Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

А.Байтұрсынов — ұлттық əдеби-теориялық ұғымдардың негізін қалаушы

20-жылдардағы ғылыми-зерттеу мақалаларға көз салатын болсақ, əдеби-теориялық ой-пікірдің ізденістері мен іркілістерін саралағанда, бұл кезеңде əдеби-теориялық білімдер жүйесінің жоғары болғанын, күрделі теориялық мəселелерге қалам тарта алғанын көре отырып, А.Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқыш» атты еңбегінің тақыр жерде пайда болмағанын байқаймыз. 20-жылдардың бас кезінен бастап-ақ қазақ əдебиетінің əр салаларына батыл араласып пікір айта бастаған сыншылдық жəне əдеби мұра туралы ғылыми-зерттеушілік сипаттағы мақалалар жеке бір ақын-жазушыны, не болмаса белгілі бір көркем шығарманы сөз ету барысында əдеби-теориялық ой-пікірді жетілдіре түскені байқалады. Ұлттың əдебиет тарихын зерттеп тануға деген əдеби-тарихи ой-пікірдің құлшынысы, қалыптасу кезеңіне қадам басқан əдебиет сыны күрес үстінде сапалық та, сандық та жағынан көркейе бастаған қазақ əдебиеті əдеби мұраның теориялық мəселелерін ғылыми сөз етуді күн тəртібіне шұғыл қойды. Бұл салада ерекше маңызы бар, жалпы өнер туралы, əдебиеттің тарихы мен теориясы туралы ұлттық əдебиеттану ғылымында ең алғаш жазылған еңбек А.Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқыш» (1926) атты оқу құралы болды. Үлкен білімдарлықпен, ғылыми терең дəлдікпен жазылған бұл еңбек, екі-үш жылдан соң авторы ұсталып кеткендіктен, көпшілік арасына кеңінен тарап үлгермеді. Сонымен қатар ұлттық əдеби-теориялық ой-пікірдің өсу дəрежесін көрсететін ғылыми мəні соңғы уақытқа дейін дұрыс бағаланбай келді. «Əдебиет танытқыштың» қазақ əдебиеттану ғылымында алғашқы ғылыми зерттеу екені енді ғана айтылып, нақты тарихи бағасы беріліп жатыр. Ғалым Р.Нұрғали: «Қазақтың ұлттық əдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған» десе, тілші Р.Сыздықова: «Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқыш» атты көлемді еңбегі — əдебиеттану ғылымы мен қазақ əдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы ...Мұнда автор көптеген жайттарды өзі шешіп, көптеген ұғымдарға терминдік атаулар ұсынады»,— деп нақты жазады [1]. Біздің ойымызша, «Əдебиет танытқыш» ғылыми зерттеу ретіндегі маңызы қалыптасқан əлемдік теориялық ұғым, түсініктерге қазақша балама тауып, нақты мысалдармен дəлелдеуінде ғана жатқан жоқ. Тұңғыш ғылыми зерттеу ретінде өз кезеңінде əдеби-теориялық білімдер жүйесінің қалыптасуына ерекше ықпал жасап қана қоймай, қазақ əдебиеттану ғылымының тууына негіз де бола алған еңбек екені айтылуда. «Əдебиет танытқыш» — жалпы көркем өнер, оның ішінде əдебиеттің барлық болмысы мен бітімін, көркем шығарманың сыры мен сипатын, əдеби дамудың мағынасы мен мəнін анықтау жолында ұлттық əдеби-теориялық ой-пікірді ғылыми бір жүйеге түсірген жəне əдебиет теориясына ұлттық сипат дарытуда терминдердің қазақша мағынасын тапқан автордың жан-қиярлық еңбегінің жемісі.

