Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Отандастарды ықпалдастырудың құқықтық реттелуінің өзекті мəселелері

Əлемдік шаруашылық байланыстарға Қазақстанның барынша кірігуі жағдайында елдің бəсекеге қабілеттілігі көбінесе адами əлеуеттің санымен жəне сапасымен анықталатынынан туындайды. Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның бағалауынша  Қазақстан əлемдегі мейлінше күшті көші-қон процестері байқалатын елдерге жатады. Қазақстандағы көші-қон процестерінің ауқымы өсе түспек, олардың бағыттары мен саяси жəне əлеуметтікэкономикалық жағдайға ықпалы тереңдейді, тіпті, республика көші-қон ағынының қысымын қазірдің өзінде сезініп отыр [1].

Адамның жүріп-тұру еркіндігінің жалпы танылған құқықтарын жүзеге асыру мəселелері өте маңызды жəне өзекті болып табылады.

Отандастардың репатриациясы бойынша бағдарламаларды құқықтық қамтамасыз ету жəне тиімді жүзеге асыру сұрақтары ұлттық мемлекеттердің дамуы мен тұрақтылығының маңызды элементі болып табылады. Шет елдегі отандастардың ұлттық мемлекеттің мемлекеттік құқықтық, əлеуметтік экономикалық жəне мəдени саласына біртұтас жəне жүйелі ықпалдастыру ретіндегі репатриацияның негізгі элементтерін талдау, осы сұрақта халықаралық тəжірибе тапқан өткір тұстары мен оларды еңсере алатын ықтимал жолдарын көрсетеді. Отандастарды репатриациялауды жүзеге асырудың тұжырымдамалары мен əдістерін рəсімдеудің   саяси    құқықтық    жолының    басында келе жатқан елдер белгілі саяси құқықтық тұжырымдамалар мен əдістерді өзіндік өзгешелікке оның барлық өлшеулерінде бейімдеу үшін көрнекті мысал ретінде халықаралық тəжірибені есепке алмауға болмас [2].

Жалпы, халықаралық тəжірибеде репатриация шақырушы елдің азаматтығын жеңілдетілген түрде алу деп түсінілгенімен, көптеген мемлекеттер оның көпқырлығын ескере отырып, Отанына келгеннен кейін жаңа қоғамға бейімдеу мен ықпалдастыру шараларын заңнамалық түрде бекітіп жатады. Осы ретте шетелдердің тəжірибесін қарастырсақ. Бұл жерде үш миллионға жуық отандасын тарихи Отанына репатриациялаумен 60 жылдан астам айналысып келе жатқан Израиль мемлекетінің тəжірибесі өте өзекті болып табылады.

Main body. (Негізгі бөлімі). Репатриация істерімен Израильде Абсорбция Министрлігі жəне Еврей агенттігінің репатриация жөніндегі арнайы бөлімі айналысады. Абсорбция министрлігінің келесі міндеттері: репатрианттарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, алғашқы ақшалайкөмек, басқамекемелерменбайланыстар орнату жəне олардың репатрианттарды бейімдеу бойынша қызметтерін үйлестіру. Министрліктің басшылығы абсорбцияның бас саясатын тұжырымдайды, оны егжей-тегжей əзірлеу жоспарлау жəне зерттеу бөлімімен жүргізіледі. Осы саясатты жүзеге асыру министрліктің округтік жəне жергілікті бөлімшелеріне, оған қоса арнайы бөлімдер – тұрғын үй жəне жұмысқа орналас тыру,əлеуметтік  абсорбция,студенттердің істері бойынша басқарма, ғалымдардың абсорбциясы бойынша орталықтарға жүктелген. Ақпарат бөлімі репатрианттардың назарына израильдік қоғамда тұрмыстық, еңбек жəне əлеуметтік мəдени тұрғыдан бейімделуге қажет ақпаратты жеткізу үшін жауап береді. Еврей агенттігінің репатриация бөліміне репатриацияны дайындау бойынша барлық қызметтер шоғырланған, оған қоса оңдаған мың репатрианттар өткен абсорбция орталықтары да кіреді. Еврей агенттігінің міндеттеріне репатрианттар мен олардың жүктерін елге жеткізу, заңи кеңес беру, уақытша тұрғын үй беру, ивритті оқуға жəрдемдесу жəне жаңадан келгендерге ақшалай көмек көрсету кіреді. Жастар бойынша алия бөлімі көптеген жылдар бойы балалар мен жастарды орналастыру сұрақтарымен айналысады. Еврей агенттігінің өкілдері əлемнің ірі еврейлік орталықтарында орналасқан. Онда олар ивритті оқыту бойынша топтар ұйымдастырады, əлеуетті репатрианттарға тиісті ақпарат береді жəне Израильге репатриация үшін қажетті (соның ішінде ақашалай) көмек көрсетеді. Алияны ынталандыру бойынша қызмет Еврей агенттігі жұмысының басымдық бағыттарының бірі болып табылады [3].

