Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көркем шығарма жəне эстетикалық талғам

Қазақ қаламгерлері өз шығармалары арқылы тарих қойнауына, ғасырлар көшіне барлау жасады, ұзақ мерзім бойы салтанат құрған ұлттық болмысқа, сол болмыс аясындағы салт-дəстүр, əдет- ғұрыпқа əлемде теңдесі жоқ құбылыс — сал, серілер фенонеміне зерделеу жүргізді. Белгілі бір тарихи оқиға, құбылысты бейнелегенде оны сол тұстағы қоғамдық-əлеуметтік, тарихи, саяси жағдаяттардан, рухани өмір санасынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Олай болуы заңды да, себебі əдебиет — адамтану ғылымы. Адамдар тобы қоғамды құрайды. Сол қоғамда өзіндік заңдылықтар қалыптасады. Ендеше, тарихи сипаттағы көркем шығармалардың танымдылық, тағылымдық мəні ерекше.

Жетпіс жыл бойы дəріптеліп келген коммунистік жүйе ұлт тəуелсіздігінің, жекелеген ұлттың жойылып кету қауіпін туғызды. Уақыт өткен сайын коммунистік партия саясаты, шовинистік идеяның тар шеңберінде біртұтас мемлекеттің, ұлттың болашағы үшін күрескен қазақ қоғамындағы ірі тұлғалар есімі жалаң, жалпылама түрде айтылып келеді.

Ендеше, ұлт тəуелсіздігі жеке тұлғаны қалыптастырған қоғамдағы тарихи шындықты, рухани сабақтастықты биік деңгейге көтерді.

Сыншы С.Қирабаев тарих пен əдебиеттің сабақтастығы жайлы: «Көне замандардан бері əдебиет өзінің зерттеу объектісі — адамды белгілі дəуірде, тарихи ортада алып суреттеу арқылы сол кезеңнің шындығын да, бейнесін де ашады. Адам тағдыры арқылы тарихи ой-сананың қалыптасуын көрсетіп, оқырманға өмір танытады, оны тəрбиелейді, адамгершілікке баулиды, тарихтың біз үшін эстетикалық сабағы да осында», — дейді [1; 21].

Заман талабы халықтың да санасын оятты, бүгінгі уақыт еншісінде өткенді зерделеу арқылы тарихқа, ұлттық əдебиетімізге деген жаңа көзқарастар пайда болады.

Қазақ мəдениет тарихында, өнерінде мол үлесі, ерекше орны бар Біржан сал Қожағұлұлы он жеті жасынан салдық құрған. «Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Əздембай, Ыбырай, Бейбіт, Ғазиз, Иман-Жүсіп, Кемпірбай, Сабырбай, Шашубай, Ағашаяқ, тағы басқа атақты əншілер Біржанның мектебінен өрістеп, өнер қанатын жаяды. Біржанның ақындық, əншілік өнерін, ол заманда сүйсініп, танымаған адам сирек» [2].

Жазушы С.Сматаевтың «Дүние өтерінде шыр айналды» хикаяты өнер саңлағы Біржан сал Қожағұлұлының трагедиялық өмірінен сыр шертеді. Көркем шығарма басында қаламгер Біржан сал портретін өнер адамына тəн табиғи болмысы мен көрікті келбетін былайша суреттейді: «Қара мақпал жеңіл шапанды желбегей жамылып, сері жағалы ақ көйлектің омырауын ағытып жіберіп, кең жазық маңдайлы əнші жігіт оқалы тақиясының жібек шоғын ырғалтып, құйқылжытып əн салып отыр. Қалың қара мұрты рең жүгіріп, қалың жұртты сілтідей тұндырған əнші ойнақы, жеңіл əуенді балдай соғады» [3; 6].

