Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ү.Сұбханбердина еңбектеріндегі қазақ библиографиясы жəне кітаптану ілімі

Əдебиетші-ғалым Ү.Сұбханбердина қазақ баспасөзі, кітап тарихын зерттеу, библиографиясын түзу сынды ұлттық əдебиеттану ғылымының зерттеу нысанынан тыс қалып келген руханият əлемінің аса өзекті де күрделі арнасында ұзақ жылдар жемісті еңбек етуде. Қазақ əдебиеттануының соны табысын айғақтайтын əрі тың қадам болып табылатын «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат- хабарлар. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. 1-бөлім» «Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. 2-бөлім» «Əдеби мұра. Революциядан бұрынғы мерзімді баспасөз бетіндегі жарияланған көркем шығармалар» атты іргелі еңбектері үлкен маңызға ие [1–3].

Халқымыздың ғасырлар бедеріндегі қоғамдық-саяси дамуындағы рухани өмірінің шежіресі қазақ баспасөзінің тарихын зерттеу мейлінше мол батылдық пен парасатты талап ететін-ді. Бұл орайда Қ.Бекхожиннің «Тұңғыш қазақ газеті «Дала уалаяты» (1949), Б.Кенжебаевтың «Қазақ баспасөзінің тарихынан» (1950) еңбектері ХХ ғасырдың 50-жылдар басындағы идеологиялық талаптағы «Қазақ баспасөзін зерттеудегі өрескел қателіктер», «Тарихи шындық бұрмаланбасын» атты мақалаларда сыналғанын ескерсек, ұлтымыздың сан қатпарлы рухани жəне қоғамдық даму белестерімен сабақтас баспасөз тарихының бастапқы жəне кейінгі асыл арналарын зерделеп, ғылыми шежіресін екшей отырып библиографиясын түзудегі Ү.Сұбханбердинаның құнды кітаптары да кеңестік саясат ызғарына ұшырап, ұлттық мүддеге терең тамыр тартатын тың ізденістері тоталитарлық жүйе тезіне алынды.

«Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткішке» Алаштың рухани жəне саяси көсемдері Ə.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы материалдарын сол кезеңнің өзінде батылдықпен енгізгенімен олардың құнды мұралары цензура тарапынан алынып тасталды [4]. Ғалым кітап редакторы Е.Ысмайыловпен бірге саяси қысымға алынып, Б.Кенжебаевтың «Айқап» журналы туралы еңбек» («Қазақстан мұғалімі», 1961, 4 тамыз) атты мақаласындағы оң пікірі жəне де кемел іске тірек бола білген Қ.Сəтпаев, Ə.Марғұлан, С.Зиманов қамқорлығы ғана идеологиялық қуғын- сүргін тепірішінен қорғап қалды. Алайда Қазақтың мемлекеттік баспасы библиографияның екінші бөлімін басудан бастартты [5]. Бұдан қазақтың төңкерістен бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдардың библиографиялық көрсеткішін жарыққа шығару қаншалықты қиын өткелдерден өте отырып жүзеге асқанын əрі осы шырғалаңды жолда тар жол, тайғақ кешсе де ұлт руханиятына деген адалдығынан бір табан шегініс жасамаған зерттеушінің қажыр-қайратын еш боямасыз танимыз.

Ү.Сұбханбердинаның «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш». 1-бөлім» кітабы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз бетінде жарияланған маңызды материалдарды Ресейдегі құнды мұрағат негізінде қамтыған алғашқы күрделі де мейлінше маңызды көрсеткіш болды. Осы іргелі еңбекке жазған «Айқап» журналы туралы дерек» рецензиясындағы Б.Кенжебаевтың «Бізде қазақ революциядан бұрын шыққан газет, журналдар бетінде жарияланған мақалалар мен хат-хабарлардың библиографиялық көрсеткіштері жоқ, болған емес» («Қазақстан мектебі»,1961,4 тамыз) деген пікірі тұрғысынан келгенде ғалым еңбегінің соны ғылыми жаңалығы айқын танылады.

