Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дәлелдемелерді жинау бойынша адвокат-қорғаушы қызметінің дербестігін жүзеге асыру құқығының мәселесі

Дәлелдемелерді жинау бойынша қорғаушыадвокат  қызметінің  дербестігін  жүзеге   асыру құқығын беру қажеттілігі туралы мәселе 70-жылдары да талқыға салынған. М.С. Благоволинамен және Әдебиет газеттерінің беттерінде 1969 жылы жазылған көптеген сот очерктердің авторларымен қорғаушының алдын ала тергеу жүргізгенде мүмкіндіктері анағұрлым тарылып кететіндігі көрсетілген. Онда қорғаушы-адвокат істің тыңдалуына дейін куәгерлермен кездесіп, олармен әңгімелесуге және іске қатысты мән-жайларды білуге құқығы жоқ екендігі көрсетілген. Әңгімелесу фактісінің өзі-ақ адвокатқа қатысты тәртіптік өндіріске қарсы іс қозғау үшін негіз болғандығын білдіреді. Көрсетілген авторлардың пікірі бойынша, осының өзі қорғау мүмкіндіктерін елеулі түрде шектеткен. Осылар арқылы қорғаушыадвокаттарға тергеу жүргізу мүмкіндігі берілген[1, 44].

Қорғаушыға дәлелдемелерді жинау дербестігін жүзеге асыру құқығын беру туралы ұсыныс, ғалымдар арасында пікірталас туғызып, жақтаушылар мен қарсыластардың пайда болуына әкеп соқтырды. Бұл мәселе үш он жалдықта талқылануда болды, ал қазір қылмыстық іс жүргізу реформасының жағдайына байланысты ерекше маңызға ие болды.

Осы мәселенің теориялық талдау негізінде, сондай-ақ тәжірибені талдауда дәлелдемелерді жинау бойынша қорғаушы-адвокат қызметінің дербестігін жүзеге асыру құқығын беру қажеттілігін дәлелдеуге тырысып көреміз.

Жалпы сот өндірісі екі жақтың бәсекелестігі мен құқық теңділігі негізінде жүзеге асады. Қылмыстық іс жүргізу теориясында «қылмыстық сот өндірісі» және «қылмыстық іс жүргізу» деген түсініктер тепе-тең ұстанымы ретінде  бекітілді.  Бірақ өзге  ұстаным ретінде «қылмыстық өндіріс» түсінігі қазір беріле береді. Мәселен, В.З. Лукашевичтің пікірі бойынша, заң шығарушы конституцияның белгіленген бабында алдын ала сот өндірісінің сатысы туралы емес, соттың істі қарау сатысы туралы әңгіме қозғайды [2, 41-б.]. Осы көзқарастың толық болмаушылығын көрсету үшін ең алдымен алдын ала жедел тергеу жүргізу барысында сот отырысындағы шындыққа жетудің жүзеге асуын дәлелдеп көрейік.

А.О. Машовец, қылмыстық іс жүргізуге байланысты алдын ала тергеу бүтіндей өзіне тән ерекше қасиетімен біршама дербес және жеке жүйе бөлігі ретінде алға шығып тұрады деп жазады. Ол жүйенің тұтас тәртібіне сай негізгі тәртіппен құрылуы қажет. Алдын ала тергеудің түпкілікті кемшілігі – оның негізгі бастауларының соттың істі қарау қағидаларымен сәйкес келмеуінде[3, 7-б.].

Алдында айтылғандай, алдын ала тергеудің негізгі міндеті – сотқа мәлімет жинау. Заңи әдебиеттерінде алдын ала тергеу жүргізу барысында істің барлық маңызды мән-жайларын анықтап, бүкіл қажетті дәлелдемелердің дереккөздерін табу керек деп ескертіледі[4, 56-б.]. Яғни, мәліметтердің толық болуына байланысты сотта зерттелетін барлық мән-жайлар ең алдымен алдын ала тергеу арқылы анықталуы қажет.

