Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өлең-шежіренің өзекті қырлары

Сан ғасырлы тарих қойнауынан өңдеуге түссе де өзегін үзбей жалғастылығын тауып келе жатқан асыл қазыналарымыздың бірі шежіре екендігі белгілі. Мəдениеттің, əдебиеттің, тарихтың дамуына, өсіп-өркендеуіне шежіренің де қосқан өзіндік үлесінің бар екендігін мойындамасқа болмайды. Өркениетті ел болу үшін өзіңді өзің тануың керек, басқаларға да таныта білгенің дұрыс. Осы салада жұмыс жүргізген адамға шежіренің жан-жақты демеуші болары сөзсіз. Дерегі деректе шалдығып, тарих қойнауының көлеңкесінде қалған көмескі көріністерге көз жеткізу үшін шежіренің шымылдығын ашқан жөн. Ғалым А.Сейдімбековтың: «Шежірешілдік көшпелі қоғамдағы əрбір қазақ үшін теңізшінің қолындағы компас сияқты қажеттілік болған» деп пайымдауы сондықтан. Олай болса, өткен өмірімізді толық танып білу үшін əдебиетіміз бен мəдениетімізді жан-жақты дамыта түсу үшін шежірені шұқшия зерттеудің маңызы зор болмақ.

«Шежіре» деген сөздің өзіне зер салып қарайтын болсақ, дəуірдің ұзақ жолында қалыпқа түсіп, төл тіліміздің түлегіндей қолданылып келе жатқанымен, түпкі төркіні араб сөзінен шыққандығы белгілі. «Шаджарат» деген сөздің қазақшалағандығы мағынасы бұтақ, тармақ болады. Оның біздің тілімізге қай кезде енгендігі жайында тап басып айтатын нақты дерек əзірге жоқ. ҚазССР-нің қысқаша энциклопедиясында шежіре туралы былай делінген: «Халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымдарының бір тармағы. Ру-тайпалардың өрбуін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми шежіре мəдениетті елдердің бəрінде де кездеседі» [1; 54]. Бұл келтірілген үзіндіні шежіреге берілген анықтама деп қарауға болмайды, түсіндіру, ұқтыру деп қабылдаған жөн. Ал, нақты анықтамасын беру үшін арғысы А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамбетұлы, бергісі Ш.Ыбыраев, А.Сейдімбеков сияқты зерттеушілердің еңбектерін оқып барып, ой қорыту керек.

Қазіргі кезде шежіре жайлы зерттеу еңбектерден гөрі, жарыққа шыққан шежірелер əлдеқайда көп. Осыларды оқыған адамның шежіре сөзінің қолданылу аясының ауқымды, кең екендігін аңғарары хақ. Көпшіліктің ұғымында шежіре белгілі бір рудың немесе елдің ата-бабасын жіктеп-жіліктеп тарататын жүйелі түзілім. Əрине, бұл түсінікті жоққа шығаруға болмайды. Шежіренің негізгі өзегінің осы екендігі де рас. Бірақ күннің өзінен гөрі, сəулесінің қызуының пайдалы екендігін ескерер болсақ, шежіренің де сипатын, саласын, байланысын, мазмұнын тұтастандыра отырып зерттеген жөн болмақ. Күнделікті өмірдегі сөйлеу тілімізде «шежіре» сөзін қолданудың үш түрлі аясы бар екендігін аңғарамыз. Біреуін жоғарыда атап өттік. Яғни ата-бабамыздың таралуын көрсететін кесте. Сондай-ақ өткен өмір өткелдерін көкейіне тоқыған, көпті көрген, көне көз қарияларды «шежіре қарт» деп те айтады. Бұл жерде «шежіре» сөзі «тарих» деген ұғыммен үндесіп тұр. Яғни, тарихымыздың жан- жақты хабары бар. Ойына мол мəліметтерді жинақтаған жəне оны арнасымен жеткізе білетін ақсақалдарымызды құрметтеп осылай атаған. Ауыз екі сөйлеу тіліміздегі келесі бір қолданыс «шежірешіл қария» деген тіркес. Бір қарағанда, бұл «шежіре қарт» деген ұғыммен мəндес, мағыналас секілді болып көрінеді. Ал, ой елегінен өткізіп салмақтар болсақ, соңғы тіркестің шешендер, ақындар жайында, олардың соңында қалдырған мол мұралары турасында кеңінен қозғап сыр шертетін əңгімешіл адам туралы айтылатындығын аңғаруға болады. Міне, сөйлеу тіліміздегі «шежіре» сөзінің осыншама тармақталып, тарамдалып кететініне көз жеткізгеннен кейін зерттеу жұмыстарымызда да оны жан-жақты, кең көлемде алып қарастыруға тура келеді.

