Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мəтінаралық байланыстардың танымдық-прагматикалық əлеуеті

Тілдік тұлғаның жады тіл жүйесінің заңдылықтары мен лексика-фразеологиялық қазынасын ана сүтімен бойға дарытумен қатар, ұланғайыр білімді түрлі мəтіндерден алады, яғни өз ғұмырында оқыған сан алуан кітаптар қайтсе де оның жадында өз ізін қалдырады. Ол із шығарманың мазмұны, сюжеттік желісі, образдар жүйесі ғана емес, автордың немесе кейіпкердің тілдік тұлғаға ерекше əсер еткен сөзқолданысы да болуы мүмкін. Ондай сөзқолданыс жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлем немесе мəтін фрагменті ретінде оқырман жадында өзінің бейнелілігімен, құрылымдық əсерлілігімен, көп мағыналылығымен еріктен тыс сақталып қалады да, кезі жеткен, қажет болған уақытта қайта еске түсіріліп, жаңа жағдайда, жаңа мəтінде пайдаланылуға бейім болады. Олар адам жадында белгілі бір тақырып немесе оқиға төңірегінде емес, бей-берекет (хаосты түрде) орналасып, белгілі бір ассоциация негізінде еріктен тыс еске алынып, қолданысқа түседі. Бұл жағдайда ондай фрагменттерді оқырман немесе тыңдаушы оқып яки тыңдап отырған мəтіннің жекелеген оқиғасының бір ғана белгісі өзектендіреді. Мəтінаралық байланыстардың маркері саналатын мұндай келтірінді құрылымдардың өзектенуіне уақыт əсер етпейді. Претексті өмір жасының қай кезеңінде оқыса да, ол адам жадында ұзақ мерзім сақталып, қатталып жата береді де, тек нақты қажет болған кезде ғана өз бетінше актуалдана алады. И.П.Смирнов [1] адам жадының бұл түрін семантикалық деп атайды да, мəтінаралық байланыстар теориясының дамуын, зерттелуін осы құбылыспен байланыстырады.

Тілдік тұлғаның жадында өзінің жекелеген үзіктерін қалдыратын мəтіндер тек бір ғана функционалды стильге жатпауы мүмкін. Ондай мəтіндердің қатарында жалпыға ортақ сакральді мəтіндерден бастап, функционалдық, жанрлық сипаты жағынан мүлде ұқсамайтын мəтіндерді атауға болады.

Ұлттық тілді тұтынушы тілдік тұлғаның құзыреті мен жады қалай қалыптасатыны жөнінде А.Байтұрсыновтың пікірі бұдан 80 жылдай бұрын жазылса да, дəл қазіргі заманғы психолингвист айтқандай əсер қалдырады: «Адам ана тілін жасынан естуінше үлкендерден үйренеді. Сонан соң тіл танытқыш кітаптардан таниды. Онан кейін үлгілі жазушылардың сөзін оқып, өзі іс жүзінде иə ауызша айтып, иə жазып қолданумен біледі» [2]. Бұның ақиқаттығын А.Сүлейменовтің «Бесатар» повесіндегі басты кейіпкердің бірі Сəруардың үлгісінде көрсетуге болады: «Сəруар, əсте, өлең жаттамайтын. Солықтаған жол-тармақ, сұрып қапқан күйе боп, жадында өзі қалар еді. Ұзын ырға кей толғаудың басы, бір сыр-мұңдарды бауырына басқан жұмыр шумақ не шумақтың жартысы екшеліп өзі кеп, қыл шылбырдың түйініндей бүйіріне батар еді. Ондай, кісінеп табысқан тармақ-жолдарын, керегінде шарқ ұрып іздегені есінде жоқ». Бұдан мəтін фрагменттерінің кез келгені емес, оқырманның жан дүниесіне жақын, эмоционалдық мəні жағынан белгілі бір жағдайларға сəйкес келетін үзіктері ғана еске сақтауда да, еске түсіруде де арнайы күш салуды қажет етпейтіні байқалады. Тілдік тұлғаның жадында бей-берекет, ретсіз жинақталып, қатталып жатқан мəтіннің кез келген деңгейдегі үзінділері қажет уақытта мүлде орынсыз немесе мүлде тосын ассоциация арқылы өзектенуі мүмкін. Осы орайда Ə.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романындағы «Чеховтың қарындасы» атанған Зəйкүлді еске түсірген артық емес (түсінікті болу үшін үзіндіні толық келтірдік):

