве казахов по- лучила категория прекрасного. Прекрасными в представлении казахов того периода были все краси- вые, изящные объекты как природы, так и общества», — деп көрсетеді [8].

Автор халықтың эстетикалық талғамы көркемдік қол өнерінде сақталып, табиғатпен үндес деп бағалаған.

Асылында, өмірді əсемдік арқылы танудың бір жолы — асыл сөздің астарында. Сөз арқылы адамзат дүниені танып, рухани лəззатқа бөленеді, яғни тіл — сұлулық сезімін адам бойына дарытатын қасиетімен де бағалы деуге болады. Осы ой жайында ғалым В. фон Гумбольдт: «... язык усили- вает наши впечатления от красоты в природе, еще и не зависимо от этих впечатлений воздействуя со своей стороны одной лишь мелодией речи на нашу душевную настроенность», — деп көрсетеді [9].

Əлемдік өркениет кеңістігіндегі жаһандану үрдісіне сай тіл біліміндегі зерттеулер бағытының кешенді де интеграциялық сипаты тіл мен мəдениет сабақтастығының мəнін кешенді түрде анықтап отыр. Оның нақты көрінісін — «ғаламның тілдік бейнесінен» танимыз. Əр тілдегі ғалам бейнесі адамның əлемге көзқарасымен байланыста қалыптасса, екіншіден, мəдениеті орныққан əр тілдегі əлем моделіне қоғамдағы ұлттық «əлем бейнесі» жалғасады деуге болады.

Кез келген ұлт өзінің əлемге деген көзқарасын, дүниетанымын, өзіндік «əлем бейнесін» тілдің қызметі арқылы қалыптастырып, өз əлемін өмір сүру дағдысы, дүниетанымы, мінез-құлқына сай өз ерекшелігімен «əлем картинасын» өзгеше қалыптастырады. Осы ретте қазақтың кең даласы — мəдениет пен тіл бірлігі, əдет-ғұрып, салт-сана тұтастығының негізі десек, соның бір белесі — қазақтың көшпелі мəдениетінен көрінеді.

Тiл бiлiмiнде қазақ этносының таным-парасатын‚ дүниетанымы мен мəдениетiн тiл арқылы тану— ең маңызды мəселелердiң бiрi. «Əрбір этноста мəдениет элементінің сыртқы көрінісі мен «ішкі» мазмұнында ерекшелік бар. Мағынасына байланысты барлық мəдени құбылыстар өзіндік екіжақтылыққа ие: өзінің «сыртқы» көрінісімен қатар, олардың «екінші өмірі» бар [10;7].

Халық өміріндегі əсемдіктің барша көріністерін қазақтың көш салтанатынан көреміз. Көшпенділер (қазақ) өмірінің əсемдік əлемі табиғатпен біте қайнасқан. Ал, табиғат пен адам арасындағы қатынас ғасырлар бойы көшпенді халықтың мəдениетіне арқау болып, олардың өмір салты мен ұлттық ерекшелігін танытып келеді. Қазақ халқының көшіп-қонудағы ел тіршілігінің қарбалас сəті мен оның қызығы туралы шетел саяхатшыларының жазба естеліктерінде сақталған. Мəселен, поляк саяхатшысы Б.Залесский «Қазақ сахарасына саяхат» еңбегінде көш əсемдігін өте қызықты деректермен келтірген: «Жабырқау жатқанына қарамай, осынау өлкенің өз сұлулығы бар. Құдай өзі жаратқан əр түкпірге əр түрлі əдемілікті еншілеп беруді əсте ұмытпайды. Еуропалық тіршілікті еске салар мұнда ештеңе болмаса да, тағдыр тəлкегі қуалап Батыстан келген адамды осынау сұлулықтың өзі-ақ тəнті етер еді... Бұл бір ғажап көрініс: олар көш кезінде жасана киінеді, ең əдемі киімдер, əсіресе байлардың алтын зерлі шапандарын осы кезде көруге болады. Дала кемесі — түйеге мінген қазақтардың ырғаң-ырғаң жүрісін теңіздің кемені шайқауына балауға болады. Үйдің ең қымбатты қазынасы салынған дүние-мүліктер түгелдей түйеге артылады. Кедей-кепшіктің малдарды айдаған үндері, иттердің бір-бірімен таласып ырылдасқандары — бəрі-бəрі қосылып, көш думанын арттыра түседі» [11, 12; 27]. Қисса-дастандарда көшпеліктің сипаты:

Көш сəулетін қараса,

Сексен түйе қомдаған,

Сексен түйе үстінде,

Алтынды жағдан орнаған,

Асфаһани кілем бар

Жібектен гүлін торлаған... —деп жырланады.

Тіларалық көпір ретінде қызмет еткенде ғана, тілдегі ғалам бейнесі мен қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар бейнесі бір-бірімен байланыста, адам арқылы, оның ішінде тіл арқылы айқындық дəрежесіне түседі. Осыдан ғаламның тілдік бейнесінің өзіндік тарихи-қоғамдық тəжірибесін, ұлттық құндылықтардың мəдени-этникалық болмысын, рухани құндылықтардың орнын байқауға болады.

Осы ретте көш бойындағы əдемі құбылысты көш жүктерін артқан жануарлардың əбзелдерінен де көреміз. Көш түйесін сəндеуді тілімізде «комдау» деп атайды. Қом — түйенің өркешінен төмен қарай жайылатын майлы қыртыс (КТТС). Көш түйесін қомдау — казақ тұрмысындағы əсем көріністердің бірі. Қомның өзіне түрлі-түсті тоқылған кілемдерді пайдаланған.