Олардың айырмашылығы тек олардың шешілу күшінен ғана тұрады. Заң шығарушы тергеушіге айыптау және ақтау дәлелдемелерін жинау міндетін жүктеді. Сөйтіп,  тергеуші ылғи да тіпті қарсы міндеттерді орындауға тиісті. Карл Маркс та былай деп жазған екен: тергеуші мен судьяның және айыпталушы мен қорғаушының бір тұлғада болуы барлық психология заңдарына қарама-қайшылық келтіреді [5, 26-б.].

Тергеушінің айыптау жағына қызығушылық танытуы  да  әбден  ықтимал.  Қылмыстық  істі қозғап, ол арқылы айыптауды құрастырып, айыпталушыға  қатысты  бұлтартпау   шарасын қолдана отырып, тергеуші  өзінің  осындай шешімдерімен еркін емес байланыста болып қалады. Істің мән-жайларын онан арғы объективті зерттеу үшін оған кедергі келтіреді.

Тергеуші дәлелдемелер жинағанда объективті бола алмайды және өз жұмыс сапасының бағалар жүйесінің күшіне сәйкес, қылмыстық істің қысқартылуы, жұмыста сөзсіз жарамсыз етіп бағаланады және тергеушіні кінәға тартады [6, 97-б.]. Сотпен қосымша тергеу үшін жіберілген бұрыс тергелген істерді қайтарудан сақтандыру мақсатында тергеушілер тәжірибе жүзінде «артық айыптауды» жиі ұсынады.

Соттармен айыптаудың кейбір тармақтары мен эпизодтарының жойылуы, қылмыстық ісәрекеттің саралауын аса ауыр емес қылмысты көздейтін қылмыстық кодекстің бабына сәйкес өзгертілуі тәжірибеде жиі кездеседі.

Тергеушімен айыптау және ақтау дәлелдемелерін бірдей алалықсыздықпен жинауға мүмкіндігінің болмау негізгі себептерінің бірі тергеуші қызметінің ерекшелігінде негізделеді. Тергеуші әрдайым қылмыстық элементпен / қылмыскермен/ қатынаста болады. Л.М. Васильев өтірікті, зұлымдықты, екіжүзділікті жиі жеңу, тергеушілерге тиісті стереотиптердің қалыптасуына әкелетіндігін ескереді [7, 11-б.].

Көбінесе тергеушілер айыптаушыларды қылмыскер ретінде танып, олардың өз пайдасына айтылған дәлелдемелеріне біржақтылықпен қарайды. Қырағылық сезіктілікке (барлығына және әр қайсысына сезіктенеді), ал сыншылдық келіп түскен хабардың бағасы бойынша ешкімге толық сенімнің болмауына айналады. Әдебиетте тергеушілердің біржақтылығына мысалдар келтіріледі. Бірақ кейбір тергеушілер, егер айыпталушы алаңдай беретін болса, демек, ол өз жағдайының қиындығын ұғына отырып, арұжданы таза еместігін көрсетеді деп есептейді. Егер де ол өзін емін-еркін және тежеусіз ұстаса, бұл қылмыскердің әдепсіздігі ретінде есептеледі. Егер айыпталушы кез келген мән-жайды ұмытып қалса, онда бұл олардың көзқарасы бойынша, оның өтірік айтуын білдіреді. Егер де ол барлық сұрақтарға қуана-қуана жауап беретін болса, онда ол алдын ала құрылған жоспар бойынша әрекет жасап, өтірік түсіндірме беріп отырғандығын білдіреді [8, 40-б.].

Ғалымдар тергеу органдарында жұмыстың ұзақтылығы мен кәсіби өзгерістің деңгейі арасында тікелей тәуелділіктің болуы туралы гипотезасын ұсынды. Сонымен, осы гипотезаға сәйкес, бағаланып жатқан қызметтің өзгерісі 5-10 жылдық жұмыс уақыт бөлігінде дамып келеді. Кәсіби өзгерістің бастапқы деңгейі тергеушінің бесінші жұмыс жылынан басталып, тергеушінің бірен-сарандаған өзгерісін жорамалдайды. Кәсіби өзгерістің орташа деңгейі тергеу жұмысында 10 жылдан кейін басталады [9, 38-б.].

