Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Паремиологиялық қайшылықтар

Антикалық кезеңде қарама-қайшылық мəселесі батыста Платон жəне Аристотель еңбектерінде, суфистерде талқыланды. Қайшылықтың тілдегі жəне тілдесім кезіндегі қырлары стоиктер мен александрия мектебі грамматиктері, сонымен бірге Цицерон мен Секст Эмпирик еңбегінің өзегі болады. Қайшылық Шығыс елдерінде джайнист жəне будда логиктері, қытай даоцисі жəне парадоксалисі Хуэй Ши жəне Гунсунь Лун еңбектерінде жан-жақты зерттелген болатын. Ежелгі христиан кезеңінде Августинді осы сұрақ қатты қызықтырды, орта ғасырда схоластик Абеляр, Оккам, Гроссетест, Риард Софист жəне басқалардың еңбегінде қайшылық түрлі қырынан талданды. Н.Кузанский, Л.Валл жəне Дж.Бруно əлемнің құрылысы мен дамуындағы қайшылықтың орнын айрықша атап өткен болатын. Жаңа кезеңде Лейбниц пен Кант осы мəселеге аса мол көңіл бөлді. Гегель бұл мəселеге диалектикалық тұрғыдан келіп, Аристотельдің логикасын сынға алды. Ғаламның логикалық құрылымын Гербарт пен Бредли қайтаруға тырысты. Қарама-қайшылықтың лингвистикалық қырын алғаш рет антиномия түрінде зерттеген В.Гумбольдт болатын.

Түрлі кезеңде қайшылық сараптау нысаны ретінде əр түрлі зерттеушінің еңбегінде кейде қарама- қарсылықтың соқтығысу нəтижесі, кейде таза жəне логикалық қайшылық түрі, кейде антиномия мен дилемма, кейде софизм мен парадокс деген атпен, кейде тілдік ауытқу түрінде талданған болатын. Тіл-тілдегі қайшылық, оның формасы мен қызметі сан түрлі, сондықтан көптеген зерттеушінің зерттеу нысанына айналды. Қайшылық қазақ тіл білімінде С.Аманжолов, М.Балақаев, Р.Сыздықова, Р.Əміров, М.Серғалиев, Ш.Сарыбаев, Б.Шалабаев, Қ.Аханов, С.Исаев, Х.Есенов, Х.Нұрмұқанов, М.Кожина, Ж.Мусин, Г.Смағұлова, С.Абақан, А.Жұмабекова, А.Ислам, Д.Əлкебаева, С.Қоянбаева, А.Əділова, Б.Кəукербаева, А.Бекмашева, Ж.Əділбекова жəне тағы басқа ғалымдардың жұмыстарында кей қырынан қарастырылған.

Біздің жұмысымызда қайшылықтың логикалық қыры лингвистикамен байланыста ғана қаралады. Жұмысымызға біріншіден, əдетте логикалық термин ретінде жұмсалатын «қайшылық» терминіне лингвистикалық балама, екіншіден тілдік жəне тілдесім қайшылығының өзегі ғана емес, кез келген тілдесім қайшылығынан шығудың əмбебап тəсілі болғандықтан «аллофрония» терминін енгізіп отырмыз.

Қарама-қайшылық құбылысының өте күрделі де іргелі мəселе екенін, оны философия, логика, семантика, стилистика, эстетика, психология, теология жəне т.с.с. ғылымдарды түйістіре отырып зерттеу керектігін, бір жұмыс шеңберінде талдау мүмкін еместігін түсінеміз. Аллофронияның тілдік мысалын санамалап беру, тілдік қайшылықтарды анықтау, қайшылықты анықтау критерийі, қайшылыққа қатысты түрлі көзқарасты іріктеуге байланысты қиындықтар болды. Осы қиындықтардың барлығы да мəселе бойындағы қайшылықты ашудың қажеттілігіне көз жеткізіп отыр. Теориялық база қайшылықты не зерттеудің негізгі нысаны, не басқа да мəселенің бөлігі деп қарастырушы авторлардың жұмысынан алынды.