«Репатриация туралы» Польша Республикасының заңының 1-бабының 2-тармағына сəйкес  «репатриант  деп  тұрақты  тұру   орнын алу ниетімен репатриациялық виза негізінде Польшаға келген поляк тегіндегі тұлға есептеледі». Поляк ұлтындағы немесе поляк тегіндегі шетелдікке осындай визаны шетелдік тұрып жатқан жердегі поляк дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекеменің  басшысы Ішкі істер министрі жəне Польша Республикасының əкімшілігінен келісім алғаннан кейін береді. Репатриациялық виза мүдделі тұлғаның паспортында бекітіледі. Бұл – берілген күннен бастап бір жылдың ішінде əрекет ететін бір реттік виза. Осы уақыт ішінде мемлекеттік шекараны кесіп өтуі керек. Осы виза негізінде келетін тұлға Польша азаматтығын шекараны кесіп өткен кезде автоматты түрде алады [4].

«Репатриация туралы» Польша Республикасының заңының 4 жəне 5-бөлімдері репатрианттарға көмек көрсетудің нысаны мен тəртібі белгіленген. Оған сəйкес репатрианттарға жəне онымен Польшаға келген бірлескен мүлкіне ие отбасының мүшелеріне жол шығындары (екінші   санаттағы   теміржол   билетінің құны),ағымдағы шығындар (екі айлық орташа жалақы), кəмелетке толмағанның оқуының басталуына байланысты шығындар (əрбірі балаға екі айлық орташа жалақы мөлшерінде) өтеледі. Бұл көмектер репатриант поляк азаматтығын алғаннан кейін 60 күн ішінде көрсетілуі тиіс. Бұрынғы КСРО-ның азиялық аумағынан Польшаға келген репатриантқа тұрғын үйін жөндеуге немесе бейімдеуге кеткен жəне дəлелді құжаттармен расталған шығындарын мемлекеттік бюджеттен ішінара өтеледі. Бұл көмек репатриант поляк азаматтығын алғаннан кейін 2 жыл ішінде көрсетілуі тиіс. Көрсетілетін көмектің мөлшері бірлескен мүлкі бар отбасының жақын туыстарының санына көбейтілген 200% орташа айлық жалақыдан аспау керек. Оған қоса репатриантқа жəне оның отбасының жақын туыстарына поляк тілін оқытудың жəне бейімдеудің тегін курстарына қатысуға мүмкіндік берілуі мүмкін [4].

«Репатриация туралы» Польша Республикасының заңының 6-бөлімінде репатрианттардың кəсіби жандандыру мəселелері қарастырылған. Репатрианттың өмір сүру қайнар көзін қамтамасыз ету жəне кəсіби жандандыру мақсатында гмина (əкімшілік аумақтық бірлік) жұмыс берушінің жалақы, сыйақы, сақтандыру жарналары, жұмыс орнын жабдықтау, кəсіби оқытуға бағытталған шығындарының бір мөлшерін жабуы  мүмкін.  Осы  шаралар  гмина басшылығы мен жұмыс беруші арасында жасалынған шарт негізінде  жүзеге асырылады. Оған қоса осы шаралар репатриант поляк азаматтығын алған күннен бес жыл кешіктірмей жүзеге асырылуы керек жəне олардың кем дегенде біреуі азаматтық алған күннен бастап бірінші жылы жүзеге асуы керек. Гмина басшылығы, егер репатриант толық мөлшерлемеге жəне кем дегенде 48 айға алынса 24 ай ішінде жұмыс берушінің жалақы, сыйақы жəне сақтандыру жарналарына шығындарын қайтарып  отырады. Гмина басшылығы жұмыс берушінің репатрианттың жұмыс орнын жабдықтауға кеткен шығындарын, егер оны кем дегенде 48 айға жұмысқа алғанда өтей алады. Егер репатриантта қандай да бір біліктікті жоқ болса немесе еңбек  нарығында  сұранысы  жоқ  біліктілікке ие болса, онда жұмыс беруші оның біліктілігін жоғарылату немесе өзгерту мақсатымен қайта даярлауын ұйымдастыра алады. Репатриантты кем  дегенде  24  айға  жұмысқа  алған жағдайда үш орташа айлық жалақыға  дейін  мөлшерде оқу шығындары  өтеледі.  Репатриантқа қатысты кəсіби жандандырудың бір немесе бірнеше нысандары қолданылуы мүмкін, бірақ шығындардың жалпы көлемі 20 есе орташа айлық жалақыдан аспау керек [4].

