Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қор биржасы жəне бағалы қағаздар нарығының қатысушылары

Капиталды бағалы қағаздың қозғалысы алғашқы жəне қайталама нарықта көрінеді.

«Эмиссиялық бағалы қағаздар» мен «эмиссиялық емес бағалы қағаздардың» эмиссиясы бағалы қағаздар нарығының алғашқы кезеңінде жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды шығару жəне оларды бағалы қағаздардың бастапқы нарығында орналастыру эмиссиялық операция болып табылады.

Бағалы қағаздардың қайталама  нарығы екінші нарық саналады.

Қазіргі кездегі қайталама нарық екі бөлімнен тұрады:

  • бағалы қағаздардың биржадан тыс айналымы;
  • қор құндылықтарын биржада сату.

Бұл екі бөлім бір-бірімен байланысты, қаржылық активтің курстық құнына өзара əсер етеді.

Бағалы қағаздармен сауданы  қор  биржасы, биржадан тыс нарықтың баға  кесу ұйымы,заңдарға сəйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады. Бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастырушылар қызметін уəкілетті орган лицензиялауы тиіс.

Қор биржасы – бағалы қағаздар нарығының кəсіпқой қатысушылары құратын жабық акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы саудасаттықты ұйымдық жəне техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын  заңды тұлға. Қор биржасының қызметі өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді жəне оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдықтехникалық дамытуға пайдаланылады.

Қор биржасы қаржы құралдарымен мəмілелер жасауға арналған үй-жай болып табылатын арнайы жабдықталған сауда алаңын береді жəне қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастырады, қаржы құралдарына баға кесуді жүзеге асырады, мүшелеріне ұйымдық, ақпараттық, кеңестік қызметтер көрсетеді жəне заңнамада көрсетілген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Биржада орны бар жəне қаржы құралдарымен саудаға қатысатын бағалы қағаздар нарығының кəсіпқой қатысушылары қор биржаларының мүшелері болып табылады. Қор биржасының кемінде он мүшесі болуы тиіс.

Қор биржасы өзінің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінде мемлекеттік органдарға тəуелді емес. Қор биржасының жұмыс істеуіне белгіленген тəртіппен лицензияны уəкілетті орган береді.

Қор биржасына бағалы қағазға қойылатын барлық талаптарға қаржылық активі сəйкес келетін, биржалық тізімге енген эмитенттердің ғана бағалы қағаздары айналымға түседі. Мұндай эмитенттер көп емес. Оларға қаржылық жағдайы тұрақты, инвесторлар сеніміне енген ірі корпорациялар қатысады. Биржалық торг басталғанға дейін саудаға түсетін бағалы қағаздарды қор биржасының депозиторийіне тапсыру керек. Депозиторий бағалы қағазды сақтайды жəне бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге техникалық көмек көрсетеді.

Қор биржасының кірістері, негізінен, биржалық  саудаға  қатысушылар  төлейтін жарналар мен алымдардан, биржаның акцияларын сатудан түскен қаражаттан, оның ақпараттық, кеңестік жəне өзге де қызмет көрсетуінен алынған қаражаттарынан құрылады. Олар биржаның өзінің функцияларын жүзеге асыруымен, оның қызметінің кеңеюімен жəне жетілдіруімен байланысты шығыстарын жабуға бағытталады.

Биржадан тыс айналымда мына эмитенттердің бағалы қағаздары кездеседі:

  • капитал көлемі кіші жəне орта мөлшердегі акционерлік компаниялар;
  • банктер мен басқа да ірі есеп-несие мекемелері;
  • экономика саласында беделі орташа корпорациялар;
  • мемлекет, жергілікті атқару органдары;
  • қаржылық жағдайы тұрақсыз компаниялар;
  • шетел компаниялары.

