Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы этносаралық қатынастардың саяси-құқықтық негіздерінің кейбір мәселелері

Ұзақ жылдар бойы елімізде әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың бейбітшілікте өмір сүруінің теңдессіз тәжірибесі жиналды және де оған әлемдегі басқа мемлекеттер жиі-жиі көз қырын салуда.

Егемендіктің алғашқы жылдарында-ақ еліміздегі ұлтаралық қатынастар мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев [1]: «... ішкі саясаттың іргелі қағидасы ұлтаралық келісім принципі болуға тиіс. Міне, осының өзі демократиялық құқықтық мемлекет құрудағы қазақстандық жолдың және біздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіміздің ерекшелігін айқындайды», деп атап көрсеткен еді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің негізгі функцияларының бірі ретінде этносаралық қатынастарды реттеуді белгілейді. Бұл қатынастар аясында тұрақты және көпжоспарлы саясат белсенді түрде жүргізілуде. Оның өз алдына Қазақстан Республикасы Конституциясы [2] нормаларына сәйкес берік саясиқұқықтық негізі бар. Конституцияның Преамбуласы мынадай сөздерден басталады: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып,...», – деп айқындалған. Бұл – Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа қазақстандық мемлекеттілікті көпұлтты Қазақстанның барлық халқының мемлекеті ретінде сақтап қалуының салтанатты түрде жарияланған құжаттық дәлелі. Бүгінде Қазақстан – 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері, 3088 діни бірлестіктер үшін ортақ шаңырақ [3].

Ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары бар Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және  әлеуметтiк мемлекет ретiнде бекіте отырып, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе  кез  келген  өзге  жағдаяттар   бойынша кемсітуге тыйым салды (Конституцияның 14-бабы 2-тармағы). Ол теңқұқылықты адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарға адамның табиғи қасиеті мен оның қоғамдық сипатына қарамастан тең ие болуын анықтайды.

Әрине, еліміздегі барлық этностардың шынайы келісім мен бірлікте өмір сүруі, ең алдымен, қазақ халқының дәстүрі және табиғи кеңпейілдігі,ұлттық ділінің кеңдігі арқасында екендігінде дау жоқ. Дегенмен Қазақстан тәуелсіздік алған кезде ел басшылығы алдында халықтың келісімін сақтап қалу, қоғамның барлық күш-әлеуетін бір мақсатқа жұмылдыру басты назарда ұсталды. Себебі 100-ден астам этнос өкілдерінің басын біріктірмесе, «бас басына би болып», әрқайсысы «көрпені өзіне тарту» басталар еді. Сонымен қатар саяси күштер бұл жағдайды өзіне қарай бұра тарту қаупі бар еді [4].

1992-1995 жылдар аралығында елдің саясатын реттейтін негізгі құқықтық база қалыптасты. Соның негізінде, Қазақстандағы барлық этнос өкілдерінің мүддесін қамтамасыз етуші ұйым құру туралы идеяны алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының бірінші форумында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев бұл форумды тұрақты негізге ауыстыру идеясын ұсынды. Осыған сәйкес ол Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылған [5].

Қазақстан халықтары Ассамблеясының мақсаты – республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін істәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, Қазақстан Республикасы Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.

Уақыт өте келе, Ассамблея полиэтникалық қоғамның қазақстандық моделінің қалыптасуы мен бекуіне көпшілік жағдайда қызметі этносаралық және конфессияаралық келісімді бекітуге бағытталған теңдессіз институтқа айналды. Бұл институт барлық азаматтардың ұлты мен нәсіліне, діни сеніміне қарамастан бірдей құқық пен еркіндік беру принципіне негізделген саясатты іске асырудың маңызды құралы бола білді. Ассамблея мәдени-ағартушылық – тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта   жаңғырту   және   насихаттау;  тәрбиелік– қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандық қоғамның белсенді бөліктерінің бірі бола отырып, оған қажетті энергия мен қозғалыс береді. Ассамблеяның сессияларында туатын азаматтық-қоғамдық бастамашылықтардың саяси жүйеге қол жеткізуі Қазақстан қоғамының өмір сүру шартының бірі болып табылады. Ассамблеяның қолдауымен қоғамда тұрақтылық қамтамасыз етілді және көлемді реформаларға қуатты импульс берілді, ол Қазақстанның алдағы жылдардағы даму логикасын анықтады.

2007 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Парламенті барлық өкілді билік тармақтарының рөлін елеулі өзгертетін конституциялық түзетулерді қабылдаған. Конституциялық  бағдарламаның  басты  жаңа  енгізілімі– Парламент Мәжілісінің  депутаттар  санын 107 адамға дейін көбейтіп, оның 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясымен сайланатындығы. Бұл қадам Ассамблеяның рөлін жоғары дәрежеге көтеретіні сөзсіз. Қазақстан аумағында тұратын көлемді этностардың өкілдерінен Парламент депутаттары санын көбейту жолымен Ассамблея үшін арнайы орындарды енгізу мүмкіндігін туғызды.

