Сөйлемді семантикалық талдаудың ғылыми-теориялық жəне практикалық маңызын түсіну үшін тілдік жүйенің басты элементтерінің бірі — сөйлемнің зерттелу аспектісін жəне тілдік таңбаның бірі ретінде оның таңбалық табиғатын анықтап алуымыз қажет.
І.Сөйлемді зерттеудің аспектілері
Сөйлем — күрделі құбылыс. Сондықтан да қазіргі қазақ лингвистикасының маңызды мақсаттарының бірі сөйлемді жан-жақты зерделеу болып табылады. Сөйлемнің түрлі аспектілерінің ішінде құрылымдық-семантикалық аспектіні зерттеу қазіргі кезеңде өзекті мəселеге айналды. Сөйлемді құрылымдық-семантикалық аспектіде зерттеу əлемдік лингвистикада XX ғасырдың 50- жылдарынан, бұрынғы кеңестік орыс тіл білімінде XX ғасырдың 70-жылдарынан қолға алына бастаса, түркітануда, қазақтың тілтану ілімінде бұл əлі де тың жатқан тақырып.
Синтаксис теориясының тарихында тілдік бірліктердің ішінде сөйлем ерекше орын алады.
«Сөйлем» XIX ғасырдың I жартысында-ақ синтаксистің негізгі ұғымы болып қалыптасты. Бірақ бұл кезеңде тіл туралы ғылымда логикалық бағыт үстем болып, тілдің грамматикалық құрылысы мен ойлаудың логикалық құрылысы тұтас дүние ретінде қарастырылды. Ойлауға ерекше мəн беріліп, сөйлеммен пайымдаудан бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ деп түсіндірілді. Сөйлемге сөздермен берілген ой деген анықтама берілді. Қысқасы, грамматикалық жəне логикалық категориялардың арасына тепе-теңдік белгісі қойылды. Логикалық субъект бастауышпен, логикалық предикат баяндауышпен теңестірілді.
XIX ғасырдың 60-жылдарында психология ғылымы дамыған сипатта болып, тіл біліміндегі логикалық бағытты сынға алып, психологтар тілді адамның психикасынан туындайтын үдерістердің көрінісі деп есептеді. Сөйтіп, психологтар сөйлемге айтушының санасындағы белгілі бір түсініктерді байланыстыратын психикалық акт деген анықтама берді. Олар формалық белгілері бойынша емес, сөйлеуші санасында пайда болу уақытына қарап, психологиялық бастауыш жəне психологиялық баяндауыш деп жіктеді.
Сөйлемге анықтама беруде, оны мүшелерге жіктеуде психологиялық жəне логикалық тұрғылардың өзіндік ерекшеліктері болғанмен, бұл синтаксистік теориялардың ортақ белгілері болды. Ол жөнінде П.С.Кузнецов: «Сөйлемді логикалық пайымдауды жəне психологиялық пайымдауды білдіру деп анықтама беруге жалпы нəрсе — ол тілдік белгілердің жоқтығы» (Общим для определения предложения как выражения логического суждения и для определения предложения как психологического суждения является отсутствие собственно языковых признаков) десе [1], И.П.Распопов: «Сөйлемді логикалық (К.Беккер, Ф.И.Буслаев) немесе психологиялық (Г.Штейнталь, Г.Габеленц, Г.Пауль, кейде А.А.Потебня) пайымдауларды білдіру деп анықтаушы лингвистердің қайсысы болса да нəтижесінде функционалдық критерийлерді (сөйлемде айтылатын мазмұнның мəні, мағынасы, мақсаттылығы) басшылыққа алғанмен, бұл критерийлерді қолдану қажетті дəлдікпен негізделмеді жəне ақырына дейін қарастырылмады. Сөйлемде не, не үшін айтылатынының мəні оны құрылымындағы белгілеуші мен белгіленушінің ара қатысы, сөйлемнің лексикалық-грамматикалық құрамындағы кейбір мүшелерінің қызметі — барлығын сөйлеу əрекетімен қайшылықта қарастырғандықтан, олардың дəйексіздігі, бұрмаланғандығы байқалып тұрады». (Определяя предложение как выражение суждения — логического (К.Беккер, Ф.И.Буслаев) или психологического (Г.Штейнталь, Г.Габеленц, Г.Пауль, отчасти А.А.Потебня), лингвисты того и другого только в конечнем счете исходили из функциональных критериев (смысл, значение, целенаправленность высказываемого в предложении содержания), но применение этих критериев не было обосновано у них с необходимой точностью и проводилось недостаточно последовательно. Сущность того, что и для чего выражается в предложении, соотношение означаемой и означающей сторон его структуры, функции отдельных членов лексико-грамматического состава предложения — все это представлялось нередко в искаженном виде и при ближайшем столкновении с речевой действительностью оказывалось несостоятельным) дейді [2]. Сондықтан да синтаксистегі логикалық жəне психологиялық бағыттағыларды XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басында формалды тіл білімі өкілдері, яғни сөйлемді оның құрылысы жағынан қарастырушылар, өткір сынға ала бастады. Осы кезеңде сөйлемді жəне басқа тілдік бірліктерді функционалдық критерийлер тұрғысынан талдау тіл құрылысының өзіндік сипатын айқындай алмайды деген пікір де қалыптасты. Соның нəтижесінде синтаксистер сөйлемнің формалық құрылымын мазмұнынан бөлек қарастыруға баса назар аударды. Жəне əлем тілдерінен жинақталған мол материалдар мен оларды талдау морфологиялық тұрғыдан түрлі тілдердегі сөйлемнің құралу принципі əр түрлі болатындығын көрсетті. Формалды бағыт өкілдерінің сөйлемнің семантикалық белгілерінен бастартуы оларды синтаксистің негізгі міндеті сөздердің жəне сөз тіркестерінің топтарын тілдік бірліктердің ерекше түрі ретінде бөліп алып зерделеу деген түйінге əкеп тіреді. Тіпті сөйлем сөз тіркесінің бір түрі деген көзқарас та [3] болды. Коммуникация үдерісіндегі сөйлемнің қызметі тілші-ғалымдар назарынан тыс қалды.