Сөйтіп, объектілі себептердің күшіне байланысты тергеуші ҚР ҚІЖК 20-бабында көзделген міндетін орындай алмайды. Алдын ала тергеудің айыптау жалтаруы жиналған мәліметтің толық еместігі мен сыңар жақтылығына әкеледі. Шындықтың сыртқы көрінісі бар бұл мәлімет сотқа келіп түседі. Көбінесе айыпталушының пайдасына айтылғандар тергелмей қалады.

Тергеушінің алдында сыңар жақты зерттелген істің құжаттары бар болса, ол алғашқы бағалау мен дәлелдемелерді жинауда қатыспаса, оларды алу жолынан еш хабары жоқ болса, онда тәртіптің дұрыс орындалуына аса назар аударуға міндетті сот, алдын ала тергеу тексерісін жүргізетіндігі туралы әдебиетте ескеріледі. Осыған байланысты айыптау жалтаруы тергеу кезеңінен бастап еріксіз соттың істі қарауына беріледі. Атқаруға тиісті ашық сот емес, құпия алдын ала тергеу – азаматтың кінәсін көрсететін дәлелдемелері жиналып, зерттеліп, бағаланатын негізгі сатысына айналады, ал егер соңғы шешімге келмесе, онда маңызды дәрежеде оның кінәлілігі туралы мәселе алдын ала шешіледі [10, 147-б.].

Сотта шынайы жарысты қамтамасыз ету үшін  сотқа  жақтар  «қарулы»  болып  келулері тиіс, әрқайсысы қайта сот өндірісінің кезеңдерінде жиналған толық дәлелдемелер тізімімен келулері қажет (прокурор-айыптау, қорғаушы-ақтау). Сондай-ақ ҚР ҚІЖК сәйкес айыпталушыға қатысты дәлелдемелерді жинау бойынша прокурордың маңызды  құралдары өте көп, басқа жақтың – қорғаушының дәлелдемелерді жинау бойынша мүмкіндіктері шектеулі. Бұл сотқа келгенде екі жақтың тең болмаушылығына әкеледі. Осыған байланысты ешқандай жарыс туралы сөз қозғалмайды. Сот отырысында қорғаушының рөлі көбінесе тергеуші   жұмысының кемшілігін анықтауға саяды. Соттың қорғаушыға деген сенімі пайда болу үшін, қорғаушыда ақтау дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығы  болуы керек.

Бұл жағдай тәжірибені зерттеу барысында да өз дәлелін тапты. Олай болса, басқа жақпен– айыпталушымен сотта нағыз жарысу үшін, алдын ала тергеуде қорғаушылардың құқықтары жеткілікті ме деген сұраққа,  сұралған  Алматы қалалық адвокаттар алқасының 79,7% адвокаттары және Алматы  облыстық  адвокаттар алқасының 80,4% адвокаттары олардың құқықтары жеткіліксіз деп жауап берді, тек сұралған 7,10% алматылық адвокаттары және 44% облыстық адвокаттар қорғаушылардың құқықтары жеткілікті деп есептейді. Соған қарамастан сұралған 6,2%  қалалық  адвокаттар мен 4,40% облыстық адвокаттар тек ресми түрде ғана құқықтары жеткілікті бола алады деп есептейді.

Сұралған адвокаттардың басым көпшілігі қылмыстық іс жүргізу кезінде қорғаушыға дәлелдеме ақпаратты алу үшін қосымша іс жүргізу мүмкіндіктерін беруді жөн көреді. Олардың  ішінен  89,9%  облыстық  адвокаттар мен 94% қалалық адвокаттар қорғаушыға дәлелдемелерді жинау үшін дербес құқығын беру керек  деп  есептейді.  Сонымен, соттың істі қараудың жарысына, алдын ала тергеуде қорғаушының дәлелдемелер жинау үшін тек жеткілікті құралдарын беру жолымен ғана қол жеткізуге болады.