Əдебиетші «Айқап» журналында жарияланған материалдарды тақырыптық тұрғыдан алғаш жүйелеп, көрсеткішті негізгі сегіз тарауға (қазақ елінің экономикасы мен саяси жағдайлары, тарихы, мəдениет, оқу-ағарту, тіл жəне əдебиет, баспасөз, денсаулық сақтау, дін мəселелерін қатысты мағлұматтар) топтастырып берді. Онда журнал бетінде жарияланған мақала, хат-хабарлардың толық библиографиялық деректерімен қатар мазмұндамасы жазылып, авторлардың алфавиттік көрсеткіші де қамтылды. «Айқап» журналы туралы» мақалада зерттеуші басылымның маңызы туралы айта келіп, «Революциядан бұрын қазақ тілінде 14 газет, бір журнал шыққан. Олар: «Түркістан уəлаятының газеті» (ТУГ) (1870–1883), «Дала уəлаятының газеті» (ДУГ )(1888–1902), «Серке» (1907),«Қазақ газеті» (1907), «Дала» (жылы белгісіз), «Қазақстан» (1911–1913), «Ешім даласы» (1913),«Қазақ» (1913–1918), «Айқап» (1911–1915), «Алаш» (1916–1917), «Бірлік туы» (1917), «Сарыарқа»(1917), «Ұран» (1917), «Үш жүз» (1917), «Тіршілік» (1917)» деген құнды дерек келтіреді. Соның барысында Б.Кенжебаевтың «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ-жазушылары» (1958) еңбегіндегі қазақ баспасөзі тарихына қатысты қамтылмай қалған дерек көздерін «Алаш», «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ұран», «Үш жүз», «Тіршілік» басылымдармен толықтырды. Ал «Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. 2-бөлім» кітабында 1870–1913 жылдар аралығында жарық көрген «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», «Қазақстан» басылымдарындағы түрлі ғылым салалары тақырыбындағы мақала-хабарлар қамтылды. Еңбектің «Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзі жөнінде» тарауында қазақ басылымдары туралы маңызды деректер беріліп, ұлт баспасөзінің тарихын тану мен зерттеудің өзекті арналарын айқындай түсті.

Ғалымның аталған еңбектері қазақ баспасөзінің мазмұндалған библиографиялық көрсеткішін құрастыру, зерттеу барысында ғылыми-зерттеушілік нысанына өз деңгейінде алына қоймаған əрі мейлінше күрделі кезең болып табылатын Қазан төңкерісіне дейін жарық көрген құнды басылымдарды жинақтау арқылы рухани өмірге сіңіру, ғылыми айналымға енгізу талабындағы əдебиеттанудағы тың да батыл ізденіс болды. Ғалымның «Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзі жəне көркем əдебиеті (ХІХ ғасыр аяғы – ХХ ғасырдың басы)» (1964) тақырыбындағы кандидаттық диссертациясы да қазақ баспасөзімен қатар оларда жарияланған əдеби туындыларды жүйелі қарастыруымен құнды.

Əдебиетші құрастырумен, алғы сөзімен жарық көрген қазақ мерзімді басылымдарында жарияланған көркем шығармалар қатарында Алаш арыстарының сан салалы мұрасы құнды кеңестік цензура қысымына қарамастан, ғылыми айналымға жол тауып отырды. Мəселен, «Əдеби мұра» кітабына «Қалқаман — Мамыр» жырының он нұсқасының бірін жəне де бір аңыз-əңгімесі, екі версиясы мен жеті нұсқасы, бар «Еңілік-Кебектің» «Дала уалаятының газетіндегі» нұсқасын ғылыми принциптілікпен енгізген болатын. Өз кезегінде Ү.Сұбханбердина жəне Ш.Ахметов, М.Ғұмарова, Б.Ысқақов, Т.Қанағатов, Г.Сұлтанғалиева, Е.Байтоқов, С.Шоқпарова, Қ.Қабдоловалар атсалысуымен жарық көрген қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасының екінші томдына халқымыздың төңкеріске дейінгі ғашықтық жырлары (лиро-эпос) қамтылып, 191 жырға сипаттама берілді. Осы қолжазбалардың жүз қырық екісі қазақ топырағында, елуге жуығы Шығыс сюжетіне құралған дастандар екені айқындалды. Бұл ретте кітапта Ш.Құдайбердіұлының «Еңілік — Кебек», «Қалқаман— Мамыр», «Лəйлі—Мəжнүн» дастандарының қамтылуы аталған ғалымдардың ғылыми объективтіліктерін де көрсетеді. Міне, аталған томның сөз басында Б.Ысқақов «Қалқаман — Мамыр», «Еңілік-Кебек» қолжазба сюжеттік желісі, композициялық құрылысы, стильдік ерекшеліктерін де қарастырды [6].