Əнмен жүрегін тербеткен, əн салғанда даусы ұйқыдағы адамды селт еткізген Біржан сал үнемі халқының ортасында. Жастайынан салдық құрған Біржанды əнге деген құдірет, алаңсыз қам көңіл, ел ықыласы алға жетелейді. «Жаратылыс Біржан салға жоғары дəрежелі рухани қабілет, парасат-білік, суреткерлік қасиет, ұшқыр қиял, телегей шабыт сыйлаған. Тектілігі тағы бар. Ол орыс, қырғыз, башқұрт, ноғай, шүршіт тілдерінде шырқата əн айтқан. Егер де бір апта бойы жыр толғап, əн шырқаса, бірде-бір қайталау болмайды екен... Кереметтердің ішінен өзгеше биікте шырқау, өз қауымының, ұрпақтарының көңілін, ой-санасын билеп тербеу, «үш жүздің алға ұстаған тұйғынына айналу, үздік шығу Біржан сал дарынын айқындайды» [4]. Атақ-даңқты, байлықты місе тұтпаған, ел еркесі Біржан сал қоғамдағы əлеуметтік қайшылыққа тап болды. Біржан да Ақан сияқты қоғамдық проблема көтеріп, жауыздықтың жолын тияр күш-жігері, дəрмені болмағандықтан, ел-жұртына сұрақ қойып, жауабын іздейді.

«Неге тудым? Осындай қарға соққысы тиер болса, о баста тумасам етті. Мақтан етер азаматы болсам, мені мынандай қорлыққа батырып отырып, жұртым қалай шыдайды? Үндемей бір бұлқынбай өмірден өгейсіп өте бергені ме? Қысасты кім тыяды? Жауызды кім ауыздықтайды? Мұңым, жоғым бір халқым қара көрсете алмаса, жалғыз қара мен не таба алам? Не таба алам?» [3; 12].

Көркем шығарма тірегі — образ. Жазушы өзіне тəн дара стилімен ұлттық бояу, нақышты сақтай отырып, өзі мақсат еткен Біржан сал бейнесін жарыққа шығарды. Тума талант, бірнеше өнерді бойына жинақтаған атақты Біржан сал прозада көркем образға айналды. Зерттеуші Б.Сманов «Кейіпкер бейнесін талдау» атты еңбегінде қаһарман характерін ашу, образдың қалыптасуын көрсететін тəсілдерді ұсынады қаһармандардың табиғатын, оларды бір-біріне қарама-қарсы қою [5] əдісі арқылы бас қаһарман Біржан салдың характері, образы жан-жақты ашылады. Біржан зергерлерге алтыннан сырға, білезік, алқа соққызып, аттың ер-тұрманын да алтыннан жасатқан екен. Əдемі əшекейді Біржан жұрттың назарын өзіне аудару үшін мақсат етіп, ел аралағанда, асыл бұйымдарын сыйға тартады. Ақын-əншіге тəн паңдығын, кербездігін айтып, бойын тік ұстайды.

Баласы Қожағұлдың

Біржан салмын,

Ешкімге зияным жоқ жүрген жанмын.

Кісіге өзім деген бас имеймін,

Өзім əнші, өзім сал кімге зармын?

Біржан сал — «сал» мен «сері» атауын ауыстырып ұстанған, дауысы, əншілігі ерекше өнер иесі.

Сарамен айтысарда:

Бұл үйде Сара бар ма шықсын бері,

Іздеген келіп тұрмын Біржан сері,

Жолықпай сөзі өктемді жүрген шығар

Аулында Тұрысбектің өлер жері, —десе,

Сара:

Көрінсін саяхатпен менің «серім»,

Сол еді құдай қосқан барар жерім.

Керейге қонақ асы тай əкелсін,

«Талапты» Атымтайдай жомарт «серім», —деп «салдың» орнына «сері» атауын қолданады.

Беймезгілдеу заманда өмір сүрген ел еркесі Біржан сал тағдыр тауқыметін тартады. Қоғамдағы əлеуметтік қайшылық, адамдардың озбырлығы оның намысын оятады. Біржан сал үнемі халық ортасында. Оның мұңы — халықтың мұңы. Өктем күшке қарсы тұрған Біржан сал ешкімнің алдында бас имеді. Оның да көкейіндегі сауал көптің көзін ашу. «—Уай, Жанбота! Мені ұлыдың дедің ғой. Ұлығаным рас. Ұлытқан Азнабай мен сен! Біріңнің қорлығың, екіншіңнің зорлығың өтті. Қалай адасқам? Сендерден рахым күткенше, қара тастан ізгілік іздесемші. Өнеге болар қай қылықтарың бар еді. Үлгі шашар қасиеттерің де жоқ. Кеш білсем де, анық ұқтым. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ... Ендігі мақсатым адасқандардың көзін ашу болар» [3; 15].