Лингвистикалық құбылыстарды таза формалық тұрғыдан талдау керек дегенді АҚШ лингвистикалық мектебінің өкілдері де айтты. Мəселен, сол кездегі жаңа бағыт дескритивті лингвистиканы негіздеуші американ лингвисі Л.Блумфильд: «Формалар класы басқа лингвистикалық құбылыстар секілді мəн-мағына негізінде емес, тек лингвистикалық ерекшеліктер (яғни лексикалық жəне грамматикалық) негізінде анықталуы мүмкін» («Классы форм, подобно другим лингвистическим явлениям, могут быть определены не на основе смысла, а лишь на основе лингвистических (т.е. лексических и грамматических особенностей»), — деді [4; 5]. Осы мектептің Б.Блок, Дж. Треджер секілді өкілдері: «Біздің барлық классификацияларымыз тек қана формаға, яғни түбірлер мен аффикстердің фонематикалық құрылысының ұқсастығы мен өзгешелігіне немесе сөздердің нақты фразалар жəне сөйлемдер типіне, кіруіне негізделуі қажет. Классификация жасауда мағынаға, абстрактілі логикаға немесе философияға сүйену деген болмау керек» («Все наши классификации должны основываться исключительно на форме — на различиях и сходствах фонематической структуры корней и аффиксов или на вхождении слов в конкретные типы фраз и предложений. При составлении классификации не должно быть аппеляции к значению, абстрактной логике или к философии») деген талап қойды [4; 5]. Тілдік семантикаға деген глоссемантиктердің көзқарасы да дескриптивті бағыттағылармен бірдей болды.
Жоғарыдағыдай көзқарас кеңестік кезеңдегі дəстүрлі лингвистикаға да əсерін тигізбей қалған жоқ. Оған дəйек академик В.В.Виноградовтың өзі: «Сөйлемнің нақты мазмұны грамматиканың пəні болуы мүмкін емес. Грамматика тек сөйлемнің құрылысын, сөйлемнің типтік формаларын зерттейді» («Конкретное содержание предложений не может быть предметом грамматического рассмотрения. Грамматика изучает лишь структуру предложения, типические формы предложений»), — дейді [5]. Осыған байланысты қырғыз лингвисі И.Д.Джакубов осындай теориялық нұсқаудан соң түркі тілдерінің синтаксисін зерттеушілер əлі күнге дейін сөйлем мен сөз тіркестеріндегі сөздердің өзара байланысу типтерін айқындаумен жəне синтаксистік бірліктердің құрылымдық типтерін сипаттаумен шектеліп келеді деген ой түйеді [6].
Ал қазіргі синтаксистің ізденіс ауқымы сөз тіркестері мен сөйлемнің құрылысына қатысты мəселелермен ғана тұйықталып қалған жоқ, себебі бүгінгі күннің əлемдік жалпы тіл білімі жаңа жəне бұрындары шешімін тапқан деген синтаксис проблемаларын алға тартып отыр. Синтаксистік ғылым саласының зерттеу нысандары, оларды сипаттау, талдау əдістемесі қалай болуы қажет деген сауалдарды қоя бастайды. Мəселен, Н.Ю.Шведова синтаксистің негізгі бірліктері ретінде сөз формасы, сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, мəтін деген бірліктерді санамалап, оларды синтаксистің тұтас та бірліктегі «ғимаратының» құрылымы мен құрылысының бірліктері десе [7], бүгінгі лингвистикада əбден мойындалған нəрсе синтаксистің негізгі бірлігі — күрделі тілдік құбылыс болып табылатын сөйлем [8]. Сондықтан да болар И.А.Сизова: «Сөйлем» ұғымының күрделі де қайшылықты құбылыс екендігін тіл білімінде 300-ден астам анықтамасы бар екендігі-ақ дəлелдейді» дегенді айтады [9].