Еңбектегі өнертану, əдебиеттану, фольклортану салалары бойынша терминдер жүйесінің жасалуынан Ахаңның кемеңгер ғалымдығы танылады. Мұнда əдебиеттануға қатысты 327 термин қолданылған болса, оның 60-ы (18 %) осы күнге дейін пайдаланылып жүр. 267-сі (80 %) қазір қолданылмайды. Тілші-ғалым Ш.Жалмаханов: «Терминдердің жасалу жолына лингивистикалық тұрғыдан қарағанда, 67 термин дара тұлғада, 223 термин күрделі тұлғалы (2 сөзден 7 сөзге дейін) болып келеді. Белгілі бір сөз өнер құрылысына берілген атау, термин сол құбылыстың адам, қоғам өмірінің рухани-əлеуметтік табиғатынан туындап жатқандықтан да (атау, терминдердің мағыналарына құбылысты телу емес) ойға оралымды, көңілге қонымды болып шыққан»,—деп көрсетеді [2]. Сондықтан да жалпы əдебиет дегеннің болмысы мен бітімін толғаған сөз өнерінің — əліпбиі бола алған «А.Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқышы» — қазақ əдебиеттану ғылымының үлкен көрсеткіші болумен қатар, теориялық ой-жүйесіне мықтап түрен салған, қазақтың парасатты толғамын, ойшылдығын эстетикалық таным-білігінің молдығын танытқан кезеңдік туынды», деп ғалым Т.Кəкішев өте дұрыс бағалайды [3].

«Əдебиет танытқышты», жалпы А.Байтұрсыновтың ғылыми мұрасын, оқып-үйрену, игеру жəне пайдалану үшін, ең алдымен, бұл еңбектегі əр атау, ұғым-түсінік, термин жəне категориялық мəн- мағынаны, мазмұнын түбегейлі түсініп алу керек. Академик З.Қабдолов:«Ахаң қалыптастырған əдеби-теориялық терминдерге мұқият жауапкершілікпен қараған жөн. Ахаң терминдерін жапа- тармағай жіпке тізе бермей, таңдау керек, сөйтіп барып талдау керек», —дей келіп, бүгінгі теориялық деңгейден табыла қоймайтын кейбір атауларды оп-оңай формализмге, абстракционизмге, болмаса канон жасап қисық қисынға, қасаң қағидаға айналдырып алмау керектігін атап көрсетеді. Алайда «əдеттегі дəстүр жалғастығының заңына орай үш түрлі арнауды əрқайсысымыз өзімізше пайымдап, қисындап, кейде тіпті қиыннан қиыстырып, біз де (Жұмалиев те, Ысмайылов та, мен де) кітаптарымызға кіргіздік. Бірақ амал не, бұл жаңалықты тапқан Ахаң екенін кезінде ашып айта алмай, Қажекеңе сілтеу жасауға мəжбүр болдық», — деп З.Қабдолов айтқандай, кейінгі жазылған еңбектерде қолданылған теориялық терминдердің баламаларын былай қойғанның өзінде, алдағы уақытта ғылыми айналымға енгізуге сұранып тұрғандары да баршылық [4]. Мысалы, көсемсөздің қазіргі ғылыми термин ретінде қолданылып кеткеніндей, «нақыл сөз», «қанатты сөз» деп жүрген афоризмді ділмар сөз, эссені — заман хат деп А.Байтұрсынов берген атаулармен атасақ, ұтылмаймыз. Немесе «Шешен сөз» дегендегі оның саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошамет шешен сөз, білмір шешен сөз, уағыз шешен сөз деген түрлерінің атауларын орнын дəл тауып пайдалансақ, ұлттық таным-біліктен алыс жатқан жоқ. «Шешен сөз» очерк жанрының баламасына жақын келсе, ішкі түрлерге бөлуде де сəйкестік байқалады. Сонымен қатар Ахаң өз еңбегінде талданып отырылған жанрлық түрге байланысты мысал келтіргенде, «ғұрып» сөзінің нұсқаларын нұсқаулықтың 120, 126-ші номерлерінен қара» немесе «Діндар дəуір əдебиет» нұсқаларын нұсқаулықтың 131, 165-ші номерлерінен қара» деп кетіп отырады. Яғни «Əдебиет танытқышқа» қосымша хрестоматиялық мəндегі жинақты да бастырып шығару ойында болған. Нұсқаулықта алынған əдебиет нұсқаларының еңбекте көрсетілген реттік саны 275-ке келіп тоқтағанына қарасақ, оның көлемі де əжептəуір мол болғанын байқау қиын емес. Бұл ахметтанушы ғалымдар-тарапынан көңіл аударатын мəселе.