Қыста ХІХ ғасырдағы орыс əдебиетінен емтихан өткізуге əзірленіп жүрдік. Бір күні үзіліс кезінде Зəйкүл бəрімізге сұрақ қойды

  • Чеховтың бір қарындасы туралы айтқаны бар еді ғой, сол сөз кімнің есінде?
  • Қай қарындасы туралы? — дедік біз түсінбей. — Мария Павловнаны айтасың ба?
  • Тілімнің ұшында тұр, өзінің бір қарындасы жайында айтып еді ғой.
  • Не деп?
  • Не деуші еді кісі өз қарындасы туралы. Соның жақсы бір қасиетін айтқан. Біз Чеховтың əйел аттас шығармаларын атай бастадық.
  • -  «Ниночка» ма?
  • Жоқ, — дейді Зəйкүл басын шайқап.
  • -  «Ит жетектеген келіншек» пе?

Зəйкүл сақылдап кеп күледі.

  • Қойыңдаршы əрі, келіншек ит жетектеуші ме еді? Ол бір ауылдың аңшысы ма екен иттерін қасынан қалдырмай ертіп жүретін?
  • Ойбай, Зəйкүл, сен білмейді екенсің ғой, — дейді Жомартбек орнынан ұшып тұрып. —

Келіншектердің керемет аңшылары болады.

  • Өзгеге сенсем де, саған сенбеймін, Жомартбек, — дейді Зəйкүл қолын бір-ақ сермеп.
  • Онда «Апалы-сіңлілі үшеуді» айтасың ба?
  • Жоқ, үшеу емес, біреу, — дейді Зəйкүл біздің діңкемізді құртып. — Чеховтың сол сөзін жұрт айта береді ғой ылғи.

Өлдік-талдық дегенде, келесі үзілісте оны əрең таптық. Сөйтсек Зəйкүлдің сұрап отырғаны Чеховтың «Краткость — сестра таланта» дейтін нақылға айналып кеткен атақты сөзі екен. Сол күні бəріміз ішек-сілеміз қата күле отырып, Зəйкүлге «Чеховтың қарындасы» деген атты бірауыздан бергенбіз. Афоризмнің лексикалық құрамындағы жалғыз сөз арқылы кейіпкер тұтас мəтінді еске түсіргісі келеді, бірақ танымдық базасында ол жайында нақты, толық ақпарат болмағандықтан, тек вербалды-грамматикалық деңгейде ғана жадында қалған сөзге жүгінеді. Ал, керісінше, коммуниканттардың екінші тобының танымдық базасы қарындас сөзімен парадигматикалық, синтагматикалық қатынастағы сөздер арқылы танылады.

Əрбір адамның тілдік тұлға ретінде жеке когнитивтік кеңістігі [3] болады, ал ол өз кезегінде түрлі ұжымдық (отбасылық, кəсіптік, діни, əлеуметтік) когнитивтік кеңістік жиынтығынан тұрады да, өзі өмір сүріп отырған қоғамның ұлттық-тілдік-мəдени танымдық базасына сүйенеді. Алайда бір ғана ұлттық когнитивтік кеңістікке жатса да, əр уақытта өмір сүрген, қоғамдағы саяси-идеологиялық ұстанымдардың насихатталуы, ақпарат көздерінің жетімсіздігі, жабықтығы, ұлттық əдебиет, мəдениет деректерінің кейінгі орынға ысырылуы сияқты экстралингвистикалық себептердің əсерінен тілдік тұлғалардың — автор мен оқырманның когнитивтік базасының өзі түрліше қалыптасатыны кездеседі. Ол, əрине, адамның əлеуметтену үдерісіне байланысты болады, өйткені «адамның психикасы белгілі бір дəрежеде физиологиялық алғышарттар мен əлеуметтік құралдардың бірлігі түрінде қалыптасады. Тек осы құралдарды меңгере отырып қана, меншіктене отырып қана, тұлға оларды өзінің жəне өз қызметінің бір бөлігі жасай отырып қана, адам адам бола алады» [4].