Тарихи шындыққа негізделген Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мəди өмірінен қоғам мен адам арасындағы қатынас, жеке адам проблемасы туындайды. Олар қазақ елінің мұңын өз заманында тарихи тұлға ретінде де биікке көтерді. «Жан иесінің маңдайына жазылған «Өмір» дейтін үлкен ұғымның моделі де бірде жетістіріп, бірде жетімсіретіп, ұзын сүрлеуде қызығыңа қарап отыратын, жазықсыз жазалап, ойламаған жерден сезім сарайыңды шаң-тозаңнан тазалап та, ар-намысыңды, көкірек көзіңді, бүкіл болмыс-тұрқыңды ақырғы демің таусылғанша салмақтай беретін сол заңдылықтар мен қайшылықтардан бастау алады» [6]. Табиғат ерекше дарын сыйлаған, парасатты, ақындық-əншілік мектебі бар Біржан сал — бір сөзін қайталамайды, тектілігі атасы Қожағұлдан дарыса керек.

Е.Ысмайылов əні мен сəні келіскен сал-серілер жайлы: «Дайын театры жоқ, дайын профессионалдық артистері жоқ қазақтың көшпелі кезінде ақын, əншілер елдің ойын-сауығының дарқан еркесі, көңіл ашар өнерпаз бұлбұлы болды. Сонда халық, əсіресе жастар бірыңғай түйдектеп айтылған сөзге місе тұтпай бір мезгіл басына құндыз бөрік, үстіне жібек шапан, кең балақты ұзын шалбар киініп, сəн-салтанатын түзеп, шырқап əн салған əншіні тыңдауға құштар болады. Біржан сияқты сал-серілер халықтың осы бір көркемдік толғамын толық ескеріп, поэзия мен музыканы, əшекей, қимыл өнерлерін ұштастырып, дамыта отырып, сол сері пішіндегі ақынның салтын қалыптастырған... Біз сал-серілердің орта ғасырдағы Еуропаның сал-серілерімен (рыцарь, трубадур) ұқсастығы да жоқ емес деген кейбір болжамдарды еске түсіргенбіз» деп құнды пікір айтады [7].

Əр дəуірде тіршілік еткен ұрпақтар қауымы рухани асыл қасиеттер мен бай мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. «Абай жолы» роман-эпопеясында ұлы суреткер М.Əуезов Біржан салдың өр тұлғасын сол дəуір тынысымен, заман келбетінен көріп, Біржанның құдіретін, кескін-келбетін ұлы Абайдың көзінен ұққандай болады.

«Мен келемін! Өнер əкелемін! Танымай көрші, аңдамай бақшы. Сай-сүйегің босамай, алпыс екі тамырың иімей көрші!..» деп, бас идіре əн төккенде, əн емес нұр төккендей. Əлемнің жүзінен жауыздық зұлымдығын қуып əкетіп, қиял да болса дүние бетін, Арқа жүзін сан сұмдықтан тазартып бара жатқандай. Ол əн асқақ есіп соққанда, Көкшенің қалың сыпсың қарағайы — мынау əнші басындағы оқалы тақияның жібек шоғындай болып, теңселіп барып, төгіле жапырылып, жол береді, бас иеді... Арқаның қара түні де мынау ақыл үстіндегі қара мақпалдың бетіндей майда, мейір түні болады. Сонда ел жүзі де осы ақын жүзіндегі жылтырап көрінген нұрға толғандай болады. Ел жүзінде, қазіргі ақын жүзіндегі жылтырап көрінген нұрға толғандай болады. Ел жүзінде, қазіргі ақын түсіндегі, əн үстінде езу тартқан жарастық күлкідей боп, шат қуаныш күлкі көрінеді Абай көзіне [8; 48].