Жалпыфилософиялық аспектіде қарама-қайшылықты зерттеушілер Гегель диалектикасын қолдаушылар, мəселен, Ф.Энгельс, марксистер Г.Плеханов, Н.Бухарин, А.Богданов жəне түсінік берушілер A.Деборин, Ф.Георгиев, Л.Петровичева, В.Горбач, Э.Ильенков, И.Нарский, А.Спиркин, К.Бакрадзе, Б.Базаров, Г.Брутян жəне басқалар, марксист емес-зерттеушілер С.Хук, М.Вольфф, Р.Туардини, Х.Кляйн жəне тағы басқалар.Тарихи философиялық бағытта осы төңіректе зерттеу жүргізгендер: П.Попов, Н.Стяжкин, А.Богомолов, А.Кожев, Дж.Пассмор, Д.Зильберман, В.Соколов, А.Чанышев, С.Радхакришнан, С.Чаттерджи Д.Датта, Ф.Пиронэ, А.Степанова, М.Степанянц жəне басқалар. Ғылыми теория мен тəжірибе кезінде ғылыми философияда қарама-қайшылықтың барын дəлелдеп берген ғалымдар: В.Гейзенберг, Н.Бор, А.Уайтхед, С.Люпаско, Г.Башляр, В.Ланге, А.Сухотин.

Қарама-қайшылықтың əлеуметтік жəне əлеуметтік-прагматикалық сипатына тоқталып өткен ғалымдардың ішінен К.Маркс, Г.Зиммель, Л.Леви-Брюль, З.Фрейд, А.Кожинский, П.Вацлавик, Д.Бивин, Д.Джексон, А.Уилден, Н.Луман, Р.Рюйер, Ж.Вюненбюржэ, Ф.Юэр, М.Бейгбэдэ, И.Барель атап өтсек болады. Діни мəтіндердегі қарама-қайшылықты қарастырғандар Климент Александрийский, К.Тертуллиан, А.Кентерберийский, П.Абеляр, Ф.Аквинский, Б.Дакийский жəне басқа да теологтар мен философтар. Шығыс дінін зерттеушілер де осы мəселені сырт айналып өткен жоқ, олардың ішіндегілер О.Розенберг, Ф.Щербатский, Д.Судзуки, Е.Завадская, Н.Абаев, В.Андросов, А.Игнатович, С.Лепехов, В.Пупышев, Т.Григорьева, Дж.Гарфилд, Г.Прист, А.Массе, И.Шах, У.Читтик, К.Юнг, П.Флоренский, П.Тиллих, Б.Раушенбах, Л.Крейн, С.Исаев жəне басқалар.

ХІХ ғасырдың орта шенінен бастап қарама-қайшылық пен парадоксты əлеуметтік жəне əлеуметтік-прагматикалық тұрғыдан сипаттаған ғалымдар да бар, олар Г.Фреге, А.Мейнонг, Ф.Брэдли, Н.Васильев, Я.Лукасевич, Б.Рассел, У.Стюрман, А.Черч, Н.Мулуд, Я.Хинтикка, Г.фон Вригт, Р.Павиленис, А.Шафф, Й.Бар-Хиллель, Л.Витгенштейн, С.Кэмпбелл, В.Целищев, Л.Тондл, Н.Решер, Ч.Пайл, С.Мэйпер, Б.Гинзбург.

Əдебиеттанудағы жəне эстетикадағы қарама-қайшылықты қарастырғандар М.Бахтин, А.Лосев, Ю.Лотман, И.Силантьев, Н.Федоренко, Л.Сокольская, М.Тоэска, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Т.Қожаеев, Р.Коли жəне тағы басқалар. Қарама-қайшылықтағы күлкінің орнын сараптауға қатысты жазылған еңбектері бар ғалымдар А.Бергсон, 3. Фрейд, А.Кестлер, А.Вулис, Ю.Борев, Л.Карасев, А.Лук, Д.Лихачев, А.Панченко, Р.Понырко, В.Пропп, Г.Почепцов В.Овсянников, В.Санников, Т.Қожакеев, А.Мұсаев, Г.Демесінова, Г.Қортабаева жəне тағы басқаларды атап өтуге болады.