Бұл орайда зерттеуші Г.В.Денисова тілдік тұлғаның «когнитивтік деңгейінің интертекстуалды құрылымын» [5] ұсынады. Бұл белгілі бір лингвомəдени кеңістік мүшелері үшін тек қандай мəтіндер өзекті екеніне ғана емес, сол тілдік-мəдени ортада бар мəтіндерді əр ұрпақтың түрліше қабылдауына байланысты да өзгеріп отырады. Көркем мəтінді оқушы оны өзінің өмірлік жеке тəжірибесіне сүйене отырып қабылдайтындықтан, сол мəтінді қабылдаудың инвариантына өз нұсқасын ұштастырады. Мəселен, Ə.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы туралы өткен ғасырдың 80- жылдардағы, соңындағы жəне қазіргі замандағы оқырмандардың пікірі бір жерден шықпайды. Оқырмандардың алғашқы тобына ол іздеп жүріп оқитын күшті əдеби мəтін болса, екінші топтағылар оны қатардағы көп романның бірі деп қабылдады, ал қазіргі жас буын ол туралы аса біле қоймайды. Осы жас буынның арасында романды оқып, ол туралы жақсы пікір айтып, оны қайта туындату (мазмұндау, сөзқолданысын пайдалану) нəтижесінде ғана ол қайтадан күшті мəтінге айналуы мүмкін. Тілдік тұлғаның танымдық деңгейінің тұрақты интертекстуалды ядросына (өзегіне) ұлттық білім энциклопедиясына жататын ағарту стандартынан белгілі əдеби шығармалар, тарих, қоғам, мəдениет қайраткерлерінің есімдері мен сөздері, аса маңызды саяси-əлеуметтік оқиғалар, мəдени, тарихи, діни жəдігер-ескерткіштер жатады. Тұрақты интертекстуалды ядро (өзек) дегенмен, бұл да шартты нəрсе. Қазіргі Қазақстан жағдайында оқырмандардың жас ерекшелігіне байланысты тілдік тұлға танымдық деңгейінің интертекстуалды тұрақты ядросы ең аз дегенде төрт түрлі болатынын жорамалдауға болатын сияқты: I — кеңес кезеңінде ұлттық орта мектепте білім алған тілдік тұлғаларға; II — кеңес кезеңінде орыс тілінде орта білім алған тілдік тұлғаларға; III — тəуелсіздік жылдарында ұлттық орта мектепте білім алған тілдік тұлғаларға; IV — тəуелсіздік жылдарында орыс тілінде орта білім алған тілдік тұлғаларға тəн. Бұл орта білім беретін мектептер мен лицейлердің оқу бағдарламасына, мұғалімдердің сыныптан тыс оқу үшін қандай ақын-жазушылар шығармаларын ұсынатынына, жастар арасындағы еліктеушілікке, тіпті жаһандану үдерісіне де байланысты. Аталған тілдік тұлғалардың арасында мəтінаралық байланыстарды орнату, тану, қолдану дəрежесі бірінші топтағыларда жоғары болады деген ойдамыз, өйткені олардың басым бөлігі — билингвтер. Қалған топтағылардың бұл ыңғайдағы деңгейі түрліше қалыптасуы ана тілімен қатар оқып үйренген екінші тілдегі көркем мəтіндерге байланысты болады.

