Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халық ақыны Көкен Шəкеевтің айтыста көтерген əлеуметтік мəселелері

Суырып салмалық өнерді жан-жақты тексерген ғалым М.Жармұхамедов: «Айтыс ақындары — өз дəуірінің перзенті. Сондықтан өз заманының тұсында жасаған ақындар əрдайым өзінің шыққан руы мен ел-жұртының талап-мүддесінен табылып отыруы да заңды. Бұл айтыс ақындарының бəріне тəн қасиет, онсыз айтыс біздегідей кең көлемдегі шырқау шыңына көтеріле алмаған болар еді» [1; 18], — десе, филология ғылымдарының докторы М.Дүйсенов: «Қазіргі айтыс дəстүрінде əр ақын өз ауданы мен облысындағы жетістік, табыстарын айтып, қарсыластары облысындағы кейбір өзі байқаған кем-кетіктерді сыпайы түрде іліп кетіп жатады. Сайып келгенде айтыс тақырыбының терезесі кең, ол заман, қоғам, адам туралы, бүгінгі күннің шындығы болып отыр. Жеке бастың ғана емес, қоғамдық мəні бар жайлар ақындар назарынан əсте шыққан емес» [2; 51], — дейді. Көкен Шəкеевтің кез келген айтысында өмір шындығы тартыс арқауы болып отырады. Бетпе-бет келіп сөз бəсекесіне түскен екі ақынның өмірлік шындықты өз пайдасына жаратып айта білуі де əрқилы. Осы жайт айтыс ақынның əу бастан ұстанған бет-бағдарына байланысты. Айтыста мақтау мен даттау үнемі астасып, алмасып отыратын болғандықтан, бұл оның сыншылдық сипатын əркез ұштап, шыңдап келген сияқты. Қарсылас ақын ең алдымен өз елінің мақтан тұтар жақсы-жайсаңдары мен салтанат-байлығын бетке ұстайды, соны сөзіне тірек-бел тұтады. Əріптесі мақтаған адамдардың мін- кемшіліктерін əдейі бадырайта, зорайта сөйлейді. Осындай тəсіл екінші ақынға да тəн. Сөйтіп, бір ақын аспанға көтере дəріптеген жайтті екінші ақын жоққа шығарып, жермен жексен етеді, енді бір сəт бірінші ақын сынаған істі екінші ақын шаң жуытпай аршып ашып мадақтай жөнеледі. Сонда екі жақтың сарабына түскен іс пен əр алуан адамдар өзінің өмірдегі шындыққа жуық əділ бағасын ала- тын тəрізді.

1961 жылы өткен облыстық ақындар айтысында Көкен Шəкеев Рузаев ауданының атынан көкшетаулық Сарбас Ақтаевпен сөз сайысына түсті.

Сарбас:

Уа, Көкен өлең-жырдың гүлі едің,

Жүлдегер бəйге бермес дүлдүлі едің.

Отырма айтысқалы тілің қышып,

Жез таңдай, айыр көмей бұлбұл едің [3; 181].

 Көкен:

 Жырым бар осындайда көсілетін,

Арқаның самалындай есілетін,

Əдетім айтысқанда мысым жеңіп,

Талайлар мезгілінен кешігетін [3; 182].

Ақынның айтыс өнеріндегі алғашқы сөз сайыстарының мəтіні толық қағаз бетіне түспесе де, осы бір үзіндіден ақынның бойындағы жыр бұлағы таусылмайтын қазына іспетті. Себебі орамды, шұрайлы тіл өрнектері əркімнің көңілінен орын таба алған. Ақын өзін ен даланың еркін өскен ұлына, күркіреген көк өзенге теңеп, айтысқа түскенде Арқаның самалындай есіліп, халқының, қарапайым жұмысшының еңбегін өлеңімен қарсыласына нөсерлетеді. Жыр боп қайнаған батыр күшін, бұрқанып, буырқанған жан дүниесін бірден сезген Сарбас ақын Көкенді өлең-жырдың гүліне, жүлдегер дүлдүлге, жез таңдай, айыр көмей бұлбұлға теңеп, Көкен ақынның болмыс-бітімін жырмен сомдай- ды.