Қор биржалары мен биржадан тыс ұйымдардың бағалы қағаз айналымдары қызметтеріне мемлекеттік уəкілетті органдар араласа алмайды, бірақ олардың қызметінде заңдылықтың сақталуы мақсатында қадағалау жүргізеді. Қаржылық активтердің нарығын заң актілеріне сəйкес реттеуде ішкі бақылау жəне өзін-өзі реттеу əдістері қолданылады. Қор биржалары мен биржадан тыс айналымды өздері реттейтін ұйымдарға брокерлік, дилерлік жəне басқа да кəсіпқой конторлар, рейтингтік компаниялар, аудиторлық фирмалар, мəліметтер агенттігі жатады.

Бағалы қағаздарға баға кесу жəне биржадан тыс  нарықта  бағалы  қағаздармен  сауда жасауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті құрылтайшысы өзін-өзі реттейтін ұйым болып табылатын бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушыларының қауымдастығы емес ұйым жүзеге асырады.

«Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы» ұғымы жиі қолданылады, ол осы нарықты құқықтық қамтамасыз етеді (заңнама, мемлекеттік органдардың нормативтік актілері жəне т.б.), ақпаратты, депозитарлық жəне есептік-крилингтік желіні, тіркеуші органдарды қамтиды.

Жоғары ұйымдастырылған қаржы нарығының дамуына бағалы қағаздар нарығының кəсіпқой қатысушыларының  – ассоциациялар мен бірлестіктердің ұйымдары мүмкіндік туғызады.

Қаржы нарығының жұмыс істеуі мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ол бағалы қағаздар нарығының субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік-құқықтық актілер шығару, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар нарығының кəсіпқой қатысушылар жəне олардың өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызметін лицензиялау жəне олардың қызметіне бақылау жасау жəне т.с.с. жолымен  жүзеге  асырылады. Қор биржасы бағалы қағаздар нарығының субъектісіне келтірілген залалдардың орнын толтырады жəне оған өз жарғысын, биржалық сауда ережелерін бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда заңға сəйкес жауап береді.

Екінші нарықта эмитент жəне оның агенті қайталама нарықта бағалы қағазды алғаш таратушының жəне эмитенттің функциясын жүзеге асырмайды, инвестор (лицензиясы болса) бағалы қағазбен байланысты мəміледе тікелей қатысатын кəсіпқой ретінде қатысады.

Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары мыналар бола алады: эмитент, инвестор, кəсіби қатысушылар.

Эмитент – бұл бағалы қағаз шығаруға арнайы   уəкілеттігі   бар   заңды   тұлға.   Эмитент – эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға деп «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңның 1-бабындағы жалпы ережеде көрсетілуіне орай, эмиссиялық емес бағалы қағаздарды шығарушыға қатысты бұл ұғым қолданылмайды. Бұған, сондай-ақ эмиссия ұғымы да қатысты. Шығарған бағалы қағаздарды эмитенттердің өздері де таратуына болады.

Кіріс табу мақсатында бағалы қағазға қаражат салушыны инвесторлар деп атайды. Инвестор – жеке жəне заңды тұлға. Бағалы қағаз портфелін қалыптастыратын субъектілерге мыналар жатады: институциялық қорлар, институциялық банк, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары. Ақшалай бағалы қағаз нарығында инвестор ретінде банктер кеңінен қатысады. Банктер клиенттеріне қысқа мерзімді бағалы қағаздарды таратады, яғни делдалдық қызметті де   атқарады.   Капитал   бағалы  қағаз нарығында институциялық инвесторлар көптеп кездеседі. Институционалдық  инвестор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес инвестицияларды жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға, дара инвестор институционалдық инвестор болып табылмайды. Бағалы қағаздар нарығының  кəсіби қатысушысы – өз қызметін бағалы қағаздар рыногында лицензия негізінде не заңнамалық актілерге  сəйкес жүзеге  асыратын  жəне акционерлік қоғамның  ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыс  істейтін (клиенттердің есебін жүргізу құқығын берместен брокерді жəне дилерді, тіркеушіні, трансфер-агентті қоспағанда) заңды тұлға.