Адам — рухани құбылыс. Адамның шынайы болмысына үңілу, тану арқылы адамның ортамен, қоғаммен байланысы туындайды. Ежелгі Грецияда ақиқат өмірге, өнерге еліктеу ретінде көзқарастар болған, яғни өнердің шығуын адам мен қоғам, адам мен табиғаттың ажырамас бірлігінен іздейді. Қазақ ұлтының екі ұлы перзентінің кездесуі жайында зерттеуші Қ.Аманжол былай деп жазады: «Əн шырқағанда жұрт бұрын тамсанып, табынып қараушы еді, сиқырлы сазға бірден арбалып қараушы еді, енді тосырқағандай тоңмойын түр танытады, ішіп-жеген ашқарақ көздер бүкіл бойын, ішкі сырын тіміскілей тінтіп, өздері ашқандай болған мұның əлдебір құпия жұмбағына еріндерін шылп еткізіп, арсыз таңданыс білдіреді, əлпетіне аңтарылып ұзақ қарайды. Түсінбейді. Есіл əншіні өздерінше аяған болады, есіркеген болады, өңкей жамандар, өңкей надандар. Солардың аузынан шыққан сыпсыңдаған суық сөздер қағып үй-үйді, ауыл-ауылды, ел-елді кезіп, соның қаңқуы қаңғырып əншінің құлағына жетіп жатады, əншінің адал, нəзік жанын сағат сайын, сəт сайын қансырата тырнап, жаралап кетіп жатады. Біржанның туа біткен, жасы ұлғайғанда үдеңкірей түскен ұмытшақтығын да сан-саққа жүгіртеді. Тамағына суық тиіп, даусының бабы болмай қалса да, қарттық келгендігінің белгісі ғой, бойы ауыр тартып, домбыра шертіп, əн айтуға зауқы соқпай қалса да, ол жайындағы өсек пен өтірік заматта өртей қаулап, айналып келіп өзін шалады. Əуелгі сөз ағайыннан шығады. «Үркейін деп тұрған жылқыға жау тиген соң не жорық» демекші, ол сөздерді алысы мен жаты жерден жеті қоян тапқандай қағып алып жамау-жасқауын көбейтіп, қилы-қилы құбылтады. Осының бəрін Біржан сезеді, біледі. Елсіз қалған жапан түздей құлазитыны да, тамағына ащы жас кептетіліп қобалжитыны да содан. Жан түпкірінде осы жабырқаулы қападан арашалап қалатын бір сəуле бар. Жақыны мен жатының тоғышарлығынан түңілгенде сол сəулені қармайды. Онысы — дəрменсіздігі емес-тін. Қайта нұры мол ақылымен, сүйіспеншілік сезімге шүпілдеп толған үлкен жүрегімен ұмтылады сол сəулеге. Ол сəуле — данышпан Абаймен жүздесуі, ол сəуле Абай еді» [9].

Адам баласы қай қоғамда өмір сүрсе де алға жетелейтін, бойындағы адамгершілік негізін қалыптастыратын күш — сенім. Абай рухани құндылықтарды объективті дүниеден емес, Біржан сал болмысынан іздеп, таниды. «Сен əнді босағадан өрлетіп, төрге шығардың, соныңа ғана қуанам. Шынында, қазағым, елім дегенде осы елдің асыл ақын сөзінен, əсем əні сазынан артық қай қазынасы бар еді? Солардың асқақ үнімен аспанға көтеріп барып: ол мен міне, мен келемін дегізіп еліңді өнеріңе бас игіздің. Осының-ақ қадір-қасиетіңді тануға жетіп тұр!.. — деді» [8; 48].

Абай өнерге азаматтық парасатты ойымен үңіліп, Біржанның келер ұрпаққа үлгі боларына сенім артып, ұлттың асыл қазынасының інжу-маржанын оның ұлттық болмыс-бітімінен тапқандай болды. Сегіз қырлы, бір сырлы таланттардың шоғырланып, ұлттық өнердің сарқылмас қазынасына айналған шоқтығы ретінде С.Қирабаев: «Біздің бүгінгі ұғымымызбен айтқанда, бірнеше адамның қызметін бір өзі атқарған. Осындай өнер иелері қазақ əдебиеті мен мəдениетінің тарихында əнші-ақындар деп бөлініп, біздің ұлттық үлкен өнеріміздің бір жағын құрайды. Біржан, Ақан, Мұхит, Сара, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, тағы басқа қазақ өнерінің ұлы қайраткерлерін бүгін кең сахарада опера мен эстраданың, ақындық пен композиторлықтың, саз аспаптары ойнаушысының жолын ашқан бастаушылары, өз заманының ұлы актерлары санаймыз», — деп тың пікір айтады [1; 75].