Қарама-қайшылық жалпылингвистикалық аспектіде мына ғалымдардың еңбегінде қарастырылды: Г.Пауль, Ф. де Соссюр, Ф.Полан, С.Карцевский, В.Волошинов, Ш.Балли, Э.Косериу, Э.Бенвенист, Ж.Делёз, Э.Кассирер, В.Звегинцев, Н.Арутюнова, Ю.Степанов, В.Одинцов, В.Девкин. Тілдесім кезіндегі қарама-қайшылыққа тоқталып өткен ғалымдардың ішінен Г.Колшанский, Н.Комлев, Е.Падучеваны атап өтуге тұрарлық.

Қарама-қайшылықтың жеке лингвистикалық аспектілерін жан-жақты талдаған ғалымдар — Р.Якобсон, М.Бахтин, A.Пешковский, В.Шерцль, Н.Трубецкой, В.Виноградов, Н.Шанский, Д.Шмелев, Л.Васильев, Ю.Апресян, Л.Новиков, З.Ураксин, Г.Пермяков, «Логический анализ языка: противоречивость и аномальность текста» жинағының авторлары, С.Абель, Сами-Али, К.Бюлер, Дж. Макколи, У.Вайнрих, З.Вендлер, П.Фарб, М.Кусси, Е.Вольф, Т.Миролюбова,  Б.Мучник, С.Колесниченко, А.Мурадян, Г.Эйхбаум, Т.Винокур, А.Анисимов, С.Нухов, М.Сидоренко,М.Марутаев, Б.Ганеев.

Тіл-тілдегі қарама-қайшылықтарға қатысты зерттеулер жүргізген ғалымдарды атап өтер болсақ, олар Б.Гранде, В.Ушаков, О.Фролова, Л.Рену, Т.Елизаренкова, В.Кочергина, В.Горелов, А.Драгунов, Т.Корчагина, И.Головнин, А.Пашковский, О.Фролова, А.Кунин, Е.Шендельс, қазақ тіл білімінде Ж.Мусин, М.Оразов, Х.Нұрмұқанов, А.Жұмабекова, А.Салқынбай, С.Қоянбекова, А.Əділова, Б.Кəукербаева, А.Бекмашева, Ж.Əділбекова жəне тағы басқалар.

Стилистикалық жəне риторикалық аспектіде, қарама-қайшылықтың парадокс, метафора жəне екіұштылығын зерттеушілер де көптеп табылады: Аристотель, Цицерон, Дандин («Кавьядарша»), Б.Грасиан, Ш.Балли, Э.Ирих, У.Эмпсон, К.Брукс, О.Барнет, Б.Дебатин, Дж. Лакофф, М.Джонсон, М.Блэк, Дж. Серль, Д.Дэвидсон, Н.Гудмен, Б.Хасанұлы жəне басқалар.

Лингвистикалық стилистикалық жəне риторикалық қырынан қарама-қайшылықты сараптаған зерттеушілер: Х.Пальяро, Х.Вильяр, К.Коморовски, В.Успенский, Н.Шпекторова, Н.Елина, Г.Семен, И.Арнольд, М.Брандес, Э.Ризель мен Э.Шендельс, Дюбуа Ж. жəне басқалар. Қарама-қайшы сөздің синтагматикалық оппозициясы келесідей құрылымдық типке бөлінеді.

Х немесе У семантикалық қатынастың екі негізгі түрі: қарсылықты (күшті) (е1) — Оның адамдар туралы бір-ақ ойы болатын — жақсы немесе жаман, оларға не сенетін, не сенбейтін (М.Х.); — ыңғайлас-қарсылықты (жеңілдетілген) (е2) — Оның енді бар түсінгені — қазір ол туралы не жақсы, не жаман ойлағысы жоқ (М.Х.). Бірінші жағдайдағы немесе/не/ шылауы жоққа шығару мағынасында жұмсалған (не А, не Б), ал екінші жағдайда — жоққа шығару жоқ (не А, не Б, не сол немесе басқа не бəрі бірге) деген мағынаны үстеп тұр.