Тілдік тұлғаның динамикалық интертекстуалды қабатына уақыт жəне əлеуметтік жағдайларға орай өзгеріп, үнемі маңыздылығы, қажеттілігі белгілі бір иерархиямен қайта ауысып отыратын күшті əдеби мəтіндер кіреді де, ол ұлттық жəне жеке білім энциклопедиясына тəуелді болады. Мысалы, ұлттық əдебиеттің атақты қайраткерлерінің шығармашылығына ресми түрде тыйым салынған кезеңде, яғни өткен ғасырдың 60-жылдарында оқырмандардың басым бөлігіне олардың есімдері де, шығармалары да таныс болмады, сол себепті олардың тілдік ерекшеліктері де кейінгі қаламгерлердің мəтіндерінде аса байқала қоймайды. Керісінше, шетелдік ақын-жазушылардың (Фолкнер, Борхес, Хэмингуэй) көркем туындылары насихатталғандықтан, олардың жекелеген ой-пікірлері, сөзқолданыстары, тіпті болмаса олардың шығармаларының атаулары ауызекі сөйлеу мен жазу үдерісінде цитация қағидатымен жұмсалғаны белгілі. Ал қазір күшті əдеби мəтіндер қатарында қайта оралған əдебиет пен Эко, Коуэльо, Абэ сияқты жазушылардың шығармалары жəне тиісінше солардан алынған түрлі цитаталар, реминисцениялар көп жұмсалады.

Тілдік тұлғаның интертекстуалды перифериясы оның когнитивті деңгейінің ең қозғалғыш, ең өзгергіш бөлігі болып саналады. Оған күшті əдеби емес мəтіндер, бұқаралық мəдениет мəтіндері (əн, жарнама, БАҚ материалдары) жатады. Ол уақыт, идеология, белгілі бір жағдайларға орай əлеуметтің мəдени талғамдарының өзгеруіне байланысты тез əрі жиі ауысып отырады.

Сөйлеу əрекетінде аталған қабаттардың аражігі толық, нақты ажыратыла алмайды, яғни əр адамның өз жеке білім энциклопедиясына байланысты болады.

Əдеби тілді шығармашылық деңгейде тұтынатын элитарлық тілдік тұлға [6] деп саналатын ақын-жазушылар өз когнитивтік деңгейінің интертекстуалды құрылымының прагматикалық əлеуетін жиі, тиімді, уəжді қолданады.

Ұлттық элитарлық тілдік тұлғаның тұрақты интертекстуалды ядросына (өзегіне) жататын айрықша маңызды оқиғаның бірі — Абылай ханның түсі, яғни қазақ халқының тарихы, өткені мен қазіргісі, болашағы үшін аса мəнді болжам, жорамал ретінде қабылданған, қабылданып отырған жəне қабылданатын атақты түс. Бұл түсті баяндату арқылы автор сөйлеу субъектісін өзгертіп, болып жатқан жағдайға өз қатысын көрсетеді. Қаламгерлер өз шығармаларына халық арасындағы түстің бір-біріне ұқсас екі нұсқасын кіргізу арқылы түрлі мақсаттарға акцент жасайды. Салыстырып көрелік: І.Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясында Кенесары Жүсіп-Иосиф Гербуртқа əңгімелеуі нəтижесінде сөйлеу субъектісі үш мəрте ауысқан: баяншы — Абылай — Кенесары. Түс коммуникативті жағдайдың таңбасы ретінде көрінеді: «Кенесары бəлсінген жоқ, əңгімесін бастап кетті.

  • Атамыз Абылайды үш жүздің игі жақсылары боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ кигізге орап, хан ғып көтерген күнінің түнінде ол бір ғажайып түс көріп шығыпты. Бұқар жыраудан жоруын сұрапты...
  • Астымда Жалынқұйрық жүйрігім бар. Сарыарқада серуендеп келе жатыр едім, депті хан Абылай, — алдымнан бір арыстан тұра қашты, қуып жетіп, алдаспаныммен ішін жарып жіберіп едім, арыстанның ішінен бір жолбарыс шықты да тұра жөнелді. Жолбарысты да қуып жетіп, аш бауырынан орып жіберіп едім, ішінен бір көкжал шыға келді де тұра қашты. Көкжал қасқырды да қуып жетіп, ішін тіліп жібергенімде, одан бір қызыл түлкі ата жөнелді. Қызыл түлкіні де қуып жетіп қарнын осып қалғанымда ішінен құрт-құмырсқа, бақа-шаян, жылан-кесіртке ақтарыла түсті... Бірақ бұлар менен қашпады, бəрі быжынай келіп, атымның сауырына, жалына жабыса бастады. Шошынғанымнан айғайлап жіберіп, оянып кеттім. Жоруын айтшы осы түсімнің, жырауым», — депті Абылай хан.