1990 жылдан бері төрт жарым миллион этникалық немісті Отанына қайтарып, қабылдап алған Германияның да репатриациядағы тəжірибесін зерттеу өте өзекті мəселе.

Германияға қоныс аударатын этникалық немістерге келесі құқықтар беріледі:

  1. a) Азаматтық. Азаматтық туралы Заңға сəйкес қабылдау туралы мəлімдеме жəне мəртебе туралы куəлік алған қоныс аударушылар жəне олардың отбасылары неміс азаматтығын алады. Қос азаматтық деректерін анықтаған кезде қоныс аударушы неміс бодандығын жоғалтады [5].

ə) Ықпалдастыру курстары. Қоныс аударушылар жəне олардың жұбайлары, Германияға кіретін шетелдіктердің басқа топтарына қарағанда, 2005 жылдың 1 қаңтарынан  600 сағат неміс тілі жəне Германияның құқықтық жүйесі, оның тарихы, мəдениетімен таныстарын бағдарлау курсын қосатын тегін ықпалдастыру курсына құқық алады [6].

б) Тегі, есімін өзгерту. Кейінгі қоныс аударушылар, олардың отбасы мүшелері де тегін түрде тегі мен есімін өзгертуге құқылы.

в) Академиялық жəне кəсіби біліктілігін мойындау. Қуғындалушылар туралы Заң қоныс аударушыларға «Германиядағы өмір сүруіндегі кəсіби, мəдени жəне əлеуметтік ықпалдасуын жеңілдету үшін» барлық салаларда білімдері мен кəсіби біліктіліктерін мойындауға кепіл береді. Бірақ кейбір жағдайларда неміс тарабы белгілі бір білім мекемелерінде алған біліктіліктерді мойындамай жатады.

г) Зейнетақымен қамтамасыз ету саласында қоныс аударушылардың еңбек өтілі ішінара немесе толық қабылданады, бірақ зейнетақы мөлшері елде тұрып жатқан немістерден қарағанда 40% азайтылуы мүмкін [13].

ғ) 1956 жылдың 1 қаңтарына дейін дүниеге келген қоныс аударушыларға бұрынғы Кеңес Одағында бас бостандығынан айыру орындарында болған жəне жүріп тұру құқығын шектеу нəтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында біржолғы ықпалдастыру жəрдемақы түріндегі мемлекеттік қолдау алу. Жəрдемақы мөлшері дүниеге келу мерзіміне байланысты болады. Егер кейінгі қоныс аударушы 1946 жылдың

1 қаңтарына дейін дүниеге келсе, төлемдер 3067,75 еуро; 1946 жылдың 1 қаңтары мен 1956 жылдың 31 наурызы аралығында дүниеге келгендерге 2045,17 еуро төленеді.

д)  Оған  қоса  дүниеге  келу   мерзімінен тыс тарихи Отанына оралуына байланысты шығындарды өтеу, алғашқы материалдық көмек, жұмыссыздық бойынша жəрдемақы төлеу көзделеді [8].

