Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот өндірісінің кейбір мәселелері

Қазіргіуақыттағыкәмелеткетолмағандардың ісі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу маңызды мәселеге айналып отыр. Мұның бірқатар себептері бар, оларға жасөспірімдердің жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік құбылыспен байланысты болып отырған аталған жас категориясына жататын тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дүрыс орындау үшін құқық қорғаушы органдар тарапынан көбірек күш салу қажеттілігін   де  жатқызу қажет.

Кәмелетке толмағандар ісі бойынша іс өндірісі қазіргі кезеңде қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы нормаларымен реттеледі. Сонымен қатар заң шығарушы орган кәмелетке толмағандардың жасы мен психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, аталған санаттағы қылмыстық істерді зерттеу барысында қолданылатын ерекше ереже анықтап берді. Бұл ережелер кәмелетке толмағандардың заңды құқығын қорғауда қосымша кепілдік береді. Ерекше   ережелер   кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарын толыққанды және дұрыс зерттеуге жағдай жасауға бағытталған.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық тәрбиесін бұзушылығын әлеуметтік, психологиялық тұрғыдан  талдау  үлкен  орын алады. Яғни жас «қылмыскерлердің құқық бұзушылығына» себеп болған жағдайларға ғылыми тұрғыдан қарап, ғылыми тұрғыдан баға беру, шешілмеген мәселелерін шешу-ғалымдардың басты міндеті.

Жалпы баланың қалыптасу кезеңінде оған әртүрлі жағдайлар мен факторлар әсер етсе, ол ең алдымен, оның көзқарасына, қызығушылығына, икемділігін өз нәтижесін беріп, қатынас, сезім, көңіл күйді қалыптастырады. Осылардың деңгейінде бала бойында белгілі бір сипаттық белгілер мен жеке басының жақсы, жаман жақтары дамиды.

Баланың адам болып қалыптасуы, ең алдымен, отбасыға байланысты. Отбасы бала өмірінің   жағдайын   тудыратын,   реттейтін орта   болғандықтан,   ол   әртүрлі   таңданыс пен өкініштердің қайнар көзі ретінде жат қылықтардан жирендіретін, дұрыс жолға бағыттап, басқаратын күш, өмірдегі тірек және де алғаш тәрбиелік орта болып табылады.

Көптеген өмірде болып жататын жағдайлар қылмыс жасаған балалар мен олардың ата-анасын бақылағанда, отбасы жағдайының жалпы келеңсіз жақтары, отбасы тәрбиесінің бұзылуы баланың жанына қатты әсер еткенін, оның тәртіп жағынан құлдырап, құқық бұзуға дейін әкелгенін дәлелдеп береді.

Кәмелетке толмағанның өсуіне, тәртібіне, мінезінің қалыптасуына жоғарыда айтып өткендей, отбасы тәрбиесі зор. Осыған орай, А.М. Решетина:«Баланыадаметіпқалыптастыру бастамасы ең кішкентай әлеуметтік орта – отбасында жүзеге асады», –  деген болатын.

Отбасы тәрбиесінің жеткіліксіздігі кейбір жеке  ата-ананың кінәсінен емес,  қайта  отбасы жағдайының әртүрлі сәттерінің әсер етуінің жиынтығына байланысты:

  • отбасы саны;
  • материалдық-әлеуметтік жағдай;
  • мәдени-әлеуметтік;
  • отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас.

Отбасы тәрбиесінің бала өміріне өзіндік өрнекті  із  салуы,  оның  мінез-құлқына, жалпы тәртібіне өзгеріс әкелуі – отбасының толық болмауы. Педагогикалық тәжірибелер мен бақылаулар көрсеткендей, баланың тәрбиесі мен қалыпты дамуы үшін толық отбасы қажет, яғни баланың әкесі мен шешесіне мейірімділікпен, сыйлампаздықпен қарауы үшін толық отбасы ауадай қажет.

Қылмысқа, ішімдікке, темекі тартуға ерте жастан әуестенген кәмелетке толмағандардың көпшілігі осындай жарты отбасылардан шыққан екен.

Көптеген толық емес отбасында тәрбиелеу тек қалған ананың немесе әкенің үлесіне тиетіндіктен, тәрбиелеудегі барлық ауыртпалық соған ғана түседі. Соның нәтижесінде отбасында педагогикалық талаптар мен тәрбиелік шаралардың құлдырауы пайда болып, кәмелетке толмағанға деген әлеуметтік бақылау төмендейді.

Бұл, әсіресе көп уақытын жұмыста өткізетін, жалғыз анасы бар отбасы жағдайынан айқын сезіледі. Анасы жұмыста болғандықтан, ол үнемі өзімен-өзі қалады. Осылай болса, оған анасының көңіл бөлмеуі, уақытының аз және уақыты болса да, шаршауы қатты әсер етіп, қандай жұмыс болса да, ол бала өзіне уақытында көмек беретін адамды таба алмайтын дәрежеге жетеді.

Осылайша, бірте-бірте ананың ықпалы жоғала бастаған кәмелетке толмаған бала тығыз байланыстан айырылып, оның отбасынан бөлінуі басталады. Осындай жайттарға байланысты А.С. Макаренко: «Қараусыз балалардың жағдайы жетім балаларға қарағанда көп жағдайда күрделі де қауіпті» деген болатын.