Сөйлемнің күрделі сипатын жан-жақты зерделеу үшін түрлі аспектілерде қарастыру қажет екендігін тіл біліміндегі логикалық, психологиялық жəне формалды бағыттардың болғандығы, бар екендігінен көруге болады. Бұл проблеманы орыс тіл білімінде В.Г.Адмони сөйлеу тізбегінің көп тарамдылығы [10], сөйлемдегі грамматикалық құбылыстардың көп салалығы [11], сөйлем құрылысының сан салалығы [12] деген идеялар негізінде түбегейлі де терең қарастырды. Нəтижесінде сөйлемнің төмендегідей 7 аспектісін: 1) логикалық-грамматикалық; 2) модалды;
3) сөйлемнің толымдылығы; 4) сөйлеудегі сөйлемнің рөлі (яғни сөйлемнің сөйлеу тізбегіндегі басқа сөйлемдерге қатынасы); 5) сөйлеушінің танымдық ұстанымы немесе сөйлемді актуалды талдау;
- сөйлемнің коммуникативтік міндеті (хабарлы, сұраулы, лепті, сөйлемдерге жіктеу);
- эмоционалдылықты айқындайды [13]. Бұл аспектілердің əрқайсысы сөйлемнің маңызды жақтарын сипаттайды. Мəселен, логикалық-грамматикалық талдауда сөйлемнің морфологиялық форма компоненттері мен жалпы грамматикалық мағынасы айқындалса, сөйлемнің моралдық аспектісін зерттеу «сөйлемді ұйымдастыратын синтаксистік-мəндік қатынастардың шындықтағы түрлі формалары мен олардың айқындығын» [14] тілге тиек етеді. Сөйлемді талдаудың үшінші аспектісі сөйлемдегі белгілі компоненттің түсіріліп айтылуының себептерін, контекст пен ситуациялық сөйлемге əсерін анықтайды. Сөйлемді талдауда төртінші аспекті сөйлемді басыңқы жəне бағыныңқы бөліктерге бөледі. Бесінші аспектідегі сөйлеушінің танымдық ұстанымы сөйлемді актуалды талдауға апарады. Алтыншы аспект сөйлеушінің коммуникациялық міндеттеріне сай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен информация интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, лепті деп жіктейді. Соңғы аспект сөйлемнің эмоционалдық дəрежесін белгілейді. Қорытындысында В.Г.Адмони сөйлемді жоғарыдағы барлық аспектілерде зерттеу маңызды, ал оларды бір немесе аз ғана аспектіге біріктіріп талдауға қарсы екендігін білдіреді. Сонымен қатар əрбір аспект бір-бірімен тығыз байланыста болғанымен, олардың əрқайсысы сөйлемнің грамматикалық жүйесінің қажетті компоненттері екенін ескертеді.
Сөйлемнің зерттеу аспектілері жайында өзіндік пікір ұстанған В.И.Кодухов сөйлемнің негізгі екі аспектісін нұсқайды. Ол: «Егер аспект дегенді онтологиялық тұрғыда, яғни тілдік бірліктің ең негізгі белгілерін бөліп алатын болсақ, онда коммуникативтік жəне құрылымдық деген негізгі екі типін бөліп алу керек. Ал тілдік бірліктердің басқа белгілері осы негізгі белгілердің айналасына топтастырылады» («Если понимать аспект онтологически, т.е. как выделение существенных признаков языковой единицы, то необходимо выделять два основных типа признаков — коммуникативные и структурные. Все остальные признаки языковых единиц так или иначе группируются вокруг этих основных признаков, вычленяющих, характеризующих языковые единицы») дейді [15]. Жəне В.И.Кодухов тілдің коммуникативтік те, құрылымдық та бірліктерінің өздеріне тəн формасы мен мазмұны бар, ал олардың мазмұны бір-бірінен өзгеше екенін айта келіп, коммуникативтік дегеніміз тілдік формалардың, олардың сөйлеуде іске асуының ойлаудың формаларымен сəйкес келуі деп түйіндейді. Коммуникативтік семантика тікелей тілдік емес шындыққа, ал құрылымдық-тілдік семантика тілге, оның ұйымдасуына бағытталғандығын ескертеді ғалым.
Француз ғалымы Л.Теньер сөйлем аспектілерін: 1) құрылымдық; 2) тізбектік; 3) категориялық;
4) функционалдық деген 4 түрге бөледі. Ғалымның сөйлем аспектілерін мұндай аспектілерге бөлуі тілді біртұтас жүйе ретінде жəне құрылымдық сараланған бөлшектер ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Құрылымдық аспект синтаксистік байланыстардың жүйесін иерархиялық сипаттағы бөлшектер жиынтығы деп түсінуге, категориялық аспект тілдегі негізгі мағынадағы сөздердің нысанын, функционалдық аспект сол кластағы сөздердің қандай синтаксистік қызметтер атқаратынын, тізбектік аспект сөйлемнің «тізбектік» ұғымын, яғни синтаксистік конструкциядағы сөздердің орын тəртібін айқындауға мүмкіндік береді. Л.Теньердің бұл синтаксистік біртұтас концепциясынан дəстүрлі синтаксиске жаңа көзқарасты байқауға болады.
М.Грепль синтаксистің нысаны сөйлемнің грамматикалық модельдері, олардың семантикасы ғана емес, «оның барлық варианттары мен модификациялары, модальдылығы мен эмоционалдылығы жəне консистенция мен айтушының ойынан туған (сөйлемді актуалды талдау) пəндік информацияның модификациялары» жатады («Все их варианты и модификации, модальные и эмоциональные, а также модификации их предметной информации, вытекающие из консистенции и замыслы говорящего (то, что принято называть актуальным членением предложения)» дейді [16].