Фактілердің кезектесу, бірінен соң бірінің келуі мағынасында біресе Х біресе У, бірде Х бірде У олардың бірі екіншісімен бірге бола алмайды (f): Мойнындағы орамалын біресе байлап, біресе шешіп қарт ана не істерін біле алмай біраз тұрды (М.Х.). Қол ұшыңды бір беріп кетсең етті бір келіп, көрсең етті құрбыңды, бірде — тірі, бірде — өлік… (М.М.).

Х емес У, Х, бірақ У — қарама-қарсы мағынада — (с): Кəрия емес, жас əйел үйден шығып, атымды байлап жатыр ағашқа… (М.М.). Буы бұрқыраған жас топырақ емес, жел үрлеп, жауын шайып көнерген, иесіз, ескі іннің аузындағы үйінді сұрықсыз топырақ (М.М.). Сен жүз жасайсың, мен алғашқы ызғырықпен өшем. Бірақ мен өлмеймін (М.М.).

Х > У-тен, У гөрі < Х (не керісінше) ортақ салыстыру мағынасында (g): Қорлық өмірден ерлік өлім жақсы (М.). Соңынан қуа зуалаған екінші алғашқыдан гөрі кішірек үшкір тас Бардасоқтың үстінен асып, тобылғының арасына түсті (М.М.).

Х-тен-У-ке дейін, Х-тен У-ке, Х-тен У-ке жəне т.с.с. барлық зат, құбылыс, қасиет, сапа қамтитын мағына қарама-қарсылығын көрсетуде: Басынан аяғына дейін, ерліктен елдікке, таңнан кеш батқанша дейін жəне т.с.с. Ертеден қара кешке дейін сілбіреп тұрғаны (М.М.).

Х У, Х = У бірінің қарама-қарсылығы екіншіге ауысады — (і): Бəрі бір мезетте қиындық туғызды емес пе — ең оңайы да (М.Х.). Бірінің жеңісі екіншісінің жеңілісіне айналған шаққа тап болдық (К.С.).

Х/У, Х//У, (бұнда / белгісі — бірлесу, қосылу интонациясын береді, ал // белгісі — қарама- қарсылық интонациясын береді) — бұл сөйлемде семантикалық байланыстың формалды синтаксистік құралы ретінде бірлесу, санамалау, қарама-қарсы қою интонациялары жатады: Бəрін қойшы, бəрі де өтер тоқтаусыз, өмір, өлім, өнбей, өспей, жоқ барсыз… (М.М.). Сен жүз жасайсың, мен мəңгілікпін (М.М.). Қарама-қайшы оппозиция құрылымдық типтерінен төмендегідей семантикалық мағына туындайды:

(а) — бірлестіру (конъюкция);

(b) — салыстыру;

(с) — қарама-қарсы қою;

(d) — қарама-қайшылық (қарама-қарсылық негізінде); (е) — бөлу (қарсылықты, дизъюкция);

(е1) — күшті дизъюкция;

(е2) — жеңілдетілген дизъюкция;

  • — кезектесу;
  • — салғастыру, теңеу;
  • — қарама-қарсылыққа бөлінген барлық зат, құбылыс, қасиет, сапалардың класын қамту;

(і) — қарама-қарсылықтардың бір-біріне айналуы жəне т.б. Осы қайшылықтың мақал-мəтелдегі орнын төмендегі мысалдар арқылы талдаймыз.