Қорғаушыға дәлелдемелерді жинауға дербес құқығын беру туралы ұсыныс ғалымдар арасында кең қолдауын туғызды [11]. Сондықтан осы мәселе  бойынша  тергеушілердің  де пікірін анықтау қажет болды. Тиісінше Алматы облысының ІІБ-ң 61 тергеушілер саралап сұралды. Олардың ішінен 75 %-ы қорғаушыға дәлелдемелерді жинауға дербес құқығын беру қажет деп есептейді, ал сұралған тергеушілердің 25 %-ы бұған жол бермеу керек деп есептейді.

Сонымен, сұралған тергеушілердің көбісі бұл шараның қажетті екеніне сенеді.

Қорғаушыға мұндай құқықты беруге қарсы шыққан іс жүргізуші-ғалымдар мен тәжірибелік қызметкерлер басқа да дәлелдерді келтіреді. Онда тергеушінің айыптау міндетінің күшеюіне әкеледі деген пікір бар. Яғни, тергеуші әдеттегідей айыптау дәлелдемелерді, ал адвокат ақтау дәлелдемелерді жинайтын болады. Сонымен қатар тергеуші үшін жауап беретін тиісті аппарат, маңызды қызмет қатары тұр, ол адвокатқа қарағанда, қажетті материалдық құралдармен жабдықталған және дәлелдемелерді жинауға анағұрлым мүмкіндіктері бар. Сыртқы көзге бұл жарысу сияқты көрінеді, ал мәні жағынан бұл күдіксіз айыптау жалтаруына әкеледі. Сонымен қатар қорғау, материалдық тұрғыдан қарағанда, көпшілікке қол жетерліктей емес, өйткені тергеу әрекеттердің өндірісіне байланысты адвокаттың шығыны қорғалушыға ауыр таға секілді жүктеледі [12, 19-б.].

Келесі дәлел ретінде осы  жағдай  бойынша мемлекеттік органдармен қорғаушы адвокаттың бәсекеге түсуге мүмкіндігі жоқ, өйткені қорғаушы-адвокатта өктем өкілеттілігі жоқ және мәжбүрлеумен және т.б. байланысты оның қандай болмасын іс-әрекеттерді орындауға құқығы жоқ [13, 47-б.].

Қорғаушыға дәлелдемелерді жинауға дербес құқығын беруге қарсы тағы бір маңызды дәлел бар – кейбір ғалымдардың және тәжірибелік қызметкерлердің (адвокаттардың) пікірі бойынша, ол адвокат-қорғаушының қызметінің нәтижелеріне объективті және анық кепіл беру мүмкін емес.Келтірілген дәлелдерді толық қарастырайық.

Қорғаушыға дәлелдемелерді жинауға дербес құқықты беру әбден айыптау жалтаруға әкелмеу үшін, ол қажетті жағдайда тергеушінің, алдын ала анықтау органының, соттың билігін пайдалануға нақты мүмкіндігі болу керек. Қылмыстық іс бойынша өндірісті жүзеге асыратын органдар қорғаушы-адвокатқа дәлелдемелерді жинауға жәрдем көрсету керек. Ол үшін, алдында көрсетілгендей, қорғаушымен өтінген қолдаухаттың нақты құрылымын жасау қажет.

Тергеуші мен адвокат-қорғаушыда ақпаратты алу құқықтары бірдей емес туралы пікірге негіз бар. Алдында көрсетілгендей, дәлелдемелерді жинамай тұрып, көбінесе жедел-іздестіру жүргізіледі, өйткені ақпарат әрдайым оңай жерден табыла бермейді. Заңға сәйкес тергеуші тергеліп жатқан істер бойынша іздестіру шараларының өндірісі туралы (уақиға көргендерді анықтау туралы, тұлғаларды және әлемнің материалдық заттарын іздеу туралы, тұлғалар арасында өзара қатынасты анықтау туралы және т.б.) тапсырыстарды алдын ала анықтау органдарына береді. Қорғаушылар, әдетте жедел-іздестіру жұмысында жеделіздестіру қызметіне байланысты тиісті өкілеттілік тәжірибелері жоқ болады. Сонымен,қорғаушылардың өздері оларды қызықтаратын мән-жайларды кез келген уақытта нақты анықтай алмайды.