Табиғатпен жарасым тапқан қазақ халқының көшпелік өмірі туралы этнограф-ғалым Ө.Жəнібек «Уақыт керуені» еңбегінде: «Маусымдық жайылымдарға көшіп-қону қожалық етудің дала жағдайындағы тиімді түрі болған. Жолдың қиындығына қарамастан, жазғы көш малшы қауым өмірінің ең бір қызғылықты кезеңі болған. Мал шүйгін шөпке семіріп, қоңданатын да, жұрт марқаға тойынып, қымыз бен сүт ішіп, ашық аспан астында, кəусар ауада бірнеше ай қамсыз-мұңсыз өмір сүруге мүмкіндік алатын. Жазғы жайлау — құда түсіп, қыз ұзату, əн-жыр əуелеп төгілетін ойын- сауық маусымы болған. Сондықтан да саржаздың сəн-салтанатты көші əн-жырға қосылып, тұрмыстық-салттық дастандарда майын тамыза жырланған», — деп жазады [10; 35].

Көш əсемдігін арттыратын, халқымыздың əсемдіктегі танымын əшкерелей түсетін тағы бір бұйым бар. Ол «көш сырмақ» деп аталады, яғни көші-қон кезінде түйеге артқан жүктің үстіне сəндік үшін жабылатын сырмақ. «Көш сырмақтар көлемі 3–4 метрдей көлемде көштің сəнін арттыру мақсатымен арнайы жасалып, əдемілігі жағынан кілемнен кем түспеген. Оны күнделікті төсеніш ретінде пайдаланбаған, тек қажетті жағдайда ғана төрге «бір салар» бұйым ретінде қолданған» [12; 18].

Қазақ этносының ғаламның тілдік бейнесіндегі əсемдікке ұмтылған танымдық болмысын көш дəстүріндегі бірқатар салттардан тануға болады. Бұл құбылыс қыз ұзату салтымен байланысты. Қыздың жасау-жабдығын артқан көшті ата-бабаларымыз «қыз көші» деп атаған. Қыз ауылынан бір көш жер шыққанан кейін атаулы көш «келіншек көші» деп аталған. Келіншек көшінің келе жатқанын білетін жолдағы ауыл қыз-келіншектері, жастары оны тоқтатып «түйемұрындық» кəдесін алып, батасын беріп, «жол болсын» айтып шығарып салады.

Халық танымында қазақтың қыз ұзатудан басқа жаңа туған нəрестеге ат қою салтында да өзіндік ырымдар мен əдет-ғұрыптардың сақталғанын байқаймыз. Сол есімдердің бірі көш салтымен байланысқан, ұлттық мазмұны бар адам есімдері. Жаңа қонысқа жеткенге дейін көш бойы дүниеге келген балаға атам қазақ Көшежан, Көшер, Көшбасар, Көшбике, Көшімбек, Көшім, Көшімбай сынды есімдерді қойған.

Ғаламның тілдік бейнесі — əмбебап бірлік ретінде, тілдік тұлғаға тəн барлық қасиеттердің айқын суреті ретінде, тілдік тұлға ретінде өмір сүретін категория. Бұған субъектінің қоршаған ортаға деген бағалаушылық позициясы да енеді, ол өз кезегінде қоршаған орта, ұлттық салт-дəстүрлер, əдет- ғұрыптар т.б. тілдік тұлғада бағаланған түрге еніп бейнеленеді. Ол адам тіліндегі ойлаудың, танымның, рухани болмыс-бітімінің, мəдениеттік құндылықтары барлық деңгей мен дəрежесін көрсетеді.

Қорыта келгенде, ғалам бейнесі адам санасында тұтас күйінде қайталанып өмір сүреді. Оны жүзеге асыратын, объективтендіретін форма да — тіл. Ол арқылы адам баласының тілі «адам — əлем» қатынасының нəтижесінде жалпы адамзат атаулыға ортақ əлемдік бейне, яғни «тіл — ойлау» бірлігінің көрінісімен сипатталады. Яғни ойлау мен тіл бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Əлемнің тілдік бейнесі арқылы ғасырлар бойында өзіндік дүниетанымымен дараланған қазақ халқының ғажап болмысының талай сыры əлі де індете зерттеуді қажет етеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Байтұрсынұлы А. Ақ жол: өлеңдер мен тəржімелер, публицистикалық мақалалар жəне əдеби зерттеу / Құраст. Р.Нұрғалиев. — Алматы: Жалын, 1991. — 343-б.
  2. Ислам А. Ұлттық мəдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті: Филол. ғыл. д-ры ... дис. автореф. — Алматы, 2004. — 13-б.
  3. Колшанский В.Г. Объективная КМ в познании и языке. — М., 1990. — С.
  4. Маслова В.А. Лингвокультурология. — М.: Академия, 2001. — С.
  5. Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері. — Алматы: Ғылым, 1998. — С.
  6. Жұбаева О.Қ. Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасы мен лингвистикалық тұжырымдамалары: Филол. ғыл. канд. ...дис. автореф. — Алматы, 2004. — 13-б.
  7. Əлібеков Ш. Қазақ фольклорының эстетикасы: Филол. ғыл. канд. дис. — Алматы, 1992. — 8-б.
  8. Казыханова Б.Р. Эстетическая культура казахского народа. — Алма-Ата: Казахстан, 1973. — С.
  9. Гумбольдт В. Язык и философия культуры. — М., 1985. — С.
  10. Жəнібек Ө. Уақыт керуені. — Алматы: Жазушы, 1992. — 192 б.
  11. Залесский Б. Қазақ сахарасына саяхат. — Алматы: Өнер,1991. — 132 б.
  12. Əлімжанова А. Қазақ тіліндегі əйел қолөнеріне байланысты халықтық лексиканың этнолингвистикалық сипаты: Филол. ғыл. канд. ... дис. автореф. — Алматы, 2008. — 30 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.