Көптеген ғалым мақал-мəтелді тілдің фразеологиялық бірлігіне қисынды түрде жатқызып жүр, ал формасына қарасаң ол — «қысқа тəмсіл», ауыспалы мағыналы аяқталған сөйлем. Мақал-мəтелдер қай халықтың да жан-дүниесі, мінез-бітімі, тыныс-тірлігінің айнасы; сол халықтың сөздік қорының байлығын жанытып қана қоймай, оның уақыт озған сайын құны артпаса арзымас қазына екенін де сездiрер белгісі. Өйткені мақал-мəтелдің айтары — өсиет, ұлағат, тəлім, парасат, ізгілік.

Мақал-мəтелдер — қай тілде болмасын, халық даналығының қайнар көзі, ақылман ойшылдар, ділмəр-шешендер, айтқыш даналар сөзінің мəйегі, ұйтқысы болып саналады [1]. Мақал-мəтелдер — сан ғасыр бойы халықтың қоғамдық даму үрдісінде қалыптасқан ұстанымы, əдет-ғұрпы, салт-дəстүрі, оның тарихы, рухани мəдениетінің қайнаркөздері жайында мол ақпарат беретін тілдік қор.

«Мақал-мəтел — қысқа, ырғақты, тілдесімде тұрақты халықтың бейнелі нақыл сөзі» [2]. Осында айтылған қасиеттің көбі (қысқа, тұрақты, бейнелілік) фразеологизмге тəн. Мақал-мəтел аллофрониялығы тура мəнімен емес, сол секілді жағдаятта қолданыла алу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Мақал-мəтел арқылы сөйлеуші айтылмаған ойды бағалайды, сипаттайды.

Көптеген мақал-мəтелдің тағы бір қыры — олардың парадоксқа құрылуы. Ағылшын тілінің Уэбстер сөздігінде мақал-мəтелге берілген негізгі анықтамаға қоса, «бұл — тосын не парадоксты пікір» дегенді айтады. Ендеше қайшылық мақал-мəтелге екі рет: алғашында фразеологиялық бірлікке, екінші ретінде мақалдың басым бөлігін құрайтын парадокс пікірге енеді.

Парадокс мақал-мəтелдер негізгі үш топты құрайды:

Гномалық (гректің γνωμη — «ақыл, білім, пікір» деген сөзі, сонымен қатар гнома — «ұлағатты пікір», «өсиет» ретінде де қолданылады), яғни осы қоғамда өмір сүретін көпшіліктің көзқарасына қайшы келетін пікірді білдіретіндер: күндердің күнінде — осы күндердің бірінде емесі анық.

Семантикалық, сырт əлемге тура бағыштамай-ақ сол пікір шеңберінде орын алатын қайшылық:

асығуын асықпай-ақ қой, бірақ тездет.

Əзіл жəне сөзойнатымдық (каламбур): Анашым, əкеме күйуге шығуың саған оңай-ақ болды, мені бөтен ерге бергің-ақ келеді.

Кейде мақал-мəтелдегі парадокс прагматикалық тұрғыда қарапайым, қарабайыр десе де болады, көбіне сол тіркес екінші шекке өтіп, əдетте парадокс ретінде қабылданады. Мақал-мəтелдің парадоксы семантикалық жəне прагматикалық деңгейде туындайды. Семантикалық деңгейде парадокс туындатушы логикалық қайшылық мəтін ішінде, ал прагматикалық қайшылық — мəтін мен мəнмəтін əрекеттескен кезде туындайды.

