Еңбек ету бостандығының конституциялық-құқықтық реттелуі

Introduction (Кіріспе). Еңбек ету бостандығы қазіргі таңдағы заманауи мемлекеттердің қолданымдағы конституцияларында бекімін тапқан  əлеуметтік-экономикалық  құқықтар мен бостандықтар арасындағы ең басты конституциялық құқықтық институт болып табылады.

Қазақстан Республикасының қолданымдағы Конституциясында еңбек ету аясындағы құқықтар мен бостандықтарға  арналған баптар бар. Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының бұл тобына мыналар жатады: еңбек ету бостандығы; тиісті жағдайларда еңбек етуге құқық; жұмыссыздықтан қорғалуға құқық; жеке жəне ұжымдық еңбек дауларына құқық, ереуілге құқық; демалуға құқық.

ҚР Конституциясының 24-бабында бекітілген еңбек ету бостандығына құқық туралы ереженің маңызы зор, онда «Əркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар» делінген.

Еліміздің қолданымдағы Конституциясында еңбек ету бостандығына құқық туралы айтылса, КСРО-ның 1936 жəне 1977 жылғы Конституцияларында еңбек етуге міндеттілігі жайындаайтылғанболатын. Еңбекетуаясындағы қатынастарды реттеудің тұжырымдамаларының өзі өзгерді. Қазіргі қолданыстағы еліміздің Конституциясы əркімге белгілі бір төлемі бар жұмысқа кепілдік бермейді, тек еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқық береді. Бұл норма адамның жұмыс жасауға деген мүмкіншілігін еркін таңдай алатындығын білдіреді.

Еліміздің Конституциясы жеке адамға еңбек етуді міндеттемейді. Адамдардың материалдық мұқтаждықтарын қанағаттандыру еңбек етуге əкеп соғады, себебі ол тіршіліктің қайнары болып табылады.

Main body. (Негізгі бөлімі). «Еңбек ету бостандығы» мен «еңбек етуге құқық» ұғымдары өзара байланысты болғанымен олардың бірбірінен  өзгеше  болып   келетін   тұстары да бар. «Бостандық»  сөзінің  мəні  мен  астарында халықтың, жеке адамның табиғи қалыпты жағдайы жатыр, ол жеке  адамның (халықтың) өз қалауы бойынша əрекет ету мүмкіндігімен сипатталады. Осының нəтижесінде бұл термин конституциялық-құқықтықнормаларарқылыіске асырылатын  негізгі  философиялық принциптің рөлін атқарады. Еңбек ету бостандығы адамның табиғи құқықтарының бірі болып келеді. Бүгінгі ғылымда табиғи құқық деп адам баласына тумысынан берілген жəне мемлекет оны қорғауға барынша кепілдік береді.

«Еңбек етуге құқық» түсінігін қолданғанда бұл сөздің тар жəне кең мағынасын жəне өзге де баламаларын қарастыруға болады. Тар мағынада еңбек ету бостандығын, еңбек қабілетіне өзіндік билік жүргізу құқығын, кəсіп пен мамандықты еркін таңдау құқығын, мəжбүрлі  еңбекке тыйым салуды айтуға болады. Ал бұл ұғымды кең мағынада қарастыратын болсақ, онда «еңбек етуге құқық» ұғымына Қазақстан Республикасы қолданымдағы Конституциясында көрсетілген еңбек саласындағы барлық құқықтар мен бостандықтарды жатқызған дұрыс.

Қолданымдағы 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанның тарихында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын танып, ресми жариялаған алғашқы Конституциясы болып табылады. Жеке адамның əлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарының маңызды болуы оның тиісті деңгейінде қамтамасыз етілуі мемлекет үшін ең негізгі мəселе болып табылады.

Жеке адамның əлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына: еңбек ету бостандығына құқық, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдау құқығы, еңбекті қорғау құқығы, əлеуметтік қамсыздандырылу құқықтары жатады. Бұл құқықтар мен бостандықтар легі еліміздің қолданымдағы Конституциясында баянды етіліп, өз бекімін тапты. Əсіресе, ол Конституцияның 24-бабымен реттелген.