Ұлы Абай мен Біржанның кездесуі сол дəуір тынысын, ел тіршілігін, өнердің рухани байланысын білдіреді. «Екі ұлы кемеңгердің кездесуі байтақ мəдениеттің, өнер саласының көркейіп өсуіне үлкен əсер етеді. Ойшылдардың дүниені тануы да, əлеуметтік тұрмысты бірдей ашық білуі де таң қаларлық нəрсе. Біржан «Жанбота», «Адасқақ» деген əндерінде кертартпа тұрмысқа қарсылық білдірсе, Абай көп шығармаларында ізгілікті суреттеген» [10].

Көркем шығармадағы Біржанның сөз қолданысындағы əрбір деталь өр тұлғалы бейнесін əр қырынан айшықтай түседі. Ешкімге бас ұрмаған өнер иесі ер намысын да аяққа таптатпайды.

«—Жарқыным, мен байлық қусам, баяғыда-ақ Азнабайды екі орап алар едім. Ол мұрат емес. Ал бірақ мені кедей деп кім айтты? Азнабай құдайы дүйім жұртты дəл мендей бір серпілтіп, сергітіп көрді ме?.. Жігіт қадірі өнерімен өлшенер» [3; 11].

Қай кезеңде де өнерге ешкім тыйым сала алмаған. Біржан да Ақан сияқты өнер құдіретін таныта білген дара тұлға. Өз ұлтының өнерін дəріптеген, рухын көтерген əдеби қаһарман өмір шындығын бейнелейді. Қаламгер ұстанымы мен ізденісінің, көркемдік ойлау нəтижесінде образ бен автор арасындағы байланыс бірлікте болып, үйлесімділік тапқан. Қоғамдағы оқиғаларға қатысы бар кейіпкер «мені» басқалармен қарым-қатынаста анықталады. Біржан салдың құрдасы Тəукебай ары, жаны таза Біржанды надандықтан арашалап, Біржан кім екенін тағы да ел-жұртының есіне салады.

« —Не болғансың, Біржаным! Сен мұндай азап тартып жатқанда, менің тірі қалқайып жер басып жүргенім кімге қажет? Кешегі думандатып жүретін ақ иығым, бүгін сенің мынандай қорлықта, тірідей жер мешел болып қалғаның кімнің арқасы, кімнің жаласы!

– Уай, Керей, жынданған Біржан емес, сендерсіңдер... Арым, намысым, əншім, ақылым Біржан жынданбайды. Жынданды деп сендер үшін өшірмексіңдер. Əнін ұрламақсыңдар! Өшпейді, ұрланбайды. Ұрлай алмайсыңдар!» [3; 35]. Өнер адамының қай-қайсысы болмасын тағдыр тауқыметін тартса да, келешекке сенім артады, үмітін үзбейді. Беймəлім күй кешкен Біржан сал алдында өлімнің құшағы тұрса да, тіршілікті қимайды, қиялы алға жетелейді.

Зерттеуші М.Хамзин: «Жалпы алғанда, творчество адамдарында өзгеше бір ерекшелік бар: олар да өзге пенде сияқты кəдімгідей өмір сүреді, ал қиялдарында олар бейне екінші, басқа бір əлемнің адамдары сияқты күй кешеді», — дейді [11].

Заманның алма кезек ауысуы, дүниенің шыр айналып өтуі — Біржан салдың жеке тұлға ретінде тағдырымен, адам (пенде) ретінде тіршілігімен айқындалды. Уақыт ағымы өмір шындығын тудырса, көркем туынды Біржан образын дүниеге əкелді. Сал-серілер қоғамда отарлау саясатымен бетпе-бет келіп, тек өнер иесі емес, күрескер, тарихи тұлға ретінде танылды. «Əнші-ақындар Біржан, Сегіз сері, Ақан сері, Мұхит, Əсет, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, тағы басқалары қазақ əдебиетінің халықтық бағытына үн қосты, халықтың арман-тілегін, мұңын əндеріне арқау етті. Олардың өнері халықтық мəдениеттің жіктелмеген кезінен қалған белгі сияқты... Ел өмірінің маңызды əлеуметтік мəселелері, халық тіршілігіне қатысты оқиғалар, махаббат, жастардың, əйелдердің бас бостандығы олардың шығармашылығының негізгі тақырыбына айналды» [12].