Парадокс мақалдар туралы ғылыми еңбегінде Матти Кусси халық арасында мол қайшы пікірдің барлығын көрсетті [3]. Кусси парадоксты ұлғайтқыш деп атаған. Алайда сипаттайтын екі нысаны бар кей антонимдік тілдік бірлікті парадокс қатарына қосуға негіз бар ма? «Мысықтың қуанышы — тышқанның көз жасы», «Байлар кедейдің салығы есебінен күн көреді», «Бүгінгі алтын — ертеңгі шаң». Бұл жағдайда парадокс жоқ, тек қарама-қарсылық қана бар. Х Х емес формуласына негізделген «алтын — алтын емес, нан — алтын» іспетті парадокстар тосындығымен тыңдаушыны қайран қалдырады деген ойды да осы Кусси айтады. Х у-тен артық, жақсырақ салыстырмалы формулаға негізделген «Өз зұлымың өзгенің ұлығынан артық» секілді мақалдар да тіл білімінде көптеп кездеседі. Алайда «Жүз рет естігенше, бір рет көр», «Алты қорқақтан бір батыр артық», «Жүз доллардан жүз теңгең артық» деген сияқты мақалдарда парадокс бар деу қиынға соғар. Салыстырмалы парадоксты «Саво елінің адамынан гөрі қасқырды иландырғаның артық» іспетті мақалды алып, болуы мүмкін емеске қарағанда болуы ықтимал дүниемен салыстырудың өзі парадокс туындатады деген оймен қорытындылайды.

Мақалдағы парадокстың негізін құрайтындар:

(а) қарама-қарсылық түсінігіне екі қарама-қарсы эпитет қарсы тұрады; (ə) эпитет тағы бір эпитетпен «соқтығысады»;

(б) бір эпитет екі қарама-қарсы эпитетпен байланысады немесе олар басқаша анықталады; (в) аксиомалық шындыққа қарсы шығады;

(г) əдетте «мүмкінге» қарағанда «болуы мүмкін емес» іске асады;

(ғ) «жақсы/жаман», «көп/аз», төмен/жоғары» сияқты мағына тəртібі «төңкеріледі»; (д) «х у болса, онда у х» деген құрылым құрылады.

Парадокс мақал-мəтелдер екі есе кереғар, себебі үнемі бір-біріне қайшы шығып тұрады. 1887 жылы «Нью-Йорк Таймс» газетінде жарық көрген «Влияние пословиц» деген мақала авторы мақал- мəтел дегені дұрыс емес, үнемі бір-біріне қайшы болады, шынайы болып көрініп адамды арбайды, «Ғұламаның тапқырлығы əрі бұқараның даналығы» емес, «Азшылықтың сопылығы мен көпшіліктің жөнсіздігі», «Молчание — знак согласия», «В тихом омуте черти водятся» сияқты мақалдар құндылығы даулы, ал кейбірі тіпті бір-біріне қайшы пікірді білдіреді деген. Мысал ретінде ағылшын тіліндегі: «А little learning is a dangerous thing» — «Аздаған білім қауіпті», «Іt is better to know something than nothing» — «Түк білмегеннен де аздап білген жақсы» деген мақалдарды салыстыра отырып сынауға алады. В.Мидер бұл тұжырымға қарсы шықты: мақал-мəтелдер — универсалийлер емес, олар адам тəжірибесінің əрқилы қырынан хабар береді, сондықтан да бір-біріне қайшы, себебі өмірдің өзі қарама-қайшылықтан тұрады [4]. Мақал-мəтелдердің айрықша тобына сəйкес жұп мүшесінің мəніне семантикалық тұрғыдан қайшы келетін мақал-мəтелдер жатады. Олар көбінесе парадокс мақалдың бірінші тобына жатады: «Ащы шындықтан, тəтті өтірік артық», «Тəтті өтіріктен, ащы шындық артық» «Шыңғырған шындық» деген нұсқасы да қолданылатынын білеміз. Өз кезегінде осы типтес мақал-мəтелдерді екі топшаға бөлуге болады: (1) бір-бірінен тəуелсіз, жеке тұрып та парадоксты болып қабылдана беретін мақал-мəтел жұптары: Өтірік болмаса, шын екенін кім білер. Шындық болмай, өтірік те болмас; (2) өздігінен жеке тұрып нақты мағынадан хабар бететін, мазмұны түсінікті, алайда бір-біріне қарама-қарсы қойылған кезде тыңдаушы қайшылық пен парадоксқа тап болатын мақалдар. Салыстырған кезде қайшылық туындайды. Қонақ қойдан жуас. Мықты қонақ қожасын билейді. Қонақ берсең етіңді жейді, бермесең бетіңді жейді. Қонағым сен ет деме, мен кет демеймін. Тойға барсаң бұрын бар, бұрын барсаң орын бар. Көп күттірген — сыйлы қонақ [ҚХММ 2001: 246–265].