«Қазан университетінің кітапханасындағы қазақ қолжазбалары» («Қазақ КСР ҒА хабаршысы». Қоғамдық ғылымдар сер., 1969, № 4), «Шығыс сюжеттері» («Қазақ КСР ҒА хабаршысы». Қоғамдық ғылымдар сер., 1972, № 6), «Шығыс зерттеуші ғалымдары жəне қазақ əдебиеті» («Жұлдыз», 1983,№ 4), «Шығыстанушылар жəне қазақ əдебиеті» («Жұлдыз», 1983, № 4) сынды проблемалық мақалаларында ұлт руханиятының асыл арналарын зерттеу мен жариялауда қашан да елдік қасиеттерді басты орынға қойған Ү.Сұбханбердинаның құрастыруымен, алғы сөзімен жарық көрген «Ғашықнаме. Шығыс хикаяларының желісіне құралған қазақ дастандары» (1976; 1986). Кейінгілері тұңғыш рет жеке кітап болып шығуымен құнды болып табылады. Дастандардың тақырыптық- идеялық желісін, олардың қазақ топырағында тууы мен жариялануын қарастырған əдебиетші жинақта «Бозжігіт», «Сейфүлмəлік», «Таһир — Зуһра», «Мұңлық — Зарлық», «Иранғайып Шаһ Ғаббас», «Жүсіп — Зылиха» дастандарын қамтыды. Жинаққа «Лəйлі — Мəжнүн» дастанын енгізбек болғанымен, ғалымның өзі кейіннен жазғанындай цензура қысымынан оң ниет іске асырмай қалды [7].

Ғалым кеңестік дəуірдегі тоталитарлық жүйе қысымына қарамастан, өзінің қай еңбегінде болмасын, Алаш арыстары, соның ішінде Шəкəрім мұрасын ғылыми негізді бағалауға күш салды. Оған жоғарыда қарастырылған еңбектер айқын дəлел десек, өз кезегінде «Қазақ фольклоры мен əдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі» атты ұжымдық ғылыми мақалалар жинағына енген «Шығыс тақырыбына жазылған қазақ дастандарының алғашқы басылымдары» зерттеуінде классикалық шығыс əдебиетінің дəстүрінде қазақ топырағында туған мұралар кеңінен талданды. Соның ішінде Физулидің «Лəйлі—Мəжнүн» поэмасының қазақ арасына ауқымды тараған нұсқасын саралауы ерекше назар аудартады. Өйткені аталған дастанның қазақ əдебиетінде орнығуы Шəкəрім шығармашылығынан ажырағысыз өзекті мəселе. Міне, Ү.Сұбханбердина «Лəйлі — Мəжнүн» поэмасының қазақ арасына мол тарағаны — Физули нұсқасы. Осы нұсқаның толып жатқан қолжазбалары мұрағат қазыналары мен кітапхана қорларында сақтаулы тұр. «Шолпан» журналының 1922 жылғы №№2, 3 жəне 1923 жылғы №№4–8 сандарында басылған. Қазақ совет əдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сəкен Сейфуллин 1935 жылы поэмаға алғы сөз жазып жеке кітап етіп жариялаған болатын» [8] деп Шəкəрім мұрасының маңызын сол кезеңнің өзінде-ақ əділ бағалады.