Жас құқық бұзушының жеке басы ювеналдық сотта негізгі орында болғандықтан, ол жан-жақты зерттеу нысаны болып табылады. Құқықтық түрде қорғау кәмелетке толмағанның барлық өмір сүру саласын қамтиды, олар: баланы тәрбиелеу, білім беру, денсаулық, еңбек, әлеуметтік қамтамасыз ету, оның демалысы. Оның өмір сүру жағдайы, өмір сүру ортасы, отбасы жағдайы, мектептегі жағдайы, яғни барлық әлеуметтік факторлар барлық жағынан зерттеледі. Осындай тұрғыда жұмыс істеу іске сәйкес келетін, жас ерекшелігі мен баланың әрекетіне әсер ететін ерекшеліктерді ескере отырып, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жалпы юрисдикциядағы соттарға қарағанда ювеналдық юстиция жүйесіндегі сот процедурасы қарапайымдылығымен ерекшеленеді, жалпы соттарда тұрақты сақталатын нысандылықтар балаға қатысты сақтала бермейді. Соттың кәмелеттік жасқа толмаған баламен сұхбаты жауап алудан гөрі достық әңгімелесуге жақын, ал іс жабық сот отырыстарында қаралады. Бұл жерде баланың беделі үшін маңызды болып табылатын жариялық принципін қатаң ұстанады. Іс материалына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері жіберілмейді. Оларға сот отырыстарын тыңдауға, сотталушылардың есімдерін жариялауға тыйым салынады. Қылмыс жасаған кәмелеттік жасқа толмаған баланың есімін жариялағаны үшін журналист жауапқа тартылады. Сот іс бойынша кейбір жағдайларды кәмелетке толмаған баланың қатысынсыз қарау құқығына ие болады, осыған байланысты баланы  сот отырысы залынан шығарып жібереді.

Жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс өндірісінің ерекшелігі сотқа дейінгі және сот өндірісіне бөлінуі болып табылады. Жасөспірімдерге қатысты сотқа дейінгі өндірістің ерекшеліктері:

  • дәлелдеу мән-жайының ерекшелігі (ҚР ҚІЖК 481-бабы)
  • кәмелетке толмаған баланың қорғаушысының міндетті түрде қатысуы (ҚР ҚІЖК 486бабы);
  • Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің қатысуы (ҚР ҚІЖК 487бабы);
  • Кәмелетке толмағандарға қатысты ерекше бұлтартпау шарасын қолдану мүмкіндігі – кәмелеттік жасқа толмағанды қарауға беру (ҚР ҚІЖК 147, 491баптары);
  • Ұстау шарасын қолдану мүмкіндігі, сонымен қатар тек ерекше жағдайларда қылмыстың ауырлығына байланысты ғана күзетпен ұстау мүмкіндігі (ҚР ҚІЖК 491-бабының 3-бөлімі);
  • Кәмелеттік жасқа толмаған күдіктіні, айыпталушыны шақыртудың ерекше реті (ҚР ҚІЖК 484-бабы);
  • Он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағанға қатысты іс жүргізу әрекетін қолдану барысында педагогтың немесе психологтың міндетті түрде қатысуы және осы жасқа толған, алайда психикалық дамуында артта қалуы бар күдіктіге, айыпталушыға іс жүргізу әрекеттерін қолдану барысында тергеушінің, соттың, қорғаушының немесе заңды өкілінің өтініші бойынша педагогтың немесе психологтың міндетті түрде қатысуы (ҚР ҚІЖК 488бабының 2-бөлімі);
  • Кәмелетке толмаған күдіктіден, айыпталушыдан жауап алу уақытының ұзақтығы, жалпы алғанда, күніне 4 сағаттан аспайды (ҚР ҚІЖК 485-бабының 2-бөлімі);
  • Егер де кәмелеттік жасқа толмаған бала кәмелеттік жасқа толған баламен бірге қылмысқа қатысқан болса, онда кәмелеттік жасқа толмағанның қылмысы туралы қылмыстық істі жеке өндіріске беруді талап ету (ҚР ҚІЖК 483-бабы).

Соңғы екі жылдағы жедел жағдайды талдай отырып, Қазақстан Республикасында криминалдық жағдай жалпы күрделі болып отырғанын атап өту қажет. Қылмыстылық мемлекет пен  қоғамның  барлық  тіршілік   ету  саласына жағымсыз ықпал етіп, елдің әлеуметтікэкономикалық қалыптасуын бәсеңдетіп, оның халықаралық беделіне нұқсан келтіруін жалғастыруда.

Сонымен,  Қазақстан   Республикасының заң шығару органы кәмелеттік жасқа толмағандардың жас ерекшеліктері мен психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен заңдық мүддесін жүзеге асыруға кепілдік беретін нормаларды бекітті. Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстары туралы, ол бойынша істерді өндіруді реттейтін заңнаманы жетілдіруде үнемі тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп отыру керек, кәмелетке толмағандардың құқықтарын халықаралық деңгейде қалай қорғалатынын толыққанды зерттеп жүйелеп отыру, оның елдің құқықтық жүйесіне имплементациялану мүмкіндігін қарастыру.

Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің  ірі  көлемді  және  жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта, әсіресе дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құндылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас, әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені қылмыс дегеніміз – әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы – өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.

 

 

Әдебиеттер

 

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл. – Алматы,
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. –Алматы: Юрист,
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы,
  4. Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот Практикасы туралы (ҚР Жоғарғы Сотының 11.07.03 ж. №4 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) ҚР ЖС 11 сәуір 2002 жыл № 6 нормативтік қаулысы // Справочная правовая система «Юрист».
  5. Төлеубекова Б.Х. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы.– Алматы,
  6. Бас маман-сот отырысының хатшысы Г.К. Қуанышева №35 (590) 09.2012 жыл, ҚР қылмыстық сот өндірісінде кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау «Вестник Фемида» Республикалық қоғамдық-құқықтық газетінде жарияланған мақала.
  7. Утенов Ж.Ж. Роль предварительного расследования в предупреждении преступлений несовершеннолетних: дис... канд. юрид. наук: 12.00.09. – Алматы, 1995. – 197 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.