Қандай да мақал-мəтелдегі қалыпты не парадоксты таңдау мəліметті жіберуші не қабылаушының талғамына байланысты. Осындай (тілдесімге қатысушы көзқарасына тəуелді) пародоксты мақал-мəтелді гномалық парадокс мақалдар деуге болады.

Мақал-мəтелдің кез келгенін қарама-қарсы қою парадокс туындата бермейді. Теңіз — біздің егістік: балық та, нан да терістік. Теңіз егістік емес, себер ем, тұқым жетпейді. Бұл екі мақал бір- біріне қайшы, алайда парадокс жоқ, себебі бірінші жағдайда «егістік» метафоралық, екінші жағдайда тура мағынада қолданылған.

Мағынасы қайшы мақал-мəтелдер жұбы — қазақтың тілдік бейнесінің тамаша көрінісі: Үндемеген үйдей пəледен құтылады — Жыламаған балаға емшек бермейді; Адам көркі — шүберек, ағаш көркі — жапырақ — Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады;

Парадокс мақал-мəтелдер тіл тілде көптеп кездеседі. Тура баламасы болмаса да, соған жақын ұқсастары жетіп артылады.

ҮНДЕМЕГЕННЕН ҮЙДЕЙ ПƏЛЕ ШЫҒАДЫ — орыс. Тихая вода берега помывает; тихие воды глубоки; В тихом омуте черти водятся; башқ. Йүкə шына имəн яра — тынық су жағалауды шаяды; Тымык күлдə корт үйнай — тынық көлде сайтан жүрер; Тəрəн йылға тың аға — ақырын дауыс алыстан естілер; ағылш. Still water are deep — тынық су терең болар; суах Ki mya kingi kina mshindo mkuu — терең тыныштықта шу мол (Жаңалық болмаса, жамандық күт, тынық көлде сайтан жүрер).

ЖАМАН АЙТПАЙ ЖАҚСЫ ЖОҚ — орыс. Не было бы счастья, да несчастье помогло; Нет худа без добра и добра без худа; башк. Искеһез яны булмас, ямансыз якшы булмас — жамандықсыз жақсы жоқ; Ямансыз яхши булмас, яхшысыз яман булмас — зұлымдықсыз — жақсылық, жақсылықсыз — зұлымдық жоқ; жап. Сонситэ току торэ — шығыннан да пайда көр (Біреуін жоғалтсаң, келесіні табарсың); ағылш. Еvery (dark) cioud has a silver liningəр бұлт күміспен апталған (Жамандықсыз жақсы болмас); Іt is an ill wind blows nobody good — жақсылық əкелмес желден не қайыр (Жамандықсыз жақсы болмас); суах. Kipya kinyelmi kingawa kidonda — жара болса да, жаңаның аты жаңа (Не істелсе де, жақсылыққа).

АСЫҚПАҒАН АРБАМЕН ҚОЯНҒА ЖЕТЕР — орыс. Тише едешь — дальше будешь; башк. Ашыкһаң да, капаланма — асықсаң да аптықпа; Һин ашыкһың, ул кабалана — сен асығасың, ол аптығады; Əркəн барган тиз житə — ақырын жүрсең, тез жетерсің; Ашыксаң, соңга каласың — асыққан — кешігер; ағылш. Make haste slowly — ақырындап тездет; More haste, less speed — асыққан сайын жылдамдық тежелер; жап. Tanki-wa sonki — асықсаң — күлкіге қаларсың; суах. Pole pole ya kobe humfisha mbali — тасбақаның баяулығы алысқа өрмелеп кетуіне кедергі емес.