А.Байтұрсынов қара сөз бен дарынды сөз жүйесін сөз ету барысында, əдебиеттің тегі мен түрі мəселесіне келгенде фольклор жəне əдебиет тарихына шолу жасап өтеді. Бұл турасында З.Қабдолов:«Мұның өзі бір қарағанда əдебиет туралы ғылымның екі саласын (тарихы мен теориясын) қосып, қойыртпақтап жібергендей көрінеді. Бірақ байыбына барыңқырасақ, ол мұнда да əдеби- теориялық ұғымдар қалыптастырып, өзінің «Əдебиет танытқышын» тағы да сөз өнерінің əсем əліппесінде айналдырады», — деген пікір білдіреді. Біздің ойымызша, автор фольклор туралы ой- толғағанда оны жанрлық тұрғыдан классификация жасаудың алғашқы жобасын жасап, ғылыми анықтамасын жазып шықты.

Ал əдебиет тарихына келгенде, А.Байтұрсынов оны дəуірге бөлуде өзіндік көзқараспен қарайды. Жазба əдебиетті діндар дəуір жəне ділмар дəуір деп бөлгенімен, кейін оны сындар дəуір деп тармақтайды да, ол ұлы Абайдан басталады деп көрсетеді. 20-жылдардың бас кезінде жазба əдебиетті Абайға дейін жəне кейін деп бөлген көзқарас ғана бола алды. Р.Мəрсеков «Қазақ əдебиеті жайынан» («Қазақ», 1914, № 112) атты мақаласында «жазудың қазақ арасына көбірек тараған заманындағы əдебиет» деп атаған дəуірді, М.Əуезов «Қазақ əдебиетінің дəуірі» («Шолпан», 1923, № 5) мақаласында «көшпелі дəуір əдебиеті» атаған кезеңді (Абайға дейінгі) сөз еткенде діни сарын мен шығыстық сюжетті желілерді жырлау басым болғанын атап көрсеткен болатын. Сондықтан да болар, А.Байтұрсынов бұл кезеңді «діндар дəуір» деп атап, оған қисса, хиқаят, мысал, насихат (үгіт), мінажат, мақтау, даттау, айтыс, толғау, термені жатқызады. Бəрін дұрыс демеген күннің өзінде қисса мен хиқаятты фольклорлық жанрға бірде енгізіп, бірде енгізбей келгеніміз, əдебиет теориясынан орын бермегеніміз рас қой.

Негізінен А.Байтұрсыновтың «Жазба əдебиеттің өзі екіге бөлінеді: діндар дəуір, ділмəр дəуір. Діндар — діншіл деген мағынада, ділмар — тілшең деген мағынадағы сөздер. Қазақ əдебиетінің діндар дəуірі де, ділмар дəуірі де халық əдебиетін дамытып, күшейтуден туған дəуірлер емес, басқа жұрттардың əдебиетінің əсерінен туған дəуірлер. Діндар дəуір əдебиетімізге араб, парсы əдебиетінен үлгі алып, соларды еліктегеннен пайда болған [4]. Ділмар дəуір орыс əдебиетінен үлгі алып, соларды еліктегеннен пайда болған», — деген пікірі аса нақты емес. Əрине, бүгінгі таңдағы өсіп-өркендеген көзқарас тұрғысынан алып қарағанда, жоғарыда айтқанымыздай, діндар дəуір деп қай кезеңді айтып отырғаны белгілі болғанмен, ділмар дəуір деп атағаны қай кезең екенін нақтыламаған жəне анықтама да бермеген. «Орыс əдебиетінен өнеге көріп, үлгі алып, соны еліктеуден пайда болып отыр» деуіне қарағанда, 1910 жылдардан бергі əдебиетті айтып отырған секілді көрінеді. Оны анықтауды мақсат тұтпай əдебиеттің тегі мен түрін сөз етуге орай сындар дəуірін əліптеп кетеді. Оны түсіндіргенде, орыс əдебиетін қоспай, «Еуропа əдебиетімен танысқаннан кейін қазақ ақындары сөздің асыл болатын сырын біле бастады. Қазақ əдебиетінің сындар дəуірі Абай сөздерінен басталады», — деп тағы да ескертеді. Бұл біздің 1910 жылдан бергі əдебиетті айтып отыр ма деген пікіріміздің негізсіз екенін дəлелдейді. Олай болса, А.Байтұрсынов жазба əдебиетті хронологиялық жолмен дəуірлеп отырмаған болып шығады.

