Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері

Айыптау қорытындысын жасап тергеуші іс бойынша өз қызметін аяқтауға құқылы, егер:

  • дәлелденуге жататын барлық мән-жайлар анықталса;
  • айыпталушының кінәсі дәлелдемелермен расталса;
  • оның қылмыстық жауаптылығын жоққа шығаратын (қылмыстық істі қысқартуға негіз болатын) мән-жайлар болмаса.

Айыптау қорытындысын жасау алдында тергеуші бірқатар іс жүргізу әрекеттерін орындауы тиіс. Енді соларға тоқталайық.

ҚІЖК-нің 274-бабында былай делінген: «Алдын ала тергеуді аяқталған, ал жинақталған дәлелдемелерді айыптау қорытындысын жасау үшін жеткілікті деп танып, тергеуші ол жайында жәбірленушіні және оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді немесе олардың өкілдерін хабардар етуге және сонымен қатар оларға іс материалдарымен танысуға құқылы екендігін түсіндіруге міндетті». Мұндай хабар беру ауызша да, жазбаша да болады. Бұл жағдай істе жазбаша ресімделген хабарлама қағаздың, телефонограмманың немесе жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің құқықтары ауызша түсіндірілгендігі туралы анықтаманың көшірмесін тіркеу арқылы көрініс табады. Практикада бұл адамдардың іс материалдарымен танысқысы келетін-келмейтіндігі ертерек анықталады. Бұл оларды азаматтық талапкер, жәбірленуші, т.б. ретінде таныған кезде болады. Олар өздерінің іс материалдарымен танысқысы келетін-келмейтіндігін тиісті қаулыда жазады. Хабар беруден өздері тікелей бас тартқанымен тергеуші оларға тергеудің аяқталғандығы туралы хабарлауға міндетті.

Көрсетілген адамдар тарапынан іс материалдарымен таныстыру жөнінде жазбаша немесе ауызша өтініш болса тергеуші жәбірленушіні, оның өкілін және азаматтық талапкерді немесе оның өкілін іс материалдарымен, ал азаматтық жауапкерді немесе оның өкілін қойылған талапқа қатысты іс материалдарымен таныстырады. Жәбірленушіге және оның өкіліне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе оның өкіліне іс материалдары, олар өз құқықтарын пайдаланғысы келетін жағдайларда ғана беріледі. Егер осы адамдар, мүмкіндігі бола тұрып, белгіленген уақытта іс материалдарымен танысуға келмесе, өз құқығын пайдаланғысы келетіні жайында тергеушіге ертесіне айтпаса, мұндай жағдай іс бойынша әрі қарай іс жүргізуге кедергі бола алмайды.

Тергеу анықтау формасында ғана жүргізілсе жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне тек анықтаудың аяқталғандығы және істің прокурорға жіберілгендігі хабарланады, оларға іс материалдары танысуға берілмейді. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің танысу кезектілігі заңда белгіленбеген. Қылмыстық процестің бірнеше қатысушысын қылмыстық істің мазмұнымен бір уақытта таныстыру немесе қандай кезек белгілеу құқығы тергеушіге берілген. Іс материалдарымен танысудың барысы мен нәтижедері хаттамаға түсіріледі. Алдын ала тергеу органы бұл жайында берілген өтініштерді шешеді.

Егер айыпталушы қорғаушыдан бас тартса, онда қылмыстық істің барлық материалдары оған танысу үшін беріледі. Айыпталушы істің жүргізілумен танысуға қатысуы үшін қорғаушы шақыру туралы өтініш білдірсе, сондай-ақ қорғаушы іске қатысқан  болса,  тергеуші  барлық іс материалдарын айыпталушы мен оның қорғаушысына береді. Бұл субъектілердің біреуінің өтініші болғанда ғана олар іс материалдарымен жеке-жеке танысуы мүмкін. Ондай өтініш, әдетте, өз қолымен жазған өтініш (арыз) түрінде іс материалдарында көрініс табады. Бұл ереже анықтаудың және алдын ала тергеудің жүргізілуі аяқталғанда қорғаушының қатысуы міндетті болып табылатын барлық жағдайларға таралады, яғни егер айыпталушы:

а) қылмысты кәмелетке толмаған жаста жасаса;

ә) ол мылқау, керең, соқыр немесе өзінің қорғану құқығын дене немесе ақыл-ой кемтарлығы себепті жүзеге асыра алмайтын адам болса;

б) сот ісі жүргізілетін тілді білмесе;

в) жазалау шарасы ретінде өлім жазасы қолданылуы мүмкін қылмысты жасады деп айыпталса;

г) алқа соты қарауы мүмкін іс материалдарымен танысса.