Сал-серілік құру халқына рухани күш-қуат беру, өнерді бағалау, жан əлемінің тазалығына үңілу болса, сал-серілер тұлғасы — сыртқы келбеті мен ішкі жан əлемі келіскен, қоғамның шынайы бет- бейнесі іспеттес қайраткерлер, жан-жақты дарынды өнерпаздар бейнесі. Көркем шығармада бірінші кезекте қоғам мен адам арасындағы қатынас болғандықтан, Біржан сал да қоғамдық-əлеуметтік қайшылыққа кезікті. Əдеби қаһарман əлеуметтік шындық арқылы қоршаған ортаны таныды, өз тілінде өнерді дəріптеді, еліне қызмет етті. Біржан сал бейнесі қазақ қоғамындағы адам болмысының тірлігін, жеке тұлғаның қалыптасуын айшықтайды.

«Келер күннің, мөлдір болашақтың лебізіндей саз туар. Туар əлі. Сондай ұрпақ, сондағы жас бүгінгі «Жанботаны», «Адасқақты» емірене қарсы алар. Əнімнің мұңын, мəнін ұғар», — деп Біржан сал жарық дүниемен қоштасты [3; 17]. Біржан сал өзі өмір сүрген қазақ қоғамындағы бүкпесіз шындықты көрсетті, жеке тұлғаның уақыт пен кеңістікке қатысты нақты болмысын қоғамның бөлінбес бөлшегіндей таныта білді. Қандай да бір халықтың əдебиеті ұлттық өнерде көркем, рухани құндылықтарды дамытып, сол ұлттың өзіне тəн дүниетанымын, көзқарасын ғасырлар бойы қалыптастырады.

Сыншы Х.Əдібаев уақыт пен кеңістік аясындағы тіршілік иесі адамның алатын орны жайында ойын былайша сабақтайды: «Дəуір, дəуір тудырған адам, дəлірек айтсақ, əр уақытта өмір сүрген, тіршілік еткен ұрпақтар қауымы. Олар өздерінің барша рухани қасиетімен, адамдық мінез-құлқымен, туған өлке, ортасымен «тірі» қалпында кейінгі ұрпақтарға мирас болып қалады. Өтіп кеткен жан, өшіп кеткен қауымдар сырын шертеді, армандасады, мұңдасады, көз жасын тағы төгіп заманының құпиясын ақтарады» [13].

Сал-серілердің тұтас бейнесінен жалпы ұлттың болмыс-тұтастығын ешкімге ұқсамас даралығын, рухани дүниенің бір кезеңнен екінші кезеңге өтуін көруге болады. Сондай-ақ сал-серілер тұлғасы адамзат тағдырын бейнелейтін тарихи прозаға өзіндік үлесін қосты. Олай болса, жеке адамдар тағдырын, ұлт бейнесін, дəуірді бейнелейтін сал-серілер тұлғасы — шындықты айқындайтын таланттар образы.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қирабаев С. Ұлт тəуелсіздігі жəне əдебиет. — Алматы: Ғылым, 2001. — 448-б.
  2. Қаңтарбаев Қ. Біржан сал. Өлеңдер. — Алматы: Жазушы, 1967. — 20-б.
  3. Сматаев С. Алғашқы асу. Повестер. — Алматы: Жалын, 1982.— 264-б.
  4. Негимов С. Қазақтың сал-серілері: Ғылыми эсселер. — Алматы: Ана тілі, 2005.— 116–117-б.
  5. Сманов Б. Кейіпкер бейнесін талдау. — Алматы: Рауан, 1990. — 14-б.
  6. Серікқалиұлы З. Тағдыр жəне біз. Əдеби сыншылдық көзқарастар, толғаныстар. Эссе. — Алматы: Ана тілі, — 316-б.
  7. Ысмайылов Е. Ақындар. — Алматы: КƏБ, 1956. — 66-б.
  8. Əуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея. 2-кіт. Абай. — Алматы: Жазушы, 2002. — 348-б.
  9. Аманжол Қ. Біржан бұрмалары // Жұлдыз.— — № 5. — 190–191-б.
  10. Марғұлан Ə. Күйді ерттеп, əнді мінген кемеңгерлер... Қазақтың сал, серілік дəстүрі // Жұлдыз.— — № 9. — 184-б.
  11. Хамзин М. Қазіргі қазақ романы: Оқулық. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2001. — 240-б.
  12. Қирабаев С. Тəуелсіздік рухымен. — Астана: Фолиант, 2002. —28-29-б.
  13. Əдібаев Х. Талант, талғам, тағдыр. — Алматы: Жазушы, 1971. — 253-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.