Анықтап қарасақ, А.Байтұрсынов ұлт əдебиеті тарихын дəуірге бөлу негізіне көркемдік əдісті алып отыр. Еңбекте əдеби ағым мен көркемдік əдіс туралы нақты əдеби-теориялық пайымдаулардың жоқтығы белгілі. Ендеше бұл үш дəуірді көркемдік əдіске орай талдап көрелік. Орыстың атақты теорик-əдебиетшісі Г.Н.Поспелов романтизмді əдеби дамудың сатысы ретінде қарастыру барысында, əуелде ол діни-моральдық (религиозно-моралистический) сипатта көрінгенін айтады. «Это был рели- гиозно-моралистический английский романтизм. А гражданский романтизм Байрона и Шелли был самым прогрессивным течением в английской литературе начала века», — деп жазады [5]. Оны дəлелдеу үшін əр елдің əдебиетіндегі діни-моральдық жəне азаматтық романтизмнің пайда болуын атап-атап көрсетеді. Бұларды М.Горький: «Керек десе француз əдебиетінде лаулап өскен романтизмнің жалпы бағыты бірдей емес, бір жағы мистикаға ұрынған нағыз реакцияшыл болса, екінші жағы, өсіп əдебиет əлемінде ірі өзгеріс жасаған романтизм», — деп екіге жіктеп тастағаннан кейін, кеңестік дəуірдегі əдебиеттану ғылымында «революцияшыл романтизм», «реакцияшыл романтизм» деген атаулар пайда болды [6]. Оны бізде 20-жылдардың орта кезінде əдеби ағым мен көркемдік ағым туралы болған айтысқа байланысты жарияланған елуге тарта сын-зерттеу мақалалардың айтар өзегіне айнаған мəселелерден анық байқауға болады. Бұл тұрғыдан келгенде, «Əдебиет танытқыштағы» діндар дəуір деп отырғаны — діни-моральдық романтизм, маркстік- лениндік əдіснама бойынша айтсақ, реакцияшыл кертартпа романтизм болып шығады. Ал ділмар дəуір — азаматтық романтизм, яғни кеңес дəуірінше атасақ, революцияшыл романтизм. Сындар дəуір сыншыл реализм атауының баламасы екені анық. Бұдан шығатын қорытынды: А.Байтұрсынов əдебиет тарихын тарихи кезеңдерге бөліп отырған жоқ, əдеби дамудың заңдылығына орай көркемдік əдіс тұрғысынан дəуірлеп отыр. Олай болса, Абайға дейінгі ақын-жыраулар, əнші ақындар шығармашылығы реализммен дамып келді де, сыншыл реализмге ауысты деген пікір туындайды. Əрине, ғылыми дəлелдеу қажет. Абай қазақ əдебиетінде сыншыл реализмнің негізін қалады дегенде оның аспаннан түспегенін, əдеби дамудың тарихи сабақтастығы бойынша қалыптасқанын ғылыми негіздеу қажет-ақ. «...Осы сыншыл реализм туралы сонау 20-жылдары А.Байтұрсыновтың сындар дəуір деп атағанын ұмытпайық. Сындар дəуірге деген ойлардың бəрі де профессионалдық əдебиеттің көркемдік əдісіне, алған бағытына құйылатын таным-білік екені даусыз», — деген Т.Кəкішев пікірінде үлкен шындық жатыр [3]. Рас, «Əдебиет танытқышта» əдеби ағымдар мен көркем образ, тақырып жəне идея, сюжет жəне композиция туралы əдеби-теориялық тұрғыдағы жүйелі баяндалған тараулар жоқ. Бұлардың қамтылмауы кемшілік болып табылмайды. Себебі əдеби-теориялық ой-пікір оларды сөз етуді енді ғана қолға ала бастаған еді.

Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық əдеби-теориялық ой-пікірдің ғасырлар бойғы ғылыми бағыттағы ізденістерінің нəтижесі ретінде «Əдебиет танытқыш» дүниеге келді де, əдебиет туралы ұлттық ғылымның туа бастағанын дəлелдеп берді. Ол əдебиеттану ғылымының туып-даму жолындағы келешек ғылыми-зерттеу жұмыстарына негіз жəне басшы болуға тиіс еді. Амал не, екі-үш жылдан кейін А.Байтұрсыновтың қазақ зиялыларына төнген алғашқы саяси зұлматтың құрбандығына айналуынан бастап, жетпіс жыл бойы еңбекті ғылыми айналымнан шығарып тастадық. Əйтсе де əдебиет теориясынан кейінде жазылған еңбектерге негіз болумен қатар, танымдық ізденістерде табан тірер басты қайнар көз болып қала берді. Біз бүгінде «Əдебиет танытқыштың» түркі тілдес халықтар ішінде кездеспеген құбылыс екенін мақтана айтуға тиістіміз.

Алайда жеке адамға табынушылық əдеби дамуға да əсер етіп, əдеби-теориялық ой-пікірдің көркем əдебиет туралы ғылыми ізденістері дағдарысқа ұшырады. Бұл ұлттық əдебиеттану ғылымының туу кезеңінде айрықша еңбек етіп келген əдебиетші-сыншы кадрларды екінші рет əдеби, ғылыми ортадан аластап тастады. Олардың əдеби жəне ғылыми мұрасын 1950-жылдардың орта кезіне дейін зерттеу жəне пайдалану мүмкіндігінен айырылған ұлттық əдебиеттану ғылымы ғасырларға созылған ұзақ жолында өте ауыр жағдайға тап келді. Бірақ сарабдал сыншы- əдебиетшілердің 20–30-жылдардағы əдебиет теориясы бағытындағы қажырлы ізденістерінің жемісі ретінде танылып, ұлттық əдебиеттану ғылымының туу кезеңінің аяқталғанының куəсі ретінде Қ.Жұмалиевтің «Əдебиет теориясы» (1938), Е.Ысмайыловтың «Əдебиет теориясының мəселелері» (1940) жарыққа шықты. Бұл жерде ұлттық əдеби-теориялық ой-пікірдің шын мəнінде ұшқырлық танытқанын, дəуір талабынан табылуға ұмтылғанын атап айту керек. Шынын айтсақ, ол да Ахаңның «Əдебиет танытқышының» арқасында. Кейбір деректерге қарағанда, Қ.Жұмалиевтің оқулығы 1932 жылы жазылса да, алты жыл бойы əр түрлі себептермен жарық көрмеген. Орыс əдебиеттану ғылымында маркстік-лениндік эстетикаға негізделген Л.Тимофеевтің «Теория литературы» (1934), И.Виноградовтың «Əдебиет теориясы» (1936), «Борьба за стиль» (1937), Г.Поспеловтің «Теория литературы» (1940) аталатын еңбектері енді ғана жарық көрген еді. Партия мен кеңестік идеология ғылым, өнер, əдебиеттегі «буржуазиялық», «ұлтшылдық» көзқарастарға «аяусыз күрес» жүргізе отырып, маркстік-лениндік əдіснаманы қоғамдық ғылымдарға, оның ішінде əдебиеттану ғылымына, оның сыншылдық, əдеби-тарихи, əдеби-теориялық ой-пікіріне мықтап орнықтырды.