Көптеген зерттеуші-ғалымдарымыз шежіре жайлы ой салатын келелі-келелі ғылыми пікірлер айтқан болатын. Айтарымыз, тұщымды да тұжырымды болу үшін біраз пікірлерді келтіре отырып, байлам жасағанымыз жөн. Ғалым А.Байтұрсынов өзінің «Əдебиет танытқыш» деген еңбегінде шежірені қара сөздің бір түрі əуезе тобына жатқыза келіп, былай дейді: «Шежіре — өткеннен дерек беретін сөздің бір түрі. Шежіреде уақиғадан гөрі, өткендердің түс, туысы көп айтылады. Сондықтан шежіре уақиға сарынымен емес, уақыт, туыс сарынымен айталатын əуезе тобына жатады. Шежіре болған уақиға жайынан сөйлесе, себебін, мəнісін айтпай, тек мағызды түрде айтса, екінші жерде сұйылтып ұсақ-түйекті сөз қылады. Бір жерінде рас болған оқиғаны суреттесе, екінші жерде тек жұрт аузындағы əуезе болған өтірік-шынды əңгімелерді сөйлеп кетеді» [2]. Ғалым бұл жерде осы пікірі арқылы шежіренің өзіне тəн белгілерін ашып, сипатын айқындап, ажыратып беріп отыр. Ғалым- зерттеуші Х.Досмұхамедұлы: «Рулар мен жекелеген тұлғалар туралы аңыздар халық əдебиетінің шежіре» аталатын үлкен бір боліміне кіріспе қызметін атқара алады. Əрбір қазақ өз руын, атасын 7–

10 буынға дейін таратып айтып бере алады. Ақсақалдардың ішіндегі ерекше зеректері көптеген рулардың, тіптен бір жүздің немесе үш жүздің басқа да туыстас түрік жұрттарының шежіресін тарқата алады. Дəл осындай хандар шежіресі де бар. Өлеңмен жазылған, поэма түріндегі шежірелер де ұшырасады» [3], — деп нақты ғылыми тұжырым жасаған. Мұнда екі мəселеге айрықша назар аударғанымыз жөн. Алғашқысы шежірені халық əдебиетінің бір бөлімі ретінде қарауы болса, екіншісі поэзия түріндегі шежіренің де болатындығы. Сондай-ақ ғалым Ш.Ыбыраев шежірені салтқа қатыссыз фольклорлық тобына жатқызады [4]. Міне, жоғарыдағы келтірілген үзінділер мен ой- пікірлерден мынадай нақты байлам жасаймыз. Шежіре — фольклордың ертегі, аңыз, хикая тəрізді үлкен бір саласы. Ол тарихпен тығыз байланыса отырып, дамыған, өскен, өркен жайған.

Шежіренің бойынан төмендегі сипаттарды байқауға болады. Біріншіден, құрастырған, шығарған авторының ұмыт болып, халықтық мұраға айналуы. Екіншіден, бірден-бірге ауызша көшіп, ел ішіне кеңінен тарауы. Үшіншіден, сан ғасырлар бойына көптің талқысы мен айтушылардың ой елегінен өтіп, өңдеуге, өзгеріске түсіп сұрыпталуы, сомдалуы. Төртіншіден, қай уақытта, қай кезде шыққандығын тап басып айтудың мүмкін еместігі. Бесіншіден, бір рудың шежіресінің өзінің бірнеше варианттары кезеседі. Міне, осы аталған ер екшеліктердің барлығы фольклорға тəн ортақ белгілер екендігі айдан анық. Қандай саланы алып қарасақ та, өзіне тəн өзегінің болатындығын білеміз. Мəселен, эпикалық туындылардың негізгі өзегін оқиға дейтін болсақ, лирикалық шығармалардың өзегі — халықтың тұрмыс-тіршілігі, көңіл-күйі. Сондай-ақ шежіренің өзегі — ата-текті тарату жүйесі. Тарих дерекке сүйенеді. Аңыз-əңгімелер, хикаяттар, əпсаналар оның кейбір тетіктерін ашуға септігін тигізгенімен, негізгі сұрақтарына толымды жауап бере алмайды. Шежіре де дəл солай. Мəселен, көптеген шежірелерде Қаркесектен (Болатқожа) Ақша, Түйте туады делінеді. Қосымша мəліметтерді пайдалана отырып, Болатқожаның өмірде болғандығын дəлелдеуге болады. Ал, Ақша, Түйтені балалары ма, əлде бірнеше атадан кейін келіп шыққан ұрпағы ма, кесіп айту мүмкін емес. Шежіренің осындай сипаттары біздің жоғарыдағы айтып кеткен пікірімізді айғақтай түсері хақ.

