Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əлемдік сауда қатынастарын реттеу институтының қалыптасуы жəне дамуы

Ежелгі дəуірден XX ғасырдың басына дейін халықаралық сауда алтын стандартымен реттеліп отырды. Алайда бұл жүйені қалыпты ұстау қиын болғандықтан, 1920 жылдары халықаралық есеп айырысу ағылшындық фунт стерлинг пен америкалық доллармен жүргізіле бастады. Дегенмен бұл жүйе де толығымен тиімді болмай, Ұлы депрессияға əкелген себептердің бірі болды [1, с. 243]. Депрессиядан шығудың басты шарты сыртқы сауданы бақылау деп білген мемлекеттер тауарларының бəсекелестігін өз валютасын девальвациялау жəне квоталар мен тарифтер енгізу арқылы реттеуді жөн көрді. Бұл əрекеттер ұлттық өндірісті қорғағанымен, халықаралық сауданың əлсіреуіне алып келді. Кедендік салықтарды көтеру экономиканың дамуынан гөрі əлсіреуіне əкелгендіктен,  тарифтерді   төмендету   туралы екі жақты келісімге келу туралы шешімдер қабылдана бастады. Алайда үшінші мемлекеттер екі жақты келісімдерден пайда көреді деген күдік жəне импорт квоталарын басқа мемлекеттердің оны пайдаланып кетуіне қарсы шара ретінде қолданылуы екі жақты келісімдердің тиімді емес екендігін көрсетті [1, с. 244].

Халықаралық сауданы реттеуге арналған əрекеттер жасалғанымен, олар жүйелі түрде жүргізілмегендіктен нəтиже бермеді. Сондықтан халықаралық сауданы реттеу көпжақты түрде болуы жəне халықаралық институт құру арқылы іске асырылуы қажеттігін дамыған елдердің басым бөлігі түсіне бастады [1, с. 244].

1944 жылы Бреттон-Вудста (АҚШ) өткен конференцияның нəтижесінде, Халықаралық валюта қоры мен Халықаралық қайта  құру жəне даму банктерімен қатар Дүниежүзілік сауда    ұйымын құру арқылы Бреттон-Вудс жүйесін толықтыру қажет екендігі айқындалды. Алайда Дүниежүзілік сауда ұйымын құру процесі ұзақ жəне күрделі болды.

Халықаралық сауда  жүйесін  реттеу туралы алғашқы жария ұсыныс АҚШ-та дайындалып, 1945 жылы «Сауда жəне сауданы дамыту» Халықаралық конференциясында талқыға түскен болатын. Бұл ұсыныста БҰҰ-ның Халықаралық сауда ұйымын құру мəселесі көтеріліп жəне БҰҰ мүшелері осы ережелерді сақтауға міндетті болу қажет деп көрсетілген [3, с. 3]. АҚШ-тың ұсынысымен 1946 жылдың ақпан айында БҰҰның экономика жəне əлеуметтік Кеңесі өндірісті, халықаралық сауда жəне тауар тұтынуды кеңейту мақсатымен сауда жəне жұмыспен қамту туралы халықаралық конференцияны шақыру туралы Резолюция қабылдады [3, с. 3]. Осы қарарды негізге ала отырып, Жарғыны дайындау үшін комитет құрылып, өз жұмысын бастады.  Ал осы жылдың қазан айында Лондонда алғашқы рет халықаралық сауда ұйымының жарлығын құру үшін жиналды [2, p. 78]. Кездесу 1947 жылдың сəуір жəне қараша айы аралығында өтіп, үш негізгі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңі халықаралық сауда ұйымының жарлығын құруды жалғастыруға, екінші кезеңі тарифтерді қысқарту үшін көп жақты сауда келіссөздеріне, үшінші кезеңі тариф міндеттемелеріне байланысты «негізгі жалпы ережелер» жобасын жасауға арналды. Соңғы екі кезеңде Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің (General Agreement on Tariff and Trade – ГАТТ) негізі жасалды. ГАТТ жобасындағы «негізгі ережелер» мемлекеттерге саудаға кедергі жасайтын шаралар қолданудан бас тарту міндеттемесі туралы болған [2, p. 78]. Дегенмен шешім қабылдау механизмі, атқарушы кеңес құрылымы жəне ұйым мүшелері мен ұйымға мүше еместер арасындағы арақатынас сияқты мəселелер бойынша келісімге келе алмағандықтан, жарғыны қабылдау процесі толығымен іске асырылмай, 1947 жылы Гаванада өтетін дүниежүзілік конференцияда талқылауға қалдырылды [2, p. 78]. 53 мемлекет қол қойған халықаралық сауда ұйымы жарғысы осы конференцияда қабылданып, Гавана хартиясы деген атауға ие болды. Хартияның бір бөлігінде Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімді (бұдан əрі-ГАТТ) мəтіні, екінші бөлігі картельдер қызметін реттеу, үшінші бөлігі БҰҰ-ның арнайы агенттігі ретінде дүниежүзілік сауда  ұйымының қызметі белгіленді [4]. Алайда ДСҰ жарғысында соғыстан кейінгі көпшілік мемлекеттердің экономикадағы қателіктері  белгіленгенімен, осы жағдайды түзету үшін шаралар белгіленбей, мəселені шешу белгісіз уақытқа шегеріліп қойылды [4,c. 29]. Сонымен қатар құжаттың осал тұсы – Хартияның негізгі принциптерін бұзуға мүмкіншілік беретін тетіктер (escape clause) беделді мемлекеттердің ықпалымен жасалынған болатын [4, c. 30]. Аталған кемшіліктерге қарамастан қатысушы мемлекеттер Хартияға қол қойып, оның мазмұнымен келіскен болатын. Гавана Хартиясы конференцияға қатысушы мемлекеттердің заң шығарушы органдарының ратификациялауынан кейін ДСҰ жұмысқа кірісуі қажет еді. Алайда қатысушы мемлекеттер алдымен, Хартияны АҚШ Конгресінде ратификациялануын күтуді жөн көрді. АҚШ Конгресі жаңадан билікке келген республикалықтардың ықпалыменХартия мəтінін жеткілікті түрде либералды  емес  деп  сылтауратып, Хартияны ратификацияламады. Оның орнына АҚШтың ГАТТ-та тиімді түрде мүше болуы үшін заңнамалық шаралар қолдану мүмкіндігін ойластыру қажет деп шешті [4, c. 31]. Осы жағдайға байланысты барлық қатысушылардың мүддесін көздейтін ДСҰ жарлығын дайындау ұзаққа созылатындығы байқалған еді. Ал тарифтерді төмендету туралы келіссөздерге қатысқан комитет мүшелері тарифтерді төмендету туралы ниеттерін білдіргендіктен, бұл келіссөздер табысты болатындығы байқалды [4, c. 33].