Сонда Бұқар жырау былай деп жорыған екен:

Жалынқұйрыққа мінгенің — хан тағына мінгенің. Ал алдыңнан арыстан қашса, сенен арыстандай айбарлы ұл туады екен. Одан туған бала да жолбарыстай қайратты, жүректі болады екен. Жолбарыстан туған шөберең де көкжал қасқырдай жүректі жаратылады екен. Ал көкжал қасқырдың баласы, төртінші ұрпағың, қызыл түлкідей заманына қарай қу, тəсілқой келеді екен. Ал қызыл түлкіден əрі қарай тараған тұқымың құрт-құмырсқа, бақа-шаян, жылан-кесіртке секілденіп, уақтанып кетеді екен, — депті (І.Есенберлин).

Дəл осы түс XVIII ғасыр тарихынан жазылған ғылыми-көркем трилогияның Бұқар жырауға арналған І-кітабында былайша вербалданады, мұнда сөйлеу субъектісі екі рет өзгертілген:

« – Мен жақында түс көрдім, — деді Абылай жырауға қарап. Егер сəуе көрмеймін десең сол түсімді жорып бер. — Не көрдің, айта ғой, — деді жырау да, бойы бір жеңілдеп қалғандай, ауыр сезімдер ықпалы сəл босаңсығандай. Сонда хан айтты:

-   Түсімде бір жолбарыс келіп шатырымның алдына мойнын созып, шөгіп жатып алды. Бұл не қылғаны деп, жанына жақындап едім, əлгі жолбарысым аю болып кетті. Аюға жақындасам, ол қасқырдай ырылдап ит-құсқа айналып, енді ит-құсқа қарасам, ол түлкі боп шыға келді. Осыдан кейін түлкінің орнына қарсақ, қоян, бақа-шаян, əйтеуір неше түрлі жəндік толып кетті. Осы болды көргенім.

... Кəрі жырау Абылайға сынай қарады, түсте не шешім бар екенін өзі біледі ме, сезетін сияқты. Əйтпесе, дəл осы түсін айтпас еді. «Тəуекел түбі — жел қайық» деп кетіп бара жатқанға ұқсайды.

  Хан ием, — деді жырау, — шатырыңның алдында жолбарыс болып жатқан — өзіңнің бақ-талайың. Жолбарыс болып жатқан — өзіңнің баққан елің — ұлы далада көсіліп орналасқан. Жолбарыс аюға айналса, сенен кейінгі заманда елің аюша алысар күн туар, одан қасқырша ырылдасып, жауымен жұлысатын заман да болар. Ақыр түбінде елің күштінің алдында түлкідей бұлаңдар, алдау-арбауға үйренер. Түлкінің түбі бақа-шаян болса, қоян-қарсақ жүрсе, ол дегенің соңғы ұрпақ ұсақталып сол күйге жетер. «Құл жиылып бас болмас, тас жиылып құм болмас» деген сөз келер, жақсының түбі тұқымынан қиылар, бидің түбі сұйылар, еліңнің берекесі сөйтіп тиылар» (Ж.Омари).

Алғашқы мəтінде автор Абылайдың түсін Кенесарыға цитация жасатуы бекер емес, кейіпкерін, оның өскен ортасын таразылап, болашағын болжап бағалауда автор-субъектінің эксплицитті бағалауы пен субъектінің имплицитті пікірі бірін-бірі толықтырып, коммуникацияға түсушілерді сипаттауға, мəтіннің концептуалды ақпарын түзуге, оқырманға мəтінді интерпретациялауға жəрдемдеседі. Ал екінші мəтінде түс пен оның жоруын басты кейіпкерлердің өздеріне айтқызған автордың бағалауы ашық.

Екі мəтіндегі прагматикалық бағдар да — екі түрлі, І.Есенберлин контексіндегі бағдар тек Абылай хан айналасына ғана бағытталса, кейінгі мəтінде жалпыхалықтық сипат алады. Оны вербалданған түстердің лексикалық құрылымындағы ортақ номинативтер, сол лексиканың парадигматикалық коннекторларымен берілген символдармен қатар, айырмашылықтар көрсетеді. Бұл көркем мəтіндер жазылған кезеңдегі саяси-идеологиялық жағдайларға немесе экстралингвистикалық факторларға байланысты болу керек.