Ақынның шығармашылығындағы алғашқы айтыстарының бірі 1963 жылы қазіргі Айыртау (бұрынғы Володар) ауданының ақыны Құдыкен Ибрагимовпен облыстық айтыс еді. Өкінішке орай, бұл айтыс та толық қағаз бетін көрмей, Құдыкеннің сөзі жазылып алынбаған. Бірақ үзіндінің өзінен маңызы зор айтыс екенін бірден аңғарамыз. Мəселен:

Ортаға мен салайын міндеріңді

Шығармай топ алдында үндеріңді.

Тұқымдық қорың тегіс құйылған жоқ,

Көрерсің ертең қайтіп күндеріңді? [4; 181, 182], –

деп ақын Көкен Шəкеев алдымен ауданының мақтаныштары еңбек ерлерін дəріптеп, олардың еңбектерін жар салып насихаттайды, үгіттейді. Одан кейін қарсылас ақынның ауданындағы көшеде елтең-селтең жүріп, жұмысқа бүгін барса, ертең бармайтын, еңбекке де, оқуға да ынтасы жоқ аудан тұрғындарын, еңбекші қолдың жоқтығын ортаға салып, Құдыкен ақынды екінші жолы кездескенде, кемістіктен гөрі, табысты жырлауға шақырады.

1964 жылы Айыртау ауданының ақыны Кəрім Тақауинмен кездескен облыстық айтысында да ақын тағы да жыр шумақтарын еліне, ауданына, халқына арнады. Алғашқы сөз жарысын Кəрім ақын бастады:

Сайраған Айыртаудың ақынымын,

Əділет адалдықтың жақынымын.

Тайпалтып топқа түскен шешендерің,

Өнерін көрсінші бір халқым бүгін [3; 183], –

деп Кəрім өзін тыңның түлегіне, өлеңнің экскаватор күрегіне теңеп, Айыртау ауданының орманын, егістерін, өрістерін жырлап сөз бастады. Ал Көкен ақын қарсыласының жүрексініп отырғанын бірден аңғарып, кеселі ой түйдегімен тереңнен барлап сөз қозғады.

Көкен:

Табыс мол биылғы жыл елімізде,

Ғажап бар туып өскен жерімізде.

Коммунизм шыңына шыққан сайын,

Сан жетпес еңбектегі ерімізге [3; 195], –

деп ақын жалпы республикамыздың алға қарай өрлеп бара жатқандығын, халықтар арасындағы достық пен туыстықты, бірліктің нығая түскендігін, сан жетпес ерлік істерді жырлайды. Ал Кəрім ақын өз ауданының ғана ен дəулетін тізбектей жырға қоса жөнелді. Бірақ Көкен:

Егінмен, Кəрім маған ере алмадың,

Көзіңмен көрмеген соң сене алмадың.

Он жеті миллион пұт астық бердік,

Сен мұның тең жартысын бере алмадың.

 Жаз бойы жайылыма малды жайып,

Жарыста озып шықты Қозыбаев.

Атақты бір совхоздың шамшырағы,

100 қойдан 120-дан қозыны алып [3; 198], – деп

ақын əрдайым айтыста барлық шынын айтып, алдына жан салмайды. Кəрім ақын да шамасы келген- ше ауданының намысын қолдан бермеуге тырысып бақты, бірақ Көкен Шəкеевтің ел өмірімен егіздігі, бірлік-тұтастығы, білімділігі мен тапқырлығын қоса, ойлылығымен, талғампаздығы əркез шоқтығы биік өнердің шыңына жетелейді.

Ақынның келесі облыстық айтыстарының бірі — 1971 жылы Зеренді ауданының ақыны Жаналы Сəкеновпен кездесуі. Көкен Шəкеев сөз басын бейбіт өмір кешіп жатқан қазақ елдерін, елі, жері үшін аянбай, тынымсыз еңбек етіп жатқан ерлердің ерлігін жырлаумен бастады.

Зеренділік Жаналы ақын:

Келді ғой тағы кезек жырлайтұғын,

Мініңді ашып айтып шыңдайтұғын.