Бұл жағдайдан шығу үшін бір амал ұсынылады. Қылмыстық істер бойынша қорғаушыларға дәлелдемелерді жинауға жеке детективтердің маңызды жәрдем көрсетуге мүмкіндіктері бар (адвокат-қорғаушы мен жеке детективтердің өзара әрекетінің қажеттілігі туралы мәселе ерекше өзектілікке ие). Бірақ мұндай өзара әрекеттің экономикалық, құқықтық және өзге де мәселелер қатары бар.

Қорғаушыға дәлелдемелерді жинауға дербес құқығын беруге қарсы шыққандардың келесі дәлелі қорғаушылар қызметіндегі қорытындыларының дұрыстығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мүмкін емес деген пікірді ұсынады [14, 19].

Ең алдымен, бұл адвокат-қорғаушыға сенімсіздіктің және қорғаушылар құқықтарының ұлғаюы, қиянат етушіліктің көбеюіне әкелетін қауіптің пайда болуымен байланысты.

Осы мәселелер бойынша адвокаттардың пікірлеріне талдау жасалды. Сұралған Алматы облыстық адвокаттар алқасының 12,5% адвокаты және Алматы қалалық адвокаттар алқасының 6,2% адвокаты қорғаушылардың дәлелдемелерді жинауға дербес құқықтарының ұлғаюы қорғаушылар тарапынан қиянат етушілік оқиғалар санының көбеюіне әкеледі деп есептейді. Сонымен қатар сұралған облыстық адвокаттарының 21,1%-ы және  қалалық  адвокаттарының 5,2%-ы осы жағдаймен байланысты қиянат етушіліктердің болуы мәлім деп есептейді. Сұралған  облыстық  адвокаттарының   37,3%ы мен Мәскеу адвокаттарының 51,7%-ы қорғаушылардың дәлелдемелерді жинауға дербес құқықтарының ұлғаюы қорғаушылар тарапынан қиянат етушілік оқиғалар санының көбеюіне әкелмейді деп есептейді. Өз кезегінде облыстық адвокаттарының 30,3%-ы мен қалалық адвокаттарының 33,5%-ы қорғаушылардың дәлелдемелерді жинауға дербес құқықтарының ұлғаюы қорғаушылар тарапынан қиянат етушілік оқиғалар  санының  көбеюіне  әкелуі  мүмкін деп есептейді. Қалған адвокаттарға қойылған сұраққа жауап беру қиынға түсірді.

Сонымен, сұралған адвокаттардың көбісі қорғаушылар тарапынан қандай болмасын қиянат етушіліктер болмау керек деп есептейді. Оның барлығы нақты тұлғаның әдептілігіне байланысты.

Бірнеше он жылдықта қалыптасқан адвокаттардың әдепсіздік презумпциясына сену қазір дұрыс емес деп саналады. Мұндай қиянат етушіліктер тергеушілерде, прокурорларда және судьяларда да орын алады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 348-бабында дәлелдемелерді бұрмалаған үшін жауапкершілікке тарту туралы көрсетілген. Қорғаушы осы қылмыстың субъектілерінің шеңберіне қосылады. Бұл бап адвокат-қорғаушы тарапынан келтірілген қиянатқа қарсы кепіл ретінде жүреді. Бұдан басқа адвокат-қорғаушы тарапынан қиянат етушілік анықталса, оларға адвокаттар алқасынан шығып кетуіне дейін тәртіптік сипаты бар шара қолданылады [15].

Екіншіден, А.Д. Бойковтың пікірі бойынша, егер тергеушінің қызметі көп жағдайда қорытындысының объективті болуына кепіл беретін белгілі бір іс жүргізу нысаны арқылы жүргізілсе, онда адвокаттық қатар жедел-іздестіру ешбір іс жүргізу кепілдерін біле бермейді [16,  6].