ХІХ–ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының саяси-əлеуметтік, рухани өмірі тыныс-тіршілігінің айнасы іспеттес қазақ кітаптарын зерттеу, библиографиялық көрсеткішін жариялау сынды маңызды істердің ғылыми-əдіснамалық мəселелерін ұлттық əдебиеттану ғылымында уақыт талабына орай жандандыру, жаңаша сипатта жаңғыртудағы зерттеушінің «Қазақ кітаптары. Библиографиялық көрсеткіш» (С.Есова, Д.Сейфуллиналармен бірге) (1986; 1994), «Дала уалаятының газеті» (1–5 кітап) (1989–1994), «Қазақ кітабының шежіресі» (Д.Сейфуллинамен бірге) (1996), «Қазақ. Алаш. Сарыарқа» (1993), «Қазақ халқының атамұралары» (1999), «Түркістан уалаятының газеті» (2003) еңбектері айрықша аталады. Атап айтқанда, Ү.Сұбханбердинаның (С.Есова, Д.Сейфуллиналармен бірге) «Қазақ кітаптары. Библиографиялық көрсеткіш (1807–1917)» (1986) еңбегі үлкен маңызға ие десек, библиографиялық көрсеткішке сол кезде əдеби мұрасы əлі толық ақталмаған Шəкəрім Құдайбердіұлы, Ғұмар Қараш кітаптарын батылдықпен енгізгені үшін авторлар «айып ақша» төледі. Осындай басты идеологиялық кедергілер бола тұра Ү.Сұбханбердина «Есімдер көрсеткішінде»:«Ұмтылған» — бүркеншік ат, шын аты — Құдайбердіұлы Шəкəрім» деп көрсетті. Ал «Кітап тақырыптарының көрсеткішінде» Ш.Құдайбердіұлының «Иман ғибадат» «Мұсылмандық кітабы»,«Қазақ айнасы», «Қалқаман—Мамыр» кітаптарының аттары атап көрсетілді. Бұл тұрғыда қазақ кітаптарының 1803 жылы жарық көрген «Сейфулмəліктен» бастау ала отырып кейінгі даму тарихын зерттеуді ғылыми негіздеген аталған ұжымдық еңбек, К.Матыжанов атап өткеніндей, «Ə.Жиреншин өз зерттеуінде 150 кітап атауы мен 180 басылымды атаса, М.Бөжеев 280 кітап атауы мен 499 басылымды көрсетеді. Ү.Сұбханбердинаның аталған еңбегінде 480 кітап атаулары мен 720 басылымды айқындайды».

1807–1917 жылдар аралығында басылып шыққан қазақ кітаптары қамтылған іргелі еңбек Ү.Сұбханбердинаның «Қазақ кітаптарының тарихынан» атты зерттеу мақаласымен ашылған. «Туған мəдениетіміздің ежелден келе жатқан өзекті тарауының бірі — қазақ кітаптары. Енді сол қазақ кітаптарының тарихын түбегейлі зерттеу үшін алдымен қазақ кітаптарының библиографиясын құрастырып алуымыз керек» деп білген ғалым төңкерістен бұрын жарық көрген қазақ кітаптарының библиографиясын жасауда Мəскеу, Қазан, Ташкент, Алматы қалаларындағы ғылыми кітапханаларындағы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында сақталған қазақ кітаптарының фотокөшірмелерін жəне микрокөшірмелерін түсіріп алуда маңызды да кемел істер атқарды. Еңбекті дайындау барысында мұрағат материалдарын игеру, түрлі каталогтарды, проспектілерді, библиографиялық тізімдерді, естелік пен мемуарларды, төңкерістен бұрын шығып тұрған газет-журналдарда басылған мəліметтер ыждағаттылықпен пайдаланылып, қазақ кітаптарының картотекасы түзілді. Картотекада негізінен Қазан, Орынбор, Уфа, Ташкент жəне Петерборда араб əрпімен басылып шыққан қазақ тіліндегі кітаптар жəне мəтіні екі тілде (қазақ-орыс) қатар басылған кітаптар, сондай-ақ қазақша-татарша-орысша, орысша-қазақша, қазақша-орысша- парсыша-арабша т.б. сөздіктер де алынды. Қазақ кітаптарының басылу, жарық көрі тарихына кеңінен тоқталып, төңкерістен бұрын қазақ тілінде басылып шыққан кітаптардың халқымыздың тарихын, əдеби, мəдени өмірін зерттеу үшін маңызы өте зор екенін баса көрсеткен ғалым «бұл кітаптар тарихи деректерді, архив қазыналарын толықтырып, қазақ халқының саяси, мəдени өмірінен құнды мағлұматтар береді» деген сындарлы пікір білдірді.