Егер алдын ала тергеу кезінде киноға түсіру немесе үн таспаға жазу қолданылса, олар айыпталушы мен оның қорғаушысына көрсетіледі және тыңдатылады. Іс бойынша бірнеше айыпталушы болса, онда оларға өздері қатысқан қылмыстар бойынша жинақталған материалдар ғана емес, қылмыстық істің барлық материалдары ұсынылады. Қылмыстық істің материалдарымен таныстыру кезінде облыстық, қалалық соттардың қарауына жататын қылмыстарды жасаған адамдарға тергеуші олардың ісін   присяжныйлар сотының қарауы туралы өтініш бере алатын құқығын, сондай-ақ мұндай өтінішті қанағаттандырудың заңдық салдары, присяжныйлар сотының үкіміне шағым келтірудің және ол шағымды қараудың ерекшелігін түсіндіреді.

Қылмыстық істі бөлектеу туралы қаулы шығарылған жағдайда істің барлық материалымен танысу процесі бөлектелген іс бойынша да, ол алынған іс бойынша да қайталануы тиіс. Әрине, мұндай жағдайда айыпталушылар тек «өздерінің» істерімен ғана танысады – істі присяжныйлар сотының қарағанын қалаған айыпталушы негізгі (өзінен екінші іс бөлініп шыққан) қылмыстық іс материалдарымен, ал істің жай сотта қаралуын қалаған айыпталушы бөлінген қылмыстық іс материалдарымен танысады. Айыпталушы мен оның қорғаушысы қылмыстық іс материалдарымен танысып болған соң тергеуші олардан қосымша алдын ала тергеу жүргізу туралы өтініші бар-жоғын сұрайды. Қылмыстық іс материалдармен танысқанда айыпталушы одан кез келген мәліметті кез келген көлемде жазып алуға құқылы. Тергеуші оны қаламсаппен және қағазбен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге міндетті.

Тергеуі аяқталған қылмыстық істің материалдары қамауда отырған айыпталушыға және оның қорғаушысына қамауда ұстаудың заңда белгіленген ең көп мерзімі өткенге дейін кемінде бір ай қалғанша танысуға ұсынылады. Айыпталушыны және оның қорғаушысын қамауда ұстаудың ең көп мерзімі өткенге дейін материалмен таныстыру мүмкін болмаса, бас прокурор, облыстық және оған теңестірілген прокурорлар, әскери прокурор қамауда ұстаудың ең көп мерзімі өткенге дейін кемінде 5 тәулік қалғанша бұл мерзімді ұзарту туралы облыстық және оған теңестірілген судья алдында өтініш қозғайды.

Судья өтініш келіп түскен күннен бастап бес күннен кешіктірмей мына қаулылардың біреуін қабылдайды:

  • қамауда ұстау мерзімін айыпталушымен оның қорғаушысының іс материалдарымен танысуы аяқталғанша және прокурордың істі сотқа жіберу кезіне дейін, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы;
  • прокурордың өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы және адамды қамаудан босату туралы.

Қамауда ұстау мерзімі айыпталушы мен оның қорғаушысының алдын ала тергеуді толықтыру туралы өтінішін қанағаттандыру қажет болған жағдайда осы тәртіпте  ұзартылады.

Қылмыстық іс материалдарымен танысуы үшін айыпталушыға жеткілікті уақыт бөлінуі тиіс. Қылмыстық іс материалдарымен танысу туралы хаттамада ол үшін бір-ақ сағат бөлінгендігі көрсетілгендіктен істі қосымша тергеуге қайтарған факт практикада бар. Алматы облысы Талғар қаласының соты ҚР ҚК-нің 138-бабы  бойынша соттаған Б. өзінің іспен асығыс танысқанын, тергеушінің оны қосымша таныстырамын деп, бірақ уәдесінде тұрмағандығын сот мәжілісінде айтқан. Ал хаттамада Б. 313 парақтағы қылмыстық іспен сағат 17-ден 18-ге дейін танысты деп көрсетілген. Алматы облыстық сотының төралқасы үкімді бұзып, қосымша тергеу кезінде Б.ның айтқанын тексеруді ұсынған.