Еңбек ету бостандығына құқық қоғам өмірінің барлық  салаларын  қамтиды.  Еңбек ету бостандығы саласындағы қатынастар конституциялық, еңбек, азаматтық, қылмыстық жəне əкімшілік нормалармен реттеледі.

ҚР Еңбек кодексі бүгінгі күн талаптарына жауап береді, баяндалуы жүйелі жəне ауқымды. Онда еңбек құқығының бірқатар жаңалықтары бар, мысалы: əлеуметтік əріптестік туралы ереже; қызметкерлердің кейбір санаттарының еңбегін реттейтін нормалар жəне т.б.

Сондай-ақ бұл заңнамада бүгінде маңызды болып табылатын мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру туралы тарау қамтылмаған, бірақ бұл мəселе өзге нормативтік-құқықтық актілерде бар. Еңбек кодексі кəсіподақтардың еңбектік құқық қатынастарындағы орнын анықтады. Кəсіподақтар ұжымдық шарт жасасқанда қызметкерлердің мүддесін білдіруге, оларды сотта қорғауға, заңдық кеңес беруі тиіс.

Еліміздің Азаматтық заңнамалары еңбек даулары бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тəртібін белгілейді. Келтірілген зиянның орнын толтыру жөнінде адамдардың өтініштерін, талаптарын сотта қарау тəртібін бекітеді. Сонымен қатар мемлекетіміздің қылмыстық заңнамалары еңбек ету бостандығына қарсы бағытталған құқық бұзушылықтар аясын реттейді.

Сонымен қатар еңбек шартын қамтамасыз ету саласында бірқатар халықаралық құжаттарды атап кетуге болады. Олар: Халықаралық еңбек ұйымының негізгі конвенцияларын («Мəжбүрлі жəне міндетті еңбек туралы» №29 Конвенциясы, «Мəжбүрлі еңбекті тарату туралы» №105 Конвенциясы), жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында 1948 жылы қабылданған Адам құқықтары Жалпыға бірдей Декларациямен, 1966 жылы қабылданған экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы халықаралық Пакті жəне т.б.

Еліміздің қолданымдағы Конституциясы мемлекетімізді құқықтық мемлекет етіп жариялап, басты қазынасы адам оның өмірі мен денсаулығы екендігін баяндап отыр. Əлем мемлекеттерінің көпшілігі құқықтық мемлекет идеясын қолдап, оны орнықтырған. Құқықтық мемлекеттің негізгі идеясы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын бірінші орынға қояды жəне заңның үстемдігін жария етеді.

Елімізде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын  мемлекеттік  орган сот органдары болып табылады. Судьяның тəуелсіздігі құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі болып табылады.

Жеке адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінен орын алған ірі құқықтық институт болып табылатын еңбек ету бостандығына құқықтың іске асырылуын, қорғалуын қамтамасыз ететін бірден-бір механизм – ол сот билігі.

Сот билігі қолданымдағы Конституция мен өзге де ҚР заңнамалық актілері негізінде жəне соларға сəйкес əртүрлі қоғамдық қатынастардың субъектілері арасындағы даулар  мен  қақтығыстарды шешуге бағытталған. Еліміздің Конституциясы сот шығарған шешімдер мен үкімдердің жəне өзге де қаулылардың Республика аумағында міндетті күшке ие екендігін жария етіп отыр. Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін сотқа жүгіну құқығы, соның ішінде еңбек ету бостандығына құқық туралы дауласу еліміздің Конституциясымен кепілдік берілген субъективтік құқық. Осының нəтижесінде Конституция жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау барлығының міндеті екендігін негізге алады. Осыған сəйкес қолданымдағы Конституцияның 13-бабы əркімнің білікті заң көмегін алуға құқықты белгілеп отыр. Қазіргі таңда елімізде 330-ға жуық еңбек мемлекеттік инспекторлары өз қызметін жүзеге асырып жатыр. Бұрын-соңды бұл инспекторлар жергілікті  атқарушы  биліктің  өкілі  болып табылатын əкімдерге бағынышты болған. Осы күндері аталмыш инспекция Еңбек жəне халықты    əлеуметтік қорғау  министрлігінің бақылауында əрекет етіп жатыр. Кейбір шет елдерде осы мемлекеттік инспекторлар қызметін кəсіподақтық инспекциялар атқарады. Біздің мемлекетімізде кəсіподақтар бар, бірақ олар бəсеңді қалыпта жұмыс жасайды.