Мен өзім жас та болсам мінезім бар,

Бас иіп жеңілем деп тұрмайтұғын [4; 192, 193], –

деп Жаналы ақын Көкен Шəкеевтің кемшілігін таба алмай, ауданын тақырға теңеп, бос сөзге салы- нумен болды. Көкен ақын əрдайым туған елін, жерін, елдікті алға ұстап, шынайы шындықты келісті де көркем етіп жырлайды. Көкен Шəкеевтің қадірі мен қасиеті, жеңісінің сиқыры да осында іспетті.

Жоғарыда ақынның облыстық деңгейдегі сөз жарыстарына, айтыстарына тоқталдық. Байқағанымыз, ақынның көтерген əлеуметтік мəселелерінің маңыздылығынан, тереңдігінен, өткірлігінен елінің, жерінің, ауданының намысын қолдан бермей, əрдайым жеңіс тұғырынан көрініп, халқының қалаулысына, көрерменнің көзайымына айналып жүрген. Ақын енді республикалық деңгейдегі айтыстарға қатысып, облысының намысын қорғауға жолдама алғандай. 1969 жылы Көкен Шəкеев Семей облысының ақыны Қалихан Алтынбаевпен айтысты.

Көкен:

А, құйыл жыр көмекейден келші саулап,

Уа, сүйсінтші тыңдаушыңды бірден баурап.

Арналсын алғашқы сөз шын жүректен,

Өсірген партияға бізді баулап [4; 187], –

деп Көкен Шəкеев əлеуметтік маңызы зор партия, Қазақстанның 50 жылдығы жайлы сөзін бастайды. Семейлік Қалихан ақын аталы сөзге мардымды жауап бере алмай, жеке басын мадақтап, Көкен Шəкеевтің кемшілігін, мінін іздеумен болды.

Келесі республикалық айтыстардың бірі — 1972 жылы Жамбылдың 125 жылдығына арналған Талдықорған облысының ақыны Əбікен Сарыбаевпен өнер жарысы. Суырып салма ақындардың бұл кездесуі əр облыстың əлеуметтік жағдайы, тұрмысы, табысы жайлы болғандықтан, мұндай күрделі де кесек айтыстардың əлеуметтік мəн-мазмұнының үнемі еселей артып, ұшталып отыратынын көреміз.

Көкен:

Арқалы ақындығым отыр буып,

Көргем жоқ айтысудан ешбір суып,

Байлығын қысқа тонның етегіндей,

Сонда да мақтанасың жел сөз қуып [4, 196], –

деп Көкен елдің ішінде даңқы шыққан еңбек ерлері, атақты адамдарды, туған жері Көкшені жырына арқау етті. Өз кезегінде Əбікен ақын да туған жері жайлы отты сөздерін түйдектете төкті.

Əбікен:

Жетісудай жер бар ма?

Нұрмолдадай ер бар ма?

Шəкіртіне сабаздың,

Көкшетауда тең бар ма? [4, 197], –

деп Əбікен Талдықорған жерінің, елінің кереметтігін Көкшетаумен салыстыра жырын тербейді. Сөйтіп, өткір тілді, орақ ауызды ел ақындары облыстарының табысын кезек-кезек кестелеп, бейне- леп, сөз соңында бірін-бірі аймақтарына шақырып, қоштасып, артық кеткен жерлері үшін айып сұрайды. Айтысқа түскен екі саңлақ өздерінің тапқырлықтарын, шешендіктерін, мəдениеттіліктерін, көркем тілге шеберліктерін толық таныта білді.

1984 жылы Көкен Шəкеев республикалық айтыста Талдықорған облысының ақыны Қайдар Ма- мановпен өнер жарысына түсті. Өкінішке орай, Қайдардың сөзі жазылып алынбаған. Білімді, дана ақын Көкен Шəкеевтің əрбір сөзінде қазақ елінің байлығы, бейбітшілігі, халқының еңбекқорлығы, тарихи адамдары, қоныс мекендері, əр елге тəн əдет-жоралғылары білгірлікпен баяндалады. Мəселен:

Тасытқан ел байлығын берекесін,

Дегізіп «Қазақстан ел екенсің»

Советтер елі болып атап өтті,

30 жыл тың игеру мерекесін [4; 203], –

деп Көкен ақын бүкіл қазақ елінің жетістіктерін барлап, ұлылы-кішілі ауызға ілінген азаматтарын бетке ұстап, алғашқы сөзін бастайды.