Сонымен қатар Конституцияға енгізілген толықтыруларда Қазақстан халықтары Ассамблеясы емес, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы сөз болғанын ескеру қажет. Президент Жарлығымен құрылған, осы уақытқа дейін бізге мәлім, Қазақстан халықтары Ассамблеясы болған. Бұл түзету маңызды, өйткені біздің Конституциямыз «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы...» деп басталады. Еліміздің халқы біртұтас, бірақ біздің халық ұлттық құрамы бойынша саналуан. Осылай тарихи қалыптасып кеткен және де бұл түзету Республика Конституциясына сәйкес келеді. Сонымен бірге ескеретін жағдай ол Ассамблеяны барлық жылдар  бойы  мемлекет  басшысы Н.Ә. Назарбаев басқарады. Осымен де басынан бастап бұл органның маңызды екенін білдірді. Сонымен қатар республиканың Бірінші Президентінің мәртебесін анықтайтын, 2000 жылдың 20 шілдедегі қабылданған «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті  туралы» конституциялық Заңның 1-бабының  2-тармағына сәйкес, Ассамблеяны ғұмырлық басқару құқығына тарихи маңызды міндетіне байланысты республиканың Бірінші Президенті ие.

2007 ж. 20 тамызында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІІ сессиясы болып өтті. Онда Ассамблея мүшелері Парламент Мәжілісіне өз қатарынан 9 депутатсайлады. Одансоң Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұсұлтан Назарбаев сөз сөйледі [6]. Ассамблеяның болашағы туралы Президент бұл ұйымның қазір мүлде жаңа кезеңге аяқ басқанын және ол біздің еліміздің дамуының, алдына жаңа мақсаттар қоюының логикалық жалғастығы іспеттес екендігін айтты. Өйткені сайып келгендегі біздің мақсатымыз – қоғамды одан әрі ұйыстыру және біртұтас, бәсекеге қабілетті Қазақстандық халықты қалыптастыру. Қазақстандықтар болашақта әлемнің кез келген түкпірінде өмір сүріп, оқып, жұмыс істей алсын. Бірақ олардың жүрегінде Сарыарқаға, Жетісуға, Каспий мен Алтайдың аңызақты далаларына деген мәңгілік махаббат оты жанып тұруы керек. Олар өзінің бейбіт жолмен гүлденіп келе жатқан, белгілі және құрметті елдерімен мақтанулары керек. Міне, халықты осы мақсатқа тәрбиелеу Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеті болмақ.

Елбасы одан әрі осы мақсатқа жету үшін Ассамблеяның алдында қандай міндеттер тұрғанын атап өтті. Сөзінің соңында Президент Ассамблеяның конституциялық мәртебесі өскен соң ол туралы жеке заң қабылдау қажеттігін айтып, Ассамблеяның негізгі мақсаты азаматтық қоғамның негізіндегі біртұтас Қазақстандық халықты құруға бағытталған идеологиялық курсты қолдауға бағытталсын, – деді.

2008 жылғы 20 қазанда «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды [7]. Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара ісқимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру мен жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы [8] мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруға, ұлттық    бірлікті    қалыптастыруға,   қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік және  азаматтық  институттардың өзара іс-қимылын жандандыруға, осы өзара ісқимылдың тетіктерін жетілдіруге, ең алдымен, Ассамблея институты арқылы қол жеткізуге бағытталған негізгі бағдарлар жүйесінің жиынтығын білдіреді.

Тұжырымдаманың  мақсаты   –   Ассамблея  институтын  бұдан  әрі   дамыту   және оның елдің тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайтудағы рөлін арттыру, патриотизм, қазақ халқы мен мемлекеттік тілдің топтастырушы рөлін арқау ете отырып, жалпы құндылықтар негізінде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету.

Тұжырымдаманың негізгі міндеттері:

  • «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асырудың, күшті  мемлекет,  дамыған экономика және Жалпыға Ортақ Еңбек мүмкіндіктері негізінде берекелі Қоғам қалыптастырудың тиімді ресурсы ретінде этносаралық қатынастарды үйлестіру және қоғамдық келісімді нығайту;
  • этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы ұлттық бірлікті қалыптастыру, этносаралық келісім мен қоғамдағы толеранттылықты нығайту үшін қолайлы жағдай жасау;
  • этностық мәдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дәстүрлерін одан әрі дамыту негізінде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікке қол жеткізу үшін этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіру;
  • тарихи тәжірибеге және демократиялық нормаларға сүйенетін қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтар жүйесін қалыптастыру, азаматтардың саяси-құқықтық, әлеуметтікадамгершілік мәдениетін дамыту;
  • этностық мәдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дәстүрлерін дамыту;
  • шет елдерде тұратын қазақ диаспорасына ана тілі, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту, тарихи Отанымен байланысты нығайту мәселелеріне қатысты қолдау көрсету;
  • халықаралық ұйымдар және шет елдердің азаматтық қоғам институттарымен интеграциялық байланыстарды кеңейту.