Бұл ережеге қарамастан заң шығарушы айыпталушының іс материалдарымен танысу мерзіміне қандай да шектеу қоймайды. Айыпталушы, өз құқығын пайдалана отырып, істің сотта қаралуын мүмкіндігінше созуға әрекет жасаса, тергеуші мұндай қиянатты жоюға тиісті шара қолданады. Ондай шаралар: мұндай әрекетке жол берілмейтіндігін ескеру; іс материалдарын тергеушінің өзінің оқып беруі болуы мүмкін. Егер бұлардан да нәтиже болмаса тергеуші өзінің прокурор бекіткен дәлелді қаулысымен, іс материалдарымен танысу үшін жеткілікті белгілі бір мерзімді белгілейді. Айыпталушы аудандық (қалалық) соттың қарауына жатпайтын іс материалымен танысқан жағдайда тергеуші істі судьялар алқасының қарағанына айыпталушының келісетін-келіспейтіндігін анықтайды. Айыпталушының бұл мәселеге қатысты пікірі хаттамада көрсетіледі. Айыпталушының қорғаушысының қылмыстық істің барлық материалдарымен танысу кезіндегі құқығы ҚІЖК-нің 70-бабында баяндалған, ол:

  1. Қорғаушы – заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам.
  2. Адвокаттарға, айыпталушының жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне, өз бірлестіктері мүшелерінің істері бойынша кәсіподақтың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне қорғаушы ретінде жол беріледі. Шетелдік адвокаттарға, егер ол Қазақстан Республикасының тиісті мемлекетпен халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, заңдарда белгіленген тәртіппен іске қорғаушы ретінде қатысуға жол беріледі.
  3. Қорғаушы айып тағылған не адам осы Кодекстің 68-бабының бірінші бөлігіне сәйкес сезікті деп танылған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі.
  1. Бір адам, егер сезіктінің, айыпталушының біреуінің мүддесі екіншісінің мүддесіне қайшы келетін болса, олардың екеуіне бірдей қорғаушы бола алмайды.
  2. Адвокаттың өзіне қабылдаған сезіктіні немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқы жоқ.

Айыпталушы мен оның қорғаушысына, сондай-ақ жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне іс материалдарын ұсынғанда хаттама жасалынады, онда танысуға қандай материалдардың берілгендігі, танысу қайда, қашан, қанша уақыт болғаны, қандай өтініш білдіргені көрсетіледі. Айыпталушы іс материалдарымен танысудан бас тартса, бұл факт хаттамада көрініс табады, онда бас тартудың себебі көрсетіледі, егер оны айыпталушы айтқан болса. Хаттама өте ұқыпты жасалынады. Оған түзету жасамауға тырысу керек. Егер ондайдан құтыла алмаса, ол жайында хаттаманың соңында көрсетіледі.

Іс материалдарымен танысушы адам алдын ала тергеуді толықтыру туралы өтініш білдіруге құқылы. Жәбірленушінің азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдерінің жазбаша түрде баяндаған өтініштері жайында тиісті хаттамада белгі жасалынады, ал айыпталушы мен оның қорғаушысының өтініші барлық жағдайда хаттамаға кіреді. Барлық жазбаша өтініштер, сонымен қатар, қылмыстық іске тіркеледі. ҚІЖК-нің жобасында осы қарастырылып отырған іс жүргізу әрекетіне қатысты айыпталушы мен оның қорғаушысының тағы бір құқығы жайында айтылады. Онда былай делінген: айыпталушының сұралған куәгердің ішінен, сондай-ақ іске қатысушы сарапшылардың, мамандардың және куәгерлер ішінен жауап алу және қорғану позициясын растауы және олардың жауаптарын хаттамада көрсетуі үшін нақты кімдерді шақыру керектігін одан анықтау қажет. Алдын ала тергеудің аяқталғаны туралы хабарлау және айыпталушыға іс материалдарын ұсыну туралы хаттамаға әдетте айыпталушының өзі және тергеуші (анықтау жүргізген адам, прокурор) қол қояды. Іс материалдарымен танысуға қорғаушы, заңды өкіл және т.б. сияқты өзге адамдар қатысқан жағдайда, олар хаттамадағы мәліметтердің дұрыстығын растап өз қолдарын қояды. Егер тергеуші жасалған өтінішті қанағаттандырудан толықтай немесе ішінара бас тартса, ол жайында дәлелді қаулы   шығарады, оны құжаттың көшірмесін тапсыра отырып өтініш мәлімдегенге хабарлайды. Қосымша тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін, не істе жаңа құжаттың пайда болуына әкеп соғатын өтінішті басқаша қанағаттандырғанда тергеуші әрбір айыпталушыны жәке олардың қорғаушыларын, тиісті өтініш болған жағдайда – жәбірленушіні және оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді немесе  олардың  өкілдерін іс материалдарымен таныстыруға тиіс. Содан кейін тергеуші іс бойынша ақырғы шешімді – айыптау қорытындысын жасайды. Айыптау қорытындысында істің мәнісі, тағылған айыптың тұжырымы, қылмыстық заңның осы қылмыстар көзделген баптары (бөлігі, тармағы) баяндалады. Айыптау қорытындысы сот талқысының шекарасын анықтайды, ал сот қылмыстық істі айыптау қорытындысында тұжырымдамаларға айып шегінде ғана қарай алады.