Келісім   іске    асырылғанға    дейін    тариф төмендетулерінің мазмұнының  ашылу қаупі нарық құлдырауына, спекуляция жəне саяси оппозиция əрекеттеріне əкелуі мүмкін болғандықтан, келісімді тезірек іске асыру қажет етті [4, c. 36]. Бірақ ГАТТ ережелеріне қарсы келетін ішкі заңдарға түзетулер енгізу қажет болғандықтан, ГАТТ-тың 1947 жылғы келіссөзіне қатысушы жиырма үш мемлекеттің сегізі (Австралия, Бельгия, Франция, Люксембург,   Голландия,   Ұлыбритания,   АҚШ, Куба)

«Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімін уақытша қолдану туралы  хаттамаға»  қол қойды. Хаттамаға сəйкес уағдаласушы тараптар ГАТТ I жəне III бөлімін толығымен,  ГАТТ II бөлігін ағымдағы заңнамаға қарама-қайшы келмеген жағдайда қолданады деп бекіткен. Яғни хаттама ГАТТ II бөлігіне сəйкес келмейтін қолданыстағы заңнаманы сақтау құқығын береді, басқаша айтқанда, «қолданыстағы заңнама ерекшелігі»деп атауға болады [5, p. 24]. Сондықтан 1995 жылға дейін ГАТТ-тың жұмысы 1947 жылғы уақытша хаттамаға негізделді [2, с. 79].

ГАТТ тариф төмендетуге байланысты көпжақты келісім болып табылғанымен, құрылтайшылық акті мен ұйымдық құрылымының болуы, халықаралық заң шығаруға қатысуы, Біріккен Ұлттар Ұйымымен қарым-қатынасының  болуы   ГАТТ-тың  факто халықаралық ұйым ретінде танылуының себебі болды [6, с. 11]. Өзінің институционалды кемшіліктеріне қарамастан, ГАТТ тауар саудасындағы тарифтерді төмендетуде  үлкен жетістіктерге қол  жеткізді.  1947-1994  жылдар аралығындағы сегіз келіссөз нəтижесінде дамыған мемлекеттердің өнеркəсіптік тауарларға орташа тариф мөлшері 40 пайыздан 4 пайызға дейін төмендетілді [2, p. 79]. Алғашқы раундтар тарифтерді төмендетуге  бағытталса (1-кесте), ал Кеннеди (1964-1967 жж.) раундынан кейін тарифтік емес барьерлерді төмендету қолға алынды. Токио раунды (1973-1979 жж.) тиімді нəтижелерге қол жеткізгенімен, уағдаласушы тараптар арасында толық түсіністіктің болмауына байланысты келісімдер мен кодекстерді іске асыруда қиындықтар сақталып қалды. Сонымен қатар келісімдер көпжақты емес плюрелатералды болғандықтан, барлық уағдаласушы тараптарға міндетті болмады [2, p. 81].

  1-кесте – 1943-1994 жж. ГАТТ шеңберінде тарифтерді төмендету кезеңдері.