Қазақстанда «халық жауларын» əшкерелеу науқаны ерекше қарқынмен жүрді. Ол ұлттық əдебиеттану ғылымының туғандығын дəлелдеп берген, келешектегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыт-бағдарын біршама анықтаған оқулықтар мен оқу құралдарын, зерттеу мақалаларды, ғылыми еңбектерді түгелге жуық пайдаланудан шығарып тастады. Ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің қалыптасуына еңбек сіңірген, шығармашылық кескін-келбетін айқындап енді жасақтала бастаған сыншы əдебиетші кадрлары тағы да саясаттың құрбандығына айналды. Бірақ партияның көркем өнер мен ғылым саласындағы саясаты мен идеологиясы оған қараған жоқ. Дүниетанымдық көзқарасы социалистік қоғам рухында тəрбиеленіп, əдебиетке енді ғана араласа бастаған жас күштердің алдына орасан зор міндеттер қойды. Олардың бірі орта жəне жоғарғы мектепті маркстік-лениндік əдіснаманы басшылыққа ала отырып жазылған оқулық, оқу құралдарымен қамтамасыз ету міндеті болды. Міне, сондықтан Қ.Жұмалиев пен Е.Ысмайыловтың əдебиет теориясының күрделі мəселелеріне бара алған еңбектерін сөз еткен уақытта, зерттеу нысанасына алып отырған саланы жан-жақты қарастыруға мүмкіндік бермеген уақыт пен заман талабын есте ұстау керек.

Қ.Жұмалиевтің «Əдебиет теориясы» мектепке арналған оқулық жасау мақсатында жазылып 1938,1940,1942 жылдары бірнеше рет басылып шықты. Негізінен орыс əдебиеттану ғылымындағы теориялық еңбектерді, əсіресе И.Виноградовтың «Əдебиет теориясын» басшылыққа алғандықтан да аудармалық сипаты басым болды. Автордың өзі: «Кітаптың кейбір бөлімдері, жеке əдебиет мəселелері Тимофеев, Виноградов кітаптарынан, Жаңа əдебиет энциклопедиясынан тура алынып отырылды. 1937–1938 оқу жылында жоғарғы дəрежелі педагогикалық мектептерге арнап жасалған əдебиет теориясының программасына сүйеніп жазылды», — деп атап жазғандай, орыс əдебиеттану ғылымындағы зерттеулерді басшылыққа алды [7]. Бұл еңбектер жазылған кезде 30-жылдары жазылып пайдалануда болған оқулық, оқу құралдарының барлығы «халық жауларының» еңбектері ретінде қолдануға тыйым салынған еді. Сондықтан 30-жылдарда жазылған оқулықтар мен хрестоматиялардың мектептерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету қажеттігін атқарған тарихи мəн- маңызы да өте зор болды.