Қазіргі қазақ қоғамындағы ұлтсыздық, тілсіздік, күншілдік, тез еліктеушілік, басқа ұлт өкілдеріне жалтақтаушылық, сыбайлас жемқорлық, өз ұлтына қайырымсыздық сияқты түрлі жағымсыз мəселелер публицистикада сөз болғанда Абылайдың осы түсі мен оны Бұқардың жоруы еске түсіріледі. Алайда публицистика мен көркем коммуникацияда синкретті интертекстуалдылық əр түрлі байқалады. Публицистикада иконикалық мəтіндер (фотографиялар, шарждар, суреттер) вербалды мəтіннің қатарында, астыңғы, ортаңғы, үстіңгі жағында келіп, оның негізгі мазмұнын байытып, толықтырып, күшейтіп тұрса да, олардың ресімделуі мəтін ішіндегі мəтін форматында болмайды жəне олар өздерімен қатар алынған мəтіннің мазмұнын визуалды, кейде астарлы, ал енді бірде нақты түрде əр түрлі бағалауыш реңкте береді. Мұндай мəтіндерді қазақ зерттеушілері

«креолды мəтіндер» деп атап, оларда берілген ақпар сатылап түсінілуі қажеттігін көрсетеді [7]. Шынында да, солай. Мəселен, «Жас Алаш» газеті 2008 жылғы 21 қазандағы санында «Ақпараттық соғыс, немесе ұлтшылдық пен ұлтсыздық хақында» мақаласын Жеңіс Кəкенұлының суретімен безендірген. Суреттің атауы жоқ, алайда оның өзі жеке тұрып-ақ, интертекстуалды, яки аллюзивті- реминисцентті, себебі Абылай ханның атақты түсі негізінде салынған. Романда Бұқар түсті ханның тікелей өз ұрпағына қатысты жорығанмен, кейінгі тарихшылар, публицистер оны қазақ халқының тағдырына трансполяция жасап жүргенін ескерсек, осы ақпарлардың бəрі мақаланы түсініп, интерпретациялауды біртіндеп жүзеге асыруға ықпал етеді. Мақала ақпары астарлы түрде, синкретті түзіледі.

Бұл көркем жəне медиадискурсқа түсушілер қажеттілік пайда болғанда өздерінің семантикалық жадынан өздері үшін аса маңызды, айрықша мəнді, əсерлі, бейнелі мəтін таңбасын тауып, қолдана алатынын дəлелдейді.

Халықтың қазіргі болмысы мен ділі жөнінде жиі жəне өткір жазатын ақындардың бірі — Серік Ақсұңқарұлы. Ұлттық элитарлық тілдік тұлға ретінде оның құндылықтар жүйесінде ұлттық мəдени таным, ұлттық менталитет, ұлттық психология-болмыс басты орында, сондықтан халқымыздың қазіргі жай-күйі оны бейжай қалдырмайды. Осы орайда қаламгердің өлеңдерінде Абылайдың түсіне сілтеме мақсатына сай, ұлттық ділді бағалау, өзінің субъективті ойын қоғамдағы объективті жағдайлармен байланыстыру, пікірін қорыту, дəлелдеу үшін қолданылған:

Саңқ етті де көкті аударып зор үні,

Абылайдың түсін солар жорыды,

Күңіреніп өткен арыстарымның

Үңірейіп тұрады əлі орыны («Тас кітабы»).

 Күлтегіннің күлге сіңген мұң-зары,

Менікі екен бұл күні.

Бізді ылғи əзəзілдер торыды, Ес жи!

Ердің естіліп тұр зор үні.

Абайымның сөзін бірақ кім ұғып,

Абылайдың түсін қай ұл жорыды... («Тас кітабы»).