Ғалым А.Сейдімбеков: «Шежірешілік — құрғақ хронология немесе адам аттарының жалаң тізімі емес» [1; 45], — деп атап көрсеткен болатын. Өте орынды айтылған пікір. Егер шежіренің астарын ашар болсақ, тарау-тарау ғажайып өрнектерді көреміз. Тарихи мəліметтер, ата-бабамыз жайлы аңыздар, шебер тілді əңгімелер ата-тек кестесімен, өрілген бұрымдай тұтастанып үйлесім тапқан. Шежіренің осындай мазмұнын байытатын, өз алдына жеке бір дүние етіп көрсететін тұстарын елемей, ата-тегімізді тарататын жүйе ретінде ғана алып зерттейтін болсақ, оның сыры мен сипатын, тамаша табиғатын ашу мүмкіндігінен мақұрым қалған болар едік.

Осындай шежірелік халық ауыз əдебиетінен де байқауға болады. Эпикалық туындылардың ішінде ерекше орын алатын саланың бірі — қаһармандық эпос. Барша халыққа танымал «Алпамыс батыр» жырының алғашқы өлең жолдарына назар салып көрелік:

Бұрынғы өткен заманда,

Дін-мұсылман аманда,

Жиделі Байсын жерінде,

Қоңырат деген елінде

Байбөрі деген бай болыпты [5; 86].

Жырдағы Қоңырат — рудың аты. Байбөрі деген байдың осы рудан екендігі баяндалып тұр. Соның нəтижесінде келтірілген үзіндіде шежірелік сипаттың жатқандығын аңғара аламыз. Көзімізді нақтырақ жеткізу үшін «Арқалық батыр» дастанына үңілсек:

Ел еді егіз жатқан Керей,Найман,

Шығады сөз болмаса мизан қайдан.

Қазақтың хан билеген заманында,

Болыпты қазақ, қалмақ барымта алған [5; 283].

Немесе

Арқалық жастан шыққан бағалы ерім,

Бəйімтей деген мен бір ағаң едім.

Нəліқара, Ботақара, Төлеңгіттен,

Хабарды жетсін деген ала келдім [5; 286].

Дастанның алғашқы бастауларында осындай түйдек-түйдек тіркестер арқылы, ру атауларын қолдана отырып, батырдың шыққан тегін тыңдаушы қауымға жеткізіп отырған. Олай болса, ғалымның біз келтіріп отырған жоғарыдағы пікірінің дұрыстығын, шежірелік мəліметтердің кіріспеде айрықша қолданылғандығын жəне оның халық ауыз əдебиетінен жалғасып келе жатқан дəстүрлі құбылыс екендігін мойындауға да мақұлдауға да тура келеді.

Ғалымның пікіріндегі екінші бір назарда ұстанатын мəселе өлең түріндегі шежіренің болатындығы туралы айтқаны. Яғни өз заманындағы көпшіліктің талап-тілегіне сай шығармаларын туғызған ақын-жыраулар, ел ішіне аңыз болып тараған шежірені назардан тыс қалдырмаған, бір атаның немесе бір рудың бұтақ-тармақтарын басшылыққа ала отырып, шежіре-толғауын туғызған. Олардың бір тобының талай өнерпаздардың тіл өнеге мен ой елегінің екшеуінен өту барысында өңдеуге түсіп, бастапқы шығарушыларының ұмыт болуы да фольклорға тəн құбылыс екендігі белгілі. Ендеше, халық ауыз əдебиетінде өлең түріндегі шежіренің бар екендігін жоққа шығара алмаймыз.

Танымал ғалым, зерттеуші Ш.Ыбыраев шежірені салтқа қатыссыз фольклордың тобына жатқызады [6]. Əрине, нақты дəлелдер келтіріле отырып, айтылған мұндай тұжырымның ұлттық шежіренің мазмұндық сипатына ғылыми тұрғыда назар салсақ жөн екендігін анық аңғарамыз.

Шежіренің тарихпен тұтастықта таралатындығы рас. Өйткені ондағы кісі аттары, ру атауларының бір бөлігі өмірде болған тұлғалардың негізінде қалыптасқан. Десек те, шежіренің таралуы, аңыз желісін бойына сіңіруі, өлең түрінде де айтылуы, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалуы, фольклорға тəн дəстүрлерді жинақтауы халық ауыз əдебиетінің бір тармағы ретінде қарастыруға негіз болатындығын көрсетеді.