Қазақстандық  заңнамада бейімдеу  мен ықпалдастырудың нақты анықтамасы берілмеген.Бірақ  Халықтың   көші-қоны туралы заңының 1-бабында бейімдеу жəне ықпалдастыру қызметтерін көрсету анықтамасы берілген. Оған  сəйкес  бейімдеу  жəне ықпалдастыру қызметтерін көрсету – оралмандар мен олардың  отбасы мүшелеріне  қоғамға  бейімдеу жəне ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін (ақпараттық, заңдық, əлеуметтік, медициналық жəне білім беру) қызметтер кешені. Ал осы заңның 23-бабының 2-тармағының 1-тармақшасында оралман  мəртебесін  алған адамдар мен олардың отбасы мүшелері оралмандарды бейімдеу жəне ықпалдастыру орталықтарында тегін бейімдеу жəне ықпалдастыру қызметтерін көрсетумен қамтамасыз етілетіні белгіленген [9]. Қазіргі таңда оралмандарды бейімдеу жəне ықпалдастыру орталықтары  Қазақстанның тек төрт  жерінде  ғана  құрылған  [10]. Бірақ осы орталықтар келіп жатқан оралмандарды толықтай қамтуға мүмкіндіктері жетіспейді. Мысалы, 2010 жылы көшіп келу квотасына енген 43 457 адам келсе, 2011 жылдың 1   қарашасына

23 441 адам келді [11]. Ал көрсетілген төрт орталықта 2010 жылы тек 1000-ға жуық оралман бейімдеу қызметтерін алды.  Сонда  жалпы келгендердің мөлшермен 1-3 пайызын ғана қамтиды деп айтуға болады.

Егер көшіп-қонушы жұмыс пен тұрғын үй тауып алса, ғылыми əдебиетте кейде ықпалдасуды сəтті аяқталды деп есептейді [12]. Бірақ бұл екі шарт толыққанды ықпалдасуға жеткіліксіз. Германиядағы көші-қон бойынша жетекші сарапшылардың бірі Барбара Дитцтің пікірі бойынша, əлеуметтік ықпалдасу үшін маңызды санаттар ретінде бейімделу қабілеті мен ресми тіл, елдің мəдени ерекшеліктеріне үйрену қабілеті; əртүрлі қоғамдық институттардың қызметіне қатысу; еңбек етуге жəне елдің экономикасына пайда əкелуге дайын болуын келтіреді [13].

Германияда қоныс аударушыларға көптеген жеңілдіктер берілуіне қарамастан ықпалдасуда бірқатар қиындықтар бар.

Ең күрделі мəселе – ол «орыс немістерінің» тарихи негізделген тіл жəне мəдени тұрғыдан дайын болмауы. Орыс қоғамында көптеген жылдарда олар ассимиляцияға ұшырап, онда сіңіп кетті. Бүгінгі күнде «орыс немістерінің» шамалы пайызы ғана жеткілікті деңгейде неміс тілі мен неміс салт-дəстүрлерін меңгерген [14].

Басқа маңызды мəселе – ол «орыс немістерінің» Германиядағы оқшаулануы. Екі миллионға жуық «орыс немісі» Германияда өздері құрған геттода тұрады. Олар тұратын жерлерде орыс дүкендері, тынығу мен ойын-сауық мекемелері жұмыс істейді, негізгі тіл – орыс тілі.

«Орыс немістері» Германияда оң көзқараспен əрқашан  қабылдана  бермейді.  Өйткені  осы топ өкілдерінің арасында жұмыссыздықтың жоғары деңгейі бар, осыдан  салық  төлеп жұмыс істейтін халық есебінен əлеуметтік жəрдемақы алатындардың үлесі жоғары. Қоныс аударушылар этникалық сəйкестілікті іздеу мəселесімен қақтығысады: көп уақыт олар Ресейде тұрып өздерін неміс деп есептеді, ал Германияға   келіп,  өздерін  «өзіміз» деп емес,«орыс немістері» деген басқа этникалық топ ретінде қабылдауымен кездесті. Бұл абыржу мен фрустрация, Германиядағы немістерге деген қабылдамау мен агрессияға жəне өздерінің топтарының өкілдерімен бірігуіне əкеп соғады. Бұл ықпалдасу жүзеге аспайтын себептердің бірі [15, 53 б].

 Conclusions. (Қорытынды).