Нарықты бəсекелестік билеген кезеңде эмиссиялау механизмі үлкен шығындармен қатар мамандандырылған білімдер мен біліктілікті қажет етеді. Сондықтан да эмитенттер кəсіби дилер, брокерлерге жүгінеді. Олар ұйымдастырылған, кепілдік бере алатын бағалы қағаз нарығының делдалдарына жатады. Дилерлер екінші нарықта бағалы қағазды сату-сатып алу шартын өз аттарынан жəне өз есептерінен жүзеге асырады. Олардың пайдасы бағалы қағазды иелену құны мен оларды өткізген бағаның  айырмасын  құрайды.  Брокерлер басқа тұлғалардың мүддесіне комиссия шарты негізінде нарыққа қатысады, өз коммерциялық қызметінде бағалы қағазды өз аттарынан, бірақ өз клиенттерінің есептерінен сатып алып, сатады. Олардың еңбегіне берілетін сыйақы жасалған мəміленің сомасының белгілі пайыз мөлшерінде алдын ала келісіледі. Сондай-ақ брокерлер клиенттерінің аттарынан, есептерінен тапсырма шарты негізінде бағалы қағазды сатып алу-сату қызметін жүзеге асырады.

Инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы – бағалы қағаздар рыногының азаматтық құқық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп жəне соның есебінен жүзеге асыратын кəсіби қатысушысы.

Төлем агенті – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылса, ал трансферагент – өз клиенттерінің арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнінде қызмет көрсететін бағалы қағаздар рыногының кəсіби қатысушысы.

Андеррайтер – бағалы қағаздар нарығының брокерлік жəне дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жəне эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсететін кəсіби    қатысушысы. Эмиссиялық консорциум андеррайтерлердің эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды  шығару  мен   орналастыру жөнінде қызмет көрсету мақсатында бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылған бірлестігі. Андеррайтерлердің бірлескен қызметі туралы шартта эмиссиялық консорциумға қатысушылардың функциялары; эмиссиялық консорциумға қатысушылар арасында олардың құқықтарын, міндеттерін жəне жауапкершіліктерін бөлу; бірлескен қызмет туралы шарттың қолданыстағы мерзімі сияқты мəліметтер болады.

Бағалы қағаздар саудасын ұйымдастырушылар:

  • биржадан тыс бағалы қағаздар нарығындағы баға кесу ұйымы;
  • биржалар.

Биржадан тыс бағалы қағаздар нарығындағы баға кесу ұйымы – бұл биржалық емес нарықта құрылатын бағалы қағаздардың саудасын техникалық қамтамасыз ететін жəне бағалы қағаздың нарықтық құнының курсын анықтау функциясын жүзеге асыратын, заңды тұлға мəртебесі бар, бағалы қағаз нарығының кəсіпқой қатысушыларымен құрылған коммерциялық емес ұйым.

Бағалы қағаздар рыногы» туралы заңның 57-59 баптарына сəйкес, кəсіби қатысушылармен бағалы қағаз нарығында ассоциация түрінде өзін-өзі реттейтін ұйым құрылады [1, 437 б.].

Сонымен қатар кəсіби көмекті эмитенттің аудиторы да атқарады, ол компанияның жүйелі, жылдық жəне жарты жылдық қаржылық есептерін тексеруге жауапты тұлға болып табылады. Эмитент жаңа эмиссияға байланысты аудиторлардан инвесторларға ұсынатын есепті растайтын хат даярлап  беруді  сұрай  алады. Бұл хатта эмитенттің бағалы қағаздарды сату кезінде ұсынған қаржылық есептің елдегі жалпы бухгалтерлік қағидаттарға сəйкестігін растаған аудитордың пікірі айтылады.