Егер шежірешілдікті қазақтың ұлттық болмысының бір қыры деп танысақ, ел əдебиетінің мұраларындағы шежірелік иірімдерді бүгінгі көркем туындыларға дейін қолданылып келе жатқандықтан, фольклорлық дəстүр деп қарастыруға да болады. Қазақ шежіресі жайлы салиқалы, ғылыми пайымдаулар айтқан ғалым А.Сейдімбек былай дейді: «Қазақтың шежірешілдігін, дəлірек айтсақ, қазақтың тарихшылдығын ұлттық қасиет деуге болады. Бұл, əрине, ерекше артық жаралғандықтан немесе артта қалған жабайылықтан емес. Қазақ халқының шежірешілдігін тарихи санасының сергектігі, ең алдымен, оның ұзақ ғасырлар алдында көшпелі өмір салтта болуымен сабақтастырған жөн. Ал, салт атты көшпелілер өркениетінің (цивилизациясының) Еуразия ойкуменінде үш мың жылдық тарихы бар. Біздің заманымызға дейінгі ХІ ғасырдан бастап, біздің заманымыздың ХVІІІ ғасырына дейін еуразиялық далада бір ғана өндіріс тəсілі болады. Ол — көшпелі мал бағушылық еді» [1; 59]. Бұл жерде бізге қасиетті назарға алатын бір мəмле, көшпенділер үшін шежіренің ағайындықты танып-білуі үшін өте қажеттілік болғандығы. Соның нəтижесінде өзегін жоғалтпай өміршеңдік танытып, ғасырлар бойына жалғасып отырғандығын байқаймыз. Мұндай маңызды дүниенің халықтың рухани байлығы болып табылатын поэзия əлеміне еніп, тұтас жүйенің бөлінбестей бөлшегіне айнауы қалыпты жайт. Оның үстіне шежіренің поэзия түріндегі нұсқасы туындап жатса, бұл өлеңді сөздің атасы деп түсінген қазақ халқы үшін жат қылық емес еді.

Шежіренің белгілі бір деңгейде туыстық байланысты айқындайтын құрал ретінде ата- бабаларымыздың қолданып келгендігін жасыра алмаймыз. Ал, осының астарында бірліктің тұтастық негізі жатқандығы мəлім. Қазақ шежіресі жайлы ой-толғам жазған З.Сейдімбековтің еңбегінде мынадай пікір бар: «Бұрынғы қазақ жастарында жүректі дүр сілкіндіретін өткінші махабаттық сезімнен мызғымас бауырмалдық сезім басым болған. Бір атаның емес, бір рудың кəмелетке жеткен ұлы мен қызы өздерін бір əке, бір шешеден туғандай сезінген. Оларға салт етпе махаббаттық сезім бауырмалдық сезімдегі ар-ұяттың алдында мүлдем басылып қалған, əрине, көп ішінде жеңіл сезімге берілгіш жеңілтектер де жоқ емес еді. Негізінде, «Малым — жанымның садағасы, жаным — адамның садағасы» деген халқымыз ар-намысты барлық сезімнен жоғары қойған. Оған да рулық дəстүрдегі тəрбие ерекше үлес қосқан» [7; 5]. Мұнда жазушының махаббат пен туысқандықты салыстыра қарауы, шынайы сүйіспеншілікті өз тарапынан басқаша бағамдауы тиімді қолданыс емес. Бірақ алыс ағайынның өзін бір туғандай сезімге бөлеудегі шежіренің атқаратын қызметінің айрықша болатындығын жақсы байқаған. Олай болса, мұндай жалпы көшпенділерге пайдалы қолданымның, рухани байлықтың барлық саласынан бой көрсетуі, көпшіліктің талап-тілегіне сай туындаған қажетті құбылыс деп бағалағанымыз жөн.

Сонымен біз көркем туындыларға шежірелік қолданыстарды фольклорлық дəстүр тұрғысынан қарастыруға болады деген өз ұсынысымызды ортаға салғымыз келеді. Ал, көркем туындылардың қомақты бөлігін халық ақындарының шығармалары құрайтындығы баршаға белгілі. Бұл орайда ХІХ ғасырдағы Сүйінбайды, Майлықожаны, шежіре-толғау туғызған Шөжені, Орынбай мен Кемпірбайды, ХХ ғасырдың алғашқы жартысында ақындық құрған Шашубай, Доскей, Иса, Кенендерді атап айтуға болады.

Атамыз Адам пайғамбар,

Топырақтан жаралды.

Үшбу жонның баршысы,

Сол Адамнан таралды [8; 18], —

деп жырлаған Шортанбайдың бұл толғауының сюжеттік негізі діни аңыздың желісінен алынғанымен, мазмұндық сипатынан шежірелік көріністі аңғаруға болады. Дəл осы тектес қолданыс Базар жырауда да кезігеді:

Он сегіз мың ғаламнан,

Біз бір пенде Адамнан.

Неше дүркін ел өтті,

Сонан бергі заманнан [9].

Əрине, бұл келтірілген үзінділерде шежірелік белгілер байқалғанымен, нақты, толыққанды көріністер жоқ. Ал, мұндай нақты көріністерді халық ақындары туғызған дастандар мен тарихи жырлардан анық аңғаруға болады.