Айыптау қорытындысын жасағанда, тергеуші, айыпталушы ретінде тарту туралы қаулыда баяндалған айыптауды ұлғайтуға немесе өзгертуге құқылы емес. Егер айыпталушыға ҚКтің жаңа бабы бойынша айып тағылмаса немесе арнайы қаулымен істің бөлігі қысқармаған болса тергеуші айыптаудың саралануын өзгертуге құқылы емес. Бұл талап айыпталушының қорғану құқығының кепілдігі. Айыптау қорытындысы сот залында жарияланатын құжат, сондықтан да ол қысқа әрі түсінікті, қисынды және қарапайым жазылуы тиіс. Істің мән-жайы және дәлелдеме құлаққа үйреншікті, жеңіл қабылданатын фразалармен жазылуы тиіс. Мүмкіндігінше фразалар қысқа болуы керек. Айыпталушылардың және басқа да процеске қатысушылардың, сондай-ақ сот залында отырғандардың әңгіме не жайында екендігін түсінуіне қиындық тудыратын күрделі заң терминдерін жөнсіз пайдаланудан аулақ болу керек. ҚІЖК-не сәйкес айыптау қорытындысы екі бөлімнен тұрады: сипаттау және қорытынды бөлімдер. Біздің және Арменияның ҚІЖК-тері тағы да кіріспе бөлімнен тұрады.

Істің материалдары қылмыстың жағдайын, оны жасаудағы себептер мен мақсатты оңай түсінетіндей етіп толықтырылуға және баяндалуға тиіс. Фабула адамды айыпталушы ретінде тарту туралы қаулыны қайталамауы керек. Оның көлемі де, мазмұны да аумақты болады. Фабулада ешнәрсе дәлелденбейді. Сипаттау бөлімінің соңында айыпталушының түсініктемесі, оның таққан айыпқа қарсылығы келтіріледі, айыпталушының қарсылығына қарсы дәлелдемелерге сілтеме беріледі.

Тергеу практикасы айыптау қорытындысының сипаттау бөлімін баяндаудың бірнеше тәсілін тапты. Оның ең негізгілері – хронологиялық, жүйелік және эпизодтық тәсілдер.

Хронологиялық тәсілде негізгі дәлелдемелер алдын ала тергеу кезінде қандай реттілікпен жинақталса, сол қалпында көрсетіліп қана қоймайды, тергеудің барысы мән-жайлар мен мазмұн көрсетіліп баяндалады. Әр тәсілді негізгі дәлелдемелер жанама болып келетін күрделі істерде қолданған дұрыс.

Жүйелік тәсілде, ал ол бір эпизодтық қылмыстық істердің 99%-ында қолданылады, тергеудің барысы емес, оның нәтижелері баяндалады, яғни қылмыс оқиғалары қалай дайындалған және жасалған тәртіпте беріледі. Әдебиетте айыптау қорытындысының жүйелік тәсілдегі схемасы беріледі, онда мыналар көрініс табады;

  1. Қылмыстың фабуласы (мән-жайы).
  2. Фабулада сипатталған іс-әрекетке заңдық баға беру.
  3. Осы іс-әрекет субъектісіне айып тағылғаңдығы туралы мәліметтер.
  4. Қылмыстың қылмыстық жауаптылыққа тартылмайтын қатысушыларына қатысты шешімдер туралы мәліметтер,
  5. Дәлелдемелік тарау:

а) айыпталушының тағылған айыпқа байланысты ұстанымы мен көрсетулері;

ә) айыпталушының алибиін теріске шығаратын дәлелдемелер жүйесі;

б) қылмыс оқиғасының және айыпталушының кінәлі екендіктің дәлелдемелік жүйесі;

в) кейбір дәлелдемелерге сыни көзқарас;

г) айыпталушының жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларға талдама;

д) айыпталуының жеке басының қоғамға қауіптілік деңгейін сипаттайтын мәліметтерді зерттеу.

Күрделі, көп эпизодты істерде айыптау қорытындысы эпизодтар бойынша құрылады, олардың әрқайсысы хронологиялық немесе жүйелік тәсілде баяндалады.