Бағалы қағаз нарығының инфрақұрылымының тағы бір субъектісі – депозиторий. Оның негізгі функциясы  –  депозиторийлік қызметті жүзеге асыру. Бұл коммерциялық емес арнайы ұйым бағалы қағаздың қозғалысын есепке алу, тіркеу жəне сақтауға байланысты тиімді де, мамандандырылған шараларды жүргізуді ұйымдастыру үшін құрылады. Депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде орталық депозитарий қалыптастыратын мəліметтер орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне жинақталады. Депозиторийді бағалы қағазды сақтау орнынан ажырата алу керек [2, 73 б.]. Депозиторийде бағалы қағазбен мəміле жасауға жəне олардың нақты бар екендігінің кепілі ретінде ұстауға жəне оларды кез келген уақытта жасалған мəміле бойынша есепке алдыру үшін беріледі. Бағалы қағаз нарығының ерекше кəсіби қатысушысы бағалы қағазды қоймада сақтауды қамтамасыз етеді [3, 84 б.]. Бағалы қағаздарды банкте сақтайды. Акцияларды тіркеуші акционерлердің тізілімін жүргізеді.

Бағалы қағаз нарығының келесі кəсіпқой субъектісі клирингті Орталық болып табылады. Олар бағалы қағаздың операцияларын  есепке алады. Бағалы қағаз иелері өзгерген кезде операция нəтижесінде бағалы қағаз реестрін жүргізеді.

Сату  циркулярын шығару мен таратуды жүйелеуге баспа жауап береді. Бұл жұмыс əлемдегі инвесторлар арасында жүздеген беттен тұратын мыңдаған көшірмені таратады.

Инсайдер – эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленуіне, эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының басқару органдарына мүше болуына, эмитентпен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек шартын немесе азаматтық құқықтық шарт жасауына, оған мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы ретінде берілген өкілеттіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға. Фирманың бағалы қағаздарының корпоративтік қаржысы жөніндегі  командасын жетекші менеджменттің өзі тағайындайды. Ол үшінші жақты өзі тағайындайды немесе ол жөнінде эмитентке ұсыныс айтады. Бұл команда, алдымен, эмитент орындайтын күнтізбелік жоспарды түбегейлі даярлап береді жəне міндеттердің уақытылы орындалуын тексереді. Мəміленің негізіне мыналар жатады [4, 35 б.]:

  • бірлесіп қызмет ету жөніндегі хатқа қол қою;
  • арызды тіркеу үшін ұсыну;
  • эмиссияның басталуы (маркетингтік кезең);
  • жаңа эмиссияны бағалау;
  • аяқталуы.

Сонымен, бағалы қағаздар нарығының субъектілерінің құқықтық жағдайы мен нарықтағы алатын орнын анықтаудың рөлі қаржы нарығын дамытудағы, жалпы құқықбұзушылықтардың алдын кесудегі орны ерекше.

 

 

 Əдебиеттер

 

  1. Нац. Комиссия РК по ценным бумагам. Правила осуществления деятельности саморегулируемых организаций профессиональных участников рынка ценных бумаг РК: Пост. №131от 22 августа 1997г. //Сборник нормативно-правовых и нормативных актов по рынку ценных бумаг РК. – Алматы: Рынок ценных бумаг, 2001. – Т – С.137-141.
  2. Правительства РК. Положение «О центральном депозиторий РК»: Пост. №944 от 29июля 1996г.//Сборник нормативно-правовых и нормативных актов по рынку ценных бумаг Казахстана. – Алматы: Изд-во дом Данекер, 2002. – Т5. – С.71-78.
  3. Правительства РК. Положение «О кастодиальных деятельностях на рынке ценных бумаг РК»: Пост. от 29 июля 1996 г. //Сборник нормативно-правовых и нормативных актов по рынку ценных бумаг Казахстана. – Алматы: Изд-во дом Данекер, 2002. – Т – С.84-87.
  4. Маширова Т.Н. Рынок ценных бумаг: электронный учебник. – Шымкент, 2005. – 82 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.