Келесі бір орыс лингвисі И.П.Распопов сөйлемнің:1) конструктивті-синтаксистік; коммуникативтік-синтаксистік деген 2 аспектісін көрсете отырып, алғашқы аспект сөйлемнің конструктивті базасын сипаттайды, яғни белгілі бір типтегі сөйлемнің синтаксистік конструкция сапасын негізге алады; 2) екінші комуникативтік-синтаксистік аспект сөйлемді хабарлық мəні бар комуникативтік бірлік ретінде сипаттайды [17].
Профессор Н.Д.Арутюнова өз мақаласында сөйлемнің тілдік таңба ретіндегі негізгі ерекшелігі оның: 1) белгілі бір ситуацияны атайтындығы; 2) сол ситуация туралы хабарлайтындығы деп есептейді. Сөйлемнің атауыштық (номинативтік) функциясы жағын сөйлемнің номинативтік аспектісі қарастырады. Ал сөйлемнің комуникативтік аспектісін сөйлемнің хабарлаушы (комуникативтті) функциясымен байланыстырады [18].
Сөйлемнің жоғарыдағы ізденіс аспектілері жөніндегі сан қилы пікірлерге қарап, синтаксистік теорияның бай да бағалы материалдармен, зерттеулермен үнемі толығып отырғандығын көреміз. Десек те ол еңбектерде сөйлемнің зерттеу аспектісінің саны да, аспектілерді атауда қолданылатын терминдер де сан алуан. Сөйлем аспектілерін айқындауда синтаксис мамандары бірінде жоқты бірі толықтырып отырады. Мəселен, В.Г.Адмони Л.Теньер айқындаған иерархиялық, тізбектік, категориялық деген аспектілерді ескермесе, Л.Теньер көптеген зерттеушілер қарастырған сөйлемнің комуникативтік аспектісіне көңіл бөлмеген. И.П.Распопов сөйлем аспектісін жоғарыдағыдай 2 аспектіге бөлсе, П.А.Лекант үшін сөйлемнің: 1) құрылымдық-синтаксистік; 2) коммуникативтік- синтаксистік; 3) логикалық-синтаксистік деген 3 аспектісі бар [19]. Əрбір зерттеуші сөйлемнің аспектісін айқындаудағы өз классификацияларын маңызды деп санайды. Оның себебі олардың ізденістерінің мақсаттары мен міндеттеріне байланысты болу керек.
Сөйлем аспектілерінің саны кейде зерттеушілердің «сөйлемнің аспектілері» деген терминді қалай түсінуімен де байланысты. Көптеген синтаксис зерттеушілері В.Г.Адмони секілді сөйлемнің аспектілері деп сөйлемнің өзіне ғана тəн ерекше формалық көрсеткіші бар синтаксистік бірлік дегенді түсінеді [20].
И.П.Сусов [21] В.Г.Адмони «аспект» ұғымын негізінен көмекші, критерийлер жүйесін құруда қолданылатын əрбір сөйлемге түбегейлі типологиялық сипаттама деп түсінеді дей келіп, өзі аспект деп сөйлемнің тұтас құрылымының белгілі бір дəрежедегі өзіндік сипаты бар бөлшегін тану қажет дейді. Ол аспектінің ең басты 2 типін: 1) формалық аспектілер; 2) семантикалық аспектілер деп бөледі. Формалық аспектілерді: 1) синтаксистік құрылым; 2) конструктивті-синтаксистік; компонентті; 4) юнкциондық; 5) тізбектік-синтаксистік; 6) лексикалық құрам; 7) коммуникативтік- морфологиялық құралдар; 8) интонациялық жабдықталу аспектісі деп 8-ге бөледі. Ал семантикалық аспектілерді 12 түрге жіктейді. Олар: 1) ситуацияның құрылымының аспектісі; 2) реляциялық аспект; 3) предикаттық аспект; 4) номинативті аспект; 5) хабардың бөлшегі аспектісі; 6) модальдық аспект;
7) жоққа шығару-мақұлдау аспектісі; 8) персоналды аспект; 9) уақыттық аспект; 10) мақсаттық аспект; 11) актуалды талдау аспектісі; 12) экспрессивті-эмоционалды аспект. Қарашай, балқар тілдерінің маманы И.Х.Ахматов И.П.Сусовтың ұсынған аспектілер жүйесін шектен тыс бөлшектеніп кеткен, сөйлемнің формалық жəне семантикалық құрылысын зерттеген ғалымдардың сөйлемнің негізгі белгілері ретінде анықтаған критерийлерді қайталайтынын ескерте келіп, И.П.Сусовтың басқа ғалымдардан ерекшелігі сөйлемнің мəн-мағынасы реляциялық, предикаттық, модификациялық деген 3 кезеңнен құралады, əрбір кезеңде сөйлемнің семантикалық құрылымы жаңа мəн-мағыналық информациямен толығады жəне нақтыланады, содан кейін барып ой жарыққа шығады [22] деген тұжырымы дейді [23].