Қазақтың халық ақындарының бір тобы Монғолиядағы Баян-Өлгий аймағында өмір сүргендігі кейінгі ғылыми зерттеу еңбектерінде, шығармалары жан-жақты талдана отырып айтылып жүр. Осы жолда еңбек сіңіріп жүрген əдебиетші-ғалымдардың арасында Шынай Рахметұлы, Қабидаш Қалиасқарұлы, Қаржаубай Сартқожаұлы, Саян Қожыбайұлы, Базылхан Бұқатұлы, Хұрметхан Мұхамəдиұлы тəрізді көрнекті тұлғалар бар. Ал, аталған аймақтағы халық ақындарының қатарына Қабанұлы Тауданбек, Бөжекұлы Төлебай, Отарбай, Қожекеұлы Мешел, Үлімжіұлы Ақыт қажы, Бабиұлы Ақтан, Алақанұлы Ақып жəне тағы басқаларын жатқыза аламыз. Аталған ақындардың артына қалдырған мұраларын жанрлық тұрғыдан топтастырсақ толғаулары, арнаулары, айтыстары, дастандары деп, ал тақырыптық жағына назар салсақ, адамгершілік, ерлік, туған жер, махаббат, оқу- білім т.б. деп топтастыруға болады. Қалай десек те, өнерпаздардың өз заманындағы халықтық мұқтажын жырлап өткендігін аңғарамыз.

Баян-Өлгий өлкесінен шыққан көрнекті халық ақыны, өзінен соңғы көптеген өнер иелеріне ұстаз болған өлеңі өрнекті, тілі шұрайлы Ақыт қажы Үлімжіұлы. Өмір жолына шолу жасай кетсек, ақын 1868 жылы Алтай аймағының Қайырты деген жерінде дүниеге келген. Бала кезінде Бұхардан келген молладан сабақ алып, діни сауатын ашады. Ақыттың өз сөзіне сүйенер болсақ, молланың есімі — Махбубулла.

Ержетіп да молладан алдым сабақ,

Есімі дүр Махбубулла асыл талап.

Бұхардың ақсүйегі дəл өзінен,

Шығады дені сайын ғылым тарап [10; 7].

Ақын сауатты бола тұрса да, ертеден келе жатқан суырыпсалмалық дəстүрді берік ұстанған. Қырықтан астам арнаулары мен толғаулары, бірнеше қисса-дастандары бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен. Біз Ақыттың шығармаларының жариялануына байланысты мынадай деректі келтіре кеткенді орынды санадық: «Артына өшпес із — сара жол, мол мұра — асыл сөз қалдырған халқымыздың ақыл ғой ақын данасы Ақыт қажы Үлімжіұлы Қарымсақтегінің жыр қазынасы ұшан-теңіз. Ақыт қазақтан алғашқы болып 1897 жылы Қазан қаласында «Жиһанша» қиссасын бастырған екен. Іле-шала

«Хиямет ахуал» қатарлы бірнеше шығармасы Қазанда тасқа басылыпты. Дінімізге бұғау салынған жылдарда Ақыт шығармалары көп уақыт жарық көрмей, бертінде бірер шығармасы Монғолияда, Қазақстанда, Шыңжанда кітап, журнал, газеттерде анда-санда жалт етіп көрініп келе жатқан еді. Доктор Қабидаш Қалиасқарұлы жинақтап бастырған «Халық ақындары» (1972), «Замана жыршылары» (1989) кітаптарына бірқатар еңбектері енген. Баян өлкеде Жаңжұңұлы ақын Керей 1991 жылы «Хажыбаян» кітабын Ақыттың жеке кітабы ретінде шығарды. Онда «Хажыбаян», «Жеті хажы», «Қобда кеңес», «44 назым» шығармалары бар. Онан соң 1993 жылы «Ахиретбаянын» да бастырды» [10; 3]. Бірте-бірте ақындығымен елге танылған Ақыт, отыз тоғыз жасында Мекеге барып қажы атанды.

Илəһи, саған жылап қалам алдым,

Тəуекел бар ісімді саған салдым.

Жарандар, атым — Ақыт, молла тайф,

Жасымда отыз тоғыз Мекке бардым [10; 10].

Ел ішінде ақындық құра жүріп, əр түрлі дау-дамайларды əділдікпен шешуге де араласып отырады. Мұндай жағдайда көпшілігінде ислам дініндегі заңдылықтарға сүйенген. Ақын 1940 жылы зорлық пен зомбылықтың тегеурініне төзе алмай 72 жасында абақтыда қайтыс болады.

Ақыт қажының шығармалары тақырыптық жағынан сан алуан. Туындыларының қай-қайсысын болмасын сол заманының маңызды мəселелерін толғаған, мазмұнынан терең ойшылдығын аңғарсақ, сөз қолданыстарынан тіл шеберлігін, көркем сөздің көсемі болғандығын байқаймыз. Ақын мұраларының ішінде айрықша көзге түсетін толғауларының бірі — «Болғанда Керей — Керей» жəне «Абақ Керей шежіресі». Ерекшелігі — бұл туындылар өлең түрінде шығарылған шежіре. Енді осы шығармаларға жеке-жеке тоқталып көрелік.

Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақов өзінің шығармашылық жолын бастағанда Шығыс Түркістан өлкесі Манжүр-қытай империясының билеуінде болатын. Сондықтан ақын өлеңді əлеуметтік ой құралы ете отырып, қалың қауым халқының қамын жырлады. Алдымен заман дəуір келбеті, ұлт-халық тағдыры оның ойын онға бөлді. Басқаның басқаруына кіріптар болған елінің ертеңі не болмақ, күрмеуі көп түйіндерді қалай шешуге болады? Ақыт он сегіз жасында жазған алғашқы өлеңдерінің бірін «Замананы сөйлейін» (1886) деп атауының өзі тегін емес. Өлең өрімі — отаршылдыққа қарсылық.

Береке кетті асыңнан,

Билік кетті басыңнан.

Жылағанмен не пайда

Көзден аққан жасыңнан.

Алманға малың бересің

Зорлықка шыдап көнесің.

Тай көкірек бозбала

Шерлі болып өлесің [10; 24].

Немесе

Батысты қоршап орыс тұр,

Сыртымда қалқа — тор басы.

Ғарып Ақыт мекені —

Өр Алтайдың өр басы.

Айналаң тегіс қоршалды,

Заманың калай, қазағым Жығыла ма осымен

Алаптың тіккен ордасы? [10; 25].

Бұл жолдар бодандық бұғауына ілінген халықтың кайғы-зарындай естіледі. Ақынды «билігі кеткен басынан» елдің мүшкіл халы ойлантады. Еркіндігі жоқ, еңсесі төмен жұртының болашағына аландайды. Шынымен-ақ, «Алаштың тіккен ордасы жығыла ма?». Ақын əлде бір сəуле-саңлауды іздейді. Қайткенде елдікті сақтауға болады. Алма-кезек ауысқан екі ұдай сезім. «Қай қонысқа барайық, боламыз кандай халайық?». Қайда барса — Қорқыттың көрі. Қай қоныс-мекеннен тұрлау- тиянақ таппақ?

Орыс, шүршіт тіресіп,

Біріне-бірі сіресіп,

Ақыры қандай болады.

Кетерсің кімге ілесіп? [10; 42].

Тұйықтан шығудың жолын таппай шарасыздық танытады. Тəуелсіз ел болмай, басқаға бағынышты болу қазақ халқының қасіреті деп біледі. Бұрынғыдай еркіндік жоқ. Заман да, занда өзгерген. Өйткені бұл тұста отаршылдық озбырлық қапысын тауып, қанатын кең жая түскен шағы болатын. Қазақ халқы басқаның жеміне айналып, жетегінде кетті. Ақыт тар заманның тауқыметін тартқан халқының халіне қамығады. «Тозғақ толғағында»:

Не тұрып қолға ту алмай,

Жауыздық жолын буа алмай,

Кең мекенге сия алмай

Тозуға жетті амалым [10; 43], —

деп торығады. «Өр көңілі жасиды, көкірегі ашиды». Осыған қарамастан, ақын ойын бүкпей айтып, қарға тамырлы қазағын қамти сөйлейді. Сонда не істеу керек? Ең алдымен, «досың менен қасыңды айыра біл». Сонан соң ел болып қалудың қамын ойла дейді.

Онсызда казақ елінің

Келеді соры арылмай.

Қашан да опық жерің сол

Дос пен жауды айырмай [10; 49].

Бодандық заманның осындай əлеуметтік кейіп-қалпының сыр-сипатын ашу Ақыт шығармаларының басты сарындарының бірі болған. Ақынның «замананы сөйлейін», «Кайғымды қазып тербеттім», «Тайтекеңнің үйінде», «Күңіреніп тұрған жер Алтай», «Замана келді қырланып», «Зар заман», «Асан ата деп еді», «Заман қалай десеңіз», «Тозғақ толғағынан», тағы басқа өлең- толғауларында заман зары айтылып, отаршылдыққа қарсы наразылық өзекті желі болып тартылады.

«Болғанда Керей-Керей» туындысының мазмұндық сипатына көңіл айдарсақ, мұнда Керей руының үрім-бұтағы тармақтала тарқатылмайды. Сондықтан, бір қарағанда, шежіреге қатысы жоқ туынды тəрізді көрінеуі де мүмкін. Бірақ байыптап зер салар болсақ, Керейден шыққан көрнекті тұлғалардың өз заманында қандай адам болғандығын суреттеу арқылы, осы рудың игі жақсыларының шежіресін жасаған. Жəне осының өзінде ұрпақты тарататын шежіредегі сабақтастықты орындарын ауыстырмай сақтап отырған. Мəселен, мына жолдарға назар салып көрелік:

Дүниеден Уақ та өткен, Керей де өткен,

Бай мен жас, керей менен кедей де өткен.

Дүниеден еш нəрсеге мұқтаж болмай,

Тойұлы Доғалбай мен Бөжей де өткен [10; 22].