Талдықорған менің де мақтаншышым,

Ыризамын жыр тербетіп жатқан үшін.

Бір сен емес, еліме мақтан болған,

Нұрмолда, Ілекендерді тапқаны үшін.

 Ел ортақ, ерлер ортақ, еңбек ортақ,

Мен емес кемітетін елдің ісін [4; 205], –

деп Көкен Қайдарға қарсы жауабында Талдықорған елінің тарихи адамдары, дархан дарындары жай- лы өте білгірлікпен келісті жырлайды. Айтыс ақындарының дəстүрі бойынша, Көкен Шəкеев аттары мəлім адамдар жайлы жырлап кетеді. Көкен Шəкеевтің бедел тұтқан адамдары Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Орынбай, Ақан сері, Шоқан, Жақан, Жұмағали, Шəкен, Мəлік, Мұса, Еркеш, сондай-ақ ол тағы да басқа көптеген тарихи тұлғаларды дəріптейді. Сөз соңында Көкен ақын облысының əлеуметтік жағдайына тоқталып көсіледі.

Мен мақтасам елімді,

Айтамын шалқар егінді.

Мыңғыраған малым бар,

Ет пен сүтім берілді.

Саулықтардың соңынан

Қозылары ерілді.

Екі жылда алмайсың

Биылғы алған төлімді.

Заманым тыныш тұрғанда,

Толысайық, толайық.

Елімізді көркейтіп.

Гүл бақшаға орайық.

Алдағы болар съезге

Зор табыспен барайық,

Көріскенше күн жақсы,

Кенекемнің тойының,

Қызығына қанайық [4; 209].

Ақынның келесі республикалық айтысында 1990 жылы Солтүстік Қазақстан облысының ақыны Бүркіт Бекмағанбетовпен сөз сайысына түсті. Көкен ақын əдеттегідей халқының ырысы, азаматтарының жомарттығы, ел-жер байлықтары, тау, су, жазық-жайылымдарын, бейбіт өмірді келістіре жырлап, ой байлығын танытқандай айтысты бастады. Жас ақын Бүркіт те өз мекенін өлеңге қосып төгілте түсті. Бірақ Қызылжардың жағдайын жақсы біліп тұрған Көкен ақын қарсыласының сөзіне қанағаттанбай, ел ішінде көрініс тапқан əлеуметтік мəселелерді қозғады. Көкен ақын жанына тыныштық бермеген Қызылжар облысының бірталай кемшіліктерін, мінін саралай қарсыласына дөп басып айтты. «Айтыс — үлкен өнер, халықтың рухани азығы, сонымен бірге идеологиялық тəрбиенің өткір құралы. Əдетте шындық айтыста туады дейміз, жетістігіміз қандай, кем-кетігіміз не, солардың бəрі айтыс өнерінің назарынан тыс қалмайды. Алқа топта ақын аузымен айтылған ащы шындықтардың салмағы да оңай болмаса керек» [2; 54], — дейді ғалым.

М.Дүйсенов, К.Шəкеев айтыстарында ел-жұрт, ағайын-туған, жекжат-жұрағат амалдығы, ағайын арасының татулығы, ел-жер шоқтығы сыналай сөз болып жатса, енді бірде өмір, тұрмыс, тəлім- тəрбие, адамгершілік, мораль мəселелері қоса-қабат əңгіме аясына айналды. Осыдан келіп ақын айтыстарының да əлеуметтік мəні маңызды көрініс табады. Себебі бұл Көкен Шəкеевтің ақындық, суырып салушылық дарынына, өнерпаздығына, өнертанымына, ішкі рухани қуат-күшіне, аңғарымпаздығына, байқағыштығына тікелей байланысты.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Жармұхамедов М. Айтыс. — Алматы: Білім,
  2. Дүйсенов М., Сейдеханов М., Негимов С. Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты. — Алматы: Ғылым, 1982.
  3. Шəкеев К. Көкшем менің. — Астана: Елорда,
  4. Шəкеев К. Көкшетаудың ұлымын. — Алматы

  

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.