Сөйлемнің маңызды аспектілерін айқындау үшін қаншама жылдар, қаншама зерттеуші еңбектенсе де, белгілі бір, барлығы немесе көпшілігі мойындаған ортақ жүйе жоқ. Бұл сөйлемнің синтаксистік конструкция аспектілерін, біріншіден, бірнеше аспектіде, екіншіден, тілдің синтаксистік бірліктерін тұтас та жүйелі тұрғыда қарастырудың қажеттілігінен. Аталған міндеттерді орындауда лингвистердің бірнеше қиындықтарға кездесуінің себебін М.Грепль зерттеу нысанының көлемдігі мен күрделілігінен, сонымен қатар ол нысандарды сипаттайтын ұтымды əдістерді таңдай алумен байланыстырады [16; 4]. Десек те қайбір əдіс түрін алсақ та, белгілі бір кемшілігі болады, яғни сөйлемнің барлық аспектілерін қамтитын универсалды əдіс болмайды деген сөз.
Тілдің синтаксистік жүйесінің дəстүрлі сипаттамасына тəн кемшіліктер синтаксистік жүйесінің бір бөлшегі жай сөйлемге де тəн. Дегенмен де қазіргі тіл білімінің жетістіктері жай сөйлемге жаңа теориялық модельдермен сипаттама беруге мүмкіндік береді. Оған лингвистикадағы кейінгі жылдардағы ғылыми мектептер қалыптастырған «сөйлем моделі», «сөйлемнің үнемі іске асырылуы», «сөйлемнің парадигмасы», «синтаксистік деривация», «синтаксистік процестер» деген синтаксистік ұғымдары талқыланып, ғылыми айналымға түсе бастады. Бұл əрбір ұғым сөйлемнің негізгі аспектісі ретінде арнайы зерттеулердің пəні болып келеді [24].
- Тілдік таңбаның табиғаты туралы
Лингвистикалық теорияда, жалпы алғанда, тілдің синтаксистік жүйесінде, жекелей алғанда, сөйлемді талдауда оның формалық жəне семантикалық жағын қатар ескермей, тілдік бірліктердің мəн-мағынасын, мазмұнын айқындау, ашу мүмкін емес. Тілдік бірліктердің мазмұнын тану үшін оның формалық, яғни таңбалық, сипатын талдау керек, себебі тіл, тілдік бірліктер адам қоғамында тілдік емес те фактілерді таңбалайды.
Таңбаның бірнеше түрі бар екендігі белгілі. Таңбаның түрлері мен типтеріне жəне олардың ара қатысы, айырмашылықтарына арналған зерттеулер тіл білімі тарихында жеткілікті. Бұл еңбектерден тілдік емес жəне тілдік таңбаларға тəн бірнеше белгілерді санамалауға болады: 1) таңба деп адамның сезім органдарымен қабылдауға болатын кез келген нысанды айтамыз. Мəселен, математикалық операцияларды таңбалайтын цифрлар, жол белгілері, түрлі символикалар; 2) кез келген таңба адамды өзі туралы хабардар етеді, яғни таңба басқа да материалдық дүниелер секілді адамның сезім мүшелеріне əсер ету арқылы өзінің бар екендігі туралы хабар береді; 3) таңба белгілі бір фактінің таңбаланушысы, яғни таңбаға тікелей қатысты зат таңбаланушы болады. «Таңба таңбаланушыны нұсқайды, бірақ өз ішіне қоспайды. Таңбаланушы таңбаға қатысты алғанда сыртқы құбылыс болады да қарама-қарсы болады» [25]. («Знак только указывает на означаемое, но не включает его в себя. Означаемое противостоит знаку как нечто внешнее по отношению к нему»). Мысалы, 1, 2, 3 жəне т.б. цифрлар таңба ретінде аталған сандарды таңбалайды, бірақ бұл сандар бұл таңбалардан тыс жəне құрылымынан тыс тұрады. Түйіндей келгенде, таңба дегеніміз адамның сезім мүшелеріне əсер етіп, соның нəтижесінде таңбадан тыс тұратын нысанды қабылдайды жəне хабардар етеді. Бұл жерде бір нақтылай кететін мəселе, таңбаны əйтеуір бір нысан деп қарастырамыз. Ал материалдық нысан ғана қабылдау нысаны болуы мүмкін. Демек таңба қабылданатын нысан болса, онда таңба материалды түрде нақты іске асуы керек. Сонда ғана адамның сезім органдарына əсер етеді. Профессор В.В.Богданов атап көрсеткеніндей: «Экспонент (таңбаның материалдық жағы. — Ж.Г.) бес сезім органына (акустикалық, оптикалық, тактильдік, ольфакторлық, густарлық) əсер ететін кез келген материалды түрде іске асу болып саналады». [26]. (Экспонент может иметь любое материальное воплощение, ориентированное на пять органов чувств, а именно: акустическое, оптическое, тактильное, ольфакторное и густарное). Тілдік таңбалар акустикалық жəне оптикалық сезім органдары арқылы іске асады.