Ақынның айтуы бойынша, Доғалбай мен Бөжей Керей руынан шыққан керемет дəулетті байлар. Міне, осындай тəсілмен батырларды да, билер мен шешендерді де, ел басқарған адамдарды да іс- əрекеттеріне баға бере отырып, жырға қосқан. Дегенмен, ақын елдің тұлғаларын сипаттау барысында, заманның ағымынан да хабар беріп отыратындығын көреміз. Мəселен, Жəнібектің батыр, елге қорған ер болғандығын айта келіп, көзі кеткеннен кейінгі соңының соқпақсыз даладағы бет-бетімен кеткен керуендей қалжыраған кейпін əдемі бейнелейді.

Жəнібек заманында болды батыр,

Көрсетті дұшпанына замана қыр.

Қайран ер дүниеден кеткен соң,

Арт жағы быт-шыт болып бара жатыр [10; 22].

Тағы бір назар аударатын мəселе, Ақыт қажы өзінің бұл өлеңінде Керей руының бетке ұстар біртуар азаматтарын ғана жырлап қоймайды, елді ығыр қылған, аты шулы лақшыл адамдардың да бет бейнесін ашқан.

Баласы Топанбидің Сарыбайпақ,

Бітірді төңірегінің бəрін жайпап,

Қалыпсыз сұм нəпсіге еремін деп,

Айрылды аз елінен мүйіз шақап [10; 22].

Осындайда «Мұндағы ақынның мақсаты қандай?» деген сұрақтың ойға оралуы əдбен мүмкін. Өйткені əдетте өнерпаздардың қай-қайсы болмасын, елі мен жері туралы толғау туғызғанда озық қорларын көрсету арқылы, мақтаным сезімін оятатын дүниені өьірге əкеледі. Ал, біздің ойымызша, Ақтанның ел шежіресіндегі келеңсіз көріністі көрсетуі, тілге тиек етуі кейінгі ұрпаққа сабақ болсын деп, ескерту ретінде ұсынған өзінің пайдымдауы тəрізді. Бұл жерде ақынның жай ғана өнер иесі емес, əрі ұстаз, тəлімгер болғандығын да аңғарамыз. Өлеңнің осындай түрлерін көпшілігінде біз айтыс саласында, əсіресе ақындар айтысынан көреміз. Себебі қарсыласына өз елінің тұлғалы адамдарын таныстыру мақсатында, игі жақсыларды салыстыра салмақтау үшін міндетті түрде бір немесе бірнеше қайырма айтылады. Əріге бармай-ақ, баршамызға белгілі «Біржан — Сара» айтысындағы Біржанның сөзіне назар салып көрелік:

Қаржаста бір құтым бар Мұса Шорман,

Үзілмей келе жатыр ескі қордан.

Қазының бел баласы Сағид Оқас,

Құтқарған сан қыранды түскен тордан [9; 54].

Немесе

Орта жүз Абай қойды атын батпай,

Үйіне ояз кірмес жауап қайтпай [9; 55].

Біржан сал осы бір ғана қайырымның өзінде-ақ жиырма екі тұлғаның есімі мен ісін тіліне тиек етіп, таныстырады. Əрине, бұл айтыстағы көрініс. Ал, Ақыт қажыныкі айтыс емес, толғау. Мазмұндық сипаты игі жақсыларды өлеңге арқау ету арқылы Керей елімен тыңдаушыны таныстыру. Ел ішіне еркін тараған шежірені айтудағы мақсаттың бірі — танысу, білісу. Олай болса, таныстырудың өзі шежіренің бір қыры болып табылады екен. Сондықтан біз Ақыттың бұл туындысын өлең-шежіре саласына жатқызып қарастыруға болады деген ұсынысымызды ортаға салғанды жөн көрдік.

Ақыт қажының шежірелік сипатта шығарған келесі туындысы «Абақ Керей шежіресі» деп аталады. Шығарманың атында тұрғандай-ақ, бұл толғауды аңыздың желісінде шығарылған өлең- шежіре деп атауға болады. Қай рудың шежіресін алып қарасақ та, ру атауларына байланысты немесе тұлғалы адамдарға қатысты аңыздардың көптеп кезігетіндігі белгілі. Мысал ретінде Дайырқожаның Ақжол сопы, Болатқожаны Қаракесек аталуына байланысты аңыздарды атап айтуға болады. Осындай аңыздардың бірінің желісіне құралған бұл толғауда он екі Абақтың шығу тегі туралы баяндалды. Ерте заманда өмір сүрген Уақ, Керей деген екі ағайынды жігіттің кішісі Керей Үйсіннен Абақ атты қызды айттырып, үйленеді. Көп ұзамай ұлды болады да, əмеңгерлік салты бойынша Уақ келініне сөз салады. Келісімін бермеген Абақ келін төркін жұртына көшіп кетеді де, сол жақта тұрмысқа шығып, ұлды болады. Атын Қарақожа деп қойған ұлдан Майқы, онан Жанас өмірге келіп, осы Жанастан он екі атын Абақтың тарайтындығы айтылып аяқталады. Толғаудың оқиғасы қызықты, мазмұны тартымды, көркемдігі келісті. Көнеден келе жатқан дəстүрдің де көрінісі бар:

Атадан Ашамайлы қалыпты жас,

Керейге ат шаптырып беріпті ас.