Әлемдік және дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі біздің елімізде өтті. «ХХІ ғасырда Қазақстан Шығыс пен Батыстың үнқатысуы мен өзара іс-қимылының көпірі болуға тиіс. Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Қазақстанжаһандықконфессияаралық үнқатысу орталығына айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің бірегей еуразиялық үлгісі болды»,  – деп көрсетті [9].

Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында этносаясаттың негізгі бағдарын былай  деп  айқындаған  еді:  біріншіден,   әрбір қазақстандық өзінің этностық, діни ерекшеліктеріне қарамай, елдің тең құқылы азаматы; екіншіден, қазақ халқы және қазақ тілі қазақстандық азаматтық қоғамның мызғымас ядросы;  үшіншіден,  біз бәріміз  –  бір  ел, бір – халықпыз. Осы бағдар біздің мәңгілік ұстанымымыз [9].

Этносаралық толеранттылықты сақтаудағы қазақстандық журналистердің рөлі қашан да жоғары. 2013 жылы 15 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған «Халықаралық толеранттылық күніне» орай Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп ұйымдастырған халықаралық медиа-форумы болды. Оны Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов ашты.

Е.Тоғжанов Ассамблеяның бүгінгі жетістіктеріне қысқаша тоқталып, оның тәжірибесін үйренуді соңғы жылдары ғана 15 мемлекеттің 60-тан артық өкілдері қалап отырғанын айтты. Соның ішінде Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ, Түркия, Қытай, Ресей секілді ұлы мемлекеттер де бар, – деді ол.

Ассамблея қызметін реттеуші негізгі құқықтық көздері болып, ең алдымен, адам құқығын қорғау, сайлау еркіндігі кепілдіктерін қаматамасыз ететін Қазақстан Республикасының Конституциясы, сол сияқты Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы №70-IV Заңы және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілері болып табылады. Нормативтік актілердің қайшылық жағдайында халықаралық шарттар қағидаларына басымдық беріледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының орны мен рөлін 2007 жылғы конституциялық реформа айқындап берді. Оның нәтижесінде Ассамблея конституциялық орган мәртебесін алды. 2008 жылы 20 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына [7] сәйкес, Ассамблея заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме ретінде заңнамамен бекітілді. Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара ісқимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру мен жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Ассамблея азаматтардың этноұлттық қатыстылығына, әлеуметтік жағдайына және саяси көзқарасына қарамастан, біріктіруші, мемлекет пен қоғамның дамуының өзекті мәселелері бойынша  талқылау  мен  кең көлемді қоғамдық келісімді тұжырымдау үшін азаматтық сектордың топтастырушы алаңына айналды.

2011 жылы 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Жарлығы [10] Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттіктерін, сондай-ақ оның мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылының ұйымдастырылу ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу тәртібін айқындайды.

Қорыта келгенде, мемлекетіміздің ұлттық саясаттағы негізгі қағидасы – барлық ұлттар мен діни топтардың бірдей құқығын сақтау, барлық конфессиялардың бірдей жағдайда жұмыс істеуіне жағдай жасау. Осының арқасында осы кезеңде Қазақстанда этникалық немесе діни негізде бірде-бір саяси ереуілге жол берілген жоқ. Қазақстанның заң актілерінде ұлттық немесе діни сеніміне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берілген десек артық емес.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының Стратегиясы. – Алматы: Дәуір, 1992. – 56 б.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 ж. // Егемен Қазақстан. – 1995. – 5 қыркүйек.
  3. Смаилов А.А. Демографический ежегодник Казахстана: стат. сб. – Астана: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2012. – 608 с.
  4. Назарбаев Н. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 83 б.
  5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру туралы» 1995 жылғы 1 наурыздағы №2066 Жарлығы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U950002066
  6. Назарбаев Н. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХIII сессиясында сөйлеген сөзі (Астана қ., 2007 жыл 20 тамыз) // http://www.zakon.kz/site_main_news/91821-vystuplenie-prezidenta-respubliki.html.
  7. Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы №70-IV Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.
  8. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 сәуірдегі №552 Жарлығы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.
  9. Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (Астана қ., 2012 жыл 14 желтоқсан) // http://strategykz
  10. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» 2011 жылы 7 қыркүйектегі №149 Жарлығы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.