Əрине, тілдік бірліктердің таңбалық сипаты мəселелерінің барлығы жауабын тапқан сауалдар емес. Соның бірі — таңбаның материалдық жағы мен оның мағынасының ара қатысы мəселесі. Ғылымда «унилатерализм» деген атпен белгілі концепцияны жақтаушылар таңба деп тек қана таңбаның материалдық жағын, яғни таңбалаушылық қызмет атқаратын экспонентті, мойындайды да, мағынаны таңба аясынан алып тастайды [27]. Олардың ойынша, тілдік таңбаның мағынасы — «тілдің тілден тыс құбылыстарға қарым-қатынасы» [28]. Ал Ю.Д.Апресян: «Қазіргі семиотикада лингвистикалық форма мағынасы затпен де, басқа бір дүниемен біріктірілмейді, қайта қатынас ретінде қарастырылады» («В современной семиотике значение лингвистической формы не отождествляется ни с предметом, ни с какой-либо другой сущностью, но рассматривается как отношение») [29].
Лингвистикада «билатералистік» деп аталатын концепцияны жақтаушылар унилатерализмді жақтаушыларды экспонентті денотатпен ойлау арқылы емес, тікелей байланыстырғаны үшін сынайды. Мəселен, В.В.Богданов тілдік таңбаның мағынасын қатынас ретінде түсіндіруге қарсы бола келіп: «Шындығында мағыналар қатынас емес, осы қатынастың адам миындағы бейнесі, ізі» дейді («На самом деле значения — это не столько отношение, сколько отражение, отпечаток этого отношения в мозгу человека») [30].
Біз қазақ тілінің тілдік бірліктерін талдай келіп, билатералистік бағытты ұстанамыз. Өйткені бұл бағыттың басты белгісі — тілді мазмұнсыз форма ретінде емес, шын ойлау мазмұнымен толыққан форма ретінде түсіндіруі. Біздің бұл ойымызды материалдық экспоненттің сезіммен қабылдануы жəне оның мазмұны дəйектей түседі. Таңба мен оның мағынасын осы тұрғыда түсіну мен түсіндіру Ф.Де Соссюрде, С.Д.Кацнельсонда, В.И.Кодуховта, А.А.Белецкийде, Б.Н.Головинде, Н.А.Слюсаревада, А.И.Смирницкийде бар [31].
Экспоненттің денотатпен, мағынамен қарым-қатынасын үшбұрыш түрінде кестелеу — В.А.Звегинцевтің, П.В.Чесноковтың, Ю.Д.Андресянның, И.П.Сусовтың еңбектерінде дəлелденіп, лингвистер қауымы толық мойындаған тұжырым.
Бұл үшбұрыштағы мағынаға қатынастылық экспонент пен денотатты тікелей байланыстырып тұрған үзік сызық емес үшбұрыштың мағына мен сананың қарым-қатынасына нұсқайтын төбесі болып табылады [32]. Жəне И.Ф.Вардуль айтқандай: «Біз тілді пайдаланғанда тілдік емес шындық туралы информацияны тікелей емес, оның айқын бейнелеуі арқылы береміз (берілген информация — шындық туралы информация)» («Пользуясь языком, мы передаем информацию не прямо о (внеязыковой) действительности, а о ее идеальных отражениях (в той мере, в какой действительность отображается адекватно, передаваемая информация о действительности») [33].
Тіл білімінде «қандай тілдік бірліктер таңба бола алады?» деген сауалға да пікір əр түрлі. Г.П.Мельников, Г.В.Колшанский [34], Ю.С.Маслов [35] жəне тағы басқа лингвистер барлық тілдік бірліктердің, оның ішінде фонемалардың да таңбалық қасиеті бар деп есептейді.
Келесі бір концепция бойынша, мағынаға ие болатын минималды форма морфема жəне«таңбалық қасиет морфемадан басталады» [34; 16] дейді. Осы конференцияның материалдар жинағында Н.А.Слюсарева «морфема — таңбаның кейбір қасиеттері бар ең кіші таңбаға ұқсас элемент, ол мағынаға ие жəне таңбалық ситуацияға қатыса алады» («морфема — минимальный знакоподобный элемент, который обладает некоторыми свойствами знака — является носителем значения и может включаться в знаковую ситуацию») [34; 20] дейді. Осы көзқарасты А.М.Мухин [34; 16], Н.Ф.Пелевина [34; 20], К.Г.Крушельницкая [34; 6], А.В.Суперанская [34; 23], Г.С.Клычков [36] секілді ғалымдар ұстанады.