Еңбек мемлекеттік инспекторы қызметінің басты бағыттары адам мен азаматтардың еңбек ету саласындағы құқықтар мен бостандықтарының бұзылмауына бақылау мен қадағалау жүргізу болып табылады. Осының нəтижесінде мемлекеттік инспектор еңбек жағдайымен жұмыс берушінің қызметін бақылауға ала алады, лауазым иелері жағынан құқыққа қарсы əрекеттердің болуын болдырмау мақсатында оларға ықпал етеді.

Жеке еңбек даулары келісім комиссияларымен қарастырылуы да мүмкін. Олардың жұмысшының негізгі жұмысы, уақытша жұмысы екендігіне қарамастан жеке еңбек дауларын қарастыра беруі мүмкін. Келісім комиссиялары ұйым, мекеме, ұжымда пайда болатын еңбек дауларын қарастыратын алғашқы орган болып табылады. Олар заңда өзгеше тəртіп көзделмеген, қалған барлық істерді қарастыруы мүмкін.

Conclusions. (Қорытынды). Қазақстан Республикасының 2001 жылғы «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңның 1-бабының 19-тармақшасына сəйкес экономикалық жігерлі халық (əрі қарай ЭЖХ) – ол еңбек етуге деген қабілеті бар халық ретінде анықталған. Осы заңның 1-бабының 20-тармақшасына сəйкес экономикалық жігерлі емес халық (əрі қарай ЭЖЕХ) – еңбек күшіне қосылмайтын халық ретінде жасына, денсаулық жағдайына байланысты қызметке қабылданбайтын, жұмыспен қамтылмаған жəне жұмыспен қамтылуға ниет білдірмейтін, сонымен қатар үй шаруасымен қамтылған əйелдер, қызметте жоқ мүгедектер, зейнеткерлер, оқушылар, студенттер, күндізгі бөлімде оқитын əскери тыңдаушылар, курсанттар, магистратура бөлімінде оқитын жеке тұлғалар танылады. Негізінде, жоғарыда аталған заңмен қатар, еңбектік қатынастарды құқықтық реттеу мəселесінде, яғни жеке тұлғаны жұмыспен қамту мəселелері Еңбек кодексімен реттелуге тиіс еді. Еңбек құқығының негізгі міндеті ретінде халықты жұмыспен қамтамасыз етудің құқықтық негіздемелері Еңбек кодексінде анықталуы тиіс. Қазіргі жағдайда қолданыстағы еңбектік заңнама толық көлемде Конституциямен айқындалған қағидаттарды жүзеге асырмайды, өйткені жұмыспен қамтылуға ниет білдіретін тұлғалардың құқықтары Еңбек кодексінің нормаларымен тікелей анықталмайды. Осыдан туындайтын түйін – үй шаруашылығы бар, отбасылық міндеттері бар əйелді, жұмыспен қамтылмаған зейнеткерді, мүгедек ретінде танылған қызметте жоқ   тұлғаны   ЭЖЕХ   құрамына   жатқызу, яғни аталған тұлғаларды жігерлі емес  халық деп тану қаншалықты орынды деген сұрақ заңнама мəтінінде қаралмаған. Жеке тұлғаның еңбектік құқықтық қабілеттілігін жүзеге асыру бағытында, жұмысқа қабылданбауына байланысты, сотқа талап арызын беру жағдаяттары, осы Еңбек кодексімен анықталмаған. Барлық құқықтық нормалар материалдық жəне процессуалдық болып екі түрге бөлінеді. Еңбек құқығының нормалары – материалдық нормалар ретінде анықталады. Еңбек дауларынан туындайтын қатынастар сот өндіріс тəртібінде қаралып, процессуалдық нормалармен реттеледі. Осы ұстанымға сəйкес, материалдық нормалармен анықталған құқықтарды жүзеге асырудың бірден-бір тəсілі ол, мүдделі тұлғамен өз құқықтарын  жүзеге  асыру  мақсатында сотқа арыз беру болып танылады. Жұмыспен қамтылуға ниет білдіретін жеке тұлғаның жұмыс берушіге жолданатын өтінішін қараудың тəртібі жəне негіздері Еңбек кодексінде анықталмаған.