ҚОЙШЫ КӨПТЕ ҚОЙ АРАМ ӨЛЕДІ — орыс. У семи нянек дитя без присмотра; Где много пастухов, там овцы дохнут; тат. Ирлəр күп болса, утын юк; хатынныр күп булса, су юк — бұл жерде, қазақтың «еркек көп болса, отын жоқ, қатын көп болса, су жоқ» деген мақалына сай. Жап.

Kiyobimbo — он саусағынан өнер тамған адам бір өнерді де тереңінен білмейді, алтын қолды адам кедей; Tagei wa mugei — бəрін істей білу — ештеңе істей алмау дегенді білдіреді; ағыл. Too many cooks spoil the broth — аспаз көп болса ботқаны бүлдірер.

ЕТІКШІ БІЗГЕ ЖАРЫМАС — балық суда жүріп шөлдейді, орыс. Сапожник ходит без сапог; башк. Итексенең итеге тишек, тимерсенең балтаһы китек — етікшінің етігі тесік, ұстаның балтасы кетік; Тимерсе бысакка йəлсемəс — ұста пышаққа жарымас; ағыл. Тhe coddlers wife is the worst shod — етікші əйелінің етігі жоқ (басқалардан кем киінген).

Жұмыс барысында жасалған мол зерттеу негізінде формалдық модельдің əрқилығына қарамастан, парадокс мақалдардың басым көпшілігі сапалық баға принципіне сай құрылған деген шешімге келіп отырмыз. Əр формалдық модель үшін бағаның семантикалық формуласын ұсынып отырмыз. @ — мəнмəтін/ контекст;! — жақсы;!! — үздік;? — жаман;?? — нашар; & — коньюкция; Ø — нольдік элемент; а — шағын өлшем; А — кері өлшем; а, А — қайшы сəйкестіктер.

П-1. Айран ішкен құтылар, шелек жалаған тұтылар

(? а)?? (? АА) @ ұрлық (шағын жаман үлкен жаманнан нашар); П-2. Өлуге емес, өмір сүруге қорық

! А? &? А! @ өмір мен өлім (жаман — жақсы, жақсы — жаман); П-3. Досы көптің жауы да көп

! АА =? АА @ дос жəне жау (жақсы мол — жаман да мол); П-4. Қатаң тəртіп шексіз тəртіпсіздікке əкеп соғар

! АА =? АА @ тəртіп пен тəртіпсіздік; (жақсы мол — жаман да мол); П-5. Өзіңді үйіңдегідей сезін, алайда қонақта екеніңді ұмытпа

! А =? А @ ұстаным (жақсы = жаман) [ұстаным]

П-6. Үндемегеннен үйдей пəле шығады

! А =? А @ үндемеу (жақсылық = жамандық);

Халықтар тiлiнiң қоғамның даму барысындағы атқаратын қызметi өте зор, өйткенi ұлттық- мəдени дүниенiң даму деңгейi тiлдiң даму шеңберiмен тығыз байланысты. Ал осы əдеби тiлдiң байлығы мен мəдениетiн, көркемдiгi мен бейнелiлiгiн арттыратын лексикалық категория — бұл мақал-мəтелдер. Мақал-мəтелдiң қалыптасуына белгілі бір жағдаяттар негiз болады да, əр халықтың мəдени дəстүрi, əдет-ғұрпы, ортасы, дiни нанымы мен дүниетанымы, психологиясын көрсетедi.

Бұл мақал-мəтелдің басқа мəдениет қорынан ерекшелігі көлемі жағынан қысқа, мазмұн жағынан тереңдігінде ғана емес, көңілге ерекше қонымды, ұжымдылығында жəне барлық халыққа бірдей ортақтығында.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қайдар Ə. Халық даналығы. — Алматы: Толғанай, 2004. — 32-б.
  2. БЭС: Большой энциклопедический словарь: В 2-т. — М.: Сов. энцикл., 1991. — С.
  3. Kuusi M. Concerning Folk Paradoxes Mind and Form in Folklore. — Helsinki, 1994. — P. 131–141.
  4. Mieder W. Popular views of the proverb. — Р. 2 (1985). — P. 109–143.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.