Дегенмен де кейбір лингвистер морфемаларды тілдік таңбаға жатқызуға қарсы. Себебі, олардың ойынша, таңбаға денотатпен байланысты жəне «жекелік» қасиеті бар формалық бірлік жатады. Ондай бірлік «дəстүрлі негізгі сөзге жақын», оған одағай, бейтарап сөздер жəне «очень», «весьма», «крайне» типтес үстеулер жатпайды, өйткені оларға сəйкес келетін белгілі бір денотат жоқ» («близка к традиционному знаменательному слову и не включает междометия, модальные слова, а также наречия степени типа «очень», «весьма», «крайне», поскольку им нельзя поставить в соответствие определенный денотат») [37]. Біздіңше, тілдік таңбаны бұлай түсіну жəне түсіндіру қазақ тіліндегі немесе басқа түркі тілдеріндегі сөйлемнің семантикалық құрылымында кейбір морфемалардың мағына элементі болатындығын жоққа шығару болар еді. Л.Н.Мурзин сөйлем мүшелері мен сөйлемнің семантикалық құрылымы элементтерінің арасына теңдік белгісін қойғандай əсер қалдырады. Ал дұрысында сөйлем мүшелерінен сөйлемнің семантикалық құрылымы элементтерінің ерекшелігі элементтер морфемалар арқылы да берілуі мүмкін. Мұндай морфемаларды шартты түрде сөйлемнің семантикалық құрылымы элементтерінің морфологиялық құралдары деп, ал негізгі сөздерді мағына берудің лексикалық құралдары деуге болады. Сондықтан да сөйлемнің семантикалық құрылымының элементтері морфологиялық құралдары арқылы, құрамында бірнеше сөйлем мүшесі бар сөйлем мағыналары сөйлемде бір компонентті синтаксистік қатынастармен беріледі. Кейбір ғалымдар [38] мұндай типтегі сөйлемдерді «бір мүшелі синтаксистік конструкция» деп атайды.
Жоғарыдағы пікір қайшылықтарын жəне түркі тілдерінің тілдік фактілерін қорытындылай келіп, морфемалар сөйлемнің семантикалық құрылымы элементтерінің мағыналы бөлігі жəне «жекелік» қасиеті болмаса да тілдік таңбалардың рөлін атқарады. Сонымен қатар ең бастысы, олардың сөйлеуде дербес қолданылу қасиеті бар-жоқтығында емес, олардың мағыналы элементтер, құрылым ішілік мағыналылығында [39; 39]. Бұл тұрақталған, дəлелденген тұжырымдар түркі тілдеріндегі, оның ішінде қазақ тіліндегі, сөйлемдердің семантикасын тілдік бірліктердің таңбалық қасиеті тұрғысынан сипаттауда талдауды морфемадан бастау керек деуге мүмкіндік береді.
Семантикада келесі бір қайшылықты пікір тудырып жүрген сауал — ол сөйлемнің таңбалық қасиеті. Көп белең алған пікір — сөйлемнің таңба екендігі. Сөйлемді таңба ретінде «толық таңба» (В.Г.Гак) [34; 2], «хабар-таңба» (Т.В.Булыгина) [34], «предикаттты таңба» (А.А.Уфимцева) [39; 37] жəне т.б. терминдермен атап жүр. Ал сөз таңба ретінде бұл еңбектерде «жартылай таңба», «атауыш таңба», «атау таңба» деп аталады. Таңбалардың бұлайша түрлі терминдермен аталуы тілдік бірліктердің таңбалық сипатының ала-құлалығын білдіреді. Олардың бірінің «толық», «күрделі» деп сипатталуы құрылымдық құрамымен жəне оқиғаны белгілеуімен, екіншілерінің «жартылай», «жай» деп сипатталуы оқиғаның бөлігін ғана таңбалауымен байланысты болса керек [34; 2]
Демек, сөйлем категориясы ой-пікірді білдірудің ең кіші компоненті болғандықтан, семантикалық бірліктердің жəне таңбалардың жиынтығы ретінде қарастырылуы қажет.
Əдебиеттер тізімі
- Кузнецов П.С. О принципах изучения грамматики. — М.: МГУ,
- Распопов И.П. О предмете синтаксиса // Очерки по истории синтаксиса. — Воронеж: ВГУ,1973. — С. 5,
- Фортунатов Ф.Ф. Избранные труды. — Т. 2. — М., 1957. — С.
- Блумфильд Л. Язык. — Нью-Йорк, — С. 264–265 // Ахматов И.Х. Проблемы семантического анализа простого предложения. — Нальчик: КБГУ, 1979.
- Виноградов В.В. Основные вопросы синтаксиса предложения // Вопросы грамматического строя. — М.,
- Джакубов И.Д. Основы синтаксиса простого предложения современного киргизского литературного языка: Автореф. докт. дис. — Фрунзе, 1966. — С. 48–99.
- Шведова Н.Ю. Об основных синтаксических единицах и аспектах их изучения // Теоретические проблемы синтаксиса современных индоевропейских языков. — Л.: Наука, 1975. — С.
- Шапиро А.Б. О предмете синтаксиса // Филологические науки. — — N 3. Его же. Словосочетание в русском языке // Славянское языкознание. — М.: АН СССР, 1959.
- Сизова И.А. Что такое синтаксис? — М.: Наука, 1966. — С.
- Адмони В.Г. Основы теории грамматики. — М.-Л., 1964. — С.
- Адмони В.Г. Типология предложения // Исследования по общей теории грамматики. — М., — С. 35; Его же. Содержательные и композиционные аспекты предложения // Теоретические проблемы синтаксиса современных индоевропейских языков. — Л.: Наука, 1975. — С. 5–12.
- Адмони В.Г. Партитурное строение речевой цепи и система грамматических значений в предложении //Филологические науки. — 1961. — N 3. — С. 5–6.