Айыптау қорытындысына тергеушінің ойынша сот мәжілісіне шақыртуға жататын адамдардың тізімі және іс бойынша қажетті анықтамалар тіркеледі. Сот мәжілісіне шақыруға жататын адамдар (жәбірленуші, куәгер, сарапшылар, т.б.) тізімінде олардың тегі, аты, әкесінің аты, тұрған (жүрген) жері және олардың жауаптары немесе қорытындылары келтірілген іс парағы көрсетіледі. Практикада, әдетте, бұл көрсетілген құжатта   куәгерден,   жәбірленушілерден  және айыптаушылардан жауап алу хаттамасы бар іс парағы ғана көрсетіледі, ал беттестіру хаттамасының қайда екендігін көрсетуді ұмытып кетеді. Бірақ, жауаптар келтірілген нақты мәліметтер кезін осы екі хаттамамен шектеуге болмайды. Сотқа шақырылатын адамдар тізіміне алдын ала тергеуде сұралғандардың барлығы емес, ең керектілері ғана кіреді.

Қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысына тіркелетін анықтамаларда алдын ала тергеудің мерзімдері, таңдалған бұлтартпау шарасы, айыпталушыны қамауда ұстау уақыты, заттан дәлелдеменің бар екендігі және қайда сақтаулы екендігі, азаматтық талап туралы мәліметтер, азаматтық талапты қамтамасыз ету шаралары мен мүлікті тәркілеу мүмкіндігі, алдын ала тергеу органдарының сот шығындарының түрі мен мөлшері көрсетіледі. Кейде, қашан және кімге қатысты қылмыстық ізге түсу қысқарғанда, айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаттардың тұрған жері туралы мәліметтер көрсетіледі. Тергеу мерзімдеріне қатысты анықтамада мыналар болады:

  • қылмыс жасалған күн;
  • қылмыстық іс қозғалған күн;
  • істі жүргізуге алған күн;
  • оған басқа қылмыстық істерді біріктірген күн;
  • айыпталушылардың әрқайсысына айып тағылған күн;
  • алдын ала тергеу аяқталған және процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстырған күн.

20 және одан көп қылмыстарды қамтитын көп эпизодтық қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысын жасағанда ғана әрбір есі дұрыс айыпталушының қылмыс жасаған күнін анықтамада жеке-жеке көрсетпеуге болады. Егер заттай дәлелдемелер ісімен бірге сақталмаса, онда анықтамада олардың сақтаулы тұрған орны және істің қолхат пен түбіртегі бар беті көрсетіледі. Ал, заттай дәлелдемелер іспен бірге болса, анықтамада олардың тізбесі беріледі.

Кейде күрделі, көп эпизодты істер бойынша айыптау қорытындысына басқа да анықтамалар тіркеледі:

  1. Мазмұны – материалдардың томдар бойынша орналасуы;
  2. Жекелеген жәбірленушілерге зиянның өтелгендігі туралы кесте (анықтама).
  3. Тергеу барысында алынған заттай дәлелдемелер мен құжаттардың тұрған жері туралы анықтама.
  4. Айыпталушылардың әрқайсыларының қылмыстық әрекеттің эпизодтарына қатысу схемасы.
  5. Қылмыстық әрекеттердің әрбір эпизоды бойынша неғұрлым маңызды деректер келті-рілген карточкалар (қысқаша фабула, қатысқандардың аты-жөні, олардың кінәларының негізгі дәлелдемелері, орнын толтыруға жататын залал) және т.б.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Тілеубергенов Е. Криминалистика. – Алматы, 2002. – 7 б.
  2. Криминалистическая тактика. Под. ред. д.ю.н. В.П. Лаврова. – Караганда, 1999. – 37-б.
  3. Гинзбург А.Я. Осмотр места происшествия, Освидетельствование. – Алматы, 1998. – 45-б.
  4. Арыстанбеков М.А., Шакенов А.О. Криминалистика. Қарағанды. – Алматы, 2003.
  5. Корухов Ю.Г. Криминалистическая диагностика при расследовании преступлений. – М.
  6. Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс: Электрондық оқу құрал // Тяжина А.О., А.Л.Хан, А.Қ. Қалиев. – Қарағанды, 2010.
  7. Оразалиев М., Еркінов С., Есболаев Ғ. Тергеушіге арналған анықтамалық кітап: Оқу-тәжірибелік құрал. – Алматы: Жеті жарғы, 2008.
  8. Қылмыстық сот ісін жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы қылмыстық іс жүргізу актілерінің үлгілері/ Т.Е. Сәрсенбаевтың жалпы редакциясымен. – Қарағанды,

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.