С.Ақсұңқарұлының «Қазақтың ұйқысы туралы балладасы» да аллюзия, реминисценцияға құрылған. Бұл шығармадағы мəтінаралық байланыстар арқылы М.Дулатовтың «Оян, қазағын», қазақ даласындағы түрлі əлеуметтік-экономикалық жағдайларды еске түсірген оқырман ақынның ұлтымыздың қазіргі хал-ахуалын сипаттауынан Абылай түсіне де сілтеме табады, бірақ мұндағы интертекст лексикалық деңгейде, яғни, түстегі құрт сөзі:

Заманмен жұрт бір құбылды,

Тəңірі құйсын саған нұр:

Тірілтетін құрт-қыбырды

Құдай керек заман бұл... («Дұға»).

Қаламгер өз мəтінінде бұл сөздің парадигматикалық, синтагматикалық байланыстарында эмоционалды-экспрессивтілікті одан əрі күшейткен:

Жермен бірге Күнді айналған тасқында,

Мекені — Алаш, мен де шерлі һас тұлға,

Неше түрлі құрт-құмырсқа жүреді –

Аяғымның астында (Асан Қайғы...).

 Қой, боздама, біздің буын қаралы,

Басқа ұрпақты боздатар бар сұм əлі.

Мағжанның мəйітін жеп семірген құртты көрдім!

Айдаһардай — араны...

Көре-көре тағдырымның талқысын, өмірімді бере алмадым халық үшін: сыбыр-сыбыр қыртқа бердім жартысын, қыбыр-жыбыр құртқа бердім жартысын

(«Автопортрет — Төртінші жыр»).

Жалпы, С.Ақсұңқарұлы өз шығармашылығында мəтінаралық байланыстардың танымдық- прагматикалық əлеуетін өте көп əрі орынды қолданатыны бұрын да айтылған [8]. Соның тағы бір дəлелі — ұлтының бойындағы барлық кемшіліктің, опасыздықтың, жағымпаздықтың, жауапсыздықтың, рухани мешеуліктің жиынтық атауы ретінде көрінетін прецедентті есім — Елтай:

Тағдыр мені тулақ қылып иледі,

Тырнағыма неге тықты инені?

Шетсіз шексіз жерім бар ед — мола боп,

Елім бар ед — оны да Елтай биледі... («Мағжанның монологы»).

Маздап тұрған нұрын сақта көзінің,

Сақтай гөрші қорғасындай төзімін.

Ермактардың етігінен сақтай гөр,

Елтайынан, сақта жəне өзінің... («Дұға»).

Жоғарыда аталған балладада бұл прецедентті есім вербалды құрылымдағы лексиканың семантикасын жоққа шығарып, контраст туғызады, яғни ақынның субъективті көзқарасын білдіріп, мəтін модальділігін түзуге мүмкіндік берген:

«Мағжандарың маған да онша ұнаған жоқ»...

Күлкілі!

Елтайларың аман болса ел боларсың бір күні!

Қалай болғанда да тілдік тұлға өзіне қажетті сөзқолданысты, мəтін фрагментін өзі өмір сүріп отырған лингвомəдени қауымдастықтың кез келген мүшесіне əр қилы дəрежеде таныс прецеденттілік феномендерінен алады, сондықтан интертекстердің когнитивтік-прагматикалық əлеуеті қашан да жоғары болады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Смирнов И.П. Порождение интертекста. — Вена, 1985. — С.
  2. Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш // Ақ жол. — Алматы: Жалын, 1991. — 349-б.
  3. Красных В.В. Виртуальная реальность или реальная виртуальность? — М.: Агар, 1998 — С.
  4. Выготский Л.С. Психология искусства. — М.: Искусство, 1986. — С.
  5. Денисова Г.В. В мире интертекста: язык, память, перевод. — М.: Азбуковник, 2003. — 298 с.
  6. Уəли Н. Қазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздері: Филол. ғыл. д-ры. ... дис. — Алматы, 2007. — 15-б.
  7. Есенова Қ. Қазіргі қазақ медиамəтінінің прагматикасы (қазақ баспасөз материалдары негізінде). — Алматы: Экономика, 2007. — 65-б.
  8. Əділова А.С. Тілдік тұлға жəне интертекстуалдылық // ПМУ хабаршысы. — 2006. — № 1. — 7-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.