- Адмони В.Г. Содержательные и композиционные аспекты предложения // Теоретические проблемы синтаксиса современных индоевропейских языков. — Л., 1975. — С.
- Адмони В.Г. Типология предложения // Исследования по общей теории грамматики. — М.: Наука, — С. 232–237.
- Кодухов В.И. О двух основных аспектах предложений // Теоретические проблемы синтаксиса индоевропейских языков.— Л.: Наука, 1975. — С. 33–35.
- Грепль М. Из теоретического опыта описания синтаксической системы // Грамматическое описание славянских языков.— М.: Наука, 1974.
- Распопов И.П. Строение простого предложения в современном русском языке. — М.: Просвещение, 1970. — С. 31; Его же. О предмете синтаксиса // Очерки по теории синтаксиса. — Воронеж: ВГУ, 1973. — С.
- Арутюнова Н.Д. О номинативной и коммуникативной моделях предложения // Изв. АН СССР. — Сер. лит-ры и языка.— Вып. І. — 1972. — Т. 31.
- Лекант П.А. Грамматическая форма простого предложения и системы его структурно-синтаксических типов в современном русском языке: Автореф. докт. дис. — М., 1971. — С.
- Адмони В.Г. Аспекты предложения и система типов предложения // Теоретические проблемы синтаксиса современных индоевропейских языков: Тез. докл. — Л., 1971. — С.
- Сусов И.П. Формальные и систематические аспекты предложения // Теоретические проблемы синтаксиса современнных индоевропейских языков. — Л., 1975. — С.
- Сусов И.П. Семантическая структура предложения (на материале простого предложения в современном немецком языке). — Тула, 1973. — С. 131–133.
- Ахматов И.Х. Проблемы семантического анализа простого предложения. — Нальчик, 1979. .
- Шведова Н.Ю. Структурные схемы и их регулярные реализации // Грамматика современного русского литературного языка. — М., 1970; Типология односоставных предложений на основа характера их парадигм // Проблемы современной филологии. — М., 1965; Парадигматика предложения в современном русском языке (опыт типологии) // Русский язык. Грамматические исследования. — М., 1967; Золотова Г.А. О регулярных реализациях моделей предложения // Вопросы языкознания, 1965. — N 5; Арутюнова Н.Д. Предложение и его смысл. Логико-семантические проблемы. — М.: Наука, 1976; Блох М.Я. Проблемы парадигматического синтаксиса: Автореф. докт. дис. — М., 1977; Мурзин Л.Н. Синтаксическая деривация. Анализ производных предложений русского языка: Пособие по спецкурсу. — Пермь, 1978; Сусов И.П. Семантическая структура предложения. — Тула, 1973; Алиева Т.Б. Очерки синтаксиса современного италянского языка. — М.: МГУ, 1975; Супрун А.В. Грамматика и семантика простого предложения (на материале испанского языка). — М.: Наука,
- Сусов И.П. Семантическая структура предложения. — Тула, 1973.
- Богданов В.В. Семантическо-синтаксическая организация предложения: Автореф. докт. дис. — Л., 1977.
- Волков А.Г. Язык как система знаков. — М.: МГУ, — С. 69; Зиновьев А.А. Основы абстрактной теории знака // Проблемы структурной лингвистики. — М., 1963. — С. 19; Ветров А.А. Семантика и ее основные проблемы. — М., 1968. — С. 45–47.
- Реформатский А.А. Лексические мерисмы и семантическая редукция // Проблемы структурной лингвистики. — М., — С. 270.
- Апресян Ю.Д. Современные методы изучения значений и некоторые проблемы структурной лингвистики // Проблемы структурной лингвистики. — М., 1963. — С.
- Богданов В.В. Семантико-семантическая организация предложения. — Л.: ЛГУ, 1977.
- Ф. де Соссюр. Курс общей лингвистики. — М., 1933; Кацнельсон С.Д. Содержение слова, значения и обозначения. — М.-Л., 1965; Кодухов В.И. Общее языкознание. — М., 1974; Белецкий А.А. Знаковая теория языка // Теоретические проблемы современного советского языкознания. — М., 1964; Головин Б.Н. Введение в языкознание. — М., 1973; Слюсарева Н.А. Теория Ф. де Соссюра в свете современной лингвистики. — М., 1975; Смирницкий А.И. Лексикология английского языка. — М.,
- Лайонз Дж. Введение в теоретическую лингвистику. — М.: Прогресс, 1978. — С.
- Вардуль И.Ф. Об идеальных языковых референтах // Проблемы синтаксической семантики. — М., 1976.
- Материалы конференции «Язык как знаковая система особого рода. Ответы на анкету». — М.,
- Маслов Ю.С. Какие языковые единицы целесобразно считать знаками? // Язык и мышление. — М., 1967.
- Клычков Г.С. Классификация знаковых систем // Семиотика и восточные языки. — М.: Наука, 1967. —
- Мурзин Л.Н. Синтаксическая деривация: Пособие по спецкурсу. — Пермь,
- Сафаев А.С. Второстепенные члены предложения в современном узбекском языке: Автореф. докт. дис. — Ташкент, 1969.
- Уфимцева А.А. Семантический аспект языковых знаков // Принципы и методы семантических исследований. — М.: Наука.