Қазақ əдебиеттану ғылымының теориялық ой-пікірінің ізденісін танытқан Қ.Жұмалиевтің «Əдебиет теориясы» (1938), Е.Ысмайыловтың «Əдебиет теориясының мəселелері» (1940) А.Байтұрсынов «Əдебиет танытқышында» негізделген ұлттық əдеби-теориялық ой-пікір арнасының тарихи жəне ғылыми заңды жалғасы болып табылады. Авторлар тек орыстың теориялық еңбектерін ғана пайдаланумен шектелген жоқ, ұлттық танымдағы құнарлы ой-пікір сабақтастығын қиыннан қиыстыра білді. Оны академик З.Қабдоловтың: «Ақаң жоқта біздегі əдебиет теориясы басы жоқ кеуде секілді еді. Ал басы жоқ кеуде бола ма? Қайтейік, болды деп келдік. Мəселен, айшықтаудың (фигураның) арнау деген түрі бар. Бүкіл дүниежүзілік əдебиет теориясында арнау деген бірақ түр: шауып шықса, бұған шешендік сұрау қосылып қана ажарлануы мүмкін. Ал қазақ поэзиясында Ақаң осының үстіне үш түр (сұрай арнау, зарлай арнау, жырлай арнау) тауып қосып, құлпыртып əкетеді. Қ.Жұмалиев пен Е.Ысмайылов «Əдебиет танытқыштағы» ұлттық əдеби-теориялық ой-пікірге сүйене отырып, онда қарастырыла қоймаған теориялық ұғым-түсініктерді қамтып, дамытып əкетті. Сол арқылы Қызыл империяның теориялық бағыттағы зерттеу еңбектерді пайдалануға тыйым салуынан туған іркілістің орнын толтырып, соны ізденістерге жол салды. Теориялық ой-пікірдің белгілі бір дəрежеде жалпылық сипаты мен ортақтығын есте ұстай отырып айтар болсақ, бұл еңбектер «Əдебиет танытқыштағы» теориялық мəндегі ұлттық ұғым-түсініктердің желісін үзбей бізге жетуіне, ғылыми қолданыстан шығып қалмауына, жаңа қадамдардың жалғаса беруіне алтын көпір болды. Ұлттық əдеби-теориялық ой-пікірде əдеби ағым мен көркемдік əдіс, стиль, тақырып, идея, əдебиеттің тегі мен түрі ұғым-түсініктерді бүкілəлемдік теориялық ой-көзқараспен байланыстыра қарап, нақты мысал- дармен дəлелдейді. А.Байтұрсынов еңбегінде негізі қаланған қазақ өлеңінің құрылысы Қ.Жұмалиев,Е.Ысмайылов еңбектерінде ғылыми жалғасын тауып тереңдете зерттелінді. Олар өлең сөздің теория- сына тəн жаңа атаулар енгізді жəне оны теориялық ой-пікірде орнықтырды. Ол кейін А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов еңбектерінің кеңестік дəуірдегі заңды жалғасы болып табылатын З.Қабдолов, З.Ахметов, тағы басқа əдеби теориясы саласындағы зерттеулерге ұласты.

Қорыта келгенде, ұлттық əдебиеттану ғылымының туу кезеңінде А.Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқышынан» басталып, негізі қаланған əдеби-теориялық ой-пікір саяси-идеологиялық қыспаққа ұшырай отырғанмен де өзіне жол тауып, ұлттық əдебиеттанудың туу процесін тездете түсті. Сол арқылы ендігі қалыптасу кезеңіндегі соны ізденістеріне жол ашты, əдеби-теориялық талдау жасаудағы білім негіздерін кемелдендіре бастады. Маркстік-лениндік əдіснаманы басшылыққа алу айқын сезіле бастағанымен, əлі де болса бұрынғы ұлттық сипаттағы үрдісінен де қол үзе қоймады. Оның басты себебі іргетасы А.Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқышында» қаланғандықтан десек, артық айтқандық емес. Ол əдебиет туралы ғылым енді ғана туған кезеңі үшін аз табыс емес еді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақ əдебиеті —1989. — 6 қаңт.
  2. Жалмаханов Ш., Смағұлов Ж. А.Байтұрсынұлы — қазақ əдебиеттану терминдерінің негізін салушы. — Қарағанды: Фолиант,
  3. Кəкішев Т. Қазақ əдебиет сынының тарихы. — Алматы: Ғылым,
  4. Қабдолов З. Ахаң һəм əдебиеттің əліпбиі // Қазақ əдебиеті тарихының өзекті мəселелері. –Алматы: Білім,
  5. Поспелов Г.Н. Закономерности исторического развития литературы // Введение в литературоведение. — М.: Высш. шк.,
  6. Горький М. Романтизм жəне Жуковскийдің халықтығы туралы // Əдебиет сыны. — 1937. — №
  7. Жұмалиев Қ. Əдебиет теориясы. – Алматы: Жазушы,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.