Абаққа қайнағасы кісі салды,

Алам деп, пайғамбардан қалған мирас [10; 135].

Ренжіскен ағайынның ірге көтеріп, алшаққа кететіндігі де тамаша тəсілмен бейнеленген:

Батырдың көңілі қалды келінінен,

Жиылса да тимеді еліменен.

Дүрдараз болып жүрді ауылы алшақ,

Кетпес деп жақын жүрсе көңілімнен [10; 135].

Əрине, туындының қай қырынан алып қараса да толымды дүние екендігін аңғаруға болады. Ал, мұндағы шежірелік қолданыстардың түбірін табу үшін кейбір дереккөздермен саластырғанды жөн көрдік. З.Сəдібековтің «Қазақ шежіресі» деген еңбегінде былай дейді: «Ашамайлы Керейден Қара бидің қызын Үйсін Абақ батыр (Майқы бидің немересі) алып, Керей жерлерінде тұрып қалады. Одан өрбіген ұрпақ Абақ керей атанып кетеді. Олар негізінен Қытай, Монғол жерінде. Абақ керейдің ұраны — Жəнібек» [11]. Егер осы дерекке сүйенер болсақ, ол өлең-шежіредегі аңыздың оқиға желісіне қарсы келеді. Өйткені Ақыттың туындысында Абақ — бəйбіше.

Сұрасаң, бəйбішесі Абақ екен,

Жылқы тегін өсірген жабағы екен. Керей мырза неке оқып алғаннан соң,

Бір ұлды жүкті болып табады екен [10; 134].

Ал, ғалым А.Сейдімбек: «Керей — Ашамайлы (Балта, Қарақас, Сыбан, Сымайыл, Бағылан — Сармат — Көшебе) — Абақ — Жантекей, Жəдік, Қарақас, Шұбарайғыр, Ителі, Шимойын, Меркіт, Молқы, Көнсадақ, Жастабан, Шеруші, Сарыбас» дей келіп, «тарихи деректерде Көшебенің бəйбішесі Абақ екені жазылған («Көшубаева жена князина Абакай...» — «Материалы по истории русско- монгольских отношений 1636–1654 гг.», М., 1974)», — деп жазады [8; 87]. Яғни, Абақ деген əйел адамның аты екендігі байқалып тұр. Олай болса, өлең-шежіредегі оқиға желісінің түп-тамырында тарихи деректің белгілі бір деңгейде сақталғандығын аңғаруға болады. Сонымен, біздің бұл туындыға байланысты айтарымыз толғау шежіредегі кездесіп отыратын аңыздың желісіне орай шығарылған өлең түріндегі шежіренің бір нұсқасы.

Соңғы сөзімізді жинақтай келе айтарымыз, көрнекті ғалымдардың ой-пікірлері бойынша, шежіре ел əдебиетінің бір тармағы болса, халық ақындарының мұраларындағы шежіренің қолданылуын дəстүрлі көрініс деп, ал туындыларды өлең-шежіре деп атауға болатындығын, жəне өлең-шежіренің Ақыт ақынның шығармашылығында екі сипаттағы нұсқалардың кездесетіндігін аңғарттық.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сейдімбеков А. Балталы, Бағаналы ел аман бол. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1993. — 63 б.
  2. Байтұрсынов А. Ақ жол. — Алматы: Жалын, 1991. — 257-б.
  3. Досмұхаммедұлы Х. Аламан. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 14-б.
  4. Ыбыраев Ш. Қазақ фольклористикасы: кеше, бүгін, ертең // «Əлем» альманахы. — Алматы: Жалын, 1991. — 108-б.
  5. Қазақ эпосы. — Алматы: ҚБМКƏБ, 1953. — 675 б.
  6. Ыбыраев Ш. Қазақ эпосы: Салыстырмалы жəне жүйелі зерттеулердің мəселелері. — Алматы: ҚазМУ баспасы,— 107-б.
  7. Базар жырау. Шығармалары. — Алматы: Жазушы, 1986. — 143-б.
  8. Шортанбай. Шығармалары. — Алматы: Жалын, 1998. — 97 б.
  9. Ақын Сара. Шығармалары. — Алматы: Жазушы, 1985. — 144 б.
  10. Үлімжіұлы А. Шығармалары. — Баян-Өлгий, 1994. — 274 б.
  11. Сəдібеков З. Қазақ шежіресі. — Ташкент: Өзбекстан, 1994. — 100-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.