Заттар мен құжаттарды алуға бағытталған қорғаушының  қызметі  іс  жүргізу   нысанында жүргізілу керек  деп  есептеледі, өйткені оның қызметі жұмыс барысының шеңберінде жүзеге асады және  жұмыс барысының көзделген мақсаттарына бағынады. Қорғаушының жүргізуге міндетті  шаралар тізімі дәлелдемелерді жинауға арналған бапта енгізілу қажет.

 

 

 

әдебиеттер

 

  1. Благоволина М.С. Почта редактора/ Литературная газета, – № 44; Винберг А. Первая командировка// Литературная газета. – № 41. – 1969.
  2. Лукашевич В.З. Конституция РФ 1993 года и дальнейшее совершенствование уголовнопроцессуального законодательства// Уголовно-правовые проблемы борьбы с преступностью. – Калининград, 1995. – с
  3. Машовец А.О. Принцип состязательности и его реализация в предварительном следствии: Автореф дис. на соиск. уч. ст. к.ю.н.Екатеринбург, 1994 . – с
  4. Стремовский В.А. Предварительное расследование в советском уголовном процессе. М.: Госюриздат, – с.11.; Воробьев Г.А. Соотношение предварительного и судебного следствия: Автореф. дис. на соиск. уч. ст. к.ю.н-М, 1967.; Колбая Г.Н. Соотношение предварительного следствия и судебного разбирательства: М: Юрид. лит., 1975. – с56.
  5. К. Маркс, Ф. Энгельс. Сочинения (В 30 т.). Изд. 2-е. Т. – М.: Госполитиздат, 1958 . – с 26.
  6. Резник Г.М. Внутреннее убеждение при оценке доказательств. – М.: Юрид. лит., 1977 г. с
  7. Васильев Л.М. Организация следственной работы //Вопросы подготовки следователей и преодоление их профессиональной деформации Краснодар, 1983 г. – с
  8. Стремовский В.А. Предварительное расследование в советском уголовном процессе. М.: Госюриздат, 1958 г – с
  9. Васильев Л.М. Указ. соч. – с
  10. Лившиц В.Л. Обвинительный уклон (Истоки и пути преодоления)// Закон и ведомственные нормативные акты в СССР.– Труды. – 46. – М., 1989 . – с 143.
  11. Либус И. А. Защита в уголовном процессе / / Перестройка и адвокатура. Научные и практические проблемы уголовного судопроизводства. – Ижевск, 1989. – с119.; Либус И. А. Об эффективности деятельности защитника в стадии предварительного следствия. Ташкент, 1971г. – с ; Хорхина Т.В. Проблемы деятельности адвокатуры (Обзор откликов на материалы круглого стола)// Советское государство и право. – 1986. – №9;. Машовец А.О. Указ. соч. – с 7, Капустин А.А. Реформа советского предварительного расследования сущность, предпосылки, основные направления: Автореф. дис. На соиск. уч. ст. к.ю.н. Санкт Петербург, 1992. – с16.; Ведерников А.Н. Актуальные вопросы участия защитника на стадии предварительного расследования ( в свете осуществления судебной реформы) Дис. на соиск. уч. ст. к. ю. н. – М. – 1990 . – с.148.
  12. Анашкин Г. Адвокат. Права и проблемы // Литературная газета. – 1969. – № 41; Бойков А. Карнеева Л. Об участии защитника на предварительном следствии // Советская юстиция. – 1970. – с.19.
  13. Царев В.М. Эффективность участия защитника в доказывании на предварительном расследовании следствии Красноярск.: Изд. Красноярск университета, 1990 . – с.47.
  14. А.Бойков, Л.Карнеева. Об участии защитника на предварительном следствии.// Советская юстиция. – 1970. – №
  15. ҚР Қылмыстық Кодексі 1997 жыл 16 шілде №167.
  16. Бойков А.Д. Что же мешает защите?//Литературная газета. – 1970.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.