ХІХ ғасырдағы орыс шығыстанушы- ориенталистерінің қазақ халық ауыз əдебиеті нұсқаларын, ақын-жыраулардың өлең-жырларын жазып алып, кітап етіп бастырудағы еңбектеріне, сонымен қатар халқымыздың ағартушы қайраткерлері Ыбырай, Абай кітаптарының жарық көруіне тоқталады. Классикалық Шығыс тақырыбына жазылған қазақ қисса дастандарына, шығыстық сюжетке құралған поэмаларды анықтай отырып, «Бозжігіт», «Сейфүлмəлік», «Көрұғлы», «Лəйлі—Мəжнүн»,«Мұңлық—Зарлық», «Шəкір—Шəкірат», «Жүсіп—Зылиха», «Таһир—Зуһра» сынды кітап болып басылған нұсқалардың кейбірінің мазмұнын, басылу тарихын əдеби материалдарға сүйене отырып қарастырады. «Революциядан бұрын жарық көрген əрбір кітап, газет-журнал — халқымыздың азаматтық тарихы» деген ғалым Дулат, Шортанбай, Мəшһүр Жүсіп, Н.Наушабайұлы, Ғ.Қараш кітаптарының аттарын да ғылыми батылдықпен енгізді.

Қазақ баспасөзі тарихындағы алғашқы қарлығаштардың бірі саналатын «Дала уалаятының газеті» жинағы бірінші кітабының (1989) Ү.Сұбханбердина құрастыруымен жарық көруі де заңды болатын. Жинақта 1888–1894 жылдары аралығында Омбыда қазақ жəне орыс тілдерінде шыққан басылым беттерінде жарияланған материалдар берілді. Аталған іргелі басылымның барлығы бес кітабын ғылыми ыждағаттылығымен, қажыр-қайратымен жарыққа шығарған əдебиетші 1-кітапта (1989) Шəкəрім ақынның «ДУГ» бетінде жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» (1892, № № 29, 31, 32, 34–40), 4-кітапта «Редакцияға келген хат» (1895, № 49) мұраларын қамтыды. «Дала уалаятының газеті» жəне қазақ əдебиеті мен мəдениеті» атты кіріспе мақалада ғалым басылымның шығу тарихына тоқталып, онда басылған шығармаларда «қазақ өмірінің барлық күрделі құбылыстары мен оқиғалары толық, тұтас қамтылмаса да, қазақ халқының тарихында болған ұлы өзгерістер, халық өмірінің жеке-жеке суреттері алғаш баспасөз бетіне түсіп, ұлт əдебиеті мен мəдениетінің негізін қаласуға көмектесті деп басылым бетінде Ы.Алтынсарин туралы жазылған мақала, Абай өлеңдерінің тұңғыш баспа бетін көруі жəне де қазақ тіліне аударылып берілген шығармалар, газет бетіндегі əдебиет мəселесі туралы пікірталасы, өзге де мəселелерді жан-жақты қарастырды. Ғалым газетті ғылыми тұрғыдан игеру жұмысы «əдебиетіміздің дамуына проблемалық, теориялық мəселелерді кеңінен көтеруге, оны терең жан-жақты зерттеу ісіне көп себін тигізетін саласы» деп аталған кітапта газет бетінде жарияланған əдеби публицистикалық материалдардың үлгілерін ауқымды əрі жүйелі топтастырды. 1888–1893 жылдарда «Дала уалаятының газеті» — особое прибавление к «Акмолинским областным ведомостям», «Киргизская степная газета» беттерінде басылған əдеби нұсқаларға түсініктер де берілді.