Осы мəселеде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 3-тармағымен, 20-баптың 2-тармағымен анықталған əркімнің өтініштер жолдау жəне сол өтініштерге байланысты жазбаша нысанда жауап алу құқығы, еңбектік құқықтық аспектіде қаралмайды.

Сонымен қатар Еңбек кодексінде орын алған кемшіліктерге байланысты келесі мəселелерге көңіл бөлуді қажет деп санаймыз. Еңбек кодексінің 172-бабына сəйкес жекелік еңбек дауларын қарайтын органдарға өтініш беру мерзімдері екі түрге бөлінген:

1) қайта жұмысқа орналасуға байланысты сотқа арыз беру үш ай мерзімінде;

2) басқа да еңбек дауларына байланысты қызметкер не жұмыс беруші өзінің құқығының бұзылғандығын білген не білуге тиіс  болған  күннен  бастап бір жыл мерзімі көлемінде. Осы 172-баптың ресми  мəтінінің қолдану  тəжірибесінде, еңбек дауларын қарау барысында көптеген қиыншылықтармен кездесеміз. Мəселен, жұмыс берушімен жеке тұлғаны жұмысқа қабылдаудан бас тарту жағдайларын негізсіз деп тану себебіне байланысты сотқа талап арызын беруді, материалдық  құқықтық  норма негізінде анықтау, қазіргі жағдайда мүмкін емес.

Бір ғана негіз – ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 1 жəне 2-тармақтарына сүйене отырып,теориялық негізде,осы мəселеге байланысты туындайтын дауларды негіздеуге жол берілуінде. Қолданыстағы еңбектік заңнаманы қолдану мүмкіндігін ескеріп, жоғарыда аталған Еңбек кодексінің нормасын, нақты құқықтық маңызы бар мəн-жағдайларда қолдануда, Еңбек кодексіне, еңбек құқығының формалдық қайнар көзі ретінде сүйену, яғни Кодексті тіке қолдану, формалдық аспектіде мүмкіндік тудырмайды. Осы аспектіде Еңбек кодексінің 172 бабы осы кодекстің 4-бабымен айқындалған қағидаттарға да қайшы келетіндігін айқындаймыз.

  • Конституцияға сəйкес, Еңбек кодексімен айқындалған қағидаттардың қатарында (4-баптың 1,2,3-тармақшалары) адамның жəне азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу; еңбек бостандығымен əркімнің еркін пайдалануы;
  • жұмыспен қамтылуда кемсітушілікке жол бермеу қағидаттары еңбек құқығының негізгі қағидаттары  ретінде  танылады.  Яғни аталған қағидаттар құқықтық қағидаттар ретінде танылады. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңның 4-бабының 2-тармағына сəйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттің саясаты;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарын тең мүмкіндіктермен, сонымен қатар олардың еңбек түрін жəне мамандығын еркін таңдау құқығын қамтамасыз ету;
  • халықты өнімді  жұмыспен  қамту,  жұмыссыздықты барынша қысқарту, жұмыс орындарын құру жəне т.б. қағидалар айқындалған.

Өкінішке орай, Қазақстан Республикасы Конституциясымен айқындалған адамның еңбек ету бостандығына деген құқығын жəне еңбектік заңнамамен анықталған, жарияланған негізгі құқықтық қағидаттардың жүзеге асырылу тəсілдерінің заң бекітушімен нақты анықталмай қалып отырғандығын мойындауға мəжбүрміз.

Жыл: 2013
Қала: Алматы
Категория: Құқық