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, келесідей тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға болады:

  1. Репатриация мəселелерін заңнамада бекіту кезінде шақырушы елдің азаматтығын жеңілдетілген түрде алу деп қана түсінбей, оның  көпқырлығын  ескере  отырып,   Отанына келгеннен кейін жаңа қоғамға бейімдеу мен ықпалдастыруға анықтама беріп, оның шараларын заңнамалық түрде бекіту қажет.
  2. Шет елдердің тəжірибесіне сүйене отырып, бейімдеу жəне ықпалдастыру шараларының түрлерін заңнамада нақты анықтап, оларды тарихи Отанына оралғандардың біраз мөлшерін ғана қамтитын мемлекеттік бейімдеу жəне ықпалдастыру орталықтары арқылы ғана емес,заңнамалық негізде мемлекеттік əлеуметтік тапсырыста осы саланы бекіте отырып, қоғамдық ұйымдар арқылы да жүзеге асыру керек.
  1. Қазіргі таңда оралмандардың басым көпшілігі Қазақстанға өз бетімен дербес түрде алдын ала дайындықсыз көшіп келгендіктен көптеген өзекті мəселелер  туындайды.  Олардың  алдын алу үшін Халықтың көші-қоны туралы заңында бекітілген этникалық қазақтардың тарихи Отанына оралуын шетелдегі дипломатиялық өкілдіктер арқылы алдын ала өтініш беріп, дайындықпен келу туралы жұмыс істемей тұрған нормаларын белсенді түрде жүзеге асыру, оралмандардың Қазақстанға келген кезде бейімделуі мен ықпалдасу үдерістерін жылдамырақ жəне тиімді өткізер еді.
  1. Шет елдердің репатриация саласындағы заң актілерінде көрініс тапқан тиімді нормаларды қазақстандық заңнамаға енгізу мүмкіндігін қарастыру керек. Ол репатрианттарды кəсіби тұрғыдан жандандыру, соның ішінде жұмыс берушілерді репатрианттарды жұмысқа алуын əртүрлі əдіс-тəсілдермен ынталандыруға қатысты.
  2. Репатриация жəне  көші-қон  саласында қабылданған  тұжырымдамаларда  [16] көрініс тапқан оралмандарды бейімдеу жəне ықпалдастыруға бағытталған шаралардың барлығын тиісті заңға тəуелді актілермен қамтамасыз етіп, уəкілетті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына енгізу керек.

 

 

Əдебиеттер

  1.  «Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 399 Жарлығы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 88 Жарлығы.
  2. Агаджанян М. Репатриация соотечественников: вопросы правового обеспечения и эффективной реализации // «21-й ВЕК». – 2006. – № 1 (3). – с.22
  3. Государство Израиль. Абсорбция. http://www.eleven.co.il/article/11731
  4. «Репатриация туралы» Польша Республикасының заңы. 11.2000.
  5. Гулина О. Р. Spätaussiedler, или Русские немцы в Германии // Современная Европа. –2010. – №– С. 62–75.
  6. 6  BVerwG, Urteil vom 04.09.2003, Az.:5 С 33.2; BVerwG, Urteil vom 04.09.2003, Az.:5 С 11.03.
  7. Deutsche Rentenversicherung (hrsg.) //Aussiedler und ihre Rente. 2009. No. 1
  8. Bundesministerium des Innern (hrsg.): Willkommen in Deutschland // Informationen für Zuwanderer – Spätaussiedler. Bonn, 2005. S. 12-13.
  9. «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IVЗаңы.
  10. «Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті оралмандарды бейімдеу жəне кіріктіру орталықтары – мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қыркүйектегі № 859 Қаулысы жəне «Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің «Оралмандарды бейімдеу жəне кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 503 Қаулысы.
  11. Специальный доклад Комиссии по правам человека при Президенте Республики Казахстан «О ситуации с правами оралманов, лиц без гражданства и беженцев в Республике Казахстан» от 07.2012 г. № исх: 32-42.80-5
  12. Hendrikson The impacts of assimilation : concepts of citizenship in Germany. San Francisco : State University, 2006.
  13. Dietz B. Migration from the former Soviet Union to Germany: background, trends and implication // Ethnic and Migration Studies. 2000. 26. Is. 3.
  14. Угера А. Русские немцы. Как остаться немцем в России? Как стать немцем в Германии? Проблема поиска идентичности на пути интеграции в общество Германии // Русскоязычный Кельн: [веб-сайт]. 2006 URL: http://www.germany-koeln.net/our_russian/index.php?limit=271.
  15. Войлокова Т.Н. Русские в германии – пример успешной интеграции? //Мониторинг общественного мнения. №2 (102), март-апрель
  16. «Этникалық қазақтардың тарихи Отанына оралуы тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 16 қыркүйек № 900 жəне «Қазақстан Республикасы Көшіқон саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 5 қыркүйек №

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.