Ү.Сұбханбердина құрастырумен жарық көрген «Айқап» (С.Дəуітовпен бірге) (1994), «Қазақ» (С.Дəуітов, Қ.Саховпен бірге) (1995), «Қазақ. Алаш. Сарыарқа» (1993), «Қазақ халқының атамұралары» (2002), «Түркістан уалаятының газеті» (2003) библиографиялық кітаптарының да ұлт руханиятындағы маңызы айрықша. Оларда барша саналы ұлт зиялылырымен қатар Шəкəрімнің қазақ газет-журналдарында жарияланған мақала, əдеби туындылары жүйелі қамтылды. Мəселен,«Айқаптың» авторлары» бөлімінде ақын өмірі, шығармашылығы туралы құнды деректер беріліп, журналда ақынның «Мұсылмандық кітабы», «Түрік, қырғыз, қазақ һəм хандар шежіресі» кітаптары туралы хабарлар, «Біздің мұқтаждарымыз», «Сөз таласы», «Басқармаға хат» т.б. мақалалары жарияланғаны туралы құнды деректер берілген. Сондай-ақ «Айқап» журналында басылған мақалалар мен хат-хабарлардың мазмұндалған библиографиялық көрсеткішінде» Ш.Құдайбердіұлы мұрасы қамтылып, оларға қысқаша түсініктемелер берілді. Ал «Қазақта» «Бүркеншік есімдер көрсеткішінде» «Ұмтылған» Шəкəрімнің бүркеншік есімі болғанын түйсе, кітапта ақынның «Қазақ құтты болсын!» өлеңі, Ə.Бөкейханның ақын кітаптарына жазған сын мақалалары, «Желкектің» «Шəкəрім ақсақалға» мақаласы қамтылған.

«Қазақ кітабының шежіресі» (1996) атты 1807–1917 жылдар аралығында жарық көрген қазақ кітаптарының библиографиялық көрсеткішінің «Кітап тарихы—адамзат тарихы» атты кіріспе мақаланың да кітаптану ілімінде маңызы зор. Мəселен, онда Шəкəрім шығармашылығы қарастырылып, ақынның 1911 жылдары Орынбордың «Үміт» баспасынан «Иман Ғибадат» «Мұсылмандық кітабы», «Кəрімов-Хусайынов» баспасынан «Түрік, қырғыз, қазақ һəм хандар шежіресі», 1912 жылы Семейдегі «жəрдем» баспасынан «Қалқаман-Мамыр», «Қазақ айнасы» кітаптары жарық көргені туралы құнды деректер, мəліметтер берілген. «Қазақ халқының атамұралары» (1999) атты ұлт руханиятын еселеуге соны тыныс дарытқан 834 беттік мазмұндалған іргелі библиографиялық көрсеткіште 1870–1918 жылдар аралығында жарық көрген сегіз қазақ баспасөзінің («Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», «Айқап», «Қазақстан», «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа», «Бірлік туы») аса маңызды деректері мен мəліметтері қамтылып, 84 ұлт зиялысының суреті, барлығы 5204 мақаланың мазмұндамасы топтастырылды.

Түйіндей айтқанда, Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының руханият əлемін тануда үлкен маңызға ие ұлт баспасөзі мен кітап тарихын зерттеуде ерекше қажыр-қайрат пен ғылыми ерлік танытқан ғалымның ғылыми мұрасы бүгіндері жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Əдебиетші мұрасын зерттеу қазақ библиографиясы мен кітаптану ілімінің өзекті мəселелерін қарастыру мен танудағы бірден-бір құнды арна болып қала бермек.

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Сұбханбердина Ү. «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. Мазмұндалған библиграфиялық көрсеткіш.— 1-б. — Алматы: Қазмембас,
  2. Сұбханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш.— 2- б.— Алматы: Қазақ КСР ҒА баспасы,
  3. Əдеби мұра. Революциядан бұрынғы мерзімді баспасөз бетінде жарияланған көркем шығармалар. — Алматы: Ғылым, 1970.
  4. Сұбханбердина Ү. Кітап жолы — арман жол.— Алматы, 2001. — 16-б.
  5. Сұбханбердина Ү. Алғы сөз // Кіт. «Дала уəлаятының газеті». —5-кіт. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш.— Алматы, 1995. — 9-б.
  6. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы.— 2-т.— Алматы: Ғылым 1979. — 9–11-б.
  7. Қазақ кітабының шежіресі. 1807–1971. Библиографиялық көрсеткіш.— Алматы; 1996. — 28-б.
  8. Қазақ фольклоры мен əдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі. — Алматы: Ғылым, 1983. — 190-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.