80-жылдардың басында кеңінен дами бастаған қызметтерді сату мен интеллектуалды меншікті қорғау сияқты жаңа бағыттар бұрынсоңды ГАТТ ережелерімен реттелмеген еді [7]. Сондықтан халықаралық сауданың дамуына байланысты туындаған жаңа мəселелерді шешу үшін ГАТТ-ты жетілдіру мен жаңғырту қажеттігі туындады. Алдыңғы раундтарда шешілмеген мəселелердің көбеюі жəне ушығуына байланысты сауда келісімдерінің жаңа раундының қажет екендігін көрсетті. Осыған орай 1986 жылы Уругвайдың Пунта-дель-Эстеде  қаласында жаңа раундтың ашылуы туралы Декларация қабылданды.  Декларацияға  сəйкес  раунд   тауарларды сату келісімі жəне қызметтерді сату келісімі бөліктерінен тұрды. Уругвай раунды барысында мынадай негізгі мəселелер талқыланды:

  • тарифтерді қысқарту;
  • тарифтік емес шараларды азайту немесе жою;
  • тропикалық өнімдер саудасын либерализациялау;
  • табиғи ресурстарға негізделе жасалатын өнімдер саудасын либерализациялау;
  • тоқыма жəне    киім    секторын    ГАТТ ережелеріне біртіндеп бейімдеу;
  • ауыл шарушылық саласындағы сауданы либерализациялау жəне импортқа шығу (import access) мен экспорттық бəсекелестікке ықпал ететін барлық шараларды ГАТТ нормаларына сай реттеу;
  • қорғау ескертпесі туралы келісім-қорғау шараларына тыйым салу;
  • субсидиялар жəне компенсациялық шаралар туралы келісім;
  • дауларды шешу үшін бірыңғай орган құру (Токия раунды кезінде дауларды əрқайсысы өз процедурасы бойынша шешетін);
  • интеллектуалды меншікті қорғау;
  • инвестициялық шаралар;
  • ГАТТ жүйесінің жұмысын реттеу;
  • қызметтерді сату.

Шамамен жеті жылға жуық жүргізілген жұмыс нəтижесінде 1994 жылдың  сəуір айында  қорытынды  акт  қабылданып,   Марракеште Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы келісімге қол қойылды. Марракеш келісімі 16 баптан жəне төрт қосымшадан тұрады:

  • 1--қосымша:1А қосымшасында ГАТТ-1994 (қайта қаралған ГАТТ-1947), алты уағдаластық (Understanding), ГАТТ-1994 келісіміне тікелей тіркелген Марракеш Хаттамасы жəне белгілі баптарға түсінік беретін, тауарлардың бөлек категорияларын  реттейтін,  тауарлар саудасына əсер ететін түрлі шараларды қолдануды реттеуге байланысты он екі келісім тіркелген;
  • 1B қосымшасында қызмет көрсету саудасы жөніндегі Бас келісім (ГАТС) тіркелген;
  • 1С қосымшасында Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша келісім тіркелген;
  • 2-қосымшада Даулардышешудіңережелері мен рəсімдеріне қатысты түсінік тіркелген;
  • 3-қосымшада Сауда саясатын шолу тетігі;
  • 4-қосымшада азаматтық авиатехника саудасы жəне үкіметтік сатып алулар бойынша қатысушылар саны шектелген көпжақты сауда келісімдер тіркелген.

Бүкіл əлемдік сауда ұйымына мүше болған елдер өздерінің құқықтық жүйесін осы келісімде қабылданған  нормаларға  бейімдеуі  қажет. 2012 жылы дүниежүзілік сауда  ұйымына  157 ел мүше, 25 ел бақылаушы болды. Қазақстан Республикасы 1996 жылдан бастап ДСҰ-ға мүше болуға дайындық шараларын бастады. Сол жылы елімізге бақылаушы дəрежесі берілді. 2003 жылы Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелікке өтуінің ақпараттық кезеңі  аяқталды.  2013 жылы Қазақстан Кеден Одағы елдерімен бірге дүниежүзілік сауда ұйымына қабылданады деп күтілуде.

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Бородулина Л. П. Международные экономические организации: учеб. пособие. – М. : Экономистъ, 2005. – 243 с.
  2. Van den Bosshe The Law and Policy of the World Trade Organization. Text cases and materials. – nd ed. Cambridge, 2008. – 917 p.
  3. Analytical Index of the – 1150 p.
  4. Минкова К. В. Либерализация международной многосторонней торговли в ВТО во второй половине XX-начале XXI в: диссертация…кандидата исторических наук. Санкт-Петербург, –208 с.
  5. Jackson J. H. The Jurisprudence of GATT and the WTO: Insights on treaty law and economic – Cambridge, 2000. – 497 p.
  6. Трунк-Федорова М. П. Разрешение споров в рамках Всемирной Торговой организации (ВТО). –Санкт-Петербург, 2005. – 312 с.
  7. Григорян С.А. Эволюция правовой системы ГАТТ// Внешняя торговля. – 2000. – № – С. 29-31.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.